Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет18/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 Тәуекел түрі 
 Теріс салдарды азайту тәсілі 
 Өрт және де басқа стихиялық апаттар 
 Ықтимал шығын сомасын сақтандыру 
Автомобиль авариялары 
 Автомобильді сақтандыру 
 Тасымалдау кезінде жүктің құртылуы 
немесе бұзылу тәуекелі 
 Жүктің құнын сақтандыру (теңіз, авиациялық және 
көлікті сақтандырудың басқа да түрлері) 
 Фирма қызметкерлерінің 
ұқыпсыздығынан тәуекел 
 Қызметкерлердің ұқыпсыздығынан ықтимал 
шығындардың құнын сақтандыру 
 Фирмаға материалдық және моральдық 
залал келтіруі мүмкін қызметшілердің 
ықтимал  әділ болмау тәуекелі 
Сақтандыру компаниясына «әділ» деген бондты 
қалыптастыру 
 Жобаның орындалуы байланысты 
болатын бір қызметкердің немесе 
қызметкерлер тобының міндеттемелердің 
орындамау тәуекелі 
  «Кепілдік» бондтарын иелену 
 Фирманың іскерлік белсенділігін тоқтату 
тәуекелі 
  Бизнестің тоқтатылуы кезеңі бойынша ықтимал 
шығын сомасын сақтандыру 
 Фирманың табысы байланысты болатын 
басшысының, жетекші қызметкерінің 
ықтимал қайтыс болуы немесе ауруы
интеллектуалды немесе басқа да 
біліктілігі қызметінің тәуекелі 
  Ықтимал  шығын  сомасын  сақтандыру.  Бұл  әсіресе 
жауапты кезеңдерде маңызды. 
 Қызметкердің ықтимал ауруы, қайтыс 
болуы немесе жазатайым оқиғамен 
байланысты тәуекелі 
  Сақтандыру компанияларындағы сақтандыру 

180 
 
тәуекелдерді  азайту  мүмкін  емес,  оны  тек  жеке  тұрақтандыру  қорын  құру 
арқылы ғана мүмкін болады.  
Ғимаратты  пайдалану  тәуекелі.  Өрт  сөндірудің  заманауи  жүйесінен 
бөлек,  аталған  тәуекелдерді  азайтуға  мүмкіндік  беретін  сақтандыру 
институтын пайдалану керек. 
Жоба  құру  мерзімін  ұлғайту  тәуекелін  заңдық,  маркетингтік, 
экономикалық,  техникалық  жоба  бағалауды  қамтитын  жоба  бойынша 
құжаттаманы  алдын  ала  тереңдетіп  сараптау  есебінен  төмендетуге  болады. 
Бұл  жобаның  ертерек  кезеңдерінде  жобаны  іске  асыру  мерзімін  ұлғайту 
немесе  инвестициялардың  басты  көлемінің  артуы  тәрізді  тәуекелдердің 
азайтуға мүмкіндік береді, осындай жағдайлардың туындауын да азайтады.  
Маркетингілік  тәуекелдерді  азайту  үшін  кәсіби  консультанттарды 
тартуға,  сондай-ақ  инвестордың  күші  нарығын  кешенді  талдауды  (баға 
саясаты,  сұраныс  мен  ұсыныстың  ара  қатынасы,  сатып  алушылардың/жалға 
алушылардың таңдаулары және т.б.) ұйымдастыру арқылы мүмкін болады.  
Осы  Зерттеулердің  2-бөлімінде  МЖӘ  денсаулық  сақтау  саласындағы 
ВТО, ВОТ, ВОО және DBFO модельдерін ұсындық. 
ВТО  моделі  бойынша  концессиялық  жобаны  іске  асыру  денсаулық 
сақтау саласында мынадай тәуекелдерге ие: 
- уақытылы қаржылық жаппау тәуекелі
- құрылыс тәуекелдері; 
- құрылыс мерзімінің ұлғаюы тәуекелі; 
- құрылыс құнының ұлғаю тәуекелі; 
- пайдалану тәуекелі; 
- қызметтерді сапасыз ұсыну тәуекелі; 
- заемның пайыздық ставкасының ұлғаю тәуекелі; 
- инфляцияның ұлғаю тәуекелі; 
- форс-мажорлық жағдай тәуекелі. 
Инвестициялық  жобаны  іске  асыру  кезінде  денсаулық  сақтау 
саласындағы салалық тәуекелдерге мыналарды жатқызуға болады: 
- пациентке диагноздың дұрыс қойылмауы тәуекелі; 
- хирургиялық операцияларды сапасыз жүргізу тәуекелі; 
- медициналық аппараттарды ұрлау тәуекелі, 
- білікті емес дәрігерлер тәуекелі; 
- жаңа технология аппараты берген нәтижелерді дәрігерлердің түсінбеу 
тәуекелі; 
- орта медициналық персоналдың салғырттығы тәуекелі. 
Тәуекелдерді бөлу кезінде қандай тарап тәуекелдерді тиімді басқаруды 
ұйымдастыру  арқылы  қандай  тәуекел  түрін  жақсырақ  еңсере  алатынын 
ескеру қажет.  
ВОТ  моделіне  ұқсас  тәуекелдер  бар  және  олар  Концедент  пен 
Концессионер арасында тәуекелдерді бөлу арқылы ерекшеленеді.  
Тұжырымдай  келе,  Қазақстанда  тәуекелді  басқару  тәуекелдің 
экономикалық-математикалық  қатаң  әдістерін  қолдауды  көздейтін  кешенді 
тәсілді қолдану арқылы ғана шешілетін күрделі проблема болып табылады.  

181 
 
 
2.2.3
 
Коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтуа және су 
өткізу) 
 
Сумен  жабдықтау  және  су  өткізу  саласындағы  МЖӘ  туралы  келісім 
жасасу басқа секторларға қарағанда анағұрлым күрделі. Ерекше қиындықтар 
сумен  жабдықтау  жобаларының  кейбір  коммерциялық  негіздеріне 
байланысты туындайды: 
 
қызметтерді  көрсету  шекті  шығасыларының  төменгі деңгейі  низкий 
(өйткені  шикі  (тазартылмаған)  суды  тарифтеу  кезінде  сыртқы  экологиялық 
әсерлер  ешқашан  немесе  мүлдем  ешқашан  ескерілмейді)  су  шығыстарының 
есепке  алу  есептеуіштері  жәнетиімділікті  арттыруға  бағытталған  басқа 
мехнизмдер  пкелісімшартта көзделген тиісті ынтаның болмауында жобалық 
компания үшін коммерциялық мәні жоқ екенін білдіреді
 
сумен  жабдықтау  жүйесінің  қоғамдық  денсаулыққа  әсері 
конценденттің, 
егер 
қосуға 
арналған 
шығыстар 
осындай 
жаңа 
тұтынушыларды  қосудан  кірістің  әлеуетті  ұлғаюы  ақталмаса  да,  жаңа 
тұтынушыларды  қосу  үшін  (әсіресе,  кірісі  төмен  деңгейлі  халық  санатынан 
шыққан  тұтынушылар)  төлеу  дайындығына  әкеледі.  Сондықтан  да,  жаңа 
тұтынушыларды  қосу  ынтасы  үшін басқа  секторларда  қжет  емес  белгілі  бір 
механизмдерді талап етеді.  
 
әлеуметтік 
тәуекел 
жергіліктіқғамдықтар 
сумен 
жабдықтау 
қызметтерін  және  өзара  тарифтерді  алу  мүмкіндктерінің  болуына  ерекше 
әсер алатын сумен жабдықтау саласындағы ерекше ауқымды алады. 
 
бұдан  басқа,  сумен  жабдықтау  саласында  МӘЖ  соңғы  кезеңде 
ерекше  даулы  жағдайлар  болуы  мүмкі.  Жобалық  компания  өзінің 
операторлық  жағдайын  концессиялық  келісімді  қайта  жасасу  және  өзіне 
анағұрлым  табысты  коммерциялық  талаптарды  орнату  кезінде  қысым 
көрсету үшін маңызды қоғамдық қызметтердің бірі ретінде пайдалана алады. 
Концедент  осал  жағдайда көрсетіледі және жобалық  компания  өз жағдайын 
теріс  пайдалану  жағдайында,  әлеуметтік  теріс  саяси  реакция  объектісі  бола 
алады,  оған  орай  оларға  басқа  секторға  қарағанда  аз  сараланған  және 
ойланған шешімдер қабылдануы мүмкін.  
Сумен  жабдықтау  саласындағы  жобалар  әсіресе  валюталық 
тәуекелдерге  шалынады,  өйткені  жобаларды  қаржыландыру  көп  жағдайда 
шетелдік  валютада  жүзеге  асырылады,  мұнда  кірістер,  әдеттегідей,  ұлттық 
валютада  алынады.  Орталықтандыру  нәтижесінде  әдетте  қаржыландыру 
өңірлік  деңгей  кәсіпорындарына  беріледі,  бұл  кредиттік  тәуекел 
проблемаларының туындауына алып келеді.  
Бұдан  басқа,  сумен  жабдықтау  секторы  үшін  басқа  секторларға 
қарағанда  аса  төмен  пайда  нормасы  тән.  Бұл  қатерлер,  кез  келген  инвестор 
немесе  қаржыландыру  көзі  үшін  –  жариялау  және  жеке  сектор  ретінде  де 
өтекті.  Қаржыландыру  көлемдері  бойынша  сумен  жабдықтау  саласында 
үлгілік жоба жобалық қаржыландыру моделін пайдаланатын рі жобалар мен 

182 
 
көмек  көрсетудің  донорлық  бағдарламалары  есебінен  немесе  мемлекеттік 
субсидия  есебінен  қаржыландырылатын  үлкен  емес  бюджеті  бар  жобалар 
арасында  орналасады.  Жобалық  қаржыландыру  әдеттегідей  жоба  үшін  ең 
төменгі  құны  50-100  АҚШ  доллары  қол  жетімді.  Бұдан  төмен  деңгейлер, 
жобаны  дайындау  шығыстары  оның  жалпы  құны  бар  аса  жоғары  болады. 
Донорлар  көмегімен,  көптеген  жағдайда,  әдетте  10  000-100  000  АҚШ 
доллары үлкен емес сома шегінде беріледі. 
Қаржыландырудың  басқа  да  нысандары  жанасатын  валюталық 
тәуекелді  назарға  ала  отырып,  аса  басымдысы  жергілікті  көздерден 
қаржыландыру  болып  табылады.  Сондықтан  да,  капиталдың  жергілікті 
нарықты  ынталандыру  және  дамыту  орынды,  ол  жеңілдік  және  донорлық 
қаржыландыруды қолдау кезінде де мүмкін, бұл сумен жабдықтау секторын 
қаржыландыруға  мүмкіндік  береді.  Дамудың  жергілікті  институттары 
кредиттерді  ұлттық  валютада  берілуі  мүмкін  және  нарықты  жергілікті 
қаржыландыруды 
дамытуды 
ынталандыру 
мақсатында 
жергілікті 
коммерциялық банктер арқылы іс-қимыл жасай алады.  
Үкімет  суды  үлкен  емес  жеке  жеткізушілердітануы,  көтермелеуі  және 
тиісті  түрде  олардың  қызметін  реттеуі  қажет.    Осындай  ұсақ  жеткізушілер 
үшін  қол  жетімді  қаржыландыруды  жасауы  қажет  және  олардың  қызмет 
сапасын арттыруға ынта жасауы қажет.  
Сондай-ақ азаматтық қоғам сумен жабдықтау және су өткізу сеткорын 
дамытуда  дәулетсіздер  мүддесін  қорғаушы,  жеке  және  мемлекеттік 
операторлар  жұмысын  қадағалайтын  бақылаушы,  басқару  құрылымын  және 
тұтынушылар мұқтаждығы туралы ақпарат көздерін таңдау кезінде кеңесші, 
сондай-ақ  қызмет  жеткізушісі  ретінде  елеулі  рөл  атқара  алады.  Сонымен 
қатар, азаматтық қоғам қаржыландыру құрылымын таңдау кезінде көмектесе 
алады, оған орай оны осы мәселені талқылауға тарту қажет.  

183 
 
 
2.2.4
 
Туризм (тау шаңғысы базалары, туристік кешендер)
 
 
Туризм  -  экономика  қызметі  бағыттарының  бірі  және  оның  өзге  де  
бағыттарымен  тығыз  байланысты.  Ашық  жүйе  болып  табылатын  туризмге 
тікелей және кері байланыстармен ішкі (салаішілік) және сыртқы факторлар 
да әсер етеді.  
Туризмнің  тиімді    қалыптасуы  мен  дамуы  үшін  туризм  мен  сыртқы 
(қоршаған)  орта  арасындағы  барлық  байланыстарды  ескеру  қажет.  Бұл 
байланыстарды  туристік  кәсіпорындар  үшін  және  жалпы  туристік 
индустриямен  қатар,  туристік  өңір  үшін    теріс  үрдістердің  орын  алуын 
болдырмау  үшін  туризмді  тиімді  басқаруда  есепке  алу  керек.  Бұл  туристік 
индустриямен  ұштасқан  тәуекелдердің  жиынтығын  талдау,  туризмнің 
дамуына  әсер  ету  факторларын  бағалау,  сондай-ақ  тәуекелдердің  болу 
ықтималдығы  мен  олар  әкеп  соқтыратын  салдардың  көлемдерін  болжауды 
қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген.  
Туризм  индустриясы  жас,  әрі  тез  дамушы  қызмет  саласы  болып 
табылады. Ол бизнестің басқа салаларына тән көптеген қасиеттерді қамтиды. 
Басқа  кез  келген  қызмет  түрі  сияқты,  туристік  қызмет  оң  нәтижелермен 
(пайда  алу)  қатар,  теріс  нәтижелермен  де  ұштасады,  бұл  ақшалай 
шығындардың, яғни тәуекелдердің болу қаупін туғызады. Осылайша, тәуекел 
деп жалпы айтқанда туристік кәсіпорынның кірістерді толық алмауы немесе 
залалдардың туындау ықтималдығы түсініледі. 
Тәуекелдер  факторларын  тәуекелдік  жағдайдың  болуын  белгілі  бір 
дәрежеде  болжауға  мүмкіндік  беретін  түрлі  шараларды  пайдалана  отырып,  
басқаруға және оған алдын ала дайындалуға болады.  
Туризм  саласындағы  тәуекелдерді  басқару  тиімділігі  (тәуекелология)  
көп  жағдайда  ықтимал  салдардың  сипатын  айқындауға  мүмкіндік  беретін 
тәуекелдерді жіктеумен айқындалады.  
Туризм  инфрақұрылымын  дамытуға  осы  саланың  ерекшелігін  ескере 
отырып  инвестициялар  тарту  үшін  туризм  индустриясы  объектілеріне 
инвестициялық  қызметті  ынталандыратын  ұйымдастыру-экономикалық 
тетіктерді қолдану қажет.  
Шаруашылық  ету  практикасына  инвестицияларды  белсенді  тарту  
Қазақстан  Республикасының  туристік  индустриясының  инфрақұрылымын 
дамытуға елеулі үлес қосар еді.. 
Бұдан басқа, туризм саласындағы инвестициялауды басқару жүйесінің 
жұмыс  істеуінің  нәтижелілігі  туристік  бағдарламаларды  қолдаудың 
мемлекеттік  инвестициялық  құралдары,  шаруашылық  етуші  субъектілерге 
жеңілдік  кредиттер  беру,  шетелдік  және  отандық  инвесторлар  үшін  туризм 
объектілерінің  инвестициялық  тартымдылығының  жоғары  деңгейін 
қамтамасыз 
ету, 
қаржы-кредит 
мекемелерінің, 
институционалдық 
инвесторлардың ұсақ салымшыларға қаражат жинауға жәрдемдесуі есебінен 
едәуір ұлғайтылуы мүмкін.     

184 
 
Туристік  саланың  инвестициялық  процестерін  басқарудың  тиімді 
жұмыс  істейтін  жүйесін  құру  шарты  инвестициялау  саласындағы 
басқарушылық  шешімдердің  ғылыми  негізділігін  арттыру,  инвестициялық 
жобалардың  қажетті  нәтижелер  мен  тиімділік  деңгейіне  қол  жеткізуде  іске 
асырылуына бағдарлайтын басқару жүйесінің басқару қағидаттары, әдістері, 
функциялары,  құрал-жабдықтар  сияқты  негізгі  элементтерінің  өзара  әрекет 
етуін  қамтамасыз ету болады. Бұл жағдайлар стратегиялық акспектіде және 
жақын  болашақта  да  кәсіпкерлік  тәуекелді  басқару  мақсаттарына  қол 
жеткізуді  қамтамасыз  ете  алатындай  етіп,  ұлттық  экономиканың 
шаруашылық  етуші  субъектілерінің    турбизнеске  қаражатты  инвестициялау 
процесінің  осындай  басқару  тетігін  қалыптастыру  қажеттігін  алдын  ала 
айқындайды.  
Шетелдік  ірі  туроператорлар  тәжірибесі  кәсіпкерлік  тәуекелдердің 
дұрыс  стратегиясы  мен  сауатты  бағалануы  фирмаға  нысаналы  нарықтарды 
айқындауға,  тұрақты  да  сенімді  әріптестер  таңдауға,  сатулардың  көлемін, 
нарық үлесін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. 
  Туризм  мен  турбизнестегі  тәуекелдерді  басқару  мәселелерін  қарай 
отырып,  кәсіпорынның  тиімді  менеджментін  енгізу  жолымен  барынша 
азайтылатын  кәсіпкерлік  тәуекелдер  мен  жолсапарларды  жүзеге  асыратын 
туристердің  тәуекелдеріне  бөлген  жөн,  сақтандыру  тетігін  іске  асыру  ғана 
оларды төмендете алады. 
Жалпы  кез  келген  тәуекел  мен  турбизнестегі  инвестициялық  жоба 
тәуекелі    алуан  қырлы  және  көп  жағдайда  басқа  тәуекелдердің 
элементтерінен  тұратын  күрделі  конструкцияны  білдіреді.    Мысалы,  нарық 
конъюнктурасының  құбылу  тәуекелі    тәуекелдердің  үлкен  жиынтығын 
құрайды:  баға  тәуекелдері  (шығындарға  да,  өнімге  де  арналған  шығындар); 
құрылымның өзгеруі мен сұраныс көлемінің тәуекелдері. 
Бұдан  басқа  тәуекел  көріністері  белгісіздікпен  байланысты  ахуалға 
қатысушының әрқайсысы үшін жеке дара.  
Тәуекелдің және оның күрделі өзара байланыстарының көп қырлылығы 
жөнінде тәуекелді барынша азайтуды  шешудің өзі тәуекелді қамтитын факт 
дәлелдеуде.   
Тәуекел  -  бұл жобаның әрбір қатысушысы үшін сандық және сапалық 
жағынан  да  жеке  дара  тәуекелдер  (қауіптер)  кешені  түрінде  көрінетін 
факторлар жүйесі.  
Тәуекелдерді  жіктеу  деп  оларды  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу 
критерийлері  бойынша  жекелеген  топтарға  саралау  түсініледі.  Тәуекелдерді 
ғылыми    негізделген  жіктеуіші  жалпы  жүйедегі  әрбір  тәуекелдің  орнын 
нақты  айқындауға  және  тиісті  әдістер  мен  тәуекелдерді  азайту  тәсілдерін 
тиімді қолдануға мүмкіндік береді.   
Тәуекелдер  жіктеуішінің  белгілі  түрлері  басымды  түрде  туристік 
кәсіпорындар қызметінің қаржылық аспектімен байланысты. Олардың басым 
бөлігі  әрбір  жекелеген  кәсіпорын  қызметінің  сол  немесе  басқа  ерекшелігін 
көрсетеді.  Бұл  ретте  біріккен  қызметте  (туристік  кәсіпорындар  тобында) 
көрініс табатын тәуекелдер көп жағдайда ескерілмейді.  

185 
 
Қазіргі  уақытта  ең  көп  таралған  жіктеуіш  «ықтимал  нәтиже»  (тәуекел 
жағдайы)  критерийі  бойынша  тәуекелдерді  жіктеу  болып  табылады,    онда 
тәуекелдер мыналарға бөлінеді: 
•  таза  (олар  жағдайларды  дамытудың  екі  нұсқасын  ғана  көздейтін 
ахуалдармен  байланысты:  немесе  қаржылық  шығындар  немесе  олардың 
болмауы  (бірақ  ұтыс  емес);  оларға  табиғи,  экологиялық,  саяси, 
коммерциялық  тәуекелдердің  бөлігі  (мүліктік,  өндірістік,  сауда)  және 
көліктік  сияқты  тәуекелдер  жатады;  таза  тәуекелге  мысал  ретінде  шығын 
тәуекелін  немесе  туристік  кәсіпорынның  жылжымайтын  мүлігіне  залал 
келтіруді  атауға  болады;    бизнестің  жұмыс  істеуімен  байланысты  таза 
тәуекелдердің  негізгі  түрлері  меншікті  иеленумен  байланысты  тәуекелдер 
мен  меншікке  келтірілген  залалға  байланысты  туындаған  шығындар  болып 
табылады;  тәуекелдерді  тікелей        (оларға  туристік  кәсіпорынның  жоғалған 
мүлкінің  құны  жатады)  және  тікелейден  туындайтын  (туристік  кәсіпорын 
өндірістік  туристік  процестің  тоқтатыла  тұруынан  немесе  әріптестің 
алдындағы  міндеттемелерді  орындамауынан  шеккен  шығасылармен 
байланысты) деп бөлуге болады; 
•  алып  сатарлық  тәуекелдер  (шығынға  шығу  ықтималдығымен  қатар 
ұтыс  мүмкіндігін  де  болжайды;  алып  сатарлық  тәуекелдерге  коммерциялық 
тәуекелдердің бөлігі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады). 
ВТО, DBFO және ВОО нысаны бойынша туристік қызмет объектілерін 
пайдалану кезінде  тәуекелдерді олардың көрініс табу көздеріне байланысты 
жіктеу  ерекше  тән.  Бұл  ретте  осы  критерий  бойынша  көрсетілген  барлық 
тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады. 
Туризм саласындағы салалық тәуекелдер: 
- сұраныс тәуекелі; 
- саяси тұрақсыздық тәуекелі 
- сервис қызметтерін сапасыз көрсету тәуекелі 
- көше қылмысының көбею тәуекелі 
- БАҚ сапасыз жариялану тәуекелі 
- БАҚ төмен жариялану тәуекелі 
Салалық  тәуекелдерді  бөлу  кезінде  қандай  тарап  тәуекелдерді  тиімді 
басқаруды  ұйымдастыру  арқылы  қандай  тәуекел  түрін  жақсырақ  еңсере 
алатынын ескеру қажет.  
Бұл  орайда  осы  өлшем  бойынша  көрсетілген  барлық  тәуекелдер  екі 
үлкен топқа бөлінеді.  
1-топ – сыртқы тәуекелдер. 
Оларға  туристік  кәсіпорынның  жұмыс  істеуімен,  оның  өндірістік 
әлеуетін  пайдаланумен  және  дамытумен  тікелей  байланысты  емес 
тәуекелдерді  жатқызған  жөн,  алайда  бұл  кәсіпорынның  қызметіне 
айтарлықтай (үстем) әсер етеді.  
Сыртқы тәуекелдерді туындататын субъектілер  болмысы мен ауқымы 
жағынан алуан түрлі: 
• табиғат; 
• ел үкіметі; 

186 
 
• туристік өңірді басқару органдары;     
• басқа елдердің үкіметтері және т.с.с. 
Кейбір субъектілердің өздерін ұстауын алдын ала болжау мүмкін емес 
болғандықтан, кейбір тәуекелдердің көрініс табуын да алдын ала болжамдау 
және тоқтату қиын.  
Сыртқы тәуекелдер тобына мыналар жатады: 
•  табиғи  тәуекелдер  (мұндай  тәуекелдердің  басталуы  (су  басу,  жер 
сілкінісі және т.с.с.) бүгінде нақты болжау және табиғаттың объект ретінде аз 
зерделенуі  себепті,  сонымен  қатар  оның  ішіндегі  себеп-салдарлық 
байланыстардың  салдарынан  мүлдем  болдырмау  мүмкін  емес;  бұл 
тәуекелдер принципті түрде адамның қызметімен байланысты емес және оған 
тәуелді  емес,  сондықтан  оларды  мүлдем  болдырмау  мүмкін  емес;  тек 
олардың  теріс  ілеспе  салдарын  азайтуға  ғана болады;  мұндай  тәуекелдердің 
көрініс  табу  жиілігін  анықтаумен  динамикада  аумаққа  (оның  жай-күйіне) 
терең  әрі  егжей-тегжейлі  талдау  жүргізу  қажет;  бұл  тиісті  әкімшілік 
шешімдер  қабылдау  үшін,  мысалы,  тиісті  техникалық-инженерлік 
шешімдермен  сейсмикалық  тұрақты  орналастыру  объектілерін  салу  кезінде, 
отельдердің  жоғары  қабаттылығын  төмендету  және  жер  сілкінісі  және  т.с.с. 
кезінде  туристердің  өмірі  мен  денсаулығының  қауіпсіздігін  сақтау  және 
қамтамасыз ету үшін ерекше құрылыс-конструкторлық шешімдерді қолдану 
үшін қажет); 
•  саяси  тәуекелдер  (туристік  өңірдегі  (елдегі)  саяси  ахуалмен  және 
мемлекеттің  қызметімен  байланысты;  мысалы,  туризм  саласындағы 
заңнаманың өзгеру тәуекелі (туристік нарыққа қатысушыларды лицензиялау 
мен  сертификаттаудағы,  туризм  саласындағы  ҚҚС  қатысты  заңнамадағы 
өзгерістер  және  т.с.с.)  туристік  нарықтағы  ахуалдың  айтарлықтай  өзгеруіне 
алып келуі мүмкін; туристік кәсіпорындардың және олардың ішкі өндірістік 
әлеуетінің  дамуына  туризммен  тікелей  байланысты  емес,  бірақ  туризмдегі 
істердің жағдайына айтарлықтай әсер етуге қабілетті заңнамадағы өзгерістер 
де әсер етеді; сонымен қатар мыналарды ескеру қажет: 

 
Басқа елдердің заңнамасындағы өзгеріс  тәуекелі, ол өңірдегі туризм 
саласына және онда жұмыс істейтін туристік кәсіпорындар қызметіне белгілі 
бір  дәрежеде  әсер  етуі  мүмкін;  заңнамадағы  өзгеріс  тәуекелі  инфляциялық, 
валюталық, дефляциялық және т.с.с. тәуекелдерге әкеп соқтыруы мүмкін, бұл 
сатып алу қабілетін төмендетуге алып келеді); 
•  инфляциялық  тәуекел  (инфляцияның  өсуі  кезінде  пайда  болады; 
алынатын  ақшалай  табыс  халық  табысының  өсуіне  қарағанда,  нақты  сатып 
алу  қабілеті  тұрғысынан  тез  арада  құнсызданады;  туризм  саласы  үшін  бұл  
тәуекелдің көрініс табуы мен өсуі қауіпті әсер етуі мүмкін, өйткені бұл ретте 
туристік қызмет көрсетуге сұраныс түсіп кетеді; бұл тәуекелдің туристердің 
«өнім берушісі» тарапынан да көрініс табуын да бағалаған жөн; 
• сұраныс тәуекелі (ең алдымен туризм саласындағы қаржы менеджерін 
қызықтыратын  тәуекелдің  көп  кездесетін  қарапайым  түрі;  бұл  тәуекелге 
клиенттің  төлем  қабілеттілігімен  қатар,  туристік  кәсіпорынның  бәсекеге 
қабілеттілігін де жатқызуға болады; туристік нарықтағы бәсекелестік бүгінде 

187 
 
ұшу немесе жерүстілік қызмет көрсету бағаларының төмендеуін білдірмейді 
–олардың  бағалары  тұрақталған,  технологиялық  процестерді  жөнге  келтіру 
қажет,  яғни  туристік  өндіріс  шығасыларын  төмендету  керек;  тап  осыдан 
туристік  бизнестің  тиімділігі  артады;  жолдамалардың  96%  агенттер  арқылы 
өткізетін  ірі  туроператорлық  компаниялар  осындай  шығасыларды  азайту 
жолымен  жүреді;  мысалы,  150  туристік  бағытта  операциялар  жүргізетін 
фирма  тиімді  бола  алмайды;  қазақстандық  туристік  нарықтың  ерекшелігі 
клиент  үшін  күресетін  турфирмалардың  көптігінде,  ал  бұл  үшін  фирмаға 
бәсекелестікпен  бағаларды  төмендету    арқылы  күресу  аз  нәтиже  беретінін 
ескере  отырып,  өзінің  «нақты  ісін»  табу  қажет;  мамандандыру  – 
шығасыларды  шамамен  65%  дейін  қысқартуға  мүмкіндік  беретін  оңтайлы 
басқару  шешімі;  турфирма  туристік  нарықтың  белгілі  бір  сегментіне  - 
клиентке, сонымен қатар белгілі бір бағытқа – елге бағдарлана алады. 
Туристік  фирманың  қызметтің  белгілі  бір  бағыты  (елдің)  бойынша 
мамандандырылуы  –  жақсы  басқарушылық  қадам;  осылайша  жұмыс  істей 
отырып,  кәсіпорын  «автоматты  түрде»  өзінің  қызмет  көрсету  сапасын 
арттырады;  адамдар  жарнамаға  сенуден  қалды,  шет  елдерге  шығып 
үлгергендер  бір  қайтара  болса  да  жақсы  қызмет  көрсеткен  компанияларға 
қайтып  оралады;  клиенттің  сенімі  -  турфирманың  табысты  жұмысының 
басты  шарттарының  және  пайда  табудың  негізгі  құралдарының бірі;  белгілі 
бір бағыттар (елдер) бойынша мамандандырудың оң жақтары ғана емес, теріс 
жақтары  да  бар,  мысалы,  болжауға  болмайтын  таза  тәуекелмен  бетпе-бет 
келу ықтималдығы; фирманың «қорда тұрған» туристік бағдарлары болмаса, 
осындай жағдай орын алуы мүмкін; сонымен, форс-мажорлық жағдаяттармен 
бетпе-бет  келу  (Таиландтағы  цунами,  Түркиядағы  жер  сілкінісі  және  т.с.с.), 
елдегі  саяси  тұрақсыздық  және  т.с.с.  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын 
айтарлықтай  нашарлатуы  мүмкін,    теріс  жағдайда  оны  банкроттыққа  әкеп 
соқтыруы мүмкін. 
2-топ – ішкі тәуекелдер. 
Бұл    –  туристік  кәсіпорынның  қызметінде,  оның  ішкі  өндірістік 
әлеуетін  қалыптастыру  мен  пайдалану  процесінде  тікелей  көрінетін 
тәуекелдер.    Көп  жағдайда  олар  басқарушылық  шешімдер  қабылдауға 
байланысты.  Сыртқы  тәуекелдерге  қарағанда  ішкі  тәуекелдерді  болжау, 
оларға  қатысты  шаралар,  сонымен  қатар  олардың  алдын  алу  әдістерін  
әзірлеу жеңіл. 
Ішкі  тәуекелдерге мыналар жатады: 
•  өндірістік    тәуекелдер  (олар  туристік  салаға  тән,  оның  жылдам 
дамуына  байланысты  (технологиялардың  өзгеруімен,  НТП  нәтижелерін 
енгізумен және т.б.) аса өзекті мәнге ие); 
• қолдан шығарылған пайда тәуекелі (туристік кәсіпорынның қандай да 
бір  іс  шараны  мысалы,  сақтандыру,  хеджирлеу,  инвестициялау  және  т.с.с. 
жүзеге асырмауы нәтижесінде  қаржылық жанама залалдың басталуын (пайда 
таба алмау) сипаттайды); 
•  селективтік  тәуекелдер  (капитал  салымының  әдісін  дұрыс  таңдамау 
тәуекелдері).  

188 
 
Туризм  саласындағы  тәуекелдер  проблемасы  олардың  кешенді 
бағалану  қажеттігіне  негізделген.  Ол  тәуекелдер  өзімен  бірге  ала  келетін 
залалдың  көлемін  болжауды  және  тәуекелдерді  олардың  басталу 
ықтималдығына қарай ранжирлеуді қамтиды. Осы екі көрсеткішті салыстыру 
(ықтимал  залалдың  көлемі  мен  тәуекелдің  көрініс  табу  ықтималдығы) 
шараларды шешу мен ескертуге көмектесетін шараларды әзірлеудің бірінші 
кезектілігі бойынша тәуекелдер иерархиясын құруға мүмкіндік береді. 
Туристік  индустриядағы  тәуекелдердің  қауіптілігін  төмендетудің 
негізгі нұсқаларының бірі оларды болжау болып табылады. Бұл – болашақта 
туризм 
саласындағы 
кәсіпорындарда 
басқарушылық 
шешімдерді 
дайындаудың тиімді құралы.  
Болжамдау  - белгілі бір жағдайды алдын ала болжау. Оның ерекшелігі 
белгіленген үрдістер негізінде туристік кәсіпорынның (басқару объектісінің) 
жағдайын  дамытудың  түрлі  нұсқаларын  айқындайтын  алуан  түрлі 
көрсеткіштер  мен  параметрлерді  құрудағы  баламалық  болып  табылады. 
Менеджменттегі    тәуекелді  болжамдау  жалпы  объектінің,  сонымен  қатар 
оның элементтері жай күйінің өзгерулерін перспективада әзірлеуді білдіреді. 
Бүгінде  экономикада  тәуекелдерді  болжамдаудың  20  түрлі  әдісі  бар. 
Олардың  әрқайсысына  айтарлықтай  жетістіктері  мен  кемшіліктері  бар, 
сондықтан  да  практикада  болжамдаудың  барлық  әдістері  бір  бірін 
толықтырады және бірге қолданылуы мүмкін. 
Туризмдегі  болжамдаудың  неғұрлым  тиімді  әдісі  сценарийлер  әдісі 
болып  табылады.  Оның  бірқатар  артықшылықтары  бар  және  кемшіліктері 
жоқ деуге болады. 
Сценарийлер  әдісі  -  туристік  кәсіпорынды  дамытуды  ғана  емес, 
сонымен қатар оның әлеуетін қаржылық аспектіде ықтимал теріс үрдістердің 
(тәуекелдердің)  көрініс  табуын  еңсеру  тұрғысынан  пайдалануды  болжамдау 
құралдарының бірі. Бұл әдіс сапалық және сандық тәсілдерді біріктіреді. 
Сценарий  –  бұл  жағдайлардың  іске  асырылу  ықтималдығын  көрсете 
отырып,  олардың  ықтимал  барысы  сипатталатын  болашақтың  моделі.  
Сценарийде назарға алынуға тиісті негізгі факторларды және олардың алдын 
ала болжанатын жағдайға әсер ету сипатын көрсету қажет. 
Сценарийдің  бірнеше  баламалы  нұсқаларын  жасау  қажет.  Сценарий 
дегеніміз – бұл болашақтың бір ғана ықтимал немесе қалаулы нұсқасы емес, 
жалпы іздестіру болжамындағы болашақтың сипаттамасы. Алайда іс жүзінде 
сценарийдің  базалық  ретіндегі  неғұрлым  ықтимал  нұсқасын  қараған  немесе 
оның  негізінде  тиісті  шешімдерді  жазған  орынды.  Сценарийдің  басқа 
нұсқалары баламалы ретінде қаралуы және егер шынайылық базалық нұсқаға 
емес,  осы  нұсқалардың  біріне  жақындай  бастаған  жағдайда  жоспарлануы 
тиіс.  Сценарийлер  жағдайлардың  сипаттамасын,  көрсеткіштердің  бағалануы 
мен динамикадағы сипаттамаларды білдіруі тиіс.  
Туризмдегі сценарийлер әдісінің мынадай артықшылықтары бар: 
 
дәстүрлі ойлауды жеңудің тиімді құралы болып табылады; 
 
жылдам  өзгеріп  отыратын  қазіргі  уақыт  пен  болашаққа  талдау 
жүргізуге  мүмкіндік  береді  (сценарийлерді  дайындау  болжамдаудың  жеке 

189 
 
әдістерін  оқшау  қолданған  кезде  еленбей  қалатын  процестермен  және 
детальдармен айналысуға мәжбүрлейді). 
Сценарий жай болжау ғана еместігін атап өткен жөн. Бұл - болашақты 
неғұрлым  толық  және  негізгі  факторларды  ескере  отырып  сипаттау  үшін 
әзірленуге тиіс болжамдар түрлерін айқындау үшін қолданылатын құрал. 
Нарықтық    экономика  жағдайындағы  туризм  кәсіпорындарындағы 
сценарийлік болжамдау мыналарды: 
•  туризм  мен  оның  эволюциясында  қалыптасқан  ахуалды  дұрыс 
түсінуді; 
• әлеуетті тәуекелдерді бағалауды; 
•  қолайлы мүмкіндіктерді есепке алуды; 
•  туристік  қызметтің  ықтимал  және  орынды  бағыттарының  пайда 
болуын; 
•   бизнестің құбылмалы жағдайларына бейімделу деңгейін арттыруды 
қамтамасыз етуге қабілетті. 
Ықтимал  тәуекелдерді  олардың  арасындағы  ішкі  байланыстарды 
анықтаумен  кешенді  түрде  қараған  маңызды.  Бұл  туристік  кәсіпорынға 
келтірілуі мүмкін залалдың болуы мен шамасын айқындауға мүмкіндік бере 
отырып, оларды болжамдаудың нақтылығын арттырады. 
Тәуекелдерді  басқару  –  бұл  өндірісті  жалпы  ұйымдастыру  процесінің 
құрамдас  бөліктерінің  бірі,  сондықтан  ол  бұл  процеске  кіріктірілуі  тиіс,  өз 
стратегиясы,  тактикасы  болуы  керек,  жедел  іске  асырылуы  тиіс.  Бұл  ретте 
тәуекелдерді  басқаруды  ғана  жүзеге  асыру  ғана  емес,  сонымен  қатар  іс-
шаралар мен осындай басқару құралын жүйелі түрде қайта қараған жөн.  
Тәуекелдерді  басқару  бағдарламасын  орындау  кезінде  ресурстардың 
тиімді жұмсалуының жоғары тиімділігі жүйелі тәсіл шеңберінде қамтамасыз 
етілуі  мүмкін.  Бұл  менеджмент  тәуекелдегі  көп  таралған  тәсіл  болып 
табылады. 
Тәуекелдерді  басқару  жүйесінің  маңызды  құрамдас  бөліктерінің  бірі 
кез  келген  өндіріс  өз  қызметінің  барысында  бетпе-бет  келетін  қаржы 
тәуекелдерін  басқару  болып  табылады.  Бұл  ретте  маңыздысы  қаржы 
ресурстарын шектеу болып табылады. Алайда дамыған елдерде кең таралған 
қаржы тәуекелдерінен сақтандыру бар. 
Кәсіпорын  үшін  тең  жағдайда  саяси,  қаржылық,  технологиялық,  кадр 
тәуекелдерін  басқару,  өртке  қарсы  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  төтенше 
жағдайлардағы  іс-қимылдарды  басқару,  экологиялық  қорғалу  және 
басқалары  маңызды.  Мұның  бәрі  ресурстардың  шығындарын  талап  етеді, 
сондықтан көптеген кәсіпорындар менеджмент тәуекелінен бас тартады. 

190 
 
 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал