Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет2/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру 

13 
 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беруде  қызметтер  көрсетуді 
реттейтін нормативтік – құқықтық актілерді талдау. 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру  жүйесінің  қызметін  реттейтін 
негізгі  нормативтік  –  құқықтық  құжат  «Білім  беру  туралы»  Қазақстан 
Республикасының Заңы болып табылады.  
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы 
мемлекеттік 
оқу 
орындарында  тегін  орта  білім  алуға  кепілдік  береді,  бірақ,  мектепке  дейінгі 
тәрбие  мен  білім  беруге  қатысты  елдің  басты  заңда  осындай  кепілдер  туралы 
соз жоқ.  
Бірінші  кезекте  «Білім  туралы»  заң  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім 
беру  саласындағы  мемлекеттік  мекемелердің  өкілеттігін  айқындайды. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы 
Білім  және  ғылым  министрлігі),  жергілікті  атқарушы  органдар    (әртүрлді 
деңгейдегі) сияқты мемлекеттік мекмелер жауапкершілігінің ролі мен дәржесеі 
олардың білім беру саласындағы құзіретінің сипатын айқындайды.э 
Мәселен, Үкіметтің анағұрлым маңызды құзіреттерінің бірі білім берудің 
тиісті  деңгейлерінде  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  бірдей  міндетті 
стандартарын бекіту және тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі 
қағидасын бекіту болып табылады. 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 7-тармағында 
«білім берудің тиісті деңгейлерінде білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей 
міндетті  стандартары    «меншік  нысанына,  типтері  мен  түрлеріне  қарамастан 
барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті» екені айқындалған.  
Бүгінгі  таңда,  заңнамада  жалпы  мектепке  дейінгі  білім  беру 
ұйымдарының  қызметі  сөз  болған,  сондай-ақ,  отбасылық  балабақшалар  мен 
«мектеп-балбақшалар» кешендерінің қызметі жеке сөз болған. 
 Мәселен, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 
желтоқсандағы  №  1353  қаулысымен  «Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары 
қызметінің  үлгілік  қағидасы»  бекітілген.  2009  жылы  Қазақстан  Республикасы 
білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығымен 
«Отбасылық  балабақшалар  қызметі  ұйымдарының  үлгілік  қағидасы»  және 
«Мектеп-балабақшалары» кешенінің қызметі ұйымдарының үлгілік қағидасы. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  типтік  қағидаларын 
талдау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан 
мемлекет  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  тәртібін 
айқындайды [10].  
Бүгінгі таңда тағайындалуына байланысты үш иектепке дейінгі ұйым бар, 
атап  айтқанда:  жалпыға  бірдей  дамытушы  типіндегі,  түзету  типіндегі,  аралас 
типіндегі. 
Осы үш мектепке дейінгі білім беру типтерімен қатар «мектепке дейінгі 
білім беру ұйымдарының жаңа үлгілері мен құрылымдары болуы мүмкін: білім 
беру  ұйымдары  базасында  мектепке  дейінгі  шағын-орталықтар,  «балабақша-
мектеп» кешені, үйдегі балабақша мен басқалар» [10]. 
Білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  (ҚР  БҒМ)  құзіреттерінің 
қатарына мыналар кіреді:  

14 
 
 
мектепке  дейінгі,  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта,  техникалық 
және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарын  жабдықтармен  және  жиһазбен 
жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
 
 
 ведомстволық  бағынысты  ұйымдарды  бюджет  қаражаты  есебінен 
белгіленген тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру; 
 
меншік  нысандарына  және  ведомстволық  бағыныстылығына 
қарамастан  білім  беру  ұйымдарында  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 
саласындағы  заңнамасының  және  нормативтік  құқықтық  актілерінің, 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарының  орындалуын 
мемлекеттік бақылау;  
 
мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуға  мемлекеттiк  бiлiм  беру 
тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту. 
Жергілкті  атқарушы  органның  құзіреті  (деңгейіне  байланысты),  оның 
ішінде мыналар болып табылады:  
 
мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуға  мемлекеттік  білім  беру 
тапсырысын,  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  және  ата-ананың  ақы 
төлеу мөлшерін бекіту;
 
 
 білім беру қызметін лицензиялауды ұйымдастыру,
 
 
мемлекеттік білім  беру  ұйымдарының кадрлық  қамтамасыз  етілуін 
ұйымдастыру;   
 
мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балаларды  есепке  алуды 
ұйымдастыру және олар орташа білім алғанға дейін оларды оқыту, 
 
 мемлекеттік 
(…)мектепке  дейінгі  тәбилеу  мен  оқытуды  
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.  
Мемлекеттік  мектепке  дейінгі  ұйымдарды  қаржыландыру  мемлекеттік 
білім  беру  тапсырыстарын  орналастыру  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Атап 
айтқанда,  мемлекеттік  білім  беру  тапсырыстары  арқылы  мектепке  дейінгі 
тәрбилеу  мен  оқыту  және  оқу-әдістемелік  материалдарымен  қамтамасыз  ету 
жөніндегі  қызметтер  көлемі  қаржыландырылады:  бұл  ретте,  бюджет  есебінен 
мынадай 
ағымдағы 
шығыстар: 
еңбекақы, 
коммуналдық 
төлемдер, 
ғимараттарды ұстау және басқа да шығыстар.  
Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысын,  жан  басына  шаққандағы 
қаржыландыру  және  ата-ананың  ақы  төлеу  мөлшерін  бекіту  облыстың 
жергілікті  атқарушы  органның  құзіретіне  кіреді,  ал  мемлекеттік  білім  беру 
тапсырысы орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту «Білім беру туралы» 
заңырнда айқындалғандай уәкілетті органның  құзіреті болып табылады.  
Мемлекеттік  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  білім  беру  ұйымдарының 
бюджеттен  қаржыландырылуына  қарамастан  ата-аналардан  тамаққа  арналған 
шығынның 100%-ын  құрайтын тамаққа ай сайын төлем алынады.  
Бірақ,  сонымен  бірге,  мемлекеттік  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  баланы 
қаьбылдауға  алғашқы  жарналарды,  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымы 
баласының ұзақ уақыт болмау немесе келмеуі жағдайларында орынды сақтауға 
арналған төлемдерді алуға жол берілмейді.  
Орта  білім  беру  ұйымдарына  қарағанда  мектепке  дейінгі  тәрбилеу  мен 
білім берудің мыналарға құқығы бар:    

15 
 
 
бос  орындар  болған  жағдайда,  ата-аналар  қаражаты  есебінен 
баланы ұстаудың толық құнын төлей отырыпкоммерциялық топтар құруға,  
 
белгіленген тәртіпте білім беру, сауықтыру және өзге де сипаттағы 
қосымша ақылы қызметтер көрсетуге. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  мен  ата-аналар  немесе  оларды 
алмастыратын  тұлғалар  арасындағы  өзара  қарым-қатынастар  баланы  мектепке 
дейінгі ұйымға алу кезінде жасалатын шартпен реттеледі.   
Мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім 
беру ұйымдарының қызметін талдау. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  қызметін  жүзеге  асыруға 
қойылатын  мемлекеттік  үшін  де  және  сонымен  қатар,  балабақшалар  үшін  де 
бірқатар жалпы  талаптар бар.  
1.
 
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу және 
оқыту,  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарының 
жалпыға  бірдей  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  заңды 
тұлғалар білім беру қызметімен айналысу және мемлекеттік аттестаттаудан өту 
құқығына лицензия алуға міндетті. 
2.
 
«Білім  туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес  тиiстi  бiлiм  беру  деңгейлерiнiң 
мемлекеттiк  жалпы  мiндеттi  стандарттары  меншiк  нысандарына,  үлгiлерi  мен 
түрлерiне қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндетті.  
3.
 
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет білім беру мекемелерін 
мемлекеттік аттестаттау көмегімен ведомстволық бағыныстылығы мен меншік 
нысанына қарамастан білім беру ұйымдарын бақылайды.  
4.
 
Ведомстволық  бағыныстылығы  мен  меншік  нысанына  қарамастан 
мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  тәртібін  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2004  жылғы  21  желтоқсандағы  №  1353  қаулысымен 
бекітілген  Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік 
қағидаларымен айқындалады. 
5.
 
ҚР Біліммині мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім  беру  ұйымдарын,  мемлекеттік,  сонымен  қатар,  жеке  білім  беру 
мекемелері  үшін  де  жабдықтар  мен  жиһаздармен  жарақтандыру  нормаларын 
әзірлейді [1].  
Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  мемлекеттік  және  жеке 
ұйымдардың  қызметінде  елеулі  айырмашылық  қаржыландыру  тәсілі  болып 
табылады.   
Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  білім  беру  мемлекеттік  ұйымдарының 
шығыстары  салықтық  түсімдер  (мемлекеттік  тапсырыс,  жан  басына 
шаққандағы қаржыландыру) және нысаналы трансферттер есебінен, сондай-ақ, 
ата-аналар төлемі есебінен (тамаққа арналған шығыстар) қаржыландырылады.   
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің жеке ұйымдары  ата-аналар  
төлемі  есебінен  қаржыландырылады.  Ата-аналар  төлемі  оның  ішінде,  білім 
беру  қызметтерін  көрсетуге,  тәрбиеленушілерді  оқу  материалдарымен 
қамтамасыз  етуге  және  балаларды  тамақпен  қамтамасыз  етуге  арналған 
шығыстарды жаппайды.  

16 
 
Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  білім  беру  саласын  реттейтін  маңызды 
нормативтік-құқықтық  актілерді  талдауды,  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен 
білім берудің мемлекеттік және жеке ұйымдарының қызметін талдауды негізге 
ала отырып, мынадай негізгі тұжырымдар жасауға болады:     
 
жеке  де,  сонымен  қатар  мемлекеттік  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен 
білім берудің мемлекеттік меншік нысанына жол беріледі,  
 
 жеке де, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі  тәрбиелеу  мен 
білім беру ұйымдары лицензия алулары тиіс, 
 
 жеке  де,  сонымен  қатар  мемлекеттік  ұйымдар  қызметінің  тәртібі 
бірыңғай  құжатпен  айқындалады  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2004 
жылғы  21  желтоқсандағы  №  1353  қаулысымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі 
білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен),  
 
мемлекет  ведомстволық  бағыныстылығы  мен  меншік  нысанына 
қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарырның қызметі 
тәртібін айқындау құқығын өзіне қалдырады,  
 
 мемлекет  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  тәртібін    реттеу  құқығын 
өзіне  қалдырады,  атап  айқтанда,  мемлекет  жалпыға  бірдей  стандарттарды 
белгілейді,  кез  келген  оқыту  мекемелерінің    қызмет  осы  стандарттарға  сәйкес 
болуы тиіс, 
 
 Сондай-ақ,  мемлекет  Қазақстан  Республикасының  заңнамасы  мен 
нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын және білім беру ұйымдарының 
меншік  нысаны  мен  ведомстволық  бағыныстылығына  қарамастан    білім  беру  
ұйымдарының  жалпыға  бірдей  стандартарының    білім  беру  саласында 
сақталуын бақлау құқығын өзіне қалдырады,  
 
мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарында 
бюджет  есебінен  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  және  оқу-әдістемелік 
материалдармен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  қызметтер,  сондай-ақ,  мынадай 
ағымдағы  шығыстар:  еңбекақы,  коммуналдық  төлемдер,  ғимараттарды  ұстау 
және басқа да шығыстар қаржыландырылады
 
 мемлекеттік 
мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  білім  беру 
ұйымдарының  бюджеттен  қаржыландырылуына  қарамастан  ата-аналардан 
тамаққа  арналған  шығынның  100%-ын    құрайтын  тамаққа  ай  сайын  төлем 
алынады.  
Осылайша,  орта  білім  беру  және  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  білім 
беру саласы осындай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: 
 
Орта білім беру:  
1)
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы; 
2)
 
«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 
3)
 
«Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған    мемлектетік  бағдарламаны  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 
2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.    
4)
 
«Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым    министрлігінің  
білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті»  мемлекеттік  мекемесі 
туралы  ереже.  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым    министрлігі 
жауапты хатшысы 2010 жылғы 5 қарашада № 433- бұйрығымен бекітілген;  

17 
 
5)
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  27  сәуірдегі  №  536 
қаулысы. Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы.  
6)
 
«Мемлекеттік  мүлік  туралы»  Қазақстан  Республикасының  01.03.2011 
жылғы № 413-IV заңы; 
7)
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  
Стратегиялық  жоспарын  әзірлеу,  іске  асыру  мониторингілеу  және  бағалау 
нұсқаулығы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2010 
жылғы 12 тамыздағы № 418 бұйрығымен бекітілген;  
8)
 
«Мемлекеттік  білім  беру  мекемелерінің  мемлекеттік  атаулы 
әлеуметтік  көмек  алуға  құқығы  бар  отбасылардан,  сондай-ақ  мемлекеттік 
атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі 
күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары 
мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз 
қалып,  отбасыларда  тұратын  балаларға,  төтенше  жағдайлардың  салдарынан 
шұғыл  жәрдемді  талап  ететін  отбасылардан  шыққан  балаларға  және  өзге  де 
санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық 
көмек  көрсетуге  бөлінетін  қаражатты  қалыптастыру,  жұмсау  бағыты  мен 
оларды  есепке  алу  қағидаларын  бекіту  туралы».  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысымен бекітілген; 
9)
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2007жылғы  21  желтоқсандағы 
№1256 
қаулысы. 
Білім 
беру 
ұйымдары 
желісін 
кепілдендірілген 
мемлектетікнормативін бекіту туралы; 
10)
 
Есірткі  құралдарын,  психотроптық  заттарды  және  прекурсорлар 
айналымына  байланысты  қызметті  лицензиялау  қағидалары.  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 735  № 536 қаулысымен 
бекітілген.  
11)
 
«Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар 
және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін 
бекiту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысы  2000  жылғы  10 
қарашадағы  N 1693 қаулысымен бекітілген.  
12)
 
 Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік 
қағидалары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы 
№ 1353 қаулысымен бекітілген.  
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру:  
13)
 
«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 
14)
 
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 
15)
 
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 
16)
 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 
ҚР Кодексі; 
17)
 
«Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған    мемлектетік  бағдарламаны  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 
2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген;  
18)
 
«2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі 
тәрбиелеу  мен  білім  берумен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  бағдарламаны  бекіту 

18 
 
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 
қаулысы; 
19)
 
«Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  білім  беру  ұйымдары  қызметінің 
үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2004 
жылғы 24 желтоқсандағы №1353 қаулысы;  
20)
 
«Балалар  толық  бір  күн  немесе  толық  емес  күнде  болатын  мектепке 
дейінгі шағын-орталықтар қызметін ұйымдастыру туралы үлгілік қағидаларды 
бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым    министрінің 
2006 жылғы 7 шілдедегә № 327 бұйрығы;   
21)
 
«Отбасылық  балабақшалардың,  "мектеп  –  балабақша"  кешендерінің, 
мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  түзеу  және  инклюзивті  білім  беру 
кабинеттерінің, ата-аналарға арналған консультациялық пункттерінің қызметін 
ұйымдастырудың  үлгі  ережелерін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Білім және Ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығы. 
22)
 
«Қазақстан  Республикасында  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуды 
қолдау  жөніндегі  2007-2009  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарын  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы  5  ақпандағы  N  83 
Қаулысы; 
23)
 
«Мектепке 
дейінгі 
ұйымдарда 
мемлекеттік 
тапсырыстарды 
орналастыру  бойынша  әдістемелік  ұсынымдарды  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2009 жылғы 20 қаршадағы № 535 
бұйрығы. 
24)
 
 «Білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде  қойылатын  біліктілік 
талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 
маусымдағы № 452 қаулысы; 
25)
 
«Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдарын  күтіп  ұстауға  және 
пайдалануға 
қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар" 
санитариялық  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық 
сақтау министрінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығы. 

19 
 
 
1.1.2
 
Денсаулық сақтау
 
 
Қазақстан  өз  азаматтарының  денсаулығына  аса  көңіл  бөледі.  Денсаулық 
сақтау саласындағы негізгі құжат «Халық  денсаулығы және денсаулық сақтау 
жүйесі  туралы»  Қазақстан  Рееспубликасының  Кодексі    (бұдан  әрі  –  ҚР 
Денсаулық туралы Кодексі) болып табылады [11]. 
ҚР  Денсаулық  туралы  Кодексінің  31-бабына  сәйкес  денсаулық  сақтау 
жүйесі  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  денсаулық  сақтау  секторларынан 
тұрады. 
Мемлекеттік  денсаулық  сақтау  секторы  денсаулық  сақтау  саласындағы 
мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық 
сақтау ұйымдарынан тұрады. 
Мемлекеттік  емес  денсаулық  сақтау  секторы  жеке  меншік  құқығына 
негізделген  денсаулық  сақтау  ұйымдарынан,  сондай-ақ  жекеше  медициналық 
практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан 
тұрады. 
Мемлекеттік  емес  денсаулық  сақтау  секторында  емдеуге  тыйым 
салынатын  аурулар  тізбесі  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 
министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығымен бекітілген [12]. 
ҚР  Денсаулық  туралы  Кодексінің  13-бабына  сәйкес  Медициналық  және 
фармацевтикалық 
қызмет 
Қазақстан 
Республикасының 
лицензиялау 
туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады. 
ҚР  Денсаулық  туралы  Кодексінің  14-бабына  сәйкес  Көрсетілетін 
медициналық  және  фармацевтикалық  қызметтердің  денсаулық  сақтау 
саласындағы  белгіленген  талаптар  мен  стандарттарға  сәйкестігін  тану 
мақсатында  денсаулық  сақтау  субъектілері  және  дәрілік  заттардың, 
медициналық  мақсаттағы  бұйымдар  мен  медициналық  техниканың  айналысы 
саласындағы субъектілер денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.  
 Жеке  тұлғалар  денсаулық  сақтау  субъектілерінің  қызметіне  тәуелсіз 
сарапшылық бағалау жүргізу үшін аккредиттелуге жатады. Аккредиттеу ерікті 
сипатта  болады  және  аккредиттелетін  субъектінің  қаражаты  есебінен  және 
тыйым  салынбаған  өзге  де  қаражат  есебінен  жүзеге  асырылады. 
       Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті 
орган бекіткенаккредиттеудің  белгіленген  стандарттарына  сәйкестігін  сыртқы 
кешенді  бағалау  негізінде  жүргізіледі  және  ол  мемлекеттік  тапсырысты 
орналастыру кезінде ескеріледі. 
ҚР  Денсаулық  туралы  кодексінің  23-бабына  сәйкес  денсаулық  сақтау 
жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері: 
1)
 
бюджет қаражаты; 
2)
 
 ерікті сақтандыру қаражаты; 
3)
 
 ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат; 
4)
 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  қайшы  келмейтін  өзге  де 
көздер болып табылады.  

20 
 
Тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде 
көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен 
шығындарды  жоспарлау әдістемесі  (бұдан  әрі  -  Әдістеме)  Қазақстан 
Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  2009  жылғы  26  қарашадағы  № 
801 № 526 бұйрығымен бекітілген [13]. 
Тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемін  көрсетуге 
арналған 
шығындарды 
қаржыландыру 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
ҚР  Денсаулық  туралы  кодексінің  34-бабына  сәйкес  Тегін  медициналық 
көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен 
оралмандарға  бюджет  қаражаты  есебінен  ұсынылады  және  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі бекітетін  тізбеге сәйкес,  барынша  дәлелденген 
тиімділігі  бар  профилактикалық,  диагностикалық  және  емдік  медициналық 
қызметтер көрсетуді қамтиды. 
 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне: 
1)
 
жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация
2)
 
мыналарды: 
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті; 
 алғашқы  медициналық-санитариялық  көмек  маманының  және  бейінді 
мамандардың  жолдамасы  бойынша  консультациялық-диагностикалық  көмекті 
қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек; 
3)
 
  уәкілетті  орган айқындайтын  ауруханаға жатқызу  жағдайларының 
жоспарланатын  саны  (шекті  көлемі)  шеңберінде  -  алғашқы  медициналық-
санитариялық  көмек  маманының  немесе  медициналық  ұйымның  жолдамасы 
бойынша,  төтенше  айғақтары  бойынша  жолдаманың  болу-болмауына 
қарамастан 
берілетін стационарлық 
медициналық 
көмек; 
       4)  алғашқы  медициналық-санитариялық  көмек  маманының  немесе 
медициналық  ұйымның  жолдамасы  бойынша стационарды  алмастыратын 
медициналық көмек; 
 5) қалпына 
келтіру 
емі 
және 
медициналық 
оңалту; 
       6)  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі белгілеген  халық  санаттары 
үшін паллиативтік 
көмек 
және 
мейірбике 
күтімі 
кіреді. 
  
Тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемін  көрсету  үшін 
дәрілік заттармен қамтамасыз ету: 
1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету 
кезінде - медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті 
органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес; 
2)  амбулаториялық-емханалық  көмек  көрсету  кезінде  -  белгілі  бір 
аурулары  (жай-күйі)  бар  азаматтардың  жекелеген  санаттарын  тегін  және 
(немесе)  жеңілдікті  қамтамасыз  ету  үшін  уәкілетті  орган  бекітетін  дәрілік 
заттар мен бейімделген емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. 
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі 
қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді тиісті бюджеттік 
бағдарламалардың 
әкімшілері 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкіметі 
айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. 

21 
 
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі 
шарттарды  жасасуда  артықшылықты  құқыққа  денсаулық  сақтаудың 
аккредиттелген ұйымдары ие болады. 
Сонымен қатар, Әдістеме ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық 
қызметтерге  мынадай  медициналық  көмек  нысандары  бойынша  тарифтерді 
қалыптастыру тетіктерін айқындайды: 
 1) амбулаториялық-емханалық көмек: 
 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК); 
 консультациялық-диагностикалық көмек; 
 2) стационарлық көмек
 3) стационарды алмастыратын көмек; 
 4) жедел медициналық көмек
 5)  санитариялық  авиация  (Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 
министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 № 801 бұйрығымен бекітілген 
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін 
медициналық  қызметтерге  арналған  тарифтер  жасау  мен  шығындарды 
жоспарлау әдістемесінің 2-тармағы). 
МСАК  көрсететін  және  бекітілген  халқы  бар  ұйымдар  үшін  тариф  жан 
басына  шаққандағы  екі  компоненттік  норматив  болып  табылады. 
       Жан  басына  шаққандағы  екі  компоненттік  норматив  екі  компоненттен 
тұрады:  жан  басына  шаққандағы  және  қосымша  (ынталандыру)  нормативтері 
(бұдан әрі – ЖНЫҚ) (№ 801 Әдістеменің 8-тармағы).  
 
       МСАК  ұйымын  қаржыландыру  көлемі  мынадай  формула  бойынша 
айқындалады: 
К 
мұ қарж 
= (Ж
норм
 х  (Кл
х(n)
 х П
коэф(n)
) х k) + ЖБЫК,  
мұнда: 
        К 
мұ қарж 
– МСАК ұйымын қаржыландыру көлемі; 
Ж
норм
 
– 
жан 
басына 
шаққандағы 
норматив; 
      
К
х  (n)
  –  n  нөмірлі  жас-жыныстық  тобына  жататын  тіркелген  халықтың 
саны; 
П
коэф(n) 
-  n  нөмірлі  жас-жыныстық  тобына  жататын  халықтың  МСАК 
тұтынуының жас-жыныстық ерекшеліктеріне қарай түзету коэффициенті; 
К
түз
 – түзету коэффициенті; 
ЖБНЫК – жан басына шаққандағы нормативтің қосымша (ынталандыру) 
компоненті. 
        МСАК 
ұйымын  жан  басына  шаққандағы  норматив  бойынша 
қаржыландыру  көлемі  көрсетілген  қызметтердің  көлеміне  немесе  МСАК 
ұйымдары қызметінің басқа нәтижелеріне байланысты емес. 
 Жан  басына  шаққандағы  норматив  мынадай  формула  бойынша 
айқындалады: 
Ж
норм
 = К
қарж
 /  К
х (n) 
х П
коэф(n)
) х К
түз
, мұнда: 

22 
 
 Ж
норм
 – басына шаққандағы норматив; 
 К
қарж
  –  халықты  МСАК  қамтамасыз  етуге  арналған  қаржыландыру 
көлемі; 
К
лтх 
(n)  –  n  нөмірлі  жас-жыныстық  тобына  жататын  тіркелген  халықтың 
саны; 
К
жт 
(n)  -  n  нөмірлі  жас-жыныстық  тобына  жататын  халықтың  МСАК 
тұтынуының жас-жыныстық ерекшеліктеріне қарай түзету коэффициенті; 
 К
түз
 – түзету коэффициенті; 
Жан басына шаққандағы норматив есептеу кезінде емдік, диагностикалық 
және  профилактикалық  қызметті  қамтамасыз  етуге  МСАК  шығыстары  есепке 
алынады, олар: 
- тіркелген халықтың санына; 
-  осы  Әдістемеге 1-қосымшаға  сәйкес  жынысы-жасы  бойынша  түзету 
коэффициенттерi құрамына байланысты (№ 801 Әдістеменің 9-тармағы). 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009  жылғы  7  желтоқсандағы                    
№ 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын 
бюджет  қаражатының  есебінен  өтеу  ережесінің  13-тармағына  сәйкес 
стационарлық  көмектің  бір  емделіп  шығу  жағдайы  үшін  шығындарды  өтеу 
стационарлық  көмектің  бір  емделіп  шығуы  үшін  тарифтер  бойынша 
шығыстарды  төлеу  жолымен  жүзеге  асырылады,  олардың  құрылымы 
төмендегіше берілген [14]. 
Стационарлық көмектің бір емделген жағдай үшін тариф құрылымы 
      
Тст = НМШ + ҚМС,  
мұнда: 
       Тст  –  стационарлық  көмектің  бір  емделген  жағдай  үшін  тарифі; 
       НМШ  –  денсаулық  сақтау  ұйымдары  қызметкерлерінің  еңбек  ақысын, 
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдерді; ҚР Салық кодексіне 
сәйкес  әлеуметтік  аударымдарды,  дәрілік  заттарды  және  медициналық 
мақсаттағы  бұйымдар  мен  шығыс  материалдардың  сатып  алуды,  пациенттер 
үшін  тамақ  өнімдерін  сатып  алуды  қамтитын  негізгі  медициналық  шығыстар. 
        Денсаулық  сақтау  ұйымдары  қызметкерлерінің  еңбекақысы  «Азаматтық 
қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың 
қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлеріне  еңбекақы 
төлеу  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы  29 
желтоқсандағы 
№ 
1400 қаулысына 
сәйкес 
айқындалады 
[15]. 
        Қосымша 
ақшалай  төлемдер  Қазақстан  Республикасының Еңбек

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал