Экологиялық менеджмент



жүктеу 53.96 Kb.
Дата10.11.2022
өлшемі53.96 Kb.
#23658
Экологиялық менеджмент
Жалақы

Экологиялық менеджмент

Кант Анель, Акжолбай Самал

ТОП-20-18 Типо

Экологиялық менеджмент түсінігі

  • ISO 14000 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі – жалпы менеджмент жүйесінің бір бөлігі, оған ұйымның құрылымы, қызметті жоспарлау, жауапкершілікті бөлу, тәжірибелік жұмыс, сондай-ақ экологиялық саясатты, мақсаттарды және міндеттерді әзірлеуге, ендіруге, оларды іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға және оларды жетілдіруге қажетті рәсімдер, үрдістер және ресурстар кіреді. ISO принциптеріне сәйкес жасалған экологиялық менеджмент жүйесі кәсіпорынның экологиялық аспектілерін басқару үрдісін жетілдіруге жәрдемдеседі, ал бұл өз алдына қуат пен шикізатқа, қалдықтарды қайта өңдеуге және пайдаға асыруға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға септігін тигізеді. Кәсіпорынның экологиялық қызметін толығымен қадағалаудың арқасында келеңсіз жағдайлардың пайда болу қаупі төмендейді, осындай жағдайларға байланысты болатын шығындар айтарлықтай қысқартылады.

Экологиялық менеджмент жүйесінің құжаттары

  • ЭМЖ негізгі нормативтік құжаттары «Экологиялық менеджмент жүйесі жөніндегі басшылық» және «Экологиялық менеджмент жүйесін жоспарлауды басқару» стандарты болып табылады. Қоршаған ортаға әсер етудің алдын алу және азайту мақсатында «KEGOC» АҚ 2008 жылға арналған экологиялық бағдарламасы әзірленді.
  • 2008 жылы ЭМЖ дамыту мақсатында «Өндіріс қалдықтарын басқару» ұйым стандарты әзірленді және бекітілді.
  • 2008 жылы экологиялық менеджмент жүйесі шеңберінде және экологиялық заңнама талаптарына сай ЖЭТ филиалдарында «KEGOC» АҚ 2008 жылға арналған экологиялық бағдарламасында мынадай іс-шаралар орындалды:
  • аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарымен «Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау» жобасы, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шығарындылары (ШРШ) және шекті рұқсат етілген төгінділері (ШРТ) нормативтері, қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері келісілді;
  • өндірістік қызметтің экологиялық мониторингін жүргізуге шарт жасалды;
  • мамандандырылған полигондарда қатты тұрмыстық және басқа да қалдықтарды, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қоймалауға және құрамында сынап бар өңделген шамдарды шығаруға шарт жасалды

Экологиялық менеджмент жүйесінің мақсаттары

Кәсіпорындар қызметінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту;

кәсіпорындар қызметінің экологиялық тиімділігін арттыру;

кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру;

  • шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайту және оларды қайта өңдеу.

Экологиялық менеджмент жүйесінің міндеттері

Компанияның кәсіпорындар қызметінің экологиялық аспектілеріне байланысты болатын экологиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындауға негіз болатын Компания принциптері мен міндеттемелері сипатталатын экологиялық саясатты әзірлеу және қабылдау.

Экологиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар мен іс-әрекеттерді реттеуге және жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін экологиялық қызметті жоспарлау.

Ішкі және сыртқы экологиялық қызметті ұйымдастыру. Бұл міндеттің мәні – тұтынылатын материалдық және энергетикалық ресурстардың көлемін және шығарылатын ластаушы заттардың көлемін (атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың, қалдықтардың, тұтынылатын аса зиянды заттар мен материалдардың көлемін, т.б.) барынша азайтуға бағытталған, жоспарланған және жоспарланбаған (қосымша) іс-әрекеттер мен іс-шараларды жүзеге асыру.

Қызметкерлерді ынталандыру, бұл қызметкерлерді қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану қызметіне кірістіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын жұмысының жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуын алдын ала анықтау мақсатында ішкі экологиялық мониторинг және экологиялық қадағалау жүргізу.

  • Экологиялық қызметтің нәтижелерін талдау және бағалау. Көрсеткіштерді таңдау, деректерді жинау және талдау арқылы, экологиялық тұрғыдан кәсіпорын нәтижелілігінің критерийлері жөніндегі ақпаратты бағалау, есептілік дайындау және ақпаратпен алмасу арқылы, сондай-ақ үнемі осы үрдісті қарастыру және жетілдіру арқылы ұйымның экологиялық тұрғыдан нәтижелілігіне қатысты басқару жөніндегі шешімдерді қамтамасыз ету функциясы.

Экологиялық менеджмент жүйесінің ендіру кезеңдері

Бастапқы жағдайды бағалау;

Экологиялық менеджмент жүйесін ендіруді жоспарлау;

Мақсаттар, міндеттер қою және бағдарламаларды әзірлеу;

Мониторингжүргізу (бақылау жүйесі);

Нәтижелілігін бағалау;

  • Экологиялық менеджмент жүйесіне ішкі аудит жүргізу.

Экологиялық менеджмент жүйесінің артықшылықтары

Компания беделінің өсуі

апат жағдайларын басқару

заңнамадағы өзгерістерге жеңіл бейімделу

бақылау органдары тарапынан айыппұлдар санын азайту

  • тендерлердегі басымдылық

жүктеу 53.96 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет