Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет4/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.1.4
 
Туризм (тау шаңғысы базасы, туристік кешендер) 
 
Түристік  қызметте  қызметтер  көрсетуді  реттейтін  негізгі  нормативтік-
құқықтық  актілердің  бірі  «Қазақстан  Республикасындағы  туристік  қызмет 
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңы 
(бұдан әрі - Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң) болып 
табылады. 
Туризм  ауқымы  экономикалық  және  әлеуметтік  құбылыстар  сияқты 
соңғы  уақыттарда  едәуір  кеңейген  қызмет  түрі  болып  табылады.  Қазіргі 
уақытта  экономикада  туризм  қосылған  құн  құру  тұрғысынан  тікелей  немесе 
әсер ету роль ойнайтын немесе ойнауы мүмкіндігіне, еңбекпен қамтуды, жеке 
табысты,  мемлекеттік  кіріс  және  басқаларды    қамтамасыз  етуге  үлкен  көңіл 
бөлінеді.   
«Қазақстан  Республикасындағы  туристік  қызмет  туралы»  ҚР  Заңына 
сәйкес туристiк индустриядағы қызмет көрсету мынадай түрлерге бөлінеді:  
1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;  
2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;  
3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;  
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;  
5) көлiк қызметiн көрсету;  
6) ойын-сауық;  
7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер [20]. 
Туристік  қызметті  турагенттер,  туроператорлар,  туризм  нұсқаушылары, 
сондай-ақ  өз  бетінше  туристік  қызмет  көрсететін  гидтер  (гид-аудармашылар), 
экскурсоводтар жүзеге асырады.  
Туристерді  орналастыру  орындары  -  мейманханалар,  мотельдер, 
кемпингтер,  туристік  базалар,  қонақжайлар,  демалыс  үйлері,  пансионаттар 
және  туристердің  тұруы  мен  оларға  қызмет  көрсету  үшін  пайдаланылатын 
басқа да үй-жайлар мен ғимараттар. 
 Туризмнiң түрлерi:  
-  ішкi  туризм  –  қандай  да  бір  ел  тұрғынадырынң  өздерінің  елдерінде 
саяхаты; 
- келу туризмi – қандай да бір басқа елдің аумағында тұрақты тұрмайтын 
адамдардың саяхаты;  
          - шығу туризмiн – қандай да бір тұрғындардың басқа елге саяхаты.  
Туризмнің  негізгі  үш  типі  мынадай  санаттарды  құра  отырып,  әртүрлі 
үйлесуі мүмкін: 
-
 
ел шегінен тысқары туризм – ішкі туризм мен кіру туризмін қамтиды
- ұлттық туризм -   ішкі туризм мен шығу туризмін қамтиды;   
- халықаралық туризм - кіру туризм мен шығу туризмін қамтиды. 
Туризмнің  негізгі  типтеріне  сәйкес  келушілер  халықаралық  дәне  ішкі 
келушілерге жіктеледі. 
Туризм түрлері: 
-
 
әлеуметтiк; 
-
 
экологиялық; 

33 
 
-
 
 шытырман оқиғалы; 
-
 
спорттық; 
-
 
 iскерлiк; 
-
 
 конгрестiк; 
-
 
 емдеу-сауықтыру; 
-
 
 мәдени-танымды; 
-
 
 дiни.  
«Қазақстан  Республикасындағы  туристік  қызмет  туралы»  ҚР  Заңы 
туристiк  қызметтi  мемлекеттiк  реттеудiң  негiзгi  принциптерi,  мемлектетік 
органдардың  құзіреттері,  сондай-ақ,  туристік  қызмет  ұйымдарының 
сипаттамасы,  лицензиялау,  туристік  қызметті    стандарттау  айқындалған, 
туристің құқықтары мен міндеттемелері белгіленген.  
     
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 8-
бабыны  сәйкес  туристiк  қызметтi  мемлекеттiк  реттеудiң  негiзгi  принциптерi 
мыналар болып табылады:  
       1)  туристiк  қызметке  жәрдемдесу  және  оның  дамуы  үшiн  қолайлы 
жағдайлар жасау;  
      2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;  
       3)  Қазақстан  Республикасы  туралы  туризм  үшiн  қолайлы  ел  деген 
түсiнiктi қалыптастыру;  
       4)  Қазақстан  Республикасының  туристерi  мен  туристік  қызметті  жүзеге 
асыратын  тұлғаларының  және  олардың  бiрлестiктерiнiң  қауiпсiздiгiн, 
құқықтарын  қорғауды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  олардың  мүдделерi  мен 
мүлкiн қорғау [20].  
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,  уәкілетті  орган  (Қазақстан 
республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), жергілікті 
атқарушы  органдар  (әртүрлі  деңгейлердегі)  сияқты  мемлекеттік  органдардың 
роьдері мен жауапкершілік дәрежесі олардың туризм саласындағы құзіреттерін 
айқындайды.  
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 10-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретіне мыналар кіреді: 
- туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске 
асырады;   
-     өз  құзыреті  шегінде  туристік  қызмет  саласындағы  қатынастарды 
реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;   
-    туристік  қызмет  саласындағы  ғылыми  қамтамасыз  етудің  мемлекеттік 
жүйесін құрады;   
- туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;  
- туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекітеді;   
-   уәкілетті  органның  ұсынуы  бойынша  туризм  жөніндегі  кеңестің 
дербес құрамын және ол туралы ережені бекітеді;   
-  шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара 
іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;   
-  туристік қызмет көрсету ережелерін бекітеді;   
-  туристік ақпарат орталықтарын құрады;   

34 
 
-    туризм  саласындағы  мамандарды  кәсіптік  даярлауға,  қайта  даярлауға 
және 
олардың 
біліктілігін 
арттыруға 
қойылатын 
жалпы 
талаптарды айқындайды [20]. 
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 11-
бабына сәйкес уәкілетті орган: 
-  Қазақстан  Республикасында  туристік  саланы  дамыту  бағдарламасын 
әзірлейді; 
-    туристік  салаға  инвестициялар  тарту  жөніндегі  бірыңғай  саясатты 
қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 
-  туристік  қызмет  саласындағы  мемлекеттік  саясатты,  туризм  мен 
туристік  индустрияны  дамытудың стратегиясын,  мемлекеттік,  салалық 
(секторлық) бағдарламаларын іске асырады; 
-  өз  құзыреті  шегінде  нормативтік  құқықтық  актілерді  әзірлейді  және 
бекітеді,  заңнаманы  қолдану  тәжірибесін  жинақтайды  және  оны  жетілдіру 
жөнінде ұсыныстар енгізеді
-  Қазақстан  Республикасының  лицензиялау  туралы заңнамасына  сәйкес 
туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 
 - туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, 
оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің 
туризмді  дамыту  бағдарламалары  мен  жоспарларын  үйлестіруді,  туристік 
қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және 
халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті 
жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады; 
-  соттарға  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  талап-
арыздар береді; 
-  Қазақстан  Республикасының  туристік  қызмет  туралы  заңнамасының 
сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 
-    өз  құзыреті  шегінде  туристік  қызмет  саласындағы  халықаралық 
шарттарды  әзірлейді,  жасасады  және  орындайды,  сондай-ақ  халықаралық 
ұйымдарда  және  халықаралық  іс-шараларда  мемлекеттің  туризм  саласындағы 
мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады; 
- туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді; 
-  туристік  қызмет  саласындағы  мамандарды  қайта  даярлау  және 
біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді; 
-  туристік  қызметті  жүзеге  асыратын  тұлғалардың  мемлекеттік  тізілімін 
және  туристік  маршруттар  мен  соқпақтардың  мемлекеттік  тізілімін 
қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді; 
-  техникалық  реттеу  және  метрология  жөніндегі уәкілетті  органмен 
бірлесе отырып, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті 
реттейді; 
-  Қазақстан  мен  оның  туристік  мүмкіндіктері  туралы  ақпаратты 
халықаралық  туристік  нарықта  және  мемлекет  ішінде,  оның  ішінде  туристік 
қызмет  саласындағы  республикалық  және  халықаралық  көрмелер  мен 
жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады; 

35 
 
- туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын 
кешендік  талдауды,  болжауды  жүзеге  асырады  және  туристік  саланы 
дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді; 
-  туристік  нарықты  зерттеуге,  туристік  қызмет  саласындағы  баспа, 
жарнамалық  және  картографиялық  өнімге  мемлекеттік  тапсырысты 
орналастырады; 
-  туристік  саланы  дамытуға  үлес  қосқан  тұлғаларды  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  наградаларымен  марапаттауға  және  құрметті 
атақтарын беруге ұсынады; 
-  жеке  құрамды  және  туризм  жөніндегі  кеңес  туралы ережені  әзірлейді 
және бекітуге ұсынады; 
-  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  бақылау  және  қадағалау 
туралы»  Қазақстан  Республикасының Заңына  сәйкес  міндетті  ведомстволық 
есептіліктің, тексеру  парақтарының  нысандарын,  тәуекел  дәрежесін бағалау
 
өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және 
бекітеді; 
-  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарында,  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  және  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады [20]. 
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 12-
бабына  сәйкес  облыстың  (республикалық  маңызы  бар  қала,  астана)  жергілікті 
атқарушы орган: 
-  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  аумағында  туристік  қызмет 
саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асырады  және  үйлестіруді  жүзеге 
асырады;   
- туризмді және туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, 
салалық  (секторлық)  бағдарламалары  аясында  туризмді  дамытудың  өңірлік 
бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;   
-    өңірлік  туризмді  дамыту  бағдарламаларын  орындауға  бағытталған  іс-
шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;   
-  туризмді  дамытудың  өңірлік  бағдарламаларын  орындауға  бағытталған 
іс-шараларды  іске асыру жүзеге асырылады;       

тиісті 
әкімшілік-аумақтық 
бірліктің 
аумағында;  
        - туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне;  
-  туристік  маршруттар  мен  соқпақтардың  мемлекеттік  тізіліміне  енгізу 
үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын 
береді;   
-  туристік  қызметтер  көрсету  нарығына  талдау  жасайды  және  тиісті 
әкімшілік-аумақтық  бірліктің  аумағында  туризмнің  дамуы  туралы  қажетті 
мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;  
-  облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)  туристік 
ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;   
-  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  аумағында  туристік  индустрия 
объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;   
-  балалар  мен  жастар  лагерьлерінің,  туристер  бірлестіктерінің  қызметіне 
және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;   

36 
 
-    туристік  қызмет  субъектілеріне  туристік  қызметті  ұйымдастыруға 
байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;   
-  халықты  жұмыспен  қамтуды  ұлғайту  шарасы  ретінде  туристік  қызмет 
саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;   
-  туристік  ақпаратты,  оның  ішінде  туристік  әлеует,  туризм  объектілері 
мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;   
- туристік ақпарат орталығын құрады
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен  жергілікті  атқарушы  органдарға  жүктелетін  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады [20]. 
 «Қазақстан  Республикасындағы  туристік  қызмет  туралы»  ҚР  Заңының 
13-бабына  сәйкес  туризм  жөнiндегi кеңес  консультациялық-кеңесшi  орган 
ретiнде  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  жанынан  құрылады. Туризм 
жөніндегі кеңестің  құрамына  уәкілетті  органның  және  мүдделі  мемлекеттік 
органдардың өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар 
мен  өзге  де  бірлестіктердің  өкілдері  кіреді.  Туризм  жөнiндегi  кеңес  туризмді 
дамыту,  экономиканың  осы  саласына  инвестициялар  тарту,  Қазақстан 
Республикасына  келудiң  қолайлы  режимiн  қамтамасыз  ету  және  туристердiң 
шетелге  шығуы  үшiн  жағдайлар  жасау,  республиканың  туристiк  имиджін 
қалыптастыру,  туристік  қызмет  саласында  мамандар  даярлау  мәселелері 
бойынша ұсыныстар әзiрлейді [20].  
«Лицензиялау  туралы»  ҚР  Заңының  33-бабына  сәйкес  туроператорлық 
қызмет лиценгзияланатын қызмет түрі болып табылады.   
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР 
Заңының  16-бабына  сәйкес  туристік  қызметті  стандарттау  Қазақстан 
Республикасының  техникалық  реттеу  туралы заңнамасына  сәйкес  жүзеге 
асырылады.  
«Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн 
мiндеттi  сақтандыру  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2003  жылғы  31 
желтоқсандағы  №  513  Заңы  (бұдан  әрі  -  «Туроператордың  және  турагенттiң 
азаматтық-құқықтық  жауапкершілiгiн  мiндеттi  сақтандыру  туралы»  Заң)
 
туроператордың  және  турагенттiң  азаматтық-құқықтық  жауапкершiлiгiн 
мiндеттi  сақтандыруға  байланысты  туындайтын  қоғамдық  қатынастарды
 
реттейдi  және  оны  жүргiзудiң  құқықтық,  экономикалық  және  ұйымдық 
негiздерiн белгiлейдi.
 
«Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн 
мiндеттi  сақтандыру  туралы»  Заңның  3-бабына  сәйкес  туроператордың  және 
турагенттiң  туристiк  қызмет  көрсетудi  жүзеге  асыруы  кезiнде  туристердiң 
мүлiктiк  және  (немесе)  өзге  де  мүдделерiн  қорғауды  сақтандыру  төлемдерiн 
жүзеге  асыру  арқылы  қамтамасыз  ету  туроператордың  және  турагенттiң 
азаматтық-құқықтық  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандырудың  мақсаты  болып 
табылады [21]. 
 Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн 
мiндеттi сақтандырудың негiзгi мiндеттерi: 
1)
 
туристiң  мүлiктiк  немесе  өзге  де  мүдделерiн  қорғауды  осы  Заңда 
белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету; 

37 
 
2)
 
туроператордың  турагенттiң  азаматтық-құқықтық  жауапкершiлiгiн 
мiндеттi  сақтандыру  шарты болған кезде  туроператордың және  турагенттiң  өз 
қызметiн жүзеге асыруы; 
3)
 
туроператордың  және  турагенттiң  туристiк  қызмет  көрсету 
қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады. 
«Ерекше 
қорғалатын 
табиғи 
аумақтар 
туралы» 
Қазақстан 
республикасының  заңы  мен  ҚР  Бюджет  коексінің  негізінде  туристік  қызметті 
қаржыландыру тәртібі айқындалады.  
ҚР  Бюджет  кодексінің  53-бабына  сәйкес  республикалық,  облыстық, 
ремпубликалық  маңғызы  бар  қалалар  бюджеттерінің  шығыстары  туризм 
бағыттарында,  атап  айтқанда,  халықаралық  және  республикалық  маңызы  бар 
тарихи-мәдени  мұра  объектілерінің  сақталуын  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ, 
халықаралық  туристік  нарықта  және  мемлекет  ішінде  Қазақстан  және  оның 
туристік  мүмкіндіктері  туралы  ақпарат  дайындауға  және  таратуға  жүзеге 
асырылады [22].  
 «Ерекше 
қорғалатын 
табиғи 
аумақтар 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңының 34-бабының сәйкес 
ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарды  қаржыландыру  бюджет  қаражаты 
есебінен,  табиғатты  қорғау  мекемелері  қаражаты  есебінен,  сондай-ақ,  граттар, 
ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарды  дамыту  қоры  қаражаты  есебінен,  жеке 
және  заңды  тұлғалардың  ерікті  жарналары  мен  қайырымалдықтары  есебінен 
жүргізіледі [23]. 
 Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ  –  ерекше  қорғау  режимi  белгiленген 
мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер 
учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi; 
Мемлекеттiк  табиғи-қорық  қорының  объектiлерi  –  ерекше  экологиялық, 
ғылыми,  тарихи-мәдени  және  рекреациялық  маңызы  бар  геологиялық, 
гидрогеологиялық, 
гидрологиялық, 
зоологиялық, 
ботаникалық 
және 
ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының 
ерекше  бағалы  екпелері,  сулы-батпақты  алқаптар,  негізгі  орнитологиялық 
аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер 
мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, 
өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері. 
Мәселен,  туристік  қызмет  объектілері  жеке  инвестициялар,  яғни,  
қонақүйлер,  тау  шаңғысы  базасы,  демалыс  үйі,  туристік  орталықтар  мен 
кешендер және т.б. есебінен қаржыландырылады.  
Мемлекетт  өз  тарапынан  республикалық,  облыстық,  облыстық  маңызы 
бар  қалалар,  астана  бюджетінен  инфрақұрылым  құрылысына,  техникалық-
экономикалық  негіздеме  әзірлеуге  және  жобалық-сметалық  құжаттама 
әзірлеуге қаражат бөледі.  
Бұдан  басқа,инвестициялар  тарту,  экспортты  ынталандыру,  қаржылық 
құралдар  және  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  сияқты  туризм  саласын 
мемлектетік қолдау  құралдарының тізбесі бар.  
Қаржылық  құралдар  түрлері  инвестициялық  жобаларды  орта  және  ұзақ 
мерзімді  кредиттеу;  инфрақұрылымды  жобаны  қаржыландыру,  онда  кредитор 
кредитті  төлеудің  негізгі  көзі  ретінде  осы  объектінің  ақша  түсімдері  мен 

38 
 
кірістерінің ағынын қарастырады және бағалайды; инвестициялық жобабларды 
қаржыландыру  шеңберінде  заңды  тұлғаның  жарғылық  капиталына  банктің 
қатысуы, сондай-ақ, Банк бұдан бұрын берген қарызды қайтаруды қамтамасыз 
ету, Лизинг (классикалық лизинг, қайтарымды лизинг, (Соңына дейін лизинг», 
лизинг + даму институттарының лизингі) болып табылады.  
Қазіргі уақытта туристерге салық белгіленбеген.  
Қаржы  министрлігі  салықтық  жеңілдіктерге  жауапты  мекеме  болып 
табылады,  бірақ,  туризмге  қатысты  көзделмеген.  Тиісінше  Туризм    жөніндегі 
комитет  осы мәселеге қатыспайды. 
Виза  мәселелеріне  жауапты  сыртық  істер  министрлігі  болып  табылады. 
Бұл  ретте,  Туризм  индустриясы  комитеті  өзінің  көші-қон  және 
коммуникациялар департаменті арқылы  ұсынымдар беруге құқылы.  
Туризм  жөніндегі  комитет  меншік  құқығын  реттеуге  қатыспайды.  Бұл 
мәселе  қарапайым  құқық  шеңберінен  шығады,  туризмге  қатысты  ешқандай 
арнайы норма табылған жоқ. 
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы реттеуді  Қоршаған ортаны қорғау 
министрлігі  қалыптастарыды  және  іске  асырады.  Туризмге  арналған  орынға 
қатысты ешқандай да ерекшеліктер немесе арнайы шаралар көзделмеген. 
Туризм  саласындағы  бағаларды,  әсіресе  –  қонақүйлерге  орналастыру 
бағаларын  реттеу  бойынша  ешқандай  іс-шаралар  қабылданбайды.  Осылайша, 
туристік қызмет мынадай негізгі құқықтық актілермен реттеледі: 
Осылайша,  туристік  қызмет  мынадай  негізгі  құқықтық  актілермен 
реттеледі: 
1.
 
«Қазақстан  Республикасындағы  туристік  қызмет  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 2001 жылғы 31 маусымдағы № 211-ІІ Заңы; 
2.
 
 «Туристерді  орналастыру  орындарын  сыныптау  ережесін  бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2008 жылғы 
11 қарашадағы N 01-08/200 бұйрығы; 
3.
 
«Ойын  бизнесі  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  12 
қаңтардағы № 219-ІІІ Заңы; 
4.
 
Ерекше 
қорғалатын 
табиғи 
аумақтар 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы; 
5.
 
«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік 
ұлттық  табиғи  парктер  аумағындағы  жер  учаскелерін  жалға  беру  ережесін 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы 
№ 1063 қаулысы; 
6.
 
«Щучинск-Бурабай курорттық аймағының кейбiр мәселелерi туралы»  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 106 қаулысы; 
7.
 
«Туристік  инфрақұрылымның  барлық  объектілерінде  мүгедек 
туристердің  демалысын  қамтамасыз  ету  үшін  техникалық  және  санитарлық 
жағдайларды  сақтау  нормалары  мен  талаптарын  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Туризм  және  спорт  агенттігі  төрағасының  2004  жылғы  3 
наурыздағы    №  06-2-2/73  және  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 
министрінің  2004 жылғы 2 наурыздағы № 203 бірлескен бұйрығы; 
8.
 
«Лицензиялау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  20007  жылғы  11 
қаңтардағы № 214-ІІІ заңы; 

39 
 
9.
 
 «Туроператордың 
және 
турагенттiң 
азаматтық-құқықтық 
жауапкершілiгiн  мiндеттi  сақтандыру  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513 Заңы; 
10.
 
«Тарихи-мәдени  мұра  объектілерін  қорғау  және  пайдалану  туралы» 
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі 1488-XII Заңы. 

40 
 
 
1.2
 
ҚР  салалық  және  өңірлік  бөлінісінде  зерттелетін  объектілердің 
ағымдағы жай-күйі мен қажеттілігін талдау  
 
1.2.1
 
Білім беру 
 
Орта білім беру 
Қазақстан  Республикасында  (ҚР)  2011-2012  оқу  жылының  басында 
оқушы саны 2 522,8 мың адамды құрайтын небары 7 706 күндізгі жалпы білім 
беру  мектебі  болды.  Жалпы  білім  беру  мектебінің  жалпы  санының  (7 706 
мектеп) бір пайызынан сәл көп немесе 102 мектеп жекеменшік иелікте болды, 
жекеменшік  мектептердегі  оқушылардың  саны  17 619  адамды  (немесе 
оқушылардың жалпы санының бір пайызын) құрайды [24]. 
 
Орта  білім алу  Қазақстан  Республикасының Конституциясымен  кепілдік 
беріледі, тәуелсіздік жылдары мектептер мен оқушылардың саны айтарлықтай 
қысқармады.  Атап  айтқанда,  орта  мектептердің  саны  тек  1045  ғана қысқарды: 
1993/94  оқу  жылы  күндізгі  жалпы  білім  беретін  мектептердің    -  8751,  ал 
2011/2012  оқу  жылы  7706  мектеп  жұмыс  істеді.  Оқушылардың  саны  1990/91 
оқу  жылындағы  3145,6  мыңнан  2011/12  оқу  жылында  2522,8  мыңға  дейін 
азайды [25].  
 
Дереккөз: ҚР Статистика агенттігінің деректері 
 1-сурет. Қазақстан Республикасындағы күндізгі жалпы білім беретін мектептер 
мен оқушыларының санының 1990/1991 – 2011/2012 оқу жылдары өсу қарқыны   
 
Қазақстанның  10  облысында  (Солтүстік  Қазақстан,  Астана,  Батыс 
Қазақстан,  Павлодар,  Атырау,  Маңғыстау,  Қостанай,  Ақмола,  Ақтөбе, 
Қызылорда)  2011  жылғы  деректер  бойынша  орта  күндізгі  мектепте 
оқушылардың саны шамамен 40% болды.  
Республиканың  алты  облысында,  атап  айтқанда  Алматы,  қарағанды, 
Шығыс  Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында 
1 539,6  мың  оқушы  (немесе  күндізгі  білім  беру  мектептерінде  оқитын 
оқушылардың жалпы санының 61%) оқиды. 
Күндізгі білім беру мектептердің саны, бірлік 
Күндізгі жалпы білім беру мектептерінде оқитындар саны, мың адам 

41 
 
 
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігінің деректері. 
2-сурет 
Қазақстанның өңірлері бойынша күндізгі жалпы білім беру мектептерінің 
санын  бөлуді  талдау  орта  мектептің  барлық  оқушыларының  61%  оқитын 
республиканың  алты  өңіріне  (Алматы  қаласы,  Қарағанды,  Шығыс  Қазақстан, 
Жамбыл,  Алматы  және  Оңтүстік  Қазақстан)  бүгінгі  таңда  күндізгі  орта 
мектептердегі  барлық  жұмыс  істейтіндердің  шамамен  жартысы  келетіндігін 
көрсетті.  
 
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігінің деректері
  
3-сурет 
2011/2012 оқу жылының басына арналған стратегиялық деректерге сәйкес  
Қазақстан Республикасында бір ауысымда оқитын 2 447  мектеп болды (барлық 
мектептердің  үштен  бірінен  астамы);  осы  мектептерде  оқушылардың 
жартысынан  көбі  (немесе  1 551,4  мың  оқушы)  оқиды.  Мектептердің  басым 
көпшілігі  (4 987  мектеп)  екі  немесе  үш  ауысымда  оқиды,  осы  мектептерде  
921,6 мың оқушы оқиды (оқушылар санының 37,3%) [24].  

42 
 
Облыстар  бөлінісінде  орта  мектепте  оқитын  оқушылардың  саны  мен 
күндізгі  орта  мектептердің  санын  бөлуді  талдау  оқушылар  саны  мен  мектеп 
саны  арасындағы  барынша  елеулі  алшақтық  Оңтүстік  Қазақстан  облысында 
байқалатынын көрсетті.  
 
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігінің деректері негізінде МЖӘ КЦ есептері  
4-сурет 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  күндізгі 
жалпы  білім  беру  мектебінің  метераилдық-техникалық  жай-күйі  туралы 
мәліметтеріне сәйкес 2010 -2011 оқу жылдарында мектептердің 23,1% күрделі 
жөндеуді талап етеді, ал мектептердің 3,4 % апаттық жағдайда тұр [26]. 
Облыстардың,  Астана,  Алматы  қалаларының  білім  басқармасының 
ақпараты  бойынша  республикада  2012  жылғы  30  тамыздағы  жағдай  бойынша 
апаттық  жағдайдағы  мектептердің  саны  16  бірлікке  өскен  және  210  мектепті 
құраған,  үш  ауысымда  оқитын  мектептер  -  70,  оқушы  орнының  тапшылығы 
75 400 орынды құрайды. 
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін: 
- апаттық мектептердің орнына – 100 мектеп; 
- үш ауысымды оқуды болдырмау үшін – 38 мектеп; 
- оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін – 125 мектеп салу қажет. 
Жалпы 263 мектеп салу қажет [27]. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал