Әңгімені әуелі ардақты да аяулы, парасатты, театр мен шәкірттері үшін өзінің бүкіл өмірін



жүктеу 45.08 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі45.08 Kb.

Әңгімені әуелі ардақты да аяулы, парасатты, 

театр мен шәкірттері үшін өзінің бүкіл өмірін 

берген Шолпан апамыздың сұлулығынан 

бастағым келеді. Шолпан апай көпшілікке өзінің 

Ақтоқтысымен, Еңлігімен, Баянымен танылған 

, керемет сұлулықтың рәмізі болып, ғажайып 

ерекшеленген жан. Ол тек сұлу болып қана 

қалмай, жа н жүрегінің жылылығымен , оған  қоса 

қайтпас  қайсарлығымен адамды таң  қалдыратын. 

Иә, театрдың алғашқы қарлығаштары Рақия 

Қ ойшыбаева , Жамал Омарова, Сәбира Майхано-

ва, Бикен Римова және Шолпан Жандарбековалар 

жатады. Бұл әйгілі әртістерімізді қазақ театрының 

көркі деуге болады. Театрда ізгілік бейнелерді 

сахнаға әкеліп,  қыздардан бастап кемпірлерге 

дейінгі ана образдарын жасауда ерекше орында 

тұрғандардың бірі Шолпан апай еді. 


Ш

олпан апай адам-

г е р ш і л і г і  м о л , 

қамқор, мейірімді 

жан болатын. Үнемі адамға 

жәрдем беру,  қамқорлық жа-

сау жағында жүреді. Біреудің 

басына  қайғылы жағдай түссе 

қол  ұшын созатын адам еді. 

Шолпан апаны сағынсам, оның 

мені «жалғыз  ұйғырым» деп 26 

баланың ішінде еркелетіп, бүкіл 

бас кейіпкерлерді ойнатып: 

«әй  қазақтар,  қарасаңдаршы, 

жалғыз  ұйғыр,  қазақ тілінде 

қ ала й сөйлейді , ал сенде р 

болсаңдар өз ана тілдеріңде 

жөндеп сөйлей алмайсыңдар»-

деп ұрсатыны әлі есімде. Қайран 

ардақты да, кемеңгер апам-ау, 

дәл  қазір сіздің жоғыңыз жа-

ныма батады. Сізсіз өнерде 

жетім  қозыдаймын. Мұражайда 

сіздің киген киімдеріңізді 

ұстап, сізбе н сырласамын , 

өнерде  ж о л ы м н ы ң болмай 

қалғанына өкінемін. Өкінішке 

орай, туу бар да, өлу бар ғой. 

Қасымда жүргенде ол кісінің 

қамқорлығын, маған жасаған 

ж а қ с ы л ы ғ ы н  а ң ғ а р м а п п ы н 

да. Шолпан апайда бітірген 

балалардың бәрі  ұйымшыл, 

бір-бірін  қатты  қолдайтын, 

адамгершілігі мол шәкірттер. 

Соның бәрі  а п а й ы м ы з д ы ң 

тәлімі болса керек. Шолпан 

апам мен үшін  қайталанбас 

өнер иесі, ұлағатты ұстаз, аяулы 

ана еді. 

Өткенді  ұмытуға, өшіріп 

тастауға болмайды, әрине. 

Өйткені, өткендегі жақсылы-

ж а м а н д ы ,  ү л к е н д і - к і ш і л і 

қ ойылымдарымызбе н теат р 

шығармашылығы  қалыптасты, 

ірге тасы  қ а л а н д ы . «Ақан 

сері-Ақтоқты» «Еңлік-Кебек», 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

сияқты белді-белді туынды-

лармен театр тарихы жасалды. 

Осы  қара шаңырақтың өнері 

республикамыздағы бар  қазақ 

театрларына драмалық өнердің 

үлгісі болды.Талантты театр 

ұжымының арқасында оның да 

мәртебесі өсті. 

Жақсының аты өлмейді, ға-

лымның хаты өлмейді. Келе-

шекте осының бәрі ұмытылмас 

үшін жазу керек. Кезінде 

Ақтоқты ролімен  қазақ театры 

тарихына аты алтын әріптермен 

жазылған  Қазақстанның халық 

артисі, Мемлекеттік сыйлық 

иегері,  п р о ф е с с о р Шолпан 

Исабекқызы Жандарбекова ту-

ралы ауыз толтырып айтарлық 

әңгімені келесі  ұрпаққа өсиет 

қ ы п  қ а л д ы р у ы м ы з керек . 

Ақтоқты образы әлі күнге ешбір 

сахна шебері жете алмаған биік 

өре. Актриса кейіпкердің ішкі 

жандүниесін, оның Ақанға деген 

үлкен махаббатын жеткізумен 

бірге сол  а з а т т ы қ сүйгіш 

махаббаттың негізгі астарын 

аша білді. Ақтоқтының Ақан ма-

хаббатына жауап  қатпауының 

өз сыры бар еді. Ол бір жағынан 

сүйікті  а д а м н ы ң өмірін өз 

бақытын  құрбан ету арқылы 

сақтап  қалу болса, екіншіден, 

махаббаттарының  қара түнек 

заманның әділетсіздігіне жан-

бай жатып күйетінін түсіне 

білуінде. 

Ш. Жандарбекованың ре-

пертуары негізінен М.Әуезов 

пен Р.Мүсіреповтың шығарма-

ларынан тұрады. Сахна шебері 

сүйіп ойнайтын рольдердің 

басым көпшілігі  қ а з а қ т ы ң 

ұлттық тарихы мен эпосынан 

алынған көрнекті кейіпкерлер. 

Бұл аталмыш кейіпкерлердің 

барлығының дерлік тағдыры 

феодалдық замана жағдайына 

байланысты сәтсіз аяқталады. 

Актриса өз ойынында мейлі 

ол Ақтоқты мен Баян, Еңлік 

пен Ажар  б о л с ы н 

қ а з а қ 

әйелдерінің мінез-құлқының 

қ а л ы п т а с у ы н а баса көңі л 

бөледі, олардың өмір мен ма-

хаббат үшін күрес жолында 

адалдық пен әділеттілікке бой 

ұрған кезеңіне зер сала үңіле 

түседі. 


Осы сөздердің негізін айта-

тын бізге сабақ берген марқұм 

п р о ф е с с о р Асқар Тоқпанов 

еді. Шолпан апаны жетелеп 

драм театрына әкеліп, режис-


сер М.И.Гольтбладтың «Сын сағатта» деген 

пьесасындағы он үш жасар Рәштің ролін 

бергізіп Шолпан апаның сахнадағы бағын 

ашқан сол Асекең екен. Ал  ұстаздары Май-

зельд, Дьяков, Бейсеков, Вероника Павлова-

лар болған екен. Сонау студент кезінен  қазақ 

театр өнерінің аға буынымен әріптес болған 

талантты актриса көненің көзін бүгіннің 

өзіне дәстүрмен жалғастырып, өнермен де, 

өнегесімен де кейінгі шәкірттеріне үлгі болған 

көрнекті тұлғаның бірі. 

Шолпан  а п а н ы ң  б а л а л ы қ шағы да 

ашаршылықта, жоқшылықта өтті емес пе?! Ол 

1922 жылы  Қарағанды облысы,  Қарқаралы 

ауданы, Нүркен атындағы колхозда туып 

, ол жақта аштықтың, жетім-жесірліктің, 

қорлығын көріп апайымыз тез есейеді.  Құдай 

жарылқап,, сол жылы «Ақ жал» ауылына Ал-

матыдан жетінші сынып бітіргендерді те-

атр-көркемсурет училищесіне шақырып, 

уәкіл келіп, Шолпан апаны сыннан өткізеді. 

Мүдірмей сыннан өткен апамыз астанаға-

Алматыға жол тартады. Сол күннен бастап 

апаның өнердегі жұлдызы жанды деуге де бо-

лады. 

Апамыздың шығармашылығында тек  қана 



лирикалық кейіпкерлер төңірегінде шектеліп 

қалмайтынын көрсетеді. 

Я.Галанның «Таң алдындағы махабба-

тындағы» Параська ролі арқылы драматизмге 

толы сезім түкпірінің  қат-қабат тереңдігіне 

сүңги алатынын байқатты. Кейін Н.Хикметтің 

«Махаббат туралы аңызынан»-Шырын сұлуды 

тұлғалады. 

А к т р и с а н ы ң бүкіл  т в о р ч е с т в о с ы н 

бағып отырсақ, поэтикалық образдар мен 

лирикалық пафосқа толы махаббаттың 

бесігіндей нәзік те сырлы сезімді байқаймыз. 

Екі жүзге  ж у ы қ  к е й і п к е р д і ң ішінен 

айшықтанып көзге түсетін бір ғана Ақтоқты 

бейнесі махаббаттың буына  т ұ н ш ы ғ ы п , 

сағынышпен, ынтызарлықты тұлғаланатын 

к е й і п к е р  б е й н е с і н үлкен  д р а м а л ы қ , 

трагедиялық кеңістікке алып шығады. Оның 

актерлік диапазонының кемелденуіне, махаб-

бат дейтұғын философиялық,  ұғымның аста-

ры мен бүкпесін аша түсуіне байланысты деп 

түсінеміз. 

Шолпан апай сирек кездесетін драмалық 

актриса. Театрда істеген 62 жыл аралығында 

басында айтқандай екі жүзге таман ролдерді 

сомдап солардың ішінде тарихта қалған «Ақан 

сері -Ақтоқты»-Ақтоқты, « Қозы Көрпеш-Баян 

сұлу»-Баян, «Қобыланды»-Құртқа , «Достық 

пен махаббат»- Шекер, «Абай»-Ажар, Тоғжан, 

«Еңлік-Кебек»-Еңлік, «Айман-Шолпан»-

Шолпан, «Қызғаныштан махаббат»-Диана, 

«Отелло»-Дездемоно, «Фархад-Шырын»- Шы-

р ы н , « Ажар мен Ажал»- Ажар. Міне, осын-


дай шеберлер ғана  ұлттық театрымыздың 

туын жоғары  ұстай алатындар. Талантты тол-

тырмаса, жалаң талант-талант бола алмайды. 

Шолпан апай өзінің үлкен еңбекқорлығымен 

кеудесіндегі сәулені жарыққа айналдыра білген 

ереше  қабілетті адам еді. Шолпан апай жайлы 

айтарым таусылар ма? Ал ұлы тұлға жайлы ай-

тылар әңгіме үзілмек емес. 

Шолпан апай қоғамдық жұмысқа да белсене 

араласып, сонымен  қатар көптеген шәкірттер 

тәрбиеледі. 1975 жылы бітірген түлектері 

Талдықорған облыстық  қазақ драма теа-

трын ашты. Біразы өзіміздің «әкем театрының 

шаңырағы астында  қызмет етуде. Олар: Бек-

жан Тұрыс, Астанада Ғани  Құлжанов, Данагүл 

Темірсұлтанова, Жұмағали Маханов т.б. 

Екі мәрте  Қазақстан Жоғары Кеңесінің де-

путаты, екі мәрте Еңбек  Қызыл Ту орденімен 

марапатталған,  ұзақ жыл театрдың жергілікті 

профсоюз  ұйымының төрайымы болып театр 

ұжымына тигізген шарапаты ұшан теңіз. 

Ш. Жандарбекова сахнадағы  ұзақ жылдық 

қ ызметінд е бірде-бір  қ о й ы л ы м н а н шет 

қалмай,  қазақ  қыздарының образдарын жа-

сауда солардың заманына,  у а қ ы т ы н а , жас 

ерекшеліктеріне  қарай солармен бірге өзгеріп 

,өзі өсіп отырған қайталанбас дарын иесі. 

Төрт бірдей  Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 

Құрмет грамотасы берілуінің өзі-ақ актрисаның 

ұлттық өнерімізге сіңірген  қыруар еңбегінің 

айғағы болса керек. Отыз бес жасында Еңбек 

сіңірген артист, отыз алты жасында Халық 

артисі, ақыры КСРО халық артисінің тұғырына 

қонып,  Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының 

иегері атануы оның актерлық шеберлігінің 

шырқау биігін  т а н ы т қ а н ,  т а л а н т ы н ы ң 

кемелдігінің дәлелі болған құрметті атақ еді. 

Не айтары бар уақыт өткен сайын Шолпан 

апаларымыздай абзал жандарды сағынамыз. 

Олардың өнердегі орны ерекше ғой, шіркін!». 

Апамыздың сыртқы көрінісі, ішкі өзін  ұстау 

бәрінде ғажап мәдениет байқалатын. Қай рольді 

ойнаса да бұл кісіде кейіпкер бейнесі бүкіл 

жан-дүниесімен ашылып, көрерменін бей-

жай  қалдырмайтын. Шолпан апамыз, өнерге 

қабілеті бар жастарды кебенек ішінен танып, 

сахна үшін ең әдемі  қыз-жігіттерді таңдап ала 

білетін нағыз сәуегей еді. Апаның мынадай 

бір сөзі бар еді «Әдемі адам жаман болмайды 

,оның іші де әдемі болуға тиіс». Шолпан апа өз 

көрермендерінің көңілінде ұлы қасиеттерімен 

қалады. Бүгінде артыңда  қалған  қыздары 

Ақтоқты, Бота апайларды көргенде Шолпан 

апамыздың өзін көргендей қуанамыз. 

Шолпан апаның жатқан жері  ж ә й л і , 

топырағы торқа болсын деп еске алушы шәкірті 

өнертанушы Сумбат Ғениярова. 

Сумбат ҒЕНИЯРОВА 

Мәдениет. - 2012. - № 2. - 46-49 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал