Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет1/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


 
Мазмұны 
 
Кіріспе .......................................................................................................................... 5 
1.
  Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім, 
денсаулық  сақтау,  коммуналдық  шаруашылық  (сумен  жабдықтау  және  су 
бұру), туризм (тау шаңғысы базасы, туристік кешендер) ....................................... 7 
1.1
 
Экономиканың  салаларында  қызметтер  көрсетуді  реттейтін  нормативтік 
құқықтық актілерді талдау
 ............................................................................................................................ 
7
 
1.1.1
  Білім беру ........................................................................................................... 7 
1.1.2
  Денсаулық сақтау ............................................................................................ 19 
1.1.3
  Коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтау және су жүргізу) ............ 29 
1.1.4
  Туризм (тау шаңғысы базасы, туристік кешендер) ..................................... 32 
1.2
 
ҚР  салалық  және  өңірлік  бөлінісінде  зерттелетін  объектілердің  ағымдағы 
жай-күйі мен қажеттілігін талдау
 ......................................................................................................... 
40
 
1.2.1
  Білім беру ......................................................................................................... 40 
1.2.2
  Денсаулық сақтау ............................................................................................ 48 
1.2.3
  Коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтау және су бұру) ................. 55 
1.2.4
  Туризм (тау шаңғысы базалары, туристтік кешендер) ............................... 69 
1.3
 
Инвестициялық  жобаларды  іске  асырған  кезде  туындайтын  тәуекелдерді 
талдау
   ....................................................................................................................................................................... 
83
 
2
  Түйінді  жобалық  тәуекелдерді  басқару  бойынша  ұсынымдары  бар,  МЖӘ 
салалық үлгілері бойынша ұсыныстар .................................................................... 90 
2.1
 
Экономиканың зерттелетін салаларында МЖӘ үлгілері бойынша ұсыныстар 
мен ұсынымдар
 ................................................................................................................................................... 
90
 
2.1.1
  Білім беру ......................................................................................................... 90 
2.1.2
  Денсаулық сақтау .......................................................................................... 120 
2.1.3.
 Коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтау және су бөлу) ............... 144 
2.1.4.Туризм (тау шаңғы базалары, туристік кешендер) ................................... 152
3
 
2.2
 
Әрбір  саладағы    негізгі  жобалық  тәуекелдерді  басқару  бойынша  мүмкін 
болатын тәуекелдерді және ұстанымдарды айқындау
 ........................................................ 
168
 
2.2.1
  Білім беру ....................................................................................................... 168 
2.2.2
  Денсаулық сақтау .......................................................................................... 171 
2.2.3
  Коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтуа және су өткізу) ............. 181 
2.2.4
  Туризм (тау шаңғысы базалары, туристік кешендер) ............................... 183 
Қорытынды .............................................................................................................. 190 
Пайдаланылған деректер тізімі .............................................................................. 193 


 
Кіріспе 
 
Денсаулық  сақтау,  білім  беру,  коммуналдық  шаруашылық  және  турзим 
сияқты салаларда инфрақұрылым объектілерінің желісін жаңарту және кеңейту 
бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасының  одан  әрі  табысты  экономикалық 
дамуы үшін қажетті шарт болып табылады. 
Ыдыраған  КСРО-дан  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасына  тиген 
инфрақұрылым едәуір шамада техникалық және моральдық жағынан ескіргенін 
және  едәуір  біржолғы  бюджеттік  инвестицияларды  талап  ететінін  назарға  ала 
отырып,  аталған  проблеманы  шешуде  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік 
құралдарын қолдану әсіресе өзекті болып отыр. 
Бүгінгі таңда Қазақстанда көлік және энергетика салаларындағы, согдай-
ақ  мектепке  дейінгі  білім  беру  саласындағы  концессиялық  жобаларды  іске 
асыруда  белгілі  бір  тәжіртбе  жинақталды.  Алайда,  экономиканың  басқа 
салаларында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бірқатар себептерге 
байланысты тежеліп отыр. 
Бірінші  кезекте,  қолданыстағы  заңнама  мемлекеттік-жеке  меншік 
әріптестік  келісімшарттарының  алуан  түрлерін  қолдануға  мүмкіндік  бермейді, 
атап  айтқанда  «Концессиялар  туралы»  Заңда инвестор объектіні  салатын,  оны 
мемлекетке  беретін  және  концессия  шартының  бүкіл  мерзімін  пайдаланатын 
кездегі  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  келісімшартының  мемлекеттік 
меншікке  негізделген  бір  ғана  түрі  көзделген  (ДСҰ).  Бұл  міндеттеме 
мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестікті  әлеуметтік  салада  және  тұрғын  үй-
коммуналдық шаруашылықта қолдануды шектейді. 
Екінші кезекте, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жобаларды дайындау мен 
іске асыру рәсімдері күрделенген. 
Сонымен  қатар  әлеуметтік  маңызды  қызметтер  көрсету  үшін  мемлекет 
жеке меншік объектілерін де пайдалана алады, сондай-ақ мемлекеттік меншікті 
пайдалану үшін жеке инвесторларды да тарта алады. 
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске 
асыру  кезінде  тәуекелдерді  есептеу  мен  бөлудің  көпшілік  қабылдаған 
практикасы  жоқ.  Жобаларда,  атап  айтқанда  көлік  саласында  тәуекелдерді 
есепке  алу  тәжірибесінің  болмауы  қаржыландырылуы  мемлекеттік  бюджеттің 
қаражаты  есебінен  толық  немесе  ішінара  жүзеге  асырылатын  инвестициялық 
жобаларды  жоспарлау,  құру  және  іске  асыру  кезінде  әртүрлі  проблемалы 
жағдайлардың туындауына әкеп соқтырады. 
Сонымен  қатар  2012  жылғы  24  сәуірде  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің мәжілісінде мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестікті дамытудың орта 
мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамалық бағыттары мақұлданды. Мәселен, 
тәсілдерді  бірі  ретінде  жобаларда  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестікті  іске 
асыруды  қолдаудың  2  деңгейлі  жүйесін  енгізу:  ірі  жобалар  үшін  хлықаралық 
қаржы  ұйымдарын,  ірі  шетелдік  компанияларды,  ал  өңірлік  жобалар  үшін 
отандық инвестторлардың әлеуетін пайдалану ұсынылған болатын. 


 
Бұл ретте мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің өңірлік жобаларын іске 
асыру  мақсатында  тиісті  салалар  үшін  стандартты  концессиялық  модельдерді 
әзірлеу мүмкіндігі қаралатын болады. 
Жоғарыда  айтылғандардың  негізінде  зерттеу  жүргізудің  қажеттілігі  –
түйінді  жобалық  тәуекелдерді  басқару  жөніндегі  ұсынымдармен  білім, 
денсаулық сақтау, туризм және коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтау 
және  су  бұру)  саласындағы  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестіктің  салалық 
модельдері бойынша ұсынымдар әзірлеуде.  
Осы  зерттеу  екі  бөлімнен  тұрады.  Бірінші  бөлімде  салалардың 
әрқайсысында  қызметтер  көрсетуді  реттейтін  тиісті  нормативтік  құқықтық 
актілердіге  талдау  және  саладағы  ағымдағы  ахуалға  талдау  жасалған.  Екінші 
бөлімде  зерттелетін  салалардың  әрқайсысы  үшін  МЖӘ-нің  үлгі  модельдері 
пайдалануға  ұсынылған,  ұсынылған  модельдердің  әоқайсысына  байланысты 
тәуекелдер  талданған,  зерттелетін  салалардың  әрқайсысындағы  МЖӘ 
жобаларға  қатысушылардың  өзара  іс-қимылының  үлгілік  институционалдық 
схемалары келтірілген.   
 
 
 
 
 


 
 
1.
 
Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды 
талдау:  білім,  денсаулық  сақтау,  коммуналдық  шаруашылық  (сумен 
жабдықтау  және  су  бұру),  туризм  (тау  шаңғысы  базасы,  туристік 
кешендер)  
 
1.1
 
Экономиканың  салаларында  қызметтер  көрсетуді  реттейтін 
нормативтік құқықтық актілерді талдау  
 
1.1.1
 
Білім беру 
 
Орта білім беру 
Орта  білім  беруде  қызметтер  көрсетуді  реттейтін  нормативтік 
құқықтық актілерді талдау. 
Орта  білім  беру  саласында  қызметтер  көрсетуді  реттейтін  негізгі  
нормативтік  құқықтық  құжаттардың  бірі  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан 
әрі – «Білім туралы» Заң) болып табылады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанда орта білім беру 
жүйесін  құрудың  екі  маңызды  қағидатын:  мемлекеттік  оқу  орындарында  орта 
білімнің  қолжетімділігін  және  білім  саласындағы  мемлекеттік  бақылауды 
постулаттайды. 
Мәселен,  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  30-бабына  сәйкес 
«азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегiн орта білім алуына кепiлдiк 
берiледi. Орта білім алу мiндеттi». 
Бүгінгі  таңда  білім  беру  қызметтері  нарығында  мемлекеттік  те,  жеке 
меншік  білім  мекемелері  жұмыс  істейді,  алайда,  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясының  30-бабына  сәйкес  барлық  оқу  орнының,  оның  ішінде  орта 
және  мектепке  дейінгі  білім  беретін  мекемелердің  қызметi  мемлекеттік  білім 
беру стандарттарына сай келуi керек. Атап  айтқанда, «мемлекет білім берудiң 
жалпыға  мiндеттi  стандарттарын  белгiлейдi.  Кез  келген  оқу  орнының  қызметi 
осы стандарттарға сай келуi керек». 
Елдің  білім  беру  жүйесін  реттейтін  басты  заңынан  кейін  маңыздылығы 
дәрежесі бойынша келесі нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» Қазақстан 
Республикасының  Заңы  болып  табылады.  Осы  заңмен  мынадай:  білім  беру 
қызметі,  жалпы  білім  беретін  мектеп,  орта  білім  сияқты  орта  білім  саласына 
жататын  негіз  қалайтын  ұғымдар  айқындалған.  Сондай-ақ  Заңда  мемлекеттік 
саяват қағидаттары сипатталған, білім саласындағы мемлекеттік мекемелердің 
құзыреттері  атап  көрсетілген,  білім  беру  мониторингі  ұғымы  келтірілген, 
білім беру жүйесін қаржыландыру көзі айқындалған. 
Сонымен,  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 
қағидаттарының  бірі  «баршаның  сапалы  білім  алуға  құқықтарының  теңдігі», 
«...халықтың  барлық  деңгейдегі  білімге  қолжетімділігі»,    «білім  беру 


 
ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру 
бағыттары бойынша алуан түрлі болуы» [1].  
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,  уәкілетті  орган  (Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі),  жергілікті  атқарушы  органдар 
(әртүрлі деңгейдегі) сияқты мемлекеттік мекемелердің рөлі мен жауапкершілік 
дәрежесі білім беру саласындағы олардың құзыретінің сипатын айқындайды. 
Атап айтқанда, Үкіметтің құзыретіне, оның ішінде мыалар кіреді 
 
білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске 
асыру;  
 
білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламалары  мен  білім 
беру  жүйесін  дамытудың  стратегиялық  жоспарларын  әзірлеу  және  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  бекітуіне  ұсынады,  оларды  іске  асыру  жөніндегі 
шараларды жүзеге асыру;  
 
білім беру ұйымдары қызметінің тиісті үлгідегі үлгілік қағидаларын 
бекіту; 
 
білім  берудің  тиісті  деңгейлерінде  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарын бекіту
 
білім  беру  қызметіне  қойылатын  біліктілік  талаптарын  және  Білім 
беру қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту; 
 
халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай 
білім  беру  ұйымдары  желісінің  кепілдік  берілген  мемлекеттік  нормативін 
бекіту. 
Уәкілетті органның құзыретіне, оның ішінде: лицензиялар беру, меншік 
нысандары 
мен 
ведомстволық 
бағыныстылығына 
қарамастан, 
оқу 
бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарын  мемлекеттік 
аттестаттаудан  өткізу,  білім  беру  ұйымдарын  жабдықтармен  және  жиһазбен 
жарақтандыру нормаларын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру кіреді. 
 Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне, оның ішінде:  
 
білім  беруді  дамыту  бағдарламаларын  әзірлеу  және  мәслихаттың 
бекітуіне  енгізу,  білім  беруді  дамыту  бағдарламасын  бекіту  (жергілікті  өкілді 
органдар), 
 
білім беру қызметін лицензиялауды ұйымдастыру, 
 
мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және 
тарату (ауданның ЖАО), 
 
мемлекеттік мекемелердің аз қамтылған отбасыларын шыққан білім 
алушылары  мен  тәрбиеленушілеріне  қаржылай  және  материалдық  көмек 
көрсетуге  қаражат  жұмсау  (сондай-ақ  ауданның  /  облыстық  маңызы  бар 
қаланың ЖАО), 
 
оқушалардың  жекелеген  санаттарын  тегін  және  жеңілдікті 
тамақтандыруды  ұйымдастыру  (сондай-ақ  ауданның  /  облыстық  маңызы  бар 
қаланың ЖАО), 
 
 
 
мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балаларды  есепке  алуды 
ұйымдастыру,  орта  білім  алғанға  дейін  оларды  оқыту  (ауданның  /  облыстық 
маңызы бар қаланың ЖАО), 


 
 
мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарын  материалдық-техникалық 
қамтамасыз етуді қолдау және жәрдем көрсету
 
оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  кешендер  сатып  алуды  және 
жеткізуді ұйымдастыру, 
 
мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарын  кадрлық  қамтамасыз  етуді 
ұйымдастыру, 
 
білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне 
медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. 
«білім  беру  ұйымдарының  меншік  нысандары,  оқыту  мен  тәрбиенің 
нысандары,  білім  беру  бағыттары  бойынша  алуан  түрлі  болуына»  жол 
берілетініне  қарамастан,  мемлекет  меншік  нысанына  және  ведомстволық 
бағыныстылығына  қарамастан,  Қазақстан  Республикасының  білім  және  білім 
беру ұйымдарындағы мемлекеттік жалпы білім беретін білім беру стандарттары 
саласындағы  заңнамасының  және  нормативтік  құқықтық  актілерінің 
орындалуын бақылау  құқығын өзіне қалдырады  [1].  Атап  айтқанда, Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Білім  және  ғылым 
саласындағы бақылау комитеті осындай өкілетіктерге ие [2].  
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  құзыретіне  жататын  Білім 
саласындағы  мемлекеттік  саясатты  әзірлеу  және  іске  асыру  мақсатында 
мемлекет білім беру мониторингін жүзеге асырады. 
Атап  айтқанда,  білім  беру  мониторингінің  мақсаттары  білім  беру 
саясатын  әзірлеу  мен  іске  асыруды  ақпараттық  қолдау,  білім  беруді  басқару 
органдарын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы туралы 
өзекті, толық, дұрыс және үнемі жаңартылып отыратын ақпаратпен қамтамасыз 
ету,  білім  берудің  дамуын  талдау  және  болжау  үшін  қажетті  ақпараттық  база 
қалыптастыру болып табылады [3]. 
Орта  білім  беретін  мемлекеттік  ұйымдарды  қаржыландыру  тәртібі 
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Білім туралы» 
заңдарының негізінде айқындалады. Мәселен, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР 
Заңында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік 
органдар  болып  табылатын  мемлекеттік  мекемелер  табыс  әкелетін  қызметпен 
айналысуға  құқылы  емес»,  ал  «Білім  туралы»  ҚР  Заңының  63-бабында 
«мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге 
мемлекеттiк  жалпыға  мiндеттi  бiлiм  беру  стандарттары  шеңберiнде  ақылы 
негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге тыйым салынады» деп айтылған [4].. 
Осылайша,  мемлекеттік  білім  беру  ұйымдары  «білім  беру  деңгейлері 
бойынша  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарымен 
белгіленген  талаптар  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен 
айқындалатын 
нормалар 
негізінде 
бюджеттік 
қаражаттар 
есебінен 
қаржыландырылады» [1].  
Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері 
бойынша  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарымен 
белгіленген  талаптар  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен 
айқындалатын  нормалар  негізінде  бюджеттік  қаражаттар  есебінен  жүзеге 
асырылады.  Білім  беру  жүйесін  қаржыландыру  көлемдері  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  (бұдан  әрі  –  ҚР  БҒМ) 

10 
 
стратегиялық  жоспарының  бюджеттік  бағжарламалары  шеңберінде  келісіледі. 
Атап 
айтқанда, 
ҚР 
БҒМ-нің 
стратегиялық 
жоспары 
Қазақстан 
Республикасының  стратегиялық  және  бағдарламалық  құжаттары,  әлеуметтік-
экономикалық даму болжамы негізінде әрбір үш жыл сайын бесжылдық кезеңге 
әзірленеді [5]. 
Орта  білім  беретін  мемлекеттік  ұйымдар  жүйесінде  білім  алушылар  мен 
тәрбиеленушілерге  қаржылай  және  материалдық  көмек  көрсету  көзделгенін 
атап  өту  қажет.  Мәселен,  «білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілерге  қаржылай 
және  материалдық  көмек  көрсетуге  бөлінетін  қаражат  жергілікті  атқарушы 
органдардың бюджетінде көзделген жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы 
ұстауға  арналған  шығыстар  сомасының  кемінде  бір  пайыз  мөлшеріндегі 
аударымдар 
есебінен 
қалыптастырылады. 
Білім 
алушылар 
мен 
тәрбиеленушілерге  қаржылай  және  материалдық  көмек  көрсетуге  бөлінетін 
қаражат: 
1)  киім,  аяқ  киім,  оқулықтар,  оқу  құралдарын,  мектеп-жазу  құралдарын 
сатып алуға; 
2) оқитын жерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға; 
3) қаржылай көмек көрсетуге
4)  санаторий-курорт  ұйымдары  мен  демалыс  лагерьлеріне  жолдамалар 
сатып алуға; 
5)  білім  алушылардың  мәдени-бұқаралық  және  спорттық  іс-шараларға 
қатысуына жұмсалады»
 [6]. 
Мемлекет  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  тегін  мектепалды, 
бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  алуына  конституциялық 
құқықтарының  сақталуын  қамтамасыз  етуге  міндеттелген.  Осы  функцияны 
практикалық  жүзеге  асыру  үшін  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2007 
жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен білім беру ұйымдары желісінің 
кепілдік  берілген  мемлекеттік  нормативі  бекітілген.  Атап  айтқанда,  білім 
алушылардың жалпы саны әрбір ауылдық елді мекенде: 

 
кіші мектеп жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, 
бастауыш  білім  беретін  мемлекеттік  оқу  орнының  жұмыс  істеуіне  кепілдік 
беріледі

 
кіші және орта мектеп жасындағы адамдардың саны 41 және одан көп 
болғанда, негізгі орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне 
кепілдік беріледі; 

 
- кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы адамдардың саны 81 және 
одан көп болғанда, жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс 
істеуіне кепілдік беріледі [7]. 
«Қалалық  жерде  тұрғындардың  тегін  мектепалды  және  орта  білім  алуға 
қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2007 жылы 1 қыркүйекте болған мемлекеттік 
мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  ұйымдары  және  жалпы 
білім беретін оқу орындары желісінің жұмыс істеуіне кепілдік беріледі»
 [7]. 
Орта  білім  беретін  мемлекеттік  және  жеке  меншік  ұйымдардың 
қызметін талдау.  

11 
 
Мемлекеттік, сондай-ақ меке меншік орта мектептер үшін орта білім беру 
ұйымдарының  қызметті  жүзеге  асыруына  қойылатын  ортақ  кейбір  талаптар 
бар.   
1.  «Білім  туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес  мектепке  дейінгі  тәрбие  және 
оқытудың  жалпы  білім  беретін,  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта 
білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  іс  асыратын  заңды  тұлғалар  білім  беру 
қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға және мемлекеттік аттестаттудан 
өтуге міндетті. 
2.  «Білім  туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын 
іске  асыратын  заңды  тұлғалардың  мемлекет  білім  беру  қызметін  және  білім 
алушылардың  тиісті  білім  беру  оқу  бағдарламаларын  игеру  деңгейін  
бақылайды.  Мемлекет  білім  беру  мекемелерін  мемлекеттік  аттесттау 
жолымен ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, 
білім беру ұйымдарын бақылауды жүзеге асырады. 
3.  Меншiк  нысандарына  және  ведомстволық  бағыныстылығына 
қарамастан,  жалпы  орта  білімнiң  білім  беру  бағдарламаларын  iске  асыратын 
білім  беру  ұйымдарының  барлық  түрлерiнiң  қызмет  тәртібі  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2005  жылғы  11  наурыздағы  №  224  қаулысымен 
бекітілген білім беру ұйымдары қызметінiң үлгi ережесімен айқындалады. 
 4. Мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік мектептердегі мектептің оқыту 
бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының  білім  берудің  мемлекеттік  жалпы 
білім  беретін  стандарты  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім)  негізінде 
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес әзірленеді.  
5. Химия кабинеттерінде оқу мақсатында химиялық заттар, оның ішінде 
прекурсорлар  пайдаланылады.  Қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  есірткі 
құралдарының,  психотроптық  заттар  мен  прекурсорлардың  айналымы 
саласындағы  қызметтің  барлық  түрлері  лицензиялауға  жататындықтан, 
мектептер  Есірткі  бизнесіне  және  есірткілердің  заңсыз  айналымына  қарсы 
күрес комитеті (ҚР ІІМ) беретін прекурсорларды пайдалану құқығына мерзімі 5 
жылға лицензия алуға міндетті[8] [9].  
Орта  білім  беретін  мемлекеттік  және  жеке  меншік  ұйымдарының 
қызметінде елеулі айырмашылықтар мынадай салаларда бар: 
Орта  білім  беретін  мемлекеттік  ұйымдардың  шығыстары  салықтық 
түсімдер  мен  нысаналы  трансферттердің  есебінен  қаржыландырылады. 
Салықтық  түсімдердің  көмегімен  мектептердің  ағымдағы  шығыстары 
қаржыландырылады,  олар:  жалақы,  коммуналдық  қызметтерге  ақы  төлеу, 
салықтық аударымдар, жалпыға міндетті орта білім беру қорының шығындары 
және т.д.  
Нысаналы  трансферттер  тек  қана  белігілі  бір  мақсаттарға  аударылады, 
мысалы:  мектептер  салу,  физика,  биология,  химия,  лингафон  сыныптары, 
шеберханалар  үшін;  оқытушылардың  біліктілігін  арттыруға  жабдықтар  сатып 
алу. 
Трансфертке  өтінім  былайша  беріледі:  жергілікті  атқарушы  орган 
(областардың,  екі  астатаның  және  облыстық  маңызы  бар  қалалардың) 
жергілікті  бюджет  туралы  мәслихат  шешімін  іске  асыру  туралы  қаулы 
қабылдайды  және  ҚР  Қаржы  министрлігіне  бюджеттік  жобалар  туралы 

12 
 
жиынтық  ақпарат  жібереді.  Дамуға  арналған  нысаналы  трансферттер  жоғары 
тұрған  бюджеттен  төмен  тұрған  бюджеттерге  нысаналы  трансферттер 
бойынша нәтижелер туралы келісімнің негізінде оны объект бойынша бөлусіз 
бір сомамен аударылады. 
Орта  білім  беретін  жеке  меншік  ұйымдар  ата-аналардың  төлемақысы 
есебінен  қаржыландырылады.  Ата-аналар  төлемақысы,  оның  ішінде 
мектептердің  білім  беру  қызметтерін  көрсетуге,  оқушыларды  оқу 
материалдарымен қамтамасыз етуге, үйірмелердің жұмысына ақы төлеуге және 
мектеп оқушыларын үшреттік тамақпен қамтамасыз етуге арналған шығыстар. 
ҚР  БҒМ  әзірлеген  мектепке  дейінгі,  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта 
білім  беру  ұйымдарын  жабдықтармен  және  жиһазбен  жарақтандыру 
нормаларының  мемлекеттік,  сондай-ақ  жеке  меншік  мектеп  үшін  ұсынымдық 
сипаты болады [1].  
Орта  білім  беру  саласын  реттейтін  маңызды  нормативтік  құқықтық 
актілерді  талдауды  және  орта  білім  беретін  мемлекеттік  және  жеке  меншік 
ұйымдардың  қызметін  талдауды  негізге  ала  отырып,  мынадай  негізгі 
тұжырымдар жасауға болады: 
 
Қазақстан 
Республикасы 
азаматтарының 
мемлекеттік 
оқу 
орындарында тегiн орта білім алуына кепiлдiк берiледi,  
 
Орта  білім  берудің  жеке  меншік,  сол  сияқты  мемлекеттік  меншік 
нысанына жол беріледі
 
жеке меншік, сол сияқты мемлекеттік білім беру ұйымдары лицензия 
алуға тиіс, 
 
жеке  меншік,  сол  сияқты  мемлекеттік  ұйымдардың  қызмет  тәртібі 
бірыңғай  құжатпен  айқындалады  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2005 
жылғы  11  наурыздағы  №  224  қаулысымен  бекітілген  білім  беру  ұйымдары 
қызметінiң үлгi ережесі), 
 
мемлекет  білім  беру  ұйымдарының  қызметін  реттеу  құқығын  өзіне 
қалдырады,  атап  айтқанда  мемлекет  жалпы  білім  беру  стандарттарын 
белгілейді, кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек
 
сондай-ақ  мемлекет  меншік  нысанына  және  ведомстволық 
бағыныстылығына  қарамастан,  Қазақстан  Республикасының  білім  және  білім 
беру ұйымдарындағы мемлекеттік жалпы білім беретін білім беру стандарттары 
саласындағы  заңнамасының  және  нормативтік  құқықтық  актілерінің 
орындалуын бақылау құқығын өзіне қалдырады,   
 
білім  беру  ұйымдарының  желісінің  мемлекеттік  нормативтін  сақтау 
орта білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған
 
мемлекеттік 
білім 
беру 
ұйымдары 
бюджеттің 
есебінен 
қаржыландырылады, 
 
орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарда аз қамтылған отбасыларын 
шыққан  білім  алушылары  мен  тәрбиеленушілеріне  қаржылай  және 
материалдық көмек көрсету көзделген. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал