Әйел абзал ана, адал жар, әйел-өмірге ұрпақ әкелуші құдіретті



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/5
Дата08.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5

 

Әйел-  абзал  ана,    адал  жар,  әйел-өмірге  ұрпақ  әкелуші  құдіретті 

күш, әйел- еңбекте түрлі игі істердің ұйымдастырушысы, ақылшы  дос. 

Кез келген қоғамда өмір  сүруге ең бірінші бейімделе алатын да, ауыл 

аймақтың базынасын құтқа айналдырып, ағайын-туыстың береке-бірлігін 

сақтайтын  да    әйелдер.  Ұлтымыздың  нақыл  сөздері,  мақал-мәтелдері 

өмірдің өзінен алынған, нағыз философия десек, қазақ тал бесіктегі бала  

тәрбиесінен бастап, ғаламдық дамуға дейінгі ой-келісімдерін үнемі ана 

атымен  байланыстырып  отырған.  Ата-бабаларымыздан  келе  жатқан 

дана    сөздерге  жүгінсек,  аналардың  қайталанбас  қадыр-қасиеттерін 

одан әрі терең ұғындыра түседі. Қазақта: «Әке - асқар тау, ана - етегіндегі 

бұлақ, бала - жағасындағы құрақ», «Анадан үлкен ат жоқ, наннан үлкен 

ас жоқ», «Ананың  құдіреті- шексіз мейірімінде, ыстық құшағында, нұрлы 

ақылында, жылы жүрегінде» дейді. «Аяғын көріп- асын іш, анасын көріп- 

қызын  ал»  дегендей  тәрбиелік  мәні  зор  мақал-  мәтелдер  қаншама!  

Тіпті қасиетті құрандағы аталы сөздерде: «Жұмақ- ананың табанының 

астында» деп сіздердің бағаларыңызды өсіре түседі. «Анаңды қасиетті 

Меккеге  он  рет  арқалап  апарып  келсең  де,  ақ  сүтін  ақтай  алмайсың» 

деп баланың ардақты ана алдындағы жауапкершілігін салмақтандыра 

түседі. Сол себепті, үлкен де, кіші де, ұлы да, қарапайым адамдар да 

дүниедегі  бар  жақсылықты,  ең  ізгі  асыл  қасиеттерді,  ерен  ерлік  үлгісі 

мен баянды еңбекке толы бақытты да өздеріңізсіз көзалдымызға еле-

стете алмаймыз.Қазақстандық әйелдердің ғаламдық жаһандануда ала-

тын  орны  туралы,  бейбітшілік  пен  бітімгершілікті,  саяси  тұрақтылық 

пен  ынтымақтастықты  сақтаудағы  еңбектері,  олардың  араласуымен 

Қазақстанда  атқарылып  жатқан  шаруашылық,  кәсіпкерлік  жұмыстар, 

бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы күрестері жайында түрлі жиындарда да, 

баспасөз беттерінде де жан-жақты айтылып, еліміздегі әйелдердің  сая-

си қоғамдық, түрлі өндірістік салалардағы қызметіне оңды баға беріліп 

келеді.


Сондықтан да болар біздің қоғамда ана мен балаға деген қамқорлық 

мемлекет  тарапынан  да  бірінші  орынға  қойылып  келеді.  Өздеріңізге 

белгілі, тәуелсіз Қазақстанда ана мен баланы қолдау бағытында көптеген 

игілікті  шаралар  қолға  алынып,  арнайы  әлеуметтік  бағдарламалар 

жүзеге  асырылып  жатыр.  Оның  бір  дәлелі  Қазақстан  Республикасы 

Президенті  Н.Ә.Назарбаев  ұзақ  мерзімге  арналған  «Қазақстан-  2050» 

Стратегиясында:  «Жаңа  кезеңдегі  әлеуметтік  саясаттың  маңызды 

құрамдас  бөлігі  ретінде  ана  мен  баланы  қорғауды  жариялаймын.  Біз 

әйел затына- анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға 

тиіспіз» деп атап көрсетті. Елбасы «100 нақты қадам» бағдарламасында 

әйелдердің қоғамдағы орнын нығайтуға көп мүмкіндіктер қарастырды. 

Тек өздеріңіз де осы мүмкіндікті пайдаланып, шаштараз, тігін цехы, жеке 

балабақша, мейрамхана сияқты өз істеріңізді ашып, ерінбей еңбек етіп, 

немесе  балаларыңыздың,  жастардың кәсіптік оқуға барып, өз кәсібін 

ашу,  мал  шаруашылығымен  айналысуына  ұйтқы  болуларыңыз  керек. 

Биыл да әсіресе, қант қызылшасын өсіруде сіздердің көмектеріңіз көп 

керек.

Әйелдердің  әр  істе    белсенділігін,  еңбекті  ерлерше  ұйымдастыра 



алатындығын біз өз ауданымыздағы тәжірибелерден де жақсы білеміз. 

Стаститикаға  сүйенетін  болсақ,  аудандағы  мектепте  сабақ  беретін 

мұғалімдердің 70 пайызы,  дәрігер мейірбикелердің  90 пайызы,  мәдениет 

саласының 75 пайызы, кәсіпкерлік және сауда саласындағылардың 67     

пайызы, телекоммуникация, байланыс, транспорт саласындағылардың 

53  пайызы,  қорғаныс  пен  ішкі  істер  саласындағылардың  9  пайы-

зы,  қаржы,  салық,  еңбекпен  қаму  және  әлеуметтік  қорғау  саласында 

істейтіндердің  88  пайызы  әйелдер  екен.  Солардың  ер  азаматтармен 

иық тірестіре белсене еңбек етуінің арқасында ауданымыз өткен жыл-

ды айтарлықтай  көрсеткіштермен аяқтап, әсіресе ауыл шаруашылығы, 

жеке  кәсіп,  мәдениет    салаларында  облыста  алдыңғы  қатардан  орын 

алды. 


Үстіміздегі жылға межеленген жұмыстардың бәрі өз ретімен Сіздердің 

тікелей араласуларыңызбен бітеді. Оның игілігін көретінде  өзіміз, осы 

отырған  аудан  халқы,  ең  алдымен  аналар,  Сіздер  болып  табыласыз-

дар.  Сондықтан  да  қадірлі  аналар,  баршаңызды  төл  мерекелеріңіз-                    

8  наурыз  -  Халықаралық  әйелдер  күнімен  шын  жүректен  құттықтап, 

әрқайсыларыңыздың шаңырақтарыңызға  сарқылмас шаттық тілеймін! 

Денсаулықтарыңыз  мықты,  еңбектеріңіз  жемісті,  өмірлеріңіз  нұрлы 

болсын!


№ 10 (9798)

4 наурыз




 жұма

2016  жыл



Газет  1934 жылѓы  

1 ќазаннан  шыѓады

Ќоѓамдыќ - саяси, әлеуметтік - экономикалық газет

Ақсу өңірі

МӘҢГІЛІК  ЕЛ  -  ҰЛЫ  МҰРАТЫМЫЗ!



aksuoniri@mail.ru



РЕДАКТОР БАҒАНЫ

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Ардақты    аналар,  аяулы  жар, 

әпке  –  қарындастар!  Сіздерді 

көктемнің 

алғашқы 


мерекесі 

– 



наурыз 

Халықаралық 

әйелдер  күнімен  шын  жүректен 

құттықтаймын. 

Бұл 

мейрам 


қашанда 

әрқайсымыздың 

жүрегімізге 

жылу 


шашып 

көңілімізді нұрға бөлейді. Өйткені, 

бұл  мерекеде  аналардың  жан 

шуағы мөлдір мейірімі жатыр.

Бүгінгі  күні  әйелдер  тәуелсіз 

еліміздің  толыққанды  мүшесі 

бола 

отырып, 


қоғамымыздың  

экономикалық,  әлеуметтік,  саяси, 

рухани салаларында болып жатқан 

күрделі өзгерістерге белсенді түрде 

атсалысып,  өз  үлестерін  қосуда. 

Елімізде рухани келісім, ұлтаралық 

татулық пен тұрақтылықтың жүзеге 

асуына да еңбек сіңірудесіздер.

Әрбір  шаңырақтың  отын  маз-

датып,  береке  мен  бірліктің  

тірегі,  Отанымыздың  келешегі  – 

жас  ұрпақ  тәрбиелеуге  жанның 

жылуы  мен  жүрегінің  қызуын, 

бойындағы  қайрат  –  жігерін  сарқа 

жұмсап  жүрген  әйелдер  қауымы 

қашанда 


нәзік 

жандылығын, 

тартымдылығын, 

елгезектігін 

жоғалтқан  емес.  Міне,  осы  үшінде 

сіздерге бас иеміз.

Көңілге шуақ құяр осынау көктем 

мерекесі күні – Ақсу өңірінің аяулы 

әйелдер қауымына зор денсаулық, 

сұлулық, 

мәңгілік 

жастық, 


бақыт  пен  гүлдей  өмір  тілеймін. 

Жүздеріңізден 

күлкі 

кетпесін. 



Отбасыларыңызда  сүйіспеншілік 

пен  түсіністік  орнықсын!  Ойға 

алған  арман  –  мақсаттарыңыз 

орындалғай!

Мерекелеріңіз  құтты  болсын, 

ақсулық аналар! 



Аудан әкімі       Ә.ДАЛБАҒАЕВ.

Аудандық Мәслихат

хатшысы           С.СЕРПЕРБАЕВ.

«Жастар  -  болашаққа    апара-

тын      алтын  көпір»-  дейді  дана 

халқымыз.    Әрбір    өскелең    ұрпақ  

жеке    қабілетіне    және    кәсіби  

біліміне сай қоғамымызда  өз  орнын  

табуы    қажет.    Біздің    әлеуметтік-  

экономикалық    даму    жолындағы  

қарқынымыз,  жастардың  қоғамдық- 

саяси    өміріндегі    ұстанымына  

олардың    ертеңгі    күнге    деген  

сенімі    мен  белсенділігіне  тікелей 

байланысты.  Ендігі  кезекте  тәрбие 

мазмұны  мен  жастарды  тәрбиелеу 

ісі 

олардың 


 

дүниетанымын  

қалыптастыру    және    ақпараттық- 

саяси  мәдениетін    көтеруге    баса  

көңіл  аударуға  тиіспіз.

Әрбір  қазақ  жастары  өздерін 

ұлтжандымын  деп ұғынып,  өн  - бой-

ларында  ұлттық  намысын  жоғары  

қою    керек.    Еліміздің    бейбітшілік  

аспанында  қазақ  жастары  тәуелсіз  

елдің    айқын    мақсаттарымен  

жігерленіп,  тек  қана  алға  ұмтылуға  

жұмыс    жасаймыз.    Ел    сенімін,  

үмітін ақтау - жастардың  қолында.

Қазақстан    Республикасының  

Президенті  Нұрсұлтан   Назарбаев   

биылғы    жылға    арналған    кезекті  

Жолдауында    жастарды    оқу    мен  

білім    алуға,    әсіресе,    ғылыммен  

айналысуға  шақырды.

«Жұмыс    пен    сұраныс    бар  

өңірге    қорықпай    бару    керек.  

Шеберлік    шыңына    шыға    білсең,  

мамандықтың  бәрі  жақсы.  Қазіргі  

кезде    техникалық    мамандықтар,  

ғылым    мен    инновацияның    күні  

туған    заман.    Еліне      еңбек  еткен, 

талмай ғылым   іздеген,  жалықпай  

техника    меңгерген    адам  озады.  

Тұрмысы    жақсы,    абыройы    асқақ  

болады.    Біз    жүзеге    асырғалы  

отырған    түбегейлі    реформалар  

мен    атқарылып    жатқан    қыруар  

істердің  бәрі  болашақ үшін  жаса-

лып  жатыр.  Жастар үшін. Еліміздің  

болашағы    жастардың    қолында»-  

деді  Мемлекет  басшысы.

Елбасының   «Жас  Отан»  Жас-

тар  қанатының  11 съезінде  берген  

тапсырмалар    күн    санап    жүзеге  

асып,  мемлекеттік  жастар  саясаты 

туралы  заң  қабылданып  жастарға 

зор    сенім    артылып,    қолдаулар  

көрсетілуде.

Жастар  -  таусылмас    күш    пен  

сарқылмас    қайраттың    нышаны.  

Қазақ    елінің    шежірелі    тарихы-

на    көз    жүгіртсек,    ел    басына    күн  

туған  замандарда  жерінің  бүтіндігі  

мен  ел  іргесінің  қауіпсіздігін  сақтап  

қалуда    ерен    еңбек    сіңірген    тари-

хи  тұлғаларымыздың  басым  бөлігі  

сол  кезде  қылшылдаған,  білекті  де  

жүректі,  намысшыл  жалындаған  жас-

тар  болған.  Олардың  қай -  қайсысы  

да  өмірін  күреспен  өткізген.  Өйткені  

олар  -  халық    қамын    жеп,    жарғақ  

құлағы  жастыққа  тимегендер.  Сол  

тарихи    күрескер    тұлғалардың  

ұрпақтары    бүгінгі    жастар    біздің  

тәуелсіз    еліміздің    ертеңі,  жарқын  

болашағы.    Өздерін    өмір    сүруге  

лайықтай    білетін,    рухани    азығы  

мол  қасиеттерге  ұмтылып,  көңілдегі  

көксеген  мұраттарына  кедергісіз  қол  

жеткізіп    жүрген    жастар    қоғамның  

негізгі  қозғаушы    күші.   Оларды  де-

меп,  ынталандырып  отырса,  олар  

аспайтын  асу,  алмайтын  қамал  жоқ.  

Бүгінде  елімізде  жастарға  көп  көңіл  

бөлінуде.

Олардың    елімізге    тигізер    пай-

дасы    мол,    кез  -  келген    бастама-

лары  қолдау   табуда.  Жер -  жер-

лерде    жастармен    жұмыс    жасау  

орталықтарының    ашылуы    шалғай  

елді  -  мекендерде    тұрып    жатқан  

жастарға  қолдау  көмек  көрсетуде.   

Аудандағы    жастар    ісі    жөніндегі  

Айқын  мақсаттармен  жігерленіп...



ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2015 ЖЫЛ!

Көңілге шаттық құяр мереке

кеңес  төрағасы  ретінде   аудан әкімі 

Әділбек   Егеубекұлының да  біздің  

бастамамызға    қолдау    көрсетіп  

жүргеніңізді    біз    сезінеміз.    Ал,  

Ақсу   жастары  осы  қамқорлықты 

сезіне   отырып  күш-қайратымызды  

алдағы    уақытта    ауылдық   

округтердегі    жастар    ісі    жөніндегі  

әдіскер      нұсқаушы    мамандардың  

бастамасымен  әр  округте  егілген  

қызылшаны    заманауи    техника-

лармен    қамтамасыз        етілгенше  

өзіміз  күтіп  баптау  жұмыстарына  

ауылдағы    әр    жасты    насихаттау-

дамыз!

Себебі,  Ақсу  қант  зауыты 



іске  қосылып  өз  жұмысын  жа-

саса,  ал  біз  қажетті    шикізатпен  

уақытылы қамтамасыз  етіп  аудан 

экономикасынының 

көтерілуіне  

өз  үлесімізді  қосамыз  деп,  әр  

ауылдағы  жас  әріптестерімнің     

атынан және де  Ойтоған  ауылдық  

округіне  бөліп  берілген  90 гектар 

қызылшаның  30  гектарын  ауыл 

жастарымен  күтіп  баптауды  өз 

мойнымызға аламыз. 

Жалпы 

Ақсу 


жастарының  

жұмысы 


облыстық 

деңгейде 

жоғары  бағаланып,  2014  жылдық 

қорытындыда І орын, 2015 жылдық 

қорытындыда ІІІ орынға  ие болуда.  

Ол ақсулықтардың береке бірлігінде 

деп білеміз. Қант қызылшасын  күтіп 

баптау    жұмыстарында    да    осы 

берекемізбен    2016  жылы    жақсы  

көрсеткіш  көрсетеміз.

Алдымызда    биік    белестер  

бар.    Олардан    алқынбай    асу,  

белестерді  барлықпай  бағындыру 

- біздің  өз  қолымызда!  Мызғымас  

бірлік    пен    тынымсыз  еңбек 

жасампаздық  пен    жаңашылдық,  

жауапкершілік  -  біздің    ең  басты  

құралымыз    осылар.    Біз    өзімізді 

ұдайы  қамшылап,  алға    ұмтыла 

білсек  қана  «Қазақстан  2050» 

стратегиясындағы биік  мақсаттарға 

жете аламыз. Біз,   жастар әрдайым 

Елбасымыздың    сарабдал  саяса-

тын  қолдап және  оның іске асу жо-

лында аянбай  еңбек   етеміз.

Элмира АЛҒОЖАНОВА,                                     

Ойтоған ауылдық округінің 

ісі  жөніндегі  әдіскері

жастар  нұсқаушысы.

Әлемнің әдемілігі, шаңырақтың 

шуағы - Әйелде

Сезімдердің сезілсе тұнық мәні,

Сол емеспе жастардың 

                                      жыр ұққаны.

Қыздарды жырға қосып 

                                        кетейік бір,

Тұрғанда ару сырын ұғып бәрі.

Қазақтың сертке берік 

                                      Еңлік қызы,

Тек Кебек деп жүрегі у ұрттады.

Қозыны қосағым деп 

                                 білгеннен соң,

Баянды да сұм ажал құрықтады.

Мамырда Қалқаманнан 

                                   тірі айырылып,

Суыған жүректі өмір 

                                     жылытпады.

Естайға есі кетіп ғашық болған,

Әнін тыңдап Қорланның     

                                         құрыпты әлі,

Мәжнүнді армандаумен 

                                      өткен екен,

Ләйлінің кетседағы сынып сағы.

Абайда Айгерімді алғанменен,

Тоғжанды өмір бақи ұмытпады.

Жәмиланың қасында 

                                       болғандықтан,

Жая тасқа жазылған жігіт қаны.

Құралайдың ғашықтық құдіреті,

Келденді де алып шыққан 

                                              тұлыптағы.

Гауһар қыздың құдіреті 

                                           Қабанбайға,

Қу бас атты ерттеткен қырықтағы.

Қазақтың қос бұрымды 

                                              қыздарының, 

Қылдан нәзік келеді қылықтары.

Ай мүсін арулардың арқасында,

Атты ғой сан жігіттің күліп таңы.

Сәменсіз бұл өмірде жасай алмас,

Бәріде Салиқаның сынықтары.

Мерекесі құтты болсын.....



Кенжебек ӘКІМБЕК.

ҚЫЗДАРДЫ ЖЫРҒА ҚОСЫП КЕТЕЙІК БІР 

2 бет

АЌСУ ӨЊІРІ

4 наурыз 2016 жыл

Алғаш  Жамбыл  ауданы-

на  судьялық  қызметке  келген 

кезімде  Хамза  есімді  ауылдың 

сыйлы  да,  үлкен  ақсақалы 

батасын  бере  отырып,  отба-

сы  туралы  бір  әңгімеде  «ерлі 

зайыптыларды 

ажыратпауға 

тырыс,  сауап  болады,  ерлі-

зайыптының  төрелігін  төсек 

береді  деген  ғой.  Өздері  жа-

расып  кетеді.  Ажыратсаң  бала 

жетім  болады.  Қорлық  көреді. 

Ол  қорлықтың  бүкіл  қалған 

өміріне  теріс  әсері  болады» 

деді.

Үлкен кісінің осы өсиетін мен 



тәжірбиемде  қолданып,  не-

кеден  ажырасамын  деп  сотқа 

келген  әр  отбасыларын  бірден 

ажырастырмай,  ақыл  айтып, 

ойлануларын  сұрап,  өздерімен 

жеке-жеке 

де, 

бірге 


де 

талқылап, оларға міндетті түрде 

татуласуларына  белгілі  уақыт 

тағайындап беріп, қайтарып от-

ырдым.  Барлығы  болмаса  да 

біразы өздері жарасып, рахмет 

айтып құрмет көрсететін болды.

Осы 


отбасының 

жауап-


ты  адамы-ол  отағасы.  Соған 

қарап  ұл-қызы  бой  түзейді. 

Сондықтан  отағасының  міндеті 

жоғары.  Отбасының    намысын 

ойлайтын,    қамтамасыз  ететін,  

бағыт-бағдар  беріп,    шешім 

қабылдайтын  да    отағасы 

болуға тиіс деп ойлаймын.

Сондай-ақ,    ақынды  да,  ба-

тырды  да,  ерді  де,    ханды  да 

туған  ана  ғой.  Отағасының 

міндеті    жоғары  болса  да, 

ананың  міндеті    одан  да  ауыр. 

Үй    болған  соң  міндетті  түрде 

анда-санда  ыдыс-аяқ  сылды-

рап  тұрады  ғой.  Сол  кезде  ері 

ашу  айтса,  әйелі  басу  айтса 

бәрі  орнына  келеді.  Әсіресе, 

жаңа  отбасын құрған кезде екеу 

ара  кикілжің  жиі  болады.  Екі 

жас    екі  отбасының  тәрбиесін 

көрген, көз қарастары да  бөлек 

болуы  мүмкін.  Соны  сабырмен 

шешкен  дұрыс.  Қазақ  айта-

ды,  «Ашуланған  кезде    шешім 

қабылдама,  қуанған  кезде 

уәде  берме»  деп.  Өйткені  ашу 

дұшпан.  Олардың  әр  затының  

өзіндік ойы бар,  пікірі бар. Бірі 

тауға барғысы  келсе,  бірі суға 

барғысы  келеді  деген  сияқты. 

Осы  кезде  ер  адам  әліптің  ар-

тын  бағып,  дауды  өршітпеуге 

тырысу керек. Сонда да болса, 

даудың  өршуінің    көбісі  әйел 

адамға  байланысты  сияқты. 

Себебі,  ақылды  әйел  күйеуі  

ашуланса  да,    сөзінен  тұзды 

алып    тастап,  өзінің    сөзіне 

бал  қосып  береді.  Отбасы 

мәселесіне ақыл  айту  қиындау. 

Өйткені  жар  таңдауда  мұқият 

болған жөн.

Біреулерінің 

бір-біріне 

құрметпен    қарағанын  көріп  

қуанасың, 

екіншілерінің 

бір-бірімен  кикілжіңін  көріп 

ренжисің.

Түрлі  әйелдер  бар,  бірі 

анаңдай  қамқор  болса,  біреуі 

үй  шаруасына  мығым  келеді. 

Келесі    біреуінің    мұрнына  ас 

үй  жұмысының  исі  де  бармай-

ды. Кейбір бикештер ғаламдық 

өркениеттің  дамуынан  қалып, 

дене    бітімімен  айналысып, 

қызық 

қуып, 


«көбелекше» 

жүреді.  Міне,  осыдан  бастап 

бірін-бірі  түсінбеушілік  бас-

талып,  соңында  ажырасып 

жатқандары  содан,  атам  қазақ 

«Қызым  үйде,  қылығы  түзде» 

деп  осыдан  кейін  айтқан 

шығар.  Қазіргі  жастар,  бір  күн 

тиыны болмаса немесе кішкене 

ауыртпалық  көрсе,  жоққа  шы-

дамай      жанжал  шығарып,  

ажырасуға 

дейін 

барады. 


Осының  салдарынан  арадағы 

сәби не анасыз, не әкесіз қалып, 

жәутеңдеп  тірі  жетім  болады. 

Сәбидің  болашағын  ойлап  бас 

қатырып  жатқан  ата-ана  жоқ. 

Әрқайсысы өз бастарының қара 

қамымен  кетеді.  Бұның  бәрі 

тәрбиенің  әлсіздігі ме, әлде ба-

тыс елдерінің  әсері ме?

Қазақ  «е,  құдай    бала  бер, 

бала  берсең    оған  сана  бер» 

деп  тілейді.  Ал,  саналы  бала  

сапасыз  тірлікке  бармайды. 

ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН 

БАСТАЛАДЫ

Қазақтың  салт-  дәстүрі    бағзы  

заманнан, 

ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғасып келе жатқаны белгілі. 

Бұрынғылар,  «ауылда  бір  қыз 

болса, оған сол ауыл  түгелдей 

жауапты,  тіпті  есігінде  жүрген 

малшыларда  тоқтау  айту  ке-

рек» дейді екен. 

Қазақ  халқы  жақсы  нәрсе 

көрсе, соны ары қарай дамытуға 

ұмтылады ғой. Қазақтар қыздың 

тәрбиесіне ғана емес киіміне де 

мән берген.

Ал, 


қазіргі 

біздің 


қара 

көздеріміз  шет  елге    еліктеп, 

ашық-шашық 

жүруді, 


арақ  

ішуді,  темекі  шегуді,  түнгі 

клубтарға        баруды  мәдениет 

деп  санайды.  Сөйтіп,  ойнақтап 

жүріп  от  басады.  Әрине,  әр 

адамның  өзіне  ғана  тән  түрлі 

өмірлік  принциптері  болады. 

Ол  әркімнің    жеке  басының 

қағидасы. 

Сонда да болса, біз қазақпыз, 

«қазақ  қызы  мынандай  –  болу 

керек»  деп  айту  әрбір  қазақ 

зиялыларының,  әрбір  ата- 

әжелердің міндеті.

Кейде  қазақ  қыздарын  басқа 

ұлт  азаматтарымен  көрсем  

қиналып  кетем.  Мен,  қазақ 

қызының  құрсағында  басқа 

ұлттың    ұрпағының  жатқанын 

қаламаймын.  Заман  не  болып  

барады  деп  ойға  қаламын. 

Өмірлік жар  таңдауға келсек, ол 

әр  адамның жүрек қалауы ғой. 

Бірақ,  ең  бастысы,    адам 

қасиеттері бай болса нұр үстіне 

нұр  болар  еді.  Қазақ  халқының 

қаны таза екенін көптеген елдер 

мойындайды.

Халқымыздың  қаны  таза 

болуының себебі, жеті атам қыз 

алыспауда  ма?  Бастысы,  қыз 

бен жігіт бір рудан болмауы ке-

рек. Не десекте бәрі ұрпақ қамы 

ғой.    Жалпы  айтқанда  қазақ 

қыздарына  ешкім  жете  алмай-

ды. Әрине, бұл менің ойым.

Дініміз  Ислам,  оның  ішінде, 

әбу-халифа мәзибін ұстанамыз. 

Ардақты 

Пайғамбарымыз 

Мұхаммедтен  (с.ғ.с.)  бір  жігіт: 

«Анамды 


арқалап 

жүріп, 


қажылық  жасаттым.  Қасиетті 

Қағбаны  жеті  рет  айналдыра 

тәу еттірдім, ана ақысын өтедім 

бе?»  деп  сұраған  екен.  Сон-

да  Пайғамбарымыз:  «Жоқ,  бұл 

қызметің  ананың  саған  жүктілік 

уақытында  қиналған  бір  сәтіне 

де тең емес»,-деп жауап беріпті. 

Ананың  құдіретін  бұдан  артық 

айтып жеткізу мүмкін емес. 

Сондықтан ер азаматтар ғана 

емес,  болашақ  ана  болатын 

қаракөз  қыздарымыз  да  осыны 

түсініп,  ана  болудың  құдіретін 

жастайынан 

ұғынса 


екен. 

Жалпы  адамзат  баласының  

өміріндегі 

ең 


маңыздысы 

байлықта,  ақша  да  емес,  ар-

тында  қалған  жақсы  ісімен 

өнегелі  ұрпағы  ғой.  Әйел  жаны  

ашылмаған    сандық  деп  жата-

ды.  Сол  сандықты  ұсақ-түйек, 

қоқысқа  толтырмай,  ұлымыз 

ұлағатты  қызымыз  арлы  бол-

сын. 

Отбасы  аман  болып,  әке 



мен  шешені  бақыттан    айыр-

масын.  Балалы  үйдің  базары 

тарқамасын.  Анаға  қамқорлық-

ұлтқа қамқорлық, анаға құрмет-

ұлтқа құрмет. 

Қашанда  аяулы  аналары-

мыз,  асыл  жарларымыз,  қыз-

келіншектеріміз  аман  болсын 

деп  тілейік.  Нәзік  жандылар-

ды  көктеммен  қатар  келетін 

халықаралық  әйелдер  күні 

мерекелерімен  құттықтай  оты-

рып:

«Әйел дос, жақсы болса  жанға 



                                               жалау,

От беріп жүрегіңе жаққан алау,

Әйел-ана өрбіткен адамзатты,

Еңбегі дастандарда тарау -

                                            тарау.

Арналады сіздерге

Жүректегі жырымыз.

Азат елдің бағына

Аман есен жүріңіз»  дегім келеді.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал