Экономиканы қалыптастыру болды



жүктеу 1.2 Mb.

бет2/12
Дата08.01.2017
өлшемі1.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

М.ƏЖМАХАНҰЛЫ.

Тіл – тірек



«ЖАЛЫНДЫҚТАР» ТОП ЖАРДЫ

Облыс əкімдігі тілдерді дамыту басқармасы облысымызда тілдерді дамыту мен 

қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 

мақсатында облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің сан салалы қызметкелері 

арасында «Мемлекетік тіл – менің тілім» атты облыстық командалық байқау 

ұйымдастырды. Жарысқа қатысқан алты команда «Таныстыру», «Жұмыс үстелі» (жұмыс 

барысынан көрініс), «Терминдердің қолданысы», «Мақал-мəтелдер əлемі», «Мемлекеттік 

тіл – тұрмыс-тіршілікте» (əзілмен) бөлімдері бойынша бақсынасты.

Байқауды  облыс  əкімдігі  тілдерді  дамыту 

басқармасының  басшысы  Үртай  Сапақова 

ашып,  мемлекеттік  тілдің  ресми  тілге  жақын 

төтенше  жағдайлар  департаменті  қызметкерлері 

арасында  өткізілуі  қажетті  мəселе  екенін  айта 

келіп,  командаларға  сəттілік  тіледі.  Сондай-ақ

облыстық    төтенше  жағдайлар  департаменті 

өрт сөндіру жəне авариялық құтқару жұмыстары 

қызметі  басшысының  орынбасары  Мақсат 

Қосыбаев  жарыстың  жемісті  өтуіне  тілектестік 

білдірді. 

Байқауға  командалардың    өте  жақсы 

дайындықпен 

келгені 

бірден 


байқалды. 

Марат  Күлдіков  басқаратын  департаменттің 

қызметкерлері  өнер  мен  руханият  мəселелеріне 

де 


жауапты 

қарайтынын 

байқатты. 

Бұл 


жарыс 

көпшілікке 

ой 

салды, 


жастарды 

мемлекеттік  тілдің  тазалығына  шақырды.  Əзіл 

көріністерде  көпшілікке  күлкіден  езу  жиғызбай 

отырып,  төл  тіліміздің  күрделі  жағдайларына 

алаңдайтындарын аңғартты. 

Сонымен,  өрт  сөндіру  қызметінің  «Жалын» 

тобы  бірінші  орынды  иеленіп,  жарыс  жеңімпазы 

атанды.  Топ  жетекшісі  Жомарт  Бекболат 

командасын  жеңіске  жетелесе,  бұл  топтағы 

Нұрболат 

Өмірзақов, 

Нүргүл 


Берікбаева, 

Ержан  Ережепов  секілді  ұл-қыздардың  өрелі 

өнерлері  көзге  көрініп  тұрды.  Қазақ  тілінде  анық 

сөйлейтін өзге ұлт өкілі Александр Гончаренко да 

«Жалынның»  топ  жаруына  ықпал  етті.  Жүлделі 

екінші орынды өрт сөндіруші қыздардан құралған 

«Тілдария»  командасы    иеленсе,  үшінші  орынға 

төтенше  жағдайлар  қызметінің  «Дабыл»  тобы    

лайық  деп  танылды.  Сүңгуірлерден  құралған 

«Ақжелкен»  тобы  «Іскер  топ»,  əскериленген 

авариялық  құтқару  қызметінің  «Алтын  жебе» 

тобы  «Өнерлі  топ»,  жедел  құтқару  қызметінің 

«Болашақ»  тобы  «Сөз  мерген»  аталымымен 

марапатталды. 

Жеңімпаз 

жəне 


жүлдегер 

топтарға  Ү.Сапаққызы  жүлде  тапсырып,  барлық 

топ  мүшелеріне  Абайдың  қарасөздері  жəне 

халық əндері жазылған қазақы киіз үй кейпіндегі 

үнтаспаларды сыйлыққа ұсынды. 

Есет  ДОСАЛЫ

Өрлеу – өріс



СƏН-САЛТАНАТЫ ЖАРАСҚАН САРЫСУ

Облыс 


əкімінің 

орынбасары 

Қалижан 

Əбдірайымов, 

облыстық 

кəсіпкерлік 

жəне 

индустриалды-инновациялық 



дамыту 

басқармасының  басшысы  Досан  Рымтаев, «Даму» 

кəсіпкерлікті  дамыту  қоры»  АҚ  Жамбыл  облысы 

бойынша аймақтық филиалының директоры Руслан 

Жайшаев  жəне  басқа  да  екінші  деңгейлі  банктердің 

өкілдерінен  құралған  жұмысшы  топқа  базыналарын 

айтып,  мəселелерінің  шешімін  білуге  келген 

сарысулық кəсіпкерлердің қарасы қалың болды. 

Жиында  алғаш  сөз  алған  Сарысу  ауданының 

əкімі  Қанатбек  Мəдібек  ауданда  соңғы  жылдары 

халық арасында кəсіпкерлікпен айналысатындардың 

көбейіп  келе  жатқанын  тілге  тиек  етті.  Сарысу 

ауданы  бойынша  «Бизнестің  жол  картасы – 2020» 

бағдарламасына  қатысуға  тілек  білдірген  жалпы 

құны 200,0 миллион теңгені құрайтын 57 инвестиялық 

жоба  өткізілген.  Бірақ,  кепіл  мүліктерін  банктер 

қабылдамай, 40 жоба кері қайтарылған. Нəтижесінде 

өз ісін ашып, кəсіп жасаймын деген сарысулықтардың 

жігері құм болған. 

Ал,  шағын  жəне  орта  кəсіпкерліктің  дамуы 

Елбасының, 

облыс 


басшысының 

тікелей 


қадағалауында  екенін  айтқан  облыс  əкімінің 

орынбасары  Қалижан  Əбдірайымов  аймақ  əкімінің 

тапсырмасымен  құрылған  жұмыс  тобының  басты 

мақсаты    –  кəсіпкерлерге  екінші  деңгейлі  банктер 

арқылы  несие  алудың  шарттарын  түсіндіріп,  екі 

тарапты  ортақ  шешімге    келтіре  отырып,  жоғарыда 

аталған  жобалардың  жүзеге  асуына  жол  ашу 

екендігін мəлімдеді.

Одан  соң  жиылған  кəсіпкерлерге  «Бизнестің 

жол  картасы – 2020» бағдарламасы    бойынша 

кəсіпкерлерді  қолдаудың  негізгі  бағыттары  мен 

субсидиялаудың  жолдары  жөнінде  түсіндірме 

жасаған  «Даму»  кəсіпкерлікті  дамыту  қоры» 

АҚ 


Жамбыл 

облысы 


бойынша 

аймақтық 

филиалының  директоры  Руслан  Жайшаев  пен 

филиалдың  Сарысу  ауданындағы  кəсіпкерлікті 

қолдау  орталығының  кеңесшісі  Мадияр  Өмірбаев 

айтып  өтті.  Сондай-ақ, «Қазақ  банкі»  АҚ  Жамбыл 

облыстық филиалының директоры Гүлжан Ақпаева, 

«Агронесие»  корпорациясының  өкілі  Жасұлан 

Құралбаев  жəне  біраз  мамандар  көтеріліп  отырған 

мəселелер  бойынша  кеңестер  берді.  Сондай-ақ, 

жиын  барысында  кепілдік  ретінде  бұрын  банктер 

тарапынан  қабылданбай  келген  саз  кірпіштен 

соғылған  үйлердің  ендігі  уақытта  алынатыны  да 

мəлім  болды.  Осылайша,  ауылдық  жерлердегі 

кəсіпкер  азаматтар  қолында  бар  мүліктерін  кепілге 

ұсынып,  қомақты  қаржыға  ие  болуға  мүмкіндіктері 

молая түсті.

ЖАҢА ПƏТЕР – ЖАНҒА ЖАЙЛЫ

Одақ  тарап,  қала  экономикасы  құлдырағанда 

жан  амандығы  үшін  қаланы  тастай,  үдере  көшкен 

жұртшылықтың  артынан  қаңырап  бос  қалған 

үйлер  қайта  жөндеуден  өтіп,  халық  игілігіне  беріліп 

жатқалы бірнеше жыл болды. Биыл да осы үрдіс өз 

жалғасын тауып, жаңатастық 220 отбасы баспаналы 

болды.  Пəтерге  ие  болған  барша  жаңатастықтарды 

қуаныштарымен  құттықтаған  аудан  əкімі  Қанатбек 

Мəдібек:


– 

Алдыңғы екі жылда қаламызда екі үй күрделі 

жөндеуден өтіп, халыққа берілген болатын. Биыл 19 

жəне 31 көпқабатты тұрғын үйлердің пəтер иелеріне 

тапсырып отырмыз. Пəтерлер алдымен көп жылдар 

бойы  кезекте  тұрған  азаматтар  мен  көп  балалы 

аналарға, басқа да əлеуметтік қорғаудағы жандарға, 

одан  кейін, «Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі» 

арқылы  жас  отбасыларға  несие  арқылы  берілуде. 

Алдағы уақытта жыл сайын екі үйден жөндеп, өткізіп 

отыратын боламыз, – деді. 

Ал үлкен қуанышқа бөленген тұрғындарға пəтер 

кілттерін  табыстауға  арнайы  келген  облыс  əкімінің 

бірінші  орынбасары  Бекболат  Орынбеков    бүгінгі 

күні  əр  адамның  басындағы  мəселеге  айналған 

баспананың Жаңатаста оң шешімін тауып жатқанын, 

мұның өте құптарлық іс екенін жеткізді.

– Моноқалаларды дамытуға арналған 2012-2020 

жылдарға  жоспарланған  мемлекеттік  бағдарламаға 

сəйкес, екі үйге 601 миллион теңге қаражат жұмсалып, 

күрделі жөндеуден өткізілді. Қала бойынша баспана 

кезегінде  тұрған 1219 адамның 220-сы  бүгін  қоныс 

тойын  тойламақ.  Алдағы  уақытта  да  қаладағы 

жөндеуге жарамды 19 үйді қалпына келтіріп, тұрғын 

үй  мəселесін  шешу  жоспарда  бар, – деді  Бекболат 

Серікбекұлы. 

Пəтер  иелеріне  кілттер  тапсырылғаннан  кейін 

тұрғын үйдің салтанатты лентасы қиылып, қонақтар 

жаңа пəтер иелерінің үйінен дəм татты. 

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ 

РАХАТЫ

«Жұмыспен  қамту – 2020 жол  картасы» 

бағдарламасы  сарысулықтардың  сеніміне  серпін 

беріп  келеді.  Бүгінде  Бағдарламаның  екінші 

бағытында  жетіспейтін инженерлік коммуникациялық 

инфрақұрылымды 

дамытуға 39 млн. 

теңге 


қаржы  қаралған.  Бұл  қаржыға  жайылымдық  мал 

шаруашылығын 

дамыту 

мақсатындағы 



ілеспе 

технологиялық жабдықтар сатып алу үшін жылжымалы 

тұрғын  үйге 12 азамат,  жел  электр  станциясына 3 

азамат, электр желісі жəне трансформатор орнатуға 

2 азамат өтініштерін білдіріп отыр. 

Осылардың 

ішіндегі 

шаруаның 

арманына 

айналып  отырған  жылжымалы  тұрғын  үй  алғашқы 

болып  түркістандық  «Медет»  шаруа  қожалығына 

бұйырды. 

Шағын  ғана  үш  бөлмеден  тұратын  бұл  үйдің 

жылыту  пеші  мен  жазғы  аптапта  салқындатқышы, 

демалатын  жатын  бөлмесі  мен  ас  ішуге  арналған 

арнайы  орындары,  əңгіме-дүкен  құратын  ерекше 

бөлмелері  жаңаша  үлгіде  көркемделіпті.  Енді 

бұрынғыдай  көшіп-қонып  қыс-қыстау,  жаз-жайлауға 

көшкен  сайын  көліктеріне  заттарын  тиеп,  қоныс 

аударғанда əбден ығырлары шығатын шаруалардың 

жұмысы едəуір азайып, жұмыстары жеңілдеді. 

Сарысу ауданы.

ОСЫДАН БІРЕР АПТА БҰРЫН ОБЛЫС ƏКІМІ 

КƏРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ 

ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ – ШАҒЫН ЖƏНЕ ОРТА 

КƏСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ  МƏСЕЛЕСІН 

СЫНҒА АЛҒАН БОЛАТЫН. ЖИЫНДА ЕКІНШІ 

ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН ЖƏНЕ ОРТА 

КƏСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕНДІРУІ АҒЫМДАҒЫ 

ЖЫЛЫ 9,8 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ТҮСІП КЕТКЕНІ, ӨТКЕН 

ЖЫЛҒЫ ЕСЕПТІ МЕРЗІММЕН САЛЫСТЫРҒАНДА  

1,5 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ТӨМЕНДЕГЕНІ, БАНКТЕРДІҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА МҮЛДЕ 

ЖҰМЫС ЖАСАМАЙ ОТЫРҒАНЫ АЙТЫЛҒАН 

БОЛАТЫН. БАСҚОСУ БАРЫСЫНДА БАНКТЕР 

ОН КҮН ІШІНДЕ ОН АУДАНДЫ АРАЛАП, ҮГІТ-

НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ТАПСЫРМА 

АЛҒАН ЕДІ. СОЛ ТАПСЫРМА АЯСЫНДА 

ЖАСАҚТАЛҒАН АРНАЙЫ ТОП ОБЛЫСТЫҢ 5 

АУДАНЫН АРАЛАП, САРЫСУҒА ЖЕТТІ.

Топтаманы дайындаған Мұратхан ƏЛІМХАН.


3

28 тамыз,

№35 (463)

ЖАНАРТАУ

Жастар және саясат



«ЖАСТАР ЖАҚСЫ ІСТЕРДІ ҮЙРЕНУДЕН ЖАЛЫҚПАУЫ КЕРЕК»

«ЖАСТАР ЖАҚСЫ ІСТЕРДІ ҮЙРЕНУДЕН ЖАЛЫҚПАУЫ КЕРЕК»

– Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысында 

өткен  халықаралық    жастар  лагеріне  делегет 

ретінде қатысып қайттыңыз. Бұл жиыннан алған 

əсеріңіз қандай?

– Еліміздің Шығыс аймағында ұйымдастырылған 

халықаралық лагерь «Жастардың мəдениетаралық 

сұхбаты – Азиядағы  сенім  негізі»  деп  аталды. 

Палестина,  Қытай,  Ирак,  Түркия,  Əзірбайжан, 

Қырғызстан  елдерінен  белсенді  жастар  келіп 

қатысты.  Лагерьдің  халықаралық  деңгейде  өтуінің 

өзіндік себебі бар. Азияда ықпалдастық жəне өзара 

сенім  шараларын  дамыту  жөніндегі  халықаралық 

кеңестің 

кезекті 

отырысында 

Елбасымыз 

Н.Назарбаев  осынау  əлеуеті  жоғары  кеңестің 

жанынан халықаралық жастар кеңесін құру жөнінде 

ұсыныс айтқан болатын.  Президентіміздің ұсынысын 

кеңес  мүшелері  мақұлдап,  өткен  сəуір  айында 

аталған  халықаралық  жастар  кеңесі  құрылған 

болатын.  Сол  халықаралық    жастар  кеңесінің 

бірінші  отырысы 17 тамыз  күні  Шығыс  Қазақстан 

облысының  Өскемен  қаласында  өтті.  Біз  делегат 

болып  барған  жиынды  да  аталған  халықаралық  

жастар  кеңесі  ұйымдастырды.  Əр  облыстан  түрлі 

салалар бойынша бес делегаттан барды.

Негізгі              іс-шаралар        Риддер      қаласының 

жанындағы 

«Синегорье» 

лагерінде 

ұйымдастырылды. Пікір алмасу, қызықты семинарлар 

қазақ-орыс  тілдерінде  өтті.  Көшбасшылық  қабілет 

пен  тұлғалық  дамытуды  арттыру  мақсатында 

шеберлік  сабақтары  өткізіліп,  əлеуметтік  жобалау 

тренингтері  ұйымдастырылды.  Спорт        түрлеріне 

де  мəн  беріліп,  футбол,  волейболдан  командалық 

жарыстар  өтіп,  ұйымдастырылған  мəдени  іс-

шаралар  да  көңілімізден  шықты.  Бір  сөзбен 

айтқанда  ойымызды,  қабілетімізді  дамытып,  бір 

жағынан  жалынды  жастармен  бірге  демалып, 

тəжірибе алмасып қайттық. Шет елдерден бірнеше 

достар таптық.



– 

Жаңадан 

құрылған 

«Қазақстан-2050» 

Жалпы Ұлттық қозғалысының   облысымыздағы 

жауапты  өкілісіз.  Бұл  қозғалыс  зияткерлік 

ұрпақ  мəселесін  көтеріп  жүрген  жайы  бар.  Бұл 

қозғалыс жөнінде не айтасыз?

–  Данат  Жумин  басқаратын  бұл  қозғалыстың 

алғашқы  форумы  биылғы  маусым  айында  Астана 

қаласында  өтті.  Жиында  қозғалыс  басшылығы 

таныстырылып, 

түрлі 


мəселелер 

қаралды. 

Зияткерлік  ұрпақ  мəселесі  осы  форумнан  кейін 

ұсыныс  ретінде  көтерілді.  Бірақ,  сол  ұсыныс  тиісті 

жерлерден  қолдау  тауып,  алдағы 15-қыркүйектен 

бұл  жоба  жүзеге  аспақшы.  Яғни,  қай  салада 

болмасын  белгілі  бір  биікке  жеткен  тұлға  шағын 

қала, ауылдарға барып, жастармен кездесіп, өзінің 

тəжірибесін  бөліседі.  Түрлі  кездесулер  өткізеді. 

Мұндай жобаның екі тарапқа да пайдасы, оң əсері 

бар деп ойлаймын.

– Облысқа келмей тұрып Жуалы ауданында 

қызмет жасадыңыз. Облыс пен аудан арасында 

нендей ерекшелік байқадыңыз?

–  Иə,  бұл  қызметке  келмей  тұрып,  Жуалы 

аудандық  «Жастар  орталығында»  аға  кеңесші 

болдым. Бұл орталық директорынан кейінгі жауапты 

лауазымдардың  бірі.  Ауданмен  салыстырғанда 

мұнда  айырмашылық  өте  көп.  Бұл – облыс 

аумағы.  Үлкен  адамдармен  байланысасың.  Жаңа 

мүмкіндіктерге  ұмтылыс  бар.  Анығы  көзің  ашыла 

түседі.  Жұмысқа  деген  құлшыныс  бөлек.  Енді  тек 

нəтиже керек. 



–  Елімізде  «Үштұғырлы  тіл»  мəселесін 

дамыту  жайы  айтылып  келеді.  Байқауымызша 

үш тілге де жетік сияқтысыз...

–  Жалпы,  үш  тілділік  мəселесін  қос  қолымды 

көтеріп  қолдаймын.  Себебі,  іргеміздегі  Ресейге 

бара қалсақ, талай ғасырдан бергі көршілерімізбен 

сөйлесуге  тілмаш  жалдап  жүргеніміз  ұят.  Олар 

біздің  экономикалық  одақтастарымыз.  Сондықтан, 

орыс  тілін  білу  шарт  деп  білемін.  Ал,  шетел  

топырағын  басуға  əрбір  жастың  мүмкіндігі  бар 

деп  ойлаймын.  Сонда  аудармашыны  қажет  етпей 

ағылшынша  сайрап  тұрсаң  қандай  жақсы.  Сол 

елдің  адамдарымен  еркін  сөйлесесің,  ең  бастысы 

оларға  қазақ  жастарының  қандай  білімді,  қабілетті 

екенін байқатасың. Қазақта «бір тіл білген бір елдің 

баласы,  екі  тіл  білген  екі  елдің  баласы» – деген 

нақыл  бар.  Үш  тіл  білгеннің  маңызын  осыдан-ақ 

бағамдай  беруге  болатын  шығар.  Б.Момышұлы 

ауылында  Александр  Толстоноженко  деген  орыс 

досым бар еді. Ол мені құрметтегеннен қазақшаны 

жақсы  меңгеріп  кетті,  оның  құрметіне  мен  орысша 

үйрендім.  Тілді  көп  білгеннің  халықаралық  жəне 

ұлтаралық деңгейдегі осындай маңызы бар. 

– Айтыңызшы, қазақ жастарына не жетпейді?

–  Қуанатыным  қазақ  жастарында  осы  күні 

көп  жетістіктер  бар.  Оларда  білім  бар.  Əлемдік 

деңгейде  маңызы  бар  интернетті  де  осы  күні 

менің  замандастарым  дұрыс  пайдалана  бастады. 

Бұрынғыдай  кино  көріп,  музыка  тыңдап  уақыт 

оздырмайды. 

Керекті 


мəліметті 

əлеуметтік 

желілерден  алып,  жаңалықты  білуге  асығып 

отырады.  Бұл  өте  жақсы  қасиет.  Дегенмен,  қазақ 

жастарына  керегі  патриоттық  сезім.  Осы  қасиетті 

бойымызға сіңірсек барлығы дұрыс болады. 



– Республикалық «Жастар кадрлық резерві» 

жобасына қатыстыңыз...

–  Былтыр    бірінші  кезеңінен  өтіп,  екінші 

кезеңінде  жолым  болмады.  Ал,  биыл  да  бірінші 

кезеңінен  өтіп,  екінші  кезеңіне  басқа  жұмыстар 

қарбаласуына  байланысты  бара  алмай  қалдым. 

Бірақ,  республикалық  бұл  жобаға  жылына  бір  рет 

бағымызды  сынауға  мүмкіндігіміз  бар.  Жалпы, 

бұл  жобаның  өзіме  ұнайтын  тұсы  екінші  кезеңнен 

өткендер  ҚР  Президенті  жанындағы  мемлекеттік 

басқару  Академиясында  екі  апталық  тəжірибе 

жинау  курсында  оқуға  мүмкіндік  алады.  Сосын 

министрліктерге  екі-үш  ай  сынақтан  өтулеріне 

болады. Осы мерзім ішінде тыңғылықты ісімен көзге 

түсіп жатса, министрліктерге жұмысқа қабылдануға 

да  мүмкіндіктер  туады.  Жастар  саясатына  деген 

қамқорлықты бұл жобадан да байқауға болады.



–  Бір  кездері  «Алғабасар»  жайдарман 

тобында 

жүрдіңіз. 

Қазір 

жайдарманды 

сағынбайсыз ба?

– Мен негізінен «Алғабасар» жайдарман тобының 

техникалық  жетекшісі болдым. Жайдарман тобының 

аясында  ел  көрдік,  жер  көрдік.  Қалай  ойлауды, 

қалай  сөйлеуді  үйрендік.  Анығы  тəжірибе  жинау 

мектебі  болды  маған. «Алғабасардың»  басшысы 

жəне  Жуалы  аудандық  «Жастар  орталығының» 

директоры  Марат  Нарымбеков  сырлас  дос  ретінде 

мені  жақсы  істерге  үйретті,  жол  көрсетті.  Жалпы 

Жуалы жерінен үйренгенім көп.  



– Отбасың   туралы  айта кетсең...

– Анам  Лəззат та, інім Жəнібек те теміржолшы. 

Інім  екеуміз  де  үйге  ақ  жаулық  түсіріп,  анамызды 

қуанта  алмай  жүрміз.  Мен  20 жасымда  əскерден 

келген соң, Алматы үздіксіз білім беру университетін 

2012  жылы  «Қаржыгер»  мамандығы  бойынша  

бітіргенмін.  Мамандығым  бойынша  бір  күн  де  

жұмыс  істеген  жоқпын.  Жастар  саясатына  бірден 

араласып кеттім.  Оған өкінбеймін,  жолым осылай 

болды.  Басқарма  басшысы  Еркебұлан  Құралбаев, 

облыстық  «Жастар  орталығының»  директоры 

Ерболат  Əмірбеков  менің    жұмысыма  түсіністікпен 

қарап, білмеген жерімді үйретуден жалыққан емес. 

Үйрену үстіндемін, жастар үйренуден жалықпағаны 

жөн.

– Əңгімеңе рахмет.

Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ.

Біздің кітапхана

СУРЕТКЕР МҰРАТЫ

Əлібек ШƏМШІ, облыс əкімдігі жастар саясаты 

мəселелері басқармасы «Жастар орталығы» 

əлеуметтік бағдарламалар жəне жастар 

ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы

Қазақтың 

көркем 

əдебиетінде 



ашаршылық,  қуғын-сүргін  тақырыбы  аз 

жазылған 

жоқ. 

Суреткерлердің 



басты 

мұратынан  туындаған  соқталы  шығармалар 

дүниеге келді. Əдебиет əлбетте өмір айнасы, 

өмірдің  көркем  шежіресі.  Дəстүрлі  аңғарда 

дамыған  қазақ  əдебиетінің  суреткерлік 

қабілеті де жоғары болды. Қашанда талантты 

суреткердің көркемдік əлемі мен ізденіс аясы 

өте  кең  болады.  Белгілі  жазушы-драматург 

Баққожа  Мұқайдың  да  көркемдік  көкжиегі 

кең,  парасаты  биік.  Автордың  қаламынан 

көптеген  шығармалар  туған,  солардың 

бірі  атақты  «Құлдық  ғұмыр»  повесі.  Мұнда 

қанды,  қасапты  отыз  жетінің  зұлматының 

зардабы,  оның  психологияға  тигізген  кері 

əсері баяндалады. Жазушы Жамал кейіпкері 

арқылы  бүкіл  қазақ  əйелінің  басына  түскен 

қасіретті бейнелейді. 

«Оң  жақ  қабырғада  ілулі  тұрған  «ұлы 

көсемнің»  суретіне  көзі  түскен,  ол  жан 

біткендей қозғалып тұрған тəрізденді. Зəресі 

ұшқан  Жамал  басын  жастықтан  жұлып 

алып,  Сталиннің  суретіне  соншалық  бір 

қорқынышпен  жасқана  қарады.  Енді  түсінді, 

перденің  бір  шетінен  қиғаштай  түскен  сəуле 

екен оған жан бітірген. «Ұлы көсем» сол баяғы 

қалпынша  Жамалдан  көз  алмай,  қалт  еткен 

қимылын  бақылап,  түнеріп  тұр.  Кемпірдің 

бойын діріл биледі, иегі кемсеңдеп, көмейіне 

өксік  тығылды. «Ұлы  көсемге»  жалбарына 

қарағанмен  оның  жүзі  жылымады.  Беті  бір 

уыс,  басы  аппақ  қудай,  денесінде  қырым  еті 

жоқ,  кісі  қарайтын  түрі  жоқ  шүкімəй  кемпір 

ұзақ  өксіді».  Жанды  əрі  сенімді  сурет.  Ұлы 

көсем  атанған  шал  талайдың  үмітін  оятып 

еді,  ақыры  сол  үмітін  су  сепкендей  басты. 

Кеңес  өкіметіне  өлердей  сенгендер,  өздерін 

құрбандыққа  даярмыз  деп  есептегендер  

нақақтан құрбан болып кетті. «Құлдық ғұмыр» 

повесіндегі  Аяған  да  сондай  талайсыз 

жанның  бірі.  Аяған  секілді  мыңдаған  қазақ 

ұлдары өліп кетті. Аяғанынан айырылып, қан 

жұтып жүргенде Жамал Илгиз дейтін бір өзге 

ұлттың  жігітімен  танысады.  Автор  Илгиздың 

портретін былайша береді.

«Оның «күн көсемге» деген махаббатының 

күштілігі соншалық, Сталиннің атына айтылған 

бір  ауыз  артық  сөз  үшін  пышаққа  түсуден 

қайтпайтын  еді  ол, «Əлем  халықтарының 

əкесіне» айналып үлгерген «мұртты əулиені» 

құдайдай  көріп,  табынатын  мың-миллион 

жастардың бірі еді Илгиз». Міне, сана осылай 

бұрмаланды. 

Ол 

жігіт 


Сталинге 

шаң 


жуытпайды, бəріне кінəлі Ягода мен Ежов деп 

білетін.  Роза  кемпір  ұлы  Фридрихтің  өліміне 

Гитлерді кінəлі деп есептейді. Қалқабай шал 

мен  оның  қызы  Дариғаның  тағдырлары  да 

аянышты. Олар бəрін немістерден, Роза мен 

Карлдан көрді. 

Əрине  Сталин  атуға  бұйрық  берді. 

Бірақ  үкімді  орындаған  Кеңес  өкіметінің 

асырандылары  еді.  Олар  өкіметтің  семіз 

малайына айналған тексіз тобырлар еді. Қара 

басының қамы мен қызмет үшін, ас-ауқат үшін 

шенділердің  сүмеңдеген  заманы  еді.  Мұның 

барлығы  да  Баққожа  Мұқай  шығармасынан 

кең көрініс тапты. 

Жамалдың  ең  үлкен  арманының  бірі 

Аяғанды  аман  көру  еді.  Оның  ақталып 

шыққанына  куə  болу  болатын.  Бірақ  ол 

бұл  бақытты  басынан  кешірген  жоқ.  Сол 

заманда  мыңдаған  қазақ  əйелі  ерлерінен, 

ұлдарынан  айырылып  қасірет  шекті,  бейнет 

көрді. Көптеген бейнүнə сəбилердің балалық 

шағы  болмады.  Əдебиеттің  негізгі  мақсаты, 

суреткердің  басты  міндеті  заманның  көркем 

шындығын  шежірелеу  болатын.  Қандай 

да  бір  сүйекті  шығармаларда  қоғамның 

бедері,  адамдардың  психологиясы  қылаң 

беріп  тұрады.  Бірақ  қазақтың  басына  түскен 

нəубет,  орыстың  отаршылдық  саясаты  аз 

жазылған  жоқ.  Баққожа  Мұқайдың  «Құлдық 

ғұмыр» повесі осындай күрделі шығармалар 

санатынан.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал