ЕҚЫҰ-ның жұмысына күрделі



жүктеу 0.67 Mb.

бет3/6
Дата27.04.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

Беделді ұйым «бай, қуатты болайық!» дейдi

Бұл саясаттың басты ұстындарына мына 

баптар жатады: ұйымға мүше елдер ая-

сында оңтайлы iскерлiк және инвес ти-

циялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету; 

сыбайлас жемқорлық, заңсыз ақша лега-

лизациясы, лаңкестiктi қаржыландыру, 

адам саудасы тәрiздi трансұлттық құбылыс-

тармен күрес; ұйым елдерi арасында та-

сымал және қауiпсiздiк мәселелерiндегi 

әрiптестiктi күшейту; энергетикалық қауiп-

сiздiк мәселелерiндегi ықпалдастық тар; 

қоғамдағы ағарту жұмыстары және эколо-

гиялық қауiпсiздiк саласында тиiстi саясат 

ұстана отырып тұрақты даму концеп циясын 

айқындап, бұл жұмыстарды жүзеге асыру-

ға күш салу; өзге де халықаралық ұйымдар-

мен бiрлесе әрекет ету арқылы қоршаған 

ортаны қорғау және экологиялық қауiпсiз-

дiк саласында бiртұтас жұмыстар кешенiн 

қалыптастыру.

Елiмiз ұйымға мүше болған уақыттан 

бастап осы мәселелер бойынша туындаған 

түрлi шараларды бiрлесе атқарып келедi. 

Әсiресе, елiмiздегi iскерлiк климатты жақ-

сарту, оңтайлы инвестициялық ахуал ор-

нату мәселелерiнде ЕҚЫҰ Бюросының 

бiздiң елiмiзге деген ықыласы ерекше. 

Сон дай-ақ ұйымның теңiзге шыға алмай-

тын дамушы елдердiң мәселелерiн шешу 

бағытында ұстанатын саясаты мен атқарып 

отырған жұмыстарының жемiсiн көрiп 

келемiз деп айтуымызға да болады. 

Ұйымның бұл саладағы iс-шаралары 

құжат бетiндегi баптар ғана емес. Оған 

дәлел ретiнде ЕҚЫҰ-ның елiмiзде биыл 

ғана өткiзген шараларын айтуға болады. 

Мәселен, қаңтардың аяғында Қазақстан-

ның Каспий маңы аумағындағы кен өндiру 

секторына тәуелсiз мониторинг жүргiзу 

және олардың әлеуметтiк жобаларын 

бағалау бойынша дөңгелек үстел өттi. 

Отырысқа кен өндiру компанияларының, 

сондай-ақ үкiметтiк емес және халықара-

лық ұйымдардың өкiлдерi мен өндiрiс 

саласы табыстарының қоғам игiлiгіне жұм-

салуына жауапты сарапшылардың арнайы 

кеңесiнiң мүшелерi қатысты. Қатысушылар 

әлеуметтiк жобаларды бағалаудағы ең 

үздiк халықаралық тәжiрибенi талқылады. 

Олар кен өндiру секторындағы табыстар-

дың ашық болуы мен есеп берiлудi 

қамтамасыз ету маңызды екенiн атап өтiп, 

сонымен қоса жергiлiктi әлеуметтiк 

инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған 

инвестициялық жобаларды жүзеге асыру 

үшiн ресурстардың анағұрлым тиiмдi 

қолдану жолын iздестiрдi. Мемлекеттiк 

билiк органдары, өндiрiс компаниялары 

және аймақтың азаматтық қоғамы ара-

сындағы ынтымақтастыққа ықпалдасу 

үшiн бiрқатар ұсыныстар, соның iшiнде 

сарапшылардың жергiлiктi кеңесiнiң 

жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар 

әзiрлендi.

Дөңгелек үстел қатысушыларына жол-

даған сөзiнде Астанадағы ЕҚЫҰ орта-

лығының экономика және экология бөлiм 

меңгерушiсiнiң мiндетiн атқарушы Штефан 

Бухмайер: «Бiз кен өндiру өнер кәсiбiнен 

түсетiн табыстарға қатысты мәселелерге 

үлкен мән берiп отырмыз және саяси 

ерiктiң болуы кез келген талқы үшiн өмiрлiк 

маңызы бар түпкөз болып табылады. Бiз 

аймақтағы мүдделi тараптар арасында осы 

мәселе бойынша диалогты үзбейтiн бола-

мыз», – деген болатын. ЕҚЫҰ-ның бұл 

мәселеде қызығушылық танытуы заңды 

да. Өйткенi бұл аймақтағы пайдалы қазба-

ларды игеру жұмыстарының ауқым 

ды 

бөлiгi еуропалық компаниялар



 

дың еншi-

сiнде.

Елiмiз көптеген ұйымдар мен одақтарға 



мүше. Алайда қандай да бiр ұйымға қа-

тысу, жұмыстарына атсалысу, ұйым прин-

циптерiне бейiмделу және оның жұмысы-

ның алға басуына ықпал ету шара ларына 

бiздiң елiмiз ешқашан формальды, қағаз 

жүзiнде ғана тынатын нәрсе ретiнде қара-

ған емес. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету де осын-

дай ынтымақтастықты арттыру, әрiптестiктi 

дамыту бағытындағы қажырлы жұмыс-

тардың арқасында мүмкiн болып отыр. 

Осы орайда ЕҚЫҰ-мен iскерлiк ынты-

мақтастықты жолға қою арқылы өзiмiздiң 

экономикалық қауiпсiздiгiмiздi, әлеуетімізді 

арттырып, екiжақты тиiмдi ықпалдастықты 

жалғастыру  мемлекеттiк саясатымыздың 

басты бағыты болып қала бермек.

Франция мен Германияны серіктес 

болуға мін 

деттеумен бірдей баянсыз 

әрекет. Азия мен Еуропаның айырмашы-

лығы кез кел ген салада бар. Саяси тұрғы-

дан да, эко но микалық тетіктері де, мәде-

ни, діни аспек ті лері де ұқсамайды. Мы-

салы, конфуция лық дін мен мұсылмандық 

мә дениет ұқсас емес. Бүтін бір құрлықты 

стандарттаймыз деп күш салудың қажеті 

жоқ деп есептеймін. Әлем сол әртек-

тілігімен маңызды. 



Дайындаған 

Cәкен КӨКЕНОВ

Амангелді МОМЫШЕВ, 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: 

– Жалпы, мем ле -

кетіміз  демок ра тия-

лық жолмен дамып 

келе жат қандықтан, 

аза маттарымыз  ер-

кін, қауіп сіз өмір сү-

ру де. Мәселен, қа-

ра пайым  ақпарат 

құралдарын алайық, 

біз де ешкімге қысым 

жасалып, күш көр-

сету әрекеттері қолданылып жат қан 

жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, елімізде 

ұлт тар достығын қамтамасыз ететін 

Қа зақстан халықтары ассамблеясы 

жұ мыс істейді. Мұндай ұйым әлем-

нің ешқандай жерінде жоқ. Осы тұр-

ғыдан алғанда, дүниежүзіне үлгі 

көрсете  ала мыз. Гендерлік саясатта 

да біз тынбай ең бектеніп, әйелдердің 

би  лікке  ке луіне  бар  мүмкіндікті 

қарас ты рып  жа тырмыз.  Біздің  әлемге 

көр се тетін негіз гі үлгілеріміздің бірi – 

осы. Әри не, қоғамда әртүрлі пікірлер 

ай ты лады. Олардың кейбірі шын, 

кей бірі жалған деуге болады. 

Такир БАЛЫҚБАЕВ, 

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім 

академиясының президенті:

– Біріншіден, Қа  -

зақстанның ЕҚЫҰ-

да төраға міндетін 

атқаруы – Елбасы-

м ы з д ы ң ,   т ұ т а с 

ел і       м і з д і ң  

ә л е м ге 

танылғандығының 

белгісі. Қазақстан 

халқы өзінің бірлігі, 

берекесі, жүргізіп 

отырған сындарлы 

саясатының арқа 

сын 

да ғана осы 



беделді ұйымға төр  а ғалық етіп отыр. 

Әлеуметтік жағы нан көп елдерден 

басып оздық. Бі 

л 

ім жағынан да 



Қазақстанды әлем хал қы мойындап 

отыр. Мәселен, 2008 жылы білімнің 

даму индексі жа ғынан Қазақстан 

дүниежүзінде бірін 

ші орынды 

алды. Бүгінгі күні Қа зақ стан Еуропа 

мемлекеттерінің  арақа ты насын 

жақсартуға, бейбітшілікті сақ тауға 

бар күш-қайратын жұмсауда. Қа-

зақстанға ресми сапармен келген 

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да әлем 

елдері ядролық қаруды жою тұр-

ғысынан Қазақстаннан үлгі алу қа-

жеттігін атап өтті. 



Камал БҰРХАНОВ, 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Біз төрағалық 

етерде о баста ұйым-

ға мүше елдердің 

алдында өзі 

міздің 


ұ ста н ы м д а р ы м ы з 

бен жұмыс жос-

парымызды ұсынған 

болатынбыз. Бұл 

жердегі біздің атқа-

ратын ең үлкен жұ-

м ы с   т а р ы м ы з д ы ң 

бірі – тұрақтылық пен бейбітшілікті 

сақтауға үлес қосу. Бүгінде Қазақстан 

әлемге өзін ба 

рынша тұрақты, 

бейбітсүйгіш ел еке 

нін көрсетіп, 

дүниежүзіне үлгі болуда. Қазақстанда 

100-ден астам ұлттың өкілі бір-бірімен 

тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – біз-

дегі ең басты жетістік. Сондай-ақ қа-

зір көптеген елдердің арасында жан-

жалдар туып, мыңдаған халықтың 

көз жасы төгілуде. Қазақстанның 

мой 

нында осы ауыртпалықтарды 



жою міндеті тұр. 

Нұрмұхаммед 

МАМЫРБЕКОВ

Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-

ға төрағалығы арқылы 

әлем елдеріне қандай 

үлгі көрсетіп отыр?

Ұсынысым бар

Берік ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ 

Қауiпсiздiк мәселелерiн кешендi ұғым санайтын ЕҚЫҰ үшiн экономика 

және экология мәселелерi ұйымның ұдайы назарында ұстайтын 

басты бағыт болып табылады. Өйткенi бұл салалар ұйым жұмысының 

«қауiпсiздiк себетiндегi» әскери-саяси, адам өлшемдерi тәрiздi маңызды 

мәселелермен бiрге қарастырылады. 1975 жылғы Хельсинки келiсiмiнде 

«...сауда, өнеркәсiп, ғылым мен технология, қоршаған ортаны қорғау 

және экономиканың барлық саласындағы әрiптестiктi дамыту Еуропада, 

қала бердi, бүкiл әлемде бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктiң нығаюына ықпал 

етедi» деп аталып өткен едi. Содан бергi 35 жылда ұйымның бұл салада 

елеулi жетiстiктерге қол жеткiзгенi күмән туғызбайды.

са 


рын сақ 

талып тұр. Ал екеуінің басын 

Еуропа тү йістіріп тұр. Міне, сондықтан да 

ЕҚЫҰ  бар лық  тарап тар дың  арасындағы 

балансты дұ рыс сақтауға мін детті. Ал оның 

төрағалығына  Қа зақ  стан ның  келуі  өте 

маңызды оқиға. Көп 

те 


ген сарапшылар 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім 

шаралары кеңесін ЕҚЫҰ-ға ба 

ла 


ма деп 

санайды. Алайда АӨСШК дамудың ал ғашқы 

сатыларын енді өт керіп жатқан жас құ ры лым 

ғой. Бұл әзірге жай ғана кеңес. Ал ЕҚЫҰ – 

бірқатар  келі сім шарттарды  біріктіре тін  және 

солардың орын да луын талап ете ала  тын күш. 

Дегенмен ЕҚЫҰ-ны бүтіндей ре  фор малау 

оңай шаруа емес. Мұндай мін детті Қа зақстан 

өзінің мой 

ны 


на алған жоқ. Мем 

лекет 


басшысы Нұрсұл тан Назарбаев та, сырт  қы 

істер министрі Қа нат Саудабаев та Қа  зақ-

станның «төрт – Т» ұс тыны негізіндегі «дәс -

түр» формуласы бо йынша ЕҚЫҰ-ның ба  ғыт-

тары  арасындағы  ба лан стың  сақта луы на 

жаңғырту жасауға күш салатындығын айт қан 

болатын. Ал ЕҚЫҰ-ны бүтіндей ре формалау 

көп жылдарды талап етеді. Жалпы, ЕҚЫҰ 

төрағалығына  Қазақ стан ның  ұсынылуы 

Азияның белсенділігі ретін 

де танылады. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ядролық 

қауіпсіздік мәселесін көтеруі де сол құрлық-

тың біртұтастығын көрсететіндей. 



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№57 (283) 



10.04.2010 жыл, 

сенбі                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

4

 



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Саудабаевтың «қанаты» бар

ЕҚЫҰ-ға бірінші болып Балтық 

жағалауы мемлекеттері енді



Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткелі бері Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-сыртқы 

істер министрі Қанат Саудабаев шетелде сапарларда жүрді. Менің білгім келгені, ол 

қанша елге сапар шекті?

Қанат ЖАНБОЛАТҰЛЫ, 7-сынып оқушысы

Барыс жылына қадам баспас бұрын Қа зақ -

станның Мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер ми-

нистрі Қанат Саудабаев Еуропа қауіпсіздігі және ын-

тымақтастығы ұйымының төрағалығын қабылдап 

алу үшін Грекияға аттанды. Жыл басталғанда  ЕҚЫҰ 

ор та лығы орналасқан Австрия астанасы – Венаға 

ба рып, кеңсеге орнықты. Артынша АҚШ-та болып, 

Аме  риканың қос мегаполисі – Вашингтон мен Нью-

Йорктағы кездесулерде баяндама жасады. Еуро-

одақ тың орталығы орналасқан Бельгияның астанасы 

Брюс сельде кездесулер өткізді. Таулы Қарабақ мә се -

лесін шешу мақсатында Оңтүстік Кавказ елдеріне, 

атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан, Гүржістан 

мем лекеттерінде болды. Қаңтар айы аяқталмай 

жатып-ақ Қыт айға сапар шекті. Наурыздың ал-

ғашқы күндерінде Швей цария қаласы Женевада 

өткен «ЕҚЫҰ – Еуропа ке ңесі» форматындағы 

кездесуге қатысты. Шығыс Еу ро  паға сапары ба-

рысында Беларусь, Украина және Мол дова ел-

дерінде болып, мемлекет басшыларымен жолық-

ты. Наурыздың соңына таман төрт күндік сапармен 

Жапонияда болды.

ЕҚЫҰ-ға бұрынғы КСРО елдерінің барлығы да мүше ме және постке-

ңес тік елдер аталған ұйымға қай кезден бастап мүше бола бастады?

Сәулет ЫДЫРЫСОВ, 10-сынып оқушысы

ҚАРЕКЕТ


ҰЙЫМ

ЕҚЫҰ-ға посткеңестік ел дердің бәрі 

мүше болып табылады. Олардың арасында 

алғаш болып Латвия, Литва және Эстония 

мүше болды. Бұл мемлекеттер тәуелсіздігін 

1990 жылы алғанын ескерсек, басқа 

елдерден аталған ұйымға бұрын кіруі – 

заңдылық. Ал Қазақстан, Қырғызстан, 

Ө з б е к ста н ,   Ук р а и н а ,   Т ә ж і к ста н , 

Түрікменстан, Молдова, Әзірбайжан, 

Армения және Беларусь 1992 жылдың 

30 қаңтарында ЕҚЫҰ-ның толыққанды 

мүшесі атанды. Сондай-ақ Гүржістан 

1992 жылдың 24 наурызы күні еуропалық 

ұйымның табалдырығын аттады. Ал 

КСРО-ның заңды мұрагері болғандықтан, 

Ресейдің бұл аймақтық ұйымға мүшелігі 

1973 жылдың 25 маусымы деп көрсеті-

леді. Айта кету керек, аталған мемлекеттер 

арасында біздің еліміз алғаш рет беделді 

ұйымға төрағалық етіп отыр. 

Ауғанстан Орталық Азияның мәңгілік мәселесі ме?

Бұл қараша айындағы Қазақстан 

деле 

гациясының Кабулға сапарынан 



көрініс еді. Сол сапарда еліміздің ЕҚЫҰ 

төрағалығын атқаруы кезінде осы 

ұйымға мүше мемле кет тердің Астана-

дағы саммитін өткізуі жайында ай-

тылып, келісім бойынша Қа зақстан 50 

млн доллар бөліп, 1000 ауған студентін 

оқытып беретін болды. 

Біріншіден, ауған түйткілі – Орталық 

Азия ның мәңгілік мәселесі. Өйткені осы 

аймақта отаршылдар ойынға аралас-

қаннан кейін ХVІІІ-ХІХ ғасырларда 

Орталық Азия елдерінің табиғи дамуы 

тоқтатылды да, бірі кенже қалып, бірі 

ілгерілеп кетті. Тиісінше, бұл бүгінгідей 

ірі айырмашылыққа бастап әкелді. 

Сондықтан Қазақстан ЕҚЫҰ төраға-

лығын атқарсын-атқармасын, бәрібір 

осы мәселемен айналыспай тұра алмақ 

емес. Іргелес елдердің амандығы 

Қазақстанның да қауіпсіздігін қам-

тамасыз етпек. Бұрын бұл қауіпсіздікті 

Кеңес Одағы қамтамасыз етті. Бүгінде 

Ауғанстанға қарайтын Бағлан мен 

Құндыз Хан Кененің тұсына дейін қа зақ-

тың құда түсіп баратын жері болған. 

Кенесарының тұсында ауған жеріне 

ағылшындардың ентелеуі, ақ патшаның 

Алаш аймағына дендеуінен кейін 

дүниені дүркін-дүркін бөліске салған 

батыс әлемі ХХІ ғасырға дейін 

ауғандықтарды бағын дыра алмады. Ал 

НАТО әскері Кабулға кір гелі 10 жылдай 

уақыт өтсе де, бұл елде ты ныш тық аты-

мен жоқ. Тек ауылында «хан» аталатын 

жергілікті әкімдер ғана ауыл ара сының 

амандығын қамтамасыз еткен болып 

отыр. «Хандар» тәліптер кезінде де 

осылай өмір сүрген, қазір де сол 

аяңынан айныған жоқ. Осы аралықта 

елдегі есірткі өндірісі 40 еседен астамға 

ұлғайып кеткен. Ал ауған есірткісін 

тасымалдаудың солтүстік бағыты 

Орталық Азия арқылы өтеді. Бұл бағыт 

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қалып-

тасты. Көрші елдердегі ахуал осы бір 

есірткі жолының ашылуына себеп 

болды. Қазір ауғандықтар кезінде сол 

Кеңес Одағы ат 

қарған шараларды 

елжірей еске алатын болған. Өйткені 

батыс елдері осы елде тек қана әскери 

әрекетпен айналысса, Одақ азды-көпті 

ағарту мен денсаулық саласына да мән 

берген болатын. Міне, осындай 

жағдайда Қазақстанның Ауғанстанда 

аурухана, мектеп құрылыстарына 

атсалысуы және ауған студенттерін 

оқытуы – ұтымды шара. Ал Ауғанстанға 

көрші елдер БҰҰ ая 

сында ауған 

босқындарын миллиондап қа былдап 

отыр. Тиісінше, осы елдер ауғандық-

тарды босқын ретінде оқытып та жатыр. 

Бұл босқындар Отанына оралғанда 

билік 

ке, саясатқа араласып, өздері 



оқыған елдердің ықпалын жүргізуге 

тырысуда. Қазірдің өзінде Кабулдағы 

мемлекеттік мекемелер дәлізінде дари 

және пушту тілдерінде сөйлегенде 

ирандық,  пәкіс тан дық  диалек тіде  сай-

райтындар көп. Мұның жанында Қазақ-

станның талпынысы – теңіз дегі там-

шыдай ғана әрекет. Қазақстан осы ретте 

өзі мүшесі болып табылатын ұйымдар-

дың назарын осыған аударып, 

жұмылдыру рөлін атқара алады. ЕҚЫҰ-

дан кейін Қазақ 

стан Ислам кон-

ференциясы ұйымы 

ның (ИКҰ) да 

төрағалығын атқармақ. Бұл ЕҚЫҰ мен 

ИКҰ арасындағы ортақ мәселелерді 

реттеуге де септігін тигізбек. Сондай-ақ 

бұл ЕҚЫҰ-ның Азиядағы баламасы 

тәрізді Астана бастамасымен жұмыс 

істеп жатқан АӨСШК үшін де тиімді.

Екіншіден, Орталық Азияның 

тұтастай экстремизм мен лаңкестік 

ошағына айналуы Еуропаға аса қауіпті. 

Батыс қауіпті аймақтың иек астына 

дейін кеңуін қаламайтындығы айқын. 

Сондықтан Орталық Азияның қауіп сіз-

дігіне ең алдымен батыс елдері мүдделі 

болуы керек. Кезінде Баткен мен 

Әндіжан дағы оқиғалар, одан беріде 

Қырғызстандағы биліктің бірінен соң 

бірі ауысуы – бәрі алаң 

датарлық 

жағдай. Айталық, Қырғыз станда ислам 

республикасы орнағандай болса, бұл 

мұхиттың арғы-бергі жағында ғылар-

дың тұтастай мазасын қашырады. 

Сондық тан да Орталық Азияны қалқан 

ретін де тұ тыну үшін батыс Ауғанстандағы 

жағдайды бейбіт түрде реттеуге 

барынша атсалысуы қажет. Бұл ретте 

батыс елдерінің шабандығы мүлде сын 

көтермейді. Еуропа көбіне Ау ғанстан 

мәселесіне араласу ар қылы тек қа на 

саяси ұпай жинап, Ауған стан ды әскери 

тех ника үшін «полигонстанға» айнал-

дырып отыр. Мәселен, АҚШ-тың бұ-

рынғы прези денті Буш екі сайлаудың 

бірінде Ауғанстанға атой салу арқылы, 

екіншісінде Иракты иіру арқылы ұпай 

жинаса, Барак Обама құдай дың құтты 

күні Кабулды микроскоппен қа рай тын 

болған. Айталық, Ауғанстандағы әскери 

күш соңғы уақытта лаңкестерге қар сы 

әрекетке жерден басқарылатын ұшақ-

тарды кеңінен тартуда. Былайынша 

қарасаң, жетілген техникамен жаудың 

қандай түрін де жоюға болатын сияқты. 

Бірақ батыс то лық әрекетке бармай, бір 

саусағын бүгіп қа 

лып отыр. Бұл өз 

алдына, соңғы кездері АҚШ басылым-

дарында Ауғанстан-Пәкістан ше кара-

сындағы лаңкестер ордасы – Вази рис-

танға ядролық соққы беру жайында 

ұсы ныстар қылаң беретін болды. 

Міне, осындай ойындар ойранына 

ай 


налған Ауғанстанның қатарлас ел 

болып әжетке жарағаны, сірә да, жақсы. 

Сол үшін де барлық мүддені барынша 

бір мақсатқа жұмылдыру қажет. Қазіргі 

таңда ауған мә се лесіне ЕҚЫҰ-ға мүше 

56 елдің 43-і ара ласып отырғандықтан, 

Астананың сауын ай  тып ЕҚЫҰ елдерінің 

саммитін өткізіп, оған Ауғанстан 

мәселесін қамту ұсынысы то 

лық 


тай 

қолдау табуы тиіс. Дегенмен 11 жыл -

дық үзі лістен кейін саммит өте қалса

онда осы түйткіл қаншалықты талданады 

деген мәсе 

ленің басы ашық тұр. 

Сондықтан болар, бұл күнде ел төр-

ағалық қарсаңында тағайын 

далған 

сырт 


қы саясат мекеме бас 

шысының 


жарғақ құлағы жастыққа тимей, 

үйдегіден гөрі түзде жортқаны жиіледі. 

Сон  да  ми нистрден  бергі  мамандар 

қайда қарап отыр деген сауалдың 

құлағы қылтиып шыға келеді... 

ИІРІМ


– Биыл Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның 

көптеген өзекті мәселелердің шешімін 

табатынына және болуы мүмкін 

дағдарыстық ахуалдардың алдын 

алатынына сенім білдіремін. Қазақстан 

өзінің ұйымға төрағалық ету кезеңінде 

«Корфу процесін» тиімді дамытуда 

шешуші рөл атқарады. Қауіпсіздік, 

экономика, қоршаған ортаны қорғау 

салаларындағы түрлі мәселелерді көтеруде 

Қазақстанның пайдалы диалог құруға 

және ілгерілеушілікке қол жеткізуге толық 

мүмкіндігі бар.

СЕНІМ


Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастамасы, біріншіден, 

ұйымның беделін көтеруді мақсат етсе, екіншіден, ұйымға мүше елдер 

бетпе-бет келіп отырған жаһандық һәм өңірлік күрделі мәселелерді 

өзара күш жұмылдырып шешуге шақырады. Халықаралық ұйымның 

әлемдік тәртіп орнатушы алпауыт елдерге емес, басым көпшілік – орташа 

елдердің мүддесіне сай жұмыс істегенде ғана ғаламдық мәселелерді 

еңсеруде нәтижеге қол жеткізе аларымыз даусыз болмақ. 

ОЙ-ТҰЖЫРЫМ

ЕҚЫҰ-НЫҢ АСТАНА САММИТІН 

ӨТКІЗУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ: 

1. Қазақстан жаңа заманда 

ЕҚЫҰ-ның тұрпаты мүлде басқа 

қауіп-қатерлер мен қиындықтармен 

күресінде оңтайлы жаңа форматта 

жұмыс істеуге, жанжалдық мәселелерді 

мейлінше бейбітшілік пен түсіністікке 

негізделген ұстанымдар тұрғысынан 

зерделеуге және шешуге шақырады. 

2. Қазақстанның геосаяси 

орналасуы ЕҚЫҰ ішіндегі шығыс 

пен батыс арасындағы таптаурын 

стереотиптерге жол бермейді. 

3. ЕҚЫҰ континенталдық 

қана емес, трансконтиненталдық 

сипаттағы ұйымға айналғандықтан, 

оның жауапкершілік аясы өте зор. 

Қазақстанның төрағалығы күн 

тәртібіндегі мәселелердің еуропалық 

ауқымда ғана емес, үш құрлықтың 

мүддесіне сай шешілуіне ықпал етеді. 

4. Мәдениетаралық және өрке -

ниетаралық үн қатысу идеяла рын 

жақтайтын, көпұлтты және көп кон-

фессиялы мемлекет ретінде Қазақ-

стан ұлтшылдықты, діни төзбеу ші-

лікті, нәсілшілдікті, ксенофобия мен 

антисемитизмді тиімді еңсеру үшін 

ұйымның айтарлықтай қуатты әлеу етін 

пайдаланбақ. 

Елбасы ұйымның болашағына қа  тыс-

ты «ХХІ ғасыр әлемінің сан алуандығын 

мо йындайтын құрылым ретінде бой көр-

сете ала ма, әлде «Венадан шығысқа қа-

рай» кеңістіктен дәстүрлі батыс дара-

ланып тұратын, блоктарға жіктелген ұйым 

болып қала бере ме?» деген өткір сауал-

ға жауап іздейді және өзгелерді осы ған 

назар аудартады. Президентіміз БҰҰ-

ның аймақтағы сенімді серіктесі мін детін 

атқарып отырған ЕҚЫҰ-ның ауқы мын, 

әрекет ету аясын адамгершілік-гу 

ма-


нистік, прагматикалық тұрғыдан кеңей-

ту ді және әмбебап құрылымға айналуды 

ұсы нады. Осындай жағдайда ғана ауыс-

палы төрағалық айналымындағы ЕҚЫҰ 

бетпе-бет келген замана сындары мен 

қауіп-қатерлерге лайықты жауап бе-

ре алатын бірегей құрылым болып қа-

лыптасады. Қияли, абстрактілі істерге 

кө  бірек бой ұрып, беделіне нұқсан кел -

тіріп, жұртшылықтың сенімсіздігіне ду-

шар болған халықаралық ұйымдар бұ  дан 

былай түбегейлі түрде нақты мә се  ле лер мен 

айналысуға және бастамала рын баянды 

етуге күш салуы тиіс. Қа зақстанның ЕҚЫҰ-

ға төрағалығы кезінде ке зек күттір мей тін 

ғаламдық мәселелерді ең серуге бетбұрыс 

жасалды. Осы орайда қор 

даланған 

ғаламдық түйткілдерді ше шу мақсатында 

ұйымның 10 жылдан астам уақыт бойы 

үзіліп қалған саммитін өт кізу бастамасын 

көтерді. Орынды бас тама ЕҚЫҰ-ға мүше 

ондаған ел дер, халықаралық ұйымдар, 

ЕҚЫҰ-ның Сыртқы істер министрлер 

кеңесі тара пынан қызу қолдауға ие болды. 

Оның үстіне ЕҚЫҰ саммитін өткізуге биыл-

ғы Хельсинки қорытынды актісінің 35 

жыл  дығы, Париж хартиясының 20 жыл  -

дығы және Екінші дүниежүзілік со ғыс-

тың аяқталуының 65 жылдығы ал ғышарт 

бола алады. Саммит үшін ЕҚЫҰ-ның 

жауапкершілігі аймағындағы қауіп сіздіктің 

көкейкесті проблемалары, Ауғанстандағы 

жағдай және толерант тық мәселелері 

мазмұнды толықтыру бо ла алар еді.

Әзірге ЕҚЫҰ саммитін өткізу үшін 

алдымен жыл ортасына қарай ұйым-

ға мүше елдердің сыртқы істер ми-

нистрлерінің бейресми саммитін ұйым-

дастыру жоспарланып отыр. Ұйым сам-

миттері 1990 жылдан бері бес мәрте ғана 

өткен. Негізі, ұйым жарғысы бойынша 

екі жылда бір рет өткізілуі тиіс жоғары 

дең гейдегі кездесулер соңғы 1999 жыл-

ғы Ыстамбұл саммитінен бері сәтті 

жалғасын таба қойған жоқ. Бұл арада 

ұйым тарихындағы санаулы сам миттердің 

интеграция мен қауіпсіздік тұр ғысынан 

елеулі із қалдырғанына тоқта лмай кету 

мүмкін емес. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал