Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет3/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 
кодексіне  сәйкес  азаматтық  қызметшілердің  жыл  сайынғы  еңбек  демалысына 
лауазымдық  жалақы  мөлшерінде  сауықтыруға  арналған  жәрдемақы  төлеуді 
қамтиды. 
        Әлеуметтік  аударымдар  Қазақстан  Республикасының Салық  кодексіне 
сәйкес  әлеуметтік  салықты  және  Мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру  қорына 
аударымдар 
төлеуді 
қамтиды. 
        Дәрілік  заттарды,  медициналық  мақсаттағы  бұйымдарды  және  шығыс 

23 
 
материалдарын  сатып  алу  денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті  орган 
бекітетін 
дәрілік 
формулярларға 
сәйкес 
айқындалады. 
      
Пациенттер  үшін  тамақ  өнімдерін  сатып  алу  «Республиканың 
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын 
және  жұмсақ  мүкәммалмен  жабдықтаудың  ең  төменгі  нормаларын  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2002  жылғы  26  қаңтардағы  № 
128 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады [16]. 
ҚМШ - коммуналдық және өзге де шығыстарды: жылу, электр энергиясы, 
ыстық  және  суық  су,  денсаулық  сақтау  ұйымы  кадрларының  біліктілігін 
арттыруға және қайта даярлауға шығыстар, банк қызметтерін төлеу, байланыс 
қызметтеріне  ақы  төлеу,  кеңсе  тауарларын  сатып  алу,  іссапар  шығыстары, 
ағымдағы  жөндеуді  жүргізу,  стационарды  орналастыру  үшін  үй-жайды  жалға 
алу, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүкәммалды және басқа да тауарлар мен 
қызметтерді  сатып  алуды  қамтитын  қосымша  медициналық  шығыстар. 
        Бір емделген жағдай тарифінің құрылымына күрделі сипаттағы шығыстар 
кірмейді. 
КШТ  бойынша  стационарлық  көмектің  бір  емделіп  шығу  жағдайы  үшін 
құны төмендегіше айқындалады. 
КШТ бойынша стационарлық көмектің бір емделіп шығу жағдайы 
үшін құнын айқындау формуласы 
Қ = Бт
стац
 х Кш
 кшт
 х К
түзет
,  
мұнда: 
        Қ – КШТ бойынша стационарлық көмектің бір емделіп шығу жағдайы 
үшін құны; 
        Кш
 кшт
 – КШТ бойынша шығын сыйымдылығы коэффициенті
        К
түзет
 – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін түзетуші 
коэффициент (стационар деңгейінің коэффициенті, экологиялық коэффициент
өңірлік коэффициент, ауылдық аумақ және тағы да басқа коэффициент). 
        Бт
стац
 – стационарлық көмекті қаржыландыруға арналған базалық 
тарифтің құны мынадай формула бойынша айқындалады: 
        Бт
стац 
= Қарж.к / (Жс х Кш
орт.
), мұнда: 
        Қарж.к – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 
шеңберінде стационарлық көмектің шығындарды өтеуге көзделген тиісті 
бюджет қаражаты
        Жс – бір жылдағы емделіп шығу жағдайының жоспарланған көлемі; 
        Кш
орт. кшт
 – жоспарланған жағдайлардың шығын сыйымдылығының 
орташа коэффициенті. 
 
ҚР  Денсаулық  туралы  Кодексінің  32  бабына  сәйкес  денсаулық  сақтау 
ұйымдары, 
сондай-ақ 
жекеше 
медициналық 
практикамен 
және 
фармацевтикалық  қызметпен  айналысатын  жеке  тұлғалар  денсаулық  сақтау 
субъектілері 
болып 
табылады. 
        Денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары: 

24 
 
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар
2) стационарлық 
көмек 
көрсететін 
ұйымдар; 
3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары; 
4) апаттар медицинасы ұйымдары
5)  қалпына  келтіру  емі  және  медициналық  оңалту  ұйымдары; 
6)  паллиативтік  көмек  және  мейірбике  күтімін  көрсететін  ұйымдар; 
7)  қан  қызметі  саласындағы  қызметті  жүзеге  асыратын  ұйымдар; 
8)  сот  медицинасы  және  патологиялық  анатомия  саласындағы  қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдар; 
9)  фармацевтикалық  қызметті  жүзеге  асыратын  денсаулық  сақтау 
ұйымдары; 
10) 
халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы 
саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары
11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар; 
12) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары; 
13)  салауатты  өмір  салты  мен  дұрыс  тамақтануды  қалыптастыру 
саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 
14)  АИТВ/ЖИТС  профилактикасы  саласындағы  қызметті  жүзеге 
асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 
14-1) спорттық медицина ұйымдары
15) ұлттық холдингтер жұмыс істейді. 
         Жеке  тұлғалардың  осы  мамандық  бойынша маман  сертификаты,  кемінде 
бес  жыл  жұмыс  стажы  және  тиісті  лицензиясы  болған  ретте  жекеше 
медициналық практикамен айналысуға құқығы бар. 
ҚР  Денсаулық  туралы  кодекстің  37-бабына  сәйкес  Қазақстан 
Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері: 
1) медициналық көмек; 
2) зертханалық диагностика
3) патологиялық-анатомиялық диагностика; 
4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет; 
5) 
халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы 
саласындағы қызмет; 
6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет; 
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет; 
8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама
9)  осы  Кодексте  тыйым  салынбаған  өзге  де  қызмет  түрлері  жүзеге 
асырылады. 
ҚР Денсаулық туралы кодекстің 38-бабына сәйкес медициналық көмектің 
негізгі түрлері: 
1)
 
дәрігерге дейінгі медициналық көмек; 
2)
 
 білікті медициналық көмек; 
3)
 
 мамандандырылған медициналық көмек; 
4)
 
 жоғары мамандандырылған медициналық көмек; 
5)
 
медициналық-әлеуметтік көмек болып табылады. 
 ҚР Денсаулық туралы кодекстің 44-бабына медициналық көмек: 
1)
 
амбулаториялық-емханалық көмек: 

25 
 
алғашқы медициналық-санитариялық көмек; 
консультациялық-диагностикалық көмек; 
2)
 
 стационарлық көмек; 
3)
 
 стационарды алмастыратын көмек; 
4)
 
 жедел медициналық көмек; 
5)
 
санитариялық авиация; 
6)
 
төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; 
7)
 
қалпына келтіру емі және медициналық оңалту; 
8)
 
паллиативтік көмек және мейірбике күтімі; 
9)
 
дәстүрлі  медицина,  халық  медицинасы  (емшілік)  нысандарында 
ұсынылуы мүмкін. 
ҚР  Денсаулық  туралы  кодекстің  35-бабына  сәйкес  ақылы  медициналық 
қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні 
және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде жекеше 
медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді. 
 Ақылы медициналық қызметтер: 
1)
 
пациенттердің  бастамасы  бойынша,  оның  ішінде  алғашқы 
медициналық-санитариялық  көмек  мамандарының  және  денсаулық  сақтау 
ұйымдарының  жолдамасынсыз  алғашқы  медициналық-санитариялық  көмек, 
дианостикалық және емдік қызметтер көрсету
2)
 
дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу; 
3)
 
тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемінің   тізбесіне 
кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу; 
4)
 
тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу; 
5)
 
медициналық  айғақтарсыз  медициналық-генетикалық  зерттеулер 
жүргізу; 
6)
 
азаматтарды  жұмысқа  кіру  және  оқуға  түсу  үшін  медициналық 
зерттеп-қарау; 
7)
 
ұйыммен  шарт  бойынша,  оның  ішінде  ерікті  сақтандыру  бойынша 
медициналық көмек көрсету
8)
 
қосымша сервистік қызметтер ұсыну; 
9)
 
осы  Кодекстің 87-бабының  5-тармағында  көзделген  жағдайларды 
қоспағанда,  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдарға  медициналық  көмек 
көрсету кезінде ұсынылады. 
 Ақылы  медициналық  қызметтер  пациент  пен  осы  көрсетілетін 
қызметтерді  ұсынатын  денсаулық  сақтау  субъектісінің  арасында  жасалатын 
шарт негізінде көрсетіледі. 
 Ақылы  медициналық  қызметтер  көрсетуге  арналған  шарт  мынадай 
негізгі талаптарды: 
1)
 
медициналық көмектің түрлері мен көлемін; 
2)
 
медициналық көмек көрсету мерзімдерін; 
3)
 
медициналық  және  медициналық  емес  қызметтерге  арналған 
тарифтерді және оларды төлеу тәртібін; 
4)
 
тараптардың құқықтары мен міндеттерін; 
5)
 
шартқа  өзгерістер,  толықтырулар  енгізу  және  оның  қолданылуын 
тоқтату тәртібін; 

26 
 
6)
 
тараптардың  шарт  міндеттемелерін  орындамағаны  немесе  тиісінше 
орындамағаны  үшін  азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті  белгілеуін  қамтуға 
тиіс. 
 Ақылы  қызметтер  көрсетудің  түрлері  мен  олардың  баға  прейскуранты 
мемлекеттік,  жекеше  медициналық  ұйымдардағы  және  жекеше  медициналық 
практикамен  айналысатын  жеке  тұлғалардағы  көрнекі  ақпарат  арқылы 
халықтың назарына жеткізіледі. 
 Мемлекеттік  денсаулық  сақтау  ұйымдарында  ақылы  қызметтер 
көрсетудің  бағасы  медициналық,  сервистік  қызметтерді  көрсетумен 
байланысты барлық шығын түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере 
отырып  айқындалады  және  ол  жарты  жылда  бір  реттен  аспайтын  жиілікпен 
қайта қаралуы мүмкін. 
 Ақылы  қызметтер  көрсетудің  бағасы  тегін  медициналық  көмектің 
кепілдік  берілген  көлемі  үшін  бюджеттік  бағдарламаның  әкімшісі  белгілейтін 
осыған  ұқсас  медициналық  қызмет  тарифінен  төмендетілмей  белгіленеді. 
       Азаматтарға  ақылы  қызметтер  көрсеткен  кезде  есепке  алу  және  есеп 
құжаттамасын 
жүргізу 
Қазақстан 
республикасы 
Денсаулық 
сақтау 
министрлігі белгілеген 
нысандар 
бойынша 
жүзеге 
асырылады. 
          Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап оларға 
ақылы  медициналық  қызметтердің  уақтылы  және  сапалы  көрсетілуі  үшін 
Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен  жауаптылықта 
болады. 
 Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен 
шарттары  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  2009  жылғы  30 
желтоқсандағы № 2299 қаулысымен айқындалған [17]. 
ҚР  Денсаулық  туралы  кодекстің  175-бабына  сәйкес  денсаулық  сақтау 
саласындағы  білім  беру  қызметі  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 
саласындағы заңнамасына  сәйкес  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен 
кейінгі,  жоғары,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  және  қосымша  білім  беру 
бағдарламаларын  іске  асыратын  медициналық  және  фармацевтикалық  білім 
беру  ұйымдарында  және  білім  беру  ұйымдарының  медициналық  және 
фармацевтикалық 
факультеттерінде 
жүзеге 
асырылады. 
Клиникалық 
базалардың  -  медициналық  білім  беру  ұйымдарының  клиникалық 
бөлімшелерінің,  сондай-ақ  медициналық  білім  беру  ұйымдарымен  шарт 
бойынша  медицина  және  фармацевтика  кадрларын  даярлау  үшін  тиісті 
жағдайлар  жасайтын  денсаулық  сақтау  ұйымдарының  болуы  медициналық 
білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады. 
Денсаулық сақтау  жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және 
фармацевтика  кадрларын  даярлау,  олардың  біліктілігін  арттыру  және  қайта 
даярлау денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып 
табылады. 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттар  мен  медициналық  және 
фармацевтикалық 
мамандықтар 
бойынша 
үлгілік 
кәсіптік 
оқу 
бағдарламаларын, 
сондай-ақ 
жоғары 
медициналық 
білім 
беру 
ұйымдарының клиникалық  базалары  туралы  ережені,  оларға  қойылатын 
талаптарды уәкілетті орган бекітеді. 

27 
 
 Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі,  жоғары,  жоғары  оқу 
орнынан  кейінгі  және  қосымша  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  игерген 
адамдар  үшін  мемлекеттік  үлгідегі  білім  туралы  құжат,  ал  клиникалық 
мамандықтар  бойынша  маман  сертификаты  да  олардың  медициналық 
ұйымдарда қызметке орналасуы үшін негіз болып табылады. 
 Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім 
резидентураны,  магистратураны  және  докторантураны  қамтиды.  Резидентура 
туралы ережені уәкілетті орган бекітеді. 
 Қосымша білім беру  қосымша білімнің  білім беру  оқу  бағдарламаларын 
іске  асыратын  медициналық  білім  беру  және  ғылыми  ұйымдарда  жүзеге 
асырылады. 
 Медицина  және  фармацевтика  кадрларының  біліктілігін  арттыру  және 
оларды  қайта  даярлау  қосымша  білім  берудің  негізгі  нысандары  болып 
табылады.  Медицина  және  фармацевтика  кадрларының  біліктілігін  арттыру 
және оларды қайта даярлау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 
 Медицина  және  фармацевтика  кадрларын  даярлауды  жоспарлауды 
уәкілетті  орган,  сондай-ақ  денсаулық  сақтауды  мемлекеттік  басқарудың 
жергілікті  органдары  саланың  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  өз  өкілеттіктері 
шегінде жүзеге асырады. 
Осылайша,  денсаулық  сақтау  саласы  мынадай  негізгі  нормативтік 
құқықтық актілермен реттеледі:  
1)
 
«Халық    денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы» 
Қазақстан  Рееспубликасының  2009  жылғы  18  қыркүйектегі  №  193-IV  Кодексі  
(бұдан әрі – ҚР Денсаулық туралы кодексі); 
2)
 
«Саламатты  Қазақстан»  Қазақстан  Республикасының  денсаулық 
сақтау  жүйесін  дамытудың  2011-2015  жылдарға  арналған  мемлектетік 
бағдарламасын    бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010 
жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығы; 
3)
 
 «Денсаулық 
сақтау 
ұйымдарының 
шығындарын 
бюджет 
қаражатының  есебінен  өтеу  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы  № 2030 қаулысы; 
4)
 
«Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  ұйымдары  желісінің 
мемлекеттік  нормативін  бекіту  туралы»    Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысы; 
5)
 
«Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік  бюджет  аражаты  есебінен 
ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың 
қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы; 
6)
 
«Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі 
мен  шарттарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009 
жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 қаулысы; 
7)
 
«Денсаулық  сақтаудың  мемлекеттік  емес  секторында  емдеуге  тыйым 
салынған  аурулардың  тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығы; 
8)
 
«Республикалық 
бюджет 
қаражатынан 
ағымдағы 
нысаналы 
трансферттер  есебінен  жергілікті  деңгейде  мемлекеттік  медицина  ұйымдарын 

28 
 
материалдық-техникалық  жарақтандыру  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Денсаулық  сақтау  министрінің  міндетін  атқарушының  2005  жылғы  11 
қаңтардағы № 13 бұйрығы; 
9)
 
 «Қазақстан  Республикасының  Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының 
кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 
сәуірдегі № 141 бұйрығы; 
10)
 
«Медициналық,  коммуналдық  және  басқа  да  шығыстарға  тарифтерді 
бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  2010 
жылғы 12 сәуірдегі № 250 бұйрығы; 
11)
 
«Стационарлық аурулардың электрондық тізілімінде» республикалық 
бюджет  қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің  
кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде  стациянарлық  және  стационарлықты 
алмастыратын  қызметтердің  сапасы  мен  көлемін  бақылауға  жататын 
жағдайларға  автоматтандырылған  іріктеуді  жүзеге  асыру  үшін  оныншы  қайта 
қару  денсаулығымен  байланысты  аурулар  мен  проблемалардың  халықаралық 
статистикалық  сыныптамасына  сәйкес    аурулардың  тізбесін,  медициналық 
манипуляциялар  мен  араласулардың  тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 13 
бұйрығы»; 
12)
 
«Клиникалық-шығындық  топтар,  медициналық  манипуляциялар  мен 
араласулар 
тізбесін, 
республикалық 
бюджет 
 
қаражаты 
есебінен 
қаржыландырылатын  тегін  медициналық  көмектің  сапасы  мен  көлемін 
бақылауға  жататын  жағдайларға  автоматтандырылған  іріктеу  тізбесін  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  2012  жылғы 
27 қаңтардағы № 54 бұйрығы;  
13)
 
 «Тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде 
көрсетілетін  медициналық  қызметтерге  арналған  тарифтер  жасау  мен 
шығындарды  жоспарлау  әдістемесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығы. 

29 
 
 
1.1.3
 
Коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтау және су 
жүргізу)  
 
Сумен жабдықтау және су жүргізу – қызмет саласының бір түрі, реттелуі 
мынадай әртүрлі нормативтік құжаттармен жүзеге асырылады: ҚР Су кодексі,  
егер  әңгіме  су  объектілері  туралы  болған  жағдайда,  ҚР  Азаматтық  кодексі, 
мүліктік  қатынастарды  ретету  жағдайында,  ҚР  Бюджет  кодексі  –  сумен 
жабдықтау 
және 
су 
жүргізу 
бойынша 
кәсіпорындарды  нысаналы 
қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде.    
Анағұрлым  нақты  және  тар  бағыттағы  міндеттерді  шешу  үшін  «Табиғи 
монополиялар  және  реттелетін  нарықтар  туралы»  ҚР  Заңы,  «Қазақстан 
Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы»  ҚР  Заңы,  Су 
шаруашылығы 
жүйелері 
саласындағы 
реттелетін 
қызметтерді 
жеке 
тұлғалардың  тұтыну  көлемінің  негізделген  шамасын  айқындау  ережесі,  Елді-
мекендердің  су  жүргізу  жүйесінде жинақ  суды  қабылдау  қағидасы,  сондай-ақ, 
Елді  мекендердің  сумен  жабдықтау  және  су  жүргізу  жүйесінде  пайдалану 
қағидасы сияқты заңнамалық актілер қызмет етеді. 
«Табиғи  монополиялар  және  реттелетін  нарықтар  туралы»  ҚР  Заңында  
сумен  жабдықтау  ұйымдарының  тұтынушылар  топтары  және  (немесе)  тұтыну 
көлемдері  бойынша  сараланған  тарифтер  бойынша  қызметтерді  көрсету 
міндеттемесі көзделген.  
Тұтынушылар  топтары  және  (немесе)  тұтыну  көлемдері бойынша  сумен 
жабдықтау  және  кәріз  қызметтеріне  сараланған  тарифтер  жүргізу 
қағидаттарының  бірі  суды  пайдалануды  үнемдеуге  ынталандыру  болып 
табылады.  Осыған  байланысты,  Су  шаруашылығы  және  кәріз  жүйелерінің 
реттеліп  көрсетілетін  қызметтеріне  сараланған  тарифтер  есептеу  әдістемесі 
қабылданған  [18].  Тұтынушылар  топтары  бойынша  сараландыру  тетігін 
пайдалану  тарифтер  халық  үшін    аз  ғана  өзгерген  жағдайда  су  кәріздік  жүйе 
кәсіпорындарының  инвестициялық  бағдарламада  көзделген  іс-шараларды  іске 
асыру  үшін  қосымша  табыс,  жөндеу  жұмыстарының  қосымша  көлемдерін 
жүргізуді  және  көрсетілген  қызметтер  сапасының  деңгейін  арттыруды 
қамтамасыз етеді. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылғы  7  маусымдағы  №  521 
қаулысымен  Су  шаруашылығы  жүйелері  саласындағы  реттелетін  қызметтерді 
жеке  тұлғалардың  тұтыну  көлемінің  негізделген  шамасын  айқындау  ережесі 
бекітілген,  оған  сәйкес  су  мен  тұтынушылардың  қаражатын  үнемдеу 
мақсатында  су  шаруашылығы  жүйелері  саласындағы  реттелетін  қызметтерді 
жеке  тұлғалардың  тұтыну  көлемінің  негізделген  шамасын  айқындау  тәртібін 
белгілейді [19]. 
Су  тұтыну  көлемінің  негізделген  шамасын  су  шаруашылығы  ұйымы 
есептейді және  жергілікті  атқарушы  органмен  (облыс, республикалық  маңызы 
бар  қала,  астана  әкімдігімен)  келісімі  бойынша  уәкілетті  орган  әрбір  су 
шаруашылығы  ұйымы  үшін  жеке  анықтайды.  Егер  су  шаруашылығы  ұйымы 
сумен  жабдықтау  қызметтерін  екі  және  одан  көп  облыстардың  аумағында 
көрсеткен  жағдайда,  су  тұтыну  көлемінің  негізделген  шамасын  су 

30 
 
шаруашылығы  ұйымы  әрбір  облыс  үшін  жеке  есептейді.  Бұл  ретте  су  тұтыну 
көлемінің  негізделген  шамасы  сумен  жабдықтау  қызметтеріне  сараланған 
тарифті  бекітуге  арналған  өтінімді  қарау  кезеңінде  қарастырылады  және  оны 
уәкілетті  орган  сумен  жабдықтау  қызметтеріне  сараланған  тарифті  бекітумен 
бір мезгілде келіседі.   
Қазіргі  уақытта  тұтынушылар  топтары  бойынша  сараланған  тарифтер 
республиканың  12  өңіріне  енгізілген  (Алматы  қаласы,  Ақмола,  қарағанды, 
павлодар,  БҚО,  СҚО,  ШҚО,    ОҚО,  жамбыл,  қызылорда,  Алматы,  Атырау 
облыстары).  Қазақстан  Республикасы  Құрылыс  және  тұрғын-үй  коммуналдық 
шаруашылық істері агентігінің деректері бойынша  сараланған тарифтер енгізу 
нәтижесінде су арналары кірісті 12,5 млрд.теңгеге ұлғайтады.  
2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысының базалық 
субъекітісі  –  Өскемен  қаласындағы  «Өскемен  суарнасы»  МКК  тұтыну 
көлемдеріне  байланысты  суға  сараланған  тарифтер  іске  қосылған.  Сараланған 
тарифтерден алынған кіріс есебінен су арналары жалпы сомасы 145 млн.теңгеге 
Инвестициялық  бағдарламаларды  орындауды  жүзеге  асырады.  Бұл  ретте, 
тұтыну  нормаларымен  белгіленген  көлемдер  шеңберінде  суды  тұтынатын 
халық үшін тарифтер айтарлықтай өзгерді. Жағдайы өте жақсы тұттынушылар, 
сондай-ақ  суды  коммерциялық  мақсаттарда  (автокөлік  жуу,  хауыз,  бассейн)  
пайдаланытаны тұтынушылар көбірек төлейтін болады. Сондай-ақ, сараланған 
тарифтерді енгізу энергияны үнемдеуді ынталандырады.  
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  сумен  жабдықтау  және  су 
жүргізу  қызметтерін  көрсеткені  үшін  жауапкершілік  орталықтандырылмаған. 
«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы»  ҚР 
Заңына  сәйкес  облсытардың  «республикалық  маңызы  бар  қала,  асатан) 
әкімдіктері  мен  аудан  әкімдіктері  коммуналдық  меншіктегі  тазарту 
құрылғыларын,  су  құбырларын  салу  және  пайдалануды  ұйымдастырады,    ал 
ауданның,  аудандық  маңызы  бар  қаланың,  кенттің,  ауылдың  (селоның), 
ауылдық  (селолық)  округтің  әкімдіктері  өз  құзіреті  шегінде  елді  мекендердің 
сумен жабдықталуын ұйымдастырады.  
Әкімдіктер  суды  есептеу  аспаптары  жоқ  тұтынушылардың  су  тұтыну 
нормаларын 
реттейді. 
Оларды 
коммуналдық 
сумен 
жабдықтау  
компанияларының 
диренкторлары 
тағайындайды, 
инвестициялық 
жоспарларыды    тарифтерді  арттыру  бойынша  өтінімдерді  оларлды  қазақстан 
республикасының  Табиғи  монополияларды реттеу  агенттігіне  ұсынғанға дейін 
бекітеді.   
 Елді  мекендердің  су  бұру  жүйелеріне  сарқынды  суларды  қабылдау 
ережесін  және  Елді  мекендерді  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін 
пайдалану  ережесін  2009  жылы  қабылдау  осы  сектордағы  қатынастарды 
реттеудің маңызды бөлігі болып табылады. 
 
Елді  мекендерді  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін  пайдалану 
ережесі Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсету, шектеу 
және  тоқтату  тәртібін,  Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін  пайдалану 
кезіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасын анықтау тәртібін, Сумен 
жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін  пайдалану  кезінде  суды  есепке  алуды 
ұйымдастыру тәртібін  реттейді.  

31 
 
Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жөніндегі  қызметтер  қазақст  ан 
Республикасының  заңнамасвна  сәйкес  бекітілген  үлгілік  шартқа  сәйкес 
құрылған сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорыны мен тұтынушы арасында 
жасалған  шарт негізінде көрсетіледі.  
Қалыптасқан норма шығармашылық және құқықтық қолдану тәжірибесін 
талдай  келе,    сумен  жабдықтау  және  су  бұру  саласын  дамытуға  бағытталған 
белгілі  бір  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  барлық  мдделі  күштерді 
шоғырландыру,  сумен  жабдықтау  проблемаларына  Үкімет  пен    қоғам 
тарапынан  көңіл  бөлдіру,  саланы  жаһандық  қаржыландыпру    міндеттерін 
айқындау,    таза  ауыз  сумен  халықты  қамтамасыз  еу  салаында  мемлекеттік 
саясатты  әзірлеу  су  бұруды  қауіпсіз  пайдалануды  және  сарқынды  суларды 
тазартуды  дамыту  үшін  «Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  туралы»  салалық 
заңды  қабылдау қажет.  
Осы заңнамалық актінің мазмұны мен реттеу нысаны су көздерінен суды 
жинауға,  су  дайындауға,  суды  тасымалдауға  және  тұтынуға,  су  бұруға,  
сарқынды  суларды  тасымалдауға  дәне  тазалауға  байланысты  туындайтын 
экономикалық  қатынастардың  құқықтық  негіздерін    белгілеуі,  сондай-ақ 
реттейтін  ұйымдар  мен  қызметтерді  тұтынушылардың  құқықтары  мен 
міндеттерін  қоса  алғанда,  сумен  жабдықтау  және  су  бұру    бойынша 
қызметтерді ұйымдастыру саласында реттеу мен бақылау жөніндегі жергілікті 
атқарушы  органдар  мен  мемлекеттік  билік  органдары    өкілеттігін  айқындауы 
тиіс.  
Осылайша,  осы  заңнамалық  акті  сумен  жабдықтау  және  су  бұру 
саласында  мемлекеттік ретету жүйесін жетілдіруді, қоршаған ортаны қорғауды 
және  халықтың  тыныс  тіршілігін  жақсартуды  қамтамасыз  етеді.  Олар  тариф 
саясаты,  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  ұйымдастыру  бойынша    билік 
органдары  арасындағы  өкілеттіктерді  бөлу,  билік  органдарымен  сала 
ұйымдарының  өзара  іс-қимыл,  мүліктік  мәселелер,  шарттық  қатынастар    мен 
эклогиялық сәттер мәселелерін қамтиды.  

32 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал