Әйел абзал ана, адал жар, әйел-өмірге ұрпақ әкелуші құдіретті



жүктеу 0.53 Mb.

бет4/5
Дата08.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5

Мұхаметәлі ҚАЗБАНБЕТОВ.

Жансүгіров ауылы.



5 бет

АЌСУ ӨЊІРІ

4 наурыз 2016 жыл

Жусаны  бұрқыраған  боз 

даланың  бозамық  бөктерін 

тынымы  кеткен  тозық  жел 

бұл  жолы  көне  әдетіне 

салмай,  ашушаң  әйелдің 

мейірленген кезіндей жылы 

лебімен аймалап, бетегенің 

бетін  сүйіп,  сай-саланы 

тінтімей  қырқа  қыраттарды 

жеңіл  қасып,  рахаттан-

дырып  тербеп  тұр.  Со-

нау  батыстан  бізге  қарай 

қазбауырлаған 

қаратас 

бұлттар  қарнымен  жер  сы-

зып,  қайсы  өңірге  ағынан 

ақтарларын  білмей  ақырын 

ғана  самал  желдің  сары-

нымен ауылға қайтқан аяу-

лы  анадай  қоржын-қолаңы 

толық жылжып келеді. 

Мен балаға біткен қырсық 

мінезбен 

ауылымыздың 

арасын  ылаңдатып    ана-

сы  жақсы  ат,  мынасы 

жақсы  ат,  осыны  мінемін 

деп  туылғанына  бір  айда 

болмаған  жас  төлдерді 

қуып жүрмін. Ақыры жеттім. 

Өзімнің  ең  жақсы  көретін 

бөрте  ешкінің  қара  лағын 

ұстап  алдым.  Айғайлап 

жіберді. 

- Охо! Мен атымды ұстап 

алдым!  –  дедім  де,  лаққа 

қарғып  міндім.  Лақтың  баж 

еткен  даусы  шықты.  Кенет-

тен  шыққан  ашты  дауыстан 

тіксініп  қалдым  ба,  жоқ  өзім 

осы  лақты  ерекше  жақсы 

көрушы  едім  бұл  кейін 

ешкі  емес  ат  болады  деп. 

Осыған  мініп  лақ  тартамын 

деп  тұратынмын,  содан  бо-

лар  қоя  бердім  де,  қарап 

тұрдым.  Бірақ  лағым  орны-

нан  қозғалмады.  Тек  қана 

жәудіреген  қос  жанарынан 

мөлдіреген тамшылар арты-

артынан  үзіліп  жатты,  үзіліп 

жатты.  Мұнысы  несі,  мен 

лағыма өкпе арта бастадым. 

Қазір мені кішкентай кезімде 

көтере  алмаса,  кейін  қайтіп 

көтеріп  шабады?  Менің 

бұрыннан  бері  қиялдап 

жүрген 

сәби 


арманым 

күңгірттей  бастады.  «Көтере 

алмайды...».    Мен  ойымды 

түйіндеп  болғанша  қайдан 

келгенін  білмеймін  құлақ 

шекеме  бір  жуан  қолдың 

шапалағы  тигенде,  орным-

нан ұшырып түсірді. 

Манағы 

көңілді 


шақ, 

сәби  арман  енді  бәрі  ағыл-

тегіл  жылауға  айналды. 

Қарасам,  әкем  екен.  Мен 

әлгі  лақтың  белін  үзіп  тас-

тасам  керек,  жас  төге 

обалсынғандығынан  болар 

маған  ашуланған  бейнесі 

сондай  қорқынышты.  Тағы 

да тап бермекші. Шіркін жан 

деген  тәтті  ғой,  кімнің  таяқ 

жегісі келгін, орнымнан ұшып 

тұрып  қашып  барам,  жылап 

барам.  Іздейтінім  шешем. 

Қуансам  да,  жыласам  да 

іздейтінім сол кісі. Бұл жолы 

да жетуге асығып жүгіріп ба-

рам.  Шешем  де  мені  өзіне 

қарай  жан  ұшырып  жүгіріп 

келе  жатқанымды  көріп, 

тағат  қып  тұра  алмады, 

маған қарай жүгірді. Мен де 

шешемді  көріп  тіпті  қатты 

жыладым. 

-  Шеше,  әкем  тиісті,  - 

деп  озаңдатып  келемін. 

Алтын 

анам-ай, 



маған 

әкемнен 


де 

қорған 


болмақшы, 

қорғамақшы! 

Мен  де  шешемнің  аяу-

лы 


құшағына 

сүңгіп, 


әкемнен 

қорғанбақпын. 

Бала  болсам    да,  барлық 

пәледен  анамның  аяулы 

құшағы  қорғап  қалатынын 

білетінмін.  Шешемнің  жа-

нына енді жеткенде, жерде 

жатқан  қарғыс  атқыр  қара 

тасқа шалынып жығылдым. 

Ояна  келсем,  түсім  екен. 

Әй,  өкініш-ай!  Арманмен 

өмірден  аттанған  аяулы 

анамның  құшағына  түсімде 

болса  да  бір  сүңги  алмай 

қалдым.  Мейірге  толы  қос 

жанарын,  жайдары  жүзін 

анықтап  та  көре  алмадым. 

Анама  деген  сағынышым 

ұйықтатар  емес.  Әлгі  тасқа 

ренжимін.  Сол  болмаса, 

түсімде болса да жетер едім 

ғой.  Осы  түсімнің  көрілмей 

жартысына  қалған  өмірімді 

айырбастағым келеді, бірақ 

амал жоқ. 

Шеше, сізді сағындым.

Манағы  түсімнен  оянба-

самшы...


Кенжебек МӘЗЕТ.

Теледидарды  қоссақ,  Қазақстан  бірінші  арнасындағы 

медиа  қабылдаудан  жомарт  жандардың  жағдайы 

төмен  отбасыларына  көмек  көрсетіп  жатқан  хабарлар-

ды  көреміз.  Қайырымдылық  біздің  ата  -  бабамыздан 

жалғасын тауып келе жатқан мейірімділіктің символы.

Тағдырдың  тауқыметін  тартып,    әр  түрлі  қиындықтар 

кешіп  отырған  жандар  қаншама?  Оларды  бүгінгі 

қоғамнан  шеттетуге,  кемсітуге,  ешқашан  жол  жоқ.  Осы 

жандарға  үкмет  тарапынан  да,  әр  түрлі  қызметтерде 

жүрген  азаматтар  мен  азаматшалардың  тарапынан  да 

көмек көрсету тоқтаған емес. 

 Оның бір дәлелі ақпан айында Ақсу политехникалық 

колледжінде  аудандық    мешіттің  имамы  Анар-

бай  Мәмбетовтың  ұйымдастыруымен  «Жүректен 

жүрекке»  атты  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  арналған 

қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның  мақсаты  –  Алла  тарапынан  келген 

сынақтарға  ұшыраған  балалардың  көңілдеріне  қуаныш 

ұялату,  –  дейді  шараны  ұйымдастырушы  Анарбай 

Тасболатұлы. 

Балаларға  қайырымдылық  дастарханы  жайылды. 

Бұл жерде дастархан ғана емес, әр отбасына күнделікті 

қажетті азық – түлік таратылды. Ата - аналар балалардың 

атынан алғыстарын жеткізді. Аудандық мәдениет үйінің 

қызметкерлері  ұйымдастырған  концерт  көпшіліктің 

көңілінен шықты.

Осындай  игілікті  істің  өтуіне  мұрындық  болып, 

демеушілік көрсеткен  Ақсу политехникалық колледжінің  

директоры  С.Есбаев  және  де  Е.Андағұловтарға 

алғысымызды    айта  отырып,  отбасыларына  амандық 

тілейміз.

                                                             

Кенжебек ӘКІМБЕК.

(ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ)

Жүректен жүрекке

Оянбасамшы...

(Әңгіме)

Мереке қарсаңында Алматы облысы Қазақстан Халық 

Ассамблеясы  жанындағы  аналар  кеңесінің  төрағасы, 

жерлесіміз  Баймадиева  Жамал  Қасымбекқызы 

аудандық, ауылдық аналар кеңесінің төрайымдарымен 

«Берік отбасы – берік мемлекет» тақырыбында  кездесу 

өткізді.

Кездесуге  аудан  әкімінің  орынбасары  Сәбит 

Қорғанбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас мама-

ны  Алма  Құрманғалиева,  «Нұр  Отан»  партиясы  Ақсу 

аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Күләйхан  Дәулетбекова,  аудандық  әйелдер  кеңесінің 

төрайымы  Бақыт  Құрманғалиевалар  қатысты.  Сондай 

–  ақ,  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің  әйелдерді  зорлық 

–  зомбылықтан  қорғау  тобының  инспекторы,  поли-

ция  аға  лейтенанты  Қайрат  Байжұманов,  кәмелетке 

толмаған  жасөспірімдердің  құқығын  қорғау  бөлімінен 

Қарақат  Нұрлыбекова  және  көп  балалы  аналар  мен 

жағдайы төмен отбасылар, мектептердің жоғары сынып 

оқушылары шақырылды.

Жиында  Жамал  Қасымбекқызы  аналар  мейірімі 

мен  отбасы  тәрбиесі,  оның  ішінде  қыз  бала  тәрбиесі, 

жалғызбасты  аналар  мен  жас  отбасыларға  көмек 

көрсету туралы ашық әңгіме жүргізді.

Бұл жұмыс Ақсу ауданында дұрыс жолға қойылғанын 

көріп,  енді  облыстық  жоспарға  сәйкес  жандандыру, 

жаңаша ұйымдастыру жөнінде кеңестер берді.

Біртектілік 

жұмысты 

ұйымдастыруға 

қажетті 

әдістемелік  нұсқаулықтар  таратылды.  Сөз  соңында 

ақсулық  аруларды  келе  жатқан  мерекелерімен 

құттықтады.

Жиынды  аудан  әкімінің  орынбасары  С.Қорғанбаев 

қорытындылап,  өз  сөзінде  аналар  кеңесінің  жұмысын 

жандандырып,  көп  балалы  аналарға  көмек  ретінде 

балаларға тегін үйірмелер ұйымдастыру, жас отбасыла-

рына ақыл – кеңес беру жұмыстарын күшейту қажеттігін 

атап, өзінің де көмегін аямайтындығын айтты.

Қадірлі ақсулық аналар, арулар мерекелеріңіз құтты 

болсын,  отбастарыңыз  аман,  ел  іргесі  тыныш  болсын 

– деді.

Шынар САДЫҚОВА. 

АНАЛАР            КЕҢЕСІНДЕ

Бүгінгі  күні  еліміздің  экономикасы  едәуір  алға  жылжып, 

біреулер жағдайларын жасап, байып, енді біреулер Елбасы-

мыз. Н.Назарбаев айтқандай орта тап, еліміздің қозғаушы күші 

болып  жатқанда,  үшінші  топ,  жағдайлары  төмен  отбасылар 

көзге  көріне  бермейді.  Десе  де  елдің  қолдауын  қажетсінетін 

жандар да баршылық. 

Жуырда 


аудан 

тұрғыны, 

жаны 

жомарт 


апа-

мыз 


Нұрмұханбетова 

Бұлбұл 


Шәріпқалиқызының 

ұйымдастыруымен  осындай  отбасының  шаңырағына  ат  ба-

сын тіредік. Шаңырағы дегенде өз үйі емес, жалдап отырған 

баспанасы.  Ол  жалғызбасты  үш  баланың  анасы  Гүлнар 

Хойчвайдың тұрмыс жағдайы еді.

Кішкентай  балалары  аш  –  жалаңаш,  жататын  орындары, 

ыдыс  –  аяқтары,  тіпті  үстел  орындықтары,  ас  пісіретін,  үйді 

жылытатын ошағы жанбайтын, не газ пеші жоқ қиын жағдайда 

екен. 

Жағдайды көрген аудан жастары диван, кресло тарту етсе, 



көршілері  Дияс  –  Назгүл,  Нұрланбек  –  Гүлшара  жер  үстелі 

мен  ыдыс  –  аяққа  көмектесіп,  отбасы  қамы  үшін  Гүлнар 

жұмысқа кеткенде балаларына бас көз болып, қолғабыстарын 

тигізуде.  Гүлнарды  жұмысқа  қабылдап,  жағдайын  ойлап 

отырған  «Шұғыла»  кафесіне  де  алғысымыз  шексіз.  Бұлбұл 

Шәріпқалиқызы  жомарт  жандарды  ұйымдастырып,  балалар 

жататын төсек – орын беріп, олар тұрып жатқан үйдің иесімен 

келісіпті. Жағдайды түсінген үй иесі үш айға дейін тегін тұруға 

рұқсатын  берген.  Көкөзек  орта  мектебінің  директоры  Ермек 

Ноғайбаев үстел мен 4 орындық берді.  

Біз де хабарды естіген соң Кенжебек Әкімбек кішкене бол-

са  да  жылу  сыйлау  мақсатында  шағын  паласын  алып,  сол 

шаңыраққа  барып,  жағдайларын  білдік.  Үй  суық  болған  соң 

балалар ауырып сабаққа да бара алмай қалыпты. Біз дереу 

аудандық  газ  бөліміне  барып,  Ілияс  Бақытұлымен  келісіп, 

арзан  бағада  газ  баллонын  алдық.  Енді  газ  пешін  табу  ке-

рек  болды.  Бұлбұл  Нұрмұханбетованың  шұғыл  іздестіруінің 

арқасында  ол  да  табылды.  Бұлбұл  апамыз  аудандық  білім 

бөлімінің  басшысы  Бегімбек  Рамазановпен,  Сыдықов 

орта  мектебінің  директоры  Алмагүл  Байтұрсынқызымен 

және  «Қарлығаш»  балабақшасының  меңгерушісі  Кеукер 

Нұртайқызымен  сөйлесіп, жақсы басшылардың түсіністігімен 

балалардың  да  жағдайын  жасап  берді.  Сөйтіп,  жаңағы 

отбасының тұрмысы бері қарады. 



Ербол СЫМХАНОВ.

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

 Сағабүйен ауылы Т.Тоқтаров орта мектебі, мектепке дейінгі 

шағын  орталығымен  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің 

директоры  қызметіне  бос  азаматтық  лауазымға  орналасуға 

конкурс жариялайды.

Лауазымға орналасу үшін кандидатқа  қойылатын біліктілік  

талаптар:

1.Жоғары  және  жоғары  білімнен  кейінгі  білімнің  болуы 

(педагогикалық  немесе бейіні бойынша)

2.Педагогикалық  жұмыс  өтілінің  бес  жылдан  кем  болмауы 

немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім 

беру ұйымдарына   немесе ұйымдарында немесе ұйымдарда 

басқарушылық қызметте жұмыс  өтілінің бес жылдан кем бол-

мауы


3.Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы

4.Үш  жылдан  кем  емес  педагогикалық  салада  әкімшілік 

жұмыс      тәжірибесінің  болуы  немесе  білім  беру  ұйымының 

бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда 

5.Сотталмаған болуы тиіс

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1.Конкурстық  комиссия  төрағасы  атына  тұрғылықты  тіркеу 

орнын,  нақты  тұратын  жерін,  байланыс  телефондарын 

көрсетумен қоса өтініш.

2.Нотариалды 

куәландырылған 

жеке 


тұлғаны 

куәландыратын құжат көшірмесі.

3.нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі

4.нотариалды  куәландырылған  еңбек  кітапшасының 

көшірмесі

5.бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен 

кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ

6.  бар  жазалар  мен  көтермелеулерді  көрсете  отырып 

бұрынғы жұмыс орынынан өндірістік мінездеме

7. нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе 

ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі

8. медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат

9.сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет. 

Конкурсқа  қатысуға  ниет  білдіргендер  ауданның  білім 

бөлімі  жанындағы  конкурстық  комиссиясына  көрсетілген  ме-

кен- жайы бойынша хабарлама жарияланған мезеттен бастап 

15  күнтізбелік  күн  ұсынады:  Ақсу  ауданы  Жансүгір  ауылы, 

Желтоқсан көшесі №5 А, телефондары 2-15-80, 2-23-19.

            

Бөлім басшысы                       Б.РАМАЗАНОВ

АУДАННЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БОС АЗАМАТТЫҚ 

ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСТЫРУҒА КОНКУРС 

ЖАРИЯЛАЙДЫ


Тергеушінің 

қойын 


дәптерінен

6 бет

АЌСУ ӨЊІРІ

4 наурыз 2016 жыл

(ӘҢГІМЕ)

Маусым  айы  аяқталып  қалған.  Об-

лыс  орталығы.  Жасыл  желекке    оранған 

қала бесін ауа жайдары самал құшағына 

оранған. Кәмелеттік    аттестат қолға ти-

ген Бәкен қала  шетіндегі ауылда тұратын 

әжесінің    үйінен    қайтқан    беті.  Ол  өзі 

тұратын   бес қабатты үйдің алдына кел-

генде  кіреберістегі  жайдақ  орындыққа  

жайғасқан 

екі 

сыныптасын 



көрді. 

Өздерін  ересектер  қатарында  санаған   

үшеуі  көңіл  көтермек    болды.    Көше 

бұрышындағы  дүкеннен  таза    шараптың 

үлкен  бөтелкесін  алып,    жақын  маңдағы 

бақ  ішінде  17-18  жасар  жасөспірімдерге  

тән   әңгімеге    қарық  болды.

Шараптың қызуы бой балқытқан  үшеуі 

бір-біріне  сөз  бермей  сағат    түнгі  12 

болғанын  да  аңғармады.    Үйге  қайтпақ 

болды.  Әңгіме    әлі    таусылар  емес. 

Бәкеннің  үйіне  кіреберістегі  орындыққа 

да.  Олай  болса,    тонау  үшін  өлтірмеген.  

Бөлмелердің   бәрін  мұқият  қарап шығып  

хаттама,  толтырған  тергеуші  осындай  

ұйғарымға  келді.  Онда  өлтірген    адамның  

өзіндік  себебі  бар  болғаны.  Марқұм  кіммен  

қырғый  қабақ  болуы  мүмкін. Тергеушінің 

есіне  түндегі    Бәкен  түседі.  Түнде  ғана 

екеуара    шиеленіс  болды.  Оның    ойынша 

оқиға  былай    болған:    бөлімнен  шыққан  

жігіт    Оразбаевпен  ақниетпен  әңгімелесіп,  

кешірім    сұрамақ      болды.    Жәбірленуші  

қасарысып.  кешірмеді. Әңгіме  соңы  жан-  

жалға  ұласты.  Ашу  үстінде  қаны  қайнаған  

жігіт  оған  пышақ  жұмсады.  Оразбаевтың  

қырсығынан    сотталатын    болып  отырған  

ол сөйтіп өшін алды.

Оның үстіне марқұмның сыртқы  есігінің 

тұтқасында,  қоңырау    түймесінде  де  

сезіктінің  саусақ  іздері  қалыпты.    Крими-

налистер  оны  да  хаттап  қойыпты.  Бұл  

тергеушінің    сенімін    ұлғайта      түсті.    Иә,  

Бәкен  Оразбаевтың  пәтеріне  кіріп,  оны  

өлтіргені  күмәнсіз.

Сұрақ  алғанда  Бәкен  іс  барысын  былай 

түсіндірді:

- Полиция бөлімінен шыққан соң   Ораз-

баевтан  кешірім  сұрап,  арызын  қайтып 

алуды  өтінбек  болдым.    Қоңыраулаттым,  

есікті  қақтым. Ешкім  жауап  бермеді,  Тым  

кеш  қой,  ұйықтап  қалды  ғой ,  деп  үйге  

көтерілдім.

- Яғни,  үйге  кірген  жоқсың  ғой?

Есік  ашпаса  қалай  кіремін.

- Пышақты  қайда  құрттың?

- Оны  мен  өлтіргем  жоқ.

Сезікті  суық    қаруды  қайда    жібергенін 

айтудан  үзілді-кесілді  бас  тартты.  Өлімге  

мүлде  қатысым  жоқ  деп  отырып  алды.  

Оны   мойындату   үшін  айғақ  боларлық  

қылмыс  құралы – пышақты  табу  керек  еді.  

Жәбірленушінің    де,    сезіктінің  де  үйінен 

қанша  іздесе  де  пышақ  табылмады. Үй  

айналасындағы  пышақты   тастауы  мүмкін  

деген  жердің  бәрі  бірнеше   рет  мұқият  

тексеріліп    шықты.  Суық  қару  табылмады.  

Есесіне  іске    басқаша   мән  берерлік  зат  

табылды.    Оразбаевтың    визиткасы    бар  

екен. Онда  оның   зергер екені  жазылған.  

Ал,  қарындасының  айтуы  бойынша  такси  

айдап,  күн  көрісін  айырып  отырған.  Поли-

ция  қызметкерлері  қоқыс  салатын  шелек-

тен  өздерін  қызықтыратын  қағаз    тауып   

алады.    Төртке  бөлінген  қол  хат  екен. 

Жазған  Оразбаев.  Байбосын Ақашев  де-

ген біреуге одан алған зергерлік  заттарын, 

не  100  мың    теңге      қайтармақ    болыпты.  

Жедел    уәкілдер    визитка    мен  қолхаттың  

байланысты екенін сезді.  Бұны  шешу  үшін  

Ақашевпен  кездесу    керек.    Оның    мекен-

жәйін  анықтау    техниканың    ісі.    Ақашев 

түсінік  бергенде  бірден  мойындады:

-  Ол  зергерді    өлтірген    мен.    Қайтыс  

болған  әйелімнің  зергерлік    әшекейлерін  

сіңіріп  кетпек  болды.

Оразбаевпен  Ақашев    күтпеген    жер-

ден    танысқан  еді.    Оның  көлігіне    жо-

лаушы  ретінде  отырған.  Жол  үстінде  

әңгімеден  әңгіме  туып,  қайтыс  болған 

әйелінің  зергерлік  заттарын  сатайын  десе, 

арзанға    кете    ме  деп  қауіптенетінін  айта-

ды. Жүргізуші  көмектеспек болып келіседі.  

Қолы  боста  жолаушы таситынын, негізінде 

зергерлік  заттарды  бағалау,  сатумен  ай-

налысатынын айтады. Сөйтіп  оның  қолына  

визиткасын  беріпті. Екеуі  өзара  мәмілеге  

келіп, Ақашев Оразбаевтың  үйіне  зергерлік    

әшекейлерді  апарып,  қолхат  жаздырып   

алады.


-  Ол  алдап  кетеді  деп  ойламадым.  Үйін 

көрдім  ғой,  -  дейді  Ақашев.  -  Содан  бері  

екі  айдан  астам  уақыт  өтті.  Шыдамым  

таусылған  соң  пәтеріне  келдім.  Кірген  соң 

марқұм  әйелімнің  алтындарын қайтаруды 

сұрадым.  Оның  қайтарған  жауабына    

қаным қайнап  кетті.

- Ол  не  деді саған?

-  Бұл  қолхатпен  ана  жеріңді    сүрт.  

Ешқандай  заңдық  күші  жоқ.  Сот  мұны 

қаперге алмайды,- дегені. Мен  зергерлікпен 

заңсыз  айналысып  жүргенін,  бұл  оңай 

соқпасын  айтып  едім,  жұдырығын  ала  

жүгірді.  Төбелесе    кеттік.  Қолыма  іліккен 

пышақты кеудесіне қалай сұғып алғанымды 

да аңғармай  қалдым  ашу  үстінде.  Оқиға  

осылай  болды.

Ақашев  осылай  деген  соң  Бәкен  босап  

шықты.  Қылмысты  іс  Ақашевқа    қарсы  

қозғалды.

                     

Тлеухан ЕСЕБОЛАТОВ. 

жайғасқан  олар    қарқылдап    күліп,  гөй- 

гөйге    басты.    Екінші    қабатта    тұратын  

біреу  терезе  ашты:

- Бұл  кім  ұйқы  бермей  жүрген?  Қане  

тараңдар. Түн ортасында  шулап, мазаны 

алады.  Оңбағандар.    Соңғы  сөз  Бәкеннің 

жынына тиді.  Еңкейіп тас тауып  алған ол 

жаңа    ашылған  екінші  қабаттағы  терезеге  

жіберіп  қалды.  Шыңғырлап  сынған    әйнек  

жерге    түсті.

- Зыттық,-  деді  үшеудің  бірі.

-  Үндеме,-  деді,  Бәкен,-  оңбаған    дейді, 

байқап  сөйлесін,  аяғын  алып  жүре алмай 

жүріп.

-  Үшеуі  қарқылдап  күліп,  тағы  бір  



оқиғаны тілге  тиек   етті.  Әудем  жерге  по-

лиция  көлігі келіп  тоқтады. Одан  түскен 

еңгезердей сержант жандарына келді. 

- Сендер ме елге маза бермей жүрген? 

2-ші  қабатта  тұратын    әлгіндегі  ер  адам 

«мынау менің тереземді  сындырған» деп 

Бәкенді  көрсетті. Полиция патрулімен  кез-

десу  ойында жоқ үшеуі мойындары  сал-

бырап  төмен  қарады.

- Бөлімге баруға тура келеді.  Жүріңдер,-

деп  оларды  көлікке    отырғызды. 

Жәбірленуші  Оразбаевтан    арыз  алын-

ды. Бәкеннен  оқиғаның  қалай  болғанын  

сұрап,  әбден  есін  шығарды.

-  Ия,  жігітім.  Хал  нашар,-деді    кезекші 

тергеуші.

-  Қылмысты  іс  қозғауға  негіз  бар.    Ат-

тестатты  жаңа  алған  екенсің.      Түрмеге 

отырғызбаса  да,  шартты    жазасыз  

қалмайсың.    Ержеткен    өміріңді    сотталу-

дан  бастайтын  болдың.

-  Ағатай,  бұдан    қалай    құтыламын.  

Жаңағы    кісімен    көрші    тұрушы    едім.  

Көзіне  жас  үйірілді.

-  Менің  ақылым,  көршің  болса  барып 

кешірім  сұра.  Терезе  әйнегін  салып  бер. 

Арызын  қайтып  алсын.  Қатыгез    болмаса  

кешірер.  Әзірше  үйіңе  қайт.    Қажет  кезде 

шақырамыз.

Бәкеннің    әке-  шешесі    туыстарына  

қыдырып    кеткен    еді.  Неге    кеш    келдің  

дер  ешкім  жоқ. Келді  де  көрпеге  ора-

нып    жатып    қалды.    Кеш    жатқан    ол 

түске  дейін    оянбады.  Біреулер    есікті 

тарсылдатып  әзер  оятты.  Шалбарын  кие 

салып,  барды  да  есік  ашты.  Екі  поли-

ция  қызметкерін  көрді.  Жүрегі    дүрсілдеп 

атша  тулай  жөнелді.  Біреуі  түндегі  сұрақ 

алған  тергеуші.  Олардың  түрлерінен  бір 

жамандық  сезілгендей  еді.

- Ал,  Бәкен. Киін. Бізбен жүр. Бұл  жолы 

оңай құтыла алмайсың.

-  Не    болып    қалды?-деді  ол.  -  Бөлімге 

барып сөйлесеміз.  

Кабинетке  кірген  соң  тергеушінің  

айтқаны Бәкенді есінен тандыра  жаздады. 

Көз  алды  тұманданып,  ештеңені    айыра  

алмай  бара  жатты.

- Сенің  үстіңнен  арыз  жазған  Оразба-

евты  үйінде  өліп  жатқан  жерінен    таптық. 

Негізгі сезікті сенсің.

Оразбаевтың    үйінде    өліп    жатқанын  

қарындасы  көріпті.  Қаланың  батыс  

жағында  тұратын  ол  жексенбі  сайын 

ағасының үйіне келіп, жуып-шәйіп  кететін. 

Өз  кілтімен    есік    ашқан    ол  бауырының 

өлі денесін асүйден  көреді. Екі қолын екі 

жаққа жәйіп,    шалқасынан  жатыр.

Сот  -  дәрігерлік  сараптама    оның  

кеудесіне  сұғылған  жарақаттан  өлгенін 

анықтады. Пышақ тура жүрекке  қадалған. 

Сондықтан тіл  тартпай  кеткен   екен.

Үй    ішін    ақтарып,    төңкерген    із    жоқ.  

Ақша  да,  басқа  да  бағалы  заттар  орнын-

Қазақстан 

Республикасының 

заңдарын, 

Елбасының  жарлықтары  мен  Қазақстан  Рес-

публикасы  Үкіметінің  Қаулыларын,  Ішкі  Істер 

Министірінің  және  Алматы  облысының  Ішкі  істер 

департаментінің  бастығының  бұйрықтары  мен 

нұсқаулары  және  аудан  әкімшілігінің  шешімдерін 

мүлтіксіз  орындай  отыра,  аудандағы  шұғыл 

жағдайды  бақылауда  ұстап,  қылмыстың  алдын 

алу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 

біршама жұмыстар атқарылды.  

Сонымен  қатар  осы  есеп  беру  аралығында 

қызметкерлердің 

жалпы 

мамандандырылған 



деңгейлерінің  көтерілуі  төменде  көрсетілген 

қорытындыға қарай бағалауға болады.




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал