Әйел абзал ана, адал жар, әйел-өмірге ұрпақ әкелуші құдіретті



жүктеу 0.53 Mb.

бет5/5
Дата08.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5

Криминагендік  ахуалдың  жалпы  сипаттама-

сы.

Аудан  көлеміндегі  жағдай  2016  жылдың  1 

ай  қорытыңдысы  бойынша  жалпы  қылмыстың 

төмендеуімен  сипатталады,  яғни  2015  жылы  осы 

уақыт  аралығында  46  қылмыс  тіркелген  болса, 

ал    2016  жылы  43  қылмыс  тіркеліп,  3  қылмысқа  

кемігені байқалып отыр. Жалпы ашылу көрсеткіші 

2015  жылы  90.0%,    2016  жылы  95.7%  пайызды 

құрап отыр.

Ауыр қылмыс: 2015 жылы 2-қылмыс тіркелсе, 

ал 2016 жылы 1 қылмыс тіркелген. 1-қылмысқа –

төмендеген.

Аса ауыр қылмыс: 2015 жылыда, биылғы жы-

лыда бұл қылмыс түрі тіркелген жоқ.



Адам өлтіру қылмысы: 2015 жылыда, биылғы 

жылыда бұл қылмыс түрі тіркелген жоқ.



Денсаулыққа  қасақана  ауыр  зиян  келтіру 

қылмысы:  2015  жылыда,  биылғы  жылыда  бұл 

қылмыс түрі тіркелген жоқ.



Зорлау  қылмысы:  2015  жылы  осы  уақыт 

аралығында  1  қылмыс  тіркелген,  биылғы  жылы 

бұл қылмыс түрі орын алған жоқ.

Тонау қылмысы: 2015 жылы бұл қылмыс түрі 

тіркелген жоқ, биылғы жылы 1 қылмыс дерегі орын 

алған. 

Қарақшылық қылмыстары: былтырғы жылы-

да, биылғы жылыда бұл қылмыс түрі тіркелген жоқ. 



Қорқытып  алушылық  қылмысы:    былтырғы 

жылыда,  биылғы  жылыда  бұл  қылмыс  түрі 

тіркелген жоқ. 

Алаяқтық  қылмысы:  2015  жылы  2  қылмыс 

тіркелген, биылғы жылы бұл қылмыс түрі тіркелген 

жоқ.

Аудан  көлемінде    2015  жылы  20  бөтен  мүлкін 



ұрлау  қылмысы    тіркелген.  Ал  биылғы  жылы  14 

бөтеннің  мүлкін  ұрлау  қылмысы  тіркеліп,  бүгінгі 

күнге 6–қылмысқа төмендеп отыр. 

Бөтеннің  мүлкін  ұрлау  қылмыстары  ішінде, 

пәтерлерден жасалған ұрлық саны 2015 жылы бұл 

қылмыс түрі тіркелген жоқ, биылғы жылы 2-қылмыс 

тіркелді.

Бүгінгі 


күні 

аудан 


жұртшылығын 

аса 


алаңдататын  қылмыс  түрі,  бұл  мал  ұрлығына 

қатысты қылмыстар.

Аудан    көлемінде    соңғы    жылдары  жалпы 

малдың  саны  жылдан  жылға  көбейуде.  Бүгінгі  

күнге  аудан көлемінде барлық мал саны  - 77.800 

бас. Оның ішінде:

1/ түйе  - 77 бас.

2/ жылқы  - 22.900 бас

3/ қой-ешкі саны – 365.834 бас

Мал  ұрлығы  қылмысы:  2015  жылы  15 

қылмыс  тіркелсе,  2016  жылы  4  қылмыс  тіркеліп, 

11-қылмысқа төмендеп отыр. 

Қазіргі  кезде  осы  қылмыстың  бетін  ашу 

мақсатында  АІІБ-нің  қызметкерлерінің  арасы-

нан  топ  құрылып,  Ақсу  ауданы  бойынша  жедел 

іздестіру жұмыстары жүргізілуде.  

Бұрын  жасалған  қылмыстарды  ашуда  жасаған 

жұмыстарға  тоқталатын  болсақ    2015  жылдың    1 

ай   ішінде  бұрын жасалған 3 қылмыс ашылған,  

ал 2016 жылы 5 бұрын жасалған қылмыс ашылған.     

Іздеу  жұмысын    көтеру  мақсатында  іздеудегі 

қылмыскерлерге ашылған  іздеу істерін қайта зер-

делеп, қосымша жоспар құрып, анықталған мекен-

жайларға  фото  суреттерімен  бағыттамалар  жол-

дап  шұғыл жұмысты  талапқа сай жүргізілуде.  



Әкімшілік полиция қызметтері.

ІІМ-нің  бұйрықтармен  нұсқауларын  іске  асыру 

үшін  көшелермен  басқа  қоғамдық  орындарында 

жалпы тәртіпті сақтауды күшейту жөнінде бірқатар 

шаралар кешені іске асырылуда.

2016  жылдың  1  ай  аралығында  Жергілікті 

полиция 

қызметінің 

қызметкерлерімен 

қанағаттанарлықтай  жұмыстар    атқарылды  деп 

есептеуімізге болады. 

Тұрғындардын    полицияға  сенімдерін  артуы-

біздің қызметіміздің негізгі салаларынын бірі болып 

саналады.

Ақсу  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің  бастама-

сы  бойынша  аудан  көлемінде  аудан  әкімшілігінің 

қызметкерлері,  аумақтық  әкімдердің,  аудан 

ақсақалдарының  және  қоғамдық  ұйымдардың 

қатысуымен 

«біргелкі 

жиындар» 

өткізілді. 

Қатысушылардың назарына әр учаскелік полиция 

уәкілдерінің есеп беру мерзіміндегі жұмыстарымен 

бекітілген округтеріндегі криминалдық ахуал және 

мал ұрлығына байланысты бірлесіп «қандай шара-

лар қолдануымыз керек» деген сұрақтар қойылып, 

талқылауға салынды. 

Қазіргі кезде қоғамдық кеңес мәжілістері ай сай-

ын өткізіліп тұруда.

Учаскелік  полиция  инспекторларының  жұмысы 

бүгінгі  күні    белсене  жүргізілуде,  жыл  басынан 

Жергілікті  полиция  қызметінің  учаскелік  полиция 

инспекторларында жалпы саны  324 адам әр санат 

бойынша  алдын  алу  есебінде  тұрады.  Ағымдағы 

жылы  554    адам  әр  түрлі  санат  бойынша  алдын 

алу есебіне қойылды.

Есепті  мерзім  ішінде    Жергілікті  полиция 

қызметінің қызметкерлерімен 412 әкімшілік хатта-

малар толтырылып, қаулылар шығарылып  жалпы 

сомасы  769.923  теңге  айыппұл  салынған.  Бүгінгі 

күнге    айыппұлдың  599.182  тенгесі  өндірілді, 

өндірілу  үлесі  77.8  пайызды  құрап  отыр.  Осы 

салынған  айыппұлдарды  өндіруге  аса  көңіл 

бөлінуде.  

Қоғамдық  орындардағы  бұзақылық  қылмысқа, 

келетін болсақ есеп беру мерзім ішінде -2 қылмыс 

болса,  өткен  жылы  осы  уақыт  аралығында 

10  қылмыс  болған.  Көшелерде  2016  жылы  1 

қылмыстық  оқиғалар  орын  алса,  2015  жылы    7  

қылмыс  тіркелген. 

Жалпы    есепті    мерзімі  ішінде  қылмыстың  ал-

дын  алуға    бағытталған    «Надзор»,  «мигрант», 

«быт»,  «розыск»,  «қару»,  «жасөспірім»,  «нар-

коман»  және    өз  бастамамыз    бойынша    аудан  

көлемінде  «Профилактика және есеп» атты  опе-

рациялар  өткізіліп тұрады. Аудан тұрғындарының 

негізгі  кәсібі  мал  шаруашылығы  болғандықтан 

мал    ұрлығының  алдын-алуда  менің  арнайы 

АҚСУ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 1-АЙ 

ІШІНДЕ ҚЫЛМЫСПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН - АЛУДА 

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

нұсқамаларыммен  бөлімнің  жеке  құрамын  соның 

ішінде  учаскелік  полиция  инспекторлары  өздері 

бекітілген  округтеріндегі  елді  мекендерінде    ай 

сайын    арнайы  кестеге  сәйкес    10  күннен  «Түнгі 

ауыл»  атты  алдын-алу  іс  шараларын  жүргізіп, 

полиция  қызметкерлері  түнгі  жұмыс  кестесіне 

көшіріліп  тұрады.    Онда  ауылдың  түнгі  тіршілігі 

қадағаланып  бос  қараусыз  жүрген  малдарды 

иелеріне  қайтарылып,  малдарын  бос  жібермей 

қадағалаулары қажеттігі  ескертіліп тұрады. Түнгі 

жұмыстар  жүргізу  кезінде  аудан  көлемінде  әр 

ауылдарда  азаматтар  өз  еркілерімен  қоғамдық 

тәртіпті қамтамсыз етуде үлестерін қосты. Соны-

мен қатар қазіргі уақытта мал ұрлығының алдын-

алу  және  қылмыскерлерге  ден  қою  мақсатында 

ауылдық  жерлерде  ауыл  әкімдерінің  бастама-

сымен  ерікті  халық  жасақшылары  ретінде  «атты 

сарбаз» жұмыстары ұйымдастырылып, жұмыстар 

жүйелі түрде жүргізілуде. 

Қылмыспен  тиімді  күрес  жүргізу  және  құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу  мақсатында  ІІБ-нің 

учаскелік  полиция  инспекторларымен  бірге 

қоғамдық тәртіп сақтауға, қоғамның белсенді топ-

тарын тартуға арналған жұмыстарда өз деңгейінде 

атқарылып жүргізілуде. Қылмыстарды әшкерелеу, 

жолын  кесу,  алдын  алу  қызметін  ұйымдастыру 

міндеттерінің сәтті түрде шешілуі учаскелік поли-

ция инспекторларының халықпен барынша жақын 

болуын талап  етеді.

Осы  тарапта  айтып  кеткім  келеді  Ақсу  ауда-

ны  көлемінде  2015  жылдың  мамыр  айының  1 

күнінен  бастап  «көршілер  бақылауы»  атты  іс 

шара  өткізілуде.  Іс  шараға  күнделікті  екі  поли-

ция  қызметкерлері  қызметке  түсіп,  жұмыстар 

жүргізілуде.  Осы  іс  шара  барысында  аудандың 

ІІБ-нің  кезекші  бөлімінде  орналасқан  көршілер 

бақылауы  телефонына,  яғни  2-10-10  нөміріне 

32  хабаралама  түсіп,  32  хабарлама  бойынша 

әкімшілік хаттама толтырылды. 



Жас өспірімдер бөлімшесінің

жұмысына  тоқтала  кетсек,  есеп  беру  мерзімі 

ішінде кәмелетке толмағандармен өткен жылыда, 

биылғы  жылыда  қылмыс  деректері  орын  алған 

жоқ. 

Есепті мерзім ішінде жасөспірімдердің құқығын 



қорғайтын комиссияның қарауына барлығы 2 ата-

аналарға  құжаттар  жолданды  және  кәмелетке 

толмаған   2 оқушы  есепке алынып, сәтсіз жанұя 

есебіне 2 жанұя қойылды.  

Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау 

құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында аудан  

орталығындағы    мектеп  оқушыларына    АІІБ-де 

ашық  есік  күні  ұйымдастырылып,  сонымен  қатар 

Ақсу  ауданының  жасөспірімдер  құқығын  қорғау 

комиссиясымен,  білім  бөлімімен  бірлесе  отырып 

аудан  көлемінде  «Түнгі  қала»  акциясы  өткізіліп 

тұрады.


Лицензиялық рұқсат беру жүйесі.

2016  жылдың    1  ай  уақыт  аралығында  1  жеке 

тұлғаларға қару сақтау алып жүру рұқсат қағаздары 

беріліп,  бүгінгі    күнге  474  қару  иелері  тіркеуде 

тұрады. Оның ішінде газды тапанша 7 және 21 иір 

ұнғылды отты атыс қарулары тіркелген. Есеп беру 

мерізімінде  заңсыз  сақталған 2 қару тәркіленді. 

Сондай-ақ  қару  сақтау  алып  жүру  ережелерін 

бұзғаны  үшін  15  қару  иелеріне  және  қару  сақтау 

ережесінің мерзімін бұзғаны үшін 1 қару иелеріне 

әкімшілік    хаттамалар  толтырылып,  айыппұл  са-

лынды. 


2016  жылдың  1  ай  уақыт  аралығында  заңсыз 

қарумен жасалған қылмыс  орын алған жоқ.

Табиғатты  қорғау,  балық  аулау,  заңсыз  аң  ау-

лау  жұмысын  ұйымдастыру  барысында  есепті 

мерзім ішінде барлығы 6 тұлғаға әкімшілік хатта-

малар толтырылды.  Өсімдік  әлемін қорғау  сала-

сы бойынша ағаштармен бұталарды заңсыз кесу  

және  зақымдау  ережесін  бұзғаны  үшін  6  адам 

қылмыстық  жауапкершілікке  тартылып  жиналған 

құжаттары  бойынша  тергеу  амалдары  жүргізіліп 

сотқа жолданды.

Көші-кон полициясының  қызметкерлерімен

«Алыс  және  жақын  шетел  азаматтарының 

Қазақстан 

Республикасының 

азаматтығын 

алуы  туралы»  үкімін  орындау  мақсатында  көші-

қон  полиция  тобының  қызметкерлері  ауылдық  

аймақтардың  әкімдерімен  бірлесе  отырып, 

біршама ауқымды жұмыс атқарды.

Ағымды  жылда  Қазақстан  Республикасын-

да  қоныстанып  тұру  ықтиярхатын  алу  үшін  17 

азамат  өтініш  білдіріп,  қоныстану  ыхтияр  хаты-

мен  құжаттанды.  Жалпы  Ақсу  ауданы  бойынша 

ықтиярхатпен  тұрып  жатқан  азаматтар  саны  180 

олардың  ішінде  155-і  ҚХР-нан  келген  /оралман/ 

азаматтар жақын шет елдерден келген  25 адам.       

Ақсу АІІБ көші-қон полиция тобы уақытша кел-

ген шетел азаматтарын дер кезінде тіркеуге алып, 

және  аймақтық  уәкілдерімен  бірлесіп,  олардын   

уақытысында    ҚР-ның  аумағынан    шығуы  қатаң  

қадағалануда.

ТМД  елдеріндегі    жағдайдың  күрделенуіне 

байланысты,  Қазақстан  Республикасы    және 

Алматы  облысы    көлемінде  өткізілетін    «Құқық 

тәртіп»,  «Іздеу»,  «Мигрант»,  «Нелегал»  сияқты 

профилактикалық  шаралар  өткізіліп,  атқарылған 

жұмыс нәтижелері қаралды.

  Ағымды  жылдың  1  айында  көші-қон  полиция 

тобымен уақытша мерзімге келіп  тіркелген шетел 

азаматтардың саны 10, олардың ішінде 8-і  Ресей 

азаматары, 2-і Қырғызстан азаматтары.  

Жол полиция тобының

жұмысына тоқталатын болсақ 2016 жылдың 1 ай 

аралығында  90 жол  ережелерін бұзу анықталды,  

оның ішінде автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 

5 адам ұсталып жауапкершілікке  тартылды.   

Жалпы барлығы 72 әкімшілік ісі қаралды.

2016  жылдың  1  ай  ішінде,  Ақсу  ауданы 

қөлемінде    2  жол  көлік  оқиғасы  тіркеліп,  оның 

ішінде  1  адам  қаза  болып,  7  адам  әртүрлі  дене 

жарақаттарын алды.   

2015 жылы  4 жол –көлік оқиғасы тіркеліп, оның 

ішінде  7  адам  дене  жарақатын  алған,  1  адам 

қайтыс болды. 

Аудан  көлемінде      жол    апаттың  алдын-алу  

жұмыстарын  дұрыс  жолға  қою  мақсатында  ОІІД-

нің  ЖППБ-ның  қызметкерлерімен  бірлесіп  тығыз 

байланыста жұмыстар жүргізілуде.  

 

    Бүгінгі  таңдағы    алдымызға  қойылып  отырған 



мақсатымыз - қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты 

сақтаудағы  жоспарларымызды  орындай  отыра, 

ІІБ-нің  жеке  құрамы  өздеріне  жүктелген    қызмет 

міндеттерін бүгінгі күн талабына сай атқарады деп 

сенім білдіремін.

 

Арнай АБДРАХМАНОВ,



аудандық АІІБ-нің бастығы, 

полиция  подполковнигі.                                                          

8 бет

АЌСУ ӨЊІРІ

4 наурыз 2016 жыл

Газеттің осы санындағы №1 Ақсу сайлау округі бойынша кандидат Сүлейменова 

Қанипа Жұмағұлқызының бағдарламасындағы 

«

Нұр Отан



»

 партиясының ұсынуымен

»

 

деген сөз 



«

өзін - өзі ұсынуымен

»

 деп оқылсын.



Құттықтаймыз!!!

№11 Қапсалан сайлау округі бойынша 

кандидат  Әбділдаев Нұрбол Төлеуханұлының  

өмірбаяны

1983  жылы  13  желтоқсанда  Алматы  облысы  Ақсу  ауданы  Қызылағаш 

ауылында дүниеге келдім.  

1990  жылы  І.Жансүгіров  атындағы  орта  мектепте  оқып,  2001  жылы 

тәмәмдадым.  2002-2003  жылдар  аралығында  Талдықорған  қаласындағы  

№3  кәсіптік  колледжінің  дәнекерлеуші  мамандығы  бойынша  бітірдім. 

2003-2005 жылдар аралығында Талдықорған қаласы «Атиль» фирмасын-

да  дәнекерлеуші,    ал  2012  жылдан  Ақсу  ауданы  Қызылағаш  ауылында 

ветеринарлық санитар қызметін атқарып жүрмін. Отбасылымын.  

Депутаттыққа  кандидат  ретінде  алдыма 

қойған мақсаттарым:

-  ауылшаруашылығы  саласын  дамыту-

ды  қолға  алу,  оның    ішінде,  суғармалы  суды 

жеткізетін  каналдарды  жөндеп,  игерілмей 

жатқан  суғармалы  танаптарды  қолданысқа 

енгізу. 


-  мал  шаруашылығын  жандандыру,  қолда 

бар  малдың  тұқымын  асылдандыруды  қолға 

алу.  Жаз  мезгілінде  малдарды  жайлауға 

шығаруды ұйымдастыруға ықпалдасу.

-   ауылдың таза ауыз су мәселесін шешілуіне 

ықпал ету.

-  жалғызбасты  аналар  мен  аз  қамтамасыз 

етілген жанұяларға көмек көрсету;

- қайырымдылық шараларына қатысу;

-  ауылдың  білім  және  денсаулық  деңгейін 

жоғарылату, салауатты өмір сүруді насихаттау 

шараларына белсенді  түрде қатысу.

-  өзімді  сайлаған  округтің  тұрғындарының 

хал-  ахуалын  жақсартуға,  тұрмысы  төмен 

жанұяларға қамқорлық жасауға, әр азаматтың 

жеке  және  заңды  мүдделерін  қорғауға  ықпал 

етемін.

ТҮЗЕТУ

Газеттің  2016  жылғы  26  ақпандағы  №9  санында  жарияланған  №11  Қапсалан  сайлау 

округі  бойынша  депутаттыққа  кандидат  Әбділдаев  Нұрбол  Төлеуханұлының  аты  –  жөні  га-

зет  қызметкері  А.Жақыпбековтың  қатесінен  басқадай  жазылуына  байланысты  кандидаттан 

кешірім сұрап, өмірбаяны мен бағдарламасын қайта жариялап отырмыз.

   


РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ.

БАҒДАРЛАМА

Ж а н с ү г і р о в 

а у ы л ы н ы ң 

тұрғыны, 

аудандық 

ауылшаруашылығы 

бөлімінің  техникалық 

маманы, 


досымыз 

Тлеубаев 

Қуаныш 

М ә с і м х а н ұ л ы н                 

8 наурызда ердің жасы 

50-ге  толатын  туған 

күнімен  шын  жүректен 

құттықтаймыз.

Құтты болсын мерейтой 50 жасың,

Әр уақытта домалап өрге тасың.

Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,

Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.

Елу деген толы той мен думанға,

Тау секілді көрінеді тұлғаң да.

Құны мен қасиеті тозбайтұғын,

Біз үшін өзіңсің алтын тұлға да.

ІЗГІ ТІЛЕКПЕН: Серік Жидеханұлы, 

Саят Сансызбайұлы, Есқали 

Молдағалиұлы, Сағынбек Кенжеғазыұлы, 

Нұрбол Қаметқалиұлы.

Сүйікті  қызымыз 



Хамитова  Гүлнұр 

Нұрланқызының  өмірден  озғанына  8  нау-

рызда 40 күн толады. Күні  кеше  ғана  орта-

мыздан  күндей  күліп, жарқырап жүрген  аяу-

лы, қарлығаш-қанат балапанымнан  қапияда  

айырылып  қаламыз    деп    мүлдем    ойлаған  

жоқ    едік.    Амал  қанша,  күміс  күлкіңді, 

сыңғырлаған  дауысыңды    естімегелі,  сұлу 

жүзіңді  көрмегелі  қырық  күн  болды. Өмір 

өзенге  тоқтау  жоқ  шығар  сірә.  «Жазмыш-

тан озымыш жоқ». Барлығы да бір Алланың  

қолында.

Қысқа да болды ғұмырың,

Тіршіліктің  көрмей  қызығын.

ЕСКЕ АЛУ

Мойындаймыз  бірақта,

Бір  Алланың  құзырын.

Күндер өтіп,  жылжып  батқаны.

Жәннат  болсын  жатқан  жерің  мәңгілік,

Тілегіміз – бір  Алланың  шапағаты 

                                                           тек  қана. 

Құран оқып, рухыңа  бағыштап,

Еске    алады  артта  қалған    туған-туыстар    

– деген  өлең  жолдарын арнап,  ағайын-туыс, 

құда  –жекжат,    дос  –жарандарын    8  наурыз 

«Амина» мейрамханасында сағат: 12-00 -де 

қырық күндік құдайы тамағына шақырамыз.

Еске  алушылар:   Бекдуллиндер және 

Нұрқасымовтар әулеті.

Комбайн  "Нива  эффект" 2005 жылы шыққан 1221 моторы тұр, МТЗ-80 стартермен отала-

ды,  тел: 87751089875

 «Метсубисси»  автомашинасы 1996 жылғы сатылады  87051280007

1982  жылы  Арасан  орта  мектебін    бітірген  Даулетқазин    Серікжан  Дәулетқазыұлына  

берілген КГ№020901 аттестаты  жоғалуына  байланысты  жарамсыз деп танылсын.



Ақсу АІІБ-нің КҚПТ-да тобында іздеуде жүрген аудан бойынша 

алимент төлемей жүргендер және мемлекетке қарыз тұлғалар

Жайбаскан Хуан 

Алланбаева Гулнар Дуйсембаевна 

Дүйсембаев Есхат Бейсбекович

Исаев Самат Дүйсенович

Аликенов Қайрат Курмангазиевич

Шарафутдинов Тимур Шамильевич

Ажибаев Медет Имангалиевич

Рамазан Жеңіс

18.12.1964 ж.т

29.01.1966 ж.т.

23.02.1975 ж.т.

29.12.1980 ж.т.

24.02.1976 ж.т.

11.04.1975 ж.т.

12.03.1987 ж.т.

25.07.1969 ж.т.

Алимент


Мем.  пайдасына  29730 

тенге


Мем.пайдасына  3704 

тенге


Мем.пайдасына  9910 

тенге


Мем.  пайдасына  1852 

тенге


Мем. пайдасына 3704 т

198200


Ілиасұлына  376  140 

тенге


Қапал ауылы             

Жансүгіров ауылы

Жансүгіров ауылы

Жансүгіров ауылы

Жансүгіров ауылы

Жансүгіров ауылы

Жансүгіров

Егінсу ауылы

Аталған  азаматтардың  тұрып  жатқан  немесе  жұмыс  жасап  жүрген  жерлері  жайлы 

мәлімет  болған  жағдайларда    Ақсу  АІІБ-не  102,    2-15-95,    2-18-62  телефондары  арқылы 

хабарлауларыңызды сұраймыз.     

Д.ОНДАСЫНОВ,

Ақсу АІІБ-нің  КҚПТ-ң  аға инспекторы, полиция майоры.                             

Әйел күлсе, әлем күлер жымиып,

Ақ жүзінен алтын арай құйылып.

Бағындырған қандай асау жүректі,

Құдіретіңе бар тіршілік тұр ұйып.

Отбасының бар қажетін баптаған,

Ақ маңдайын сен деп күнге қақтаған.

Бағындырған мейіріммен әлемді,

Сенің мәз боп күлгеніңнен бақ табам.

Тазалықтың еппен тербеп бесігін,

Бар қатеме жасай білдің кешірім.

Ақ сүтіңмен таңдайыма нәр құйдың,

Іңгәлаумен ашқанда өмір есігін.

Сарқытым деп сан сыбаға сақтаған,

Мен де өмірде анамын деп мақтанам.

Мерекеде бар анаға бақ тілеп,

Жырымды оқып, жүрегіммен шаттанам.

Сәбила ҚЫЗЫРБЕК.

Аналар ғой бұл  өмірдің  тірегі,

Бала деп  соғар  мәңгі  оның жүрегі.

Ұрпақтарға  ақ сүтімен  нәр беріп,

Болашаққа бағыт-бағдар береді.

Жанарынан күн шуағы  төгілген,

Сенен артық  жан таппаспын  өмірден.

Аналардың құтты болсын мейрамы!

Құттықтаймын адал шаттық  көңілден. 

  

Бағжан ЕРСАЛИМОВА,                                               



  Қарашілік орта  мектебінің

4-сынып оқушысы.

Ана


Менің анам алтын

Ана! Ана! Ана - әрбір адам  баласы үшін ең ыстық, жанға жақын мағыналы да қастерлі 

сөз. Өмірдегі  ең қымбатты да  ардақты жан, ол - Ана.  Әрбір баланың аузынан шыққан 

ең алғашқы сөзі де «Ана». Әрбір адам жүрегінен жарып шыққан бар ізгі  тілектерін өзінің 

анасына арнайды.

Мені  анам    өмірге  әкеліп,  ақ  сүт  беріп  өсіріп,  осы  күнге  жеткізді.  Менің  анамның 

мейірім мен махабаттан жаралған  кең жүрегінен, қызуы тұла-бойымды жылытқан ыстық   

алақанынан  «айналайын» деп маңдайымнан емірене  сүйіп, еркелеткен  мейірімді үнінен 

артық ешнәрсе жоқ. Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны  үстіме кигізіп,  еркелетіп 

өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпайды.

Барлық  адам  ана  алдындағы  парызын  өтеп,  ақ  сүтін    ақтап,  ананың  шашына    ақ 

түсірмей  тек  осы  киелі  жандардың  бақытты  болуын    ойлау    керек.  Себебі    анасы  бар 

адамдар-анасы бар адам.

Осындай анамның барына ризамын.  Менің анам алтын  адам.



Мейіржан ЕРСАЛИМОВ,                                                

  Қарашілік орта  мектебінің

2-сынып оқушысы.

Жер бетіндегі ең әдемі де, құдіретті сөз 

–  «Ана».Ананың    қолы  ең  қасиетті  аялы 

қол,  ол  не  нәрсе  болса  да  атқара  алады. 

Ананың  жүргегі  мейірімді,  сенімді  және 

сезімтал  жүрек.    Оның  сүйіспеншілігі 

ерекше,  ешқашан  сөнбейді.  Анамызды 

күнге  теңейміз  себебі  ананың  құшағы 

ыстық.  Еліміздегі  батырлар  да,  ақындар 

да, мұғалімдер де, ғалымдар да  барлығы  

құдіретті  анадан  туады.  Сондықтан    да 

анамның үмітін ақтауға тырысамын.



Гаухар АСҚАР,

Сәтбаев атындағы орта мектеп-

гимназиясының 

4 «А» сынып оқушысы.

БАЛА ТІЛІ - БАЛ. ОҚУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Үмітіңді ақтаймын

Бағындырған 

мейіріммен әлемді

Мерекелік бет

Арасан  ауылының 

тұрғыны,  асқар  тау 

әкеміз, 


немере 

– 

шөберелерінің 



ата-

сы 


Сейтқожанов 

Серік  Смағұлұлы  6 

наурызда  80  жастың 

сеңгіріне 

шығады. 


Атамызды 

туған 


күнімен 

құттықтап, 

зор  денсаулық,  ұзақ 

ғұмыр  тілейміз.  Не-

мере  –  шөберелеріңіздің  ортасында  ақыл 

–  кеңесіңізді  айтып,  ауырмай  жүре  беріңіз 

демекпіз.

Атамыз құтты болсын сексеніңіз,

Сексенде жеңіл болып өткеліңіз.

Тоқсан менен жүзге де жеткізсінші,

Шуақ шашып келетін көктеміңіз.

Шөбере – шөпшектерге сабақ болсын,

Біздерге тәлім берген мектебіңіз.

ІЗГІ ТІЛЕКПЕН: балалары – Рашидхан, 

Светлана, Маргарита, Ренат, Марина 

және немере – шөберелері.

Ана деген – қасиетті үш әріп,

Үш әріптен келеміз ғой күш алып

 Шуақ болып, қуат болып жаныңа,

Жаңа тамған таңлайыңа сүті ағып.

Ана деген – қасиетті үш әріп,

Үш әріптен келеміз ғой күш алып.

Түн ұйқысын төрт бөлетін сен үшін,

Ала таңнан бәйек болып, жұқарып.

Ана деген – қасиетті үш әріп,

Үш әріптен келеміз ғой күш алып.

Кіп кішкентай жеңісіңе мақтанса,

Балапан жан сезім кетер тұтанып.

Ана деген – қасиетті үш әріп,

Үш әріптен келеміз ғой күш алып.

Құлыным деп маңдайыңнан сипаса,

Алақаннан бойыңа өтер құт анық

Әдемі ЖАЛҒАСБАЙ.

Қасиетті үш әріп

Көктем

Әже


Әже деген ауыр 

       аттың салмағы,

Бола білсең 

  көпшіліктің ардағы.

Жарың, балаң 

      ошағыңды 

                  өшірмес,

Шаңырағың 

     шайқалмаса 

                  болғаны.

Әже деген ауыр аттың салмағы,

Оған тәуел шаңырақтың бар бағы.

Баспалдақ қой әжелердің әжімі,

Таймай шықса ұрпақтары болғаны.

***

Көктем келді, жәндіктер де оянып,



Тіршілікке кіріскендей бой алып.

Жасыл көрпе жамылғандай жер беті,

Бел – белестер жасыл түске боянып.

Көктем келді жылылығы жарасып,

Бетеге өсті бәйшешекпен таласып.

Көңіліңе қуаныштар ұялап,

Арман кетті биіктерден ары асып.

Көре аласың табиғаттың сарасын,

Жәутең көздер тек сүйсіне қарасын.

Бұлақ ағар таумен тастан шапқылап,

Құрақ басқан жалбызбенен жағасын,

Көктем келді табиғатқа сән беріп,

Құстарменен даламызға ән келіп.

Нәрлі көктем - болашақтың байлығы,

Тереңінен ойлай білсек мән беріп.

Дариға АХМЕТОВА.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: 

Алматы облысы, Ақсу 

ауданы, Аудан әкімдігі.

Газет   Ќазаќстан  Республикасы  

Инвестициялар  және  Даму  Министрлігі 

Байланыс, ақпараттандыру    және     ақпарат      

комитеті 

2015 жылы 16 қараша айында есепке ќойылды.  

Куєлік №15701-Г

БІЗДІЊ 

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Аќсу ауданы, 

Жанс‰гіров ауылы,

Желтоќсан кµшесі, №5,

Аудандыќ єкімшілік ‰йінде 

Газет  бетінде жарияланған мақалалар 

авторының пікірі редакция көзқарасы 

болып табылмайды. Мақалалар  

өңделеді, авторға қайтарылмайды.

Жарнама, хабарландырулар, арнау, 

құттықтаулардың мазмұны мен 

мәтініне жарнама беруші жауапты.



 Тапсырыс 488

Таралымы 3486

Индекс: 65750

Офсеттік басылым кµлемі 2б.т.



   Электрондыќ почта 

aksuoniri@mail.ru 

Директор - бас редактор 

Найманханұлы

Мұхаметәлі

Газет Сарќан ќаласы, Тєуелсіздік, 108 «Алатау баспа - полиграфиялыќ корпорациясы» ЖШС филиалы - Сарќан баспаханасында басылады. 

Директор бас редактор 

- 2-11-61

Жауапты хатшы  

- 2-12-90



Меншік иесі:  «Ақсу өңірі" 



жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі

Газет  қазақ  тілінде  аптасына  бір  рет, 

жұма күні  шығады.

Бұлақ


Кірбің түспес көңіліңе шырақтай,

Таза болсаң мөлдіреген бұлақтай.

Жақсылығын жаратқаным сыйлайды,

Сырғыса да мына жалған сынаптай.

Ағысында тұңғиық бір сұрақ бар,

Ағысында жасырынған жұмақ бар.

Көлге барып анасына қосылсын,

Құмға сіңбей аға берсін бұлақтар.



***


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал