Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



жүктеу 0.99 Mb.

бет9/12
Дата02.03.2017
өлшемі0.99 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

51

www.kazmektep.kz



тында  жеңімпаз  оқытушылардың  аты-жөні  ғана  жазылады.  Олардың 

еңбектерінің  қандай  өлшемдер  бойынша  бағаланғаны  жайлы ақпарат 

жоқ.  Конкурсқа  қатысқандар  қандай  еңбегі  үшін  грант алғандары және  

жолы    болмағандар    не    үшін  өтпей  қалғандары    жөнінде  біле  алмайды. 

Олардың бәрі сырт үшін құпия»  деуі орынды. Комиссияның сарапшылар 

кеңесінде кімдердің болғаны да белгісіз болып қала береді.

Десек  те,  көпшілікті  қайткенде  үздік  атануға  болатыны  қызықтырады. 

Журналист Айнаш Есалидің жазуынша, «...Жылдың үздік ұстазы атағына 



лайықты  жандар  кәсібилігімен  және  сол  кәсіпке  деген  сүйіспеншілігімен, 

адалдығымен,  мұғалімдік  дарынымен,  шәкіртіне  деген  ерекше  қарым-

қатынасы сияқты бірқатар қағидаттар өлшемімен анықталған».

Менің ойымша, үздік атануға келесі өлшемдер тән болуы тиіс:



өз пәнін терең меңгерген, сапалы білім, саналы тәрбие беретін;

–  жүрегі  «елім,  жерім»  деп  соғатын,  кәсіби  тұрғыдан  өзгелерден 

ерекшеленіп, ұжымына еңбегі сіңген, білім беру саласына елеулі үлес қосқан 

(өзі де, шәкірттері де түрлі деңгейдегі байқау, сайыстарға, конференцияларға 

қатысып, бірнеше мәрте жүлдегер атанған);

– ізденімпаз, шығармашылық қиялы кең, авторлық қызметпен айналы-

сатын;

–  ұжымда  мойындалған,  халық  арасында  танылған,  сый-құрметке 

бөленген;

– кәсіби қызметінде кез келген мәселені шешетін, бәсекеге қабілеттілігі 

айқын, жоғары санатты.

«Жоғары    санатты»    демекші,    олардың    да    деңгейі    бірдей  еместігі 

белгілі.  Олардың   арасында  өмірі   бір  ашық  сабақ  өткізбей,  1-2  мақала  я  

болмаса  баяндама  жазып,  тыныш  жүретіндері  жоқ  емес.  Мәселе  жоғары  

санатты  растауда  емес,  қашанда  соған  лайықты  еңбек  етуде.

Қай  ұжымда  болсын,  соның  ыстығына  күйіп,  суығына  тоңып, 

ауыртпалықтың денін бір өзі көтеріп, барын салып жұмыс істейтін ұстаздар 

бар. Тағы бір ескеретін жайт: бір жерде ұзақ мінсіз еңбек етіп, зейнетке шықса 

да,  қызметін  жалғастырып  жүргендерге,  ұжымға  жаңадан  қосылғандарға 

қарағанда,  ықылас  ерекшелеу  болғаны  абзал.  Еліне  ерекше  еңбек  сіңірген 

Бибігүл    Төлегенова,  Асанәлі  Әшімов,    Хабиба    Елебекова    сынды    өнер 

адамдары Президент  тағайындаған  стипендияны  алатыны, талантты  жас  

ақындарға  Президент  сыйлығы берілетіні мәлім. «Еңбегіне қарай құрметі» 

демекші,  ұжым    басшылығы,    кәсіподақ  комитеті  ықылас  танытып,  нағыз 

майталманның  көңіліне  қаяу  түсірмейтіндей    назарда    ұстағаны  жөн-ақ. 

Алысқа    бармай-ақ,  2013  жылғы  тамыз  кеңесінде  Қызылорда  облысының 

әкімі  Қ.Көшербаев  20  үздік  ұстазға  1  миллион  теңгеден  сыйақы  бергенін 

келтірсек,  жеткілікті  болар.  Демек,  жер-жерде  Қ.Бітібаевадай    болмаса  

да, соған   ұқсап  еңбек  етіп  жүргендер бар.  Кезінде Аягүл Миразоваға 

Қазақстанның  Еңбек Ері атағы берілгенде, мұны бүкіл ұстаздар қауымына  

көрсетілген    құрмет    ретінде    қабылдадық.  Әйтсе  де  «айтпаса  сөздің  ата-

сы  өледі»    дегендей,  жыл  сайын  Үкімет  тарапынан    беріліп    жататын  

наградаларға    педагог    қызметкерлерден    ілігетіні    жоқ    десе    де  болады. 

Жас  әншілердің,  ақындардың  марапатталғанын  жөн  дейік.  Ал  еңбек  өтілі 

олардікінен  бірнеше  есе  асып  түсіп,  өмір  бойы  қызмет  атқарған  ұстаз 

еңбегі  елеусіз  қалып  жатса,  қалай  болғаны?! Нағыз  ұстаздар ғана еліміздегі  

адами капитал сапасының өсуіне  серпін  береді. Олардың  қатары көбеюі 

үшін бұл мамандыққа  нағыз  лайықтыларды  іріктеу  қажет. Жалпы, білім 

сапалы  болу үшін  әлемдік тәжірибеде  дәлелденіп,  шешуші  рөл атқаратын  

келесі  факторларды  ескерген  жөн:



– лайықты адам ғана мұғалім болуы керек;

–  олар  оқытушылық  қызметінің  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік 

беретін дайындықтан өтуі қажет;

52

www.kazmektep.kz



–  әрбір  оқушы  сапалы  білім  алатындай  жағдайды  қамтамасыз  ету 

қажет

Лайықты  адам  демекші,  мұғалімдік  мамандыққа  жастар  білімі  жақсы, 

жүрегі қалағандықтан емес, амалсыздан баратыны жасырын емес. Ал шала 

білімнің салдары қандай болмағы айтпаса да түсінікті.

Үздік  педагогтер  –  қоғамның  қозғаушы  күші,  интеллектуалды  ұлт 

қалыптастырудағы  әлеуетті  құрам.  Оларды  дер  кезінде  танып,  лайықты 

бағалау,  іс-тәжірибесін  насихаттау,  өзгелерге  өнеге  ету  –  педагогтер 

құрамының  сапасын  арттырудың  кепілі.  Үздік  педагогті  марапаттағаны-

мыз  –  барша  ұстаздарды  ардақтағанымыз.  Халық  Қаһарманы  Бауыржан 

Момышұлының  «Ұстаздық  –  ұлы  құрмет.  Себебі,  ұрпақтарды  ұстаз 



тәрбилейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор 

егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай 

ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға 

міндеттіміз» деген өсиеті жадымыздан шықпасын.

Әдебиет

1. Назарбаев Н. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы.  

 

18.01.2014.



2. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. – Алматы, 1988. – 242-б.

3. Назарбаев Н.  «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  атты Назарбаев Университетінде  

 

оқыған дәрісі. 06.09.2012.



4. Исимбаева Г. Сердце отдаю детям//Казахстанская правда. 06.03.2011.

5. Дуанабай Ж. Оқытушылардың бәрі үздік пе? //Айқын газеті. 20.12.2013.

6. Есали А. Миллионер мұғалімдер//Егемен Қазақстан газеті. 10.10.2012.

7. Құсайынов А. Әлемдегі және Қазқстандағы білім беру сапасы. – Алматы,  2013.



Қостанай облысы.

абақ мақсаты мынадай.



1. Мағжан   өмірін   тереңірек  таныту,  жан-жақты  талдау,  өлеңдері-

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ 

ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫТУ

Майра  НЫҒМЕТОВА,

М.Ғабдуллин атындағы №3 үш  тілде  

оқытатын мектеп-гимназиясының 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі

С

45 минут

нің мән-мағынасын, идеясын  ашу  арқылы  ақын  бейнесіне  ой жүгірту.  Ұлы  

Абай  өлеңдерімен  салыстыру  арқылы  екі ақынның  өзара  үндестігін  ай-

қындау.


2. Білімнің  пайдасын  түсіндіру  арқылы  білімқұмарлыққа,  оқу-білімді 

махаббатпен  үйренуге  баулу. Туған елге, жерге деген сезімдерін  оятып, 

оны Мағжанша  сүйе  білуге  тәрбиелеу.

3.  Оқушылардың  ой-танымын  жетілдіріп,  көркем,  жүйелі  сөйлеу 

қабілеттерін  дамыту.  Ақын  өлеңдері  негізінде  оқушыларды  шығарма-

шылыққа баулу.

Аралас  сабақ  түрінде  өтетін  дәрісте сын  тұрғысынан ойлау техноло-

гиясы,  сұрақ-жауап,  жатқа  мәнерлеп оқу, салыстырмалы талдау, топпен 

жұмыс,  ойтолғау  әдісі  қолданылады.

Көрнекілігіне  ақын  портреті,  қанатты сөздер, топтастыру  стратегия-


53

www.kazmektep.kz

сына  байланысты  пластер,  талдауға  арналған  сұрақтар  жүйесі, слайдтар 

пайдаландым.

Сабақ мақсатымен  таныстырғаннан кейін оқушыларды 2 топқа бөлдім.

«Ой қозғау» стратегиясы.

– Ақын   «Мен  кім»?  өлеңінде  өзін  нелерге теңейді?  Себебі  неде?   де-

ген  сұраққа  оқушылар  өлеңді  мәнерлеп  жатқа  оқи отырып  ақын  бейнесін  

ашады,  топтастырып  көрсетеді.



Мұғалім.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?  Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

Арыстан тобы. 

Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын,  Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын. 

Ерігемін – толқып, шалқып, 

 

   

 

 

тасамын.

Жолбарыс тобы.

Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,  Күл болсын көк, жемірілсін жер, 

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.   

 

           уайым жоқ,

 

Көз қырымен күліп қана қарармын.

Мұғалім. Біз  бұл  шумақтардан  ақынның өз күшіне,  өз талантына, өмір 

тағдырына  кәміл  сенетінін  байқаймыз. Ақын өзін  «арыстанмын,  жолба-

рыспын»  дейді.  Бұл  асып-тасудың,  мақтанудың  белгісі емес, асылдықтың,  

өткірліктің    белгісі.    Өлеңде  асқақ  арман  бар.  Ақын  ешқайда,  ешкімге  

жалтақтамайды.  Болашаққа   нық  сеніммен  қарайды. Ақын жігітке  тән 

өршіл де  өжет, жігерлі  болуды  талап  етеді.  Осындай  поэзия  әлемінде  

ерекше    із    қалдырған,    терең    сырға,  ұшқыр  қиялға  толы    туындыларын 

кейінгі   ұрпаққа  аманат  етіп   қалдырған  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  

өмірі мен   шығармашылығы  туралы  Мағжантанушыларға  сөз  берейік.

1-топ.  Мағжан  Бекенұлы  Жұмабаев  1893  жылы  қазіргі  Солтүстік 

Қазақстан  облысы  Булаев  ауданы Молодежный кешенінде  дүниеге  кел-

ген. Ауыл   мұғалімінен   хат танып, сауатын ашқан. Білімге  жаны  құштар 

Мағжан    Уфадағы    Ғалия    медресесінде  оқыған.  Араб,  парсы,  түрік,  орыс 

тілін жақсы меңгеріп алған.

Ақын  «Сен  сұлу»  әнін  сүйікті  жары  Зылихаға  арнаған.  1993  жылы 

Мағжан  Жұмабаевтың  поэмасы  бойынша  «Батыр  Баян»  толық  метражды 

фильмі түсірілген. 



2-топ.    Мағжан    әр    қилы    тақырыпта    көлемді    поэмалар    жазған.  

«Қорқыт»,  «Жүсіпхан»,  «Оқжетпестің  қиясында»,  «Тоқсанның  тобы» поэ-

малары кезінде  баспа  жүзін  көрген. 

Мағжан 1909  жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, оған «Алтын хакім 

Абайға»  атты  өлеңін  арнады.  Осылайша  ол    Абайға    деген  махаббатының 

нәзік    қылын    шертті.    Ұлы    Абайды    рухани    ұстаз    санап,    оған  еліктеп 

бірнеше    өлеңдер    жазған.  Сондықтан    Мағжан    Абай  дәстүрін  өсіруші, 

өрбітуші  болып  табылады.



Мағжан – Абай дәстүрін өсіруші, өрбітуші. 

Мұғалім.  Қазақ  жазушыларынан,  әрине,  Абайды  сүйемін...  Бұдан  соң 

Мағжанды  сүйемін.  Европалығын,  жарқыраған  әшекейін  сүйемін...  Бүгінгі 

күннің  бар  жазушысының  ішінен  келешекке  бой  ұрып,  артқы  күнге  анық 

қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі.

«Абай  –  ақылдың    ақыны,    Мағжан  –  ақынның  ақыны»    деп,      ұлы   

М.Әуезов биік  баға  берген,  ендеше  екі  ұлы  ақынның  шығармаларын  

салыстырайық.

I  топ.  Абайдың  «Қыс»  өлеңі.  Өлеңнің  мән-мағынасын,  идеясын  ашу, 

қандай тәсілмен жазылған?



54

www.kazmektep.kz



II топ.  Мағжанның  «Қысқы жолда»  өлеңімен  салыстырады.  Кейіптеу 

деген  не?  Абайдың  қысы  қандай,  ал  Мағжанның  қысы қандай?



I топ.   Мағжанның  «Балалық   шақ»  өлеңі.  Білімді  адамның  артық-

шылығы  туралы  Мағжан  не  дейді?



II  топ.  Абайдың  «Ғылым  таппай  мақтанба»  өлеңімен  салыстырады. 

Өлеңнің  мән-мағынасын,  идеясын  ашу,  қандай  ерекшелігі  бар?  Абайдың 

өсиеті  (Бес  асыл,  бес дұшпан).

Ойтүйін. «Білім  артық  па, байлық  артық  па?».

Білім  артық, өйткені...

Байлық  артық, өйткені...

«Ой-толғаныс»  стратегиясы  (алдын-ала  балаларға  ізденіс  жұмысы 

берілді).

«Балалық  шағың – патшаның  тағы»  ой  толғауларын  оқыту.

Мағжан – сұлу сезім иесі.

Оқушылар  «Сағындым» өлеңіне талдау жасайды.

Мағжан сағынады:  алыстағы  анасын,  алтын  күнді,  қазағын,  туған  

елді, Сарыарқасын,  ағайынды, жан достарын,  жүйрік  желді,  бостандықты, 

айдын көлді. 



I топ. Сыртқы талдау.

1.  Алғашқы  4  шумақты  жатқа  айту.

2.   Өлең  неге «Сағындым» деп аталған? Ақын  бұл  өлеңді  қашан,  қайда 

жазған?


3.   Түрме қандай?

4.   Ол  не  үшін, кімдер  үшін  түрмеге  қамалған?

5.   Ақын  түрмеде  отырғанда  кімдерді,  нелерді  сағынады?  

II топ. Ішкі талдау.

1. Кейінгі 4 шумақты жатқа айту.

2. Өлеңде қандай сөз көп қайталанады?

3. Эпитет деген не? Өлеңнен эпитет сөздерді тауып оқу.

4. Өлең құрылысына талдау жасау.

5. Ақынға мінездеме беру.

Сағыныш жайлы еркін, ауызша ой-толғаныс.

– Сағыныш қандай сезім?

– Біз өз өмірімізде кімдерді, нелерді сағынамыз?

Мұғалім.    Мағжан  –  ол    ұлтын,    елін,      жерін      тереңнен    сүйген,  

сарқылмас сағынышқа  берілген,   намысшыл,  шыдамды,   ұлты  үшін  жанын  

қиюға  даяр болған,  қайтпас қайсар  мінезді ақын. Қазақ  жастарына, қазақ 

халқының  жарқын    болашағына    сенген.    Халқының    азаттығын    аңсаған, 

тәтті тәуелсіздігін  сағынған.  Бүгінде  Мағжанның  аңсаған  арманына  біз  

жетіп отырмыз.  Ақынға  деген  сағынышымыз  ғасырдан-ғасырға  ұласып,  

ұлғая  бермек.

Сабақты Мағжанға арнау өлеңімен аяқтаймыз.



Қазағымда азат жолы ирелең, 

Қапаланба, қара бұлтты қақ жарып,

Кейде қорлап, тірі  өліктей сүйреген. 

Кеңістікке бізбен бірге жеттің сен.

Сол сүйреуге көнбеймін деп атылған, 

Тұраншылмыз, құраншылмыз, азатпыз,

Мағжан аға! Сізден мінез үйренем. 

Көрген бақыт келген жоқ қой азапсыз.

Мағжан аға! Хабар салмай көп жүрсең, 

Айқын бұрдың бетімізді кең  жолға,

Шындық үшін құрбан болып өттің сен. 

Біз өзге емес, біз Мағжаншыл қазақпыз!

Оқушылардың  еңбегі  бағаланып,  үйге  Мағжанға  деген  сағыныштарын  

ойтолғау  арқылы  жазып  және  сурет  салып  келу  тапсырылады.

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы.


55

www.kazmektep.kz

азіргі  қоғамның  мектеп  мұғалімдеріне  қоятын  талаптары  жоғары 

екені    мәлім.  Ұстаз  білім  беру  үрдісінде  оқушылардың  мүмкіндіктері 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Арай ТӨРЕХАНОВА,

№37 гимназияның ағылшын 

тілі пәні мұғалімі 

Қ

мен    қабілеттерін    ғана    ескеріп      қоймай,    олардың  жеке  тұлға    болып  

қалыптасуына аса мән  беруі  керек, яғни заман талабына сай  мұғалімнің  

міндеті    –  білімді,    білікті,  тәрбиелі,    шығармашылық    қабілеті  жоғары,  

бәсекеге  қабілетті  жас  ұрпақ  тәрбиелеу  болып  отыр.  

Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазір  біз  балаларымыз  қазақ  тілімен 



қатар  орыс  және  ағылшын  тілдерін  де  белсенді  меңгеру  үшін  жағдай 

жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде 

ынталандырылуы  керек»    деген  болатын  2012  жылы  14  желтоқсандағы 

Жолдауында. Сондықтан жас ұрпаққа ағылшын тілін игерту – ең ауқымды 

мәселелердің бірі болып отыр. 

Шетел  тілін  үйрету  мотивациясын  күшейту  мақсатында  туындаған 

көптеген  педагогикалық  әдістер  бар. Кез келген  педагог  оқушылардың пәнге  

деген  қызығушылығын  арттыру  үшін,  оқыту үрдісінде шығармашылық 

қабілеттерін  ашу  үшін  саналуан  әдіс-тәсілдерді  пайдаланады.  Әртүрлі 

әдістемелік   құралдардың    авторлары   ұстаздарға   оқушылардың   қабілет-

терін бағалай  отырып,  эпизодтық  қызығушылықтарының   дамуымен  қатар  

шетел тіліне деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға арналған тап-

сырмалар ұсынады. 

Е.Григоренко  мен  Р.Стернберг  мектептегі  кез  келген  пәнді  оқытудағы 

шығармашылық  элементті  дамытудың  төмендегі 12  ұстанымын  ұсынады:

– еліктеуге үлгі бола білу;

– алдын-ала болжауға қатысты туындаған күмәнді көтермелеу;

қате жіберуге шектеу қоймау;

– ақылды ойды бағалау;

–  оқыту  бағдарламасына  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 

көрсете  алуға  мүмкіндік  беретін бөлімдер енгізу;

 мәселені анықтай білу, тұжырымдай білу дағдысын көтермелеу;

–  шығармашылық  идеялар  мен  шығармашылық  әрекеттердің  нәти-

желерін  марапаттау  және  бағалау;

– шығармашылық ойлауға уақыт беру;

–  таныс  емес,  түсініксіз  нәрселерге  келгенде  оқушыны  шыдамдылық 

танытуға шақыру;

– шығармашыл тұлғаны жолында кездесетін кедергілерге дайындау;

– шығармашыл тұлға мен ортаның арасындағы ұқсастықты табу.

Осы  ұстанымдарды  пайдалана  отырып  мұғалім  тек  өз  оқушыларының 

шығармашылық әлеуеттерін  ояту мүмкіндіктерін  кеңейтіп  қана  қоймай,  

өзіндегі  креативтік  бастаманы  шыңдай  түсуге тиіс. Өйткені,  шығармашылық 

қабілетті  дамыту сабақтың  тиімділігін  арттыра  түседі,  оқушылардың  жеке 

тұлға  ретінде  ашылуына  жағдай  жасап,  оларды  интеллектуалды  тұрғыдан 

дамытады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін олардың тілді 

игеру деңгейлерін ескере отырып әртүрлі әдістерді пайдалануға болады. Өз 

педагогикалық тәжірибемде қолданып жүрген әдістердің бір қатарымен ой 

бөліссем деймін. 


56

www.kazmektep.kz

Мәселен,  төменгі  буын  оқушыларына  төмендегідей  әдістерді  ойын 

түрінде пайдалануға болады: 



– өлеңдермен, әндермен шығармашылық жұмыс жасау, әсіресе, оларды 

рөлге бөліп қолдану; 

– тілге жеңіл жаңылтпаштарды қолдану

– диалогтарды пайдалану. 

Диалогті  қолданудың  тағы  бір  ұтымды  нұсқасы  –  қуыршақ  театры. 

Оқушылар партаның астында отырып, қуыршақтарды сөйлетеді.

1. Суреттеу (Describing). Тақтаға түрлі-түсті суретті іліп, оны суреттеуді 

сұрау (жақсы оқитын оқушы сөйлеммен суреттейді, нашар оқитын оқушылар 

суреттегі білетін сөздерін айтады).

2.  Сурет  салу  сабағын  ұйымдастыруға  болады.  Мысалы,  халықаралық 

әйелдер мейрамы қарсаңында төменгі буынның  оқушыларына  аналарына 

ашық  хат  жазып,  тілектерін  ағылшын  тілінде  білдірулерін  сұрау.

3.  Шығармашылық  қабілетті  арттыруда  жобалық  жұмыстың  алатын 

орны да ерекше. Оқушылар өз зерттеу жұмыстарының нәтижесін постер, ба-

яндама, коллаж немесе тұсаукесер түрінде көрсетеді.  

4. Мәтіннің соңын өз қиялынан шығарып аяқтау.

5. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

6. Сүйікті тағамының ас мәзірін жасау және оны жарнамалау.

7. Жоғары буын оқушыларына өлең жолдарын қазақ тіліне аудару сияқты 

әртүрлі қызықты шығармашылық тапсырмалар беруге болады. 



8. Бірнеше сөйлеммен ой тасталады. Оқушылар оның жалғасын ойлап 

табу керек. Мысалы: Last night I had an awful dream: I found myself in the world 

where all the colours were blent. The grass was orange, the trees were white, the 

purple sun was shining in the green sky…… немесе Once upon a time there lived 

a king and a queen. And they had a beautiful daughter……..

Мен  қолданып  жүрген  бұл  әдістер  оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттерін арттырып, оларды тек интеллектуалды ғана емес, сонымен қатар 

жеке тұлға ретінде дамуына септігін тигізіп келе жатқанына күмән жоқ.

Абай  атамыздың  «Тегінде  адам  баласы адам баласынан ақыл, ғылым,  

ар,    мінез    деген    нәрселермен  озады.  Одан  басқа    нәрсемен  оздым  ғой 

демектің  бәрі  бекер»   дегеніндей,  білімді,  ақылды,  бәсекеге  қабілетті 

ұрпақ  тәрбиелеуге  атсалысайық,  әріптестер.



Семей қаласы.

БАЛА  ҚЫЗЫҒУЫН  ОЯТУ  ҮШІН

Г.МҰҚАНОВА,

Қ.Баймағанбетов атындағы №42  мектептің 

бастауыш сынып мұғалімі

С

абақ  тақырыбына  сәйкес  Б  б  дыбысы  мен  әрпін  таныту,  ол  арқылы 

берілген  сөздерді  оқу  мен  жазуға  үйрету,  Б  дыбысына  қатысты  жаңа 

сөздерді оқыту  арқылы  оқушылардың  білімі  мен  тілін  дамыту  көзделген 

бұл дәрісте  балалардың  «Балдырған»  журналына  қызығушылығын ояту, 

ұлттық  салт-дәстүрге  баулу,  үлкенді  сыйлауға,  еңбекқорлыққа тәрбиелеу  

мақсат  етіледі.

Бала, бата, баба сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы дамыту міндеті 

алға қойылады.

Интерактивті  тақта,  «Әліппе»  оқулығы,  оқу  құралдары  мен  жаб-

дықтары,  кеспе  әліппе,  «Балдырған»    журналы,  «Б»  дыбысына  берілген 

әліппе  бағандарындағы  сөздер,  «Сәйкестендіру»  тесттік  материалдары, 

қуыршақтар  сабақтың  көрнекілік  қызметін  атқарады. 


57

www.kazmektep.kz

Бұл сабақ барысы төмендегіше ұйымдастырылады.

Армысың, асыл күн, 

Армысың, жан досым!

Армысың, көк аспан. 

Жылуыма жылу қос,

Армысыздар, қонақтар! 

Міне, менің жүрегімнің жылуы!

–  Балалар,  біз  өткен  сабақтарымызда  көптеген  әріптермен  таныстық. 

Енді осы әріптерді қалай меңгергенімізді бақылайық.

1. «Сәйкестендіру» тесті.

2. «Адасқан буындар» ойыны.

Ай-на, та-мақ, ма-та,  мақ-та, қа-лам, Ар-ман.

– Біздің,  бүгінгі  сабағымызға  «Балдырған»  журналы  қонаққа  келіпті. 

«Балдырған»  журналының  ішінде  бізге  арналған  өлеңдер,  ертегілер, 

әңгімелер,  жұмбақтар  болады.

Біз  ертең  барлық  әріптермен  танысқаннан  кейін  осы  журналды  алып 

оқимыз. 

Бал-дыр-ған  сөзіне  талдау  жасау.  Журнал  бетіндегі  оқушы  шығарма-

ларымен таныстыру. 

Ба-қа, ба-лық, ба-ла-пан.

– Балалар, бақа қайда мекендейді?

– Ал, балық ше?

Б  б  дыбысы  және  әрпімен  таныстыра    отырып,  хормен  Б  дыбысын 

айтқызамын. 

Б – дауыссыз дыбыс. Ба, бо – буындарын оқыту.  

«Кім көп біледі?» ойыны. 

«Б» дыбысынан басталатын кісі есімдерін атау.

– Балалар, бүгін бізге қонаққа қандай журнал келді?

– Балдырған.

– «Балдырған» бізге бір ертегі ала келіпті, қандай ертегі екен көрейік. 

Баяғыда  бір  ата  мен  әже  болыпты.  Бір  күні  олардың  қарны  ашып, 

бауырсақ  пісіріп  жемекші  болыпты.  Үйлеріндегі соңғы  ұндарына қай-

мақ  қосып  бір  бауырсақ  пісіріпті.  Оны  суыту  үшін  терезенің  алдына  

қойыпты. Сол  кезде  бауырсақ домалай  жөнеліпті.  Домалап  келе жатса,  

алдынан  қоян  шыға  келеді. 

Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

– Жеме, жеме мен саған өлең айтып беремін.

Қанекей, балалар, бауырсаққа қосылып өлең айтып берейік. 

(«Бауырсақтың  әні».)

– Рақмет,  балалар!

Алдынан  қасқыр  шықты.  Ал  балалар,  бауырсаққа  көмектесейік.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал