Əдістемелік қҰрал танысайық



жүктеу 3.09 Mb.

бет1/32
Дата08.09.2017
өлшемі3.09 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

1-КҮН

ƏДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 

ТАНЫСАЙЫҚ 

Ынтымақтастыққа  ұласатын  мығым,  сенімді  қарым-

қатынасты дамыту үшін  жаңа топтармен сабақ барысында 

осы жаттығуларды пайдаланыңыз.   



Ұсынымдар:  топ  қатысушыларымен  белгілі  жеке 

ақпаратпен  алмасуға  дайын  болыңыз.  Төмендегі 

сұрақтарға  жауап  беріңіз.  Егер  сізге  жауап  беру  үшін 

көп  орын  қажет  болған  жағдайда,  парақтың  артқы 

жағын  пайдаланыңыз.  Кəсіби  оқыту  бойынша  келесі 

сабаққа    барғанда, осы парақты ала барыңыз.  

Аты:_________________________________________________________________________ 

Электронды адресі:_____________________________________________________ 

Оқыту саласы:________________________________________________________________ 

1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: _____________________________________

2. Отбасыңыз туралы ақпарат:__________________________________________________

3. Оқытудан не күтесіз?______________________________________________________

4. Оқытуға қатысты сіздің күдік-күмəндарыңыз:___________________________________

5. Оқыту туралы не білгіңіз келеді?______________________________________________

6. Оқушыларыңыздың бойында сізге не ұнайды? __________________________________

7. Өз оқушыларыңыздың бойында сізді бəрінен де не толғандырады? ________________

8. Неге қол жеткіздіңіз?________________________________________________________

9. Неге қол жеткізгіңіз келеді?__________________________________________________

10. Өзіңіз туралы қосымша ақпарат:  _____________________________________________

Жаттығу 

3


Сенімді қарым-қатынас сипаттамасы 

Ұсынымдар:  Сенімді  қарым-қатынас  құру  дегеніміз 

не?  Егер  топ  мүшелері  бір-біріне  сенетін  болса,  олар 

нені  айтып,  не  істей  алатыны  туралы  ойланыңыз? 

Төменде өз идеяларыңызды тізіп жазыңыз: 

СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  

Дереккөз:  Team to Teach: A Facilitator’s Guide to Professional Learning Teams 

[Ұйымдастырушы  педагогтің  команданың  кəсіби  қалыптасуы  туралы  анықтамалығы], 

by Anne Jolly. Oxford, OH: NSDC, 2008. 

4


ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет? 

«

Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу»  дегеніміз не? 

Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал 



бірлескен оқу соңғы 

нәтижеге  немесе  мақсатқа  жетуге  ықпал  етуге  бағытталған  өзара  әрекеттің  құрылымы 

болып табылады.  

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып 

табылады.  Адамдар  топтарға  бірлескен  барлық  жағдайларда  топтың  жекелеген 

мүшелерінің  қабілеті  мен  іске  қосқан  үлесі  құрметтеліп,  атап  көрсетілетін,адамдардың 

жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ 

пен  жауапкершілік  топ  мүшелерінің  арасында  бөлінеді.  Ынтымақтастық  оқудың  негізгі 

аспектісі  топ  мүшелерінің  ынтымақтастығы  арқылы  бітімге,  келісімге  қол  жеткізуіне 

негізделген. 



Бірлескен оқудың мәні 

Ынтымақтастық  оқу  –  бұл  оқыту  мен  оқу  тәсілі,  аталған  тәсіл  проблемаларды 

шешу,  тапсырмаларды  орындау  немесе  әлдебір  өнім  жасау  үшін  оқушылар  тобының 

бірлесіп  жұмыс  істеуін  білдіреді.  Ынтымақтастық  оқу  оқуды  табиғи  әлеуметтік  әрекет 

ретінде  қабылдауға  негізделген,  оған  қатысушылар  бір-бірімен  әңгімелеседі,  және  осы 

әңгімелесу арқылы білім алады. 

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен 

оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 

1. Оқу  оқушылар  ақпаратты  игеретін  және  өздері  игерген  мәліметті  бұған  дейін

меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу  тапсырмаларды  орындау  үшін  механикалық  есте  сақтау  мен  қайталау  емес,

құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

• Ынтымақтастық

• Өзара әрекеттестік

Топта жұмыс істеу не 

үшін қажет? 

• Топты


ұйымдастыру

ережесі


• Топтарда жұмыс

істеу ережесі

Топтарды қалай 

ұйымдастыруға 

болады? 

• Топтың саны

• Топтағы жұмыс

нәтижесі


Топтағы бірлескен 

жұмыс 


5

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

4. Оқу  оқушылардың  әңгімелесу  кезіндегі  әлеуметтік  ортасы  жағдайында  жетіледі.

Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін

ұғады.


5. Оқудың  ынтымақтастық  ортасында  оқушылар  әлеуметтік  және  эмоционалдық

тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын

айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе

мәтін  аясында  шектеліп  қалмай,  өздерінің  ерекше  тұжырымдамалық  түсініктерін

құруды  бастайды.  Осылайша  ынтымақтастық  оқу  жағдайында  оқушылар  құрбы-

құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі

ұстанымдармен  алмасуға,  басқа  тұжырымдамаларға  күмәнмен  қарауға  және  оған

белсенді қатысуға мүмкіндік алады.



Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге 

асырылады: 

1-

сурет.Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары 

2-

сурет. Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері 

Әлеуметтік 

•Тәжірибемен және

идеялармен алмасу;

•Мәселені бірлесіп

шешудің амалын табу;

•Барынша жоғары

ұжымдық нәтижелерге

қол жеткізу

Танымдық 

•Жұмыстың баламалы

амалдары туралы

идеяларды ұсыну және

пікір алмасу;

•Маңызды дағдыларды

және түсініктерді дамыту

Эмоционалдық 

•Топтың жекелеген

мүшелерінің білімі мен

тәжірибесіне сүйену;

•Күрделі тапсырмаларды

орындау үшін қолайлы

ортаны қамтамасыз ету

6


ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

Топтарда қалай жұмыс істеуге болады? 

Топтық  жұмыстан  барынша  көп  басымдылық  алу  үшін,  мұғалімдер  мен  оқушылар 

барлығынан  хабардар  болуы  қажет  және  бақылау  мен  қарым-қатынас  жасау  барысында 

жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету 

өте маңызды  (3-сурет) 

3-

сурет. Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар 

Топты ұйымдастыру ережелері 

Топтар  түрлі  тәсілдермен  құрылуы  мүмкін.  Кей  кездері  мұғалімдер  (және 

оқушылар)  әріптестерінен  (немесе  достарынан)  бірге  жұмыс  істеуін  өтінеді,  басқа 

жағдайларда  кездейсоқ  іріктеп  алынған  топтар  құрастырылады.  Ал  кейде  топтар 

жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. 

Топтың  қандай  тәсілмен  құрылғанына  қарамастан,  жаңадан  құрылған  кез  келген 

топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге 

уақыт  талап  етіледі.  Табысты  топтар  осы  айырмашылықтардың  артықшылығын 

пайдалануды,  оларды  бастапқы  кезеңде  анықтауға  және  тиісінше  топтың  қызметін 

ұйымдастыруды бірден үйренеді (1-кесте).   

Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-

бірі  туралы  хабардар  болуына  қарай,  топтың  қарқыны  біртіндеп  өзгереді,  және  де  топ 

мүшелеріне  мұндай  өзгерістерге  қатысты  әрекет  ету  үшін  қажеттілігіне  қарай  жұмысты 

түзетуге дайын болу керек.   



Топта жұмыс істеу ережелері  

Топтық  жұмыс  жеке  шешуге  болатын  тапсырмаларды  емес,  анағұрлым  күрделі 

тапсырмаларды шешуді көздейді. 

Кез  келген  команда  барлық  мүшелері  білетін  және  түсінетін  жалпы  ережелерді 



Қарым-қатынас:  жазбаша  және  ауызша 

әңгімелесу,  тыңдау,  ым  мен  қимылды 

пайдалану 

Өзін-өзі  таныту:  үстемдік  танытпай,  топтағы 

жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді 

болу        

Басқаларды  қолдау:  топтың  қызметіне 

үстемдік  жүргізбей,  топ  жұмысына  белсенді 

қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу    

Басқаларды  бақылау  және  басқалар  туралы 

хабардар  болу.  Топтың  басқа  мүшелеріне 

қарым-қатынас барысында ықылас таныту.   

7


ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай 

бөлінетіндігін  және  қолдау  көрсетілетіндігін,  сондай-ақ  нәтижелерге  қалай  қол 

жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.    



1-

кесте. Топ құру кезеңдері 

Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет? 

Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен 

мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. 

Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, 

көптеген  шағын  топтар  немесе  жұп  шектеулі  қысқа  уақыт  (мысалы,  шамамен  5  минут) 

барысында  тиімді  жұмыс  істей  алады.  Аздаған  үлкен  топтарда  оқушылардың  көңілі 

басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша 

тиімді  орындау  үшін,  мұғалім  топ  қатысушылар  саны  канша  болатынын  анықтап  алуы 

қажет. (4-сурет).   

Мұғалімдердің рөлі 

Мұғалімдер  топтық  жұмыстарды  ұйымдастырып  және  оны  қолдап  отыруы  қажет, 

сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.  

Мұғалімдер  топтың  тиімді  жұмысына  қолдау  көрсетіп,  оңтайлы  нәтижелерге  қол 

жеткізуге ықпал етулері керек. 

Сыныппен  жұмыс  істеу  барысында  неге  қол  жеткізетіндерін  және  нені  білу 

жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен 

қалай  байланысты  екендігін  талқылауды  қамтуы  тиіс.  Талқылау  барысында  оқушыларға 

олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.   

Оқушылардың  жұмысына  мұғалім  сыпайы  түрде  араласып,  оқушыларға 

ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, 

мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек.     

Сабақ  аяқталған  соң  мұғалім  оқушыларды  топтағы  жұмыс  үдерісі  жайлы  және 

оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.     



Топты 

құру 

•Топтың құрамына

кім кіреді?

•Сіздің жеке 

артықшылығыңыз

неде?


•Оларды

қаншалықты

ұтымды

пайдалануға



болады?

•Топ қалай бірлесіп

жұмыс атқарады?

Топтық 

жоспарлау 

•Не істеу қажет?

•Сізге жұмысты

орындауға қанша

уақыт қажет?

•Жұмыс топ ішінде 

қалай бөлінеді?

•Жұмыс істеу

барысында топ

ішіндегі қарым-

қатынас қалай

жүзеге 


асырылатын

болады?


Қызметті 

жүзеге асыру 

•Соңғы өнім 

қандай нысанда

жасалады?

•Жобаны орындау

барысында түрлі

дағдылар түрлі

тапсырмаларға

сәйкес келе ме?

•Сізге жұмыстың

қай түрі үшін баға

беріледі?

•Топтық

ынтымақтастықты



ң болғандығының

жеткілікті дәлелі 

бар ма?

Жоспарды 

жүзеге асыру 

•Топ мүшелері бір-

біріне қалай

көмектеседі?

•Бір-бірінің

жұмысын қалай

талқылар едіңіз?

•Жұмыстың

барысы қалай

бақыланады?



Топ жұмысын 

бағалау 

•Сіздер команда

ретінде 

қаншалықты

ұтымды жұмыс

істедіңіздер?

•Сіздер бір-

бірлеріңізге 

қаншалықты

көмек


көрсеттіңіздер?

•Топта жұмыстың

қандай негізгі

аспектілері 

ұтымды

орындалды?



•Не орындалмады?

•Одан қандай

сабақ алуға

болады?


8

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

4-

сурет. Топтың көлемі 

Топтық  жұмыс  ұтымды,  тиімді  болу  үшін  белгіленген  тапсырмалар  мен  топтың 

қызметі  стратегиялық  тұрғыдан  дұрыс  құрылуы  тиіс,  олар  топта  тиімді  жұмыс  істеуге 

ынталандырып/қамтамасыз  етіп,  жоғары  деңгейдегі  оқытуды,  ойлауды  және  түсінуді 

дамыту үшін қолданылады.   

Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері 

Жақсы  ұйымдастырылған  топтық  жұмыс  оқушылар  арасында  әлеуметтік  өзара 

қарым-қатынасты,  тиімді  араласу  және  проблемаларды  шешу  дағдыларын  дамытуға 

ықпал  етеді.  Бұл,  өз  кезегінде  оқушыларды  өздерінің  оқуларына  белсенді  қатысуға 

итермелейді. 

Оқушыларды  алынған  ақпаратты  ойластыруға  және  талқылауға,  өзгелердің 

пікірлерін  түсінуге  немесе  теріске  шығаруға  ынталандырған  жағдайда  топтық  жұмыс 

тиімді болады. 

Фактілер  бұл  үдеріс  кезең-кезеңмен  өтетінін  растап  отыр.  Айталық,  бастапқы 

кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан 

кейін оқушылардың  арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң,  мұғалімдер олардың 

тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады (5-сурет).  



5-

сурет.  Дағдыларды дамыту үдерісі 

Әлеуметтік өзара әрекеттестік дегеніміз не? 

Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды 

қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді 

бола  білуге  үйренуі  тиіс,  соның  нәтижесінде  олар  басқа  адамдарға  қатысты  өзара 

сыйластыққа және түсіністікке келеді. 

Тапсырмаларды  орындау  барысындағы  бірлескен  жұмыс  оқушыларға  жағдайды 

•4-6 оқушыдан тұратын топ

топтық жұмыстың көптеген

түрлерінде және топта бір 

оқушының  үстемділігін

әлсірету үшін  тиімді.

•Топ мүшелерінің

кейбіреулері үшін аз жұмыс

істеуге көп мүмкіндік

береді.

•Тыныш, салмақты оқушылар 



жұмысқа аз қатысқысы келуі

мүмкін.


Шағын 

топтар 

•Жұп болып жұмыс істеу

жоғары деңгейлі

тапсырмаларды берлесе

орындауда (мысалы,

шешім қабылдауда,

мәселелерді шешуде)

және құрбы-құрдастарын

оқыту үшін тиімді.

Жұптар 

•7-10 оқушыдан құралған үлкен

топтар мәселені талқылау 

барысында көптеген көз-

қарастарды қарастыру 

мақсатында  тиімді болуы 

мүмкін.

•Топ мүшелері көп болған сайын



ондағы жұмысты ұйымдастыру, 

жоспарлау, рөлдер мен 

арадағы қарым-қатынас және 

сөз сөйлеу қиындайды. 



Үлкен 

топтар 

Әлеуметтік өзара 

әрекеттестік 

Қарым-қатынас 

Мәселелерді шешу 

9


ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді. 



Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не? 

Қарым-қатынасқа  түсу  мүмкіндігі  топтағы  жұмыстың  барынша  қолайлы  аспектісі 

болып  табылады,  алайда  ол  тек  айта  білуді  ғана  емес,  сонымен  қатар  тыңдай  білуді  де 

қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:  

• кезекпен сөйлеу;

• белсенді тыңдау;

• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;

• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;

• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;

• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;

• көмектесу және көмек сұрау;

• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;

• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;

• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;

• талқылаудың қорытындысын шығару;

• дәйекті айғақтар келтіру.



Проблемаларды шешу стратегиялары 

Орын  алған  проблеманы  шешу  мақсатындағы  топтық  жұмыс  –  оқытудың  өте 

ықпалды  тәсілдерінің  бірі.  Оқушылар  ересек  адамдарға  тәуелді  болмау  үшін 

тапсырмаларды  жоспарлайды  және  оларды  орындауды  ұйымдастырады.  Бұл  тәсіл 

оқушыларға:  

• уақытты ұтымды жоспарлауға;

• инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;

• топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе

екендігін анықтауға;

• топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе

топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;

• тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

10


ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ҰЛҒАЙТУ: 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ 

Кембридж университеті Білім беру факультеті 

Талқылауды қолдануды не үшін ұлғайту керек?

 

Егер  сыныпта  жайлы  өзара  әрекеттестік  орнап,  балалар  сабаққа 



тартылса,  талқы  жүргізіп,  әңгімелесу  үшін  мүмкіндіктер  жасаудың  маңызы 

зор  болмақ.  Бір  мақсатқа  жету  үшін  жүргізілген  талқылау  –  бұл  топтағы 

барлық  жұмыстардың  сәтті  болуының  негізі.  Талқылау  оқушыларға  өз 

идеяларын  зерделеп,  өзара  әрекеттестікті  жақсартуға,  топтық  жұмыстың 

қарқынды  өтуіне  ықпал  етіп,  оқушылардың  оған  белсенді  қатысуына 

көмектеседі.  



Талқылау жүргізуге жағдай жасау 

Белсенді  талқылау  қызметінің  түрлері  әртүрлі  болып  келеді.  Алайда 

бұл  жұмыс  түрлерін  1-суретте  көрсетілгендей  кеңінен  жіктеуге  болады. 

Ауыспалы тәсілді қолданған әлдеқайда ұтымды болып табылады.  



1-сурет. Талқылау жүргізу қызметі 

•белгілі бір шешімдерге 

жету үшін бағдарлама 

бойынша топты алып 

жүру 

•оқушыларға рөлдерді,



тапсырмаларды бөлу;

•шағын топтардан үлкен 

топтарға көшу 

•атаулы топ және 

мозаика әдістемесі 

•шарлар 


•тақырыпқа кіріспе

•шолу, түйіндеме, кейінгі 

тапсырма 

•қызметті 

жоспарлау/ұйымдастыру 

•нәтижелер туралы есеп

•отырыстардың сұрақтары

мен жауаптары

•идеяларды зерттеу 

•проблемаларды шешу

•рөлдік ойын дайындау 

•тапсырмаларды анықтау 

•жұмыс жобасы

•қолданыстағы

идеяларды немесе 

нақты сұрақ бойынша 

білімдерін зерттеу;

•идеяларды туындату,

мысалы, миға шабуыл;

•пленарлық отырыстар, 

«шар немесе шеңбер» 

сияқты  рөлдік 

ойындар.

Ортада 


мұғалім 

тұрады  


Ортада 

оқушы 


тұрады 

Шағын 


топ 

Ортада 


мұғалім 

тұрады  


ұзақ талқылау 

Бағытталған/ 

құрылымдалған 

талқылау 

бүкіл сыныппен 

талқылау 

шағын топтарда 

талқылау 

11


ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ҰЛҒАЙТУ: 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ 

Кембридж университеті Білім беру факультеті 

ШАҒЫН ТОПТАРДА ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 

БОЙЫНША БІРНЕШЕ ҰСЫНЫС 

Толық құрылымдалмаған тапсырмалар талқылауды қадамдап жүргізуге 

арналған нұсқаулықты қолдануды талап етеді. 2-суретті қараңыз. 



2-сурет. Талқылау жүргізудің қадамдары туралы нұсқаулық үлгісі 

12


ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ҰЛҒАЙТУ: 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ 

Кембридж университеті Білім беру факультеті 

Оқушылар  шағын  топтарда  орындай  алатын  тапсырмалардың  үлгісі 

төменде 3-суретте көрсетілген. 



3-сурет. Шағын топтарда жұмыс істеуге арналған ұсыныстар 

13


ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ҰЛҒАЙТУ: 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ 

Кембридж университеті Білім беру факультеті 



4-сурет. Шағын топтарда талқылау жүргізудегі мұғалімнің рөлі 

Бірлескен оқу – мозаикалық оқыту әдісі 

Мозаикалық  оқыту  әдісі  –  бұл  оқытуды  құрылымдаудың,  сондай-ақ 

жұмыс  көлемін  бөлудің  пайдалы  техникасы.  Мозаика  атауының 

мағынасында  жатқандай,  топтың  әр  мүшесінен  жалпы  тапсырманың  нақты 

бір  бөлігін  оқып  әрі  орындау  кезінде  жауапты  болуын  талап  етеді.  Содан 

кейін  топтың  әр  мүшесі  жалпы  тапсырманы  аяқтау  үшін  бастапқы  тобына 

қайта оралады.  

Мозаикалық тапсырмаға мысал: 1-қосымшаны қараңыз. 

Берілген  тапсырмада  оқушылар  төрт  адамнан  тұратын  бастапқы 

топтарға  бөлініп,  жануарлар  мен  өсімдіктерге  әсер  ететін  маусымдық 

өзгерістерге  қатысты  негізгі  сегіз  сұрақтан  тұратын  тапсырма  бойынша 

14


ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ҰЛҒАЙТУ: 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ 

Кембридж университеті Білім беру факультеті 

жұмыс  істеуі  керек.  Топтарға  талқылауға  он  минут  беріледі,  содан  кейін 

топтар  өз  ойларымен  барлық  сыныппен  бөліседі.  Мұғалім  тапсырманы 

орындаудың  тиімді  нұсқасын,  яғни  топтың  әр  мүшесін  жауап  үшін  қажет 

болып  қалатын  нақты  бір  ақпаратқа  жауапты  етіп  тағайындауды  ұсынады. 

Осыдан кейін бастапқы топтар тапсырманы одан әрі тереңірек зерделеу үшін 

сарапшы топтарға бөлінеді. 



5-сурет. Мозаикалық әдісті қолдану жолы 

Әр  сарапшы  топқа  сұрақтың  белгілі  бір  аспектісі,  яғни  бірінші 

қосымшадағы  төрт  ақпараттық  парақтардың  бірі  беріледі.  Топқа  ойларын 

талқылап,  бір  тоқтамға  келу  үшін  шамамен  жиырма  минут  беріңіз.  Осыдан 

кейін сарапшы-оқушылар алған ақпараттарымен бөлісу мақсатында бастапқы 

топтарына оралады. Оқушылар өздерінің сөйлейтін сөздерін нақтылап, қайта 

қарап  және  кеңейту  үшін  бір-біріне  сұрақтар  қояды.  Олар  қазір  талқылауға 

және  орнықты  сұрақтар  қоюға  айтарлықтай  тиімді  жағдайда.  Оқушылардан 

таныстырылымды  бастапқы  топта  ұсынуды  сұрауға  болады.  Мұғалімдер 

оқушылардан  нені  және  қалай  оқығандарын  көрсетуді  сұрай  алады.  Бұл 

мұғалімге  оқытуды  бағалауға  және  алдағы  даму  жоспарын  бағалауға 

көмектеседі 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал