Әңгімені Әуеден өрбітсек



жүктеу 0.71 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Әңгімені Әуеден өрбітсек...

Бірақ ескі ұшақтарды тоқтатады екен деп, министрлік қарап жат­

паған көрінеді. Осы мәселені шешу үшін аталған ведомство жанынан 

«Қа зақстандық  көліктік  лизинг»  компаниясы  құрылыпты.  Биылдың 

өзінде  10­12  аймақтық  әуе  кемесін  алуға  әрекеттенген  министрлік 

42 миллиард теңге көлемінде инвестиция қарастырып қойған. «Қазір 

осы ған мемлекеттің кепілдік беру мәселесі қарастырылуда, бұл шаруа 

жыл  аяғына  дейін  шешілуге  тиіс  деп  үміттенеміз»,  –  дейді  Әбіл ғазы 

Қалиақпарұлы.  Өткен  жылғы  атқарылған  бірнеше  жоба лар ды  тілге 

тиек еткен министр 2009 жылғы істерден де хабардар етті. 



Жалғасы 2-бетте

Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің 

(ҰҚК)  баспасөз  хатшысы  Кенжеболат 

Бекназаровтың  айтуынша,  Мұхтар 

Жәкішев  уран  өнімін  сатудан  түсетін 

ақ шаны  талан­таражға  салу  мақса­

тын да  шетелде  бірнеше  оффшорлық 

ком паниялар  құрған.  Аталмыш  шет­

елдік  компаниялардың  қатысуымен 

«Қызылту», «Бетпақ дала», «Кең дала», 

«Байкен­U»,  «Қызылқұм»  сияқты  бір­

лес кен кәсіпорындар құрылған. «Шет­

елдіктердің  қатысы  бар  осынау  кәсіп­

орындарға 200 мың тоннадан асатын 

уран  қоры  және  құны  ондаған  мил­

лиард  АҚШ  долларын  құрайтын  бір­

неше  ірі  уран  кен  орындары  бар  жер 

қойнауын, сондай­ақ Степногорск тау­

кен химиялық комбинатын өтеусіз не­

гізде  пайдалану  құқығы  берілген»,– 

дейді ҰҚК баспасөз хатшысы.

Баспасөз мәслихатында мәлім бол­

ған дай, аталған уран кен орындарын­

дағы  өнім  оффшорлық  компаниялар 

арқылы  шетелдерде  сатылған.  Түскен 

пайда қос Мұхтар – Жәкішев пен Әбіл­

язовтың  және  басқа  да  тұлғалардың 

қалтасына түскен. 

Бұл мәліметтерді, яғни оффшорлық 

компаниялар  құрғанын,  олардың 

М.Жәкішевке  тиесілі  екендігін  және 

бұл  компаниялардың  басшысы  лауа­

зы мына  Мұхтарлардың  ортақ  танысы 

– 

Мәскеу 



инженерлік­физикалық 

институтындағы  курстастары  Евгений 

Чарышкинді  шақырғандарын  «Қаз­

атомөнеркәсіп»  ұлттық  компаниясы­

ның вице­президенттері Малхаз Цо цо­

рия мен Асқар Қасабеков растап отыр. 

Бұл да сол бейнероликте көрсетілді. 

Жалғасы 2-бетте

иӘ

– Табыс көзіне айналу мәселесі 

де бар. Бірақ ол өз алдына бөлек 

әңгіме.  Ал  саяси  тұрғыдан  баға 

бе ретін  болсақ,  дәл  қазіргі  кезде 

қо ғамдық  ұйымдар  қозғаушы 

күш ке айналып отырған жоқ. Бай­

қаса ңыз дар, соңғы жылдары ҮЕҰ 

саны  бәлен дей  арта  қойған  жоқ 

қой.  Ал  тізімде  тұрғандарының 

бар лығы  қарбалас  жұмыс  жасап 

жат қан  жоқ. Сол бес мың ұйым­

ның аз ғана бөлігі бел сенділік та­

ныту да.  Қо ғам дық  ұйымдар  жа­

йында  сөз  болғанда  аттап  өтуге 

болмай тын бір мәселе бар: «Егер 

неліктен  соңғы  үш­төрт  жылда 

Қа зақстанда  ҮЕҰ­дың  саны  кө­

бей ген жоқ» деп сұрасаңыз, оның 

себебі саяси жағ дайда. 



Жоқ 

– Жоқ, мен олай ойламай­

мын.  Үкіметтік  емес  ұйым­

дарды біздің қоғамды дамы­

туға, 

ше ші мін 



таппаған 

көп те ген  мәсе ле лерді  алға 

жылжытуға  себеп  болып 

отыр ған  әрі  арзан,  әрі  тиім ді 

жұмыс  күші  деп  атасақ  бо­

лады. Бізде қазір бес мыңнан 

ас там  ҮЕҰ  бар  болса,  соның 

екі мыңдайы белсенді жұмыс 

жа сап жатыр. Бюджеттегі ақ­

ша  –  са лық  төлеушілердікі, 

яғни  ха лық тікі.  Бұл  қаражат 

ба рынша  тиім ді  жұмсалуы 

керек.  Мы салы,  қазір  ауыл­

шар уашылы ғына,  жол  құры­

лы сына қомақты қа ражат бө­

лініп жатыр ғой. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Александр сокоЛоВ, 

Ресей, Хабаровск қаласының мэрі:

«Бір  үлкен  жолға  шығасың  да, 

бұл жермен жаңа ғана бір үйір мал 

жү ріп өткенін байқайсың. Жол тай­

ғақ,  сасық  иіс  бұрқырап  тұр.  Осы 

жол дан  тайып  кетпей  аман­есен 

өту керек. Міне, менің қызметім де 

тура осындай».



(www.topnews сайтынан)

№86 (86) 

2 маусым

сейсенбi


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Айгүл соЛоВьеВА, 

Мәжіліс депутаты, «Қазақстанның 

Азаматтық альянсы» заңды 

тұлғалар бірлестігінің президенті:

досым сӘтпАеВ, 

Тәуекелді бағалау 

тобының директоры

саясаттанушы:

Д

Ү



рБЕ

л

Ең



2-бет

5-бет

7-бет

Ой­КӨКпАр 

«Мират, 

қарсыласыңды 

қират!»

Алаш арыстарын 



бейнелеп жүрген 

жалғыз суретші



C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

Мысырдың мінезі 

мазамызды 

қашырды


www.аlashainasy.kz

150,44

210,93

4,86

22,03



8500,32

1157,69

1184,72

67,0

985,0

теміржолдың тозығы көп,  

әуе кемесінің озығы жоқ...

қазақстандағы 5 мыңға жуық қоғамдық ұйымдар қозғаушы күш емес, ақша табудың көзіне айналып кеткен жоқ па?

Зайырлы, азаматтық, ашық, 

демократиялы қоғам орнатудың 

бірден-бір жолы үкіметтік 

ұйымдардың қызметін барынша 

жақсарту. қазіргі уақытта елімізде 

5 820 қоғамдық ұйым тіркелген. 

бұл, әрине, аз емес. Алайда осы 

ұйымдардың жұмысына сеніммен 

де, күмәнмен де қарайтындар 

бар. осындай қоғамдағы түйткіл 

айтары бар азаматтардың көзқарас 

қайшылығынан көрініс тапты. 

ДАТ!

6-б

етте

молдияр серікбАеВ:

ҚАзАҚСТАнның 

ТОпОгрАфиялыҚ КАрТАлАры 

30 ЖылДАн БЕрі 

ЖАңАрТылМАй КЕлЕДі

Жәкішевтің 

«қара жәшігі» табылыпты

«қазатомөнеркәсіп» 

ұлттық компаниясының 

экс-президенті мұхтар 

Жәкішевтің жағдайы тіптен 

мүшкіл секілді. кеше Ұлттық 

қауіпсіздік комитеті Астанада 

журналистерге арнап өткізген 

баспасөз мәслихатында экс-

президенттің қымқырған 

дүниелері мен шетелдік 

компаниялармен ауыз 

жаласқан әрекеттерін әшкере 

еткенін мәлімдеді. Арнайы 

бейнеролик те түсіріп 

үлгеріпті.

«өздеріңізге белгілі, 2009 жылғы сәуір айында еуропалық 

комиссия ист Винг, старлайн kz, АтмА, көкшетау, беркут 

Эйр секілді қазақстандық алты әуекомпанияны «қара» 

тізімге қосқан болатын. оларға қазіргі заманғы техникалық 

талаптарға сай болмағандықтан, еуроодақтың әуекеңістігін 

пайдалануға тыйым салынды. 2010 жылдың наурыз айынан 

бастап қазақстандық 47 әуекемесі Халықаралық авиация 

ұйымының (икАо) талаптарына сай келмейтіндіктен, 

пайдалануға жіберілмейтін болады. олар, негізінен, Ан-24, 

Як-40, ту-134 ұшақтары». парламент мәжілісінде өткен 

Үкімет сағатында депутаттар алдында жаңа лауазымымен 

келіп, бірінші рет сөз алған көлік және коммуникация 

министрі Әбілғазы құсайынов кеше осылай деді. 

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» Ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

2009 жылдың екінші 

жартыжылдығына 

жазылу басталды 

«Алаш айнасына» 

жазылу жалғасады

салтан сӘкен

Мансұр Х


АМ

и

Т



О

Қ

ы



С

 ОҚ


иғ

А

Жиын



Саяжай аумағындағы егістікті суаратын 100 мил­

лиметрлік  құбыр  жарылып,  500  текше  метр  су  ау­

маққа  жайылған.  Соның  сал да рынан  лай  көшкен. 

Абы рой  бол ған да,  ешкім  зардап  шеккен  жоқ.  Қа­

лалық  Төтенше  жағдайлар  департаменті  баспасөз 

қыз ме тінің  жетек шісі  гүлшат  Дәуренбекованың  ай­

туынша,  төтенше  жағ дайдың  орын  алуына  сол  маң­

дағы саяжай бір лестігінің басшысы кінәлі. Себебі егіс­

тік суаруға ар нал ған құбырдың ауыстырылмағанына 

көп жыл болыпты. Шіріп әрең тұрған тұр балар су жі бер­

ген уа қытта екпінге шыдамай жарыл ды. «Қазір жөн  деу 

жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, Кеңсай шатқалы 

тау етегінде орналасқан дықтан, қауіпті ай мақ  қа жатады. 

Ол жерде кез келген уақытта лай кө шіп, сел жүруі әбден 

мүмкін. 

Аумақта 


тұрғынжай 

сал мау 


туралы 

жұртшылыққа ескерту жасалған болатын. Алайда бұған 

ешкім құлақ аспай отыр», – дейді г.Дәуренбекова.

Жансая серғАЗықыЗы

Алғашқы  болып  сөз  алғандардың  бірі  Мұхтар 

Жәкі шев тің зайыбы Жәмилә Жәкішеваның айтуынша, 

оның жарын ҰҚК ешбір түсініктеме берместен тұтқын­

да ған және осы уақытқа дейін адвокаттың көмегі бе­

рілмеген.  Жақында  жалдаған  қорғаушының  жұмыс 

істеуіне  еш  мүмкіндік  жоқ  көрінеді.  10  күннен  аса 

уақыт отағасынан хабар ала алмаған Жәмилә күйеуінің 

ден саулығына  алаңдаулы.  Ұлттық  компанияның  бұ­

рын ғы вице­президенті Малхаза Цоцорияның жұбайы 

Марийка үйлеріне соттың шешімінсіз тінту жүргізілгенін 

айтып, заңның аяққа тапталғанын алға тартты. Жур­

на листерді жинаған 10 әйел де өздерінің күйеулерінің 

қай да  және  қандай  жағдайда  екенінен  бейхабар 

екендіктерін жеткізді. 

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар осы уа­

қыт қа  дейін  қандай  да  бір  түсініктеме  беріп  жа рыт­

паған ҰҚК­ке шағым айтып, президент нұрсұлтан на­

зарбаевтан  осы  іске  араша  болуды  сұрады.  Сонымен 

қатар олар істің ақ­қарасы анықталмаса, Халықаралық 

сотқа да шағым айтатындарын жеткізді.

саяжайлар 

лай астында қалды

елбасынан араша сұрайды

Алматыдағы кеңсай шатқалында лай көшкіні 

жүріп, екі саяжайды басып қалды. мамандар 

мұның табиғи апат емес, адамдардың 

әрекетінен болған жағдай екенін анықтады.

кеше Алматыда «қазатомөнеркәсіп» ұлттық 

компаниясының бұрынғы басшысы мұхтар Жәкі-

шев пен оның орынбасарларының ісіне байланысты 

баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. мәселенің 

мән-жайын баяндауға тұтқынға алынған бір топ 

азаматтың әйелдері келді. 

мұрат АЛмАсбекҰЛы


2

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№86 (86) 

2.06.2009 жыл, cейсенбі

www.alashainasy.kz

Қазақстан Үштіктің кедендік одағына 

2011  жылдың  1  шілдесінде  толық  кіріп 

болады. Үштік деп отырғанымыз – Ресей, 

Белоруссия  және  біздің  мемлекет.  Яғни 

қазақстандық тауарлар Кедендік одаққа 

мүше  болған  Ресей  мен  Белоруссия 

елдеріне  емін-еркін  кіре  береді  деген 

сөз. Және, керісінше, олардан келетін та-

уар ларды біз де құрақ ұша, құшағымызды 

жая қарсы аламыз. Бұл жаңалықты кеше 

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төра-

ғалығымен Астанада өткен селекторлық 

кеңесте  естідік.  Жағымды  жаңалықтың 

иесі  –  Премьер-министрдің  бірінші 

орын басары  Өмірзақ  Шөкеев  болды. 

Оның жақында оралған Минскі сапары-

нан әкелген «базарлығы» осы екен. 

Селекторлық отырыста Премьер-ми-

нистр  Кәрім  Мәсімов  «Жол  картасы» 

аясындағы  әлеуметтік  бағдарламаларға 

шалағай  қарап  отырған  облыс  басшы-

ларын  тағы  сынады.  «Өткен  аптада  бір-

қатар  облыстарды  аралап  көрдім.  Бай-

қауымша,  әлеуметтік  бағдарламаларды 

қаржыландырудың есеп-қисабы барлық 

облыстарда  бірдей  дұрыс  жасалып 

отырған жоқ. Сондықтан да бізге қанша-

лықты  ресурс  керегін  нақты  деректер 

бойынша  қарап  шығу  керек»,  –  деп 

ескерт ті  ол  вице-премьер  Ербол  Орын-

баевқа қаратып. Үкімет басшысы кейбір 

өңірлерге  артық  ақша  беріп,  босқа 

ысыраптағанша, қаржыландыру көлемін 

қазірден  қайта  қарап,  шынымен  керек 

жерге  жіберу  керек  деп  санайды.  Ал 

еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 

министрі Гүлшара Әбдіхалықоваға келесі 

селекторлық кеңеске «Жол картасының» 

орындалуы бойынша ең соңғы деректер-

мен келу тапсырылды. «Бұл – аса маңызды 

мәселе,  Елбасының  тапсырмасы.  Оны 

созбақтап  жүріп  алуға  ешқандай  құқы-

мыз жоқ», – деді Премьер-министр.

Енді Өмірзақ Шөкеевтің «базарлығы» 

жайын  таратып  айталық.  Астанадағы 

«пре мьерлер премьерасына» өз премье-

рімен  еріп  келген  Ресей  Федерациясы 

үкіметі төрағасының бірінші орынбасары 

Игорь  Шуваловтың  журналистерге  «Ке-

ден дік  одақты  құру,  ұйымдастыру  шар-

уалары 2010 жылы тәмам болады» деге-

ні  жұрттың  есінде  болар.  Ал  Өмірзақ 

Ес тайұлы 2011 жыл туралы айтып отыр. 

«Бұдан  үштіктің  ортақ  кедендік  кеңістік 

қа лыптастыру  қадамы  тағы  бір  жылға 

ше геріліп қалды ма?» деген сұрақ туын-

да уы  мүмкін.  Әсте  олай  емес.  Қазақ-

станның  бірінші  вице-премьерінің  ай-

туынша, 


мемлекетіміздің 

іргелес 


Ре сей мен арадағы сауда-саттық қарым-

қатынастары 2010 жылдың 1 шілдесінен 

бастап жүктерді кедендік рәсімдеусіз, тек 

еркін кіргізіп-шығаруға арналған рұқсат 

сертификаты  арқылы  жүре  береді.  Ал 

2011  жылғы  1  шілдеде,  яғни  тура  бір 

жылдан кейін бұл сертификат та алынып 

тасталады.  Міне,  осы  кезден  бастап  үш 

мемлекет  арасындағы  Кедендік  одақ 

толыққанды  жұмыс  істей  бастайды. 

«2010  жылдың  1  қаңтарынан  бастап 

Ресей мен Белоруссия арасындағы тауар 

айналымы кіріп-шығу рұқсаты сертифи-

катымен  жүре  бастайтын  болады.  Яғни 

ешқандай кедендік рәсімдеусіз. Ал 2010 

жылдың  1  шілдесінде  сертификат  алы-

нып  тасталып,  толықтай  еркін  тауар 

айналымы орнайды. Осы кезде Қазақстан 

мен  Ке ден дік  одаққа  мүше  өзге  екі  ел 

арасында  тауар  айналымын  реттейтін 

әлгі серти фикат енгізіледі. Көп кешікпей, 

яғни бір жылдан соң, 2011 жылы 1 шіл-

десінде  біз  де  еркін  тауар  айналымына 

түсетін  бо ламыз»,  –  дейді  бірінші  вице-

премьер. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, 

аталған мерзімге дейін үш елдің кедендік 

және  салық  органдарының  ақпараттық 

жүйесі сәйкестендірілуі керек. 

Осыдан  10  күн  бұрын  Елбасы  Нұр-

сұл тан  Назарбаевтың  Астанаға  келген 

Ресей үкіметінің төрағасы Владимир Пу-

тинді  қабылдауы  кезінде  де  аталмыш 

мәселе талқыланған болатын. Сол кезде 

тараптар  келісіп,  екі  ел  арасындағы 

келісілмеген ұстанымдарды еңсеруді осы 

Өмірзақ  Шөкеев  пен  Ресей  үкіметі  бас-

шысының  бірінші  орынбасары  Игорь 

Шу валовқа  жүктеп  еді.  Өмірзақ  Естай-

ұлының  сөзіне  қарағанда,  қос  бірінші 

вице-премьердің  бірлескен  жұмысы 

нәтижелі  болған  сияқты.  Кедендік  одақ 

құрушы  елдермен  келісілген  бірыңғай 

кеден  тарифтерінің  үлесін  тағы  да  7 

пайызға алға жылжытып келіпті. «10 күн 

бұрын  бірыңғай  кедендік  тарифтің  88 

пайызы  сәйкестендіріліп,  келісілген  бо-

ла тын. Дәл қазіргі таңда бұл көрсеткішті 

95 пайызға жеткіздік», – дейді қолынан 

іс  келетінін  дәлелдеп  келген  Өмірзақ 

Шө кеев.  Алайда  Кедендік  одақ  құруға 

қалған 5 пайыздық кедергі оңай алдырар 

қамал  емес  көрінеді.  Бұл  5  пайызды 

Ө.Шө кеев  «ерекше  маңызды»  деп  атап 

өтті.


Әлемдегі ең үлкен резиденция-

ларды  санамалайтын  болсақ,  кө-

ле мі жағынан бірінші орынды Бру-

ней  премьер-министрі  Хассанал 

Ваддаулдың  резиденциясы  ала-

ды.  Истан  Нұрыл  Иман  сұлтан  са-

райының аумағы – 1788 га. 1984 

жылы  құрылысы  біткен  нысанға 

1,4 млрд доллар жұмсалған. Ғима-

рат та  тәж  залы,  үкіметтік  офистер 

жә не  1500  адам  сыятын  мешіт 

орналасқан.  Гиннесстің  рекордтар 

кіта бында есімі жазылған сарайда 

257 бөлме, 18 лифт және бес жүзу 

бассейні бар. Екінші орында Уруг-

вай  Президенті  Табаре  Васкеса 

Росасаның резиденциясы тұр екен. 

«Парк Анчорена» деп аталатын бұл 

ғимаратты Сан-Хуан және рио-де-

ла-Плата  өзендерінің  қиылысына 

1907  жылы  Аарон  де  Анчорена 

ат ты  алпауыт  жер  иесі  салғызған. 

Ре зиденция  аумағы  –  1370  га. 

Ал  Сингапур  Президентінің  «ақ 

үйі нің»  жалпы  аумағы  –  42,9  га. 

Бұл  елдің  бас  нысаны  1869  жылы 

бой  көтеріпті.  Үлкендігімен  әйгілі 

болған  резиденциялардың  ал-

ғашқы қатарында Болгария Прези-

денті Георгий Пырвановтың қыз мет 

ғимаратының  да  аты  жиі  аталады. 

Евксиноград сарайының іргесі 1890 

жылы  Болгария  патшасы  I  Ферди-

нанд  кезінде  қаланған.  Сонымен 

қатар  Ирландия  премьер-министрі 

Брайан  Коэннің  «Поместье  Фарм-

ли» деп аталатын резиденциясы да 

үлкен.  Оның  жалпы  аумағы  31,5 

гектар жерді алып жатыр. 

СаяСи  бюро

Бі

Р

 АН



ы

Қ

Мысырдың мінезі мазамызды қашырды



Басы 1-бетте

Сонымен  қатар  Кенжеболат  Бекна-

зар ов тың мәлімдеуінше, кейбір бұқа ра-

лық  ақпарат  құралдарында  айтылған-

дай,  Жәкішевтің  қызметінен  кетуі  мен 

тұтқындалуы  қандай  да  бір  саяси  тап-

сырыс  емес,  сондай-ақ  оны  Рахат 

Әлиев пен және Мұхтар Әблязовпен бұ-

рынғы  қарым-қатынасы  үшін  тергеліп 

жатыр деу – мүлдем негізсіз. 

Ал ондаған миллиард АҚШ доллары 

сомасындағы  мемлекеттік  уран  кен 

орын дарының  60  пайызынан  астамы 

М.Жә кішевтің  жекеменшігіне  және 

оның  қадағалауындағы  фирмаларға 

қарастылығы  туралы  мәліметтер  рас-

талып отыр. Жедел іздестіру іс-шара ла-

ры  барысында  күдіктінің  Алматы  қала-

сын дағы  жасырын  пәтерде  сақталған 

«қара  кассасы»  да  табылыпты.  Қара 

сейфтің  ішінен  қара  және  қызыл 

жәшіктерге  реттеліп  салынған  бума-

бума  көк  қағаздар  мен  оффшорлық 

компанияның  құжаттары,  мөрлері  та-

былған.  «Қара  кассада»  іркіліп  қалған 

көк қағаздар саны шамамен 3 миллион 

АҚШ  долларын  құрайды.  Бұл  да 

бейнероликте көрсетілді. Қазіргі уақытта 

осы  «қара  кассадан»  заңсыз  сыйақы 

алып тұрған мемлекеттік орган өкілдері 

мен  іскер  азаматтардың  тізімі  белгілі. 

ҰҚК  өкілі  оларды  қылмыстық  істі 

тергеуге  қол  ұшын  беруге  шақырып 

отыр.


«Мұхтар  Жәкішевке  қатысты  сот 

ашық  өтеді»,  –  дейді  К.Бекназаров. 

Оның  мәлімдеуінше,  әлемдік  алпауыт-

тардың  бірінен  саналатын  уран  компа-

ниясының  экс-президенті  әзірге  өзінің 

айыбын  мойындаған  жоқ.  «Қазіргі  уа-

қытта Жәкішев ешқандай жауап бермей 

отыр. Әзірге беттестірулер болған жоқ», 

–  деді  осы  іс  бойынша  шұғыл  тергеу 

тобының  жетекшісі  Владимир  Петров-

ский.  Сондай-ақ  ол  Жәкішевтің  заңсыз 

әре кеттерге баруына ықпал еткен мем-

лекеттік құрылымның лауазымды тұлға-

ларының  кім  екені  –  «нағыз  тергеу 

анықтайтын іс» деп атап өтті.

Дәл осы күні Алматыда өткен бас-

пасөз мәслихатында «Қазатомөнеркә-

сіп тің» бұрынғы топ-менеджерлерінің 

әйелдері  ұлттық  қауіпсіздік  коми-

тетінің  өз  жұбайларын  заңсыз  ұстап 

отырғанын  айтып,  қылмыстық  істі 

тер геудің  ашық  жүргізілуін  талап  ет-

кен еді. Бұл орайда В.Петровский тер-

геуші органның күдік тілердің әйелде-

рімен кездесуіне шектеу қоймайтынын 

айтты.  «Мұның  айқын  дәлелі  –  олар 

өткен аптаның соңында ғана жүздес-

кен болатын», – деді ҰҚК шұ ғыл тер-

геу тобының жетекшісі.

ҮКіМЕТ


ДҮРБЕлЕң

Кедендік одаққа – 

5 пайыз кедергі

Жәкішевтің 

«қара жәшігі» табылыпты

?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Саяси баспана сұрағыш саясаткерлер



Әлемде саяси баспана сұрайтын саясаткерлерге пана болғыш қай елдер?   

 

 

 

 

Ақерке ТАлғАТқызы, Алматы облысы

Саяси  баспана  өз  елінде  саяси  себептерге, 

діни көзқарасына байланысты қудалауға ұшы ра-

ған немесе елге оралуға тыйым салынған тұлға-

лар ға  беріледі.  Саяси  баспана  беру  жағынан 

әлем де  АҚШ,  Британия  және  Еуроодақ  мемле-

кеттері алда тұр. Соңғы кездері Отанынан безген 

саясаткерлердің  саны  біршама  көбейді.  Саяси 

баспана  тапқан  саясаткерлерді  атап  көрсететін 

болсақ,  Қырғызстанның  экс-президенті  Асқар 

Ақаев – Ресейден, Ресей саясаткері Борис Бере-

зов ский  Ұлыбританиядан  саяси  пана  тапты. 

Аталған  мемлекеттен  сондай-ақ  «әл-Каида» 

ұйымының белсендісі Усама бен ладеннің баласы 

Омарға да саяси баспана берілген болатын. АҚШ 

мемлекеті  Украинаның  экс-депутаты  Александр 

Ельяшке вичке, жуырда ғана Перу әкімшілігі Вене-

суэла  оп по зициясының  көшбасшысы  Мануэль 

Росалеске, Франция мемлекеті Грузияның бұрын-

ғы  қорғаныс  министрі  Ираклий  Окруашвилиге 

па на болды. Саяси баспана сұраушылардың қа-

та рында  сон дай-ақ  қарапайым  журналистер, 

заң герлер де көп.

Қазіргі кезде қамаудағылардың біразы 

босатылды.  Ресейлік  ақпарат  құралдары 

сенбі күні екі тәжікстандық пен бес қазақ-

стан дықтың  босатылғанын  хабарлады. 

Көргендердің  айтуынша,  Мысыр  поли-

цей лері әр елден келіп білім алып жатқан 

студенттердің  жеке  құжаттары  мен  затта-

рын, ақшалары мен компьютерлерін тар-

тып  алған.  Бұған  қатысты  азаматтары 

нелік тен қамауға алынғаны туралы ресми 

түсініктеме беруін талап еткен Ресей Сырт-

қы істер министрлігі Мысырға едел-жедел 

нота жолдады. Алайда әзірге Мысыр билігі 

шетел азаматтары туралы ешқандай ресми 

түсініктеме  бермей  отыр.  Ресей  ақпарат 

құралдары  ресейлік  солтүстіккавказдық 

азаматтардың жаппай ұсталуының сырын 

сан-саққа жүгіртіп отыр. Бір нұсқа бо йын-

ша,  кавказдық  студенттер  4  маусымға 

жос парланған  АҚШ  Президенті  Барак 

Оба маның Каирдегі сөз сөйлеуіне кедергі 

жа са мақшы  көрінеді.  Бұл  Вашингтон  мен 

мұсылман  әлемі  арасындағы  қарым-қа-

тынасқа нұқсан келтіреді-міс. Ресми Мәс-

кеу мен Каир мемлекетаралық жанжалға 

мүдделі емес. Оның үстіне, алдағы маусым 

айының 20-сында Ресей Президенті Дмит-

рий Медведевтің Мысырға сапары өтпек. 

Бұған  дейін  Мысыр  арнайы  қызметі 

шетелдік  студент  азаматтарды  әртүрлі 

заңбұзушылықтарға байланысты тұтқынға 

алған болатын. Мысалы, шетелдік студент-

тер  туристік  визамен  елге  келіп,  артынан 

оқу құжатын рәсімдеп, қалып қоюға тыры-

сады екен. Сөйтіп, бұл елде басқа мақсатта, 

мәселен,  сауда  саласында,  құпия  экстре-

мистік  топтарға  жұмыс  істейтін  көрінеді. 

Көптеген Солтүстік Кавказдан шыққан сту-

денттер  экстермистік  ұйымдарға  белсене 

қатысқаны үшін Мысыр заңымен сотталған 

болатын. 

Кеше осы оқиға төңірегінде ҚР Сыртқы 

істер  министрлігінің  ресми  өкілі  Ержан 

Ашық баев журналистермен брифинг өт кі-

зіп, Мысырдағы қазақстандық азамат тар-

дың хал-жағдайы туралы мәлімет берді. 

«Мысыр  астанасында  шетелдіктердің 

елде болу тәртібіне жүргізілген тексерулер 

барысында    Қазақстанның  төрт  азаматы-

ның заң бұзғандығы анықталды. Қазір осы 

аза маттардың  үшеуі  босатылып,  қалған 

бі ре уіне қатысты тиісті келіссөздер жүргі зі-

луде», – деп мәлімдеді Сыртқы істер ми-

нис тр лігінің  ресми  өкілі.  Оның  мәлім 

ет ке ніндей, Мысырдағы Қазақстан азамат-

та

 

рының  ұсталуының  негізгі  себебі  олар-



дың  елде  болу  визалары  мерзімінің  аяқ-

талуына 


бай ланысты 

болып 


отыр. 

«Ұс  тал ғандардың барлығы да – сол елдің 

оқу  орындарында  білім  алып  жүрген 

студенттер. Бүгінде Мысыр елінде жүзден 

астам  Қазақстан  азаматтары  білім  алып 

жатыр», – деді Ержан Ашықбаев.

Мысалы,  биыл  Ақтау  қаласындағы 

әуе жайдың  жаңа  аэровокзалының  құ-

рылысы және ұшу-қону жолағының қай-

та  жаңартылуы  аяқталады.  Бұл  жоба 

«АТМ-груп»  компаниясының  концес-

сионер болуымен жүзеге асуда. Сонымен 

қатар  Қызылорда  әуежайында  да  қайта 

жаң ғырту  жұмыстары  жалғасып  жа тыр. 

Өткен жылы еліміздің әуе паркі бес жаңа 

«Боинг»  және  «Эйрбас»  ұшақтарымен 

толыққан. Бүгінгі күні Қазақстанда Батыс 

компаниялары  жасап  шығарған  23 

қазіргі заман талабына сай келетін жаңа 

ұшақ бар. Олар еліміз әуе тасымалының 

85 пайыз жұмысын атқаруда. Бұйыртса, 

биыл  «Эйр  Астана»  әуе  компаниясы 

соңғы  үлгідегі  екі  жаңа  аймақтық  әуе 

кемесін сатып алуды көздеп отыр. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал