Әйел абзал ана, адал жар, әйел-өмірге ұрпақ әкелуші құдіретті



жүктеу 0.53 Mb.

бет2/5
Дата08.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5

Әділ-Омар ЖАҚСЫБАЕВ,

аудандық сотының 

төрағасы.                                                         

ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК 

ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ 

АҚСУ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ

ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің 

Ақсу  аудандық  аумақтық  инспекциясы  (бұдан 

әрі  АААИ)  Сіздерге  ҚР  2002  жылғы  3  шілдедегі 

«Өсімдіктерді  қорғау  туралы»  Заңына  (13  және 

14-5 баптар) және 29.06.2015. №15-02/584 ҚР Ауыл 

шаруашылық  министрінің  «Фитосанитариялық 

нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу ны-

сандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын 

ӨСІМДІК ҚОРҒАУ

бекіту  туралы»  бұйрығына  сәйкес,  қолданған 

препараттарыңыз, 

атқарылған 

химиялық 

жұмыстар және т.б. туралы есептер Ақсу ААИ-на 

беріп тұруға міндетті екендіктеріңізді ескертеді.

Есептіліктердің  тапсыру  уақыты,  бекітілген 

тиісті 8 (сегіз) нысандары осы ескертпемен бірге 

қосымшада беріледі.



Фитосанитарлық есепке алу нысаны

Пестицидтерді (улы химикаттарды),биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру 

және өткізу туралы

Пестицидтердің  (улы  химикаттардың),  биопрепараттардың  және  энтомофагтардың 

қозғалысы туралы

Тоқсанға пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтар-

ды сақтау туралы

Бүріккіш  және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы

Химиялық  өңдеулер жүргізу туралы

Химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсету туралы

Тыйым  салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыды-

сын көму туралы

Қойма жайларының бар-жоғы туралы

кезеңдігі

тоқсандық

тоқсандық

тоқсандық

жылдық

айлық


айлық

тоқсандық

тоқсандық

1

2



3

4

5



6

7

8



Осы 

көрсетілген 

нысан-

дар 


бойынша, 

көрсетілген 

мерзімде,  бекітілген  нысан-

ды  түрде  қызметі  мемлекеттік 

фитосанитариялық 

бақылау 


обьектілеріне 

байланысты 

жеке  және  заңды  тұлғалардың 

барлығы 


фитосанитариялық 

есептерді  бермеген  жағдайда 

есеп  бермеушілер  ҚР  2002 

жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді 

қорғау  туралы»  Заңының  (13 

және  14-5  баптар)  талапта-

рын 

бұзған, 


орындамаған 

болып 


табылады. 

Осыған 

байланысты 

есеп 

бер-

меген  жеке  және  заңды 

тұлғаларға  ҚР  «Әкімшілік 

құқық  бұзушылық»  тура-

лы  кодексінің  403  бабының 

тиісті тармақтарына сәйкес 

айыппұлдар салынады.

1. 

Фитосанитариялық 

есептiлiктi 

ұсынбау, 

сол 

сияқты  уақтылы  ұсынбау 

–  жеке  тұлғаларға  –  бес,  ла-

уазымды  адамдарға,  шағын 

кәсіпкерлік  субъектілеріне  –  он, 

орта  кәсіпкерлік  субъектілеріне 

–  он  бес,  iрi  кәсiпкерлiк 

субъектiлерiне 

елу 


айлық 

есептік  көрсеткіш  мөлшерiнде 

айыппұл салуға әкеп соғады.

Айлық  көрсеткіш  2121  теңге 

,  Жеке  тұлға  -  10605  теңге, 

Шағын  кәсіпер  -  21210  теңге, 

Орта кәсіперлік -31815 теңге, Ірі 

кәсіпкерлік - 106050 теңге.



Өсімдіктерді 

қорғау 

жөніндегі                мемлекеттік 

инспектор М.Б.Жұмағалиев

Өсімдіктер карантині сала-

сында ХҚКО атқарылатын 

қызмет 

Қазақстан  Республикасының 

1999  жылғы  11  ақпандағы  № 

344  –  Өсімдіктер  карантині  ту-

ралы  Заңының  18  –  бабының 

2  -  тармағының  талаптарында 

Жеке  және  заңды  тұлғалардың 

меншігіндегі 

объектілерде, 

сондай-ақ  жер  учаскелерінде 

өсімдіктер карантині жөніндегі іс 

- шаралар яғни жатаған у кекіре, 

сарышырмауық  арамшөптеріне 

күрес  жүргізу уәкілетті орган мен 

оның  аумақтық  бөлімшелерінің 

өздеріне 

берілген  өкілеттік 

шегіндегі  нұсқамалары  бой-

ынша  меншік  иелері  мен  жер 

пайдаланушылардың  қаражаты 

есебінен  жүзеге  асырылады. 

Бүгінгі  күнге  республикалық 

бюджеттен 

шаруашылық 

субъектілеріне 

қаражат 


бөлінбейді. 

Бұл    талаптар  бұзылса 

Әкімшілік құқық бұзушылық тура-

лы Қазақстан Республикасының 

Кодексінің  400-бапының  3.,  4  - 

тармақтарының талаптары  бой-

ынша  айыппұл  салынатынын 

хабарлаймыз.   Айлық көрсеткіш 

2121 теңге.  

Карантиндік объектілердің та-

ралуын  есепке  алуды  уақтылы 

немесе 


тиісінше 

жүргізбеу 

не 

өсімдіктер 



карантині 

саласындағы 

мемлекеттік 

бақылау 


және 

қадағалау 

объектілерінде 

өсімдіктер 

карантині  бойынша  шаралар-

ды  уақтылы  немесе  тиісінше 

ұйымдастырмау –

лауазымды адамдарға отыз 

айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерінде  айыппұл  салуға 

әкеп  соғады  63630  тг.  Осы 

баптың  үшiншi  бөлiгiнде 

көзделген,  әкiмшiлiк  жаза 

қолданылғаннан кейiн бiр жыл 

iшiнде  қайталап  жасалған 

әрекет  (әрекетсіздік)  –    ла-

уазымды  адамдарға  алпыс 

айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерінде  айыппұл  салуға 

әкеп соғады - 127260 тг.

ҚР 


Дүниежүзілік 

сау-


да 

ұйымына 


және 

Евра-


зия  экономикалық  аймағына 

кіргеннен  бері  ҚР  Өсімдіктер 

карантині Заңының  13-бабының 

4;,4-1–тармақтарының  талапта-

рына  байланысты  карантинге 

жатқызылған  өнімдік    әкетуге 

сатуға 

уәкілетті 



органның 

аумақтық  бөлімшелері  беретін 

фитосанитариялық 

немесе 


карантиндік 

сертификаттар 

болған жағдайда рұқсат етіледі.    

Қазақстан 

Республи-

касынан 


тыс 

жерлерге 

фитосанитариялық  сертификат-



тар, Қазақстан Республикасының 

ішінде  -  карантиндік  серти-

фикаттар 

болған 


жағдайда 

тасмалдауға болады.

4-1.  Карантинге  жатқызылған 

өнiмдi  облысаралық  тасымал-

дау уәкілетті органның аумақтық 

бөлімшесінің 

өсiмдiктер 

карантинi  жөнiндегi  мемлекеттiк 

инспекторы  беретiн  карантиндiк 

сертификаттар 

болған 

кез-


де  жүзеге  асырылады.      Егер 

сіз  осы  аталған  заңның  талап-

тарын    орындамасаңыз  Сізге 

Әкімшілік құқық бұзушылық тура-

лы  Қазақстан  Республикасының 

Кодексінің  талаптары    бойынша 

айыппұл  салынатынын  хабар-

лаймыз.   400-бап.1.тармағының  

16)  карантинге  жатқызылған 

өнімді  карантиндік  сертификат-

сыз облысаралық тасымалдауды 

жүзеге  асыру  түрінде  жасалған 

бұзушылық –  жеке тұлғаларға – 

жиырма,  лауазымды  адамдарға, 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 

немесе  коммерциялық  емес 

ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік 

субъектілеріне  –  қырық,  iрi 

кәсiпкерлiк  субъектiлерiне  бір 

жүз  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 

соғатындығын хабарлаймыз.

ХҚКО  арқылы  карантиндік, 

фитосанитариялық  серификат-

тар алу үшін Өсімдіктер карантині 

саласындағы 

мемлекеттік 

көрсетілетін 

қызметтер 

стандарттарының 

талаптары-

на  байланысты  мемлекеттік 

қызметті  алу  үшін  көрсетілетін 

қызметті  алушы  (немесе  оның 

өкілі) жүгінген кезде,

көрсетілетін қызметті берушіге, 

осы  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

стандартының 

қосымшасына 

сәйкес  нысан  бойынша  өтінім, 

жеке  басын  куәландыратын 

құжат  және  өкiлдiң  өкiлеттiлiгiн 

растайтын    құжат  (жеке  тұлғаны 

сәйкестендіру үшін). 



Бас 

маман 

өсімдіктер 

карантині 

жөніндегі 

мемлекеттік 

инспектор 

Д.Омаров.

МАЛ АСЫЛДАНДЫРУ

Техник-ұрықтандырушы – ауыл 

шаруашылығы жануарын қолдан 

ұрықтандыру  бойынша  қызмет 

көрсету 

жөніндегі 

қызметті 

бастағаны 

туралы 

уәкілетті 



органға хабарлама жасаған жеке 

тұлға;


16-2-бап. Асыл тұқымды мал 

шаруашылығы саласындағы

қызметтің басталғаны тура-

лы хабарлама жасау

1.  Жеке  және  заңды  тұлғалар 

асыл тұқымды мал шаруашылығы 

саласындағы қызметті бастағанға 

дейін  бұл  жөнінде  уәкілетті  ор-

ганды  «Рұқсаттар  және  хабар-

ламалар  туралы»  Қазақстан 

Республикасының 

Заңында 

белгіленген тәртіппен хабардар 

етуге міндетті.

Хабарлама  Халыққа  Қызмет 

Көрсету  орталығы  арқылы  

электронды түрде беріледі.

2.  Техник  -  ұрықтандырушы 

ретінде  қызметін  бастағаны 

туралы  уәкілетті  органға  ха-

барлама  жасаған  жеке  тұлға 

хабарламаға:

1) жеке куәлігінің;

2)  «зоотехния»  немесе  «мал 

шаруашылығы өнімдерін өндіру 

технологиясы»  не  «биотехно-

логия»  немесе  «ветеринария» 

тиісті  мамандығы  бойынша 

білімі туралы дипломның неме-

се  осы  бейін  бойынша  кемінде 

үш жыл жұмыс өтілін растайтын 

құжаттың;

3) ауыл шаруашылығы малын 

қолдан  ұрықтандыру  курстары-

нан өткені туралы құжаттың;

4)  меншік  немесе  ұзақ 

мерзімді  (кемінде  бес  жыл) 

жалға алу шарты немесе лизинг 

шарты құқығында материалдық-

техникалық 

базасының 

(зертханалық 

үй-жайдың, 

бақылау-өлшеу  аспаптарының, 

қ ұ р а л - с а й м а н д а р д ы ң , 

криогендiк жабдықтардың) болу-

ын  растайтын  құқық  белгілеуші 

құжаттардың көшірмелерін қоса 

береді.


407-бап. Қазақстан 

Республикасының асыл 

тұқымды мал шаруашылығы 

туралы заңнамасын бұзу

1. 


Қазақстан 

Республикасының 

асыл 

тұқымды мал шаруашылығы ту-



ралы заңнамасын:

2.1.  Асыл  тұқымды  мал 

шаруашылығы 

саласындағы, 

хабарлама 

жасауға 


жата-

тын  қызметті  жүзеге  асы-

ратын  жеке  және  заңды 

тұлғалардың  «Асыл  тұқымды 

мал  шаруашылығы  туралы» 

Қазақстан 

Республикасының 

Заңында 


белгіленген 

міндеттерді сақтамауы –(хабар-

лама бермей мал асылдандыру 

жұмыстарымен айналысуы)

асыл 

тұқымды 


мал 

шаруашылығы 

саласындағы 

субъектілердің қызметін тоқтата 

тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға 

– 

он, 



шағын 

кәсіпкерлік 

субъектілеріне  –  отыз,  орта 

кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, 

iрi  кәсiпкерлiк  субъектiлерiне 

бір жүз айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерiнде  айыппұл  салуға 

әкеп  соғады.  Бір  айлық  есептік 

көрсеткіш 2 121 тенге.

2.  Осы  баптың  бiрiншi 

және 

екінші 


бөлiктерiнде 

көзделген, 

әкiмшiлiк 

жаза 


қолданылғаннан  кейiн  бiр  жыл 

iшiнде 


қайталап 

жасалған 

әрекеттер  (әрекетсiздiк),  сол 

сияқты осы баптың бiрiншi және 

екінші  бөлiктерiнде  көзделген, 

әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға 

әкеп  соққан  бұзушылықтарды 

жоймау,    асыл  тұқымды  мал 

шаруашылығы 

саласындағы 

қызметке  тыйым  салуға  әкеп 

соғады.


Сұрақтар 

бойынша 

Сәтбаева 2 үй, 2-00-32 немесе 

8 701 210 50 11 телефондары-

на хабарласуға болады.

М.САБЫРБАЕВ,

мал тұқымын 

асылдандыру жөніндегі 

инспекторы.

 А. ЖИЕНБАЕВ,

аудандық аумақтық 

инспекция басшысы. 

ХҚКО арқылы объектіге техникалық 

паспорт алу

3 бет

АЌСУ ӨЊІРІ

4 наурыз 2016 жыл

ЖЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН БЕКІТУ

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның 

өзекті мәселесі

Азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтарын 

қорғауға, 

сы-


байлас  жемқорлық  көрiнiстерiнен 

туындайтын 

қауiп-қатерден 

Қазақстан 

Республикасының 

ұлттық  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз 

етуге,  сыбайлас  жемқорлыққа  бай-

ланысты 


құқық 

бұзушылықтың 

алдын  алу,  анықтау,  олардың  жо-

лын  кесу  және  ашу,  олардың  зар-

даптарын  жою  және  кiнәлiлердi 

жауапқа  тарту  арқылы  мемлекеттiк 

органдардың, 

мемлекеттiк 

мiндеттердi  атқаратын  лауазымды 

және басқа да адамдардың сондай-

ақ оларға теңестiрiлген адамдардың 

тиiмдi  қызметiн  қамтамасыз  ету-

ге  бағытталған  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрестiң  негiзгi 

принциптерiн  айқындап,  сыбай-

лас 


жемқорлыққа 

байланысты 

құқық  бұзушылықтың  түрлерiн, 

сондай-ақ  жауаптылықтың  пайда 

болу  жағдайларын  белгiлейдi.  Осы 

Заң  сол  сияқты  демократиялық 

негiздердi,  мемлекеттi  басқарудағы 

жариялылық 

пен 

бақылауды 



кеңейтуге 

халықтың 

мемлекет 

пен  оның  құрылымдарына  де-

ген  сенiм  нығайтуға,  бiлiктi  ма-

мандарды  мемлекеттiк  қызметке 

кiруге  ынталандыруға,  мемлекеттiк 

мiндеттердi  атқаратын  адамдардың 

риясыз  адалдығы  үшiн  жағдайлар 

жасауға да бағытталған.

Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес 

жүргізу  -  мемлекеттік  органдардың, 

мемлекеттік 

қызметкерлердің, 

тұтастай  қоғамның  басты  міндеті 

мен 


борышы, 

осы 


кеселге 

қатаң  бағытталған  мемлекеттік 

бағдарлама  жоғары  деңгейдегі 

жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.



Аслан ОРЫНХАНҰЛЫ,

аудандық соттың 

аға сот приставы.

Қарасаз қара шалғын өлеңде 

                                                өстім,

Жыр жазсам оған жұртым 

                                    елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өшіре  алмас  алайда  өлеңді 

ешкім... 

Иә,  өлең  өлмейді.  Ендеше 

оны  жазған  ақын  да  өлмейді. 

Олай болса Мұқағали Мақатаев 

көз жұмған жоқ... Қатарымызда, 

жырлары 

әрқайсымыздың 

жүрегімізде.  Әне  ол,  мұзбалақ 

қыранша  дүр  сілкініп,  бүкіл 

залды  бір  өзі  толтырып,  жазық 

маңдайы  жарқырап,  жыр  ақын 

тұр. 

Жуырда 


ауданымыздағы 

Қаныш 


Сәтбаев 

атындағы 

орта  мектеп  –  гимназиясында 

аудандық  «Мұқағали  Мақатаев 

оқулары»  өтті.  Байқауға  30 

үміткер  қатысты.  Бұл  ша-

раны  аудандық  білім  бөлімі 

ұйымдастырды.

Байқаудың  мақсаты  –  мек-

теп  оқушыларына  Мұқағали 

шығармаларын 

насихаттау, 

оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттерін, 

талғамдарын, 

тұлғалық  сезім  мәдениетін  да-

мыту.  Жас  ұрпаққа  Мұқағали 

поэзиясының  рухани  мұрасына 

деген 

сүйіспеншілікке 



тәрбиелеу.

Байқау  басталмас  бұрын 

Сәтбаев  атындағы  орта  мектеп 

–  гимназиясының  оқушылары 

Мұқағали өлеңдерінен үзінділер 

оқыды. 


Ақын 

Мұқағали 

Мақатаев қазақ халқының Фара-

биден  Абайға,  Абайдан  бүгінге 

дейін  жалғасып  келе  жатқан 

жыр  көліндегі  өзіндік  көлі  бар 

бір  туар  талант  иесі.  Ол  қазақ 

халқының  маңдайына  біткен 

дара тұлғалардың бірі. 

Құттықтау  сөзді  аудандық 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 

бірлестік  жетекшісі  Бақытгүл 

Советханқызы 

 

ашып, 



үміткерлерге  сәттілік  тіледі. 

Байқау 6 кезең бойынша өтті. 1 

кезең – «Менің пірім – Мұқағали» 

айдарында  оқушы  ақынның 

бір  шығармасын  жатқа  оқиды. 

Қойылатын  талап  –  өлеңді  ой 

кестесіне  сай  көркемдеп  оқып, 

жүріс  –  тұрыс  мәдениеті,  өзін 

сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде 

болуы тиіс. 2 кезең – «Жауқазын 

жыр  жүр  жанымды  мазалап...» 

айдарында  оқушы  өзінің  төл 

туындысын, яғни ақынға арнау-

ын  көркемдеп,  мәнерлеп  жатқа 

оқиды. 3 кезең – «Жыр эстафе-

тасы»  айдарында  үміткерлер 

«Аққулар  ұйықтағанда»,  «Рай-

ымбек, Райымбек!» поэмаларын 

жатқа оқиды. 4 кезең – «Берілген 

ұйқасқа  өлең  құрау»  оқушылар 

берілген  дайын  ұйқасты  пай-

далана  отырып,  тұжырымды 

түйінді бір шумақ өлең туғызу ке-

рек. 5 кезең – «Өлеңнен өрілген 

ой» 

айдарында 



үміткерлер 

берілген  Мұқағали  өлеңдерінің 

шумақтары 

бойынша 


оның 

тақырыптық  мазмұнын  ашады, 

көркем ой кестесімен тақырыпты 

дамытады.  6  кезең  –  «Мұқағали 

мұрасын  кім  көп  біледі?»  сұрақ 

–  жауап.  1  минутта  он  сұрақтың 

қаншасына  жауап  берсе,  оның 

нешеуі дұрыс екендігі ескеріледі. 

Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Байқауға  әділ  баға  беретін 

әділқазылар  алқасы  –  аудандық 

білім  бөлімінің  әдіскері  Ботагөз 

Тынысбекқызы,  аудандық  «Ақсу 

өңірі»  газетінің  редактордың 

орынбасары,  тілшісі  Ләззат 

Қалмұхамбетқызы, 

аудандық 

қазақ  тілі  мен  әдебиетінің 

пән 

бірлестігі 



Бақытгүл 

Советханқызы, 

аудандық 

Сәтбаев  атындағы  орта  мектеп 

–  гимназиясының  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Жанар 

Орынханқызы болды.

Байқау болған соң «Жүйріктен 

жүйрік  озар  жарысқанда»  деген-

дей,  біреуінің  озары,  біреуінің 

қалары  бәрімізге  мәлім.  Бұл 

жарыстың  заңдылығы.  Сондай 

–  ақ,  Сәтбаев  атындағы  орта 

мектеп  –  гимназиясының  9  сы-

нып  оқушысы  Динар  Қадылбек 

– Бас жүлдені жеңіп алса, Егінсу 

атындағы  орта  мектептің  9  сы-

нып оқушысы Айжан Дүкенбаева 

мен  Жаңатілеу  орта  мектебінің 

5  сынып  оқушысы  Назерке 

Асқарқызына – І орын бұйырды. 

Сырттанов 

атындағы 

орта 


мектептің  9  сынып  оқушысы 

Күләй  Жеңіснұр,  Мұратбаев 

атындағы  орта  мектептің  9  сы-

нып оқушысы Сәуле Әлімбекова, 

Абай  атындағы  орта  мектептің 

9  сынып  оқушысы  Арай-

лым 

Тәңірберген, 



Ойтоған 

ауылындағы 

Жансүгіров 

атындағы орта мектептің 10 сы-

нып оқушысы Нұржанат Жекен, 

Сағакүрес  орталау  мектебінің 

9  сынып  оқушысы  Балауса 

Демесіндер  –  ІІ  орынды  иелен-

се,  Мамания  атындағы  орта 

мектептің  10  сынып  оқушысы 

Мейіржан  Тілектес,  Есеболатов 

атындағы орта мектептің 8 сынып 

оқушысы Арайлым Төлеубаева, 

Қызылағаш 

ауылындағы 

Жансүгіров  атындағы  орта 

мектептің  7  сынып  оқушысы 

Кандализа  Мадиқызы,  Ала-

жиде  орта  мектебінің  8  сынып 

оқушысы  Аяулым  Сейітқожан, 

Қарашілік орта мектебінің 8 сы-

нып  оқушысы  Нұрбек  Нұрғали, 

Кеңжыра 

орта 


мектебінің 

оқушысы  Сәрсен  Қуанбектер 

–  ІІІ  орынға  қанағаттанарлық 

етті.  Ал,  номинация  бойынша 

Сәтбаев  атындағы  орта  мек-

теп  –  гимназиясының  9  сы-

нып  оқушысы  Егей  Сұлтанбек, 

Қарасу  орталау  мектебінің 

6  сынып  оқушысы  Айса-

на  Бекболатқызы,  Терібаев 

атындағы 

орта 


мектебінің 

9  сынып  оқушысы  Ғанимет 

Бақытұлы, 

Садырбайұлы 

атындағы 

орта 


мектептің 

9  сынып  оқушысы  Бағалы 

Кеңесбаевалар алды.

Ұмытпай, 

жоқтайтын, 

бағалайтын елі барда, ақынның 

асыл 

жырдан 


соғылған 

тұлғасына 

кір 

жұқпайды. 



Ақынның 

өміршіл 


өлеңі, 

қалдырған 

асыл 

мұрасы, 


өмірдегі ең жоғары сыйға лайық. 

Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА.

Жансүгіров ауылы. 

Бүгін  жер  қатынастары  бағыты  бойынша  қызметтерді  тікелей 

қызмет  берушіден  ғана  емес,  сонымен  қатар  «Халыққа  қызмет  көрсету 

орталықтары» арқылы да алуға болады, ал ЭЦҚ болған жағдайда оларды 

электрондық  үкімет  порталында  «онлайн»  тапсырыс  беру  арқылы  алуға 

болады. Оның бірі тұрғындар арасында жиі кездесетін «Жер учаскелерін 

қалыптастыру  бойынша  жер  құрылысы  жобаларын  бекіту»  жөніндегі 

мемлекеттік қызмет.

ХҚКО-ғы  инспекторға  тиісті  құжаттар  пакетін  тапсыру  үшін  сізге  15  ми-

нут қажет. Құжаттар ішінде өтініш, жеке куәлік, жер құрылысының жобасы, 

жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жерді қолдану құқығын сұрату 

кезіндегі  жер  учаскесін  ұсыну  туралы  комиссияның  оң  қорытындысының 

көшірмесі болу қажет. Ал қызметті сенімді тұлға алатын болса, онда сенімхат 

қажет.  Егер  сіздің  ХҚКО-ға  келу  үшін  уақытыңыз  болмаған  жағдайда, 

қызметті электрондық үкімет порталының  е-лицензиялау бөлімінің «Ауыл 

шаруашылығы»  деп  аталатын  қосымша  бетінен  алуға  болады.  Сіздің  

ЭЦҚ-да  бекітілген  онлайн-өтініш  құжаттарыңызды  бөлімдегі  инспекторға 

электрондық  түрде  ұсынуыңыз  қажет.  Дайын  құжаттарды  7  жұмыс  күні 

өткеннен  кейін  алуға  болады.  Қызмет  жеке  және  заңды  тұлғаларға  тегін 

көрсетіледі.  Сонымен  бірге  қызметті  өзбетіңізше  Connection  Point  секто-

рында  Электрондық  үкімет  порталында  онлайн  ресімдеу  арқылы  байқап 

көруіңізге  де  болады.  Бірақ,  ол  үшін  Сізде  ең  бастысы  электрондық-

цифралық қолтаңба болуы қажет.                                

Жылжымайтын мүлік нысанының 

техникалық  төлқұжатының  бар  бо-

луы  жылжымайтын  мүлік  иесінің 

мәртебесін  растау  үшін  қажет. 

Себебі  бұл  құжатсыз  жылжымай-

тын  мүлікті  сату,  жалға  беру,  не-

месе кепілге беру мүмкін емес. Ал, 

жылжымайтын  мүлік  құжаттарын 

ресімдеу қажеттілігіне тап болғанда, 

меншік иесі техникалық төлқұжатты 

ресімдеу  процедурасын  қалай 

жүзеге  асырамын  деген  сұраққа 

кезігеді. Техникалық төлқұжат - бұл 

үйдің  физикалық  күйін  көрсететін 

ақпараттық-анықтамалық 

құжат. 


Техникалық  төлқұжатта  үй-жайдың 

ауданы,  бөлмелердің  саны,  үй-

жайдың  қабырғалары  қандай  ма-

териалдан 

жасалғаны 

туралы 


мәліметтер,  барлық  техникалық 

және сәйкестендіру сипаттамалары 

көрсетіледі.

Техникалық  және  сәйкестендіру 

сипаттамаларын 

анықтауға 

бағытталған 

және 


техникалық 

төлқұжатты  алуға  қажетті  барлық 

жұмыстар  алғашқы  және  кейінгі 

бақылауға 

бөлінеді. 

Алғашқы 


бақылауға  жаңа  жылжымайтын 

мүлік  нысандары  жатады.  Оның 

нәтижелері  бойынша  техникалық 

төлқұжат жасалады. Кейінгі бақылау 

жылжымайтын  мүлік  нысанының 

сәйкестендіру  және  техникалық 

сипаттамаларының  өзгеруі  неме-

се  қайта  жабдықтау  жағдайында 

жүргізіледі. 

Халыққа 


қызмет 

көрсету  орталығы  арқылы  «Жыл-

жымайтын  мүлік  объектілеріне 

техникалық 

паспортты 

беру»  


мемлекеттік  қызметті  алу  үшін 

тұтынушыға  өзімен  бірге    жеке 

куәлігі  және  жылжымайтын  мүлік 

объектісінің  құқығын  анықтайтын  

құжаттары  болуы  тиіс.            Қызмет-

ақылы.  Төлем  өтініш  берген  кезде 

және  дайын  техникалық  паспорт-

ты  алған  кезде  қызметтің  базалық  

құны  түрінде  жүргізіледі.  Сонымен 

бірге  бұл  қызметті  Электрондық 

Үкімет порталында, Халыққа қызмет 

көрсету  орталығына  бармай-ақ,  өз 

компьютеріңізде отырып алуға бола-

ды.  Осы  үшін  тиісінше,  ғаламторға 

шығып, порталға тіркелу керек және 

өзіңізде 

электрондық-цифрлық 

қолтаңбаңыз болуы шарт.  Құжаттар 

тізімі  ХҚКО  ұсынатын  құжаттармен 

бірдей,  тек  электрондық  үлгіде 

ұсынылады.

Қызметті  көрсету  мерзімі  жыл-

жымайтын  мүлік  объектісінің  түріне 

байланысты:

1)пәтерге, 

жатаханалардағы 

бөлмелерге  техникалық  паспорт  3 

жұмыс күні ішінде;  

2)жеке  тұрғылықты үйлерге, жеке  

гараждарға, саяжай құрылыстарына 

техникалық  паспорт  7    жұмыс  күні 

ішінде;   

3)жалпы алаңы 1000 шаршы метр 

жылжымайтын  мүлік  объектісіне 

техникалық  паспорт  10  жұмыс  күні 

ішінде;     

4)жалпы  алаңы  1000  шаршы    

метрден  асатын    жылжымайтын 

мүлік  объектісіне  техникалық  па-

спорт 20 жұмыс күні ішінде беріледі.     

Осы  қызметті  ресімдеген  кезде  

тұтынушы  техниктердің  маманда-

рымен  байланысқа  шығуы  және 

олардың  үйге  бару  уақыты  жөнінде 

келісіп алуы үшін  деректерді дұрыс 

көрсетуі қажет.                                                

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет

Елбасы  «Қазақстан  жолы  —  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты 

халыққа Жолдауында барлық азаматтарды мүгедектерді жан-жақты қолдап, олардың 

проблемаларын  оң  шешуге  атсалысуға  шақырды.  Президент  мүмкіндігі  шектеулі 

азаматтарымызға  көбірек  көңіл  бөлу  керектігін  ескертті.  Олар  үшін  Қазақстанның 

кедергісіз  аймаққа  айналуы  қажеттігін  айтты.  Осындай  бастаманың  бірі  ретінде 

I-II топ мүгедек жандарға қызмет көрсету мәселелері бойынша мүмкіндігі шектеулі 

азаматтар  үйлерінде  бірыңғай  байланыс  орталығы  1414    нөміріне  тегін  қоңырау 

шалып  өзіне  қажетті  мемлекеттік  қызметтерге  өтініш  бере  алады.  Бірыңғай  бай-

ланыс  орталығына  хабарласып  1414  кеңесшісі  10  минуттың  ішінде  тұтынушының 

Т.А.Ә қабылдау күнін, мемлекеттік қызмет түрін, тұрақты тұратын жерін, байланыс 

телефонын базаға енгізіп, өтінішін қабылдап, тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу 

үшін қандай құжаттарды ұсыну керектігін айтады. Бірыңғай байланыс орталығының 

кеңесшісі  РМК-ның  Халыққа  қызмет  көрсету  орталығының  жауапты  қызметкеріне 

жібереді.

Мүмкіндігі  шектеулі  1  және  2  топ  мүгедек  азаматтарға  жауапты  маманы  келіп 

түскен  өтініш  иесіне  хабарласып  баратын  уақыты  мен  келісіп,  алынып  жатқан 

мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттардын керек екендігі туралы толық мағлұмат 

беріп 72 сағаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып Халыққа 

қызмет  көрсету  орталығы  ықпалдастырылған  ақпараттық  жүйесі  бағдарламасы 

арқылы  қабылданып  дайын  болған  құжаттарды  мобильді  топ  арқылы  апарып 

береді.  Тұтынушының  келісімімен  Электронды  Үкімет  Порталы  арқылы  берілетін 

мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал