Екінші шет тілін оқытудың тиімді жолдары



жүктеу 46.27 Kb.

Дата17.04.2017
өлшемі46.27 Kb.

Екінші шет тілін оқытудың тиімді жолдары

 

 



Раушан Смағұлова 

ҚМЭБИ,


 

Тілдер орталығы 

raushans@kimep.kz

 

 



Абстракт

 

 



Мақалада ағылшын тілін меңгерген студенттерге неміс тілін екінші шет тілі ретінде  (Deutsch als zweite

 

Fremdsprache)  оқытып  -  үйретуде  тиімді  нəтижелерге  жеткізетін  əдістер  жайлы  сөз  болады.  Атап 



айтқанда,

 

біз  тіл  оқыту  барысында  шет  тілін  жеделдетіп  оқыту  əдістемесін  (интенсивная  методика 



обучения  иностранному  языку)

 

қолдану  мəселесіне  тоқталмақпыз.



 

Мақалада  аталмыш  əдістеменің 

шет тілін үйретуде сабақ барысын жандандыратын бізге аса қажетті ұтымды тұстары

 

айқындалады.



 

Мақаланың жазылуына тікелей өз тəжірибеміз,

 

яғни қазіргі жасалып жатқан жұмыстар арқау болды.



 

 

Тірек  сөздер:



 

екінші  шет  тілі,



 

жеделдетіп  оқыту



 

əдістемесі,оқу  барысының  белсенділігін 

арттыру,

 

неміс


 

тілін үшінші тіл ретінде оқыту (Deutsch als Tertiärsprache)

 

 

1. Кіріспе



 

 

Бəрімізге белгілі қазіргі таңда ағылшын тілі шет тілі ретінде бүкіл дүние жүзінде дерлік 



оқытылады.

 

Дегенмен де Еуропа Одағының құрылуына байланысты неміс тілін де шет тілі 



ретінде оқып-

 

үйрену негізгі мəселенің бірі десек қателеспеген болар едік.



 

 

Біздің қазіргі жұмыс істеп жатқан аудиториямыз ағылшын тілін меңгерген студенттер.



 

Енді олар 

неміс  тілін  екінші  шет  тілі  ретінде  (Deutsch  als  zweite  Fremdsprache),

 

егер  ана  тіліне  қатысты 



айтатын болсақ үшінші тіл ретінде (Deutsch als Tertiärsprache)

 

оқып -



 

үйренеді.

 

 

Германия тіл мамандары неміс тілін ағылшын тілінен кейінгі екінші немесе үшінші тіл ретінде оқытып 



-

 

үйретуге арналған көптеген оқулықтар (Hufeisen et al., 2003), (Vicente et al., 2009),



 

əдістемелік құралдар

 

(Lehrerhandreichungen  und  Kopievorlagen,  2006)  басып  шығаруда  жəне  осы  мəселеге  байланысты 



семинарлар  (Lehrerhandreichungen  und  Kopievorlagen,  2010),

 

дөңгелек  үстелдер  ұйымдастыруда 



(Bechert

 

A., 2010).



 

 

Əрине,



 

біздің жағдайымызда жеделдетіп оқыту əдістемесін толық түрде қолдану шарт деп айта 

алмаймыз,

 

десек  те,



 

бұл  əдістеменің  кейбір  элементтерін  екінші  шет  тілін  оқытып  -үйретуде 

қолдану арқылы біраз жетістіктерге жетуге болады деген ойдамыз.

 

 



2. Əдістеменің екінші шет тілін үйрету барысында қолданылу тиімділігі

 

 



Жұмыс барысында біз жеделдетіп оқыту əдістемесінің негізгі үш бағытына сүйенеміз:

 

 



 

уəждеме (мотивация)



  

 



 

рөлдік ойындар 

 

 



 

қатысымдық бағыт (коммуникативная направленность)

  

 

Жеделдетіп  оқыту əдістемесі ең  алдымен  қарым-



 

қатынастың  уəжделуіне сүйенеді.

 

Қарым-қатынас 



туындатудың шарттары:

 

психологиялық кедергінің болмауы,



 

қандай жағдайда да тіл арқылы араласа 

білу,

 

қате  жасаудан  қорықпау.



 

Қарым  –


 

қатынастың  уəжделуі  тіл  үйренушілердің  өздері  үйреніп 

жатқан тілде сөйлеуіне тиімді жол ашады (Китайгородская Г., 1986).

 

 



Аталмыш  əдістеменің  тағы  бір  негізгі  бағыты  –

 

рөлдік  ойындар.



 

Сабақ  барысында  рөлдік 

ойындарды өткізуге дайындалу маңызды.

 

Оқытушы ойынның барысын алдын ала ойластырып,



 

ойын  мүшелерінің  əрқайсысына  карточкалар  дайындап,

 

рөлдерді  үлестіреді.



 

Сонымен  қатар,

 

сабақтың  тек  ішкі  мазмұны  емес,



 

сонымен  қатар  сабақтың  сыртқы  жағы  да  маңызды,

 

яғни 


аудиторияны,

 

қажетті реквизиттерді,



 

техникалық құралдарды тб.

 

дайындау оқытушы тарапынан 



ыждахаттылық пен орасан еңбекті талап ететіні сөзсіз.

 

 



Жалпы тіл үйретуде рөлдік ойындарды пайдалану өте тиімді əдіс болып табылады.

 

 



Сабақ  барысының  қарым-қатынасқа  бағытталуы  -

 

жеделдетіп  оқыту  əдістемесінің  басты  қағидасы.



 

Негізі  тіл  оқыту  тəжірибесінде  тіл  үйренушілердің  қатысымдық  құзіреттілігін  дамыту  аса  маңызды.

 

Кейде біз,



 

тіл үйретушілер,

 

сабақ барысында студенттердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге тым көп



 

 

 



136

 


көңіл  бөлеміз  де,

 

тіл  үйренушілерді  сөйлеуге,



 

сол  тілде  араласа  алуға  машықтандыру  назардан 

тыс  қалып  жатады.

 

Шет  тілін  оқытып  -



 

үйретуде  сабағымызды  қатысымдық  құзіреттілігін  дамыту 

мақсатына бағыттау бүгінгі таңның өзекті əрі маңызды мəселесі (Schmidt, R., 2001).

 

 



Екінші

 

шет тілін оқытып-үйретуде  біз тіл үйренушілердің  ана тілі мен  бірінші  шет тілін үйренгенде 



алған  білімдеріне  сүйенеміз.

 

Екінші  шет  тілін  үйретуші  оқытушының  тіл  үйренушілердің  білетін 



бірінші  шет  тілінен  хабардар  болуы  əбден  абзал.

 

Сабақ  барысында  тілдерді  салыстыру  тіл 



үйренушілердің  талдау  жасау,

 

тұжырымдай  білу  қабілеттерін  дамытады.



 

Студент  үйреніп  жатқан 

тілінің  кейбір  құбылыстарын  өз  ана  тілінің  немесе  бірінші  үйренген  шет  тілінің  құбылыстарымен 

салғастыра отырып,

 

өзінше тұжырымдар жасайды. (Акулова О., 2007)



 

 

Мақаланы  жазу  барысында  жеделдетіп  оқыту  əдістемесі  мəселесіне  арналған  арнайы  əдебиетке 



шолу  жасалып,

 

əдістеменің  ұтымды  жолдары  сараланды.



 

Сонымен  қатар,

 

аталмыш  оқыту 



əдістемесі  өз  тəжірибемізде,

 

яғни  тіл  оқыту  барысында  басқа  да  əдістеме  түрлерімен 



салыстырылып,

 

жан-жақты талданды.



 

 

3. Нəтиже

 

 

Жеделдетіп оқыту əдістемесінің ұтымды тұстарын шет тілін оның ішінде екінші шет тілін оқу барысында 



қолдану  тиімді  жетістіктерге  жеткізді.

 

Себебі  студенттердің  шет  тілін  оқып-үйрену  тəжірибесі  бар  жəне 



ағылшын  жəне  неміс  тілдері  туыстас  тілдер  болып  табылады.

 

Десек  те,



 

ұқсас  тілдер  оқытылғанда 

интерференция құбылысын естен шығармаған абзал (Карлинский А., 2009).

 

 



4. Қорытынды

 

 



Шет  тілдерін,

 

атап  айтқанда  екінші  шет  тілін  оқытып-үйрету  барысын  анағұрлым  тиімді  əрі  қызықты,



 

сонымен қатар нəтижелі өткізу мақсатында жеделдетіп оқыту əдістемесінің кейбір элементтерін қолдану 

тіл оқыту саласында өзінің лайықты орнын тапқан мəселе деп тұжырымдаймыз.

 

 



Пайдаланылған əдебиеттер

 

 



Bechert, A. (2010). Deutsch in Kasachstan Rundbrief Nr,18 /11. Almaty: Goethe-Institut

 

 



Hufeisen,G., Neuner G.(Hrsg.) (2003). Mehrsprachigkeitskonzept-Tertiärsprachen-Deutsch nach Englisch,

 

 



Strasbourg: (Council of Europa Publisching)

 

 



Lehrerhandreichungen und Kopievorlagen (2006). „Deutsch nach Englisch“für den Anfangsunterricht, Deutsch ist 

easy!, Hueber Verlag,Ismaning

 

 

Lehrerhandreichungen und Kopievorlagen (2010). Tertiärsprachendidaktik-Deutsch.com, Fortbildungsseminar 



unter der Leitung von A. Sass, Almaty: Goethe-Institut

 

 



Schmidt, R. (2001). Kommunikative Fremdsprachendidaktik- Theоrie und Praxis in Deutsch als Fremdsprache

München: Iudicium Verlag hrsg. von Hermann Funk und Michael König

 

 

Vicente, S., Cristache, C., Neuner, G., Pilypaityte, L. (2009). Deutsch .com 1,Lehrbuch für Deutsch nach 



Englisch, Hueber Verlag, Ismaning

 

 



Акулова,О. (2007).

 

Французский язык как второй иностранный.



 

 

Карлинский А.Е.



 

Методология и парадигмы современной лингвистики.

 

Алматы,2009.- 352с.



 

 

Китайгородская Г.А.



 

Методика интенсивного обучения иностранным языкам.

 

М., 1986.



 

С.40.


 

http://webcache.googleusercontent.com/search

 

 



В данной статье речь пойдет об использований эффективных путей преподавания второго 

иностранного языка (немецкого языка)

 

в процессе обучения студентов уже владеющих английским.



 

 

The article will discuss efficient ways of teaching German as a foreign language to students who already have a 



good command of English.

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал