Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



жүктеу 80.84 Kb.

Дата18.05.2017
өлшемі80.84 Kb.

Әдістемелік нұсқаулардың 

титулдық парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

«Жоғары мектепте ІТ-пәндерін оқыту әдістемесі» 

пәні бойынша

6М011100 – Информатика, 6М060200 – Информатика,

6М070300 – Ақпараттық жүйелер мамандықтары

магистранттарына



пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Павлодар

Әдістемелік нұсқауларды 

бекіту парағы

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/41

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

__________  Пфейфер Н.Э.

 

2012 ж. «___»___________ 



Құрастырушы: п.ғ.к., информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасының

профессоры ___________  Оспанова Назира Нұрғазықызы

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

«Жоғары мектепте ІТ-пәндерін оқыту әдістемесі»

 пәні бойынша 

6М011100 – Информатика, 6М060200 – Информатика,

6М070300 – Ақпараттық жүйелер мамандықтары магистранттарына

пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылды

2012  ж. «___» __________ , № ___ хаттама 

Кафедра меңгерушісі ___________ Оспанова Н.Н.  2012 ж. «_»____

ФМжАТ факультетінің ОӘК мақұлданды. 

2012 ж. «_____»______________  №____хаттама

ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2012 ж. «____»____________

МАҚҰЛДАНДЫ: 

ОӘБ бастығы ____________ Жұманқұлова Е.Н.

2012 ж. «____»_____________


1-тақырып   Жоғары   мектепте   информатика   курстар   жүйесінде   ІТ-пәндерді

оқытудың әдіснамасы. 

ІТ-пәндерді   оқыту   теориясы   мен   әдістемесінің   даму   және   орналасу   тарихы.

Информатиканың   іргелі   ғылым   ретінде   дамуы   және   орын   алуы.   Жоғары   мектепте   ІТ-

пәндері информатика курсы жүйесінде. ІТ-пәндерін оқытудың әдіснамалық тәсілдерінің

даму тұжырымдамалары. ІТ-пәндерін оқытудың мазмұнын іріктеу теориясы.  

    Информатика   пәні   ақпараттық   қоғамға   сай   маман   даярлау   ісіне   ерекше   назар

аударады. Сондықтан информатика пәні оқыту мектептің басқа пәндері секілді оқушыларға

білім   берудің,   тәрбиелеудің   және   дамытудың   бірлігін   қамтамасыз   етеді.  Білім   беру



мақсаты   - оқушыларға  уаққыт  талабына  сай  білім  беру,  алған  білімін  қоғам игілігіне

жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру және оны дамыту. Білім беру  мақсаты жалпы



білім беру және қолданбалы білім беру болып екіге бөлінеді. 

Жалпы  білім   беру   оқушы  санасында  әлемнің  ғылыми келбетін  қалыптастырады.

Информатика   пәнінде  жалпы   білім   берудің  мақсаты   –   оқушылардың   ғылыми   дүние

танымдық   көзқарасын   қалыптастыру   бағытына   сәйкес   компьютердің   мүмкіндіктері   мен

қолданыстарын жүйелі түрде көздейді. Оның белгілері:

- компьютердің жұмыс принципін түсіну;

- алгоритм ұғымын түсіну;

- информацияның түрлері мен оларды өңдеу тәсілдерін білу;

- программалаушы қызметінің мәнін ұғыну;

- адамның ойлауын автоматтандыру, т.б..

Компьютердің жұмыс принципін түсіну табиғаттағы алгоритмдік құрылымға тығыз

байланысты. Себебі, атомның кішкене бөлігіінен бастап, ғалам кеңістігіне дейінгі тіршілік

алгоритмге негізделген.  Алгоритм ұғымын  түсініп, оны құрудың технологиясын меңгеру

оқушының ЭЕМ – дн жұмыс ітеу мүмкіндігін жетілдіреді.   Информацияның түрлерімен

оларды     өңдеу   тәсілдерін   білу   оқушының     ойлау   қабілетінің   жаңа   қырларын   ашуға

жетелейді.   Программалаушы   қызметінің   мәнін   ұғыну   оқушылардың     «жаңа»   нәрсені

жасауға   деген   ынтасын   арттырады.     Адамның     ойлауын   автоматтандыру   информатика

ғылымының бүгінгі  қол жеткен  нәтижелермен  шектелмей,  әлі де қарыштапдамитынына

кепіл   болады.   Бұл   кезде   информацияның   үздіксіз   жаңарып   отыратыны   секілді,   өңдеу

тәсілдері де өзгеріп отырады.



Қолданбалы   білім   берудің   мақсаты  -     оқушының   ЭЕМ   –дегі   жұмыс   нәтижесін

практикалық мақсатқа қолдана білуге бағытталады. Практикалық мақсаты – оқушыларды

ақпараттық қоғамға дайындауды, еңбекке баулуды көздейді.

Дамытушылық   мақсаты  –   оқушының   ақыл   ойын,   шығармашылық   қабілетін

дамытуға,   жеке   тұлғасын   қалыптастыруға   және   жүйелі   –   қисынды   ойлау   түрлерін

дамытуды көздейді. Логика – алгоритмдік ойлаудың қасиетіне қатаң логикалық тұжырым

жасай білу, ЭЕМ – мен жұмыс істеу барысында индукциялық және дедукциялық ой қорыту,

өзіне қажетті іс-әректті алгоритмдік  тілде жаза білу іскерлігі жатады. Бұл көбінесе, толық

емес   индукцияға   ұқсас   ойлауда   көрініп,   компьютермен   практикалық   жұмыста   маңызды

роль атқарады. Ойлаудың  алгоритмділігі  дәлелдеуді  қажет ететін  пікірлерді қамтамасыз

етеді.   Ойлаудың   бұл   екі   түрін   бір   –   бірінен   ажыратуға   болмайды,   оларды   өзара   тығыз

байланыста болады деп қарастыру қажет.

Логика   –   алгоритмдік   ойлау   түрі   берілгендердің   қасиеттері   туралы   логикалық

тұжырымдар жасау және іздеу жүйелеріне  сұраныстар  беру арқылы қалыптасады. Оған

компьютерде   жұмыс   істеуде   кездесетін   қиындықтарға   талдау   жасау,   пікірлерді

формальдандыру,   оларды   алгоритмдік   тілде   жаза   білу   іскерліктерін   дамыту   мәселелері

жатады.  Мұнда логикалық тұжырым жасай білу мен оны компьютерде өңдеу  -  қажеттіліг

үнемі сақталады.

Ұғымдар   арасындағы   пәнішілік,   пәнаралық   байланыстарды   көре   білу   мұғалімнің



жүйелі  ойлайтындығын   көрсетеді.   Ал,   ойлаудың  қисындылығы  болашақ   мұғалімге

оқытудың   көптеген   әдістері   мен   формальдарының   ішінен   нақты   жағдайда   тиімділерін



топтауға   оқушының   білімді   игерудегі   жетістіктері   мен   кемшіліктеріне   талдау   жасауға;

басқа   пәндерге   компьютерді   қолдануда   оқыту   мақсаттарын   әртүрлі   етіп   тұжырымдауға;

пәнішіілік және пәнаралық байланыстарды іздеуге көмек береді.

Жүйелі – қисынды ойлау  белгілеріне  - заттар мен құбылыстарды тұтас, өзара тығыз

байланысты   құрылым   ретінде   қарастыру;   болған   жағғдайларға   объективті   көзқараспен

қарау;  мектеп пәндеріндегі ұғымдарды өз орнымен   қолдану жатады. Мысалы, «Алгебра

және анализ бастамалары» пәнінде функция – сәйкестік, «Геометрия» пәнінде функция –

қисық,     ал   «Информатика»   пнәнде   функция   –   аргумент   бойынша   нәтижені   есептеу

алгоритмі. Сонымен, оқушы жүйелі қисынды ойлауды қалыптастырудың   нысаны болса,

информатика мұғалімі үшін ол кәсіби шеберлікті дамытудың белгісі. 

Информатика   пәнәнде   қазіргі   кезде   жүйелі   -   қиыстырылған       ойлау   түрі   сирек

қолданылады. Өйткені, оқу пәнінің жоғары, төмен, жалпы, теориялық секілді деңгейлерінің

ара   –   жігі   анықталмағандықтан   пән   мазмұнының   байланысы   оқушыға   біртұтас   жүйе

ретінде көрінбейді.  

Сондықтан, мектеп пәндерінде өтілген материалдарды қайталау, еске түсіру, пысықтау

сабақтарында компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалану тиімді.   Мысалы, геометрия

пәнінде   оқушылардың   көпшілігі   кеңістік   фигураларының   анықтамалырының,

қасиеттерінің   және   қималарының     байланысын   еске   түсіруде   қиналады.   Мұндай   кезде

информатика аралық пәннің ролін атқарады. 

Демек,   мұғалім   оқушылардағы   бірін   -бірі   толықтырып   отырытын   логика   –

алгоритмдік  және жүйелі қисынды ойлау түрлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөлуі қажет.

Информатика   маманы   алғашқы   кезде   сбақтарды   әдістемелік   тұрғыда   талдауда,

оқыту мақсатын тұжырымдаудақиналуы мүмкін. Кейбір тәжірибелі мұғалімдердің  өзі оқу

материалын   жақсы   меңгергенімен     оқытудың   мақсатын   анықтау   кезінде   қиындықтар

кездесуі мүмкін. Туындаған қиындыққа байланысты «өзім не білсем, соны оқытамын» -

деген   принципті   ұстанып,     оқытудың   негізгі   нысанынан   ауытқып,   оқыту   мақсатын   өз

еркінше   анықтаумен   шектелген   дұрыс   емес.     Сондықтан,   оқу   процесіне   компьютерді

қолдану   тиімді   болғанымен,   оның     мектептегі   басқа   пәндерге   қолданысын   зерттеп,

жүйелеу қажет

Ұсынылатын әдебиеттер: [2] – 4 - 63 бб.



2-тақырып Жоғары мектепте ІТ-пәндерді оқытудың әдістемелік жүйесін құру. 

ІТ-пәндерін   оқытудың   әдістемелік   жүйесін   құрудың   концепциясы.   ІТ-пәндерін

оқытудың   әдістемелік   жүйесі:   оқытудың   мақсаттары,   жоғары   мектепте   оқытудың

құрылымы   мен   мазмұны,   оқыту   әдістері,   оқытуды   ұйымдастырудың   құралдары   мен

формалары. 

Оқытудың дәстүрлі формаларына оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері жатады. Олар

ең алдымен сынып – сабақ, сынып – топ, лабораториялық – сабақ, практикалық – сабақ

секілді   жалпы   формалар.   Информатика   сабақтарының   дидактикалық   ерекшеліктеріне

байланысты сабақтар:

- демонстрациялық;

- лабораториялық жұмыс;

- жеке практикум түріне бөлінеді.



Демонстрация. Компьютердегі орындалатын әрекеттерді мұғалімнің түсіедірмей – ақ

оқушыларға   демонстрациялап   көрсету.   Комплятордың   программадағы   қатенің   орнын

көрсетуі де демонстрациялау болып табылады. Оқушы өз әрекетінің нәтижесін мұғалімге,

жолдастарына демонстрациялап көрсете алады. Демонстрацмялық сабақтың дидактикалық

функциясы   –   оқушыларға   жаңа   оқу   мазмұнынан   мағлұмат   береді.   Рольді   оқу

орындарындағы іс - әрекетті де демонстрациялап көрсетуге болады. Мұнда модельдеу мен

нәтижелерді   корнекі   көрсетуде   негізгі   мәселелерге   көңіл   аудару   қажет.   Мысалы,   кез   –

келген  объектінің  моделі  қарапайым  және оның  қасиеттері  модельдеу кезінде  көрінбеуі



мүмкін. Демек, ақиқат дүниені байқау, зерттеу арқылы тануға шақырған Я.А. Коменскийдің

пікіріне сүйеніп, мұғалім оқушыларға ақиқат дүниенің модельден өзгеше болатынын, ал

модельден ақиқат дүниенің кейде алшақ болатынын екертіп отыруы керек.

Лабораториялық (фронтальді жаппай) жұмыс  жағдайында оқушылардың барлығы

бір   мезгілде   мұғалімнің   берген   тапсырмасымен   жұмыс   істейді.   Бұл   кезде   мұғалім

оқушылардың   іс   -   әрекетін   бақылап,   тиісті   әдістемелік   көмек   көрсетеді.   Бұл   сабақтың

дидактикалық функциясы оқушылардың компьютерлік ортада жұмыс істей білу іскерлігін

қалыптастыру. 

Жеке практикум  – мұғалім оқушыларға өзіндік тапсырмалар мен оларды орындауға

нұсқаулар   береді.   Бұл   сабақтың   мақсаты   оқушылардың   қолданбалы   және   ашық

программалармен өз бетімен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Мұнда теориялық

білім практикалық әрекетпен ескеріледі.

Жалпы   алғанда,   информатика   пәні   –   білімнің   үш   көзін   (сөз,   бақылау,   іс   -   әрекет)

табиғм бірлікте қарастырады. Мысалы, нұсқауды (сөз) оқып, мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ –

дегі   өзгерістерді   бақылау   (заттық   әдіс)   арқылы   оқушы   компьютермен   жұмыс   істейді

(практикалық әдіс). Бұл әдістер бір – бірін үнемі толықтырып отырады. 

Дәстүрлі оқыту әдістеріне талдау жасағанда,  оқытудың сөздік  әдісінің өзіндік орны

бар   екені   байқалады.   Бұл   әдіс   Аристотельдің   философиялық   трактаттарын   әңгімелеу

арқылы баяндағанынан бастау алғаны белгілі. Сондықтан классикалық педагогикада бұл

әдісті  Аристотель   әдісі  немесе  сөздік   әдістер  деп   атайды.   Төменде   осы   әдістердің

бірқатарына талдау жасалған.

Әңгімелеу.   Бұл   әдістің   негізгі   дидактикалық   функциясы   –   сезімдік   –   құндылық

қатынастар   туралы   негізгі   мәліметтер   беру,   оқушылардың   білімді   меңгеру   деңгейін

анықтау,   білімдегі   олқылықтардың   себебін   білуге   ұмтылу,   өз   бетінше   жұмыс   істеуге

бағыттау.   Мұнда   білім   мазмұны   теория   жүзіне   игеріледі.   Ойлау   логикасы   қатаң   емес.

Көбінесе,   ұқсастық   мысалдар   арқылы   түсіндіріледі.   Оқушылар   тыңдағанын   қайталай

алады.   Кері   байланыс   оқушының   зейін   дәрежесіне   сәйкес   келеді.   Мысалы,   ЭЕМ   –   нің

қолданылу аймағы, программаларды қателерден қорғау, жиі кездесетін қателер, вирустар

мен   оларды   жасаушылар   тақырыптарының   әңгіме   түрінде   баяндаған   тиімді.   Әңгіме   –

кіріспе, баяндау, қорытынды кезеңдерінен тұрады.

Пікірлесу.  Пікірлесудің ерекшелігі оқушыларды белгілі мақсатқа жеткізетін сұрақтар

жүйесі   бойынша   жетелеу.   Әдетте   практикаға   дейін   практикадан   кейін   қажетті   сұрақтар

талқыланады. Әдістің дидактикалық функциясы – оқушыларға талқылау үлгісі бойынша

шығырмашылық тәжірибесін үйрету.  Бұл негізінен теориялық әдіс. Дегенмен бұл әдісте

озық тәжірибеге сүйенуге  болады. Себебі, проблемалық баяндау формасында оқушылар

субьективті түрде жаңа білімдерден өздері үшін «жаңалық» ашады. 



Лекция. Лекция сабақтың әрі формасы, әрі әдісі. Бұл әдістің дидактикалық функциясы

– қандай да бір мәселе бойынша білім беру, білімді жүйелеу, қорытындылау, жоғары оқу

орындарындағы оқу түріне дайындау. 

Классикалық   үлгідегі   лекция   сабағына   тән   белгілер   –   сыйымдылық,   логикалық,

күрделілік. Лекцияның проблемалық сипатта болғаны тиімді. Сондықтан коспектілеудегі

теориялық   материалды   толықтыру   үшін   парақтың   сол   жағына   түсііндірмелер   жазатын

орын қалдырған тиімді. Бұл оқушы әрекетін дараландыруға, ойлау операцияларын жіктеп

көрсетуге бағытталады. Егер лекция материалдары компьютерге жазылып қойылған болса,

онда ол оқушының танымын басқаруды күшейтеді және лекция жазу барысында үлгермей

қалу деген секілді «қауіптен» арылтады.



Семинар  жалпы теориялық білімнен жеке іс - әрекетке өту формасы болғандықтан

информатиканы   оқытуда   осы   мәнін   сақтайды.   Бұл   оқыту   формасының   дидактикалық

функциясы:

- өтілген тақырып, тарау, бөлім бойынша игерген білімді жалпылап, жүйелеу;

- қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету;

- өз пікірлерін айта білу;



- сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

- баяндамалар,   рефераттар,   тезистер,   мақалалар,   хабарламалар   жоспарын   жазуға

дағдыландыру.

Компьютерде   жұмыс   істеу   тәжірибесі   негізінде   оның   мүмкіндігін   толық   болжауға

қабілеттілік  оқушының маңызды  интелектуалды  біліктілігі  болып табылды. Оны жузеге

асыруда семинар сабактарынын манызы ерекше.Компьютермен «бетпе-бет» тәсілі секілді

жеке оку формасының  ұжымдық формаға өту үшін де семинар сабақтары керек.

Рольдік   ойындары     семинармен   ұштастырып     талдауға   болады.Оқушы   семинар

сабағында нені «тапсыруы»керек екенін білуі керек. Мысалы,

           -енгізуге дайын алгоритмнің мәтіні;

           -алгоритмнің орындалуы (блок схема,ауызша немесе алгоритмдік 

            тілде)

           - сұхбаттық программаның  жобасы;

           - нұскау бойынша сұрақтарға жауап беру ;

           - өзінің немесе өзгенің прграммасына нұсқау беру;

           - өзінің немесе өзгенің ппрограммасына түсініктеме беру;

           - программа нәтижесін сипаттау;

           - ойынға қатысушылардың рольдік функциялары мен қателерін         

             талдау.

Нұсқау.  Компьютерлік   сыныптарда   жұмыс   істеудің   техникалық   қауіпсіздігі,

клавиатурамен жұмыс істеу тәртібі нұсқау арқылы берілгені дұрыс. Нұсқау ауызша немесе

жазбаша түрде беріледі. Оқушылардың бір – бірімен пікір алмасуы сұхбаттық программа

түрінде   болуы   мүмкін.   Нұсқаудың   дидактикалық   функциясы   –   теориялық   материалға

сәйкес әрекеттердің қалыптасқан, дәстүрлі тәсілдерін меңгеру. Іс - әрекет үлгісін нұсқау

ретінде көрсетіп, оқушыларды практикалық жұмысқа даярлау кезінде кең көлемді талқылау

болмайды. Себебі, оқушы іс - әрекетті орындайды немесе нұсқауда көрсетілген әрекеттерді

қайталап шығады. Мұндағы кері байланыс ауызша бақылау жағдайында орындалады. Ол

үшін міндетті түрде нұсқау берілуі қажет. Оқушының нұсқаусыз жұмыс істеуі компьтерде

көп уақыт алады және ол өз іс - әрекетінің мәнін түсінбеуі мүмкін.



Текстпен   өзбетінше   жұмыс.   Мақсаты   –   оқушыларды   практикалық   жұмысқа

дайындау.   Дидактикалық   функциясы   –   игерген   білімді   іс   жүзінде   қолдана   білу.   Мұнда

логикалық ойлаудың барлық формалары қолданылады. Оқушылардың өз бетінше білімін

көтеруге өте тиімді форма ретінде анықталады. 

Аристотель ерте кездің өзінде – ақ оқытуда сөздік әдістердің жеткіліксіз болатынын

байқап,   білімді   кітаптан   ғана   емес   өмірдегі   заттардың   өзінен   байқап,   тану   арқылы

меңгерудің тиімділігін айтқан. Яғни, білімді ақиқат дүние, өмір шындығы арқылы игерудің

мәнін көрсеткен. Демек, оқытудың көрнекілік әдістерін тиімді қолдана білу қажет.



Көрнекілік   әдісі.   Информатикада   оқушылардың   немесе   мұғалімнің   іс   -   әрекетіне

байланысты   компьютерлік   ортаның   өзгерісін   көрсету   –  көрнекілікті  қолдану   болып

табылады.   Мұнда   мұғалім   оқушылардың   сезім   мүшелері   арқылы   қабылдауы   жоғары

болатынын, әсіресе көру каналының маңызы ерекше екенін ескергені жөн. Ғалымдардың

тұжырымдауынша, «көру анализаторымен» байланысты ми қабатының, естуге байланысты

аймақпен арақатынасы 100:1 тең.

Информатика   сөз   де,   белгі   де   жаңа   сапаға   ие   болатынын   ескерген,   оқу   процесіне

оқытудың   техникалық   құралдарын   немесе   компьютерлік   технологияны   үйлесімді

пайдаланудың   берері   көп   болмақ.   Демек,   бұл   кезде   оқытудың  иллюстрациялық  әдісін

қолданған дұрыс.

Иллюстрация.   Информацияның   таңбалық   табиғаты   барлық   затты   (көзге

көрінбейтіндері де) иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ЭЕМ жадының

моделі,   жад   ұяшықтары,   т.б.   бойынша   олардың   қызметін   баяндау   сөздік   әдіспен

ұштастырылған иллюстрация болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2] – 73 - 149 бб.


3-тақырып Жоғары мектепте ІТ-пәндерін оқытудың нақты әдістемесі. 

Жоғары   мектепте   бағдарламалауды   оқыту   әдістемесі.  Жоғары   мектепте

компьютерлік модельдеуді оқыту әдістемесі. Жоғары мектепте компьютерлік графиканы

оқыту әдістемесі. Жоғары мектепте ақпараттық жүйелер және мәліметтер қоры пәндерін

оқыту   әдістемесі.   Компьютерлік   желі   және   желілік   технологиялар   пәндерін   оқыту

әдістемесі. ІТ-пәндері бойынша элективті пәндерді енгізу және оқыьу әдістемесі.

Оқытуды ұйымдастыру формалары мұғалім мен оқушы арасындағы мәлімет алмасу

құрылымының көрінісі. Ол оқыту мазмұны мен оқыту әдістеріне байланысты анықталады.

Бұл   құрылымның   форма   құрушы   элементі   компьютер   болып   есептеледі.   Информатика

пәнін оқытуды ұйымдастыруда келесі мәселелерге көңіл аударылуы тиіс:

-

бірлесе   әрекет   жасаййтын   қатысушылар   санына   байланысты,   жаппай



(фронтальды) формада;

-

топтық (бригадалық) формада;



-

жеке және жұптасып жұмыс істеу формасында;

-

рольдік ойындар формасында.



Бұл   кезде   процесінде   қатысушыларға   қатысты   (кім   басқарады,   Мұғалім,   оқушы

немесе компьютер) жағдайлары анықталады. 

Информатиканы   оқыту   әдістемесі   оқыту   –   бақылау,   дамыту,   тестілеу,   ойын

программалары   арқылы   оқушыны   компьютер   көмегімен   «оқыту»   мәселелерін

қарастырады.   Бұл   кезде   жұмыс   нәтижесі   экранда   көрініп,   оқушы   таным   әрекетін   өзі

басқарады. 

Ұйымдастыру формасындағы басты мәселе -   оқыту мазмұны. Оқыту әдісін оқыту

мазмұнына   тәуелді   екенін   ескерсек,   онда   оқыту   әдісі   де   өзіне   сәйкес   оқыту   формасын

қабылдайды. Мысалы, мұғалімнің компьютерде жұмыс істеу әрекетін демонстрациялауы

(оқыту   әдісі)   жұмыс   істеу   тәжірибесін   үйрету   мақсатын   көздейді   (оқыту   мазмұны),   ал

барлық оқушыны қамтуы (оқыту тиімділігі), оқытудың жаппай (фронтальды) формасына

сәйкес келеді. Рольдік ойындар оқыту әдісі бола тұрып, ұйымдастыру формасының күрделі

түріне   мысал   болады.   Мысалы,   ойынға   қатысушылар   «ЭЕМ   -   мұғалім»   басқаруымен

жұмыс   істейді   (1   топ),   қалған   оқушылар   «Орындаушы»   рольін   атқарып,   оқытудың

фронтальді   –   демонстрациялық   формасына   сәйкес   ұйымдастырылады.   Оқыту   формасы

оқыту әдісімен сәйкес келуімен бірге, оқыту мазмұнына негізделуі тиіс және бір сабақта

бірнеше оқыту формасы үйлесім табуы мүмкін.

Оқыту   формасының   негізгі   түрі   сабақ   басқа   формаларды   қамти   отырып

информатиканы  оқытуда  да маңызды  орнын сақтайды. Компьютерлік  сыныптарда  сабақ

уақытын   тиімді   пайдалану   мақсатында   қосарланған   сабақтар   жүргізіледі.   Бұл   әр   түрлі

формаларды   үйлестіруге   мүмкіндік   береді.   Мұнда   оқушылардың   саны,   басқару

субъектілері, ЭЕМ – ді қолдану мүмкіндіктері алдын ала ескеріледі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [42 – 155 - 202 бб. 

Әдебиеттер тізімі

1. ҚР «Білім туралы» заңы;

2. Нурбекова Ж.К. Теортеико-методологические основы обучения 

программированию: Монография. – Павлодар, 2004. – 225 с.

3. Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В.,  Бостанов Б.Ғ. Электрондық оқыту құралдарын

жасау мен пайдалану. Алматы. 2009.

4. Разработка электронных учебных изданий: Справ. пособие. /В.П. Трубин, П.Г.

Денисов, Ю.М. Передрей; Под ред.проф. В.В. Усманова. Пенза: Изд-во Пенз. технол. ин-



та, 2007. 34 с.

Document Outline

  • Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
  • Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
  • Кафедра меңгерушісі ___________ Оспанова Н.Н. 2012 ж. «_»____
  • ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2012 ж. «____»____________




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал