Экономикалық шолу



жүктеу 1.02 Mb.

бет1/10
Дата22.05.2017
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық шолу 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

№4, 2015 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны 



 

Проблемалар мен пайымдаулар 

Ахметжанов Д.М.  Қазақстан Республикасының төлем жүйесін дамыту перспективалары...................3 

Оразалин Р.Ж.  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз 

етудегі рөлі.......................................................................................................................................................8 



Чернявский Д.О.  Долларлану…………………………………………......…………………………………………………………………13 

Әлібекова  А.М.    Өтімділік  тәуекелін  модельдеу.  Екінші  деңгейдегі  банктердің  өтімділік  тәуекелін 

талдауға арналған стресс-тестілеу әдістемесін пайдалану…….......………………………………………………………..21 



Худякова А.В.  Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша филиалдың жұмыс  

әдістері ………………………………………………………………………………………………….......……………………………………………26 



Сугиров Н.А.  Қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың кейбір мәселелері…........…31 

 

Әдістеме 

Құрманиязов Т.Қ.  Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау 

мақсатында банктердегі ішкі бақылауға қойылатын талаптар..................................................................36 



Иманғазина  А.К.  Бірмезеттік  төлемдер.  Қазақстанның  бөлшек  сауда  нарығын  дамыту 

перспективалары...........................................................................................................................................50 



 

Экономика және қаржы нарығы: аймақтық аспектілер 

Абдрахманов К.Т., Смагулов Б.С.  Павлодар облысының кредит және депозит нарығы......................55 

Ермеков  А.Қ.    Атырау  облысының  қаржылық  емес  секторының  кезекті  мониторингінің 

қорытындылары............................................................................................................................................60 



Төлепбергенов  Д.А.    Жамбыл  облысы  экономикасының  нақты  секторы  кәсіпорындарының 

мониторингін жүргізу туралы........................................................................................................................66 



Дан Е.И.  Батыс Қазақстан облысында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту............................71 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақалалар авторларының ой-пікірлері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 

ұстанымымен бір-біріне сай келмеуі мүмкін 

 

 

Қазақстан Республикасының төлем жүйесін дамыту перспективалары 

 

Ахметжанов  Д.М.  –  «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі»  РММ  Атырау 

филиалының бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы – бас бухгалтер. 

 

Төлем  жүйесі  –  төлем  жүйесінің  қатысушылары  арасында  ақша  төлемдері  мен 

аударымдарын 

жүргізуді 

қамтамасыз 

ететін 

рәсімдердің, 

технологиялардың, 

инфрақұрылымдардың, құжаттамалардың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың 

жиынтығы  [1].  Төлем  жүйесінің  дамуы  оның  барлық  бөліктерін  тұрақты  жетілдіру, 

жаңарту  және  өзектендіру  болып  түсiндіріледi.  Бұл  мақалада  қолданылатын  шаралар 

және  басқарушылық  шешiмдердiң  нәтижесіндегі  жағымды  және  жайсыз салдарды 

зерделеу  мақсатында  Қазақстанның  төлем  жүйелерінің  түрлі  бағыттары  бойынша  даму 

перспективалары қарастырылады. 

Төлем  жүйелері  –  қаржылық  нарықтар  инфрақұрылымының  нәтижелілігін 

қамтамасыз  етудің  маңызды  механизмі.  Басқа  да  мағыналы  техникалық  жүйелер  секілді 

тәуекелдерге  ұшыраған.  Төлем  жүйелерiн  құрудағы  кәсiби  емес  жобалаумен  болатын  жиi 

iркiлiстер жағдайында немесе төмен функционалмен, қауіп-қатерге тек жүйеге қатысушылар 

ғана  емес,  сонымен  қатар  елдің  барлық  қаржы  саласы  да  ұшырады.  Осыған  байланысты, 

дамыған,  тиiмдi  және  мемлекеттің  тұрақты  төлем  жүйелері  қаржы  жүйесiнің  жұмысын 

қамтамасыз етедi. 

Қазақстанның  төлем  жүйелерiнің  жүйелiк  мағыналы  төлем  жүйелерінің  Өзекті 

қағидаттарына

1

  (бұдан әрi – Өзекті қағидаттар) өткен он жылдықта жеткен сәйкестiгі соңғы 



саты  болып  табылмайды.  Сонымен  бiрге,  аударылған  қаржы  көлемiнiң  тұрақты  өсуi, 

транзакциялар және елдiң төлем жүйелеріне қатысушылар санының көбеюі, олардың үздiксiз 

жетiлдiруiне және өркендеуіне мiндеттейдi. 

Осы  мақалада  қарастырылған  сұрақтар  шеңберiне  Қазақстанның  төлем  жүйелерiнің 

базалық негiздерi кiрдi – сенiмдiлiк, тәуекелдердi басқару, қауiпсiздiк, қадағалау (оверсайт ) 

және төлем жүйелерi қатысушылары мен операторларының өзара iс-әрекеті.  



Сенiмдiлiк.  Осы  компонент  кез  келген  елдің  төлем  жүйелеріндегi  негізгісі  болып 

табылады. 

Төлем 

жүйесінің 



сенiмдiлiгі 

барынша 


рұқсат 

етiлген 


мерзiмде 

пайдаланушылардың  арасындағы  кепiлдiк  берiлген  ақша  аударуда  аударымдарды  тиiстi 

деңгейде  қорғауды  қамтамасыз  етумен,  сондай-ақ  жүйенiң  жеке  компоненттерiнің 

жұмысының үзіліссіздігімен көрінеді. 

Төлем  жүйесінің  операциялық  сенiмдiлiгі  бағдарламамен  қамтамасыз  ету 

жиынтығының  үздiксiз  жұмысында.  Сондықтан  операциялық  сенiмдiлiктің  деңгейін көтеру 

мақсатында  (соның  iшiнде  ағымдағы  операциялық  күндегі  ақпаратты  өңдеудi  аяқтау  үшiн) 

синхронизацияланылған  резервтегi  жабдықпен  қатар,  үшінші  -  төлем  жүйелерінің  жұмыс 

жасауын  қолдайтын  талғаулы  мүмкiндiктi,  абсолюттi  тәуелсiз  негiзгi  және  резервтегi 

нұсқалары  болуы  қажет.  Бұл  ретте,  төлем  жүйесінiң  жұмыс  компоненттерiнiң  балама 

нұсқасы  резервтегiге  ұқсас  деңгейі  биiк  орнықтылықпен,  технологиялық  дамушылықпен 

және өзектiлiгімен қамтамасыз етілуi тиіс. 

Төлем  жүйесіндегі  операциялық  сенiмдiлiкті  қамтамасыз  етуде  материалдық  емес 

актив  -  бағдарламамен  қамтамасыз  ету  үлкен  рөл  атқарады  (бұдан  әрi  -  БҚ).  Операциялық 

жүйе құрамына, дерекқорды басқару жүйесi  және қолданбалы БҚ енетін  көпфункционалды 

БҚ  өзектiлiкті  жоғалтуға  және  қорғаныштық  деңгейiнің  төмендеуiне  тез  ұшырайды, 

сондықтан ол: 

-  осы  БҚ  сызығында  жаңа  және  бейімделген  тұспалға  (алдын  ала  тестілеу  мiндеттi 

түрде),  

                                                 

1

  Жүйелiк  мағыналы  төлем  жүйелер  үшiн  өзекті  қағидаттар  халықаралық  есептесулер  Банкінiң  төлеу 



және есептi жүйелерi жөнiндегi Комитетімен жасалған және осы саладағы  халықаралық стандарттарға жатады. 

 

-  төлем  жүйелері  ресурстарына  сыртқы/iшкi  пайдаланушылар  жағынан  рұқсат 



етiлмеген қол жеткiзуден ең жоғары қорғаныс дәрежесiне ие болуы керек. 

Көрcетiлген  бағыттардың  өркендеуi  үшiн,  БҚ  жөнiндегi  жаңартулар  және  жаңа 

тұспалдардың шығуына тұрақты бақылау жүргізіп отыру керек. Жаңа және жұмыс жасайтын 

БҚ  сатып  алу  мақсатында  келiсiмшарттарды,  мәмiлелерді  барлық  тараптар  бойынша 

қауiпсiздiк  саясатын  сақтау  туралы  уағдаласқан  және  өздерін  көрсете  білген  iскер 

бағдарламалық  өнiмдердi  өңдеушiмен  шарттар  жасау  керек  (елдiң  төлем  жүйелерi 

ерекшелiгін есепке ала отырып). 

Төлем  жүйесiнің  сенiмдiлiгiне  қызметкерлердің  жоғары  біліктілігінің  үлесі  зор.  Бұл 

ретте,  қызметкерлер тиiстi бiлiмімен және жұмыс тәжiрибесіне ие  болуымен бірге төтенше 

жағдайлардағы  төлем  жүйелерiнің  тиiстi  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  етуге  мiндеттi,  өз 

құзыретi  және  қызметтiк  мiндеттерi  шеңберiнде  әр  түрлi  стресс  жағдайында  дұрыс  шешiм 

қабылдауы керек. Ол үшiн қызметкерлер өз бiлiм деңгейін үнемi жоғарылатуы және жүйенің 

басқа қатысушыларымен үйлесімді жұмыс жасауы керек. Төлем жүйесінiң жеке элементінің 

iшiнде қызметкерлердiң өзара алмасуы міндетті болып табылады. 

Төлем  жүйелерiнің  жұмысында  кездесетін  проблемалық  мәселелерді  анықтау  және 

оларды  жою  мақсатында  кезеңді  тестілеулер  және  жасанды  құралған  шиеленісу 

жағдайларына қатыса алады. 

Тәуекелдердi  басқару.  Төлем  жүйелерінің  даму  деңгейіне  тәуекелдерге  тән  тиімді 

басқару,  яғни  тәуекелді  сәйкестендіру  және  талдау  процесі,  ары  қарай  оларды  жою  немесе 

барынша азайту жөнінде тиісті өлшемдерді қабылдаумен тiкелей ықпал етеді. 

Тәуекелдердi  сәйкестендiру  төлем  жүйесіне  немесе  оның  жеке  элементіне  негативті 

ықпал ететін келеңсiз оқиғалардың тiзiмiн құрастыру болып түсiніледi. Қазақстанның төлем 

жүйелерiнде, басқа елдердегідей, тәуекелдердiң келесi түрлерi теңестiрілген:  

-  өтiмпаздық  тәуекелдiк  (тараптардың  біреуінде  жеткiлiксiздiк  салдарынан  қаржы 

мiндеттемелерiнiң  уақтылы  және  толық  орындалуының  мүмкiн  еместiгі,  бiрақ  әлеуеттi 

ықтималдықпен алған мiндеттемелерді болашақта орындау); 

-  несие  тәуекелдігі  (белгiленген  мерзiмге  және  келешекте  тараптың  қаржы 

мiндеттемелерiн толық орындауының мүмкiн еместiгі); 

-  операциялық  тәуекелдік  (операциялық  қателер,  техникалық  ақаулар  және  тағы 

басқалар  салдарынан  өтiмпаздық  тәуекелдiк  немесе  кредиттiк  тәуекелдiң  пайда  болуы 

(күшеюі)); 

қауiпсiздiк 



тәуекелдік 

(төлем 


жүйесі 

компоненттерiнің 

тұтастығы, 

конфиденциалдығы  және  ашықтығының  төлем  жүйесi  қатысушылары  немесе  үшiншi 

тараптар жағынан бұзылуы); 

-  жүйелік  тәуекелдік  (ықтималдық  тараптардың  бiреуiнiң  өз  қаржы  мiндеттемелерiн 

немесе  төлем  жүйесіндегi  iркiлiстi  орындау  қабiлетсiздiгінің  төлем  жүйесінің  басқа 

қатысушыларының мiндеттемелерiн уақтылы атқармауына әкелу); 

-  құқықтық  тәуекелдік  (төлем  жүйесі  туралы  құқықтық  базаның  дамымауы 

салдарынан өтiмпаздық  немесе несие тәуекелдігінің пайда болуы (күшеюі)) [1]. 

Төлем  жүйесі  тәуекелдерiн  нәтижелi  талдау,  тәуекелдерді  ауқымды  ықтималдық 

бағалау  үшiн  бар  деректердi  жүйелi  түрде  пайдалану  оның  кемшiлiктерi  және  салдарын 

үнемі  барлап  байқау  үшін  керек.  Талдау  әр  түрлi  тәуекел  өткiзген  жағдайдағы  барынша 

зиянды  анықтауы,  сонымен  бiрге  (әдiстi  таңдаумен  және  әсердiң  тетiктерi)  тәуекелмен 

басқару механизмін анықтауы керек. Бұдан басқа, тәуекелдердi талдау уәкiлетті тұлғалардың 

тиiмдi және уақтылы шешiмдерiнiң ары қарай қабылдануына мүмкiндiк туғызады. 

Жүйенің  осы  компонентінiң  маңызды  факторы  тәуекелді  бағалаудың  сапалы  және 

сандық  талдауы  болып  табылады.  Ең  алдымен  сапалық  талдау  тәуекелдердiң  пайда 

болуының  жағдайларын  анықтауы  және  олардың  негіздерін  бағыттауы  керек.  Сапалық 

талдаудың нәтижелерiн бiр немесе тәуекел тобының шама мәндерiнiң есептеулерi жолымен 

орындалатын  сандық  талдауды  жүзеге  асыру  үшiн  бастапқы  деректер  түрiнде  қолдануға 

болады  және  т.б.  Талдаудың  осы  әдісін    елдің  төлем  жүйелеріне  қолдана  отырып, 



 

халықаралық  тәжiрибедегi  өзі  кепiлдеме  берген  әдiстерді  қолдану  керек:  аналитикалық, 



статистикалық  әдiс,  сараптау  бағалау  әдiсі  және  ұқсас  әдiстер.  Бұл  ретте,  тәуекелді 

бағалаудың  әр  түрлі  түсіндірілуі,  олардың  бiрыңғай  жiктелуiн  түсiндіредi  –  төмен  (рұқсат 

етiлген), орташа (сыни), жоғары (рұқсат етілмеген). 

Тәуекелдердi басқаруда тәуекелдерді азайту немесе жою, олардың мониторингi және 

бақылау  жөнiнде  тиiстi  шешiмдердiң  қабылдануы  өзекті  аспектi  болып  табылады.  

Көрcетiлген әрекеттер келесi дәйектiлiкте орындалуы керек: 

- тәуекелдердi басқару (әдiс және әсердiң тетiктерi) механизмін таңдау

- таңдалған стратегияны іске асыру

- нәтиженi бекiту. 

Тәуекелдердi  басқару  механизмін  таңдауда  жою  немесе  барынша  азайту  салдарын, 

олардың  пайда  болу  мүмкiндiгінің  әр  түрлiлiгіне  байланысты  оны  бiрыңғай  формуламен 

iрiктеп  алудың  болмайтынын  түсiну  керек.  Төлем  жүйелерi  тәуекелдерiнiң  келтiрiлген 

түрлерi бөлігінде, келесi жiктеу: рұқсат етiлген - құқықтық тәуекел, сыни - өтiмпаздық және 

несие  тәуекелдiктері,  рұқсат  етілмеген  –  қауiпсiздiк,  операциялық  және  жүйе  тәуекелдерi. 

Осылайша,  басқарушылық  шешiмдердi  қабылдауда,  басымдық  қауiпсiздiк,  операциялық 

және жүйелік тәуекелдеріне берiледi. Қабылдау барысында әр түрлi өлшемдердiң екпiндерiн 

ары қарай қою (жоғары бағалаудан төменге дейін) тәуекелдердiң түрлерiн жiктеумен тiкелей 

байланысты. 

Төлем  жүйелеріндегі  тәуекелдердi  басқаруда  уәкiлетті  тұлға  қабылдаған  бақылау 

шаралары  ерекше  рөл  атқарады:  алдын  ала,  түзету,  табылу  өлшемдері.  Төлем  жүйесі 

тараптарының барлық ынталы адамдары үшiн өте қолайлы өлшем жеке алғанда тәуекелдердi 

ескертуге бағытталған әрекеттердiң кешенi – алдын ала ескерту шаралары болып табылады. 

Алдын  ала  шараларды  бақылау  шараларының  басқа  түрлерiмен  салыстырғанда 

артықшылығы,  әлеуеттi  тәуекелдерді  олар  жүзеге  асырылғанға  дейін  анықтау  мүмкiндiгін 

көрсетедi.  Егер  (соның  iшiнде  деректердің  тұтастығының,  конфиденциалдығының  және 

ашықтығының  бұзылуы)  жүйенің  қауiпсiздiк  саласында  тараптардың  өз  қаржы 

мiндеттемелерiн  уақытында  және  толық  орындамау  жағдайларына,  азғантай  iркiлiстердi 

қоспағанда жалпы бақылау орнатылса, төлем жүйесінiң тәуекелдерiнің алдын алу шаралары 

оң нәтиже бередi. 

Тәуекелдердiң  аталған  түрлерiне  қатысты  қабылданған,  қабылдаушы  тұлғалар 

жауапкершiлiк  алатын,  басқарушылық  шешiмдер  нақты  салдарға  әкелетінін  есепке  алу 

маңызды.  Қабылданған/қабылданбаған  шаралардың  әсері,  тәуекелдердiң  салдары  және 

анықтау дәлдiгінiң арасындағы тiкелей өзара байланыс туралы ұмытпау керек, сондай-ақ сол 

өлшемдердiң  тәуекелге  қарсы  мiндеттерiн  және  тағы  басқа  талап  әрекеттерін  белгiлейтiн 

нормативтiк  құжаттың  бар  болуы  кез  келген  мемлекетке  тиiмдi  төлем  жүйе  тәуекелдерiн 

басқаруға тән мүмкiндiк туғызады. 

Тәуекелдердiң әр түрлi типтерінің салдарынан сақтап қалу, зиянның барынша азаюы 

және  төлем  жүйелерінiң  төңiректегi  қазiргi  әлемнiң  болмысына  сәйкес  келуi,  бағытталған 

ескертпе әрекеттер өзара тұрақты болуы керек. 

Қауiпсiздiк.  Жоғарғы  технологиялар  дәуiрiнде  төлем  жүйелерінің  компоненттері 

өзектiлiгiн ешқашан жоғалтпайды. Төлем жүйелерiнің қауiпсiздiк деңгейінiң өркендеуi оның 

тәуекелге  тән  ықтималдық  дәрежесiнен  және  салдар  ауқымының  өткiзу  жағдайынан 

басталады. Сонымен бiрге, төлем жүйесінің әр түрлi элементінің әлсiз орны қандай аспектте 

екенін, жүйе қауiпсiздiгінiң осал және қауіпті факторларының бар болуын анықтау керек. 

Өзекті  қағидаттарға  сәйкес  ресми  ресiмделген  және  айқын  нақтылы  қауiпсiздiк 

аясындағы саясат төлем жүйелерi қауiпсiздiгінің негізі болып табылады. Мысалы, қауiпсiздiк 

саясаттың негiзгi критерийлері күшiн жою, ашықтық, есеп берушiлiк, конфиденциалдылық, 

толықтық,  тең  заңды  болу,  мүмкiн  еместiк  саналы  коммерциялық  стандарттарға  сәйкес 

болуы  керек.  Олардың  бөлшегi  төлем  жүйесінің  ерекшеліктеріне,  оның  жұмыс  саласына 

және оны пайдаланушылардың қажеттiлiктерiне тәуелдi болады, сонымен қатар оператордың 


 

жүйесiне,  қатысушыларға,  клиенттерге  және  қадағалау  органдарына  сенiм  қалыптастыру 



үшiн жеткiлiктi қатаң болуы керек [3].  

Төлем жүйелерінің қауiпсiздiгін өркендету жөнiндегi қарқынды жұмыстың бағыты: 

- оның қатысушыларының арасындағы жүйе қауiпсiздiгі жауапкершiлiгiнің салаларын 

шектеу; 


-  жүйе  қауiпсiздiгiнiң  барлық  құрамын  нығайту  (әрбiр  құрамға  жеке  ықпал  етумен 

оның өркендеуі және жетiлдiруi жөнiнде); 

- қауiпсiздiк тәуекеліне қатысты бағалы талдауды және тағы басқа шараларды жүзеге 

асыру. 


Жүйенің осы компонентінің маңызды құрамы ақпараттық қауiпсiздiкпен қамтамасыз 

ету  -  ақпаратты  қорғау  жөнiндегi  ұйымдастыру-техникалық  шаралардың  жиынтығы  және 

төлем жүйелерін және оның қатысушыларын қасақана немесе қасақана емес залал келтiруден 

қорғайтын инфрақұрылым болып табылады. Ақпараттық заң ережесiнің негiзгi қасиеттеріне, 

құпиялылық,  ашықтық  және  тұтастық,  сүйене  отырып,  ақпараттық  қауiпсiздiк  деңгейін 

жетiлдiру қажет. 

Төтенше  жағдайдан  болған  ақпараттық  қауiпсiздiк  қаупі  кезінде,  жұмысты  әдеттегі 

қалпына келтiруге бағдарланған жүйенiң ресурстарын (негiзгi немесе резервтегi) пайдалану 

түрінен тәуелсiз игерiлген әрекеттер жоспарының бар болуы мiндеттi. 

Ақпараттық  қауiпсiздiкті  көтеру  үшін  алдыңғы  жұмыс  шегiнiмi  жөнiндегi  БҚ 

мүмкiндiгінен  тысқары,  оның  сәтсiз  жаңаруы  немесе  ауысым  жағдайда  керек  тұспалға  тез 

қайтаруы мақсатында белгiлi датаға немесе уақыт аралығына (ай, тоқсан, жыл) дерекқордың 

қосымша көшiрмелерiнiң бар болуы артық етпейді. 

Бұдан  басқа,  қауiпсiздiктің  барлық  элементтері  қаржылық  нарықтың  бизнес-

ортасының  өзгерістерін,  төлем  жүйелері  реформаларын  немесе  басқа  өзгерістерін  күтпей 

жүйелі түрде тестілеуден өтуі керек. 



Қадағалау (оверсайт) және қатысушылар мен төлем жүйелері операторларының 

өзара  iс-әрекет  деңгейі.  Төлем  жүйелерін  сапалы  қадағалау  негiзiнен  тұтастай  алғандағы 

жүйенің  тиiмдiлiгі  және  сенiмдiлiгіне  жұмылдырылуы  керек.  Халықаралық  тәжiрибеде  бұл 

рөл  еліміздің  орталық  банкіне  жүктелген.  Қазақстанда  да  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

Банкiне  бірқатар  мiндеттер  жүктелген,  солардың  бірі  -  төлем  жүйелерінің  жұмыс  жасауын 

қамтамасыз  ету.  Ұлттық  Банк  Қазақстан  Республикасы  аумағындағы  төлемдер  және  ақша 

аударымдар,  төлем  жүйелерінің  жұмысын  жүзеге  асыру,  тиiмдiлiк  және  сенiмдiлiкті 

қамтамасыз  етуге  бағытталған  нормативтiк  құқықтық  актiлерді  қабылдайды.  Төлем 

жүйелерін  қадағалау  (оверсайт)  -  Ұлттық  Банк  төлем  жүйелерінiң  Қазақстан  республикасы 

заңнамасымен  реттелген  тиiмдi,  қауiпсiз  және  үздiксiз  жұмыс  жасауды  қамтамасыз  ету 

мақсатында  iске  асатын  қызметi.  Одан  басқа,  Ұлттық  Банк  өкiлеттiктерiнiң  және 

функцияларының  тізбесіне  пайдаланушылар  арасындағы  ақша  аударымдарын  өткiзуді 

қамтамасыз  ететiн  төлем  жүйелерімен  банкаралық  ақша  аударымдарының  қазақстандық 

теңгеде  жүзеге  асыру,  банкаралық  клиринг,  қадағалауды  (оверсайт)  реттеу  және  жүзеге 

асыру  кiредi  [1].  Төлем  жүйелерін  қадағалау  аясындағы  негiзгi  векторлар  жаңа  төлем 

құралдары  туралы  кiрiспе,  жүйенiң  техникалық  мүмкiндiктерiнiң  өркендеуi,  тұтынушы 

құқығын қорғау жөнiндегi үздiксiз жұмыс және заң шығарушылық қызмет болып қалады. 

            Қатысушылар  және  төлем  жүйелерінің  операторлары  арасындағы  тығыз  байланыс 

оның өркендеуiне мүмкiндiк туғызады. Бұл ретте өзара iс-әрекет реверстiк болуы керек, яғни 

тараптардың  өзара  бастамасы  -  жүйе  қатысушыларының  қарсы  бағытының  болуы. 

Тараптардың  мұндай  өзара  iс-әрекетi  жүйеге  сенiм  білдіруге  және  болуы  мүмкiн 

тәуекелдерден  нақты  қорғанышты  сезінуге,  сонымен  қатар  төлем  жүйесінiң  жеке 

элементтерiнің қалған шешілмеген сұрақтарын айқындауға мүмкiндiк бередi. 



Қорытындысында  атап  өтсек,  ғасырдың  соңғы  ширегінде  егеменді  мемлекет 

ретіндегі  Қазақстанның  тарихымен  байланысты,  төлем  жүйелерінің  өркендеуінiң 

төңiрегiнде  ауқымды  жұмыстар  атқарылған,  үлкен  сенiмдiлiк  пен  ел  iшiнде  және  оның 

шегiнен  тыс  қауiпсiздiк  төлемдер  мен  ақша  аударымдарын  қамтамасыз  еткен,  сонымен 

 

бірге  «Төлемдер  және  ақша  аударымдар»  туралы  Қазақстан  Республикасы  заңын  қоса 



алғанда  бірқатар маңызды нормативтiк құқықтық актiлер жасалған. Мемлекеттiң төлем 

жүйелерiн  өркендету  жұмысы,  жетiстiктерге  жетсе  де,  әлі  де  жалғасын  таба  бермек. 

Төлемдер  және  ақша  аударымдар  төңiрегiнде  кең  көлемдегі  мүмкiндiктер  пайда  болды. 

Қазіргі мезгілде төлем жүйелерін дамытудың жаңа перспективалары ашылды. Болашақта 

Ұлттық  Банк  төлем  жүйесiн  барлық  қатысушылардың  мүдделерiн  есепке  ала  отырып 

жетiлдiруді  және  дамытуды,  халықаралық  стандарттарға  барынша  сәйкес  болуын 

қамтамасыз етуді жоспарлайды. 

 

 

      Әдебиет тізімі: 

1.

 

Қазақстан 



Республикасының 

Ұлттық 


Банкі 

Басқармасының 

«Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Банкі  не  оның  еншілес  ұйымы  операторы  болатын  төлем 

жүйелерінің  жұмыс  істеу  қағидаларын  бекіту  туралы»  2012  жылғы  24  тамыздағы  №265 

қаулысы; 

2.

 

Core  Principles  for  Systemically  Important  Payment  Systems  (Жүйелі  маңызды  төлем 



жүйелерінің  өзекті  мәселелері).  Дайындаушы:  Халықаралық  есептеу  Банкінің  төлем  және 

есептеу жүйесі Комитеті (www.bis.org/cpmi/publ/d43.pdf); 

3.

 

Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  30  наурыздағы  №2155  «Қазақстан 



Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы; 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал