Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қару-жарақ сияқты қажетті заттармен қамтамасыз еткендердің қатарында әйелдердің бар екені айтпасақ та белгілі



жүктеу 1.2 Mb.
бет1/5
Дата08.11.2022
өлшемі1.2 Mb.
#23511
  1   2   3   4   5
материал Динара

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қару-жарақ сияқты қажетті заттармен қамтамасыз еткендердің қатарында әйелдердің бар екені айтпасақ та белгілі. Олар елде қалған қарттарына қарайласып, бала-шағаның қамын ойлап, майдандағы жақындарынан жырақ жүрсе де жеңіс туын желбіретуге зор үлес қосты. Сондай нәзік жандылардың бірі – тыл еңбеккері Зәкен Сығаева. 98 жастан асқан кейуана бүгінде Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында тұрады. Сұм соғысты әлі күнге дейін санасынан өшірмеген әжеміз өткен күнге көз тастап, ескірмеген естеліктерін бөлісті.



Egemen Qazaqstan



Зәкен Зарықпайқызы – Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауда­­нының тумасы. 1923 жылы, қазақтың әз Наурызы тойланатын 22 наурызда дүниеге келген. Ата-анасы қолөнерге жақын шебер адамдар болған. Зәкен әжемізге де осы қасиеттер әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған десек, артық айтқандық емес. Әлі күнге дейін құрақ көрпе, сырмақ тігумен айналысады.
Әкесінен екі жасында айырыл­ған Зәкен әжеміз бүгінде соғыс жыл­дарын да, оған дейінгі күн­дер­ді де ауыр күрсініспен еске алады.
«Ауылдан 5-6 шақырым жер­­де орналасқан мектепке сай-сайды аралап, тау-тасты кезіп жаяу барып-келіп оқитынбыз. Ал­ға­­шында латын тілінде, кейін 5 сыныпқа көшкенде орысша білім алатын болдық», деп апамыз ба­лалық шаққа саяхат жасап, қан майдан басталған кезеңді былай еске алды:
«Соғыс басталған кезде бүкіл ел азаматтары қару асынып, Отан қор­ғауға аттанды. Ел-жұрт болып азан-қазан күйде абдырап қалдық. Ауылда өңкей кемпір-шалдар мен алапат алаңына жарамсыз жандар ғана қалды. Біз соларға бас-көз бо­лып, азаматтардың амандығын тіледік.
Тылдағыларға ауыртпашылық бірден түсті. Сынаққа төзіп, шың­дала білді. Зәкен апамыздың әп­кесі киім тігумен айналысса, ана­сы алаша тоқып, тері илеп, шұлық, қолғап тоқыған. Олардың бар­лығын соғысқа аттанған аза­маттарға жіберіп отырды. Осы­лай­ша қарулы ұрысқа жарамайтын­дар жауынгерлерін керек-жа­рақтармен жабдықтаған.
Уақыт өтіп, тірі адам тіршілігін жасайтын шақта Зәкен әжеміз «Ал­тай золото» деген өндіріс орнын­да қызмет істеді. Онда алтын қазып, ел қатарлы еңбек етті.
Кен орнында таңнан күн батқанға дейін аяғымызбен тік тұрып, ұзын етіктен ызғар қарып өтсе де шыдадық. Қымбат металды ағаш астауда жуып таза­лап, ке­рексіз артық заттарын сынап ар­қылы бөліп отырдық. Кейін со­ғысқа қажетті алтынның ор­нына қола өндіретін іске де кіріс­тік. Демалмай, үздіксіз жауапты мін­детті бұлжытпай орын­дадық. Тыл­да осылайша еңбек еттік. Біз жақсы жұмыс атқарған сайы­н көп қиыншылық артта қа­лып, жа­қындарымыз тезірек оралып, аңсап күтетін жеңіс күніміз жақын­дайтындай көрінетін», дейді тағы да бір ғасырға аяқ бас­қан әжеміз көрген қиын күндерін еске алып.
Соғыс жылдары Зәкен Сығаева еңбек еткен өндіріс орнында ра­диохабарлағыш жұмыс істеп тұр­ған екен. Құрылғы анда-санда майдан даласынан жаңалық таратып, кеншілерді атыс-шабыстың ортасындағы жағдайдан хабардар етіп отырған. Әжеміздің айтуынша, бір күні «Кеңестер жеңді» деген дауыс естілгенде барлығы бір-бірімізді құшақтап, көз жасына әбден ерік берген.
Міне, осылайша жеңіс туы желбіреп, қарулы арпалыстан аман-есен қалғандар туған жеріне оралды. Көбісі жарақат алып, мү­гедек күйде жақындарымен қауыш­ты. Елде бейбітшілік орнап, қалыпты өмір жалғасып жатты.
1947 жылы жылы Зәкен За­рықпайқызы тағдыр қосып, майдангер Мүтән Сығаевқа тұр­мысқа шықты. Жеңістің жауынгері де жаралы күйге түскен азаматтардың бірі болатын. Ол соғыс даласында керемет техника болып саналатын «Катюшаны» басқарып, оң қолынан жарақат алған.
Сығаевтар отбасы үлкен әулет­ке айналды. Зәкен әжеміз бен Мүтән атамыз 9 ұл-қызды тәр­биелеп, бағып-қақты. 1995 жылы денсаулық жағдайларына байланысты туған өлке – Шығыс Қа­зақ­стан облысынан Жетісу өңі­ріне қоныс аударды. Ардагер ата Мүтән Сығаев – 1996 жылы 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Қазыналы қарияға айналған Зәкен Сығаева бүгінде 98 жасқа келді. 22 немере, 30 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Ол кісіден осы­лай ұзақ жасаудағы сыры неде деп білгенімізде, қимылы ши­рақ әже мұның барлығын табиғи өніммен байланыстырады. Ай­туынша, туған өлкенің таза ауасы, қымыз-шұбат қана ішіп, саламатты өмір салтын ұстану адамның қашанда сергек жүруіне септігін тигізеді.
Кітапқұмар кейуана әлі күнге дейін қазақ ақын-жазу­шыла­рының туындыларын сүйіп оқиды. Тіпті Мұхтар Әуезовтің «Абай жо­лы» эпопеясын бірнеше рет оқыған.
Құрақ көрпе тігіп, іскерлік ісін де әлі тоқтатқан емес. Көрші-қолаң, туған-туысқанға осы қолөнерлік туындыларын сыйға тартқаны да бар екен. Осы бір ісмерлікті апамыз немере-шөберелеріне де үйретуден жалыққан емес. Аяулы да ардақты анамыз осылайша Ұлы Жеңістің оңайшылықпен келмегенін айтып, тағдыр талқысына ұшыраған ауыр күндерді бастан-аяқ баяндады.
Көпті көрген қария әңгіме барысында үнемі жағдайына алаңдап, сый-құрметімен ерекшеленіп жү­ретін Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Айдын Әуесбайға, осы аудандағы Райымбек ауыл­дық округінің әкімі Елжан Туленбаевқа, жергілікті әкімдіктің қызмет­кер­леріне, аталған ауылдық округ­­тегі аналар кеңесінің төр­ағасы Бәтима Үрпеджанова мен басқа да осы ұйымның мүшелеріне риза­шылығын білдіре келе, Қазақстан хал­қына деген ыстық ықыласын жеткізді.
«Ел іргесі тыныш, бей­біт заманымыз мәңгілік болсын! Хал­қымыз аман болып, түрлі қиын­дықты еңсеріп, жақсы күн­дермен қауышып жүре берейік. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құт­ты болсын! Егемен еліміздің ертеңі жар­қын, кемел келешегіміз жақ­сы күндермен жалғаса берсін. Ұр­пағымыз ұлағатты, бақытты ғұмыр кешсін», деп ақ жаулықты әжеміз ақ батасын арнады.

жүктеу 1.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет