Әңгімені Әуеден өрбітсек



жүктеу 0.71 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жердегі Жолдың ЖАйы қАлАй?

Ол  шеті  мен  бұл  шетіне  жеткенше 

ұшқан  құстың  қанаты  талатын  қазақ 

дала сында  автокөлік  жолының  мәселесі 

қордаланып  жатқаны  мәлім.  Әсіресе 

жер гілікті жолдар. Министрдің айтуынша, 

бұл салаға бөлінген қаржы жергілікті жол 

жүйесін дамытқанды қойып, жыл сайын 

жамап-жасқап  отыруға  да  жетпейді.  Сон-

дықтан  да  жергілікті  жолдардың  жы ры 

таусылмай  тұр.  Мысалға,  300-дей  елді 

мекеннің облыс және аудан орталық та рына 

баратын  қатты  жамылғы  төселген  жо лы 

атымен жоқ. Яғни барар жеріңе қа ра жердің 

шаңы  мен  батпағын  кешіп  әрең  жетесің. 

2000-нан астам ауылға кіретін жолдар сын 

көтермейтін  жағдайда.  Бұл  әсіресе  Батыс 

Қазақстан,  Қостанай,  Оң түс тік  Қазақстан 

облыстарында  әбден  ас қынған  күйде. 

Биылғы Елбасының Жол дауына сай, «Жол 

картасы» бағдар ла масы негізінде ауылдың 

инфрақұры лы мын да мытуға айрықша мән 

берілгені  белгілі.  Ми нистрдің  сөзіне 

қарағанда,  биылдың  өзінде  осы  бағыт 

аясында 2745 шақырым жергілікті жолдар 

мен кө шелердің жай-күйі жақсармақ. 

Ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ме-

гажобасын  іске  асыруға  Үкімет  бес  ірі 

халықаралық  қаржы  институттарынан 

жалпы  құны  3,5  млрд  доллар  займдық 

қа ражат  алған.  Бұл  –  еліміздің  7,5  млн 

адам тұратын Ақтөбе, Қызылорда, Алма-

ты, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыс-

тарын және Алматы қаласының аймақтық 

дамуына  ықпал  ететін  жоба.  Құрылыс 

жұмыстары  2010  жылы  басталмақшы. 

Сонымен бірге министр Астана-Бурабай 

жол  құрылысының  келесі  жылы  толық 

аяқталатынын жеткізді. Ал оны «ақылды» 

(интеллектуалды) жолға айналдыру кон-

цес сия  түрінде  жүзеге  аспақ.  Ақылды 

жолда  ауа  райын  бақылағыш,  жылдам-

дық өлшегіш, жол қауіпсіздігін ескертетін 

құрылғылар  орнатылады.  Әйтсе  де  ол 

ақылы жол болатынға ұқсайды. Дегенмен 

бұл  бастама  дәл  қазір  іске  қосылады 

деуге  ертерек.  «Оның  қалай  болатынын 

толық ойластырып, әлі тетіктерін қарасты-

рамыз»,  –  дейді  Автокөлік  жолдары 

коми те тінің төрағасы Замир Сағынов.



ТеМірЖолдА АпАТ Көп

Көлік және коммуникация министрі-

нің мәліметінше, соңғы жылдары темір-

жол  же лілерінің  уақтылы  жөнделмеуі 

сал да ры нан  апатты  жағдайлар,  жолдан 

шығып  кету  оқиғалары  жиі  байқалуда. 

Бір ғана мысал, 14,3 мың шақырым те-

мір жолдың 2,3 мың шақырымы күрделі 

жөндеуді қа жет етсе, жылжымалы құрам-

ның 70 па йызының тозығы жеткен. Осы-

ған  бай ланысты  теміржол  саласын  да

-

мыту және қайта құрылымдау мақсатында 



өткен жы лы 2008-2010 жылдарға арнал

-

ған ке шенді шаралар жоспары қабылда-



нып ты.

Теміржолдың тозығы көп,  

әуе кемесінің озығы жоқ...

Мәжіліс


Басы 1-бетте

Cалтан СӘКеН

Халық қалаулылары Әбілғазы құсайыновқа көптеген сұрақтар 

қойды. Соның бәріне министр орнықты да сауатты жауаптар беріп, 

депутаттарды  разы  етті.  Тіпті  кейбір  төменгі  палата  өкілдері  ол 

басқарған министрлікті «басқаларға үлгі ету керек» дегенді айтты. 

Әрине,  «ана  жол  былай,  мына  жерде  вагон  жетпейді,  ұшақтың 

билеті  қымбат»  деген  секілді  түйткілді  мәселелер  болмай  қалған 

жоқ.  оған  қатысты  жайдың  анық-қанығын  Ә.құсайынов  өзі 

түсіндірді немесе өзі ертіп келген тиісті мекеме басшыларына сөз 

беріп, нақты жауаптарын айтқызды. дағдарыс жол-көлік саласына 

да  жетпей  қоймапты.  Соның  салдарынан  барлық  көлік  түрлерін 

қосқандағы  жүк  тасымалы  5,5  пайызға  азайып  кеткен.  дегенмен 

«бұл саланың дамуы тоқырамаса, ел қазынасы ортаймасы анық», 

– дейді Әбілғазы құсайынов. 

ТүйіН

Мамыр айының 27-сі күні Мысырдың арнайы қызметі Каирдегі 

Әл-Азһар ислам университетінде оқып жүрген 100-ге жуық ресейлік 

азаматты қойдай топырлатып қамауға алған болатын. екі күнге созылған 

тұтқындау кезінде Каир, Александрия және Мансур қалаларындағы 

студенттер де тергеу изоляторына отырғызылған. Соның ішінде 

Шешенстаннан – 73, Ингушетиядан – 12, дағыстаннан – 10, Татарстаннан 

үш студент бар. ресейдің Каирдегі елшілігінің хабарлағанындай, 

мысырлықтар тарапынан қамауға алынғандардың қатарында 

Франция, Британия, өзбекстан, Тәжікстан азаматтарымен бірге 

қазақстандықтардың қосақ арасында кетуі бізді алаңдатты. 

құбаш САғИдоллАұлы

ресми өкілдің сөзіне қарағанда, қазақстандық студенттердің қиын 

жағдайы қалпына келмек. дегенмен біз де жастарымызды шетелге 

дін оқуына жіберуде «екі шоқып, бір қарайтын» сақтық қылуымыз 

керек сияқты. өйткені шетелден ізгілік нұрына қанығып, руханиятқа 

сусындаудың орнына, қайдағы бір шатақ дін үйреніп, алабөтен 

бәтуамен елдің басын ауыртатын молдалар көбейіп барады.

ұшақтар апатқа ұшырай қалғанда, мамандар ештеңеге 

қарамастан «қара жәшік» іздейді. Барлық бұлтартпас айғақты содан 

табады. ұқК-ның кешегі мәлімдемесі де тура осы тәсілді еске түсіреді. 

Тергеушілер Жәкішевтің «қара жәшігін» тауып алған тәрізді.

Ең үлкен резиденция кімдікі?



Менің білгім келетіні, дүниежүзіндегі ең үлкен резиденция қай 

елде орна ласқан?

Жансая ТілеУБергеНоВА, Алматы

Әл-Азһар университеті 

мұсыл ман әлеміндегі сүнниттік 

ислам негіз дерін оқытатын ең 

көне және ең үлкен оқу 

орындарының бірі болып 

есептеледі. Университет ір-

гетасы әл-Азһар мешітінің 

негі зін де 975 жылы Фатимидтер 

дәуірінде қаланған. Халиф 

әл-Муизз әл-Азһар мешітінің 

атын Мұхаммед пайғамбардың 

(с. ғ.с.) қызы Фа ти ма зухраның 

құрметіне қойған.

АлАШ-АНықТАМА 

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№86 (86) 



2.06.2009 жыл, cейсенбі

www.alashainasy.kz

3

Атап айтқанда, Премьер-министр жаңа 



жедел жәрдем ауруханасының құрылысын 

аралады.  Нысана  құрылысымен  «НИК» 

ком паниясы айналысып жатыр. Компания 

директорының  орынбасары  Светлана 

Шму ратконың айтуынша, мұндай аурухана 

қалада  соңғы  30  жылда  болған  емес. 

Аурухана  жалпы  жеті  бөлімнен  тұрады. 

Онда 9 таза операциялық бөлім, бір жедел 

операциялық,  бір  реанимациялық,  тағы 

басқа  да  қажетті  бөлімдер  бар.  Айта  кету 

ке рек,  мұндағы  таза  операциялық  бөлім 

қалада тұңғыш рет іске қосылады. Ауруха-

на ның  монтажды  құрылыс  жұмыстарына 

үкіметтен  4  млрд  100  миллион  теңге  қа-

растырылған.  Сондай-ақ  медициналық 

жабдықтарды сатып алуға 3 миллиардтан 

астам  теңге  жұмсалмақшы.  «Аурухана 

күніне 500 адамға дейін қабылдай алады. 

Бұл  жерде  жеке  асхана  да  болады.  Қазір 

құрылыс жұмыстарында 500 адам бар», – 

деді  С.Шмуратко.  Компания  басшылары 

Кә рім Мәсімовке жыл соңына дейін құры-

лыс  жұмыстарын  толық  аяқтауға  тыры са-

тынын айтты. 

Премьер-министрге  Алматыдағы  ма-

ңыз ды  көлік  инфрақұрылымы  болып  та-

былатын  шығыс  айналма  жолын  салып 

жатқан  «Дормехстрой»  компаниясының 

басшылары да осындай уәде берді. Бүгінде 

бұл құрылысқа бөлінген қаржының 30 па-

йызы, яғни 19,4 млрд теңге игеріліпті. Ал 

жалпы құрылысқа 57,411 млрд теңге бө-

лінген.  «Дормехстрой»  басшысы  Юрий 

Слуевтің  айтуынша,  құрылыстың  ендігі 

кезеңі – Татарка елді мекенінен басталып, 

Құлжа  тасжолына  дейінгі  аралық.  Соны-

мен бірге жақында әл-Фараби мен Достық 

даңғылдарының  қиылысында  1,4  шақы-

рым жол салынып бітті. Барлық жолды іске 

қосу үшін тағы 2,5 шақырымдай жол салу 

көз делуде.  «Құрылысты  соңына  дейін 

бітіру үшін қосымша 34 млрд теңге қажет. 

Егер  ол  бөлінсе,  жолдар  жыл  соңында 

пайдалануға беріледі», – деді ол.

Бұлардан  басқа  Үкімет  басшысы  «Ра-

йымбек»  және  «Жібек  жолы»  стансы ла-

рының арасындағы метроның жұмысымен 

танысты. 

2011  жылғы  қысқы  Азиада  ойын да-

рына орай, Алматыда салынып жатқан құ-

рылыс  нысандарымен  танысу  барысында 

Премьер-министр  Кәрім  Мәсімов  Ре миз-

ов  ка  елді  мекеніндегі  трамплин  кешен-

дерінің құрылысын көріп қайтты. Кешеннің 

ең биік төбесіне шығып, төменгі жақта бо-

лып жатқан құрылыстарды бақылаған Кә-

рім Қажымқанұлы атқарылып жатқан жұ-

мыс тарға оң бағасын берді. Айта кетейік, 

жарты  жыл  бұрын  Үкіметбасы  Алматыға 

келгенде осы объектіге көңілі толмайтынын 

білдіріп, құрылысты жеделдетуді тапсырған 

болатын.  Ал  бұл  жолы  Кәрім  Қажымқан-

ұлының  көңілі  орнында  екенін  байқадық. 

Сөй тіп, трамплин кешенінің жұмысы қар-

қын ды  жүріп  жатқанына  көзі  жетіп,  әсем 

Алматының зәулім ғимараттарына көз жү-

гірт ті де, Медеу спорттық кешенінің құры-

лы сымен  танысуға  жол  тартты.  Осы  ара-

лық ты  бос  жібермеу  ниетімен  VII  қысқы 

Азиада ойындары Алматы қалалық дирек-

циясының директоры Сұлтанмахмұт Шоқ-

пытовты сөзге тартып, Трамплин кешенінің 

құрылысы  қашан  аяқталатыны  жөнінде 

сұра ған едім, 

– Жоспар бойынша, Алла қаласа, биыл 

трамплинді толық бітіруіміз керек. Сондай-

ақ  К-20,  К-40,  К-60,  К-90,  К-125  трам-

плин дерінің  арасына  295  метр  болатын 

аспалы  жол  саламыз.  Бірақ  бұлар  келесі 

жылдың еншісінде қалатын шығар, – деді 

Сұлтанмахмұт Шоқпытов.

Жалпы, VII қысқы Азиада ойындарының 

Алматы қалалық дирекциясы директоры-

ның  айтуынша,  қысқы  Азиадаға  байла-

нысты  салынып  жатқан  спорттық  кешен-

дер дің  ішіндегі  ең  жаңасы  әрі  әдемісі 

Балуан  Шолақ  атындағы  спорт  сарайы 

бол мақ  екен.  Бұған  дейін  20  жылдай 

күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген 

бұл  нысан  Азиада  барысында  адам  та-

нымастай құлпырып өзгеретін көрінеді.

– Ал Медеу мұз айдынына келер бол-

сам,  мұндағы  қайта  жөндеу  құрылысы 

авс триялық технологиялар бойынша салы-

нып жатыр, – деп әңгімесін одан әрі жал-

ғас тырды Сұлтанмахмұт Шоқпытов. – Айта 

кетейін,  олардың  жұмыстарына  көңіліміз 

толады. Мәселен, Медеуден Шымбұлаққа 

дейін  жалғасатын  аспалы  жол  жолаушы-

ларды  10-15  минутта-ақ  діттеген  жеріне 

апа рып тастайды.

Расында да, Медеу мұз айдынында құ-

ры лыс өте қызу жүріп жатыр екен. Атап ай-

тар болсақ, трибунадағы орындықтардың 

санын  10  мыңға  жеткізуде  бірқатар  істер 

атқарылғаны көрініп тұрған болса, төменгі 

жағында 400 адамға арналған мейманха-

на ның іргетасы қаланып қойыпты. Осының 

барлығын, сонымен қатар Шымбұлақтағы 

жағдайды да өз көзімен көрген Үкіметбасы 

VII қысқы Азия ойындарына Алматы қала-

сының қалай дайындалып жатқанына кө-

ңілі толатынын білдірді.

–  Сәуір  айында  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Назарбаев  2011  жылы  қысқы  Азия  ойын-

дары Алматыда да, Астанада да өтуі керек тін 

айтып, бұл мәселеге нүкте қойды. Бүгін мен 

сол тапсырма бойынша Алматы қала сындағы 

құрылыс  нысандарымен  толық  танысып 

шықтым.  Айта  кетейін,  оңтүстік  астана 

басшылығының атқарып отырған жұмысына 

көңілім  толды,  –  деді  біркүндік  сапарын 

қорытындылаған Кәрім Қажым ханұлы.

2005  жылға  дейін  ҮЕҰ-ға  мем-

лекеттік  гранттар  өте  көп  бөлінетін. 

Үкімет бейресми ұйымдардың жұмыс 

белсенділігін арттыруға шынайы ықы-

лас білдіріп еді. Бірақ Қырғызстандағы 

саяси төңкеріс болғаннан кейін, тізгін-

нің  басы  тартылып,  сырттан  қаржы-

лан дырылатын  халықаралық  ұйым-

дарға  қойылатын  талап  күшейді. 

Міне, осыдан кейін аталған бағыттағы 

ұйымдар есеңгіреп қалды. Қаржылай 

қамтамасыз етіліп отыру қиынға соқ-

ты.  Мемлекеттік  құрылымға  жұмыс 

ШАРА

Асфальтқа 

бейнеленген 

асыл арман

Балаларға 

бар уақытта 

қамқорлық 

керек

«Балалық шағымның әлемі» деп атал-

ған  бұл  конкурсқа  қатысқан  бүлдіршін-

дер дің  салған  суреттері  сан  алуан  болға-

ны мен,  көпшілігінде  Бәйтеректің  орын 

алуы  балалардың  өз  қаласына  деген  ыс-

тық  ықыласын  білдіргендей.  Бұл  байқау-

дың  мақсаты  жеңімпаздарды  анықтау 

емес, жас бүлдіршіндерді сурет салуға қы-

зықтыру, олардың бойына еңбектену мен 

ізденуді  қалыптастыру,  армандары  мен 

қиялдарын дамыту, олардың туған жерге, 

елге деген патриоттық сезімін оятуды көз-

деген болатын. 

Салтанатты шараны Астана қаласының 

Музыка академиясының «Серпер», «Бал-

дыр ған»  ансамбльдері  тамылжыған  күй-

ле рі мен, ал бүлдіршін әнші Аида Бейісова 

«Са рыарқа» әнін нақышына келтіре орын-

даумен әсерлендіре түскен. Байқау соңын-

да  суретші  балалар  арнайы  дипломдар 

мен сыйлықтарға ие болды. Қазақша киім 

ки ген Нұржан Олжабаевқа диплом беріл-

ген сәтте оның: «Мен қазақпын!» деп ай-

ғай салғаны көпшілік қауымды бір серпіл-

тіп, қуанышты жиынды шалқытып жібер-

ді. 

Ләзиза ЖАҺАНҒАЛИ

Астана

Балаларды  қорғаудың  халықаралық 

кү ніне  орай  қаланың  бірқатар  жерле-

рін де  түрлі  мерекелік  іс-шаралар  ұйым -

дастырылды.  Солардың  бірі,  қа ла лық 

еңбекпен  қамту  және  әлеуметтік  бағ дар-

ламалар  басқармасы,  Ме деу  аудандық 

әкімдігі  мен  «ҚазҚұры лыс Сервис»  Қа-

зақ станның  мұнай-газ  ком паниясы»  АҚ 

бірлесіп  өткізген  қайы рым дылық  ак ция-

сына  аталған  аудандағы  жү ріп-тұра  ал-

майтын 157 бүлдіршін қа тысты. 

Қалалық  еңбекпен  қамту  және  әлеу-

меттік  бағдарламалар  басқармасы  бас-

тығының орынбасары Болат Жүсіпбековтің 

айтуынша,  мұндай  шаралар  тек  мереке 

кездерінде  ғана  өткізілмейді.  Мүгедек 

балаларға  әлеуметтік  қолдау  тұрақты 

көрсетіліп келеді. «Биыл мүгедек балаларға 

әлеуметтік көмек көрсету қызметін едәуір 

арттыру  жоспарланып  отыр.  Өткен  жылы 

«Әлеуметтік  қызметтер  туралы»  Заң  қа-

был данып,  соған  сәйкес  674  миллион 

тең ге  қаражат  бөлінді.  Сол  қаржының 

басым  бөлігі  кемтар  балаларға  қолдау 

көрсетуге жұмсалады. Атап айтар болсақ, 

үйде қызмет көрсету бөлімшелерінің саны 

артып, 200 балаға жәрдем беретін арнайы 

мамандар  жасақталады.  150  бүлдіршін 

қоғамдық  ұйымдар  қарамағындағы  оқу 

бөлімдерінде  білім  алса,  тағы  50  бүл-

діршін  балабақша  үлгісіндегі  мектеп-ин-

тернатта  тәрбиеленбек.  Осы  істер  жүзеге 

асса,  көптеген  ата-ана  қосымша  жұмыс 

та уып,  тұрмыстық  жағдайларын  түзетуге 

мүм кіндік алады», – дейді Б.Жүсіпбеков.



Жансая СерҒАзықызы

Басы 1-бетте

Ой-КөКпар



Досым СәтпАев, 

Тәуекелді 

бағалау тобының директоры, 

саясаттанушы:

Айгүл СоЛовьевА, 

Мәжіліс депутаты, «Қазақстанның 

Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар 

бірлестігінің президенті

қазақстандағы 5 мыңға жуық қоғамдық ұйымдар қозғаушы 

күш емес, ақша табудың көзіне айналып кеткен жоқ па?

істеуге  келісім  берген  ұйымдар  ғана 

мем лекеттен  қаржыландырылады. 

Қа зір  ҮЕҰ-дың  қатарын  екіге  бөліп 

қарастыруға  болады.  Алғашқысы  – 

мемлекеттік  тапсырыстар  бойынша, 

жұмыс  жасап  жатқандар.  Бұлардың 

басын  Азаматтық  Альянс  біріктіреді. 

Бұл  қатардағы  ұйымдар  саяси 

белсенділік  танытпайды.  Демек, 

оларды қоғамның қозғаушы күші деп 

атауға  келмейді.  ҮЕҰ-дың  келесі  бір 

бөлігі  –  әртүрлі  жолдармен  өз-өзін 

қаржыландырып отыратын ұйымдар. 

Осылайша, 

еліміздегі 

қоғамдық 

ұйым дарды қаржыландырудың мем-

лекеттен  басқа  орталықтарының 

болмауынан ҮЕҰ қоғамның қозғаушы 

күшіне айнала алмай отыр. Меніңше, 

сырттан қаржыландырылатын қоғам-

дық  ұйымдардың  да  жұмысына  же-

ңілдік  беру  керек.  ҮЕҰ  сонда  ғана 

қоз ғаушы күшке айнала алады. 

Сырттан қаржыландырылатын қоғамдық 

ұйымдардың арасында өзге бір аймақтың саяси 

мүддесін күйттейтіндері де болады. Себебі ешбір 

мемлекет өз қаржысын тектен-тек шашпайды ғой. 

Дегенмен Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін, 

идеологиялық тұрғыдан теріс пиғылы бар 

қаржыландырушы орталықтардан бойды аулақ 

салып, тек халықаралық гранттармен ғана жұмыс 

істейтін қоғамдық ұйымдардың жолын ашу керек 

шығар. әрине, оның да ішінде сан-түрлі мақсатты 

көздейтіндері болатыны анық. 

Дайындаған Сәкен КөКеНов

Осы  қаражатты  Үкімет  емес,  қо-

ғам дық ұйымдардың жаратуы халық-

ты  көкейдегі  күмәннен  арылтады. 

Өйткені қаражаттың қалай жұмсалып 

жатқандығы  ашық  көріне  бастайды, 

себебі олар билікке тәуелсіз. Үкіметтік 

емес  ұйымдар  кез  келген  мәселені 

шешуге  өз  ұсынысын  жасайды,  ең 

тиімді,  ең  үнемді  жолдарды  іздейді. 

Жол  құрылысын  жүргізуші  ұйымдар 

бюджет ақшасынан шашау шығармай 

«жолды  қай  бағытта  салса  үнемді 

болады,  сапасы  қандай  болады» 

дегендей өзіндік зерттеулерін ұсына-

ды. Яғни ҮЕҰ конкурстарды жеңіп алу 

үшін  елімізге  ең  пайдалы  жолдар ды 

ұсынып отырады. Бұл да бір на рықтық 

жүйенің,  бәсекенің  көрінісі  ғой.  Ал 

үкімет қолдағы қаражатты қо ғамдық 

ұйымдардың ішіндегі ең белсенді, ең 

өнімді  жұмыс  жасайтын да рына  ғана 

бөліп беріп отырады. Яғни белгілі бір 

мәселені  шешудің  он  шақты  жолы 

сарапқа 

салынады. 

Осы лайша, 

бюджет ақшасы өте үнемді жұм салып 

отырады.  Үкіметтік  емес  ұйымдарды 

бір  жағынан  жұмыс  күші  ретінде 

тануға болады, екінші жа ғы нан, олар 

қоғамдық  бақылаушы  мән ге  ие. 

Тоқетерін  айтқанда,  еліміздегі  қо-

ғамдық  ұйымдар  өз  деңгейінде  жұ-

мыс жасап жатыр, және мен оларды 

қо ғамның  қозғаушы  күші  деп  есеп-

теймін. 

С

АПАР



Азиадаға әзірлік жаман емес

Қоғам


Б.САпАрБАев:

 

Семей өнімдері 

сұранысқа лайық

Ал «СемАз» автобус және трактор шы-

ға ратын зауыт келешекте қала абыройын 

арттыратын ірі жұмыс орнына айналатын 

сыңайлы.  Облыс  әкіміне  трактордың  жа-

салу  ретін  түсіндірген  осы  зауыттың  ди-

ректоры Әсемхан Досқожановтың айтуын-

ша, мұндағы тракторлар бағасы «Беларус» 

тракторымен  салыстырғанда  300  мың 

теңгеге арзан. Яғни Минскіден әкелінетін 

«Бе ларустің» біреуі 3 млн теңгеге баға ла-

нады. Ал осы жерден шығарылатын трак-

тор құны – 2 млн 700 мың теңге. Есесіне, 

Қазақстанда  жыл  сайын  шығарылатын 

1500  трактордың  1000-ын  осы  «СемАз» 

шығарады. Тап қазіргі уақытта трактордың 

тиісті бөлшектері еліміздің түкпір-түкпірін-

дегі зауыттардан әкелініп құрастырылады. 

Ал  мұнда  трактордың  орындығы  мен 

капо тын  шығаруға  ғана  қол  жеткізілген. 

Зауыт басшысының сөзін мұқият тыңдаған 

Сапарбаев 2015 жылға қарай трактордың 

кем дегенде 60 пайызы бізде шығарылуға 

тиіс екендігін атап өтті. Айтпақшы, трактор 

кабинасының желке тұсына «СемАз» бел-

гісі соғылыпты. Автобустың шығарылу жа-

йына келсек, биыл жұрт игілігіне 137 дана 

автобус  берілген.  Бірақ  дәл  қазір  зауыт 

өніміне  сұраныстың  төмендеп  тұрғаны 

рас. Бір тәуірі Солтүстік Қазақстан облысы 

72 автобус алуға тапсырыс беріпті. Ал Ре-

сей тиісті қаржыны аударып қойған, бірақ 

зауыттың  автобустарын  жіберуге  көлде-

нең деп тұрған біраз кедергілер бар. Ол аз 

болса,  жыл  сайын  елімізге  5000  автобус 

сырттан әкелінеді. 

Бердібек  Сапарбаев  зауыттың  жұмыс 

ба рысымен  түгелдей  танысып  шыққан 

соң,  БАҚ  өкілдеріне  берген  сұхбатында 

Се мейдегі  өндіріс  орындарының  жұмы-

сын да  ілгерілеушілік  бар  екенін  айтты. 

Сонымен бірге зауыттың заман талабына 

сай  жұмыс  істеуі  экономиканың  дамуына 

әсер  ететінін  жеткізді.  Экономиканың  жі-

лігін шағатын білікті басшының қаладағы 

өндіріс  орындарының  жұмыс  қарқынын 

жоғары  бағалауы  әрі  дағдарыс  дендеп 

тұрғанына қарамастан, қаржылық қажетті-

лік терден шығаруға қол ұшын беретіндігі 

семейлік  кәсіпкерлердің  де  сенімін  арт-

тырғаны шүбәсіз.

Сол  сияқты  «Эскар»  ЖШС-нің  иелі-

гіндегі  керамикалық  кірпіш  шығаратын 

зауыт қа  да  көп  үміт  артуға  болады.  Чех 

тех нологиясымен  жабдықталған  алып 

кәсіпорында әзірге 150 адам жұмыс істей-

ді. Зауыт жұмысы компьютерлік бағдарла-

малар арқылы басқарылады. Яғни 90 па-

йызы  автоматтандырылған.  Жылына  40-

50 млн дана керамикалық кірпіш өндіретін 

зауытта  келешекте  тағы  да  қосымша  жұ-

мыс орындары ашылатын болады.

Қаламыздың  Докучаев  көшесінде  са-

лы нып жатқан 10 қабатты, 60 пәтерлі тұр-

ғын  үй  құрылысын  көрген  облыс  әкімі 

одан көптеген олқылықтар тапты. Негізін-

де, ақпан айында пайдалануға берілуі тиіс 

болған бұл нысанның әлі күнге дейін «ауы 

мен  бауының»  бітпей  тұрғанын  құрылыс 

компаниясының өкілі тиесілі 27 млн тең-

генің  кешеуілдеп  жатқанымен  байланыс-

тыр ды.  Алайда  баспалдақтардан  жоғары 

көтеріліп,  тұрғын  үй  ғимаратын  аралай 

бас таған әкім мұндағы бөлмелердің салы-

ну  ретіне  де  сын  айтты.  Яғни  асүй  мен 

әжет хананың бір-бірімен жапсарлас салы-

натын  жобасын  қолданыстан  шығаратын 

кез  әлдеқашан  жеткен.  Қызық  болғанда, 

бөлме есіктері Алматыдан алдырылыпты. 

«Сонда Семейде есік жасайтын кәсіпорын 

жоқ па? Сөйтіп жүріп, өздеріңді құрылыс 

компаниясы санайсыңдар», – деді облыс 

бас шысы  құрылыс  барысының  көңіліне 

олқы соққанын жасырмай.

Ал  денешынықтыру-сауықтыру  кеше-

ні нің  құрылысы  маусым  айында  пайда-

лану ға  берілуі  тиіс.  Қазір  бұл  кешенде 

бас кетбол,  волейбол  алаңдары  мен  бас-

сейн  бар.  Одан  өзге  де  спорттық  ойын-

дар дың  өткізілуіне,  семейліктердің  са ла-

уатты  өмір  салтын  қалыптастыруларына 

қалауынша жағдай жасалмақ. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал