Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



жүктеу 0.99 Mb.

бет4/12
Дата02.03.2017
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

19

www.kazmektep.kz

Мұнда оқушының танымдық қызығушылығы, қажеттілігі, кәсіби бағдары 

ескерілген таңдаған тақырыбы бойынша шығармашылық ізденістерге мұғалім 

басшылық жасап бағыт-бағдар беруі керек. 

Оқу үрдісінде оқушыны зерттеу әдістемесін қолданған тиімді. Бұл әдістеме 

бойынша  оқушыларға  әртүрлі  деңгейдегі  тапсырмалар  ашу  позициясын 

төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.

– Не себепті бұл тапсырманы таңдап алдың?

1. Өзімді сынағым келді.

2. Пән бойынша өз мүмкіншілігімді білгім келді.

3. Пәнге деген қызығушылық.

4. Осы ғылым саласында көп білгім келеді.

5. Келешектегі жұмысыма  қажет.

6. Келешектегі білім алуыма осы пән қажет.

7. Пән бойынша жетістікке жететініме сенемін.

8. Оқуға жеңіл.

9. Қиыншылықты жеңгім келеді.

10. Мұғалімге ұнау.

11. Көп білетін білімді адам болу.

12. Өз бетімен өмір сүруге үйрену үшін.

13. Мәдениетті, жан дүниесі бай, қоғамға пайдалы адам болу.

Оқуды негізгі  қажеттілік деп санайтын оқушылар төмендегідей бағыттар 

бойынша топталады.

1. Танымдық.

2. Өзін-өзі айқындау.

3. Өзін- өзі дамыту.

Қазіргі кездегі математика пәні мұғалімінің міндеті – оқушыларға тек білім 

беру ғана емес, сондай-ақ оларды өздігінен білім алуға, математика және оның 

практикалық  қосымшаларын  қызығушылықпен  оқып-үйренуге  тәрбиелеу, 

білімді қалыптастыру болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстарды орындаудың бірден-бір тиімді әдісі  ретінде 

ол  оқушылардың  дүниетанымын  дамытып,  математикалық  мәдениетін 

жоғарылатады. Ол үшін мектеп арнайы шарттарын дамытып, іс-шаралардың 

көзін табу керек. Орта мектептің мұғалімдері бірнеше жылдар бойы сыныптан 

тыс жұмыстардың әр түрлерін өткізіп келеді. Атап айтқанда,   олар – үйірмелер, 

кештер, апталықтар, сайыстар, олимпиадалар. Алайда сабақ  теориялық  және  

әдістемелік    тұрғыдан    қаншалықты  жоғары  деңгейде  өткізілгенімен,    бұл 

бағыттағы сыныптан тыс  жұмыстарды жүйелі де ойлы ұйымдастыра  білмеген 

жағдайда  күткендегідей  нәтижеге жету мүмкін  емес. Жалпы  орта мектеп-

терде  параллель    сыныптар  көп  болғандықтан,  сыныптан    тыс    жұмыстар  

оңай  өткізіледі. Себебі, әр сыныпта ең  болмағанда 2-3 оқушы  дарынды  бо-

лып  келеді.  Ал  шағын жинақты орта мектепте оқушылар аз болғандықтан, 

математикалық  білімін  дамыту  мақсатында  барлық    сыныптарда    сыныптан  

тыс  жұмысқа  жұмылдыру  көзделеді. 

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеті – оқушылардың пәнге қызығушылығын 

күшейтіп,  қызмет  белсенділігін  арттыру,  білім  мен  математикалық  та-

ным  көкжиегін  кеңейту.  Әдістемелік  әдебиеттер  мен  мектеп  жұмысының  

тәжірибесінде  математика  пәнінен  сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда  

үйірмелер,  кештер,  апталықтар,    олимпиадалар,    экскурсиялар    және    басқа  

түрлері  мейлінше  кең  қолданылатыны  белгілі.  Пәндер бойынша әртүрлі сы-

ныптан тыс жұмыстарды  жүйелі өткізу әрбір  оқушының  талғамы  мен  талабын  

ұқыпты, оның бос уақытының пайдалы іске  жұмсалуына  жол ашады. Сыныптан  

тыс  жұмыстар  оқушының жауапкершілік, пәнге деген қызығушылық сияқты 

көптеген құнды қасиеттерін танып білуге септігін тигізеді.

Деңгейлік  тапсырмаларға  математика  пәнінен  мынадай  талаптар   қойы-

лады.


20

www.kazmektep.kz



Бірінші  деңгейдегі  тапсырмаларға:    1)  жаттап  алуға  лайықталған    бо-

луы  керек; 2)  алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін  өзгертпей  

қайталап пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс; 3) тапсырмалар  жаңа  тақырып  

үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.



Екінші  деңгейдегі  тапсырмаларға:    1)  өтіп  кеткен  материалдарды  рет-

теуге  және  жүйелеуге  берілген  тапсырмалар;  2)  оқушының  ойлау  қабілетін 

жетілдіруге  берілетін  тапсырмалар  (логикалық  есептер,  ребустар  және 

сөзжұмбақтар).



Үшінші деңгейдегі тапсырмаларға:  1)  танымдық-іздену;  2)  әртүрлі әдіс-

тәсілдермен шешілетін есептер; 3)  өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру. 

Өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті 

жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін 

тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар. 

Төртінші  деңгей  тапсырмалары:    1)  олимпиадалық  есептер;  2)  берілген 

тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. 

Демек,  бұл  тапсырмалар  –  оқушылардың  біліктілігі  мен  дағдысын 

қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Барлық оқушылар жұмысын 

бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне 

жетеді. 


Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада:

1. Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын қайталанып, 

пысықталынып отырады. 



2.  Тақырыпқа  байланысты  оқулықта  берілген  тапсырмалар  толығымен 

орындалады.



3. Оқушы өзін-өзі тексереді, өзінің жіберген қателерін біліп отырады.

4. Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Талдаудың барлық түрінде  

сабақ  сайын  қайталап  отырады. 



5.  Білім    сапасы  әр  сабақ  сайын  тексеріліп  отырады,  алған  білімдерінің 

нәтижесі  айқын  көрініп  тұрады. 



6. Ойлау  қабілетін  арттыратын  тапсырмалар  орындайды. 

7. Әр оқушының әр пәннен 100 пайыз үлгеріміне қол жеткізудің кепілі бо-

лады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 

1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. 

8. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар 

сол деңгейді игергеніне сәйкес балдық жүйемен ерекше бағаланады. 



9. Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі. 

10. Бос отырған оқушы болмайды. 

11. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, 

әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.                    

Шәкіртіміздің білімін шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау  –  мұға-

лімдердің жауапкершілікті міндеттерінің бірі. Сондықтан тынбай, жалықпай, 

үнемі шығармашылықпен іздене жүріп, білімді ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуға 

тиіспіз.


Әдебиет

1. Информатика, физика, математика. – 1998. – №6.

2. Информатика, физика, математика. – 1999. – №4.

3. Информатика, физика, математика. – 2001. – №2, 4, 6.

4. Көбенқұлұлы Н., Жұмаділлаев А., Өтеміс Ә. Математика  әлемі. – Алматы, 2011.

Дидактикалық материалдар 

1. Әлімов А.Интербелсенді әдістердің тиімділігі.   

2. Математика – Қазақстан мектебінде. – 2010. – №5.

3. Қазақстан мектебі. – 2013. – №3.



Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы.

21

www.kazmektep.kz

стаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Әрбір мемлекеттің  

өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз 



БІЛІМ САПАСЫ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ 

Нағипа НЫСАНҚҰЛОВА,

Ш.Есенов атындағы №153 мектеп-лицейдің

бастауыш сынып мұғалімі

Ұ

берген білім. Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі келетін кез 

келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, са-

пасын көтеруді мақсат етеді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жол-

дауында да білімі мен білігі жағынан  шетелдегі замандастарымен бәсекеде  

жеңілмейтін,  рухы  кемел  қазақстандықтардың    жаңа  ұрпағын  тәрбиелеу 

қажеттігі баса айтылған. 

Мұғалім  өзінің  педагогикалық  әрекетінде  акме  жағдайға  шеберлік, 

кәсібилік,  құзырлық  сияқты  сатылардан  өту  арқылы  жетеді.  Мұғалімдік  

еңбекті  адамтану  ғылымы,  адамның  жан  дүниесіне,  рухани    әлеміне  бой-

лай  алу  өнері  деп  түсінген  ұлы    педагогтер  А.Дистервег,  К.Д.  Ушинский, 

А.С.  Макаренко,  В.С.  Сухомлинский  педагогикалық    шеберліктің  да-

муына  зор  үлес  қосқан.  Ғалымдар  мұғалімдердің  табыстарын  олардың 

адамгершілік  қасиеттері,    мәдени    деңгейі,    кәсіби    әрекетін    тұрақты  

жетілдіріп  отыруға   деген ұмтылысымен  байланыстырған. Мысалы, А.С. 

Макаренко   мұғалім  өзінің  кәсіби  шығармашылығын  жүзеге  асыру жо-

лында алдымен шеберлікке жетуі тиіс екеніне  тоқтала отырып, «шеберлік» 

ұғымын педагогикаға  қатыстыра  ең алғаш қолданған  және  бұл  сапа  жай-

лы «Тәрбиешінің  шеберлігі – айрықша  талантты  қажет  ететін ерек-

ше өнер емес,  дегенмен  оған  дәрігерді  немесе  музыкантты  шеберлікке 

үйреткендей  үйренетін мамандық» деген болатын. 

Педагогикалық  шеберлік,  сонымен  қатар  сан-салалы  кәсіби  әрекетті 

жүзеге    асыруды  нәтижелі  ету  үшін  еңбексүйгіштік,  балаға  деген  сүйіс-

пеншілік,  олардың  ішкі  дүниесін  түсіну,  таңдандыра,  жобалай  алу 

сияқты  қасиеттердің  болуын  талап  етеді.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда 

педагогикалық  шеберлік  –  кәсіби  әрекетті  жоғары  деңгейге  көтеретін 

мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. 

Осы  мәселеге  қатысты  келелі  ой  айтып  жүрген  ғалымдар  Ю.Б. Ива-

нов пен  Т.В. Сорокина  педагогикалық  шеберліктің  құрамаларына  ізгіліктік 

бағыттылық,  кәсіби  білімдер,  педагогикалық  қабілеттер,  педагогикалық 

техника,  педагогикалық  психологияны  білуді  жатқызады.  Педагогикалық 

әрекеттің  коэффициентін  арттыру  көп  жағдайда  оған  өзінің  ішкі  күштерін 

жұмылдыра  алуда, өзінің психикасына әсер ете алуда екеніне тоқталады. 

Педагогикалық  әрекеттің  шыңына  апаратын  келесі    баспалдақ  –  кәсі-



билік.  Қоғамның  жаңаруы  мен  қарыштап  дамуы  оның  азаматтарының 

барлық саладағы кәсібилігіне байланысты.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауат-

ты,  саналы  азамат  тәрбиелеу  мәселесі  жүктеліп  отыр.  Мұндай  мақсаттың 

баянды  болуы  оқу-ағарту  жүйесінің  үлесіне түсетінін  ескерсек,  білім негі-

зі –  бастауыштан  басталғандықтан, жас  жеткіншектердің  білімді,  білікті 

болуында  ойынның  алатын орны ерекше. Ойын  арқылы  оқушыны  білім 

алуға, оқуға  қызықтыра  отырып, оның тұлғалық  дамуын   қалыптастыруға   

болады.  Мазмұны  бойынша  барлық  дидактикалық ойындар  оқушылардың 

ақыл-ой  белсенділігін    қалыптастырудың  маңызды    құралы    бола  оты-

рып  олардың бағдарлама материалының  негізгі   тақырыптары  бойынша   

алған   білімдерін тереңдете  түсуді  әрі  пысықтауды   көздейді.  Бұл ойын-



22

www.kazmektep.kz

дар  балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге 

қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың 

зейінін,  ойлау,  зерде  үрділерін  дамытады.  Өмір  тәжірибесін  бір  жүйеге 

келтіруге  үйретіп,  жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сол себепті де ойын 

оқу әрекетінде жетекші рөл  атқарады. Мұның  барлығы  дидактикалық  ойын-

дарды  бастауыш  сынып оқушыларының іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен 

пайдалану  қажеттілігін  дәлелдейді.  Дидактикалық  ойындардың  оқыту 

мазмұнына,  танымдық    іс-әрекет    сипатына,    ойын    құрылымына    сәйкес  

жүктемелері  бар ( Л.А. Венгер,  О.М. Дьяченко,  Т.К. Жикалкина, т.б). 

Дидактикалық  ойындарды  оқыту  мазмұнына  сәйкес  түрлері  мыналар.



1.   Ойын  саяхатттар.  Олар  ертегілерге  ұқсас.  Олар  фактілер  неме-

се  оқиғаларды  бейнелейді,  бірақ  олар  ерекше  түрде  ашып  көрсетіледі; 

қарапайым  жұмбақ  арқылы;  қиындық  –  оңай  жолмен,  қажеттілер  –  қызық 

жолмен беріледі.



2.  Ойын тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік 

тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға 

негізделеді. 

3.  Ойын болжамдар. Бұл ойында « Не болар еді?» , « Мен не істер едім, 

егер...» деген сұрақтарға негізделеді. 

Ойынның  дидактикалық  мазмұны  балалардың  алдына  проблемалық 

міндет пен жағдаятты қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты 

жағдайда ұштастыра байланыс есептерінің тағайындауды талап етеді. 

4.   Ойын  жұмбақтар.  Жұмбақтың  негізгі  ерекшелігі  –  логикалық 

астарының  болуында.  Олар  баланың  ой  әрекетін  белсендіреді.  Жұмбақтар 

салыстыру,  терең  және  сипаттау  арқылы  ұғымның  қасиеттерін  ажыратуға 

тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.



5.  Ойын әңгімелер. Ол  мұғалімнің  балалармен,  балалардың  мұғаліммен 

және  балалардың  балалармен  қарым-қатынасына    негізделеді.  Бұл  қарым-

қатынас  ойын  мазмұнында  ерекше  сипатқа  ие  болады.  Ойынның құн-

дылығы  –  олар  сезімталдық  түрде  белсендіруге,  бір  сөздікке,  өзара  әрекет 

жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері.



1.  Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.

2.  Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

3.  Қайта жасау іс-әрекетін  жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4.  Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар. 

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жік-

тейді. 

1.  Сюжеттік-нөлдік ойындар.

2.  Жаттығу ойындары.

3.  Драмалық ойындар.

4.  Шығармашылық ойындар.

5.   Әдеби-музыкалық ойындар.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне  сәйкес мынадай 

жіктемесі бар.

1.  Білім беретін ойындар.

2.  Тәрбиелейтін ойындар.

3.  Дамытатын ойындар.

4.  Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.

5.  Диагностикалық ойындар.

Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық 

және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы 

мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш 

сыныптың оқыту үрдісіне кеңінен пайдалануға болады.


23

www.kazmektep.kz

Педагогика  ғылымында  ойын  әрекетінің  оқу  үрдісінде  алатын  орны 

туралы  зерттеліп  жүрген  еңбектер  аз  емес.  Себебі,  ойын  –  оқу,  еңбек  іс- 

әрекеттерімен  бірге  адамның  өмір  сүруінің  маңызды  бір  түрі.  Оны  мы-

надай  кесте  арқылы  суреттесек  те  болады.

 

«Ойын»  ұғымына  түсініктеме  берсек,  бұл  адамның  мінез-құлқын  өзі 



басқарумен  анықталатын  қоғамдық  тәжірибені  қалыптастыруға  арналған 

жағдаяттар  негізіндегі  іс-әрекеттің  бір  түрі.  Адамзат  тәжірибесінде    ойын 

әрекеті мынандай қызметтерді атқарады: 

ойын-сауық;

– коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;

– диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);

– коррекциялық (өзін-өзі түзету);

– әлеуметтендіру.

Бала логикасының дамуын есеп шығару ерекшеліктерінен байқауға бо-

лады. 

Математика  сабақтарында  оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытатын, 



әр пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойын 

есептері. Логикалық есептерді шығару оқушының тапқырлыққа, логикалық 

ойлауға  баулып,  ойының  ұшқырлығына,  тез  есептеуге,  өздігінен  шешім 

қабылдауына, салыстыруға әсер етеді. 

Оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  қойылатын 

өлшемдер мына төмендегілер.



1.  Мазмұнды есептерді талдап шығару.

2.  Сиқырлы фигуралар.

3.  Тірек  сызба,  нұсқалар  арқылы есеп, өрнектер құрастыру.

4.  Логикалық есептер шығару.

5.  Менің есебім (оқушы шығармашылығы).

Бала    бойындағы    қабілетті  ашу  оқушының  шығармашылық  бағытта 

дамуы на  жеке  мән беру  болып  табылады. Осы орайда логикалық ойлау 

қабілетін    дамытудың    өзіндік    іс-әрекетін    ұйымдастырудың    мынадай 

түрлерін  айтуға  болады:  басқатырғы  тапсырма,  сиқырлы  кесте,  сөзжұмбақ 

құру,  шешу, фигураларды  өзгерту,  құрастыру,  логикалық  есептер және  

тағы  басқа. 

Оқу  үрдісінде  ойын түрлерін пайдалану  бағдарламада анықталған білім,  

білік және  дағдыларды  қалыптастыру,  тиянақтау,  бекіту немесе тексеру 

болып  табылады. Сондай-ақ, мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және 

психологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес түрлендіре отырып жаңа  тақырыпты 

өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді  тиянақтау және тексеру  

кезінде,  яғни    сабақтың  кез  келген  сәтінде  оқыту  әдісінің    құралы  ретінде 

пайдалануға болады.

Бастауыш  сыныптың  оқу  үрдісінде  «ойын»  түрлерін  пайдалану, 

біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, 

балалардың  сабаққа  деген  қызығушылығын,  белсенділігін  арттырып,  білім 

сапасын көтеруге септігін тигізеді. 

Әдебиет

1.  Оспанов Т.К. Бастауыш кластар математикасын оқыту методикасы. – Алматы:  Мек- 

 

теп,  1987. – 114-б



2.  Жолтаева  Г.  Бастауыш   сынып   оқушыларының  ойлауын  диагностикалау  жайлы.  

 

– Бастауыш мектеп. – 2004. №10.



3.  Рысқұлбекова А.  Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы. 

Іс-әрекет

                       Оқу әрекеті                  Еңбек әрекеті                     Ойын әрекеті



24

www.kazmektep.kz

үгінгі  Қазақстан  жаңа  ұстанымдарға  негізделген  егемен  мемлекет 

құруда.  Үкіметіміз  білім  беру  мекемелерін  тәуелсіз  мемлекетіміздің 



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ –  

АҚЫЛДЫҢ ИКЕМДІЛІГІ,  

ОЙДЫҢ ОРАМДЫЛЫҒЫ

Салтанат  ЖҰМАБАЕВА,

Қ.Баймағанбетов атындағы №42 орта мектептің 

бастауыш сынып мұғалімі

Б

өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, 

тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. 

Биылғы Елбасы жолдауында да білім беру жүйесіне аса мән беріліп, жаңа 

талаптар қойылды.

«Білім  негізі  –  бастауышта»  дейтін  болсақ,  біз  бастауыш  сынып 

мұғалімдері    балалардың    кез    келген  қиындықты  жеңе  білетін  тапқыр, 

ақылды,  шешен  тұлға  болып  өсуіне  ықпал  жасаумен  қатар  олардың  өз 

бойындағы қабілеттерін  дамытып,  рухани  күшін  нығайтып,  өмірден  өз 

орнын  табуға  көмектесуіміз  керек. Ол  үшін  оқушылармен  жүргізілген  

әрбір  сабағымыз  шығармашылық   негізге  құрылып  отыруы  керек. 

Шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға 

ұмтылуы,  ізденуі.  Өмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп, 

өздігінен  сапалы  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі қажет. 

Адам    өз    бойындағы      қабілеттерін    дамытып,    олардың    өшуіне    жол 

бермеу оның  рухани  өмір  сүруі  үшін, ең  алдымен,  оқыту  мазмұны  

жаңартылып, әдіс-тәсілдің  озығы өмірге келді.  Олар  әрбір  азаматтың 

жекебасының қасиеттерін,  қабілеттерін   дамытып, шығармашылық талан-

тын ұштайтындай болып  ұйымдастырылуы қажет.

Бастауыш  мектепте  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  оқу 

әрекетінде  көрінеді.  Сондықтан  әрбір  бала  бойындағы  шығармашылық 

қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалім та-

рапынан қолдау тауып отыруы қажет.

Адам  бойындағы  шығармашылық  қабілеттердің  белгілері  төмендегі-

лерден тұрады:

ақылдың икемділігі, ойдың орамдылығы;

ақпаратты хабарлау, тасымалдау;

– мәселені қарастырудағы қырағылық;

– әрекетті бағалай білуі.

Бастауыш сынып балаларының тілін дамытып, ойын арттыруда түрлі 

тақырыптық  суреттер,  кестелер,  сөзжұмбақтар,  жұмбақтар,  мақал-мәтел-

дер, ойындардың  алатын орны ерекше.

Бұл жұмыстар баланың  ойлау қабілетін дамытып  қана  қоймай, ынта-

сын да арттырып, материалды тез, еркін түсінуге  мүмкіндік  береді. Өзім 

бала  қабілетін  арттыру  мақсатында  сыныбымда  мынадай  жұмыстар  

жүргізіп келемін.



1.   Қабілетті оқушыларды анықтап, олар туралы мәлімет жинау және 

қай пән, қай өнер түріне бейім екенін анықтау.



2.   Қабілетті  балаларға  түрлі  зерттеулер  жүргізіп,  жұмыстар 

ұйымдастыру.

Төменде шығармашылық топтың жұмыс жоспарын ұсынып отырмын.


25

www.kazmektep.kz

Жүргізілетін жұмыс жоспары төмендегідей ұйымдастырылады.

Бұл жұмыстар сыныптан тыс кездері орындалады.

Мен  өзімнің  іс-тәжірибемде  әліппе,  қазақ  тілі,  ана  тілі  сабақтарында 

оқушылардың ой-өрісін дамытумен қатар сөздік қорын, шығармашылығын 

дамытуға ерекше көңіл бөлемін.

 Балалардың өз  пікірін  шынайы сезіммен, көркем тілмен жеткізе білуіне, 

өз бетінше  еңбектеніп, ізденіп мақал-мәтелдерді қатыстырып, сөзжұмбақтар 

құрастыруына жағдай жасаймын. Бірінші сыныпта «Жалғасын тап»  сынды  

тапсырмалар  арқылы мақал-мәтелдерді жаттауға,  оны  түсінуге  үйреттім. 

Екінші және үшінші сыныптарда топтасып,  жұптасып  жұмыс  жасау арқылы  

шығармаларды  талдауға,    өз  ойын  ашық    жеткізе    білуге    үйретуге    көңіл 

бөлемін. Төртінші сыныпта өз ойынан өлең  шығару, шығарма  жазу сынды  

тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін  дамытамын.

Балаларға  баспасөздерді  оқуға,  байланыс  жасауға баулимын. Өз сыны-

бымда  Дана, Ақтілеу, Олжас, Гүлвира  сынды  оқушылар  «Мөлдір  бұлақ»  

журналымен  хат  арқылы байланысып тұрады. Бұған  дәлел  «Мөлдір  бұлақ»  

журналы бас  редакторының  алғыс  хатымен  марпатталдым.  Оқушыларым  

«Ақ  бота»  интеллектуалдық  марафонына  қатысып, жақсы  көрсеткіштер 

көрсетіп  жүр.  Оқушыларым  Дана Сексенбаева  бірінші  орынды,  Гүлвира  

Нартай  екінші  орынды  иеленді.

Тұлғаның  шығармашылық  қабілетін  жетілдіру,  оның  өзіндік  ойын  қа-

лыптастыру    шынайы    сезімге    толы    үзік    сырларын    айқындауына    жол 

ашады.

Әдебиет

1. Тұрғынбаева Б.А. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту 

 

(Әдістемелік құрал). – Алматы, 1998.



2. Бастауыш сынып  мұғалімі Г. Ибраимованың  іс-тәжірибесінен  (Әдістемелік  нұсқау-  

 

  лық,  дидактикалық материалдар). – Қызылорда, 2008.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал