Әкімшілік құқық және процесс пәні бойынша осөЖ тапсырмалары 4-тақырып. Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік -құқықтық мәртебесі


-тапсырма. Әкімшілік құқық бұқушылыққа анықтама беріңіз және негізгі белгілерін атаңыз



жүктеу 30.11 Kb.
бет7/10
Дата09.11.2022
өлшемі30.11 Kb.
#23566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
әк құқық
2-тапсырма. Әкімшілік құқық бұқушылыққа анықтама беріңіз және негізгі белгілерін атаңыз:
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекетнемесе әрекетсіздік
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды белгілері:
1.құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларынбұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
2. кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
3-тапсырма. Әкімшілік жазаларды атап беріңіз:
• ескерту жасау;
• әкімшілік айыппұл салу;
• әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;
• әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
• арнаулы құқықтан айырулицензиядан айыру, т.б.;
• жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
• заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
• әкімшілік қамауға алу;
• шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
4-тапсырма. Әкімшілік жауапкершіліктен босататын мән-жайларды атаңыз:
• Зиянның мардымсыз болуы. Егер жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың нәтижесінде аз зиян келтірілсе, онда әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарауға уәкілді орган әкімшілік жаза тағайындаудың орнына ауызша ескертумен шектелуі мүмкін.
• Келтірілген залалды өз еркімен өтеу.Әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған тұлға, сотпен, органмен (лауазымды тұлғамен) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, егер өз еркімен келтірілген залалды өтесе немесе өзге жолмен құқықбұзушылықтың нәтижесінде болған зиянды өтесе.
• Өзге негіздер. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға әкімшілік жауапкершіліктен рақымшылық жасау актісінің шығуына, жағдайдың өзгеруіне, науқастануға, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылады.

жүктеу 30.11 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет