Әке деген сөз мақтанышпен айтылуы



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6

иә

– Әке деген сөз мақтанышпен айтылуы 

тиіс. Ол ана сөзінен де асқақ естілуі керек 

деп білемін. Өйткені отағасы бар отбасы – 

бақытты.  Мұндай  шаңырақтағы  балалар­

дың балалық шағы бақытқа толы болады. 

Осындай шаңырақты бақытқа бөлеп отыр­

ған  көпбалалы  әкелерге  медаль  беруі міз 

керек. Қоғамда әкенің рөлін көтермей, көп­

теген мәселелерді шеше алмаймыз. Біз дің 

қоғамда қылмыс күн сайын өршіп барады. 

Балалар колониясы мен әйелдер колония­

сына қаржы бөлінеді, жыл сайын мыңдаған 

адамды түрмеге жабамыз. Ал сол қылмысты 

тоқтатуға болады емес пе? Ол үшін, әрине, 

жарық дүниеге келген баланың тәрбиесіне 

мән беруіміз керек. Әкелерге жауапкершілік 

жүктеуіміз  керек.  Сонда  әке  мен  ана  бала 

үшін қиындықты бірге көтереді.  Біздің сә­

билеріміз өмірін же тім балалар үйінде бас­

тап, түрмеде не месе қарттар үйінде аяқ та­

майтын болады. 



Жоқ 

– Бұл өзі ойланбай айтылған пі­

кір  сияқты.  Ер  адамдарға  көп  бала 

сүй гені үшін медаль беру дегенмен 

келісе алмаймын. «Алтын алқа» мен 

«Күміс алқаны» анаға баланы өмірге 

әкелетін болғандықтан береді. Әке­

нің  бұл  жердегі  рөлі  басқаша.  Ер 

адам  мен  нәрестені  тоғыз  ай  тоғыз 

күн көтеріп, жарық дүниеге әкелетін 

әйелдің  айырмашылығы  зор.  Ана 

баланы қиналып табады. Тоғыз ай, 

тоғыз  күн  көтерген  баланы  өмірге 

әкелу кезеңіндегі толғаққа төзу оңай 

емес.  Одан  кейін  бөпесі  есейгенге 

дейін түн ұйқысын төрт бөлетін де – 

ана. Міне, медаль сол үшін беріледі. 

Ал  марапатты  әкеге  ғана  емес, 

көпбалалы  отбасының  өзіне  жасау 

керек. Алайда көп баласы бар екен 

деп  кез  келген  отбасына  бере  бер­

генді құптамаймын. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Анна ГЕРМАН, 

украиналық саясаткер:

«Біз  бұрынғы  өкпе­наздары­

мыз ды  ұмытуымыз  керек.  Біз  кіш­

кентай  балалар  мен  етегі  көтеріл­

меген қыздар емеспіз. Мемлекеттің 

тағдырын ойлауымыз керек».



(www.bukovina.biz.ua 

сайтынан)

№112 (112) 

9 шілде

бейсенбі


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТоВА, 

Сенат депутаты: 

Владимир НЕХоРоШЕВ, 

Мәжіліс депутаты: 

ОҚ

иғ



А

3-бет

5-бет

7-бет

Ой­КӨКпАр 

Атажұртына алтын 

сыйлаған ару

Жиырма жыл 

тұралап тұрған тілді 

көркейтуге бір ай 

жете ме?


Мөрі жоқ еттің 

соры көп...



www.аlashainasy.kz

150,45

210,0

4,78

20,02

231,78

8163,60

893,18

1020,06

62,67

919,6

Мектеп жегендердің мектепте 

оқитын баласы жоқ па?

Көпбалалы әкелерге де марапат тағайындау керек пе?

Елімізде көпбалалы аналарға берілетін «Алтын 

алқа», «Күміс алқа» қатарлы марапаттардың бар 

екені белгілі. Ал әкелерге көп бала өсіріп, бағып-

қаққаны үшін ондай арнайы мемлекеттік марапат 

жоқ. Бірақ бала бағуда, жалпы, елдегі 

демографиялық өсімге әкелердің де қосар үлесі зор. 

осыған орай «көпбалалы әкелерге де аналармен 

тең дәрежеде марапат пен жәрдемақы тағайындау 

керек» дейтіндер бар. олардың пікірінше, бұл 

қоғамдағы әкенің маңызын, сонымен қатар бала 

тәрбиесіндегі олардың жауапкершілігін арттырар 

еді. әкені шаңырақтың басы санайтын қазақ 

қоғамында оның рөлінің артуы кәмелетке 

толмағандарға қатысты көптеген мәселелердің 

шешімін табуға да септігін тигізеді. Алайда «әкенің 

жауапкершілігі мен рөлін көпбалалы аналармен 

жарыстырып, аналарға деген онсыз да аз құрметке 

ортақтастырмай-ақ арттыруға болады» 

дейтіндер де аз емес...  

Қ

А



рЖ

ы

ДАТ!



6-б

етте

Серікболсын әБДІЛДиН:

«шЕТЕлдіКТЕр ҚАзАҚТы 

ЖАрылҚАйды» дЕгЕн 

ұғыМғА МүлдЕ 

СЕнБЕуіМіз КЕрЕК

Назаровтың өлімі неге назардан тыс қалды?

Бұл дауда басы ашылмаған дүние көп. Банк бас­

қармасы төрағасын орнынан алып тастау туралы бұй­

рық  шығарған  Қаржылық  қадағалау  агенттігі  мән­

жайды  түсіндірген  жоқ.  Басқарма  төрайымы  Елена 

Бахмутова  болса  еңбек  демалысына  шығып  кетіпті. 

Сәрсенбі  күні  кезекті  баспасөз  мәслихатында  журна­

листердің  сұрағының  астында  қалған  ұлттық  банк 

төрағасы  григорий  Марченко:  «Айыпты­айыпсызын 

сот анықтайды, іс прокуратураға берілді», – деп жа­

йып  салды.  Жомарт  Ертаевтың  өзі  «әзірге  маған  қа­

тысты  ешқандай  қылмыстық  іс  қозғалған  жоқ»  деп 

отыр.

НЕ қыЛҒАН МәМІЛЕ БоЛуы МүМКІН?

Сәуір  айында  «Альянс  банк»  «2005­2008  жыл­

дары  бекітілген  мәмілелер  қаржылық  есепте  дұрыс 

көр сетілмегендіктен, 2009 жылы активтер 1,1 млрд. 

дол ларға  кеміді»  деген  мәлімет  таратты.  Бұл  ха бар­

лама  журналистерге  де,  қаржы  сарапшыларына  да 

түсінік сіз болып қалған еді.  инвесторларға арналған 

ағыл шын  тіліндегі  нұсқада  ресейлік  екі  банктің  оф­

фшор лық ком панияларға несие бергені, бұл мәміленің 

орын далуы на банктің кепіл болғаны жазылды. Кепіл­

дік ретінде АҚш қазынашылық облигациялары қойы­

лыпты. Офф шордағы компаниялар қарызды қайтар­

ма ған соң, салмақ «Альянс банктің» мойнына түскен. 

Жалғасы 4-бетте

Өзбекстан абақтысында төрт ай 

бойы жатып, сот шешімі шыққан 

соң еліне оралған ақтөбелік көлік 

жүргізушілері сенсациялық 

мәлімдеме жасады. олар тұтқынға 

түскен кезде, ақпан айында бір 

адам өзбек полицияларының 

қолынан мерт болғаны туралы 

айтты. 

Ақтөбелік 27 көлік жүргізушісі жолдастарының о 

дүниелік болып кеткенін 27 маусым күні елге қайтар 

алдында  ғана  білген.  Сот  шешімі  шыққаннан  кейін 

оларға Қазақстан шекарасынан бес шақырым жер­

ден  табылған  ер  адам  мәйітінің  суретін  көрсеткен. 

үстінде  қалған  киім  жұрнақтарына  қарап,  жүргізу­

шілер  өздерімен  бірге  шыққан  Алға  қаласының 

тұрғыны  иван  назаров  екенін  таныған.  иван  өз­

бекстандық  шекарашылар  тұтқындаған  кезде  бұ­

лармен бірге болыпты. Бір тәулік суық үйшік ішінде 

қамауда бірге отырған. нөкіс түрмесінде бұлардың 

әрқайсысын жеке­жеке абақтыға бөліп қамағаннан 

кейін, оны ешкім көрмеген екен.

Марқұмның  жары  Валентина  Кашенованың  ай­

туынша, күйеуі 12 ақпанда Ақтөбеге жұмысқа кеткен. 

Кейін оның КамАз көлігімен Өзбекстан шекарасында 

ұсталғанын  естіген.  Бірақ  оның  үй  іші  осы  уақытқа 

дейін  «иван  басқалармен  бірге  түрмеде  отырған 

шығар» деп ойлапты. Күйеуінің марқұм болып кет­

кені туралы хабарды оған 22 маусым күні жергілікті 

Алға  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің  қызметкерлері 

хабарлаған. 

Валентина КАШЕНоВА, 

марқұмның жары: 

–  Маған  Алға  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің 

қызметкерлері күйеуімнің тек киімдерін әкеліп берді. 

Бұл туралы тіс жармауымды сұрады. Әсіресе, «БАҚ 

өкілдерінің құлағына тимесін» деп тапсырды… 

Жалғасы 3-бетте

Банкирлер 

ел алдында егесті

қаржылық қадағалау агенттігі жұма 

күні бұйрық шығарып, Еуразиялық банк 

басқармасының төрағасы Жомарт Ертаев пен 

оның орынбасары Алексей Агеевті қызметінен 

босатты. оларға «Альянс банкті» басқарған 

кезде шетелдік компаниялармен бекітілген 

бірқатар мәмілелерді банк есебінде дұрыс 

көрсетпеді.осының салдарынан банк зиян 

шекті» деген айып тағылып отыр. 

2002 жылдан бастап «Альянс банк» басқар-

масы төрағасы қызметін атқарған Жомарт 

Ертаев 2007 жылы «БТА банк – украинада» 

жұмыс істеп,  2008 жылы Еуразиялық банкке 

қызметке ауысқан еді. Сәрсенбі күні баспасөз 

мәслихатын өткізген Жомарт Ертаев қаржылық 

қадағалау агенттігінің осы бұйрығының күшін 

жоюды талап етіп сотқа шағымданатынын, өз 

ар-ожданын қорғайтынын жеткізді.

А

бай ОМА



рОВ (к

олла


ж)

Бүгіндері ештеңеге таңғалуға 

болмайды. Өйткені ақша жүрген жерге 

жемқорлардың да үйір келетіні әдеттегі 

құбылысқа айналып үлгерді. «Мен 

ұрлық қылған күні ай жарық болды» 

дегендей, дағдарыс дауылына тап 

келген «100 мектеп, 100 аурухана» 

мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 

шу-шұрқан – осының айғағы. 

Ебін тапқан басшылар мектеп пен 

ауруханаға дейін тонаған. 

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» Ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

2009 жылдың екінші 

жартыжылдығына 

жазылу басталды 

«Алаш айнасына» 

жазылу жалғасады

Бүркіт НҰРАСыЛ

Кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  агенттігінде  (Қаржы 

полициясы) болған брифингте ресми өкіл Мұрат 

Жұманбай  осы  салада  орын  алған  заңбұзу шы­

лықтар мен құрыққа ілінген жемқорларды жария 

етті.  Алайда  тергеу  жұмыстары  жүріп  жатқанына 

байланысты  ресми  өкіл  тұтылған дардың  еш­

қайсысының атын атап, түсін түстеген жоқ.

ресми өкілдің айтуынша, тек осы жылдың бес 

айының ішінде ғана Қаржы полициясы органдары 

жоғарыда  аталған  бағдарламаны  іске  асыру 

кезінде  орын  алған  құқық  бұзушылық  фактілері 

бойынша  18  қылмыстық  іс  қозғаған.  Қозғалған 

істің 16­сы –  мектепке қатысты, ал қалған екеуі 

аурухана құрылысы бойынша қозғалған. «Бүгінде 

жеті  қылмыстық  іс  бойынша  тергеу  аяқталып, 

сотқа  жіберілді.  Келтірілген  шығын  көлемі  де  аз 

емес. Олар 781 млн 400 мың теңгені өз пайдасына 

жаратып үлгерген», – деп атап өтті М.Жұманбай. 



Жалғасы 2-бетте

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№112 (112) 



9.07.2009 жыл, бейсенбі

www.alashainasy.kz

2

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

СаяСи  бюро

Босқынға тосқын қоюға бола ма? 

Женева 


Конвенциясына 

жә не  оның  Хаттамасына  қол 

қой ған  мемлекеттердің  Үкі­

ме ті алдында өздерін босқын 

деп тану туралы өтініш берген 

адам дар  босқындар  деп  та­

ны лады.  Олар  саяси  көз қа­

расына,  нәсіл  белгісіне,  діни 

на нымына, азаматтығына, ұл­

ты на,  белгілі  бір  әлеуметтік 



Тұрақсыздық  белең  алған  аймақтардағы  босқындар 

шекара кесіп, келесі бір елге ағылып жатады. Босқындардың 

жағдайы заң жүзінде қалай реттеледі?  

Ерлік БайБолов

топ қа жатуына байланысты қу­

ғын шылықтың құрбаны болып, 

өз Отанынан тыс жерде жүруге 

мәж бүр болған және де өз елі­

нің  қорғауын  пайдалана  ал­

май тын  азаматтықтары  жоқ 

тұл ғалар. 

Қазақстан 

Республикасы 

бос   қын дар дың мәртебесі ту ра­

лы  1951  жылғы  Женева  Кон­

вен ция сына және 1967 жылғы 

оның Хат та масына 1998 жылғы 

15  желтоқсанда  ресми  түрде 

қол қойды. Көрсетілген Конвен­

ция  мен  Хаттамаға  қосылған 

Қа зақ стан халықаралық қоғамы 

да  бос қын дарға  қатысты  өзіне 

мін дет темелер  алды.  Атап  айт­

қан да:  босқындарды  мемлекет 

ау ма ғынан  шығарып  жібермеу 

жә не  оларға  қажетінше  әлеу­

мет тік,  медициналық  кө мек 

көр сету.    Қазақстандағы  бос­

қын дар ға  әлеуметтік  көмек 

көр сету БҰҰ арнайы бағдарла­

ма сы  бойынша  Жартылай  Қы­

зыл ай және Қазақстанның Ба­

ла  лар  Қоры  арқылы  жүзеге 

аса ды.  Босқын  мәртебесі  бір 

жыл ға  беріледі.  Белгіленген 

мер зім  келіп  жеткенде  қайта 

қа ралып,    ұзартылады  немесе 

тиі сін ше тоқтатылады. 

Әлемдік деңгейдегі бос қын­

дар  мәселесін  БҰҰ  жанындағы 

ар на йы  басқарма  және  Қызыл 

Крест  комитеті  қарайды.  Бос­

қын дарды  қабылдау  жағынан 

Еу ропа  елдері  мен  АҚШ  алда 

тұр. АҚШ әр жылы 150 мыңдай, 

Ка на да,  Германия  –  80­100 

мың дай, Оңтүстік Корея, Фран­

ция, Италия 50 мыңдай босқын 

қа был дайды.  Еске  сала  кететін 

тағы бір жайт, 20 маусым – Ха­

лық  аралық босқындар күні бо­

лып есеп те леді. 

МӘсЕлЕ


денсаулық саласынан да 

шикіліктер шықты

Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау 

жөніндегі Есеп комитеті денсаулық сақтау ісін 

реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін 

арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар жасап отыр. 

Есеп комитетіндегілер бұл бағдарламаның 

орындалуынан да бірқатар шикіліктер тауыпты. 

сАР


А

п

жаңа президенттер «жылымығы» 



қазақстанға не береді?

Бесбоғда алТай

жарқын ТҮСІПБЕКҰлЫ

тҮйтКіл


Мектеп жегендердің мектепте 

оқитын баласы жоқ па?

ЖИын


«Үлкен  сегіздік» саммиті 

сілкініс аймағында өтіп жатыр

 Кеше Италияның л’акуила шағын қаласында «үлкен 

сегіздік» елдерінің үш күндік саммиті басталды. Саммиттің күн 

тәртібінде әлемдік экономикалық ахуал, ғаламдық климатты 

қорғау және қауіпсіздік мәселелері, әлемдік саудадағы 

протеционизмге қарсы тұру, азық-түлік қауіпсіздігі, дамушы 

елдерге көмек беру жайы талқылануда. 

СаяСаТТЫң  алТЫ  ауЫзЫ

Тұрысбек МаМаШЕв, 

Қырғыз  Республикасы  Үкіметі  жанындағы  Ту ризм 

жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры:

–  Әлемде  жыл  сайын  1  миллиард  адам  алыс­жақын 

шетелдерге саяхат жасайды. Олардың үштен бірі – Ұлы  Жібек 

жолы өткен  елдерге барады. Бұл орта есеппен алғанда,  350 

миллион адам. Егер Қазақстан мен Қырғыз республикалары 

бұл саяхатшылардың 1 пайызын тарта алса,  екі елдің туризм 

индустриясы  үшін үлкен жетістік болмақ.

(ҚазАқпарат тілшісіне 

берген сұхбатында)

ой-ТҮйІн

Бәлкім, сол саммитте қос 

алпауыт ел халықаралық 

қауіпсіздікке өлшеусіз үлес қосқан 

қазақстанның бастамаларына 

қолдау білдірсе, әлем тыныштығы 

мен қауіпсіздігінің шын мәнінде 

кепілі болар еді. 

«Үлкен сегіздік» саммитінің төрағасы 

Ита лия басшылығының маңызды шара 

өте тін  жерді  сілкініс  аймағынан  неге 

таң д ағаны түсініксіз. Осыдан үш ай бұ­

рын 6 сәуірде осы қалада 300­ге жуық 

адам қаза болған, мыңдаған адам жа­

ра қаттанған,  12  миллиард  доллардан 

ас там шығын әкелген күшті жер сілкінісі 

бол ғаны  мәлім.  саммитті  ұйым дас ты­

ру шылар сілкініс болған жағдайда сам­

мит орны қайда ауысатынын да әскери 

құ пия күйінде ұстап отыр. Жалпы, Ита­

лия  бұл  саммитті  өткізуге  8  миллиард 

ев ро бөліпті.    

саммиттің екінші күні Қытай, Үн діс­

тан, Бразилия, Мексика, ОАР елдерінің 

қа ты суы  жоспарланған.  Алайда  Шың­

жаң дағы  оқиғаларға  байланысты  Ита­

лия да жүрген ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао 

сам мит ке  қатыспайтын  болып,  шұғыл 

түрде  еліне  ұшып  кетті.  Оның  орнына 

ҚХР мемлекеттік кеңесінің мүшесі, тә жі­

ри белі  дипломат  Дай  Бинго  қалмақ. 

сон дай­ақ  саммитке  Оңтүстік  Корея, 

Авс тралия, Индонезия, Дания қатыспақ. 

Ал жұма күні «қара құрлық» елдерінен 

Ал жир, нигерия, сенегал, Мысыр, Ан­

го ла, Эфиопия, ливия бастаған барлығы 

28 мем лекет және 9 халықаралық ұйым 

қа тысады.  Байқап  отырғанымыздай, 

«үл кен  сегіздіктің»  қарасы  молайған. 

Ал дағы уақытта «үлкен сегіздік» Гер ма­

ния канцлері Ангела Меркель жиі айтып 

жүр геніндей, «бұл формат ескірді, енді 

сам мит экономикасы қуатты жиырма ел 

қа ты сатын  «үлкен  жиырмалыққа»  ұла­

суы керек» дегенін ескерген жөн сияқты. 

«Үл кен сегіздік» елдері артта қалған ел­

дер ге  10­15  миллиард  доллар  көле­

мін де  көмек  қолын  созуға  бейіл.  сам­

мит те  Ауғанстан,  Иран,  КХДР,  Жерорта 

те ңізі аймағы назардан тыс қалмайды. 

Бұл жиында әлемдік валюта мен ай мақ­

тық валюта жөніндегі идеялар тартысы 

бо луы мүмкін. Ресми токио болса, өзге 

қа ты сушыларды америкалық долларды 

қол дауға шақырып отыр. Ал «үлкен се­

гіз діктің»  босағасынан  сығалап  жүрген 

жа ңа алпауыт елдерге аймақтық валюта 

тиім ді. сарапшылардың айтуына қа ра­

ған да,  бұл  саммитте  ядролық  қаруды 

та рат пау  туралы  және  лаңкестікпен 

күрес бойынша көптен күткен құжат тар­

ға қол қойылмақ.  

құбаш МЕңдІҒалИ

Маңызды жүздесуде Қазақстанға тіке­

лей қатысы бар шешімдер қабылданбаса 

да, рәсімделген құжаттардың елімізге жа­

нама  түрде  болса  да  қатысы  бар.  Бі рін­

шіден,  АҚШ  президентінің  жұмыс  са­

парының  нәтижесінде  Елбасы  нұрсұлтан 

назарбаевтың  ядролық  державаларды 

қарусыздануға  шақырған  үндеуінің  іске 

асуына алғышарттар жасалды. Қуаттылығы 

жағынан  әлемдегі  бірегей  ядролық 

арсеналынан  бас  тартқан  Қазақстанның 

бастамасы  әлемдік  державалардың  өзіне 

ой салғанға ұқсайды. 

Екіншіден,  халықаралық  қауымдас­

тық тың белді мүшесі ретінде еліміз жалпы 

ай мақ  қауіпсіздігіне  кепілдік  ала  алды. 

Яғни  Медведев  пен  Обама  кездесуінде 

«стра тегиялық  қарулануды  шектеу  мен 

қыс қарту  жөніндегі»  келісімнің  негізінде 

бү гінгі  таңдағы  ең  шиеленісті  әрі  қауіпті 

яд ро лық қарулануды ықшамдауға уағ да­



ақШ-тың 44-ші президенті Барак обаманың Ресейге жа са ған 

үш күндік ресми сапары табысты аяқталды деуге тұ рар  лық. Әлем-

дік  саясаттың  тұт  қа сын  ұстап  тұрған  ал па уыт  тар дың  ымыраға 

ке луі  мен  өз ара  ын ты мақтастық  орнатуы  ха лық аралық  қа уіп-

сіздікті ны ғай та түспек. обама келгелі рес ми вашингтонның көп 

мә  селе лердегі  ұстанымы  180  гра дус қа  өзгеріп  шыға  келгендей. 

Сая  сатта көп «балалық» қыл ған Бала Буштың ауыр мұ ра  сын ар-

қа  лаған ақ үйдің қара ба ласына ауғанстан мен Ирак та  ғы аме ри-

калық әскери күш тiң шоғырын барынша сирету, Гуан танамодағы 

түр мелердi  жа бу,  ақШ-тың  соңғы  сегіз  жыл да  жұрдай  болған 

ықпалы мен беделiн қалпына келтiру сияқ  ты міндеттер жолында 

ащы  терін  төгуге  тура  келуде.  осы  белестер  жолында  оба ма ға 

Медведев  пен  Путиннің  та ту-тәтті  тандемократиясы  сал танат 

құрған Ресеймен  жібі түзу дипломатия орнатуға ты рысты. Сая-

сат тың  диірмені  соққан  желдің  күшімен  айналады.  Барак 

обаманың Кремльге жасаған сапары нәтижесінде қазақстанның 

көптен бергі ядролық қа рус ыз да ну сияқты ғаламдық бас та ма ла-

ры ның іс жүзіне аса бас та ға ны ның куәсі болып ке ле міз.

Екі мемлекет арасында қырғи-қабақ со ғысы ашық жүргізілмесе де кейбір 

келіс пей тін тұстар көп. 

Ресейге жақпайтын құбылыстар:

  АҚШ­тың  посткеңестік  елдердің  ішкі  ісі не  араласып,  Ресейге  қарсы 

айдап са луы;

  нАтО­ның  территориясының  кеңеюі  мен  Шығыс  Еуропа  елдеріне 

зымыранға қарсы базалар салуы;

 протекционизм;

 БҰҰ­ның қолбалаға айналуы;

 АҚШ­тың таяу Шығыс қақтығысына әділ баға бермеуі;

 Үлкен сегіздікті әлі де болса жетілік деп қарастыруы. 

АҚШ­тың қитығына тиетін құ бы лыс тар:

 Ресейдің араб елдерімен тығыз қа рым­қатынасы;

 Жасырын қару­жарақ саудасы;

 Мәскеудің Иранның ядролық бағ дарламасына самарқау қарауы;

 посткеңестік елдерді әлі де болса уысынан шығармауы;



Міне,  Барак  Обама  өзінің  сапарының  осын дай  түйткілді  мәселелерді 

шешуге ба ғыт  тал ға нын айтып, АҚШ-Ресей қа рым-қатынасын жаңа деңгейге 

көтеруге ты ры са ты ны на емеу рін біл дір ді.

лас ты.  Бұл  саяси  құжат  бойынша  екі  ел 

ядролық оқтұмсықтарының санын екі есе­

ге  дейін,  яғни  (Ресей  –  3000­нан  астам, 

АҚШ – 5200­ге жуық ядролық қаруға ие) 

1500­1675 бірлікке дейін азайтуға емеу­

рін  танытып  отыр.  АҚШ­тың  арсе на лын­

да ғы 5200­ге жуық ядролық оқтұмсық кез 

кел ген мем ле   кетті ғана емес, бүкіл дү ние­

жү зін бір сәтте жойып жібере алатын қуат­

қа  ие.  Демек,  бұл  келісімшартты  ға лам­

дық  қауіпсіздік  үшін  жасалған  қадам 

ре тін де қабылдаған жөн. себебі АҚШ қа­

зір дің өзінде Еуропада өзінің 480 яд ролық 

оқ тұм сығын  шоғырландырып  қой ған. 

нақ  ты  дерек  көздерінде  Ұлы бри та  ния да 

– 110, Бельгияда – 20, ни  дер  лан  ды  да – 

20,  Гер манияда  –  150,  Ита  лия да  –  90, 

түр кия да – 90 оқтұм сық жай    ғас   ты   рыл   ған 

де  ген мә   лі мет тер бар. 

Ауған  жеріндегі  бітімгершілік  күшке 

керек­жарақты тасымалдауда шешуші рөл 

атқарған  Қырғызстанның  «Манас»  әуе 

базасы үшін Ресейдің әуе кеңістігін пай да­

ла нуға рұқсат алды. Бұл өз кезегінде дер­

жа валардың  қас­қабағын  баққан  кін дік 

Азия  елдері  үшін  оңтайлы  шешім  болды. 

себебі  басты  ойыншы  болып  отырған 

АҚШ пен Ресейден гөрі Ауғанстанға Ор та­

лық  Азия  елдері  бір  табан  жақын.  Осы 

келісім негізінде бұдан былай АҚШ әс ке­

рилері  Ресей  территориясы  арқылы  да 

терроршылардың  отанына  айналған  тұ­

рақ сыз мекен Ауғанстанға емін­еркін қа­

ты най алады. 

Алайда халықаралық қауіпсіздікті қам­

тамасыз етуде басы ашық бір мәселе ше­

шімін таппады. АҚШ­тың зымыранға қар­

сы  нысандарын    (пРО)  Шығыс  Еу ро паға 

дейін орналастыруы Ресейдің үре  йін алып, 

Калининград облысында осын  д ай қорға­

ныс базасын салу туралы ше шім қабыл да­

уы на түрткі болған еді. Бұ ған байланысты 

Қа зақ станның ұста ны  мы Ұжымдық қауіп­

сіз дік шарты ұйы мы ның келісімшарты бо­

йын ша  Ресей  жа ғында.  сондықтан  бұл 

Қа зақ станға  да  қатысты  мә селе.  Ұлттық 

мүд десін  қор ғауда  ам би ция сын  бірінші 

ке зек ке қоя тын им пе рия шыл көзқарастағы 

ел  дің президенттері та ра зы басын тең ұс­

тау  ға  тырысып  бақты.  Зы мы ранға  қар сы 

қор  ға ныс  нысандарын  са луды  сол түстік 

Ко рея  мен  Иранның  яд ро лық  бағ дар ла­

ма лары  тұр ғанда  ноқ та лай  ал май ты нын 

жет кізген  Оба ма  Мед ве дев  –  путин  тан­

де мін, Украинамен қа    рым­қа ты на сын жә­

не  Кавказдағы  тұ рақ    сыз дық ты  рет теу ге 

ша  қы рды. Бұл сұ рақ қа РФ премьері Вла­

ди  мир  путин  Ук раи наның  өзінде  17  млн 

қан  дасының  тұ ра ты нын  айта  келіп,  Гүр­

жіс  тан  мәселесі  саака швилидің  шикі  ше­

шім   дерінен  ушық ты  деп,  бұл  іске  АҚШ­

тың  араласпағаны  дұ рыс  дегенді  ке сіп 

айтып, жауабын берді. Екіжақты келіс сөз­

дер  барысында  Барак  Обама  Дмитрий 

Мед ведевке келесі жылы Ресейде жаппай 

қы  рып­жою қаруларын таратпау жөнінде 

ке лелі әңгіме қозғайтын ядролық держава 

са натындағы елдер ара сында саммит өт­

кі  зу ді ұсынды.  




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал