Әңгімені Әуеден өрбітсек



жүктеу 0.71 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ләзиза ЖАҺАНҒАЛИ

Тағы да 

Ресейден актер 

шақырдық

дүниелерге  көп  ақша  жұмсауға  бар.  бұл 

жерде төріне әлемдік шедевр – леонардо 

да  Винчи  мен  боттичеллиді  іліп  жатса, 

әңгі ме басқа. 

«Т.рысқұлов атындағы қазақ эконо ми­

калық  университеті  алаш  көсемдерінің 

Балалар мерекесінде 

«қашқын» әкелер 

әуреге түсті

Халықаралық балалар 

күніне орай Павлодарда 

«Балаларға ақшасын қай-

тарыңдар!» деген атпен 

біркүндік акция өтті. 

акция  шеңберінде  Керекулік  сот 

орын  даушылар арнайы рейд өткізіп, али­

мент  төлеуден  жалтарып  жүрген  «әке­

лер  ді»  іздеді.  павлодар  облыстық  сот тар 

әкімшілігінің  баспасөз  хатшысы  светлана 

Маркинаның  айтуынша,  облыста  5000 

әке  алимет  төлемей  жүр.  олардың  қа­

рыз дары  төрт  миллион  теңгеден  асып 

жы ғы лады.  бір  күндік  акция  барысында 

52 борышкердің қызмет орындары анық­

талып, бесеуіне іздеу жарияланды. соны­

мен  қатар  екеуінің  мекен­тұрағы  белгілі 

болып ты.  Тағы  екі  борышкер  әкімшілік 

жауап кершілікке  тартылған.  сондай­ақ 

бұл күні таңғы сағат 10­нан кешкі 18.00­ге 

дейін қабылдау өткізіп, 25 азаматтан 454 

мың  теңге  алиментті  өндіріп  алды.  Дәл 

осы  негіздес  республикалық  акция  еліміз 

бойынша 30 маусымға дейін өткізілмек.



 есенбек БАЗАРҚұЛ, Павлодар

Өзбек елінде Төле би 

бабамыздың кешені 

жөнделді

Өткен аптада еліміздің 

қазақ ұлттық-мәдени 

орталығы Өзбекстанда 

қайырым дылық түскі 

асын ұйымдастырды. Ол 

ЮНесКО-ның әлемдік 

мұралар тізімі не енген 

«Төле би – Шахантухар» 

мемориал дық кешенінің 

қайта жөндеуден өтуіне ар-

нал ды. 

Қазір  Өзбекстанның  Науаи  облы сын­

дағы  Нұрат  қаласында  әйтеке  би  мен 

оның  бабасы  сейітқұл  әулиеге  арнал­

ған  мемориалдық  кешенінің  құры лы сы 

да  жүріп  жатыр.  Қазақстандық  меце нат­

тардың  көмегімен  іске  асып  жатқан  бұл 

құрылыс маусымның ортасына дейін аяқ­

талады.  ал  жалпы,  кешенді  салу  жұмыс­

та рын  қазақстандық  азаматтар  Ташкент 

қаласының  2200  жылдығына  дейін  бі­

тіруді жоспарлап отырған көрінеді. 

барлық 

іс 


еліміздің 

президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 

және Өзбекстан республикасы спорт және 

ту ризм  министрлігі  тарихи  мұраларды 

қор ғау және пайдалану жөніндегі басқар­

ма сының келісімімен жүзеге асып отыр.

Нұрмұхаммед МАМЫРБеКОв

ҚайырыМДылыҚ

а

К

ц



И

я

Нұрғис



а 

елеубе


Ко

В


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№86 (86) 



2.06.2009 жыл, сейсенбі

www.alashainasy.kz

6

дАТ!



АлАш АзАмАты

?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

–  Картография  ғылымымен  айна­

лысып  келе  жатқаныңызға  аз  уақыт 

болмағаны  баршамызға  аян.  Осыған 

дейін еңбектеріңіз газет беттерінде де 

жарық көріп келеді. Жалпы, бұл сала­

мен айналысуыңызға не түрткі болды?                                                                                                                          

– Мен 1957 жылдан бастап, геология­

лық картографиямен айналыстым. Карто­

графия жасағанда геологиялық құрылым­

дардың  ерекшеліктерін  картаға  түсіреміз. 

1964 жылы Шахмардан Есенов Қазақстан­

мен  көршілес  жатқан  елдердің  картасын 

жасау  керек  деген  ұсыныс  айтты.  Ол 

ұсыныс  қабылданған  соң,  геологиялық, 

тек тоникалық  картаны  жасап  шықтым. 

Одан  кейін  қазба  байлықтың  картасын 

жасап,  Ленинградтың  бір  баспасынан 

жарыққа шығардық. Елімізде геологиялық 

картаның негізін қалаған адам – Вениамин 

Беспалов. Ол картаны жасау үшін еліміздің 

барлық  нүктесін  шарлап  шыққан.  Қытай­

дың да геологиялық картасын жақсы біле­

ді.  Қазақстанның аумақтық­әкімшілік кар­

та сы ның  қазақ  тіліндегі  нұсқасы  алғаш 

1995 жылы жарық көрді. Оның ізін суыт­

пай  14  облыстың  аймақтық  картасы  да 

жасалды. Кейін Ресей, Иранның солтүстігін 

қамтитын  қорғаныс  министріне  қарасты 

картаны  жасауға  кірістік.  Негізінен,  сол 

кезден бастап, картография саласына  қы­

зығу шылығым  артты. Картография кешен­

ді  ғылым  болғандықтан,  барлық  саланы 

қамтиды.  Бұл  саламен  етене  айналысу 

үшін қазақтың тарихы, ауыз әдебиеті, био­

логия,  этнография,  археологиясынан  ха­

бар  дар болуың керек. Мен зейнетке шық­

қан уақыттан бастап еліміздің 20­ға жуық 

тақырыптық  картасын  жасап  шық тым. 

Өкініштісі,  әлі  күнге  дейін  сол  карталар 

түрлі­түсті болып жарық көрген жоқ.                                                                              

– Молдияр ата, «Ана тілі» газетінің 

бастамасымен  тақырыптық  картаны 

жасап шығу үшін арнайы экспедицияға 

екі рет шығып, еліміздің барлық нүкте­

сінде болып шықтыңыз.  Сол экспе ди­

ция барысында картаға қандай тарихи 

маңызды жерлер енгізілді?

–  Картада  Орталық  Азия  толығымен 

қамтылды.  Мамандығым  геолог  болған 

соң жер шарының картасын да жасап шық­

тым. Ақтөбе облысының Темір, Мұғалжар, 

Ырғыз,  Шалқар  аудандарының    жер­су 

аттарын  жасадым.  Картаға  Қазақстанның 

өсім діктері  мен  жер­су  аттары,  Шығыс 

Қазақстандағы  Ақтабан  шұбырынды,  Ал­

қа көл  сұламаға  қатысты  карта  жасадым. 

Осы  күнге  дейін  халық  Алқакөл  сұлама 

қайда  орналасқанын  білмейді.  Бірақ 

Мұхамеджан Тынышбаев Алқакөл сұлама­

ның  Сырдария  бойы    Өзбекстан  шекара­

сында  жатқанын  дұрыс  айтып  кеткен. 

Ақтабан  шұбырынды  1723  пен  1757 

жылдар  аралығын  қамтыған  оқиға.  Еге­

мен ді гімізді 17 жыл бұрын алдық деп жар 

салып жүрміз. Ол шындық! Бірақ егеменді 

ел  болу  идеясын  кезінде  Қазыбек  би, 

Әйтеке би, Төле би Ордабасында жинал­

ғанда  ортақ  талқыға  салған.    Ертай  деген 

азамат  Қазақстанның  жер­су  схемасын 

картаға  енгізді.  Бұл  картада  Тянь­Шань 

тауына  солтүстік,  оңтүстік  Тәңір  тауы  деп 

қазақша  атау  берілген.  Тәңір  тау  деп  не­

гізінде қазақша атау берген география ғы­

лы мының  докторы  достай  Жақыпбайұлы 

еді. Біз  Моңғолиядағы қазақ диаспорасын 

аралап,    Алтай  тауларына  қазақша  атау 

бер дік. 1643 жылы Жаркент өңірінде Ор­

бұлақ шайқасы болды. Мен сол жер лерді 

толыққанды  зерттеп,  Жаркент  өңірінің 

картасын  жасадым.  Исатай,  Махамбеттің 

200 жылдығына барып, оның да картасын 

жасағанмын.  Бұл  картада  қазақ  тайпа­

ларының Болгарияға дейін барғанын көр­

сет тім. VI­VIII ғасырларда дұлғастық князы 

болған.  Оны  І  ғасырда  дұлы,  одан  кейін 

далу, дұлғас, доғлат деп атаған қазір оны 

дулат дейді. Мен оның қалай көшіп­қонып 

жүргендерін тақырыптық картаға түсірдім.



–  Қазақстанның  картасын  дұрыс 

белгілеу үшін ең алдымен оның орна­

ласқан  жерін,  Орталық  Азияның  кар­

тасын айқындап алу керек. Ал Орталық 

Азияның  шекарасы  қанша лықты  дұ­

рыс белгіленген?                

– Осы күнге дейін географиялық ұғым­

дар  қалыптаспағандықтан,  Еуропа  мен 

Азияның  шекарасы  дұрыс  көрсетілмей 

отыр.  Еуропа  мен  Азияның  шекарасын 

көр сету  үшін  бірнеше  ерекшеліктер  болу 

керек: бедерлік, геологиялық, геологиялық 

құрылысының  ерекшелігі,  топырақтық 

ерек шелік  және  метрологиялық  фактор. 

Осы ерекшеліктеріне байланысты құрлық­

тардың шекарасын бөлу керек. Солтүстіктегі 

«Жаңа  жер»  аралы,    одан  кейін  Байғаш, 

полярлық  Орал,  солтүстік  Орал,  орталық 

Орал – бұлар Екатеринбург, Свердлов тер­

ри то риясына кіреді.  Жайық өзені мердио­

налық  бағытта  Орал  қаласынан    Атырау 

қаласына шейін ағып, Оренбург қаласынан 

аяқталады. 1831 жылы А.И Левшин «Опи­

сание  Киргиз  Казачьих  или    Киргиз­Кай­

сацских  степей»  атты  еңбегінде  Еуропа 

мен  Азияның  шекарасын  геологиялық 

ұғым ға сай келтіріп айтып кеткен. Оралдың 

оңтүстігінде Оралтау деген тау жотасы бар. 

Одан  кейін  Орал  өзені,  Губерлі  тауы,  Ор 

өзені,  Жаман  тау,  дәу  тау  бірінен  соң  бірі 

жалғасып жатыр. Бұлардың бәрі Мұғалжар 

жотасының құрамына кіреді. Мұғалжарды 

көбінде тау деп шатыстырады. Бірақ ол тау 

емес,  жота.    Мұғалжар  көлемді,  кешенді 

ұғым.  Жота  болғаннан  кейін  оның  ішінде 

тау болады. Сол Еуропа мен Орталық Азия­

ның шекарасы екенін бізден бұрын 

А.  Левшин  айтып  кеткен.  Соның  ізін  біз 

жалғастырып  отырмыз.  Алайда  бізден 

кейінгі  буын  оның  бәрін  шатыстырып  жі­

берді.  Мысалы,  бір  баспасөз  бетіне  Еу­

разия лық 

интеграция 

тақырыбында 

зерттеу материал жарық көрді. Онда Орта­

лық Азияны  Шығыс Еуропалық жазықпен 

шатыстырған. Орталық Азия деген ұғымға 

Қазақстанның  барлық те р ри  ториясы, Тә­

жік станның солтүстігі, Орта лық Азия кіреді.  

Тағы  бір  шатыс тырғаны,  Орталық  Азияны 

Жоғарғы Азия деген.  Жоғарғы Азия деген 

ең биік Азия дегенді білдіреді, оған Алтай 

мен  Моңғолияны  кіргізіп  жіберіпті.  Ал 

Орталық  Азияны  Шығыс  Еуропа  жазығы 

деп  көрсеткен.  Сон дай­ақ  Саратов,  Нов­

город,  Мәскеуді  Орталық  Азияның  құ­

рамы на  кіргізіпті.  Мұндай  қателікті  10 

сынып  оқушысы  жіберсе  кешіріммен  қа­

рауға болар еді, ал мына баспасөз бетінен 

жарық  көрген  материал дың  ав торы  жо­

ғары білімді академик. 



–  Кеңес  Одағында  картография, 

гео дезия  саласымен  айналысатын  ір­

гелі    оқу  орындары  мен  мекемелер 

бол ды,  ғылыми  зерттеу  институттары 

жұмыс жасады. Ал бүгінде бұл ғылым­

ға көңіл қаншалықты бөлініп отыр? 

–  Мына  картография,  геодезия  сала­

сына  ғалымдар  Кеңес  Одағында  қызы­

ғушылық  танытып,  белсене  кіріскен.  В.И 

Вернадский  1919  жылы  Ленинге  хат  жа­

зады. Ол хатта геодезиялық құрылым жа­

сау керек деп айтқан. Геодезия саласы сол 

шақтан бастап қолға алынып, 1882 жылы 

Ресейде  геологиялық  комитет  құрылады. 

Ол  комитет  Қазақстанның  қазба  бай лық­

тарының жатқан жерлерін анықтаумен ай­

налысты.    Картография    ғылымының  өзі 

клас сикалық,  іргелі,  қолданбалы  болып 

үшке  бөлінеді.  Кеңес  өкіметі  кезінде  ми­

нистрлер  кеңесінің  жанында  геология, 

картография басқармасы болды. Бірақ ол 

одақ 1991 жылы ыдырады. Сол уақыттары 

Алаш  азаматтары  Қазақстан  картогра­

фиясыз қалатын болды деп арыз­шағым­

дарын  жазды.      1992  жылы  Картография 

гео  де зия  құрылымы  құрылды.  Алайда  ол 

төрт  жылдан  кейін  жабылып  қалды.  Ал­

маты  қаласында  геодезия,  карто гра фия­

мен  айналысатын  жеті  қабатты  ғимарат 

бол ған.  Ол  ғимаратқа  жер­су  ресурстар 

агенттігінің  бастығы  Бақыт  Оспанов  пен 

Президент Әкімшілігінің жетекшісі Ахмет­

жан  Оспанов  қызығушылық  танытып, 

картография  мен  геодезияны  жер­су 

ресурстар агенттігі құрамына қосты.  Мәс­

кеуде «Федеральная служба картографии 

и геодезии» мекемесінің құрамында ғылы­

ми­зерттеу  институты  бар.    Ресейде  екі 

ғылыми­зерттеу институты, оған қоса бір­

неше карта шығаратын фабрикалар, әдіс­

темелік орталықтар, салалы картогра фия­

лық фабрикалар бар. Ал бізде оның бірі де 

жоқ.  1994  жылы  карта  фабрикасын  ашу 

жөнінде  қаулы  шықты.  Оны  «Респуб­

ликалық  картографиялық  фабрика»  деп 

атап, 12 жылдан кейін  іске қосты.  Өкініш­

тісі, ол фабрикада қазақ тілін жақсы білетін 

редактор  жоқ.  Ресейде  картография,  гео­

дезия саласына арналған арнайы жоғары 

оқу орны  бар. Бізде университетті былай 

қойғанда, классикалық іргелі картография 

факультеті жоқ. Ғылыми­зерттеу орталық­

тары болмаса қалай өзге мемлекеттермен 

бәсекелесеміз?  Балғымбаев,  Тоқаевтың 

кезін де менің ұсынысымды Қауіпсіздік ко­

ми теті  қолдап,  комиссия  құруға  ұсыныс 

бер ген. Бірақ шекараны белгілеу жұмысы 

аяқталғаннан  кейін  ғана  комиссияны 

құрамыз деді. Шекараны бөлу аяқтал ған­

нан  кейін  комиссияны  құру  да  аяқсыз 

қалды.


–  Сіз  еліміздің  шекарасы  дұрыс 

бекі тілмеген деп айттыңыз. Ал бүгінде 

баспалардан  сан  мыңдап  карталар 

жарық  көріп  отыр.  Ол  карталар  сол 

өзгертілмеген  қателіктермен  шығып 

отыр ма?

–  Біздің  топографиялық  карталар  30 

жылдан бері жаңартылмай келеді. дамы­

ған  мемлекеттерде  картаны  бес  жылда 

жаңартып отырады. Мен, Жер ресурстары 

агенттік  басшылығына  хат  жазып  едім, 

картаны  жаңарту  үшін  қомақты  қаражат 

керек.  Сол  себептен  де  әзірге  ұсынысы­

ңызды қабылдау мүмкін емес деп хатыма 

жауап  қайырды.  Бүгін  де  ескі  карталарды 

баспадан шығарып жатыр. Бірақ соңғы 10 

жылда  картаны  жаңартпаса  да  біраз 

қателіктерді  дұрыстады.  Барлық  облыс­

тарды аралап, картаны жаңартатын экспе­

ди циялық топ құру керек. Оның құрамында 

жер­су аттарын жақсы білетін әр саланың 

маман дары болуы тиіс. Геология министр­

лігін құрып, оның құрамына картография, 

геодезия,  космотектоника  сияқты  жерге 

байланысты  құрылымдардың  бәрін  ша­

шырат пай  бір  жерге  топтастыру  керек. 

Сон дай қосымша комитеттерді қысқартып, 

салалы қызмет жасайтын мемлекеттік ме­

кеме құру керек. 



–  Біздің  ұлы  даналарымыз  бен 

батырларымыздың  кесенелері  өзге 

елдің  аумақтарында  орналасқан  деп 

айтып отырсыз. Бұның себебі неде?                                                                                           

–  Оның  себебін  осы  күнге  дейін 

этникалық,  этнографиялық,  археология­

лық картамыз жоқ болғанынан іздеу керек.  

Мәселен, 20 млн әзірбайжан ирандықтар­

дың  аумағында  жатыр.  Тәжіктің  жартысы 

Ауғанстанда. Ұлы данамыз Сырым датов­

тың  денесі  Хиуа  жақта.  Құрманғазының 

денесі    Астраханның  Алтын  жар  ауылын 

бой лап жатқан қызыл төбеде жатыр. Төле 

би  –  Ташкентте.  Егер  де  этникалық, 

этногра фия лық  карталарымыз  болғанда 

ондай қателіктерге жол берілмес еді. 1920 

жылы  Тұрар  Рысқұлов  Түркістан  Респуб­

лика сын  билеген  кезде  қарамағын­

дағыларына  Мәс кеу ден  Түркістанның 

картасын алу керек деп тапсырыс берген. 

Картографияға 

мән 

бермегендіктен 



Өзбекстанға  үш  ау данды  бердік.  Нұра 

тауының  солтүстігі,  біздің  ата­бабалары­

мыздың  қоныстанған  жайлауы  еді.  Ол  да 

Өзбекстан шекарасына өтіп кетті. 



– «Қазақстанның жерлері картамыз 

бекітілмегендіктен 

көрші 

елдің 

еншісінде  кетіп  жатыр»  деп  айтып 

отыр сыз.  Ол  жерлерді  қайыру  үшін 

қан дай қадамдар жасау керек?

–  Картографияны  білікті  мамандар 

басқармай  отыр.  Түрік  тілдес  ұлттардың 

ортақ картасы жоқ.  Біз мұндай дағдарыс 

жағдайынан  шығу  үшін    дұрыс  құрылым, 

ғылыми орталық, салалы оқу орнын қолға 

алуымыз керек. Мен  92­дей тақырыптық 

карта керектігін анықтадым. Ал бізде әзірге 

оның 30­ға жуығы ғана бар. Геологиялық 

картографиялау, геммологиялық картогра­

фиялау,  топырақтану  картографиясы,  бо­

та никалық,  зоогеографиялық,  археоло­

гиялық,  гидрогеологиялық,  тарихи  және 

мәдениет  ескерткіштерін  картографиялау, 

магистральді мұнай­газ жолын, сейсмотек­

тоникалық, агрохимиялық, ұлы тұлғалар­

дың жүрген жолдарын, қоршаған ортаны, 

ата қоныстар, жайлауларды картогра фия­

лау  деп  70­ке  жуық  тақырыптық  кар таны 

тізіп шықтым.  



–  Еліміздің  ірі  мегаполисі  болып 

табылатын  Алматы  қаласының  көше, 

өзен,  су  аттары  дұрыс  берілмегендігі 

жөнінде  мәселе  көтеріп  келесіз.  Осы­

ның жайын таратып айтсаңыз. 

–  Әр  нәрсеге  атау  берерде  тарихқа 

сүйену  керек.  Мен  қаладағы  22  өзеннің 

атауын  қайырып  бердім.  Оның  ішінде  ең 

қиынға  түскені  Есентай  өзені  болды. 

Алматы ның  оңтүстіктен  солтүстікке  созы­

лып жатқан өзенін «Весновка» деп атайды. 

Есентайдан  басқа  Батарейка,  Беделбай 

өзендеріне  қазақша  атау  бердім.  Менің 

ұсынысыммен  «Каменское  Платоның» 

атын «Терісбұтақ текше тауы» деп өзгерттік. 

Тіпті  бұл  жөнінде  1997  жылы  үкімет 

қаулысы  да  шықты.  Алайда  бұл  қаулыны 

калалық  әкімшілік  қабылдамай,  «Тау 

самал» деген жасанды атты берді.  Алматы­

ға  көшелердің  атын  берерде  қоғамға 

еңбегі  сіңген  адамдардың  атын  еске  алу 

керек. Соңғы кезде Алматыға қатысы жоқ 

атаулар  қаптап  кетті.  Мына  Райымбек  кө­

шесін үш бөліп атау керек. Көшенің басы­

нан Райымбек зиратына дейін Жібек жолы, 

ары қарай Райымбек көшесі деп қалдыру 

керек.  Ташкентте  ондай  тәжірибе  қолда­

ныс та  бар.  Бұрынғы  М.Горький  көшесі 

қазір Жібек жолы деп аталады. Ол көшеге 

Сауда жолы деген атау беру керек. Себебі 

ол  жерде  бұрын    сауда­саттық  орны 

болған. Ташкент және Құлжа трассасы бар. 

Ол негізінде Ұлы жібек жолы. Өзендер мен 

көшелердің  басында  көрсеткіш  жоқ.  Кө­

шеге  ат  қойғанда  тарихқа,  жердің  ерек­

шелігіне мән берген жөн. Әлем атласында 

да Қазақстанның жер­су аттары ескі атау­

мен берілген. Біз ең алдымен дүниежүзілік 

аренаға  шығу  үшін  карта  бетіне  түскен 

жер­су аттарын жаңартуымыз керек. Тағы 

бір  айтар  нәрсе,  адамтану,  тұлғатану,  та­

ланттану үрдісін дамыту керек. Қазақ­тану 

біздің  тарихтың    ақтаңдақтарын  аша­тын 

даңғыл  жол.  Оқу  орындары  ашылды,  әр 

салада  кешендер  аштық.  Бірақ  олар  түп­

кілікті  зерттеліп  жатқан  жоқ.  Әр  саланың 

ойы,  мүддесі  бір  жерден  шыққанда  ғана 

еліміз дамиды. 



Сұхбаттасқан

Елдос ӨМірзАҚұлы

Қазақстанның 

топографиялық 

карталары 30 жылдан 

бері жаңартылмай 

келеді

Молдияр СЕріКБАЕв, геолог:

ДАТыМ! 

Дүниежүзінде картографиямен айналысатын халықаралық 

қоғамдар бар. Бірақ біз оның мүшесі емеспіз. Қазба 

байлықты үнемдеу тұжырымдамасы жасалмай отыр. Егер ол 

тұжырымдама жасалмаса, қазба байлық таусылады. Ал біздің 

шетелге қазба байлық пен астықтан басқа  экспортқа 

шығарар затымыз жоқ. Қазба байлық  таусылған соң келер 

ұрпаққа не қалдырамыз?! Осы жағын да ойлау керек. Ғылым 

саласын дамытуда Ресейден үлгі алуымыз қажет. Себебі ол 

жақта барлық ғылыми мекемелер сақталған. Ал 

технологиясын өзімізде өндірсек те болады. Арзан бағамен 

шикізатты шетелге сатып жатырмыз. Оның орнына өзіміз 

өндіріп сатуымыз керек. Бүгінде біз шетелдің тауарын 

үйлестіретін ғана мемлекетке айналдық. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008  

жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, 

бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілігі    жөніндегі   

«Парыз»      байқауы  биыл  да  жарияланды.  Оны 

ұйым  дастырушы  –  Еңбек  және  халықты  әлеу­

меттік  қорғау  министрлігі,  «Атамекен»  одағы» 

Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы және 

Қазақстан  Республикасы  Кәсіподақтар  фе­

дерациясы. Бай қауды өткізудің ережелері  www.

enbek.kz,  www.souz­atameken.kz,  www.fprk.kz 

сайттарында 

орна ластырылған. 

Әлеуметтік 

мәселелерді  ше шуге  белсене  араласып,  қайы­

рымдылық баста   ма ларға мұрындық боп жүрген 

бизнес өкілдері қажетті өтінімдер мен құжаттарды 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр­

лігінің  Әлеу меттік  әріптестік  басқарма сына  1 

жел тоқсанға  дейін  ұсына  алады.  Министр ліктің 

мекен жайы: Астана қаласы, Есілдің сол жағалауы, 

Орынбор көшесі, 2­үй, Министрліктер үйі, 952­

бөлме. 

Көрші  әжейдің  жасы  70­те.  Өзінің  40­тан  асқан  мүгедек  қызы  бар.  Олар 

қарттар  не  мүгедектер  үйіне  орналасқысы  келеді.  Басқа  балалары  қарамай 

кетті. Бұл үшін не істеу керек?

 

 

 

 

 

Жиенғазы САЙыНОв, Алматы қаласы

Мен Алматыдағы ірі кәсіпорындардың бірін басқарамын. Жыл сайын мүгедек балаларға, 

соғыс ардагерлеріне арнап қайырымдылық шараларын өткізу – біздің компанияның басты 

мақсаттарының бірі. Елімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбында «Парыз» 

байқауы өтіп тұратынын білеміз. Оған қалай қатысуға болады?

Нұрғали СЕріКОв, Аcтана қаласы

«Парыз» байқауы қайырымды кәсіпкерлер үшін

Бойдан қайрат, баладан қайыр кеткенде...

ҚР  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік 

қорғау  министрлігі  мамандарының  мә­

лі метінше,  жалғызбасты  және  мүгедек 

аза маттарды  анықтау  Алматы,  Астана 

қалалары  мен  облыстардағы  еңбекті  үй­

лестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар 

басқармалары  арқылы  іске  асырылады. 

Қарттар  және  мүгедектер  үйіне  орна­

лас тыру  үшін  өтініш  білдіруші  отбасы 

құрамы,  денсаулығы  мен  басқа  да  жеке 

басына  қатысты  куәліктердің  кө шір месін 

тапсыруы қажет. Аталған ме ке мелер жер­

гілікті  бюджеттен  қаржыландырылады. 

Жал ғызбасты  және  мүгедек  адамдар 

әлеуметтік  көмекшілердің  қызметіне  жү­

гін се  де  болады.  Жүріп­тұруы  қиын  аза­

маттардың  шаруасын  тындырып  беретін 

мұндай  жұмысшылар  аумақтық  өкілетті 

орган  жанындағы  әлеуметтік  көмек  орта­

лықтарынан бөлінеді.  



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал