Экономиканы қалыптастыру болды



жүктеу 1.2 Mb.

бет7/12
Дата08.01.2017
өлшемі1.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Нұрлан  ДУЛАТБЕКОВ,  заң  ғылымдарының 

докторы, профессор:

– 1910-1913 жылдар  аралығында  Б.Сырттанов 

өз  тарапынан  құпия  түрде  қазақ  өлкесін  Ресейдің 

отары  қатарынан  шығаруды  көздеген  Жарғы 

əзірледі. Бұл Жарғыда қазақ жері Ресей отары емес, 

доминионы  (достастық  құрамына  енген  мемлекет, 

мысалы,  Австралия  одағы,  Жаңа  Зеландия)  болу 

керектігі  көрсетілді.  Оған  сəйкес  қазақ  өлкесі  Ресей 

құрамынан  шығып,  республика  мəртебесімен 

жеке  мемлекет  болып  құрылуға  тиіс  еді.  Жарғы 

бірнеше  тармақтардан  тұрды.  Негізгі  идеясы – 

Қазақстанның  саяси  тəуелсіздікке  қол  жеткізуі,  оны 

Ресей колониясы емес, Ресей доминионы (нақтылап 

айтқанда,  империя  құрамындағы  дербес,  одақтас 

мемлекет)  деп  тану.  Кейінде  Б.  Сыртановтың  бұл 

идеялары  «Алаш»  партиясының  бағдарламасына 

енді.  Жоғарыда  аталған  Жарғыны  қазақ  елінің 

тұңғыш конституциясы десе де болатын еді.



ОСЫДАН  ОН  ТОҒЫЗ  ЖЫЛ  БҰРЫН  ЕГЕМЕН  ЕЛІМІЗ    ТАРИХИ  ШЕШІМ 

ҚАБЫЛДАП,  ЖАСАМПАЗ  ЖАҢА  ДƏУІРГЕ  ҚАДАМ  БАСТЫ.  СОДАН  БЕРІ 

ТƏУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІНЕ АЙНАЛҒАН АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМДА 

ОРЫН  АЛЫП  ОТЫРҒАН  БАРЛЫҚ  САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ,  ƏЛЕУМЕТТІК 

РЕФОРМАЛАРДЫҢ  ІЛГЕРІ  БАСУЫНА,  ДАМУДЫҢ  ҚАЙНАР  БАСТАУЫНА 

АЙНАЛДЫ. 

МҰНЫ  БҮГІНДЕ  ƏРБІР  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЗАМАТ  ЖАҚСЫ  БІЛЕДІ.  МЕРЕКЕ 

ҚАРСАҢЫНДА  ӨҢІРІМІЗДІҢ  АҒА  БУЫН  ӨКІЛДЕРІ  МЕН  ЖАСТАРДЫҢ  АТА  ЗАҢ 

ЖӨНІНДЕГІ ОЙ-ПІКІРЛЕРІН БІЛГЕН ЕДІК.   

Адина АЙНАЕВА, М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ    ректорының  жастар  ісі  жөніндегі 

көмекшісі:

–  Адамзат  баласының  өмір  сүруі  белгілі 

бір  заңдылықтарға  бағынатыны  сияқты  

ғаламшарды мекен еткен  əр мемлекеттің де 

негізгі  заңы  болуы  шарт.  Ол  заңның  барлық  

тілдердегі мойындалған  атауы – Конституция.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам-талқысынан  

өткен  басты  құжаты  Конституциясын  жүрек 

қалауымен  қабылдады.  Жасампаздықтың  

жаңылмас  жарғысы  болған    Ата  заң    біздің 

барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына 

айналды.


Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын  

бұлжытпай    орындаудың    нəтижесінде    біз 

қысқа  мерзімде    мызғымас  мемлекетімізді   

орнатып,  Тəуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата 

Заң  тəуелсіздігіміз    бен  тұтастығымыздың 

кепілі  ретінде    біздің  бірлігімізді    бекемдеп, 

елдегі  тұрақтылық    пен    татулықтың  берік 

тұтқасы болды.

Конституция  мемлекеттік  биліктің  қайнар 

көзі    халықтың  өзі  екенін  айқындады.  Жаңа   

Конституция  қабылдау  арқылы  Қазақстан  

жаңа  дəуірге  қадам  басты.  Осы  мерейлі  

межеге биыл 19 жыл толып отыр.

Біз жастар  саясат, экономика, білім, спорт, 

мəдениет қай саласы болмасын барлығында 

тұрақты 


дамуға, 

өркендеп 

өсуге 

тек 


Конститутциямыз  ғана  кепіл  бере  алатынын 

түсінеміз.  Сондықтан    бейбіт  елдің  бақытты 

жастары    түп-қазығымыз  Ата  заңымызды 

ардақтасақ,  еліміз  əлі    талай  белестерді 

бағындырып,  жетістіктерге  жететініне  бек 

сенімдіміз.



Шəбден  ТІЛЕУМҰРАТ, «Нұр  Отан» 

партиясы 

облыстық 

филиалы 

төрағасының орынбасары:

–  Ата  Заң – барлық  заңдардың  негізі. 

Ата Заңды құрметтеу – Елбасыны құрметтеу 

деп  ұғынған  абзал.  Мəселен, 3-баптың 

3-тармағында  «Халық  пен  мемлекет  атынан 

билік  жүргізуге  Республика  Президентінің, 

сондай-ақ  өзінің  конституциялық  өкілеттігі 

шегінде  Парламенттің  құқығы  бар» – 

делінген.  Яғни,  референдумда  Ата  Заңның 

қабылдануына  дауыс  берген  соң,  оның 

мазмұнымен  келісіп,  шеңберінен  шықпауға 

уəде еткен соң, талаптарының орындалуына 

барынша күш салу қажет. Елбасының жүргізіп 

отырған  саясатын  қолдап,  оның  айналасына 

топтасу – міне,  əр  азаматтың  Ата  Заңына 

деген құрметі.

Дегенмен, белгілі бір ойға қатысты кереғар 

пікірлер  туындап  отырмаса,  қоғам  ешқашан 

алға жылжып, дамымайды. Алайда, ол пікірдің 

өзі  Конституциямен  бекітілген  нормалардан 

аспауы  тиіс.  Демократия – ойыңа  келгенді 

айтып,  жаның  қалағанын  істеу  емес,  ол  ең 

алдымен – тəртіп. Мемлекет саясатының тек 

теріс жағын қарап, оны жамандағаннан пайда 

жоқ.  Сонау  тəуелсіздік  алған  жылдардағы 

мемлекеттің  жағдайы  мен  бүгінгі  əлеуетін 

салыстырып  қарасақ та ол саясаттың дұрыс 

əрі тиімді екенін түсінуге болады. 

Əр 

азаматтың 



Ата 

Заңды 


оқып, 

ондағы  белгіленген  құқықтарын  барынша 

пайдалануы,  міндеттерін  орындауы – ең 

бірінші  өзін,  өз  құқықтарын  құрметтеуі.  Ал 

адамның  өзін-өзі  құрметтеуі – бірлік  пен 

бейбітшіліктің, бостандық пен теңдіктің кепілі 

болып  отырған  Ата  Заңды  құрметтеуі  деп 

ұғынған абзал.



Мақұлбек МЫРЗАҚҰЛОВ, Тараз қалалық 

№2 сотының төрағасы:

–  Ата  Заңымыз  əбден  сұрыпталған, 

кемшіліктері 

түзелген, 

Қазақстанның 

дамуына  үлкен  жол  ашатын  маңызды  құжат. 

Конституциямыз  мемлекеттік  құрылымды 

белгілеп,  өзін  демократиялық  негіздегі, 

зайырлы,  құқықтық  жəне  əлеуметтік  тұрғыда 

дамыған  ел  ретінде  қалыптастырып,  ең 

басты  құндылығы  адам  жəне  адамның  өмірі, 

оның  құқықтары  мен  бостандықтары  екенін 

атап  көрсетті.  Конституциямызда  халықты 

əлеуметтік 

қамсыздандыру, 

еңбекпен 

қамтамасыз  ету,  өндіріс  салаларындағы 

əділеттілікті орнықтыру, халықтың əл-ауқатын 

жақсартуға  жəне  жеке  меншікті  мемлекеттік 

меншікпен  теңдей  қорғауға  басымдық  беру 

заңды тұрғыда бекітілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – 

қоғамның негізгі тəртібін бекітетін мемлекеттің 

ең  басты  заңы,  ол  нормативтік-құқықтық 

актілердің бəрінен де жоғары əрі үстем. Егер 

іс  қарау  кезіндегі  қолданылған  нормалар 

конституциялық  нормаларға  қайшы  келсе, 

онда конституциялық нормалар қолданылады. 

Халықаралық  шарттар  да  Конституцияның 

нормаларына қайшы келмеуі керек. Құқықтық 

мемлекетте  азаматтарды  сот  қорғауы  тиіс. 

Барлық  сот  жəне  құқық  қорғау  органдары, 

өзінің басты мақсаты ретінде – азаматтардың 

конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге 

жəне қорғауға міндетті. 

Тəуелсіздікті  нығайтқан  да,  елдің  жарқын 

болашағына  себепкер  де,  Қазақстанды 

əлемге  танытқан  да,  қоғамдағы  əлеуметтік 

теңдікті орнықтырушы да, тіпті тұрмысымызды 

жақсартқан  да  тек  осы  Ата  Заң.  Бұл  ретте 

Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  Ата 

Заңға деген ерекше құрметі болуы тиіс.

Еліміздің Ата Заңы біз үшін алдағы уақытта 

да өзіміздің биік мақсатымыз – мемлекеттердің 

əлемдік қоғамдастығына енген, азаматтардың 

дəулетті, лайықты өмір сүруіне барлық жағдай 

жасалған тəуелсіздік экономикалық өркениетті 

мемлекет құру жолындағы ілгері басуымызды 

реттейтін басты құжат болып қала береді.

Еркебұлан 

ҚҰРАЛБАЕВ, 

облыс 

əкімдігі  жастар  саясаты  мəселелері 

басқармасының басшысы:

–  Ұлтымыздың  ұлан-ғайыр  тарихында 

Қасым  ханның  қасқа  жолынан,  Есімханның 

ескі 


жолынан 

бастау 


алған 

бүгінгі 


Конституциямыз – Елбасының  бастауымен 

елімізді  биік  белестерге  жетелеген  тарихи 

маңызы    зор  құжат.  Ата  Заңды  ардақтау – 

келешекке  керуен  тартқан  мемлекетіміздегі 

əрбір азаматтың асыл парызы.

Бүгінде өңірде жастар саясатын жүргізуге   

Елбасының  салиқалы  саясаты    мен  Бас 

құжатта  көрсетілген басым бағыттар  кезең-

кезеңімен  шешуге  жол  ашып    отыр.  Оған 

дəлел,  кейінгі  жылдары  жастарға  қатысты 

түрлі  мемлекеттік  жобалар  мен  айтулы 

бастамалардың қарқын алуы. Ел жастарының 

алыс-жақын  шет  мемлекеттерде  білім  алып, 

əлемдік  деңгейде  биік  мінберлерде  таныла 

білуі  де  құқықтық,  зайырлы  теңдігіміздің 

арқасы. 


Жас 

кəсіпкерлердің 

еліміздің 

индустриалды-инновациялық 

дамуына 

өзіндік үлес қосуға қол жеткізе алуы  жарқын 

болашаққа  жол бастағаны анық. Одан бөлек, 

ауыл  жастарына  ерекше  көңіл  бөлінуі  мен 

жастар  жұмыссыздығының  қолға  алынуы  

еліміздің  құқықтық  теңдікті    биік  қойған 

Тəуелсіз  мемлекет  екенін  танытып  отыр. 

Бұлардың  барлығы    Бас  құжатымыздың  

жиырма  жылдық  тарихында  берген  жемісі 

екені  сөзсіз.  Сондықтан  еліміздің  байлығы  

Ата  заңымызға    əрбір  жас  құрметпен  қарап, 

оның  құндылықтарын  түйсіне  білгені  абзал. 

Себебі,  Ата  заңды  ардақтау – ол  ең  бірінші 

Тəуелсіз  мемлекетіңнің  теңдігін  асқақтату 

болып табылады.  

Жастардың Ата Заңға құрметін арттыру мақсатында 

өткен  жиынға  Тараздағы  жоғары  жəне  арнаулы 

оқу  орындарының  оқытушылары  мен  студенттері, 

ірі  кəсіпорындардағы  жастар  ісі  жөніндегі  комитет 

басшылары, ҮЕҰ жетекшілері жəне журналистер қатысты. 

Іс-шараны  облыс  əкімдігі  жастар  саясаты  мəселелері 

басқармасы  қаржы  жəне  ұйымдастыру  бөлімінің 

басшысы  Серік  Əлібеков  ашып,  жүргізіп  отырды.  ТИГУ-

дың «Құқықтану жəне қоғамдық пəндер» кафедрасының 

аға  оқытушысы  Таңат  Сереев  еліміздің  тəуелсіздіктің 

алғашқы  жылдарындағы  қиын  шақтан  бүгінгі  жақсы 

күнге  қалай  жеткендігімізді,  бұл  реттегі  Елбасымыздың 

ерен  еңбегі  туралы  жан-жақты  айтып  берді.  Ол  Ата 

Заңымыз  алдымен  адамның  құқығы  мен  бостандығын 

қорғайтынына  тоқталды.  М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ-

дың студенті Махаббат Шəділ Ата Заңымыздың «Отан», 

«Ел», «Жер»  секілді  ұғымдармен  қатар  тұратынын 

патриоттық  сезіммен  баяндап,  сөзінің  соңын  өзінің 

жүрегінен  шыққан  жыр  жолдарымен  аяқталды.  ТарМУ-

дың  магистрі  Нұрсұлтан  Құсмұхамбетовпен  «Қазақстан 

тарихы»  кафедрасының  оқытушысы  Рахат  Тобаджанов 

та  Конститутцияның  елімізде  алатын  биік  орынына 

тоқталды. 

Жиынды  Серік  Айдарұлы  қорытындылап,  жастарды 

отансүйгіштікке  шақырды.  Сондай-ақ,  ол  «Халқы  ханын 

сыйлаған елдің бағы басқадан бір мысқал артық» деген 

Төле  би  тағылымымен  сөзін  түйіндеп,  қатысушыларға 

алғысын білдірді.

АЗАТ ЕЛДІҢ АР-

АЗАТ ЕЛДІҢ АР-

НАМЫСЫ АТА ЗАҢ!

НАМЫСЫ АТА ЗАҢ!

Ұлт үшін саннан сапа маңызды. Елімізде жастарға 

қатысты  мəселенің  барлығы  да  сапамен  өлшенеді. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  та  үнемі  алдымен 

сапаның алға шығуы керектігі жөнінде айтып келеді. 

Ата Заңымызда білім, ғылым төңірегіндегі мəселелер 

де  кеңінен  қарастырылған.  Біздің  түсінігімізде, 

ұлт  деген – аты  белгісіз  бабаларымыздан  бастап 

осы  күнге  дейінгі  ұрпақтың  жалғастығы.  Олардың 

дүниені  түйсінуі,  қоғамдық  құбылыстарға  бейімделуі 

де  ұлт  үшін  үлкен  жетістік.  Тас  ғасырынан  бастап 

ғарыштық  кезеңге  дейінгі  тұтас  ғұмыр.  Алайда, 

тəуелсіздік  алғалы  қазақ  халқы  өзі  ойламаған  аса 

биік  деңгейге  жетті.  Өзін-өзі  қалыптастырды.  Демек, 

енді  қазақ  ұлтының  ежелгі  тарихы  мен  көне  идеясы 

Ата  Заңымызда  Мəңгілік  Ел  идеясының  төңірегінде 

жаңғырып тұра бермек.

Ата  Заң – тəуелсіз  қазақ  мемлекетінің  басты 

құжаты, əрбір қазақ жəне қазақстандық азаматтардың 

бойтұмары. Егемен елімізде заңға қайшы əрекеттерге 

орын  жоқ.  Мемлекет  басшысының  тапсырмасы 

негізінде  еліміздің  өңірлерінде  де  бұл  мəселе  қатаң 

қадағаланып  келеді.  Сондықтан  Ата  Заң  айбын, 

айшық, тіпті татулық пен бейбітшіліктің кілті. Адамның 

құқығы мен бостандығының кепілі. 

Ата Заңымызда адамды кемсітетін, оның құқығы 

мен бостандығына нұқсан келтіретін бап пен тармақ 

жоқ.  Бұл  құжат  сүзгіден  əбден  өткен,  сараланған, 

сарапталған  түрде  қабылданған.  Сол  үшін  тəуелсіз 

қазақ  мемлекетінің  тарихында  шешуші  рөл  атқарып 

келеді. 

1-бетте


Жиынды  облыс  əкімдігі  ішкі  саясат  басқармасы 

басшысының орынбасары Дауыл Бейсенқұлов ашып, 

басты құжаттың тарихына тоқталды. 

Келесі  кезекте,  М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ-

дің  заң  факультетінің  деканы  Қ.Нұрманбетов,  Тараз 

мемлекеттік педагогикалық институтының «Философия 

жəне  əлеуметтік  пəндер»  кафедрасының  меңгерушісі 

Г.Гизатулиналар  Ата  Заңның  саяси,  əлеуметтік  жəне 

қоғамдық маңызы зор екендігін атап өтті. 

Конституция  күніне  арналған  бұл  шарада  өрелі 

ойлар  мен  ұшқыр  пікірлер  айтылды.  Конституцияның 

тарихынан  бастап,  еліміздің  жеткен  жетістіктері, 

бағындырған 

белестері 

жайында 

баяндамалар 

оқылды.

Жалпы  айтқанда,  Конституцияның  барлық  қоғам 



тетіктеріне дем беруші екендігі тағы да дəлелденді.

30  тамыз – айбынды  Ата  Заңымыз  қабылданған  күні  еліміздің  Конституциясына 19 жыл  толатын 

мерекеге орай облыс əкімдігі жастар саясаты мəселелері басқармасы ТарМУ-мен бірлесіп, «Конституция 

– кемел келешектің кепілі» тақырыбында конференция ұйымдастырды. 

*     *     *

Кеше  облыс  əкімдігігінің  ішкі  саясат  басқармасының  ұйытқы  болуымен    Достық  үйінің  мəжіліс  залында 

«Конституция – мемлекеттің  негізі,  тұрақтылықтың  кепілі»  тақырыбында  «дөңгелек  үстел»  отырысы  

ұйымдастырылды.  Шараға  жергілікті  атқарушы  жəне  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері,  кəсіподақ, 

саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен этномəдени орталықтардың төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.

Ата заң туралы айтқанда Тəуке ханның «Жеті жарғысы» мен Есім ханның ескі жолы, Қасым 

ханның  қасқа  жолы  бірден  еске  түседі.  Алайда  өткен  ғасырдың  басында  Алаш  арыстарының 

демократиялық  құндылықтарды  сақтай  отырып  əрі  жаңа  заманға  сай  Ата  заңды  жазып 

шыққанын  біле  бермейміз.  Нақтырақ  айтсақ, 1911 жылы  Алашорда  мемлекетінің  басшысы 

Əлихан  Бөкейханның  тапсырмасымен  білікті  заңгер  Барлыбек  Сырттанов  тұңғыш  рет  «Қазақ 

елінің уставын» жазған.  Бір қызығы аталған Ата заңның авторы ол кезде небəрі 25 жаста болған 

екен. Əйтсе де одан да қатты таңғаларлық дүние «Қазақ елінің уставында» президенттік басқару 

туралы тосын ойдың айтылуы болса керек. Өйткені патшалы Ресей тұрмақ Кеңестік Ресейдің 

өзі  мемлекетті  президенттік  басқару  жүйесіне  көшіруге  құлық  танытпаған  болатын.  Жалпы 

Барлықбек Сырттановтың жазған Ата заңында бұдан да басқа артықшылықтар жетерлік. 

28 тамыз,

№35(463)

8

ШАМШЫРАҚ

ШАМШЫРАҚ

СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!

Осыған дейін ұлттық бірыңғай 

тестілеу талай жас өмірдің жаңаша 

бағыт  алуына  бастау,  енді  бір 

жағдайларда  қайғылы  оқиғаларға 

себепкер  болды.  Он  бір  жыл 

бойы  мектеп  озаты  болып  келген 

кейбіреулерді  орға  жықты.  Ал, 

керісінше  базбір  оқуға  салғырт 

қарағандардың ойламаған жерден 

бағын  жандырды.  Мұндайда  бұл 

сынақ  басқа  байқаусызда  қонатын 

немесе  белгісіз  ғана  ұшып  кететін 

бақ құсы сияқты көрінеді. Расында 

ҰБТ-да бақ шаба ма, бап шаба ма? 

Алайда, білім бəйгесінде бабы 

бола тұрып, бағы шаппаған бірқатар 

сынға түсушілер опық жеді. Ондай 

сəтсіздіктерін өз білімдеріне емес, 

ұялы  телефонның  көмегіне  сеніп, 

ұрынғанын  мойындайтындар  да 

бар. 


Мысалы, 

Назерке 


Жұман 

есімді  қыз  он  бір  жыл  бойында 

мұғалімдерінің 

мақтаулы 

оқушысы  болды.  Барлық  пəннің 

сабақтарына 

жақсы 

қатысты. 



Оның  білім  сынағынан  сүрінбей 

өтетініне  ұстаздары  да,  ата-анасы 

да  нақты  сенген.  Бірақ,  Назерке 

ҰБТ  тапсырып,  қорытындысында 

небары 47-ақ балл алып қалды. 

–  Мен  бұған  ешкімді  де 

кінəламаймын.  Өзімнен  болды. 

Себебі, мен ұялы телефон арқылы 

сырттағы  ұстаздарымнан  көмек 

аламын  деп  ойладым.  Берілген 

уақытты 

ұялы 


телефонды 

жасырын 


пайдаланамын 

деп  өткізіп  алдым.  Əуелдегі 

еңбекқорлығыммен  жиған  біліміме 

сенуім  керек  еді.  Алайда,  мен 

ұялы  телефонды  жасырын  алып 

кіріп,  соны  емін-еркін  қолданып, 

маған 

бұйырған 



сұрақтардың 

дəл  жауабын  белгілеймін  деп 

сендім.  Бірақ,  бəрі  бекер  болып 

шықты, – дейді  өкінгенмен  өткен 

қайтып  келмейтініне  мойынсұнған 

Назерке. 

Расы  солай,  адам  қолымен 

жасалған  техникаға  емес,  одан 

да  зорын  ойлап  табуға  мүмкіндік 

беретін 


санасындағы 

біліміне 

сенімнің  бар  жүгін  артқанда 

бұлайша  бармақ  шайнамас  па 

еді?! 

–  Мен  мектеп  қабырғасында 



жүргенде 

мұғалімдерімнің 

үйреткенін 

жақсы-ақ 

меңгеріп 

едім. Өзім армандаған жоғары оқу 

орнына  таңдаған  мамандығым 

бойынша  мемлекеттік  грантпен 

еш  кедергісіз  түсетініме  сенімді 

болдым.  Бірақ,  басқалар  секілді 

қолда бар дүниенің пайдасын көріп 

қалғым келді де ұялы телефонның 

көмегіне  жүгіндім.  Онымен 

қоса  шпаргалка  əзірледім.  Сан 

жылдардан  бері  мұғалімдерімнің 

айтуымен санама жиған білімімнен 

бұрын  шпаргалка  мен  ұялы 

телефонның  жəрдеміне  көбірек 

сендім.  Нəтижесінде  сынақтан 

өткеніммен 67 ғана  балл  жинай 

алдым.  Мен  бұдан  жоғарысына 

лайық  едім.  Амал  не,  шпаргалка 

мен  ұялы  телефон  дұрыс  келе 

жатқан  бағытымнан  адастырып 

жіберді, – дейді Жанбота Байдан. 

Ащы  да  болса  шындығын 

мойындайық, 

шпаргалка 

мен 

ұялы 


телефонның 

көмегіне 

жүгінуді 

мұғалімдердің 

өздері 

айтады.  Осыған  дейін  талай  рет 



мектеп 

мұғалімдерінің 

тестке 

дайындалған 



оқушыларға 

«Шпаргалка,  ұялы  телефонсыз 

келмеңдер. 

Есік 


алдындағы 

тексеруден 

өтіп 

кетсеңдер, 



тіптен  жақсы.  Өте  алмасаңдар, 

сол  жерде  қалар.  Бірақ,  үйден 

ол  заттарсыз  шықпаңдар» – 

дегеніне  куə  болғанбыз.  Сонда 

оқушыны  шынайылықтан  бұрын 

жалғандыққа  бағыт  сілтеушілердің 

өздері  үйретіп  жүр.  Алдауға 

үйреткен 

жеткіншегімізден 

қалайша  биік  жетістікті  талап  ете 

аламыз?

Өткен  жылғы  ұлттық  бірыңғай 



тест  тапсырған  түлектердің  бірі 

Данияр  Тұрсынның  да  өкініші  осы 

мəндес. 

–  Мектепте  оқып  жүргенде 

алдыңғы  қатарлы  оқушылардың 

бірі болдым. Ата-анам қатарымнан 

қалдырмауға, мұғалімнің айтқанын 

жылдам  ұғынуыма  барын  салып, 

қамқорлықтарын  аямады.  Айтулы 

сынақтан 

сүрінбей 

өтетініме 

сенді.  Алдын  ала  тестілеуге 

дайындық  барысында  да  жақсы 

деңгейден  көрініп  жүрдім.  Ал  енді 

ҰБТ  тапсырар  сəтте  кездескен 

сұрақтардың 

жауабын 


өз 

біліміммен  белгілеудің  орнына 

ұялы  телефонмен  көмек  алуға 

көп  уақытымды  өткізіп  алдым. 

Сол  əрекетім  үшін  қатты  өкінемін. 

Ұялы телефонға сенбеуім де, оны 

қасыма серік етпеуім де керек еді. 

Енді айтқаннан не пайда, бəрі өтіп 

кетті.  Əттең,  сол  бір  шақ  қайта 

келмейді  ғой.  Əйтпесе,  бəрін  де 

басқаша жасар едім, - деп өткенге 

өкінгеннен  келер  қайран  жоғын 

мойындайды Данияр. 

Əрине, 


біздің 

əрбіріміздің 

басымыздан  қазір  өтіп  жатқан 

əр  уақыт  келешегімізге  оң  бағыт 

бастауға,  ізгі  іс  жасауға  берілген 

мүмкіндік.  Əттеген-ай,  біз  осыны 

естен шығара береміз ғой. 

Бүгін 11-сыныптың 

есігін 

ашқан  əр  оқушыға  сабақ  болса 



деген  ниетпен  өз  білімн  қару  ете 

алмай,  шпаргалка,  ұялы  телефон 

секілділерді  құрал  етіп,  сан 

соққандардың  өкінішін  жеткізіп 

отырмыз. Дана Абай да: 

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің  мен  ақылың  екі 

жақтап» деген.

Сынақтан  өтер  əр  оқушы 

осыны  ескерсе  дейміз.  Ендеше, 

бітіруші  түлек  ҰБТ-ға  дайындықты 

бүгіннен баста!

Білімдінің күні жарық

Көзді  ашып-жұмғанша  жазғы  демалыс  та  аяқталып,  білім  ордаларында  алғашқы  қоңырау 

қағылатын сəт таяды. Сол қоңырау үнімен бірге мектепке қадам басқан əрбір оқушының жүрегі 

лүпіл қағатыны сөзсіз. Бұл күні жүректері ерекше толқитыны бірінші жəне он бірінші сыныптың 

оқушылары.  Себебі  де  түсінікті,  мектеп  табалдырығын  жаңадан  аттаған  бүлдіршіндер  жаңа 

орта, маңайына мейірім нұрын шашқан мұғалімнің алдына алғаш баруы, осының бəрі де бала 

үшін қызық əрі қуаныш. Ал, 11-сыныптарды толқытатыны ұлттық бірыңғай тестілеу деген үлкен 

сынаққа  жақындатқан  күндер.  Білімнің  жаңа  белесіне  жолдама  беретін  аса  маңызды  сынақ 

толқытпай қойсын ба. Бұл бір биік асу іспеттес. Тек шынайы білімді ғана діттеген мақсатына сəтті 

жете алады. Осынысымен де 11-сынып оқушыларына зор жауапкершілік жүктелген. 

БАР КІЛТІ БАҚЫТЫҢНЫҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

МАХАМБЕТКЕ АРНАУ

МАХАМБЕТКЕ АРНАУ

Оқушы шығармашылығынан



Елемес ЕРСІН,

№49 мектеп-гимназияның 

8-сынып оқушысы.

Өмірге келген, өткен ғасырда,

Жыр арнадым Махамбеттей асылға.

Тарихында мəңгі қалған қазақтың,

Ұқсатамын көктен түскен жасынға.

Белді буды ханға қарсы шығуға,

Білсе-дағы жүретінін қуғында.

Бүкіл елін бастап шықты атойлап,

Жəңгір ханның басын көрге тығуға.

Махамбет əрі батыр, əрі ақын,

Əділдікке жасынан болған жақын.

Түспеді ат үстінен күндіз – түні, 

Шақырып азаттыққа туған халқын.

 

Батыр бабам аңғал еді жасынан,

Адал еді, сенгіш еді басынан.

Қайран бабам қапияда алданып,

Ақырында ажал құшты қасынан.

Білімсіз, айтшы, өмір жарық па еді?!

Кітапта жатыр ойдың барлық кені.

Білдік қой əр нəрседе атау барын,

Ең алғаш қолға алған күн «Əліппені».

Өмірің ұласқанша сары күзге,

Сағыныш əлемінен сарын ізде.

Жаңа жер – жаңа үміттер ашыларын,

Үйретті «Жағырапия» пəні бізге.

Əу баста қыз болған-ау гүл шынымен,

Сұлулық барлығына сыншы білем.

Қолға алып «Биология» оқулығын,

Таныстық табиғаттың қыр-сырымен.

Баланың айналасың талабынан,

Қосу мен алудан ол табады мəн.

Күрделі теңдеу барын бұл өмірде,

Ұғындық «Алгебра» сабағынан.

Ізденген жұртта болмақ көш қарымды,

Кім қандай өркениетке қосқан үлгі?

Тартылыс заңын оқып «Физикадан»,

Əрқашан іздеп тұрдым достарымды!

Саясат шығармасын тағы ұрысты,

Қарулы мемлекеттің бəрі күшті.

«Болмасын өмірде ондай» деп тіледік,

Оқып ап «Химиядан» жарылысты...

Қорықсын қара түнек таң жарықтан,

Жүректен қандай əсем əнді ағытқан.

«Əдебиет» əлеміне үңілген соң,

Арылдық ала ниет қарғалықтан.

Бабамнан қалған мұра сіңсін берік,

Өткенді білу керек, күрсінбелік...

«Тарихта» ақтаңдақты ақтадық па,

Жоқ əлде ақталдық па – 

Түсінбедік...


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал