ЕҚЫҰ-ның жұмысына күрделі



жүктеу 0.67 Mb.

бет5/6
Дата27.04.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАДАМЫ

ЕҚЫҰ төрағалығы міндетін атқаруда 

Қа зақстан әлемдегі және аймақтағы шие-

леністі жағдайларды басты назарда ұстай-

тындығын мәлімдеді. Соның ішінде Тау лы 

Қарабақ мәселесі бойынша да нақ ты іс-

қимылдар жасауда. Бұл ретте Ел басының 

тапсырмасымен ЕҚЫҰ-ның іс бас ындағы 

төрағасы, ҚР Мемлекеттік хат шысы – 

сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың 

Оңтүстік Кавказ елдеріне сапарын, оның 

ішінде жанжал өзегі – Таулы Қарабақтың 

өзінде болып, саяси пар тия, қоғамдық 

ұйымдар өкілдерімен кездесіп, мәселенің 

мән-жайын білуін, Армения және Әзір-

бай жан мемлекет басшыларымен же ке-

дара бас қосуын, Минск тобының басшы-

ла рымен кеңесуін дәйек ретінде атап өтуге 

болады.  Қазақстан өкілінің сол сапары 

жа йын да ЕҚЫҰ Минск тобының тең төр-

а  ғасы Юрий Мерзляков: «ЕҚЫҰ-ның төр-

а ғасы  Қ.Саудабаевпен өткен кездесуді 

жо ғары бағалаймыз. Жүздесудің ЕҚЫҰ 

төрағасының Оңтүстік Кавказ мемлекеттері 

бойынша өңірлік сапары алдында ұйым-

дастырылуының маңызы зор. Қ.Саудабаев 

Тау лы Қарабақ  жанжалының шығу түбі, 

оның өршуі жайында жан-жақты хабар-

дар екендігін көрсетті. Негізі, өңірдегі 

жан жал 1990 жылдың басында таза ішкі 

мем лекетаралық сипат алған болатын. 

Алдағы уақыт та бұл мақсаттағы жұмыс 

жемісті бо ла ды деген сенім бар», – деп 

тұжырымдап еді. 



Таулы Қарабақтың қабағын 

қалай ашамыз?

Қазір еліміз төрағалық етіп жатқан ЕҚЫҰ ұйым мүшелерінен 

басқа қандай мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатқан?

Сымбат БОЛЫСБАЕВА, Алматы

Әлемдегі ең ықпалды халық ара-

лық ұйымдардың бірі Еуропадағы 

қауіпсіз 

дік және ынтымақтастық 

ұйы мына Солтүстік Америка, Еуропа, 

Азия құрлығында орналасқан 56 

мемлекет мүше екені белгілі. Әлем-

дегі ықпалы жағынан өзіндік салмағы 

бар деуіміз бекер емес. Ванкуверден 

Вла дивостокқа дейінгі аралықтың 

қауіп сіздігі мен ынтымақтастығын 

қамтамасыз ететін ЕҚЫҰ басқа құр-

лықтағы елдермен де тығыз бай-

ланыс орнатқан. Атап айтқанда

Азия дан – Жапония, Оңтүстік Корея, 

Таи ланд және Моңғолия сынды мем-

лекеттер ынтымақтастық орнатқан. 

Соны мен қатар Алжир, Ауғанстан, 

Мы сыр, Марокко, Тунис, Израиль 

және Иордания да ЕҚЫҰ-мен әріптес 

мем лекеттер болып табылады. 

ЕҚЫҰ-ның 11 әріптесі бар

– Қазақстан сияқты елдің ЕҚЫҰ-ға 

төрағалық ету идеясының өзі мейлінше тың 

әрі өзіндік айшықты. Өйткені бұған дейін 

ұйымға демократияланудың үлкен жолынан 

өткен мемлекеттер басшылық еткен еді. Келесі 

жылы төрағалыққа тағы да кезінде бұрынғы 

КСРО құрамында болып, әкімшіл-әміршіл 

жүйеден басқа стандартқа, жаңа санаға 

ауысқан елдердің бірі кіріседі. Қазақстан 

жедел әрі Ресеймен, посткеңестік кеңістіктегі 

басқа да ойыншылармен бір тілде байланыс 

жасап, батыс елдері өкілдері байқай бермейтін 

жайттарды көре біледі, сол арқылы ұйым 

жұмысына өзгеріс әкеледі деп ойлаймын.

АШЫҚТЫҚ


Серік ЖҰМАБАЕВ

Төлебай ӘДІЛОВ, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Киото хаттамасы 

департаментінің директоры:

– Былтыр Копенгагенде ғаламдық жылыну мәселесіне қатысты үлкен конференция 

болды. Оған 100-ден аса елдің Мемлекет басшылары мен Премьер-министрлері 

қатысып, бірлескен уағдаластыққа қол қойды. Бірақ ол саяси мәміле болды. Құқықтық 

негізде бекітілген жоқ. Таяуда біз БҰҰ хатшылығына: «Біз Копенгагенде көтерілген 

мәселелерге келісеміз және қолдау білдіреміз», – деп хат жаздық. Кеше ғаламтордан 

қарасақ, оған жалғыз біз емес, 100-ден аса мемлекет келісіп, қол қойыпты. Ең басында 

Қытай, Үндістан, Америка тұр. Әрине, бұларда экономикалық дағдарыс онша сезіліп 

отырған жоқ. Сондықтан көмір қышқыл газдары оларда ауаға көп тарайды. Ал бұл 

дегеніміз – ғаламдық жылынуға әкелетін бірден-бір себеп екені белгілі. Енді үлкен 

державалар экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге келісіп, қол қойғаннан кейін, 

олар көмір қышқыл газын ауаға белгілі бір мөлшерде ғана шығаруға міндет алады. 

Мәселен, олар 15 жылдың ішінде көмір қышқыл газын 15 пайызға қысқартуы тиіс. 

Бұл міндетті тек ірі елдер ғана емес, қол қойған, қолдау білдірген мемлекеттердің 

барлығы да алып отыр. Бұл ретте Қазақстан 2020 жылға дейін көмір қышқыл газын 

ауаға жіберуді 15 пайызға қысқартуы керек.

БІР ПІКІР

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:

– ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – сыртқы 

істер министрі Қанат Саудабаев жыл басында Армения және Әзірбайжан 

Президенттерімен жеке-дара кездесіп, Елбасының арадағы жанжалды 

бейбіт жолмен реттеу жөніндегі арнайы ұсынысы бар құжатты тапсырып 

қайтқан-тұғын. Әрине, ол құжаттың мазмұны көпшілікке жарияланған 

жоқ. Бірақ Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде аталған мәселе жауапкершілігі 

жүгін арттыруда осындай қадамдар жасап, өз міндетін атқаруда. Менің 

ойымша, Таулы Қарабақ мәселесін түбегейлі шешпесек те, бұл бағытта 

қандай да бір алға жылжуға қол жеткізе аламыз. Күн тәртібіндегі мәселелер 

легін қысқартуға мүмкіндік бар деп айтуға болады. Өйткені бұл мәселе 

бізге бұрыннан таныс әрі кезінде аталған екі мемлекетпен етене-жақын 

араласып, бауырлас болдық қой. Қорыта келгенде, Қазақстанның Таулы 

Қарабақ жанжалын бейбіт жолмен реттеу бағытында атқарған жұмысының 

аймақтық, халықаралық саясатта өзіндік рөлі болады деп сенемін.  

Александр КЕЛЬЧЕВСКИЙ, 

Қазақстандағы ЕҚЫҰ 

орталығының басшысы:

Абай ОМАРОВ (коллаж)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№57 (283) 



10.04.2010 жыл, 

сенбі                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

6

Витаутас НАУДУЖАС, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы арнайы өкілі:

– Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынты-

мақ тастық ұйымына төраға болуы – халықаралық қауым-

дастықтың осы елдің толайым табыстарын, тұ рақ тылықты, 

толеранттықты, экономикалық да  муын мойындауы. 

Қазақстан – Орталық Азиядағы бұрын ғы КСРО елдері 

ара сындағы ЕҚЫҰ төрағасы бо лып отырған бірінші ел. 

Бұған Қазақстан Республикасы лайық ты. Бұл айқын. 

«Интернэйшнл хербалд трибут» жур налының жазуынша, 

өткен жылы Қазақстан 120 млрд-тан астам жалпы ішкі 

өнім өндірген. Сонымен қатар аталған мем лекет осыған 

дейін өте үлкен ауқымдағы шетелдік инвес тицияны тарт ты. 

Өткен жылы бұл – 30 млрд көле мінде болған. Егер даму деңгейі осындай 

қарқында болса, оның 20 жылдан кейін G 20 тобына кіретініне күмән жоқ. 

– Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық 

етуі ол ұйым мен ҰҚШҰ арасындағы 

ынтымақтастықты одан әрі тереңдете 

түспек. Қазақстанның төрағалығы кезінде біз 

көтерген бірқатар мәселелер мейлінше тиімді 

әрі табысты түрде шешіледі деп ойлаймыз. 

Біз ЕҚЫҰ төрағасы қызметіне қажет көмекті 

көрсетуге және ұйым саммитін шақыру 

бастамасын іске асыруға қолдау білдіруге 

дайынбыз.

Николай БОРДЮЖА, 

ҰҚШҰ Бас хатшысы:

ДӘСТҮР


 

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

САРАП


Төрт «Т» түгел болса, төбедегі келеді 

ЕҚЫҰ төрағалығындағы Қазақстанның 

ұстанымдары ашық әрі айқын

Төрағалық тұғырына отырғаннан ке йін 

екі жұма өткенде Елбасы Нұрсұлтан На-

зарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық 

қыз метіне кірісуіне орай арнайы үндеу 

жол дады. Бұл бейнеүндеу барысында Пре-

зидент төрткүл дүниеге түйткілді болған 

мә се лелерді қамтитұғын төрт бірдей «Т» 

әрпінен басталатын Қазақстанның төра-

ға лық ұранымен таныстырып өтті. Яғни 

«траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), 

«транс паренси» (транспаренттік) және 

«то ле ранс» (төзімділік). Енді осы сөздердің 

ма ғы насын  тарқатып  көрсек. 



TRUST – сенім

Бұл ұғым ұйымға мүше елдердің бір-

біріне деген өзара сенімін білдіреді. Жа сы-

ратыны жоқ, ЕҚЫҰ елдерінің идеясы бір 

бол ғанымен, экономикалық мүдделерге 

кел генде, келіспейтін тұстар баршылық. 

Әлем дік саясаттың ірі ойыншылары да 

мү ше болып табылатын ЕҚЫҰ-да іштей 

мүд де қақтығыстары жиі орын алып тұ-

р а ды. Державалардың аталған ұйымнан 

тыс Еуропалық Одақ пен НАТО сияқты 

құ рылымдар арқылы жымдасып, саяси 

құн  дылықтарды желеу ету арқылы ЕҚЫҰ 

кар тасының шығысында орналасқан жас 

мем лекеттерді шеттететін жағдайлар аз 

кез деспейді. Осындай келеңсіздіктер дип-

ломатия құндылықтарын мүдделер қай-

шылығының көлеңкесінде қалдырып отыр. 

Соңғы 11 жыл ішінде 56 мемлекеттің бір-

шамасы саяси әрі экономикалық дағда-

рыс ты басынан өткерді. Көп мемлекеттің 

басшылары ауысып, саяси көзқарастары 

өзгеше тұлғалар мемлекет тізгінін ұстады. 

Тек қана сыртқы істер министрлерінің 

дең  гейінде кездесулер мен отырыстар 

ұйым дастырылуы ұйымға мүше елдер 

тып отырған мәдениеттер және өрке-

ниеттер арасындағы диалогті нығайту 

жөнін дегі жаһандық трендтің көрініс та-

буы. Биполярлық жүйе құлаған сәтте аме-

рикалық философ Самуэль Хантингтон 

«Өр кениеттер қақтығысы» атты мақаласын 

жария лау арқылы адамзат баласы қандай 

да бір қауіппен күресетінін тамыршыдай 

дөп басып айтып кеткен еді. 2001 жылғы 

Нью-Йорк оқиғасынан кейін әлем алапат 

өр кениеттер қақтығысының алдында тұр-

ды. Міне, осындай жауапты кезеңде елі м із 

әлемдік және дәстүрлі діндер съезін тұрақты 

түрде өткізіп, әлемге үлгі болуды мақ сат етті.

арасындағы диалог пен сенімнің әлсіреп 

кет кенін көрсетіп отыр. Осындай шақта 

өза ра сенім болмағаннан кейін сөз бен 

істің арасы алшақтай беретіні – заңдылық. 



ТRADITION – дәстүр

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның өміршең дәс түр-

лерін жаңғыртуға, заманға сай дамытуға 

зейін қоятынын осы ұғым арқылы білдіріп 

отыр. Дәстүр деп отырғанымыз – ұйымның 

не гізгі мақсаттарын айқындайтын үш се-

бе тінде тайға таңба басылғандай ай қын 

көрсетілген принциптер. Осы үш се бет тің 

алғашқы екеуіндегі қару-жарақ та ра т у-

ға бақылау жасау, экологиялық қауіп сіз-

дікті қамтамасыз ету сияқты өзекті мәсе-

ле лер әзірге сөз жүзінде қалып келеді. 

Қа 

ру-жарақ таратуды бақылау негізгі 



прин циптердің бірі болса да, ұйымдағы 

азуы алты қарыс алпауыттардың өздері 

заң сыз қару саудасынан жарысқа түсіп 

кет 


ке 

нін күн өткен сайын көріп-біліп 

отырмыз. Экологиялық қауіпсіздіктің де 

шекесі қызып тұрғаны шамалы. Жап пай 

қаруланумен қатар, зымырандар ұшы -

рудан бәсекеге түскен державалар эко-

логиялық қауіпсіздікке пысқырып та қара-

май ды. Осындай олқылықтардың орнын 

тол тыру үшін төрағалық ұрандағы екінші 

ұғым ның мағынасы ЕҚЫҰ-ның басты құн-

дылықтарын жүзеге асыру болып отыр. 

ТRANSPARENCY – ашықтық

Бұл ұғым халықаралық қатынастардағы 

үл кен масштабтағы ашықтықты қамтама-

сыз етпек. Елбасы сөзімен айтсақ, ұйым  

мемлекеттері ортақ мүддеге то ғысып  отыр-

са да, екі стандартпен өмір сүру де. Оның бір 

дә лелі  –  «қырғиқа бақ»  со ғысы  кезеңінде 

қалып тасқан  сте рео  тип  терден  әлі  де  арыла 

алмай келе жат қан мемлекеттердің болуы. 

Бұл тура лы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

На зар баевтың  «әлемдік  демократиялық 

қо ғам дастықпен жиырма жылдай уақыт 



– Әртүрлі деңгейдегі қақтығыстар-

ды реттеудегі ЕҚЫҰ-ның қызметін қа-

лай бағалайсыз? 

– ЕҚЫҰ кезінде құрлықтағы мемлекет-

тер дің өзара ынтымақтастығы мен қауіп-

сіз дігін қамтамасыз ету үшін құрылды. 

Ха лық аралық  мәселелерді  реттеуде 

ЕҚЫҰ-ның атқарған шаруалары өте көп. 

Ба тыс пен КСРО-ның арасындағы кейбір 

тү сініспеушіліктердің жігін жатқызуда, со-

циалистік жүйенің ыдырауындағы Югос-

ла вия проблемасын реттеуде, келіссөздер 

жүр гізуде осы ұйымның рөлі ерекше болды. 

Сон дықтан ЕҚЫҰ-ның халықаралық жан-

жал дарды шешуде біршама тәжірибесі 

бар деп айтуға толық негіз бар. Сонымен 

қа тар аймақтық шиеленістерді шешудегі 

жұ мыстары да көп жағдайда нәтижелі әрі 

әлеуе ті әлі де жоғары деп айтуға болады. 

– ЕҚЫҰ принциптерінің қайсысы 

за ман талабына сай келмейді? Қазақ-

стан қандай өзгерістер жасауы керек?

– ЕҚЫҰ-ның принциптерін өзгерту, ре-

фор малар жасау қажеттігі туралы кейінгі 

кез де жиі айтыла бастады. Бірақ 35 жыл-

дан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл 

ұйым ның негізгі принциптерінің барлығы 

да өміршең екендігін уақыт өзі дәлелдеп 

ке леді. Реформа жасау туралы мәселеге 

кел сек, жанжалды шешудің жолдарын 

кеңей те түсу керек деп ойлаймын. 



– ЕҚЫҰ біртұтас ұйым болғаны мен, 

мүше мемлекеттер арасында ауыз-

бірлік көп жағдайда сақтала бермейді. 

Қа зақстан бұл тұрғыда төрт «Т» қағи-

да 

сын ұсынып, жақындастыруға 

қадам жа 

с 

ап отыр. Қандай да бір 

нәтиже күтуге бола ма?

– Ауызбірлік қай кезде болсын сақтал-

май ды. Себебі, біріншіден, ұйымда мем-

ле кеттердің саны өте көп. Екіншіден, ол 

мем ле кеттердің барлығы ерікті түрде мүше 

б олып отыр. Әр мемлекеттің өзінің мүддесі 

бол ғандықтан, кейбір түсініспеушіліктер 

туын дап отырады. ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің 

ішін дегі ірі күштер НАТО-да, Еуроодақта 

бар. Міне, осындай жағдайда келіспейтін 

тұс тар ашық байқалып жатады. Қазақстан 

төра ға ел болғанымен, жас мемлекет 

қой. Сондықтан көзқарастарымыз кей-

бір жағдайларда әлемдік саясаттың ірі 

ойыншыларының мүдделеріне сай ке ле 

бермейді. Осыған қарамастан, ЕҚЫҰ төр-

а ғалығындағы біздің ел өзінің ұста ным да-

рын ашық әрі айқын көрсетіп жатыр. Оның 

нә тижесін жыл соңына қарай сараптауға 

бо лады.


– Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға-

лы ғы барысында Ауғанстан пробле-

ма 

сы да шет қалған жоқ. Жалпы, 

сая саттанушы ретінде осы Ауғанстан 

мә селесін реттеудің қандай жолдарын 

ұсы нар  едіңіз?

– Бұл сұраққа жауап бермес үшін мына 

мәсе ленің басын ашып алайық. Ауғанстан 

әлем дік қауымдастыққа несімен қауіпті? 

бойы ете не араласып келе жатса да, ЕҚЫҰ-

дағы кейбір әріптестеріміздің санасы әлі 

бұ рынғы кеңестік республикалар туралы 

жаң сақ түсініктерден арыла қойған жоқ» 

де ген уәжі дәлел. Яғни ұйымның көз де ге-

ні стратегиялық жобаларды жүзеге асы  ру 

болса, мемлекеттер арасында тома  ға-

тұйықтық болмауы керек. Міне, Қа зақ-

станның басты ұранындағы үшінші ұғым-

ның кең мағынасы осындай. 



ТOLERANCE – төзімділік

Ал төртіншісі – Президент айтқандай, 

бү гінгі әлемде барған сайын маңызы ар-

СЫРТКӨЗ


ЕҚЫҰ да БҰҰ сияқты 6 тілде сөйлейді

Хельсинки қорытынды актісі деген не?



Шетелдіктер 

Қазақстанға сенім артады 

СЕНБІЛІК СҰХБ

А

Т

Иә, Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми алты тілде жұмыс 



істейді. Оны АФРИКА деп те атайды, яғни ағылшын, 

француз, орыс, испан, қытай және араб тілдері ғаламдық 

ұйымға мүше мемлекеттердің қатынас құралы болып 

табылады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 

ұйымы да 56 мемлекеттің басын қосып отырған үлкен ұйым 

болғаннан кейін, жұмыс тілдері де бірнеше. ЕҚЫҰ-ның 

жұмыс тілдері де алтау: ағылшын, неміс, испан, француз, 

итальян және орыс тілдері.



Біріккен Ұлттар Ұйымы алты тілде сөйлейді 

деп естігенім бар. Ал ЕҚЫҰ-ның жұмыс тілдері 

нешеу?

Әсел АМАНТАЙҚЫЗЫ, Алматы

Осы саясаткерлер ЕҚЫҰ туралы айтқанда, Хельсинки 

қорытынды актісін ауызға алмай өтпейді. Менің білгім 

келетіні – Хельсинки қорытынды актісінің принциптері 

қандай?

Батырболат СЕРІКБАЕВ, Талғар

1975 жылы қол қойылған 

Хель     син ки  қорытынды  актісі 

ЕҚЫҰ-ның не гізін құрушы бас ты 

құжат болып та былады. Бұл құ-

жатта сол кездегі Еуро па құр лы-

ғын дағы  қалыптасқан  ха лықа ра-

лық ахуалды түпкілікті бекі те тін 

жә не оған мүше елдердің өза ра 

ынтымақ тастық тарының  нор   ма-

ла рын  айқын дай тын  негіз гі  прин-

циптер көрініс тап ты. Соны мен  

Хель  с инки    қо  рытынды  ак  ті сін де 

бе кі тілген  10  қағида  тө мен  де гі-

дей: 1) егемендік теңдік, еге мен-

дік  ке тән құқықтарды қадірлеу; 

2) күш қолданбау немесе күш пен 

қоқан-лоқы  көрсетпеу;  3)  ше   ка ра-

ның мызғымастығы; 4) мем ле кет-

тің аумақтық тұтастығы; 5) та лас-

тың бейбіт түрде реттелуі; 6) ішкі 

іске қол сұқпаушылық; 7) ой-пікір

ар-ұждан, дін және сенім бос-

тандықтарын қоса алғанда, адам 

құ қықтары мен негізгі бос тан дық-

та рын қадірлеу; 8) тең құ қылық 

жә не халықтардың өз тағ ды рына 

ие лік ету құқығы; 9) мем лекеттер 

ара сындағы  ынты мақ  тастық;  10) 

ха лық аралық құқық бойынша мін-

дет темелердің адал орындалуы. 

Шәріпбек ӘМІРБЕК, саясаттанушы:

Бірін шіден, әлемдегі барлық лаңкестік 

ұйым дар мен топтардың көпшілігі ауған 

жеріне шоғырланды. Екінші бір мәселе – 

бүкіл дүниежүзіне есірткі таратып отырған 

осы Ауғанстан. Үшіншіден, уақытында 

Батыс тың Ресейді айналып өту туралы сая-

саты болды. Яғни Каспийдің мұнайы мен 

газын Ауғанстан, Пәкістан арқылы Үнді 

мұхитына шығаруды көздеді. Міне, осы 

мәселелер жинақталып келіп, Ауғанстанда 

тұрақсыздық орнатты. Сондықтан Ау ғанс-

тан проблемасын шешу өте қиын. Бірін-

шіден, ол елде қалалық мәдениет кенже 

қал ған. Екіншіден, экономикалық кіріс 

көзі есірткі сату болып отыр. Сондықтан 

осы уақытқа дейін ол жерде бейбіт жол-

мен реттеу қиын, ал қарумен басып-жан-

шу оңай көрінді. Қазір шетелдік сарап шы-

лардың өзі «НАТО әскерилері КСРО сияқ ты 

бітпейтін соғысқа кіріп кетті» деген сарын-

дағы әңгімелерді айта бастады. Менің 

ойым ша, Ауғанстан мәселесін бейбіт жол-

мен реттеу үшін бейбіт экономикалық база 

құру керек. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. 

Қазақстан, осыған қарамастан, үлкен бас-

тамаларды қолға алып отыр. Яғни 50 млн 

доллар қаржы бөліп, кадр даярлау жағын 

өз мойынына міндет етіп алды. Қазақстан 

кадр лар даярлау арқылы бейбіт экономика 

құру ға қадам жасап отыр деп түсінемін.

– ЕҚЫҰ саммиті қандай мәселелерді 

күн тәртібіне шығаруы керек?

– Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық мін-

де  тін мойнына алған тұстан бастап өзі нің 

жоспарларымен бөлісіп жүр. Ол жос -

парлардың көбі еліміздің сыртқы іс тер 

министрінің шетелдерге сапары ба ры-

сында таныстырылып жатыр. Сам 

мит 


өткізілген жағдайда ұйымның халық-

ара лық саясаттағы шешуші қызметі мен 

белсенділігін арттыру күн тәртібіне шы-

ғарылуы керек. 



– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Еліміздің биыл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 

ұйымына төрағалық эстафетасын алып, ресми түрде басшылық 

еткеніне де үш айдан асыпты. Әлемдегі ең іргелі аймақтық 

ұйымды басқару бақыты Қазақстанның ұстанып отырған 

тұрақты саясаты мен жібектей жұмсақ дипломатиялық қарым-

қатынасының арқасында бұйырғанын аңғару қиын емес.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Бұл төрт түсінік Қазақстанды әлемдік өркениетке танытқан құндылықтар 

болып табылады. «Траст»– еліміздің нәзік дипломатияға сүйене отырып, 

көпвекторлы саясат арқылы державалармен тең дәрежеде ұлттық мүддесін 

сақтап, өзара сенім қалыптастыруы. «Традишн» – халықаралық саясаттың 

құндылықтарын сақтап, кез келген мемлекетпен тіл табысуы. 

«Транспаренси» – томаға-тұйықтықты құп көрмей, әлемдік қауымдастық 

үшін ашықтықты қамтамасыз етуі. «Толеранс» – еліміздің ең негізгі 

принциптерінің бірі, яғни ядролық қарудан бас тартуы мен Батыс пен Шығыс 

өркениетінің ықпалдасуына зор үлес қосуы. 

ОЙ-ТҮЙІН

Бенедикт ХАЛЛЕР, ЕҚЫҰ-ның Минскідегі кеңсесінің 

басшысы:

– Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Шығыс 

Еуропа елдерінің ұйым шеңберінде өзара әрекет 

етуіне серпін берді. Біз сол энергетикалық импульс 

үшін Қазақстанға алғысымызды білдіреміз. Беларусьте 

ЕҚЫҰ төрағасының жетекшілігімен бірнеше кездесу 

өтті. Ұйым шеңберіндегі Қазақстан мен Беларусьтің 

өзара әрекет етуі ЕҚЫҰ-ның Минскідегі кеңсесінің 

жұмысына көмегін тигізеді. 

Мұратбек ИМАНӘЛИЕВ, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы:

– Биыл ШЫҰ мен ЕҚЫҰ арасында байланыс орнатуда 

Қазақстан дәнекер рөл атқарады деп ойлаймын. Оның үстіне 

2010 жылғы маусымның екінші онкүндігіне жоспарланып 

отырған Ташкент саммитінен соң ШЫҰ төрағалығы да 

Қазақстанға беріледі. Қазір қандай да бір нақты жобалар 

жасап жатырмыз деп айта алмаймын. Бірақ ынтымақтастық 

бағыттары айқындалып жатыр, келешекте неғұрлым 

нақты аспектілер тұрғысынан келісімдер жасай алатын 

боламыз. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалықтан кейін Ислам 

конференциясы ұйымына жетекшілік етеді. Қазақстан сол 

кезде жинақталған тәжірибесі мен дағдылық құралдары 

арқылы ШЫҰ мен ИКҰ арасында да дәнекерлік жасайды деп сенемін.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал