Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет14/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Осылайша, төзімділік талдауы операциялық шығындардың +/-10%-ға 
өзгеруі және несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өсуі концессиялық 
жобаға  жоғары  әсерін  тигізетіндігін,  ал  қалған  оң  және  теріс  факторлар 
концессиялық жобаға қатты әсер етпейтіндігін көрсетті.  
Жобаның  мұндай  төзімділігімен  операциялық  шығындар  мен  пайыздық 
мөлшерлеменің  ұлғаюы  тәуекелін  Концессионерге  тапсыру  ұсынылады. 

141 
 
Концессионер шығындардың ұлғаюы тәуекелін жақсырақ басқара және мұндай 
жобаны салынған қаражат пайдалылығына әкліп, табыс ала алады.  
Пайыздық  мөлшерлеменің  ұлғаюы  тәуекеліне  қатысты  Концессионердің 
бұл  тәуекелдің  пайда  болуын  тоқтату  мүмкіндігі  көбірек.  Несие  бойынша 
пайыздық  мөлшерлеменің  ұлғаюы  тәуекелінің  пайда  болуы  несие  шартын 
дұрыс жасау арқылы тоқтатылуы мүмкін. 
Бір  ауысымда  500  келушіге  арналған  емхананы  салу  мен  пайдалану 
бойынша  концессиялық  жобаны  жүзеге  асырудың  балама  нұсқаларын 
қарастырайық.  
Концессиялық  жобаны  жүзеге  асырудың  балама  нұсқалары  жобаны 
мемлекеттік  мекеме  немесе  республикалық  мемлекеттік  кәсіпорын  арқылы 
бюджет немесе мемлекеттік қарыз есебінен жүзеге асыру болып табылады.  
Төменде  жобаны  концессия  бойынша  жүзеге  асыру  мен  оның  балама 
нұсқалаының салыстырмалы талдау кестесі ұсынылған.  
29-кесте.  Тәулігіне  500  келушіге  арналған  емхананы  салу  мен  пайдалану 
жобасы бойынша салыстырмалы талдау.  
 
Көрсеткіштер  
концессия 
ММ 
мем.қарызы 
РМК 
мем.қарызы 
ММ БИЖ 
РМК БИЖ 
NPV бюдж.тиімділік 
ТМККК-мен бірге, 
млн. теңге 
-  16 685,33 
-  31 608,90 
-  16 775,38 
-  32 011,03 
-  17 161,91 
NPV бюдж.тиімділік 
ТМККК-сыз, мың 
теңге 
-  311,06 
-  15 234,62 
-  401,10 
-  14 242,09 
-  787,63 
Концессия мерзімі, 
жыл 
25 
25 
25 
25 
25 
Құрылыстың ҚҚС-пен 
алғандағы құны, мың 
теңге 
1 615,69 
1 615,69 
1 615,69 
1 615,69 
1 615,69 
Операциялық 
шығындар (23 жылда) 
70 334,14 
129 577,62 
60 351,69 
128 559,74 
59 519,95 
Қарыз сомасы, 
 
мың теңге 
1 292,55 
1 615,69 
1 615,69 


Несие бойынша 
жылдық мөлшерлеме, 
теңгемен, % 
12% 
5% 
5% 


 
Дереккөз: «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ есептері. 
Кестеде тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемі бойынша мемлекет 
шығындарын  (ТМККК)  санамағанда,  бюджеттік  тиімділіктің  ең  жақсы 
көрсеткіштеріне жоба концессия сызбасы бойынша жүзеге асырылған жағдайда 
қол  жеткізілетіндігі  көрінеді.  Жобаны  концессия  сызбасы  бойынша  жүзеге 
асырған  кездегі  мемлекет  шығындарының  таза  көрсетілген  құны  311,06  млн. 
теңгені құрайды. 
25
 
жылдық мерзіммен жобаны жүзеге асыру кезіндегі мемлекет пайдасы: 
1)
 
концессия шартына қол қойылған соң 1 жылдан кейін мемлекет 1 615,69 
млн. теңге  сомасына қуаты 500 келушіге арналған емхана алады

142 
 
2)
 
концессия  объектісі  пайдалануға  енгізілгеннен  кейін  мемлекет                  
концессиялық жоба бойынша 24 жыл ішінде 558,96 млн.теңгеге тең көрсетілген 
сипаттағы сомада төлем жасайды; 
3)
 
жеке меншік тарабы сапалы медициналық және медициналық емес 
қызметтерді ұсынуға және жабдығы бар емхана ғимаратын тиімді пайдалануға 
міндеттенеді. 
Осылайша,  жобаны  мерзімі  25  жыл  концессия  сызбасы  бойынша 
жүзеге асыру анағұрлым пайдалы әрі тиімді нұсқа болып табылады. 
 
Денсаулық сақтау саласы бойынша қорытындылар: 
1)
 
Денсаулықты  сақтау  саласында  МЖӘ  қолданыстағы  және 
келісімшарт түрлері енгізіліп жатқан жобаларды МЖӘ-нің  ДСҰ, ВОТ, DBFO, 
BOO сияқты молелдерімен  іске асыруға болады. 
Денсаулықты  сақтау  саласында  жобаларды  іске  асыру  кезінде  МЖӘ 
әртүрлі модельдерін қолдану мүмкіндігі мыналармен негізделген: 
-  денсаулықты  сақтау  нысандары  мемлекеттік  және  де  сондай-ақ  жеке 
меншікте бола алады  
- медициналық қызметтер мемлекетпен және де жеке меншік ұйымдармен 
ұсыныла алады.   
Концессия  схемасы  бойынша  аурханаларды  салу/қайта  жөндеу  және 
пайдалануға  беру  жобасын  іске  асыру  кезінде  ұсынылатын  келісімшарт  түрі 
болып ДСҰ келісімшарты саналады. 
Концессия  схемасы  бойынша  емханаларды  салу/қайта  жөндеу  және 
пайдалануға  беру  жобасын  іске  асыру  кезінде  ұсынылатын  келісімшарт  түрі 
болып ДСҰ келісімшарты саналады.  
2)
 
360  орындық  аурухана    және  500  келушіге  арналған  емхананы  салу 
мен  пайдалану  жобаларын  ВТО  концессия  сызбасы  бойынша  жүзеге  асыру 
бойынша мысалдарды талдау төмендегіні көрсетті: 
аурухана салу мен пайдалану жобасы бойынша:   
- үш мерзімнің ішінде (10, 15 және 25 жыл) концессия мерзімінің ең 
лайықты мерзімі 10 жыл болып табылады; 
-  төзімділік  талдауы  операциялық  шығындардың  +/-10%-ға  өзгеруі  көп 
әсер ететіндігін көрсетті;    
емхананы салу мен пайдалану жобасы бойынша: 
- үш мерзімнің ішінде (10, 15 және 25 жыл) концессия мерзімінің ең 
лайықты мерзімі 25 жыл болып табылады; 
-  операциялық  шығындардың  +/-10%-ға  өзгеруі  және  несие 
бойынша пайыздық мөлшерлеменің ұлғаюы көп әсер етеді.  
3) 
Концессионерге 
операциялық 
шығындар 
мен 
пайыздық 
мөлшерлеменің өсуі тәуекелін мыналарды тапсыру ұсынылады. 
 
Салалық  тәуекелдерді  бөлу  кезінде  тәуекелдердің  анағұрлым 
тиімді  басқарылуын  ұйымдастыра  отырып,  олар  қандай  тараптың 
қолынан  келетіндігін  ескеру  қажет  (қарастырылған  мысалдарда  салалық 
тәуекелдерді Концессионерге тапсыру ұсынылады).   

143 
 
Сондай-ақ,  жобаларды  жүзеге  асыру  бойынша  балама  нұсқалар 
қаралды  
жоба мерзімі 10 жылды құрайтын 360 орындық аурухананы  салу мен 
пайдалану бойынша 
ТМКК бойынша мемлекет шығындарын есепке алмағанда,  бюджеттік 
тиімділіктің  анағұрлым  маңызды  мәндеріне  жоба  республикалық 
мемлекеттік  кәсіпорын  арқылы  мемлекеттік  қарыз  есебінен  жүзеге 
асырылғанда  қол  жеткізіледі,  алайда,  бұл  көрсеткіш  мемлекеттік  қарыз 
көрсеткішіне  әсерін  тигізеді,  жобаны  жүзеге  асырудың  балама  нұсқасын 
қарастыру ұсынылады;
 
-  жобаны  мемлекеттік  қарыз  есебінен  жүзеге  асыру  нұсқасынан 
кейін ең пайдалы нұсқа концессия  болып табылады;  
жоба мерзімі 25 жылды құрайтын 500 орындық емхананы  салу мен 
пайдалану бойынша  
-  тегін  медициналық  көмектің  кепілдікті  көлемі  (ТМККК)  бойынша 
мемлекет  шығындарын  ескермегенде,  бюджеттік  тиімділіктің  ең  лайықты 
көрсеткіштеріне жобаны концессия сызбасы бойынша жүзеге асырған кезде 
қол жеткізуге болады. 

144 
 
 
2.1.3.
 
Коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтау және су бөлу) 
 
Бұл  тарауда  сумен  жабдықтау  және  су  бөлу  саласындағы  МЖӘ 
модельдері, сондай-ақ осы саладағы МЖӘ жобаларын жүзеге асыру барысында 
туындайтын кейбір мәселелер қаралды. 
Сумен жабдықтаудың және су бөлу секторын басқарудың қолданыстағы 
теориялары МЖӘ-нің үш негізгі моделін бөліп көрсетеді.  
Бірінші  модель  меншік  иесі  мемлекет  болып  табылатын  жеке  компания 
құру мақсатында сумен жабдықтаудың мемлекеттік компаниясын акционерлеу 
болып табылады. Мұндай табыс алуға бағдарланған, ашық түрдегі акционерлік 
компания коммерциялық мүддені көздейтін сумен жабдықтау компаниясы мен 
қызметі  жиі  саяси  мақсаттарға  бағытталатын  мемлекеттік  кәсіпорындар 
арасындағы  келісім  болып  табылады.  Мұндай  модель  «голландық»  модель 
ретінде белгілі және МЖӘ-нің институционалдық нысанына жатады. 
Екінші  модель  секторды  толық  көлемде  «мемлекеттерге  бөлу»  болып 
табылады  және  ол  «британдық»  модель  деп  аталады.  Адамдардың  көбі  мұны 
«жекешелендіру»  деп  атайды.  Осы  жағдайда  сумен  жабдықтау  компаниясы 
барлық мүлкімен  және жерімен  әрекеттегі  кәсіпорын  ретінде  толығымен  жеке 
меншікке  өтеді.  Коммуналдық  кәсіпорындардың  өздері  акциялары  нарықта 
сатылатын жеке акционерлік қоғамдарға айналады.  
Үшінші  модель  басқару  функциясын  жеке  компанияға  тапсыруды 
көздейді  және  «француздық»  модель  деп  аталады.  Бұл  модельде  жеке  сектор 
коммуналдық сумен жабдықтау кәсіпорнына қызметтерді ұсынады. 
Басқарудың  өкілеттік  функциялары  жеке  сектордың  көп  немесе  аз 
қатысуымен  бірқатар  әр  түрлі  құрылымдармен  орындалуы  мүмкін.  Олар 
концессиялық  келісімдер,  ВОТ  келісімдері,  шаруашылық  жүргізу  шарттары 
мен басқару шарттары шеңберінде орындала алады.  
Алайда,  МЖӘ-нің  қандай  тәсілі  таңдалғанына  қарамастан,  қызметтерді 
ұсыну  бойынша  қызмет  тиісті  сапаны  және  әділ  бағаны  қамтамасыз  ету  үшін 
реттелуі тиіс.  
Сумен жабдықтау және су бөлу секторы басқа секторлар үшін әзірленген 
МЖӘ-нің дәстүрлі модельдеріне үнемі сәйкес келе бермейді.  
Осылайша, энергетикалық сектор үшін генерациялаушы қуаттарды жасау 
жобаларына  немесе  электр  энергиясын  көтерме  сатып  алушыларға  тапсыру 
бойынша ірі жобаларға инвестиция тарту дәстүрлі болып табылады.  
Осыған  ұқсас,  көлік  секторы  жол  ақысын  алуға  болатын  немесе  жол 
ақысы  мемлекетпен  төленетін  болжамды  пайдаланушылар  құрамымен  жаңа 
жылдамдықты  жолдарды  салуға  инвестициялар  тартады,  оған  қоса, 
тасымалдаудың болжамды көлеміне көп жағдайларда мемлекет кепілдік береді.  
Керісінше,  сумен  жабдықтау  және  су  бөлу  секторы,  әдетте,  жеке 
инвесторларды  тұтынушыларға  тікелей  қызмет  көрсету,  белгіленген  немесе 
нақты  есептелген  жұмыстар  көлемі  жоқ  болуы  мүмкін  су  шаруашылығы 
жүйесінің  әр  түрлі  аспектілерін  жетілдіру  бойынша  жобаларға  қатысуға 
тартады.  Осы  ретте,  инвесторларға  су  шаруашылығы  жүйесінің  қолданыстағы 
активтерінің жағдайымен байланысты тәуекелді өзіне алу ұсынылады. 

145 
 
ВОТ  сызбасы  сумен  жабдықтау  және  су  бөлу  секторына  жеке 
инвестицияларды  тарта  отырып,  алынуы  күтілетін  қызметтер  кешені  мен 
икемділігін үнем қамтамасыз етпейді. 
Сонымен  қатар,  МЖӘ  келісімшартының  берілген  түрі  бойынша 
концессия  объектісі  жобаның  тіршілік  айналымы  барысында  жеке 
компанияның  басқару  астында  болады,  бұл  елдің  өңірлік  және  ұлттық 
қауіпсіздігіне  қауіп  төндіреді.  Бұл  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 
заңнамасына  сәйкес,  су  шаруашылығы  секторы  объектілерінің  мемлекет  үшін 
стратегиялық  мәні  бар  болуымен  және  сенімді  басқаруға,  жалдауға  және 
концессияға тапсырылуы мүмкін еместігімен түсіндіріледі. 
Сумен 
жабдықтау 
жобаларын 
жүзеге 
асыру 
үшін 
жобаның 
ұйымдастырушылық-қаржылық  құрылымына  жауапты  тұлғалар  бұл  мәселенің 
шешіміне шығармашылық түрде қарауы тиіс. 
Су  шаруашылығы  секторы  өзінің  табиғаты  мен  инвестициялық 
қажеттіліктері  бойынша  жеке  компаниялар  дәстүрлі  түрде  тартылатын  және 
жобалық 
қаржыландыру 
принципі 
қолданылатын 
(мысалы, 
электроэнергетикада) басқа секторлардан ерекшеленеді.  
Сумен  жабдықтау  және  су  бөлу  жобалары  шеңберінде  көп  жағдайларда 
басты принцип жеке меншік секторының концессия немесе басқару шарттары 
негізінде  «су  бөгетінен  бастап  түпкілікті  пайдаланушыға  дейін»  қызмет 
көрсетулерді ұсынатындығында жатыр.  
Сумен  жабдықтау  және  су  бөлу  секторының  ерекше  назар  аударуды 
қажет ететін нақты инвестициялық қажеттіліктері төменде көрсетілген:  
 
компанияның  тарихи  түрде  қалыптасқан  басқару  әдістері  ақталмаған 
еңбек  сыйымды  болып  табылған  және  тұтынушылардың  қажеттіліктеріне 
бағытталмаған жағдайларда басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін енгізу;  
 
мониторингілеу  ретін  қамтамасыз  ету  және  сумен  жабдықтау 
жүйесінің  жағдайын  жақсарту  мақсатында,  бөлу  қуаттарын  жетілдіру,  су 
шығынын азайту және ұзақ мерзімді техникалық қызмет көрсету. 
Жеке операторды басқару шарты негізінде сумен жабдықтау және су бөлу 
секторындағы  жобаларды  жүзеге  асыруға  қатысуға  тарту  сумен  жабдықтау 
жүйесінде  белгілі  емес  туындыларды  іске  асыру  қажет  болған  жағдайда 
концедентті саяси қысымнан қорғауға септігін тигізуі мүмкін.  
Жеке  секторды  тарту  саяси  күштерді  талап  ету  бойынша  жүйені  немесе 
заңнаманы  жаңарту  кезінде  тұтынушылар  үшін  белгіленетін  тарифтер,  кем 
дегенде,  жеке  инвестор  шығындарының  бір  бөлігін  өтеу  үшін  жеткілікті 
болатын  деңгейге  дейін  ұлғайтылатындығына  кепілдік  беруі  мүмкін. 
Тарифтерді  көтеру  келешегі  сайлаушылар  үшін  қажетті  емес  маңызды  саяси 
мәселе болуы мүмкін.  
Жобаға  жеке  оператор  қатысқан  жағдайда  тарифтерді  көтерудің 
коммерциялық қажеттілігі концедент үшін саяси жағынан аса күрделі шешімді 
қабылдау  үшін  қажетті  дәлел  бола  алады.  Осы  ретте,  боливиялық  Кочабамба 
қаласының  қатал  тәжірибесі  мен  сабақтар  туралы  да  ұмытуға  болмайды,  онда 
1999  жылы  тұтынушылар  қызметтер  сапасының  қандай  да  бір  маңызды 

146 
 
жақсаруын  сезініп  үлгергенге  дейін  тарифтердің  көтерілуі  халық  арасындағы 
тәртіпсіздіктерге әкеліп соқтырды.  
Басқару  шартын  жасауды  көздейтін  ұйымдарға  белгілі  проблемалармен 
қақтығысуға тура келеді. 
Нәтижесінде,  сумен  жабдықтау  және  су  бөлу  секторында  МЖӘ 
аспаптарын қолдану тәжірибесі көрсетіп отырғандай, инвесторлар үшін жобаны 
ВТО  моделі  бойынша  (Build  –  құрылыс  салу,  Transfer  –  тапсыру,  Operate  - 
басқару)  жүзеге  асыру  сызбасының  ұсынылуы  анағұрлым  тартымды  болып 
келеді.  Бұл  модель  мемлекеттік  бюджеттен  қаржыландыру  жеткіліксіз  болған 
жағдайда жеке инвестицияларды тартудың тиімді тәсілімен ұсынылады. 
 
Сумен жабдықтау және су бөлу саласындағы концессиялық жобаның ВТО 
моделі бойынша институционалдық сызбасы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дереккөз: «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ. 
51-сурет. ВТО моделі («құрылыс – тапсыру – басқару») 
ВТО келісімшартында мыналар көзделеді: 
Жеке  компания: 
1)
 
су шаруашылығы секторы объектісін жобалайды, қаржыландырады, 
салады немесе қайта жаңартады, кейін мемлекет меншігіне тапсырады
2)
 
жоба  мерзімінің  соңына  дейін  тиісті  тәуекелдерді  өзіне  қабылдай 
отырып, жаңа объектіні пайдаланады және иеленеді;  
3)
 
шартта  белгіленген  мерзім  аяқталғаннан  кейін  (30  жылға  дейін) 
объектіні  тиісті  жағдайында  орталық  немесе  жергілікті  атқарушы  органға 
қайтарады; 
Мемлекеттік 
орган/әкімдік  
АРЕМ  
 
Концессионер  
Тұтынушы  
(физикалық және заңды 
тұлғалар)
 
Жеке меншік
 
Сумен жабдықтау және су 
бөлу секторының 
объектісі 
(мемлекет меншігіндегі 
мүліктік кешен) 
Келісімшарт
 
Инвестициялық 
шығындарды 
өтеу
 
Келісімшартта 
тарифтерді белгілеу  
Услуги 
Қызметтерге 
ақы төлеу 
(кіріс 
Салу немесе 
қайта жаңарту, 
Пайдалану, 
ағымдағы жөндеу 
бойынша 
шығындар 

147 
 
4)
 
халықтан тарифтерді жинауды іске асырады; 
5)
 
егер  концесия  шартында  көзделсе,  концессиялық  жобаны  қоса 
қаржыландыру,  инвестициялық  және/немесе  пайдалану  шығындарын  өтеу 
сияқты мемлекеттік қолдау шараларын алады; 
жергілікті атқарушы орган: 
6)
 
жеке компанияға жоба қажеттіліктері үшін қажеттіліктерді уақытша 
пайдалануға жер учаскелерін береді;  
7)
 
лицензияларды, рұқсаттарды және басқа да қажетті келісімдерді алу 
кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасасады; 
8)
 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасы  шеңберінде  концессия 
мәселелері бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады;  
қалалық су арнасы: 
 
9)
 
әрекеттегі  су  шаруашылығы  объектілерін  жеке  компанияға 
тапсырады;  
10)
 
жобаны  жүзеге  асыру  барысында  орталық  немесе  жергілікті 
атқарушы  органның  мүдделерінің  өкілі  ретінде  өз  құзыреті  шегінде  сөз 
сөйлейді. 
Берілген  келісімшарт  түрінің  міндетті  шарты  белгіленген  мерзімде 
компаниямен  салынған  барлық  инвестицияларды  өтеу  және  инвесторлардың 
табысын қамтамасыз ету болып табылады. 
Инвестицияларды  қайтару  және  тиісті  табыс  алу  кәсіпорынмен 
өндірілетін өнім мен қызметтерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады. 
Инвестор  жеке  (акционерлердің  компанияның  жеке  капиталына 
салымдары  есебінен  қалыптасқан)  және/немесе  қарыздық  қаражатын 
пайдаланады,  инженерлік  инфрақұрылым  объектісін  салады  немесе  қайта 
жаңартады. 
Пайдалану  кезеңінде  объектіге  қызмет  көрсетуге  қатысты,  берілген 
функциялар  концессионермен  арнайы  құрылған  пайдаланушы  компанияға 
тапсырылуы мүмкін.  
Банк  несиелерін  өтеу  және  жобаны  ұстаушы  акционерлерге  дивиденд 
төлеу қызметтерді жүзеге асырудан түскен табыс есебінен қамтамасыз етіледі.  
Сумен  жабдықтау  және  су  бөлу  бойынша  қызметтердің  құнына  түсетін 
жүктемені  азайту,  сондай-ақ    инвесторлар  мен  олардың  кредиторларын 
инвестициялық  тәуекелдерден  қорғау  және  бюджет  төлемдерін  оңтайландыру 
мақсатында  ВТО  сызбасын  қазақстандық  жағдайларға  бейімдеумен  қарастыру 
ұсынылады.  Осы  сызба  шеңберінде  концессионердің  инвестициялық 
шығындарын өтеуді концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу сияқты 
мемлекеттік  қолдау  шарасы  шеңберінде  мемлекеттік  бюджет  қаражаты 
есебінен,  ал  пайдалану  шығындарын  және  табыс  алуды  тарифтер  есебінен 
жүргізу.   
Мүмкін  болатын  проблемаларға  қарамастан,  МЖӘ  тетігін  қолдана 
отырып  жобаларды  жүзеге  асыру  сумен  жабдықтау  және  су  бөлудің  қазіргі 
заманғы  технологияларын  енгізуді,  халықаралық  басқару  тәжірибесін  алуды 
қамтамасыз етеді. 
МЖӘ  жобасы  төлемдер  мөлшері,  олардың  құрылымы  және  т.б. 
анықталатын конкурстық негізде жүргізілетін, тиімді жеке басқарушыны іздеу 

148 
 
болып  табылатындығын  атап  өту  қажет.  Басқарушыны  (инвесторды)  таңдау 
кезіндегі  негізгі  өлшем  инвестициялық  жобаның  болуы,  оның  тиімділік  пен 
шаруашылық  орындылығының  негіздемесі,  қоғамдық  мүдделер  мен  ең  аз 
тәуекелдерге сәйкес келуі болып табылады.  
Әлеуетті жобаның институционалдық схемасымен қатар оның қаржылық-
экономикалық  үлгісі  қалыптастырылды.  Үлгіні  дайындау  мақсатын 
мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  құралдарын  пайдалануды  көздейтін  су 
шаруашылығы  объектілерін  салу  және  пайдалану  бойынша  жобаларды  іске 
асыру шарттары мен нәтижелерін үлгілеуге арналған құралдар әзірлеу болды.  
Мәселен,  жобаның  қаржылық-экономикалық  үлгісі  мынадай  негізгі 
рұқсат жолдармен құрылды:   
- пайдаланылған келісімшарт түрі – ВТО («салу – беру – пайдалану»),  
- жоба бойынша Концессионер міндеттері:  
 
қаржыландыруды тартады,  
 
қалалық су арнасын қайта жаңғыртуды жүзеге асырады,  
 
қалалық су арнасын қамтуды және пайдалануды жүргізеді,  
- жоба бойынша Концедент міндеттері:  
 
концессионерге қалалық су арнасын пайдалануға құқық береді,  
 
қалалық су арнасын кеңейту қажет болған жағдайда жер учаскесін бөлу 
туралы шешім қабылдайды,  
 
 мемлекеттік  қолдау  шараларын  көрсету  \  концессонер  шығындарын 
қайтару және кірістерін алу көздері:  инвестициялықтарын өтеу  (КИШ), 
 
 концессия  шарты  талаптарының  орындалуын  бақылауды  жүзеге 
асырады. 
-  концессияның  жалпы  мерзімі  –  30  жыл,  пайдалану  мерзімі  –  27  жыл, 
құрылыс мерзімі – 3 жыл; 
- КИЗ төлеу мерзімі – 10 жыл; 
- құрылысты қаржыландыру:  
 
 концессионердің жеке қаражаты – 20%, қарыз қаражаты – 80%, 
 
кредит бойынша жылдық ставка – 15%, 
 
кредит  беру  мерзімі  –  13  жыл,  оның  ішінде,  негізгі  борышты  өтеудің 
жеңілдікті кезеңі  – 3 жыл, негізгі борышты қайтару кезеңі – 10 жыл, 
 
 қарыз қаражатының (кредит) сомасы - 1 550 135,52
 
мың теңге; 
объектіні қайта жаңғырту құны: 
 
20 022 300 мың теңге; 
- пайыздық ставкалар: 
 
ҚҚС 
 
 
 
 
   
  12%, 
 
КТС 
 
 
 
 
   
  20%, 
 
мүлік салығы   
  1,5%, 
 
әлеуметтік салық ставкасы   11%, 
 
әлеуметтік сақтандыру ставкасы  
  5%, 
 
зейнетақы аударымдары ставкасы 
   
  10%, 
 
қаржыландыру ставкасы   
   
  6%, 
 
дисконттау 
ставкасы   
  9%, 
- амортизация: 

149 
 
 
 пайдаланудың барлық кезеңінде бірдей. 
-  өндірілетін қызметтердің физикалық көлемі: 
 
жеке тұлғаларды сумен жабдықтау 
   
  9,9 млн. м
3

 
заңды тұлғаларды сумен жабдықтау    3,6 млн. м
3

 
жеке тұлғаларға су бұру     
  8,6 млн. м
3

 
заңды тұлғаларға су бұру    3,5 млн. м
3

- қолданыстағы тарифтер: 
 
жеке тұлғалардың сумен жабдықтауы     
  45,236 тг./м
3

 
заңды тұлғалардың сумен жабдықтауы   120,72 тг./м
3

 
жеке тұлғалардың су бұруы 
   
  37,27 тг./м
3

 
заңды тұлғалардың су бұруы 
  99,45 тг./м
3

Есептеулер  барысында  концессияның  жалпы  мерзімі  30  жыл  болғанда  
қалалық  су  арнасын  қайта  жаңғырту  және  пайдалану    бойынша  жобаны  іске 
асыру кезінде концессионердің IRR тиімді деңгейіне қол жеткізу үшін (10%-дан 
жоғары)  мемлекет  тарапынан  концессионердің  инвестициялық  шығындарын 
өтеу,  сондай-ақ  сумен  жабдықтау  қызметтерінің  тарифтерін  кемінде  2  есе 
ұлғайту талап етіледі.    
Осылайша,  су  арнасын  қайта  жаңғырту  құны  20 022 300  мың  теңге, 
қарыздың  пайыздық  құны  15%,  мемлекеттік  қолдау  шараларын  көрсету  \ 
концессонер шығындарын қайтару және кірістерін алу көздері  (инвестициялық 
шығындарды  өтеу    (КИШ):  26 494 805  мың  теңге)  болғанда  концессионердің 
таза  дисконтталған  кірісі    (NPV)  1  722 142    мың  теңгені,  ал  концессионердің 
IRR (кірістіліктің ішкі нормасы) 10,6%  құрайды.  
Сумен  жабдықтауға  және  су  бұруға  арналған  қолданыстағы  тариф 
бойынша  концессионердің  кіріс  алуы  қалалық  су  арнасын  салу  бойынша 
жобаның  рентабельділігін  қамтамасыз  етпейді,  осы  жағдайды  ескере  отырып,  
тарифтердің  есептеулері  шеңберінде  2  есе  ұлғайды.  Есептелген  жағдайлар 
сақталған жағдайда ғана концессионердің оң таза дисконтталған кірісіне және 
10,6% ішкі кірістілік нормасына шығу мүмкін.  
Төменде  30  жылғы  мерзімде  концессиялық  жобаны  іске  асыру  кезінде 
мемлекеттің шығыстары мен кірістерінің диаграммасы келтірілген.  
 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал