Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



жүктеу 0.99 Mb.

бет8/12
Дата02.03.2017
өлшемі0.99 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мұғалім беделі – ұлт мерейі

45

www.kazmektep.kz

Мақсат Тумабаев  өзі  еңбек  етіп  отырған  білім  ордасында  іс-тәжіри-

бесін шыңдай  түсіп  қана  қоймай  өзгелерге көмек боларлық зерттеулер 

еңбегін жазып,  жас  ұрпаққа  және  жалпы  жас  мамандарға көмектесерлік 

мақалалар мен бірнеше әдістемелік оқу құралдарын шығарды. Атап айтар 

болсақ,  ол  –  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігімен 

«Өрлеу» БАҰО АҚ-на қарасты Алматы облыстық педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін  арттыру  институты  ғылыми  кеңесінің  мақұлдауымен  «Мұқа-

ғалитану таңдау курсының бағдарламасы мен сабақ жоспары», «Жас тілші 

таңдау  курсының  бағдарламасы  мен  сабақ  жоспарлар  жинағы»,  «Сын 

тұрғысынан ойлау технологиясын  қазақ тілі мен әдебиеті сабағында  пай-

далану»,  «Ақын-жыраулар    поэзиясындағы  имандылық  пен  адамгершілік 

мәселесін  жастар  тәрбиесінде  пайдалану»  оқу-әдістемелік  кітаптарының 

авторы. Өзі осы зерттеулері негізінде сабақтар өтіп, курстар мен үйірмелер 

жұмыстарын    жандандырып    келеді.  Негізінен,  ол  сабақ  беру  үрдісінде 

жаңа  технологияларды  тиімді  пайдаланады,  соның  ішінде  Дж.  Стил, 

К.Мередит, Ч.Темпл, С.Уолтердің сын тұрғысынан ойлау технологиясының 

элементтерін қолдана отырып өзін-өзі оқыту және сұрақ қою,  оқушының өз 

білімін  бағалауға баулиды. Ол – оқушылардың өздеріне сын көзбен қарауы, 

яғни  бала  бойында  еркіндік,    мақсаткерлік,  ар-намыс,  мақтаныш  сезім,  

дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттерін  да-

мыту.        

Шәкірт  ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәсе-

лен, Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім және осы замандағы көптеген 

дарын  иелері  өздерін  Абайдың  шәкірттері  деп  есептеген.  Шәкіртке  өмір 

сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік 

түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрмет осы себептен де айрықша 

болса керек. 

Ұстаз  бен  шәкірт  арасындағы  осындай  өзара  қамқорлық,  сыйластық 

сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне 

жағымды ықпал етері анық. Ұстаз  Мақсат  Тумабаев  дарынды оқушылармен 

жұмыс  жасауы  нәтижесінде  2012-2013  оқу  жылы  Талғар  аудандық  «Да-

рын» ғылыми-практикалық конференциясында екінші жүлделі орын алды. 

Ал 2013-2014 оқу жылы Талғар аудандық «Дарын»  ғылыми-практикалық 

конференциясына  қатысып,  жұмысын  қорғаған  оқушысы  жүлделі  екінші 

орын  иеленді.    Ал  2013-2014  оқу  жылында  аудандық  «Жарқын  болашақ» 

республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасында «Жазушылар»  номи-

нациясы бойынша оқушысы жүлделі екінші орын иеленсе, 2012-2013 оқу 

жылында  Талғар  аудандық  Махамбет  оқуларында  оқушысы  үшінші  орын 

иеленді.  Ал  2013-2014  оқу  жылында  өткен  Талғар  аудандық  Махамбет 

оқуларында оқушысы  бірінші орын иеленсе, сол 2013-2014 оқу жылында 

аудандық  «Жарқын  болашақ» республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олим-

пиадасында    «Сөз    шебері»    номинациясы  бойынша  және  бір  оқушысы 

үшінші  орын  иеленді. Бұдан тыс сол оқу жылы Талғар аудандық Махам-

бет оқуларында оқушысы жүлделі үшінші орын иеленсе, Талғар аудандық  

мәдениет    және  тілдерді  дамыту  бөлімі  ұйымдастырған    «Нұрсұлу  Саты-

балдықызы  атындағы  көркем  сөз  оқу шеберлері»  байқауына  белсенді 

түрде қатысқаны  үшін  оның  оқушылары  арнаулы дипломдармен  мара-

патталды.

Бір сөзбен айтқанда, Мақсат Тумабаев жаңаны жақтаушы, ізденімпаз, 

зерттеуші ұстаз.



Алматы облысы 

Талғар ауданы.

46

www.kazmektep.kz

азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім берудің 

маңыздылығын  күшейту  және  талантты,  шығармашыл  педагогтерді 

ЖАҢАШЫЛДЫҢҢА  ТАЛПЫНЫС  – 

ТАБЫС  ЖОЛЫ



Бибігүл АТИК,

дарынды балаларға арналған мектеп 

директорының электрондық оқыту 

жөніндегі орынбасары

мадақтау  мақсатында  ұйымдастырған  «Үздік  педагог»  байқауына 

қатысқан  әріптесіміз,  Павлодар  облысы  Ақсу  қаласының  дарынды 

балаларға  арналған  гимназияның  физика  пәні  мұғалімі  Қабылбекова 

Алмагүл Серікбайқызы республика бойынша 32 жеңімпаз қатарынан та-

былып, толағай табысқа кенелгені бізді қатты қуантты. Өйткені, ол – фи-

зика пәнінен ғылыми құндылықтарды өз оқушылары бойларына сіңіруге  

бар  күш-қуатын  салып  жүрген  ұстаз.  Өйткені,  өз  білімін  жетілдіріп, 

оқушылардың жан-жақты болуына ықпал жасап жүрген ұстаз.  Өйткені, 

ол – физика пәнінен бірнеше оқу-әдістемелік құралдар жазған ізденімпаз 

мұғалім. Өйткені, ол – 7,8,9-сыныптар үшін «Физикадан терминологиялық 

сөздіктер», «Тоқсандық терминологиялық тесттер», ағылшын тілінде «Фи-

зика есептерінің жинағы», қазақ тілінде «Физикадан тақырыптық тесттер» 

еңбегінің авторы.

Айналасына  ізгілік  шуағын  шашқан  Алмагүл  Серікбайқызы  өзін 

шәкірттерімен  тең  дәрежеде  ұстап,  оларды  білім  нәрімен  сусындатса, 

әріптестерінен де кеңес-көмегін аямай білгенін бөліседі. Оны  коучингтер-

де, қалалық, облыстық семинарларда өз іс-тәжірибесімен бөлісу барысын-

да байқауға болады.

Өмірден көргені мен тоқығаны мол білімді әрі  білікті ұстаз оқушы-

ларына  үлгі    болып,  талай  байқаулар  мен  сайыстарда  жеңімпаз  атанды.  

Атап  айтқанда, «Инновациялық-педагогикалық идеялар V республикалық 

фестивалі» байқауында дәрежелі дипломды иеленсе, бірнеше рет «Педа-

гогикалық шеберлік» сайысында «Шеберлік, әдісқойлық, жетістік» номи-

нациясында (2008, 2010 жылдары) марапатқа лайық деп танылды. Ұлттық 

бірыңғай тестілеуге қатысқан оқушылары әрдайым жоғары көрсеткішке ие 

болып, білім гранттарына қол жеткізді. 

Оқушылардың  алдына  зор  мақсат  қойып,  тиянақты  білім  берген 

Алмагүл Серікбайқызының шәкірттері де талай білім шыңынан көрінуде. 

Мәселен,  республикалық  қашықтық  олимпиадасына  әр  жылдары  қа-

тысқан оқушылары жүлделі орындарды жеңіп алса, 2012-2013 оқу жылын-

да республикалық астротурнирге павлодарлық құрама командасы мүшесі 

ретінде  қатысқан  оқушысы  Дастан    Хайдаров    жүлделі  үшінші  орынды 

иеленді.


2013-2014 оқу жылында Кембридж бағдарламасы бойынша І деңгейлік 

курста  оқып,  білімін  дәлелдеп,  сертификатын  алған  талапты  мұғалім 

гимназия  және  қала  мұғалімдеріне  осы  бағдарламаға  сәйкес  білім  беру 

ісіндегі жаңалықтарды іске асыруға, соның ішінде педагогтердің желілік 

қоғамдастығын  құруға  өз  үлесін  қосып  жүрген  мәртебелі  мұғалімге 

мерейінің қашанда үстем бола беретініне нық сенімдіміз.



Павлодар облысы

Ақсу қаласы.

Қ

47

www.kazmektep.kz

ерейлі  кісінің  мінезі  –  адамдық  болмыстың  айнасы”  деген  қағидаға 

сүйенсек, Перуза Уәлиқызы Миянова ұстаздардың ұстазы деуге толық 



БІЛІМ БЕРГЕН МҰҒАЛІМ  – ӨМІРДЕГІ 

ЗОР  ҒАЛЫМ

Әлия  СЕЙІТМҰРАТОВА, 

Қ.Баймағанбетов атындағы №42  орта

мектептің музыка пәні мұғалімі

негіз бар. Өйткені,  ол  – мол өмір  тәжірибесін алып, зиялы аға-апалардың ақыл-

ойын    тыңдап,    білімін    толықтырып    өз  өміріне    пайдалана  білген  ұлағатты 

ұстаз.


«Тіл  –  ұлттың  жаны»  деген  ұлы  адамдар.  Бүгінгі  таңда  тәуелсіз 

Қазақстанның ендігі болашағы, шығар биігі саяси-экономикалық факторлары-

мен  қатар,    оның  мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілінің  де  тағдыр-талайына  байла-

нысты  екенін  бәріміз  де  жан-жүрегімізбен  сезініп,  терең  түйсінеміз.  Алайда, 

ана  тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілдің туын өзінің 

лайықты шыңына қондыруға үлес қоссақ игі, әрине. Дегенмен, бұл – туған Отан,  

халық  алдындағы  әрқайсымыздың  азаматтық  әрі  перезенттік  парызымыз.  

Олай  деуге    себеп,    бүгін    әңгіме    еткелі    отырған    кейіпкеріміз  осынау 

қасиетті  парызды  ардақ  тұтып,  30  жылдан  бері  шәкірт  жүрегінде  ана  тілінің 

жауһарларын  жарқыратсам  деп  аянбай  тер  төгіп  келе  жатқан  ұстаз  жайында 

болмақ.  

Перуза    Уәлиқызы    Миянова    Қызылорда    облысы    Сырдария    ауданы  

Аманкелді    ауылының      тумасы.    Ол  –  1984    жылдан  бері    Қ.Баймағанбетов 

атындағы №42 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үзбей дәріс беріп 

келе жатқан тәжірибелі, озат мұғалім. Өйткені, ол – мектептің абыройлы, асқақ 

биіктерге көтерілуіне атсалысып жүрген майталман ұстаз. Сондықтан Перуза 

Уәлиқызы жайлы  қалай  айтсақ та,  мақтансақ  та жарасады.  Неге десеңіз,  ол 

кісі үнемі ізденіс үстінде, қайтсем шәкірттерімді  толыққанды біліммен  сусын-

дандырамын   деп  алға  қойған мақсат-межесіне жету үшін еңбек етеді. Соның 

бір  дәлелі:    бірнеше  жылдар  бойы  демократиялық  білім  беру  орталығы  мен  

«Сорос-Қазақстан»  қорының «Оқу мен жазуды сын  тұрғысынан  ойлауды дамы-

ту»  курсынан  алған біліктілігін тәжірибеде кеңінен қолданып озық тәжірибесін  

әріптестеріне  таратты. Ал өз іс-тәжірибесінен  алынған «Жана технология – 

жаңа ізденіс»,  «Оқушыны  іздендірудегі  жаңа ізденіс қадамдары»  баяндамала-

ры облыстық педагогикалық оқулар мен конференцияларда тыңдаушыларынан 

қолдау тапты. 

«Сан  есімнен    өткенді    қайталау»,  «Абай  –  Қазақтың  бас  ақыны», 

Ш.Құдайбердиевтің  «Қалқаман-Мамыр»  поэмасы  бойынша  өткен  сабақтары 

«Үздік  сабақ»  номинациясымен  марапатталды.  Қазақстан  Республика-

сы  тәуелсіздігінің  10  жылдығына  арналған  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пән 

мұғалімдерінің  «Жүзден  жүйрік»  аудандық  байқауында  бірінші  орынды, 

облыстық байқауда үшінші орынды жеңіп алды. 

«Шәкірт жетістігі – ұстаз мерейі» десек, Перуза Уәлиқызының шәкірттері 

де талай табыс биіктерін бағындырып, ұстаз еңбегін ақтауда. Ұлттық бірыңғай 

тестілеуде қазақ тілі пәні бойынша шәкірттері ауданда үздік көрсеткіштерге қол 

жеткізіп,  пәндік олимпиадаларда топ жарды. 

Ұстаз  еңбегі  ескерусіз  қалмасы  анық. Талай  жылғы  атқарған   еңбек-

терінің  арқасында  аудандық  білім  бөлімінің,  облыстық  білім  басқармасының, 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамота-

ларымен марапатталды. Перуза апай – ұстаздықпен қатар отбасының ұйытқысы, 

аяулы жар, бес бала тәрбиелеп отырған ардақты ана.

 

Қызылорда облысы 



Сырдария ауданы

Аманкелді ауылы.



М



48

www.kazmektep.kz

лбасы  Н.Назарбаевтың  «Біз  үшін  болшағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты 

ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  –  Мәңгілік  Ел 



ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР – ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ 

ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ КҮШ

Пиалаш  СҮЙІНКИНА,

Ы.Алтынсарин атындағы

Рудный әлеуметтік-гуманитарлық 

колледжінің оқытушысы

Е

идеясы» деген сөзі бүгінде барша қазақстандықтардың жүрегінде. 

Мәңгілік ел – ол келешекте барынша қуатты болатын, соған орай әлемнің 

ең дамыған 30 елінің қатарына енуі тиіс, атауы да Қазақ елі болып өзгеруі 

мүмкін  бүгінгі  Қазақстан  Республикасы.  Мемлекет  басшысы  Мәңгілік  Ел 

ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан–2050» стратегиясының түп 

қазығы етіп алды. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын  ең  абырой-

лы, ең  мәртебелі жол. Осы мәртебелі жолда көшбастаушылар  қатарында 

жоғары мәртебелі мамандық иелері – педагогтер болуы әбден қажет. Неге 

десеңіз,  біздің  болашағымыз  –  жастардың  қолында.  Ал  жастарымыздың 

қандай болмағы ұстаздарға байланысты.

Әйтсе де  мұғалімдердің  көп,  нағыз  ұстаздардың аз екені рас, сөз – 

осы заманның үздік педагогі жайында болмақ. Таңдаудың осы мәселеге түсуі 

кездейсоқ  емес.  Адами  капиталы  мықты  ел  ғана  биіктерді  бағындырады. 

Соңғы деректерге сүйенсек, дамыған АҚШ, Еуропа елдерінде мемлекеттік 

капиталдың 70-80 пайызын адам капиталы құраса, қалған бөлігі табиғи ре-

сурстар  мен  жылжымайтын  мүлік,  өнеркәсіптік  қорлардың  (зауыт,  фабри-

ка,  ғимараттар)  үлесіне  тиесілі  екен.  Ал  Қазақстанда  керісінше.  Еліміздің 

мемлекеттік капиталының 68% пайызын табиғи ресурс құраса, 21% пайы-

зы  –  өндірістік  қорлардың  еншісінде.  Ал  адам  капиталы  тек  11%  пайыз 

ғана екен. Яғни, бұл  – Қазақстанның қарыштап дамып жатқаны тек табиғи 

ресурстардың арқасында деген сөз. Мұнайы да, түсті металы да жоқ Жапо-

ния  адам  капиталының  арқасында  дамыған  елдердің  алдыңғы  қатарында 

келеді.  Ақыл-ойы  озық,  интеллектуалды  ұлт  қана  ғажайыптарға  қол  со-

зып, діттеген мақсаттарына жете алады. Зияткер ұлт, сапалы адами капитал 

қалыптастыруда нағыз ұстаздардың орны ерекше.

Енді «мұғалімдер қауымының алдыңғы қатары – шынайы ұстаздар деп 

кімдерді айтуға болады, олар лайықты бағаланып жүр ме, ұлағатты  ұстазды 

ұлықтау  мұғалім  мәртебесін  көтеруге  ықпал  ете ме?» деген  сауалдарға  

жауап  іздеп  көрелік.

Ол үшін, алдымен ұстаздардың ұстазы атанған, қазақтан шыққан тұңғыш 

педагог, ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин өнегесіне жүгінейік.



«Мен  жақсы  оқытушыны  бәрінен  де  қымбат  көремін»  деген  сөздің 

Алтынсариндікі  екенін  көпшілік  білгенімен,  мұның  кімге  және  не  себепті 

жазылған  хатынан  екеніне  мән  бермейді.  Ол  әрі  ұстаз  әрі  дос  ретінде  аса 

құрмет  тұтқан  Н.И.  Ильминскийге  1882  жылы  29  шілдеде  жолдаған  ха-

тында өз көңілінен шыққан мұғалім А. Мозохин туралы жаза келіп, жақсы 

оқытушыға  қатысты  жүрекжарды  лебізін  былайша  түйіндейді:  «...Сіздің 



арқаңызда құдай маған өз ойымдағыдай бір жақсы оқытушы бергенін мен 

өзіме  үлкен  бақыт  санаймын.  Мен  қазір  жақсы  оқытушыны  дүниедегінің 

бәрінен де қымбат көремін».

Ұлы  ағартушының  хаттарынан  «жақсы  оқытушы»,  «іскер  оқытушы», 

«қабілетті  мұғалім»,  «іскер  оқытушылар  жіберіңіз»,  «жақсы  оқытушылар 

беріле  ме?»  секілді  сөз  тіркестерін  жиі  ұшыратуға  болады.  Демек,  білім 



49

www.kazmektep.kz

атты  баға  жетпес  құндылықты  қастерлеп,  оны  игертуде  жақсы  мұғалімнің 

орны ерекше екенін ұғынып, қабілетті маманды лайықты бағалауды қажет 

санаған сол кезеңнің бас ұстазы Ы.Алтынсаринның кісілігіне, көрегендігіне, 

кемеңгерлігіне қайран қаласың.

Мұғалім  Ф.Соколовқа  жазған  хатындағы:  «...Өзіңізге  жүктелген  оқу 

істерін  өте  тиімді  түрде,  ойдағыдай  жүргізіп  жатқаныңызға  тағы  да 

алғыс айтамын. Ал мен  өз тарапымнан Сіздің  еңбегіңізге  сай  дәрежеңізді  

көтеруге мүмкін  болғанынша  тырысатыныма әбден  сеніңіз» (1886 жылғы 

09  қазан)  деген  жолдар  да  көп  нәрсені  аңғартса  керек.    Бұдан    шығатын 

қорытынды: жақсы мұғалімді даралау, оны лайықты бағалаудың үлгісін ХІХ 

ғасырда Ы.Алтынсарин көрсетіп кеткен.

Жақсы  маман  қай  кезде  де  сұранысқа  ие.  Мамандардың  бәрі  бірдей 

мықты болып кете алмайды. Олардың саны әр салада жеткілікті болғанымен, 

өз ісінің нағыз шеберлері аз.

«Әлемдік  сарапшылар  келешекте  білікті  кадрларға  деген  өткір 

тапшылық  орнайды  деп  болжауда»  деген  мәлімет  алаңдатпай  қоймайды. 

Бұл болжамның дәйектілігін уақыт көрсете жатар. Десек те, бүгіннің өзінде 

қай  білім  мекемесінде  болсын,  қатардағы  мұғалімдер  ұжымның  басым 

көпшілігін  құраса,  өз  ісіне  жан-тәнімен  беріліп,  қызметін  жоғары  кәсіби 

деңгейде атқаратындар саусақпен санарлықтай ғана. Шынында да, кез кел-

ген  ұжымға тірек болып, абыройын асқақтататын – оның талантты мүшелері. 

Осы орайда есімі аңызға айналған ұстаз, Қазақстан  Республикасына еңбек  

сіңген  мұғалім, Еңбек  Ері  Рафиқа  Нұртазинаның  мына  бір  сөзі тілге ора-

лады:  «Менің  ойымша,  бір  мектепте  100  мұғалім  болғанда,  оның  10-ы 

ерекше  жақсы  жұмыс  істесе,  ол  мектеп – өте  жақсы  мектеп».

Мәңгілік  Ел  атануға  бел  буған,  болашақта  Қазақ  Елі  атауын  иелену-

ге  бет  бұрған  тәуелсіз  мемлекетіміз  тарихында  есімдері  алтын  әріптермен 

жазылған Рафиқа Нұртазина, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова сынды тау 

тұлғалар тағылымы өлшеусіз. Олардың дарабоздығын тұтас халық мойын-

дады, жазған еңбектері ел игілігіне айналды. Бірер дәйектер келтірейік. Өзі 

де  ұстаз,  қазіргі  Мәжіліс  депутаты  Гүлмира  Исімбаева  былай  деп  жазады: 

«Рафиқа Бекеновна – эталон Учителя, верности традициям просвещения, 

образец неиссякаемого трудолюбия. В 75 лет она давала блестящие показа-

тельние  уроки  русского  языка  и литературы для учеников и учителей горо-

да. Теряя зрение, писала учебные пособия для обучения теперь уже казахско-

му языку. А в 80-летнем возрасте блестяще провела актовый урок в родной 

школе по творчеству Пушкина и Абая». Өз ісіне деген неткен сүйіспеншілік, 

неткен  жанкештілік!  «Көзсіз  ерлік»  деп  осындай әрекетті айтса керек.

«Қазақтың Қанипасы» атанған Бітібаеваның өз сөзіне мән берейік: «Мен 

ұстаз  болып  туғаным  жоқ.  Мектеп  бітірген  соң  механизатор  болдым,  

институтты тәмамдаған  соң  да  көп оқыдым, іздендім, қазақ  тілі мен 

әдебиетін    тереңдетіп    оқытудың    атаулы    мектебін    ұйымдастырдым.  

Қазір  еліміздің    түкпір-түкпірінен    менің    әдіс-тәсілімді  үйрену    үшін  

әріптестерім  іздеп  келеді,  білгенімді  үйретемін. 44  жасымда  Кремльде  

қазақ  тілі пәнін оқыту  жайлы  баяндама  жасадым,  КСРО-да 5-ші,  ал 

елімізде 1-ші  болып  ұстаздар  арасында  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының 

лауреаты    атандым.    Міне,  ұстаз  беделі  қоғамдағы  өз  орныңды  таба 

білгенде,  ұзақ  жылғы  ізденіс  нәтижесінде  келеді».

Ұлағатты  ұстаздың  айтуынша,  табыс  көп  оқу,  іздену,  еңбектенудің 

арқасында келеді. Осы мазмұндас сөзді Елбасы Н.Назарбаев та айтқан еді: 

«Біздің  қоғамда  адал  еңбекті  терең  біліммен  ұштастырған  ғана  табысқа  

жете алатынын  қаперден шығармаған абзал». 2008  жылы  алғашқы  екеудің  

бірі болып  «Қазақстанның  Еңбек Ері»  атағын  алған №159 Ы.Алтынсарин 

атындағы  мектеп-гимназияның  директоры  Аягүл  Миразованың,  оның 


50

www.kazmektep.kz

ұжымының    білім    беру  саласын    дамытудағы    үлесі  үлкен.  Кезінде  жаңа 

буын оқулықтар  мен  оқу  құралдарын   жазған  еліміздің  84  авторының 

34-і  осы  мектептен    екенін    айтсақ,    артық    болмас.  Ең  бастысы,  мұнда  

оқушылардың  тәлім-тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлінеді. Мектепті «Алтын  

белгімен»    бітірушілер  аз  емес.  Олар  «Болашақ»  стипендиясымен  әлемнің 

дамыған    елдеріндегі    бакалавриаттар  мен  магистратураларда,  отандық 

жоғары оқу орындарында,  оның   ішінде   Назарбаев  университетінде  білім  

алып жатыр.

Аягүл  Төреқызының  айтуынша,  мұғалім  шәкіртінен  көшілгері,  терең 

білімді, жан-жақты болуы тиіс.

Шынында  да,  талантты  ұстаз  ғана  дарынды  балаға  жол  ашып  береді. 

Кезінде «алтын  бала»   атанған  Қуат Есеновтің ұстазы Ганелиннің мерейі  

үстем  екенін    көпшілік    біледі.    Сол  «алтын    баланың»    есейіп,  АҚШ 

университетін  бітіріп,  сол  оқу  орнына оқытушылық  қызметке  қалдырылуы 

кездейсоқ емес.  Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  әлеуеті  жоғары  маман  қай  

елде  де, қай  кезде  де  сұранысқа  ие. 

Бір  мақсат,  бір  мүдде  жолында  жұмылып,  діттеген  болашағымызға 

бірге  жету  тек  жасампаз  еңбектің  арқасында  жүзеге  аспақ  және  сол 

жасампаздықтың алтын діңгегі – ерен еңбек иелері, олардың ішінде алдымен 

ұстаздар екені ақиқат. 

Бұл  ретте  есімдері  аталған  ардақты  ұстаздар  тағылымы өзгелерге 

өнеге.  Мамандық  мәртебесін  көтеру  мұғалімнің    қолында  екенін  олар 

дәлелдеп берді.

Елбасы   Н.Назарбаев  «Келешекте   мұғалім   мамандығы  ең мәртебелі 



және  жоғары  ақы  төленетін  мамандықтардың  біріне  айналады»  де-

геннен  бері  сең  қозғалып,  ұстаз  беделін  арттыру   бағытында  нақты іс-

шаралар  қолға алына бастады.  Солардың бірі – «Үздік педагог»  байқауын 

өткізу. «Үздік ЖОО оқытушысы»  республикалық  байқауы  2007  жылдан, 

ал  колледждер  мен  мектептер  оқытушылары  мен  мұғалімдері  арасындағы 

байқау  2012  жылдан  бастап  өткізіліп  келеді.  Соңғысы  әлі  қолға  алынбаған  

кезде,  яғни    2012  жылы    сәуір    айында  техникалық  және  кәсіптік  білім 

департаментінің  басшысы  Қ.Бөрібеков  Рудный қаласында,  оның  ішінде  

біздің  колледжде   шаһар  білім  ордалары   басшыларымен,  педагогтермен   

кездесу  өткізгенде, «колледж  оқытушылары арасында  байқау  өткізілмей  

ме?»  деген  сауалды  қойған  мен  едім.

Бірақ  зейнет  жасына  келсе де,  ерен  еңбек  үлгісін  көрсетіп  жүрген  

педагогке  шектеу  қойылмауы  керек  еді.  ЖОО-ның  оқытушылары  ара-

сындағы  байқауда  жасқа  қарамайды,  екінші  рет қатысып,  жеңімпаз  ата-

нып  жүргендері  де  бар.

Ендігі сөз ауанын «үздік педагог деген атауға кімдер лайықты?» деген 

сауалға қарай бұрайық.

Байқау  шартында  «ұзақ  жылдар  мінсіз  қызмет  атқарған,  жетістігі 



мол, шығармашыл мұғалімдер байқауға қатыса алады» делінген. Әйтсе де 

атақ-даңқ, мол қаржыны иеленіп, үздік педагог атанғандардың бәрі  дерлік 

шын мәнісінде тарлан ба деген дүдәмалдың тууы да бекер емес. Бұған га-

зет беттеріндегі кейбір мақалалар, сайтта жазылған пікірлер дәлел. Айталық, 

«Оқытушылардың  бәрі  үздік  пе?»  деген    материалында    журналист    Жол-

дасбек  Дуанабай  автор  хатынан  мына  бір  жолдарды келтіреді:  «ЖОО-



ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау конкурсы адал 

өтетіндігіне    күмәнданатын    жөніміз    бар.  Өйткені    кейде    министрлік  

қойған талаптардың  үдесінен  шықпайтын  оқытушылар  да  үздік  ата-

нып  жүр...».

Ғалым,  профессор  Тоқтар  Есіркеповтің  те  айтқан  сөзінің  жаны  бар. 

Экономика  ғылымы  докторының  «Білім  және  ғылым  министрлігінің  сай

-



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал