Әділғазы Қайырбеков



жүктеу 7.14 Kb.

бет7/14
Дата22.01.2017
өлшемі7.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
2007 ж.

98
М.БАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ 
ҒАБИТТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы 
туралы әңгіме болғанда, әрине, ең алдымен жазушының 
замандастары мен тұстастары, пікірлестері мен сырластары 
айтқан лебіздер қымбат. Олай болатын себебі, үлкен 
суреткердің ғұмыр жолындағы әрбір елеусіз дейтін 
уақиғалардың өзі уақыт өте келе маңыз ашады, сыр 
суыртпақтауға жетелейді. 
 
Ұзақ жылдар бойы Ғабеңнің дос-жар інілерінің бірі 
болған белгілі ғалым, әдебиетші, қоғам қайраткері Мүсілім 
Базарбаевтың Ғабит Махмұтұлы туралы естелігі мен 
зерттеу мақаласы да көп ойлар өрбітіп әкетуге сұранып 
тұр. “Қызмет бабына байланысты, Жазушылар одағы, 
Академияның Әдебиет және өнер институты тарапынан 
үнемі кездесіп, жолығысып жүретін себепті, жастары 
көп үлкен болғанымен, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, 
Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқанов, Ахмет Жұбанов 
сияқты алыптармен, онан кейінгі лек Қажым Жұмалиев, 
Есмағамбет Ысмайылов, Мәлік Ғабдуллин сынды белгілі 
ғалым-әдебиетшілермен ақылдасу, кеңесу жайларым көп 
болды” – деп Мүсілім Базарбаев өз естелігінде олармен 
жақын қарым-қатынаста болғандығын ашық аңғартқан. 
Ғабит Мүсіреповтің ой-пікірлерін өз аузынан үнтаспаға 
жазып алуы (1967 жылы 20 қарашада Ғали Ормановтың 
үйінде және 1985 жылы 30 маусымда өз үйінде) арқылы да 
танымдық толғаныстарға тамызық тастайды. 
Ғабең әдебиеттегі дәстүр және жалғастық мәселесіне 
орай өзінің ойын былайша білдірген:“…Сәбит болсын, 
Ғабиден, Әбділда, Ғали яки Дихан болсын – бәріміз айналып 
келгенде, Мұхтар Әуезовтің, Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет 
Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің шәкіртіміз, әрі кеткенде 
солардың ісін жалғастырушымыз. Әр қайсымыз әртүрлі, 
жеке дарамыз десек те, бәріміздің басымызды қосатын, 
біріктіретін бір жәй бар: ол – қайткен күнде де біз өзімізден 
бұрын болған, бұрыннан бар дүниені әрі жалғастырушымыз, 

99
ілгері алып барушылармыз”. Бұл Ғ.Мүсіреповтің Сәкен, 
Бейімбет, Ілияс ақталғаннан кейін, ал Ахмет, Міржақып, 
Жүсіпбек, Мағжан, Шәкәрімдер ақталмай тұрғанда айтқан 
пікірі. Жалғастық туралы айтқанда жоғарыдағы екі-үш 
жазушының аттарын атаумен тоқталып қалғысы келмегені 
де аңғарылады. “…өзімізден бұрын болған, бұрыннан 
бар дүние…” дегенде нені мегзегенін оқырманы мен 
тыңдарманының зерде таразысына қалдырады.
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық стиліндегі терең 
астар, тосын емеурін, жұмбақ байламдар оның ауызекі 
сөйлеу мәнерінен де байқалатынын осы үнтаспаға жазылған 
ойларынан жиі аңғарамыз. Мәселен, “Қазақтың ескі бір 
мақалы кеше Шоқанның үш томдығын алып, соны аударып 
отырғанда еске түсті. Жақсы мақал. “Дос болмайтын 
адаммен дос күніңде құтыл” дейді. Ия, ал енді әрбір дос 
болмайтын адамнан дос күніңде құтыла беру кісінің қолынан 
келмейді. Бірақ, әрқашанда ақырындап, түбінде сол дос бола 
алмайтын адамдардан алшақтай берген дұрыс…”. Осылай 
деген Ғабең ұзақ ғұмырында дос болғысы келмеген кімдерден 
алшақтағанын ашып айтпайды, алайда достары жөнінде 
толғанғанда: “…мына менің әдебиет майданында болсын, 
қоғамдық істе болсын, жеке адамдар арасында болсын, 
ең жақын досым Ғабиден болып өтті” деп ерекше екпін 
түсіре сыр ашқан. Бұл сөзді Ғабең 85 жасында айтып отыр. 
Досы Ғабиден Мұстафин содан бір жыл бұрын дүниеден 
озған. Екінші кезекте Әлжаппар Әбішевтің есімін атайды. 
Содан соң “…Мына Мүсілімге берген кітабыма дос-жарлық 
белгісі болсын деп жаздым. Жасы кіші болса да, ең жақын 
замандастарымыз осы Мүсілім. Жасы көп кіші бізден. Ана 
Еркеғали (Рахмадиевті айтады. Ә.Қ.) бәрімізден кіші ғой” 
– дейді Ғабең “дос-жар” деген сөзге қайта-қайта оралып, 
бұған дейін ешкімге “дос-жарлық белгісі” болсын деп жазып 
кітап сыйламағанын, Мүсілім Базарбаевқа бұлай деуінде көп 
мән бар екенін байыппен аңғартады. Оның себебін ары қарай 
талдап, таразылап жатпайды. Бұл сөзді Ғабең өзіне қатысты 
ерекше ықыласпен неліктен қолданғанына М.Базарбаев та 
тоқталмаған. Дегенмен, өзара сыйластықтың, дос көңілдің 
ыстық табы сезіліп тұр. 
 Ғабеңнің жұмбақ тұлғасы, өзгеше жаратылысы жөнінде 

100
Мүсілім Базарбаев былай дейді: “Әрбір ойшыл, сыршыл 
жанның айтқанынан айтпағаны көп, бергенінен бермегені 
көп болып келетіні сияқты, ендігі бір сәтте оның сырт ажары 
қай жақтан белгі, қай тұстан хабар әкеледі дегендей болып 
тұратынсың. Көңілі жай кездерде, жүзінде бір мысқыл 
күлкінің ізі өне бойы байқалады. Ықыласы түссе, оның 
сырын айтады да, түспесе, сол жабық күйінде қала береді. 
Ұзақ өмірі ішінде көрген-түйгені мол, берілген де, безінген 
де жайлары көп адам, бәлкім, осылай, сырт қарағанда тым 
анық емес сияқты күйде қалыптасатын шығар, сөйте тұра 
өмірде нағыз эстет, сері екені де даусыз ғой…”
 Бұлай деп жанындағы кісінің тұлғасын да, тұрпатын да, 
ішкі жан-дүниесін де әжептәуір зерттеген адам ғана айта 
алса керек. Әсіресе, Ғабеңнің өзін сөйлету арқылы кірпияз 
жазушы әшейінде айта бермейтін, жаза бермейтін кейбір 
ой ұшқындарын ұстап қалады. Ғабеңді “нағыз эстет, сері” 
деп танитын М.Базарбаев сол қартайғысы келмейтін сері 
көңілді Ғабеңнің өз сөзімен дәлелдей түскендей. “Мен енді 
құдай ұрып Мұқтар мен Сәбиттен кейінгі бас ұстайтын кісі 
болып қалдым. Сапекең де жоқ қой, білесіңдер. Сол басты 
мен осы күнге дейін меңгере алмай қойдым. Бар білетінім екі 
құлағын екі кісіге кесіп берем де қоямын. Ал енді бірде олай, 
бір істе бұлай көрінетініміз болар, бірақ еш уақытта үлкендік 
сезінген емеспін осы күнге дейін” - дейді Ғабең. Немесе 
“Маған Махмұдович дегенде тіпті инедей шаншылады, мен 
әлі баяғы Ғабит емеспін бе деп ойлаймын. Мына Зейнел мен 
Мариям (Ғ.Мұстафин мен С.Мұқановтың бәйбішелері. Ә.Қ.) 
“Ей, Ғабит” деп сөйлегенде мен өзімнің стихияма кіргендей 
сезінемін” деуі кәрілікті мойындамау ғана емес, мәңгі жас 
көңілді аялауы деп түсінеміз. 
1983 жылы Академияда болатын кезекті сайлау 
қарсаңында Ғ.Мүсірепов Әдебиет және өнер институтының 
директоры Мүсілім Базарбаевқа телефон шалып, академик 
атағын алуға Зәки Ахметовпен қатар Әбділда Тәжібаевты да 
ұсынуға ұйғарым жасағандықтарын хабарлайды. Кейін дәл 
сайлау болар қарсаңында бұл пікірінен аяқасты айнып, Зәки 
Ахметовты қолдау жөнінде жұмыс жасайды. З.Ахметов 
өтеді. Осы бір жайтқа байланысты мән-мәністі М.Базарбаев 
өз естелігінде егжей-тегжейлі баяндаса да, Ғабеңнің дәл 180 

101
градусқа бұрылып, пікірін өзгертуінің себебін аша алмаған. 
Оны өзі де мойындайды. Яғни, Ғабеңнің жұмбақ та күрделі, 
қайшылықты тұлғасы осы бір деталь арқылы да толыға 
түскен. Кейбір ішкі сырларын Ғабең ең дос-жар деген 
адамдарына да жайып салып отырмаған екен-ау деген ойға 
қаласыз.
Ғ.Мүсіреповтің “Оянған өлке” романының екінші 
кітабы “Жат қолында” 1984 жылы “Жазушы” баспасынан 
жарық көреді. М.Базарбаев “Жат қолында” романының 
қолжазбасына пікір жазады, баспадағы қолжазбаны 
талқылауға қатысады және сол роман туралы рецензиясы 
“Социалистік Қазақстан” газетінде (25.01.1985 ж.) жарық 
көреді. Яғни, “Жат қолында” романы туралы алғашқы сөз 
Мүсілім Базарбаевтың еншісінде болса керек. “Егер стиль 
адамның  өзі дейтін болсақ, Ғабең әдебиетімізде өзіне лайық 
стиль жасаған адам” деген тұжырымға М.Базарбаев, әсіресе, 
осы романнан кейін біржола бекіген сияқты. “Жазушы” 
баспасында кітаптың қолжазбасын талқылау кезінде 
“Жат қолында” деген роман атауынан саяси астар іздеп, 
күдіктенгендер де болыпты. Автор роман атауын өзгертуге 
келіспеген. Бұл ретте де Ғабит Мүсіреповтің өз мінезі, өз 
қалыбы, өзгеге ұқсамайтын өз қолтаңбасы айқындалады. 
 “Ғабит Мүсірепов қалдырған дәстүр, мұра бай, – деп 
жазады М.Базарбаев. – Ең алдымен, мұра дегеннің бәрі 
бірдей қолмен ұстап, көзбен көретін дүние бола бере ме? 
Мұра, дәстүр жайын айтқанда осындай өне бойы қолға 
түсе бермейтін, бірақ алдыңызда үнемі тұратын тез, талап, 
талғам деген ұғымдар ойға келеді. Қазақ әдебиетіне осындай 
түсініктерді сіңдіріп, көркем сөздің, өнердің өнерлік қасиетін 
бірінші парыз етіп қойған салт қалдырды”.
Бұл – Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына берілген 
жоғары баға. Бұл жерде ғажайып суреткердің ана романы, 
мына әңгімесі деген тұрғыда сілтеме жасалып тұрған жоқ, 
бірақ жинақтай айтқан, терең қамти айтқан және дөп басып 
таныған сыни көзқарас екені даусыз.
 
“Жат қолында” романында “Оянған өлкеден” белгілі 
Игілік бидің баласы Кенжеғара тарих сахнасына шығады. 
“Кенжеғарамен кейіпкерлер де, характерлер де, оқиға, 
суреттер де бітпейді. Бұл өзі аралық адам, аралық бейнедей 

102
көрінеді. Аралық дегенде екі жаққа бірдей деген мағынада 
емес, екі жаққа да өтімді, екі жақ та бірдей тыңдайтын: 
шонжарлар жағы күйзеліп тыңдайтын, әділдік ұстанған 
жан. Кенжеғара романының негізгі кейіпкері” – деген 
Мүсілім Базарбаевтың романды талдап-таразылауында 
зерттеушіге тән зерделі ой-пікірлері мол.
“Романның композициясы анық. Бірінші бөлім – 
Қарағанды, Ақбұйрат, Нілді кендерінің жат қолына өту 
алдындағы жайы – пролог болса (Игілік, Ушаков, Рязанов 
күндері біткен), екінші бөлім бұл өлкенің жат қолына – 
ағылшын, француз концессионерлерінің қолына өтіп, “жаңа 
тәртіп” орнағанын баяндайды, үшінші бөлімде ескі өмірдің 
іргесі сөгіліп, патшаның құлауы, жат жерліктердің қара 
машинамен қара ешкіні баса-маса қашуы суреттеледі – бұл 
сол заман эпилогы сыйпатты” – дейді М.Базарбаев.
“Жат қолында” романы жайында” атты осы мақаламен 
оқып танысқан соң автор сыншыға “бәрі дұрыс екен, 
бірақ көркемдік, шеберлік жайында айтылмаған екен” 
деп уәж айтады. Ғ.Мүсірепов әрбір шығармасындағы тіл 
кестесіне, көркемдік желілерге, суретті сөзге айрықша 
жауапкершілікпен қараған жазушы ғой. Өзі де бұл тақырыпқа 
талай рет мақалалар арнаған, баяндамалар жасаған. Әрине, 
бір мақаламен Ғ.Мүсірепов шығармасындағы көркемдік 
шеберлікті ашып тастау да оңай емес. Кейіннен “Жат 
қолында” романы туралы ғылыми еңбектер де жазылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ғ. Мүсірепов туралы естеліктер. Құраст. С.Оразалы. 
Алматы: Білім, 2004. – 480 б.
2. М.Базарбаев. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: 
Жібек Жолы, 2005. – 512 б.
3. . Ғабит Махмұдұлы жайында есте қалғандар. Жалын, 
№9-10, 1998. – 172-189 б.б.
2007 ж.

103
   
АЛАБҰРТҚАН КӨҢІЛДІҢ СӨЗ 
ДАУАСЫ
Қазақ әдебиетінің классигі, Еңбек Ері, академик-жазушы 
Ғабит Мүсіреповтің мұражай-үйі қорында оның бұдан 
80 жыл бұрын Бурабайда түскен фотосуреті  сақталған 
және бұдан тұп-тура 80 жыл бұрын оның тұңғыш көркем 
туындысы “Тулаған толқында” жазылған еді. 1927 жылы…
Оқырман әрдайым өзінің сүйікті жазушысының өмірдегі, 
өнердегі ең алғашқы қадамы туралы, ең алғашқы көркем 
туындысы жайында, ең алғашқы баспа бетінде көрінген 
шығармасы жөнінде, тіпті, тұңғыш түскен фотосуреті 
хақында тың дерек, жаңа пікір оқып-білгісі келетіні анық.
“Ғабит Мүсірепов әдебиет әлеміне қалай қадам жасады?” 
деген сауалға ол өзінің “Автобиографиялық әңгімесінде” 
мынадай жауап әзірлепті : “…Рабфакты бітіріп шыққаннан 
кейін де әдебиетке ауысуға табаным тұрақтай алмай, 
Омбыдағы ауылшаруашылық институтына барып түстім. 
Ол кезде оны академия деп атайтын. Әдебиетке алабұрту 
сонда басталды… Өзгелер ауылшаруашылық үйірмелеріне 
кеткенде мен әдебиет үйірмесіне жазылдым.” Сол әдебиет 
үйірмесінің үйіріп әкетердей бір сиқыры болғаны ғой, 
көркем әлемге көзін де, көңілін де суарып, қаршадайынан 
батырлық, ғашықтық жыр-дастандармен сусындап өскен 
жеткіншек Омбыдан Көкшетауға келгенде қолына қалам 
ұстауға біржолата бел буған сыңайлы.
Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш әңгімесі “Тулаған толқында” 
1927 жылы қыркүйек айында Бурабайда жазылған. Бұл 
кезде ол Бурабай орман шаруашылығы техникумында 
оқытушылық қызметте.
Мына фотосуретті көргенде, екіұдай ойға беріледі екенсіз. 
Бір қарағанда, күрең аттың тізгінін сол қолымен тарта ұстап, 
ердің үстінде еркін отырған жас жігіттің үстінде ақ көйлек, 
балағы қайырмалы шалбарының түсі қоңырға келіңкірейді. 
Үзеңгідегі оң аяғындағы бәтеңкесі де су жаңа болса керек, 
жылтырап тұр. Оң қолын ердің артқы қапталына қарай бос 
тастап, мойнын оңға қарай әнтек бұрған, шашы қалың емес, 

104
кең, жазық маңдайы жарқырап, езуінде әлгінде ғана ұялаған 
күлкінің ыстық табы бар секілді. Тұтаса өскен үйеңкі, 
қайың, қарағайы аралас Бурабайдың орман алқабының бір 
әдемі пұшпағы табиғат-суретшінің төл туындысындай көз 
тартады. Осы жігіт Орман техникумының оқытушысы десе, 
дегендей-ақ. Ал екінші бір қырынан қарағанда, алғашқы 
әңгімесін жазған болашақ классик жазушы “Ал, міне, 
атқа қондым! Әдебиет әлеміне сапарым басталды!” деп 
тұрғандай!
Ғ.Мүсіреповтің “Тулаған толқында” атты тұңғыш 
көркем туындысын бұлақтың бастауы, тұманың көзі деп 
қабылдауымыз керек. Профессор Тұрсынбек Кәкішев 
Ғабеңмен әңгімелесіп отырғанда сұрайды: “Т.К.: Сәкен 
сіздің “Тулаған толқында” деген әңгімеңізді оқыған шығар? 
– Ғ.М.: Оқыды” (Ғабит Мүсірепов туралы естеліктер. 
Құраст. С.Оразалы. – Алматы : Білім, 2004-160 б). Ал 1985 
жылы 30 маусымда Мүсілім Базарбаев өз үйінде Ғабеңнің 
сөзін магнитофон таспасына жазып алған екен. Сонда 
мынадай бір дерек айтылады: “…Ілияс алғаш әлгі кішкентай 
повестім шыққанда: Әй, сен, қайда тығылып жатқан қара 
домалақсың, деп жазды; Бурабайдың бір сұлуын бауырыңа 
басып, көрінбей жүрсің ғой сен тегі, тастау керек, мында 
келу керек, деп жазды” (М.Базарбаев. Замана тудырған 
әдебиет.- Алматы, Жібек жолы, 2005 – 512 б).
Ғабеңнің  алғашқы әңгімесі (Бұл өзі “әңгіме”, “ұзақ 
әңгіме”, “кішкене повесть”, “повесть” деп жанрына қатысты 
әрқилы аталған. Ә.Қ.) сол  тұстағы қазақ зиялыларының 
назарын аудартқаны анық. ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
жазушыларының шығармаларында кеңестік идеологияның 
ықпалы бірден байқалған жоқ. Кейін бір шығарма екінші 
рет өңделіп, қайта басылғанда мұндай өзгерістерге көп 
ұшыраған. Ғ.Мүсіреповтің алғашқы туындысы төңкеріс пен 
азамат соғысына қатысты көркемдік шындыққа ұштасуымен 
ерекшеленген. Бірақ  осы көркемдік шешімге жазушының 
көңілі онша толмағандығы 1965 жылы “Жазушы” баспасынан 
жарық көрген “Белдерде” атты әңгімелер мен повестер 
кітабындағы мынадай қосымша ақпараттан аңғарылады: 
 
“Тулаған толқында” - менің ең бірінші жазған әңгімем  еді 
(1927ж). Бұдан қырық жылдай бұрын жазылған нәрсені 

105
қопара өңдеуді лайықсыз көрдім. Тек бір оқушыдан  ұялар 
жерін кестім: босаңдығы да, балаңдығы да жеткілікті екен. 
Аяғы бұрын жеңістен кейінгі Біржан мен Шәйзаның бақытқа 
жеткенімен бітетін. Соның өзін тым олақ жасаған екем, бұл 
жолы оған жеткізбей, бостандық күресіне аттануларымен 
аяқтауды дұрыс көрдім. Ғ.М.” (61 б.) 
Әрине, кемеліне келген, толысқан көркемдік шеберліктің 
құпиясын әбден меңгерген қаламгердің тырнақалды 
туындысына қатал сын көзімен қарауы түсінікті. Дегенмен, 
тұңғыштың аты тұңғыш. Жазушы бұл туындысын көзі 
тірісінде-ақ өзінің бес томдық, үш томдық таңдамалы 
шығармалар жинақтарына енгізіп отырған. 1980 жылы 
“Жазушы” баспасынан шыққан үш томдығының повестер 
мен әңгімелер топтастырылған бірінші томына филология 
ғылымдарыныњ докторы Әбділхамит Нарымбетов мынадай 
ғылыми түсінік беріпті: “Тулаған толқында”. Бұл повесть 
жазушының творчестволық сапарындағы тұңғыш көлемді 
шығармасы. Повесть бірінші рет “Толқынды өмір” деген 
атпен “Жаңа әдебиет” журналының 1928 жылғы 3-4 
сандарында жарияланды. Сол жылы повесть “Тулаған 
толқында” деген атпен Қызылорда қаласындағы Қазақстан 
халық шаруашылығының орталық кеңесінің мемлекеттік 
баспаханасынан басылып шықты. 1933 жылы повесть қазақ 
мектептерінің  6-класына арналған көркем әдебиет жинағына 
енді (құрастырғандар Ғ.Мүсірепов, І.Жансүгіров). 1935 
жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 
екінші рет кітап болып басылып шықты. Бұдан кейін повесть 
жазушының 1965 жылғы “Белдерде” атты кітабына, бес 
томдық шығармалар жинағының бірінші томына (1972) енді. 
Үш томдық шығармалар жинағына “Тулаған толқында” 
повесі бес томдық шығармалар жинағындағы текст бойынша 
еніп отыр” (531 б.).
Міне, осы орайда, Ғабеңнің алғашқы әңгімесі алғашқы 
әдеби кітабы болып жарық көргенін, ал дәл сол 1928 жылы 
“Американ бидайығы” атты тағы бір кітапшасы қатар 
шыққанын айта кеткен жөн. 
“Мүсірепов творчестволық жолын “Тулаған толқында” 
(1927) атты повестпен бастады. Б.Майлиннің “Шұғасы”, 
С.Сейфулиннің “Айшасы”, М.Әуезовтің “Қорғансыздың 

106
күні” сияқты жас жазушының тырнақалды туындысы 
еңіреген қарындасы – қазақ қызының бостандық үшін 
талпынысына арналған” – деп ой түйеді  Хасен Әдібаев (Х. 
Әдібаев. Талант. Талғам. Тағдыр. Жазушы, Алматы.-256 б.).
Жалпы, қазақ қызының – қазақ әйелінің тағдырына 
алаңдаушылықпен қараған жазушы оны өзінің бүкіл 
шығармаларына алтын арқау етіп алады. Ана туралы 
толғаулардың ақыры “Ұлпанға” келіп ұласқаны, сол арқылы 
әйел-ана портреттерінің тұтас галереясы жасалғаны 
оқырмандарға мәлім.
Академик М.Қаратаевтың естелігінде де осы шығармаға 
қатысты мынадай сурет бар: “Бір күні, 1928 жылдың күз 
айында кабинетке көңілді кіріп, “Балалар, мына кітап жаңа 
ғана дүкенге түсіпті, алып қалыңыздар” - деді Жұмабай 
аға. Кітапты жағалай қарап шығуға жалтақтап отырған 15 
балаға ұсынса бола ма? Жапырлай қарап шықтық. Араб 
әрпімен басылған “Тулаған толқында” повесі екен. Авторы – 
Ғабит Мүсірепов. Барлық бала сыныптан шыға сала жабыла 
дүкенге жүгірдік. Баруын бардық. Бірақ сатып алуға ақша 
қайда? Жалтақтап бір-бірімізге қарадық та, ақыры қалған-
құтқан тиын-тебенімізді қосып екі кітап алып, екі жерге 
бөлініп, жабыла оқыдық. Бұдан бұрын қолға түскен басқа 
кітаптарды солай оқитынбыз, қызығатынбыз, кейде тіпті 
тәнті боп тамашалайтынбыз. С.Сейфулиннің, Б.Майлиннің, 
М.Әуезовтің сол кездегі шығармаларымен осылай 
танысатынбыз.” (“Ғабит Мүсірепов туралы естеліктер”, 69 б.). 
Міне, Ғабеңнің тұңғыш туындысына қатысты естеліктердің 
өзі талай сырды ақтаратынын байқаймыз.
1980 жылы шыққан үш томдығындағы “Тулаған 
толқынданы” жазушы қолына қарындаш алып отырып 
мұқият оқып шығыпты. Корректордың кінәсінен кеткен 
әріп қателерін түзеткен. Қалып кеткен сөздерді көрсеткен. 
“Шекпендерін” деген сөзді - “пальтоларын” (26 б.), “көзін 
салып” дегенді -  “көз салып” (27 б.),  “автономия” дегенді -  
“аптономия” (31 б.), “фоетонмен” дегенді -  “поетонмен” (31 
б.), т.б. деп өзгерткен екен. Ең соңына “Қарап шықтым. 5.07.82. 
Ғ.М.” деп белгі қалдырған (57 б.). (Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы. 
Үш томдық. – Алматы: Жазушы. 1980. Т.1. Повестер мен 
әңгімелер. 544 б.).

107
Мұражай кешенінің қорында Ғабит Мүсіреповтің 
“Тулаған толқында” кітап болып шыққаннан кейін 
Бурабайдан Қызылордадағы Сәбит Мұқановқа арнайы 
жазған хаты сақталған (18.04.1928 ж.).
“Менің тағы бір ұнатпайтыным: алған теманың өзінен 
басқа, ешқайда бұрылмайтын әдет. Мен мұны жек көрем, - 
деп жазады хатында Ғабең, – Әсіресе, болмысы, тұрмысы… 
тағы тағылардың ізі түсіп отырса екен. Осы күні (меніңше) 
жазушылар “саяси жақ” деп алғанда, басқа жағын ақсақ 
тастайды. Мен оған қарсы. Сондықтан қай күнде болса да, 
менің жазғандарым көлденең материалды көбірек қосып 
отырады. Бұл әдетті (әзір жүзеге асыра алмаған әдетті) 
түбінде, жазып кете алған күнде де тастамаспын деймін. 
“Теңіз тепкісіне” де бірталай көлденең материал кірген 
себебі сол еді”.
Бұдан басқа да жас жазушының әдебиетке, сөз өнеріне 
қатысты албырт ойлары, асқақ мұраттары осы хаттан 
біршама  аңғарылады. Оған жазушының ұзақ та жемісті 
шығармашылық жолына үңіле қарағанда көп жауап табуға 
болады.
Бір сурет пен бір әңгімеден өрбіткен ойларды осымен 
тиянақтай тұрайық. 
   2007 ж.
ЗАР-МҰҢЫМДЫ ҰҚҚАН 
ЗАТАЕВИЧ
НЕМЕСЕ ОНЫҢ С.МҰҚАНОВҚА СЫЙЛАҒАН ҚОЛТАҢБАСЫ 
БАР  ФОТОСУРЕТІНЕН ӨРБІГЕН ОЙЛАР
Мұражайдағы Сәбит Мұқановтың өмірі мен 
шығармашылық жолы баяндалатын әдеби бөлімді көріп-
тамашалап жүрген екі студент қыз өзара былайша тіл 
қатысқандарын құлағым шалды:
– Мынаны қара. Затаевичтің  фотосуреті. Сәбит 
Мұқановқа қолтаңбасымен сыйлапты. 
– Қай жылы?
–1932.

108
– Сонда. Екеуі   дос  болған ғой…
– Қалай дос болады, Затаевич Мұқановтан жасы жағынан 
көп үлкен емес пе?
– Ендеше, таныс болған, сыйлас болған.
– Әрине, әйтпесе, фотосуретін  бере ме?
– Қазір, мұражай қызметкерінен  сұрайықшы…
Әлбетте, мұражайдағы әрбір жәдігерлік, жеке алып 
қарағанда, талай сырды ішіне бүгіп, жасырып тұрары хақ. 
Қарапайым, елеусіз көрінген экспонаттың өзі қаншама 
тарихты қозғап, қаншама шежірені тарқатуға себеп. Тек 
соған апаратын жолды әркім әрқалай іздейді. Екі студенттің 
әлгі әңгімелесуін естіген соң, осы бір қолтаңбасы бар 
фотосурет жөнінде жұртшылыққа кеңірек мағлұмат беру 
керектігін ұғындым.
Ең алдымен, Александр Затаевич туралы біз не білеміз, 
қазақ өнеріне, мәдениетіне сіңірген еңбегі қаншалық еді, қай 
кезеңде, кімдермен тұстас өмір сүрді, т.б. сауалдарға жауап 
бере кетелік.
Александр Викторович Затаевич 1869 жылы Ресейдің 
Орлов облысында дүниеге келіп, 1936 жылы Мәскеуде 
өмірден озған. Белгілі музыка сыншысы, этнограф, 
композитор ретінде танылған. Орлов қаласындағы әскери  
гимназияны бітіріп, Польшадағы «Варшавский дневник» 
атты үкіметтік газеттің музыка және театр бөлімін басқарған, 
Варшава консерваториясының бақылаушылар кеңесінің 
мүшесі болған.1904-1915 жылдары мақалалары жарық 
көріп, ол музыка сыншысы ретінде өзін мойындатқан. П.В. 
Аравин «А.В. Затаевич – музыка сыншысы» атты зерттеу 
мақаласында бұған егжей-тегжейлі тоқталған, мол мағлұмат 
берген.  Жалпы А.В. Затаевичтің халық музыкасына және 
фольклорға құштарлығының оянуына орыстың халық 
әндерін шебер орындаушы Надежда Плевицкая қатты әсер 
еткендігін П.В. Аравин екпін түсіре айтады және 1915 жылы 
Ресейге оралып, 1920 жылы Қазақстанның сол кездегі 
астанасы Орынборға қоныстануы оның өміріне елеулі 
өзгерістер әкелгендігіне назар аудартады.
Қазақтың халық әндеріне Затаевичтің құштарлығы осы 
Орынбордағы Педагогикалық курста оқып жүрген Қуандық 
Жездібаев деген әншіден «Харидай-ау» деген халық әнін 

109
тыңдағанда ояныпты. Тұңғиық ән әуенін тыңдап отырып ол
біріншіден, керемет әсерге бөленеді. Екіншіден, қазақтың 
ән фольклорының телегей теңіз қазынасы қызықтырады. 
Үшіншіден, соны жинауға, зерттеуге, нотаға түсіруге қалған 
ғұмырын арнауға бел буып, бекем шешім қабылдайды.
Енді «Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясының» 
4-томына үңіліп көрелік: «Осы кезеңнен бастап (1920 
жылдан. Ә.Қ.) ол ғасырлар бойы ауызша таралып келген 
қазақ халқының музыкалық мұрасын нотаға түсіріп, ұлттық 
ән-күйлердің қаймағы бұзылмаған қалпын сақтап қалуға 
зор мүмкіндік жасады. Халықтың кәсіби әнші-күйшілерінің 
шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық 
шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар 
жинады.
Ақан Сері, Біржан Сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі 
Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. 
шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. 
Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар 
жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. 
Этнографтың «Қазақ халқының 1000 әні» (1-басылымы 1925 
ж., 2-басылымы 1963 ж.), «Қазақтың 500 ән-күйі» (1931), 
«Песни разных народов» (1971ж.), жарияланбаған «Қазақ 
музыкасының 3-томы» деп аталатын жинақтарында қазақ 
халқының классикалық ән, күйлерінің үлгілері мол орын 
алған».
Сәбит Мұқанов өзінің 1956 жылғы 13 қыркүйекте 
жазылған «Александр Затаевич туралы» атты естелігінде 
(«Өсу жолдарымыз»,  Алматы, 1960, 550б.) екеуінің қалай 
танысқаны, қандай қарым-қатынаста болғандығы жөнінде 
бажайлап баяндаған. 
Екеуі 1923 жылдың басында және аяғында Орынборда екі 
рет кездескен. 1925 жылы бірге сапарлас болып поезда, 1927 
жылы жазда Қызылордада, содан соң 1930 жылы Мәскеуде 
ұшырасқан. Ол кезде С.Мұқанов Марр атындағы тіл білімі 
институтында оқып жүрген. 
Алғашқы кездесудің өзі әнмен байланысты. Орынборда 
жолығысқаннан кейін, жатқан үйіне іздеп барып, қояр 
да қоймай Сәбитке бірнеше ән айтқызған Александр 
Викторович Ақан Серінің «Мақпалын» нотаға түсіреді. 

110
«Міне, саған керемет! – деді, нотадан хабары жоқ Шөпбай, 
Затаевич «Мақпалды» әдемі дауыспен ыңырси дәл түсіріп 
айтып бергенде, - қалай қағып алды, бұл әнді аузыңнан» - 
деп Сәбең қасындағы серігінің бұған таң-тамаша қалғанын 
да жасырмайды. 
А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні мен күйі» атты 
кітабына енген, Сәбит Мұқановтың айтуымен нотаға әуені 
түскен әндер мыналар: 140. «Қос алма», 141. «Иә-иә», 142. 
«Жылау» (Ү), 143. «Тайжан әні», 144. «Зар», 145. «Құдалық 
өлеңі», 146. «Мақпал (1) [Ақан Серінің әні] (ІҮ), 147. «Ғаләлім», 
148. «Қараторғай» (ІІІ), 149. «Тәні-ай». Әнді жаздырушы 
Сәбит Мұқановтың Петропавл уезі Таузар болысының № 3 
ауылының қазағы екендігін де көрсеткен.
Ал З.Кереева «А.В.Затаевичтің қолжазба жинағы 
туралы» атты мақаласында (кітапта: «А.В.Затаевич», 
А., 1958, 172 б.) атап көрсеткеніндей, атақты этнограф 
қайтыс болғаннан кейін оның жеке мұрағатынан «Қазақ 
музыкасының ІІІ-томына арналған материалдар табылған. 
Оны марқұмның қызы Ольга Затаевич Қазақ КСР Ғылым 
Академиясына тапсырыпты. Қолжазба кітап қазір Орталық 
Ғылыми кітапхана қорында сақтаулы екен.
З.Керееваның деректеріне қарағанда, бұл қолжазбада 
С.Мұқановтан жазылып алынған төмендегі әндердің 
ноталары сақталған: «Қыз Бике» (авторының аты), «Жетім 
қыз Күнайым», Ыбырайдың «Қалдырғаны»,  «Қарақат 
көзі», «Желдірме» және «Шалқыма» деген ән. З.Керееваның 
дәйектеуіне қарасақ, Сәбит Мұқановтың айтуымен 
нотаға түскен «Жетім қыз Күнайым» пьесасының оқиғасы 
да тартымды. «Бұл пьесаның оқиғасы – қазақ-қалмақ 
қақтығыстары дәуірінен. Қалмақтар қазақ ауылын шауып, 
14 жастағы Күнайым аруды тұтқынға түсіреді. Қалмақ 
ханы оны өзі алғысы келетінін аңғартады. Бірақ бұған 
тұтқын қыз үзілді-кесілді қарсылығын білдіреді. Содан 
кейін оған қамқоршы болып жүретін ағасының басын 
кесіп, әкеліп қыздың алдына тастайды (қыз жетім еді), 
бірақ бұл да оны шешімінен айнытпайды. Сонымен, түнді 
өткізіп, таң алакеуімде, ағасының кесілген басын қолына 
ұстаған қыз өзеннің жарқабақты жағалауына жүгіре 
жетіп, «бұдан кейін өмір сүрудің мәні жоқ» деген шешімге 

111
бекіп, тулаған толқынға секіріп кетеді. Пьесаның музыкасы 
қыздың өжеттегін әспеттеген». (Қолжазбаның 108 беті). 
Қолжазбада А.В.Затаевичтің өз қолымен 507 қазақ әні бар 
деп көрсетілген, ал шын мәнінде – 402. Сонда 105 ән нотасы 
жоғалған яки қолды болған. 
«1000 әннің» екінші басылымында А.В.Затаевичтің 
ескертпелеріне редакциялық алқаның толықтырулары 
қосымша ретінде берілген. Онда С.Мұқановтан жазып 
алынған «Қалия» (440 б.) және «Уа, шіркін» (443 б.) деген 
тағы екі ән нотасы бар. «Қалияның» қасында «Ғалия» деген 
ән нотасы (Әли Болданов жаздырған.) қатар беріліпті. 
Бұған Затаевич мынадай түсіндірме жазған: «Қалия» мен 
«Ғалия» - бұл екі есімнің түбі бір, айтылуы ғана әрқалай. 
Балуан Шолақтың әнінің екі түрлі вариантын – ақмолалық 
нұсқасымен қоса мендегі сақталған семейлік нұсқасын - 
әдейі қатар беріп отырмын.   
Алғашқы нұсқасының есептік нөмірі – 650. Бұлай 
істеудегі мақсат, тек қана есту арқылы таралатын қазақ 
әндерінің аясында байқалатын көп нұсқалылыққа тағы бір 
дәлел осы. А.З.»
Өнерзерттеуші В.Дернова «1000 ән» жинағында 
ән ноталары 280-нен астам ән айтушылардың 
(корреспонденттердің) аузынан жазып алынғандығына 
назар аудартқан. Бұлардың арасында –  А.Байтұрсынов, 
Ж. Аймауытов, Б.Майлин, Б. Күлеев,  С. Сейфуллин, Ә. 
Қашаубаев, Ә. Жанкелдин, И. Байзақов, О. Жандосов, 
Т. Жүргенов, Н. Құлжанова, Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаев, 
Ғ. Мұратбаев, С.Есова, А. Оразбаева, С.Мұқанов сынды 
қазақтың небір марқасқалары бар.
Негізінен, А.Затаевич ән әуендерін нотаға түсірумен 
айналысқан. Ән мәтіндері толық сақталмаған сияқты. «1000 
әнде» бірнеше ән мәтіндері кітаптың соңында берілген. 
С.Мұқанов «Өмір мектебінде» тағы да мынадай дерек 
келтірген: «Мен барған жылы бүкіл Алуаның (Қызылжар 
өңіріндегі көл атауы. Ә.Қ.) басында «Әліпби» аталатын ән 
жаңа шығып, жұртқа таңсық екен. Композитор Александр 
Затаевичтің «Қазақ халқының мың әндері» аталатын 
кітабына менің аузымнан жазылып кірген бұл әннің сөздері:

112
Базардан алып келген шай тостаған,
Тар жерде қиын екен ән бастаған.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Бәйгеден келген кердей ойқастаған.
Базардан алып келген жезді құман,
Пәлеге ұшырайды сөзді қуған.
Бал шайнап, шекер жұтқан, беу, қарағым,
Көзіңнен айналайын жаудыраған.
Базардан алып келген темір астау,
Сұрасаң біздің қалқа қиғаш қастау.
Алыстан ат терлетіп келгенімде
Әзілге жарамайды қалқам жасау, - 
деген сияқты, ылғи «базардан алып келген» деген сөздермен 
басталады екен. Екпіндей айтылатын бұл әннің қайырмасы:
О-оу, әліп-би,
Ләпсің тый.
Ләмәсіли ти-тір тө-ө-оу,
Түрлендіріп салдым күй, - 
деп аяқталады екен. (С.Мұқанов. Таңдамалы шығ. 16 томдық. 
10-том. Алматы, - 1976, 178 б.).
Жас Сәбит Затаевичпен алғаш кездескенде «әнші 
емеспін…» деп азар да безер болғанмен, балалық 
шағында ауылдағы «жыршы бала» атанғаны, өзінің «Өмір 
мектебіндегі» «Әнге әуестік» тарауында баяндалатын 
уақиғалар жұртшылыққа мағлұм. Мұражайындағы атақты 
домбыра жасаушы шеберлер Қамар Қасымов пен Темірхан 
Дыбысұлы сыйлаған домбыралар Сәбеңнің оңашадағы 
сырласы, мұңдасы  қазақтың осы бір көне аспабы болғанына 
айғақ. 
С.Мұқанов «Өмір мектебі» романының «Көңілді сапар» 
деген тараушасында 1925 жылы пойызбен Орынбордан 

113
Ақмешітке сапар шеккенде бірге болған серіктері 
Қажымұқан Мұңайтпасов, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев 
және Александр Затаевич туралы мол деректер қалдырған.
«Толық, биік денелі, ақбурыл сақал, мұртты, жасы со 
кезде елуді орталаған Александр Затаевич менің көптен бергі 
жақын танысым. Интеллигент поляктың семьясында туған… 
…Орынборға келген ол қазақ музыкасына қатты қызығады 
да, жинаушысы, зерттеушісі және жариялаушысы болады. 
Жиырмасыншы жылдардың басында Орынбордағы 
мекемелердің, қазақ мектептерінің бәрін тынымсыз аралап, 
ұлылы-кішілі қызметкер демей, мұғалім демей, оқушы 
демей, әнге әуесі барлардың бәрімен кеңесіп, айтқан әндерін 
нотаға түсіріп жүргенін көзіміз көрді. Партиялық па, 
советтік пе, басқа жүйедегі ме, - Орынбордағы қазақтардың 
басы құралатын жиналыс не мәслихат болса, Затаевич соны 
төңіректеп шықпай, ән білетіндердің, күй білетіндердің 
барын алып болғанша тынбайтын. Мазасы кеткен 
кейбіреулер ұрысса да кек көрмей, кетіп қалудың орнына, 
талақша жабыса түсетін. Орынборда тапқандарының 
бәрін алып болған Затаевич, жаз айларында қазақтың кең 
даласын түгелге жақын шарлап, өз маңайында болмаса, 
былайғы жұрт білмейтін талай әнші, домбырашыларды 
табатын, олардың да барын түгел нотаға түсірген» (118б.)- 
деп жазады Сәбит Мұқанов.
А.Затаевичтың қазақ фольклорлық ән мұрасын жинап-
зерттеуіне жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы 
зиялылар барынша жәрдем берген, көмектескен, қолдау 
жасаған. Дегенмен, тұтас экспедицияның жұмысын ол 
жалғыз өзі атқарғаны, аз уақыттың ішінде ұланғайыр 
материал жинап алғаны таңғаларлық жанкешті құштарлық, 
ерен еңбек.
«Жиырмасыншы жылдардың басында А.Затаевич …. 
бірнеше жыл бойы музыкалық этнографиямен шұғылданды. 
Ол сол жылдар ішінде қазақтың екі мыңнан астам ән-күйін 
нотаға түсіріп, оның мың жарымын екі том етіп 1925 және 
1931 жылдары бастырып шығарды. Ол ән-күйдің ноталарын 
жазумен қатар, олардың кейбіреулерін фортепиано 
сүйемеліне икемдеп, оркестрге түсіріп, орындау арқылы 
уағыздады. Орындаушының бірі өзі болды. А.Затаевичтің 

114
бұл еңбегі жержүзіне жайылды. Ол сол жинақтарының 
соңында қазақ музыкасы туралы, әнші-күйшілер жайлы 
аса құнды пікірлер айтып жазды. Қазақтың көптеген 
әншілерінің аттары тарихта бірінші рет сол А.Затаевичтің 
аузымен халыққа тарады» - дейді академик А.Жұбанов. 
(А.Жұбанов. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1963. 432 б.).
Сәбеңнің сүйікті жары, қазір жасы 99-ға қараған Мәриям 
апайдан «Затаевичті білетін бе едіңіз?» деп сұрадым. 
- Е, неге білмейін, білемін. Тіпті, қолымнан дәм татқан. 
1930 жылы Сәбит Мәскеуде оқуда. Бізді қасына алған. 
Пушечная, 7 деген үйдің подвалында тұрамыз. Екі баламыз 
– Арыстан мен Марат орыстың балабақшасына барады. 
Қалада қымбатшылық кез. Сәбиттің стипендиясы бала-
шағасын асырауға жетіңкіремейді. Содан мен тігін ательесіне 
жұмысқа тұрып, айына 90 сом тауып, септесіп, тәп-тәуір күн 
көріп жүрген кезімізде, жазғы бір кеште, Сәбит Затаевичті 
үйге ертіп келді. Александр Викторович Сәбитке әлденеше 
ән айтқызып тыңдады. Өңі жүдеулеу, шаршаңқылау 
көрінді. Кітаптарын шығаруға дайындап жүргенін айтып, 
Қазақстанның қол ұшын беруге асықпайтынын, уәделерін 
кешеуілдетіп жатқанын айтып, шағымданған сияқты болды. 
Сақал, шашы ағарып кетіпті. Сәбит екеуі ұзақ әңгімелескен. 
Сол, бір-ақ рет көрсем де, ұмытқан жоқпын. Айтпақшы, 
кейін Затаевич қайтыс болғаннан соң Мәскеуге тағы бір 
барғанымызда Сәбит қояр да қоймай мені «Новодевичье» 
зиратына алып барғаны есімде. Сонда Затаевичтің қабірін 
де көрдік. Мрамордан ескерткіш қойыпты. Ескерткішінде 
домбыра ұстаған қазақтың да бейнесі болған. Иә, есіме 
түсті...».
Мәриям апайдың есте сақтау қабілеті ғажап, 
таңқаларлық. Өзі айтады ғой: «Баяғыда Жәкең – Жамбыл 
атамыз: «Әттең, тізем, әйтпесе, анау тұрған атқа қарғып 
мінер едім!» дегеніне «Шалдың дәмесінің зорын!» деп 
көп күлуші едік, енді өзім сондаймын! – деп. Ал жүз жыл 
бұрынғыны жадында жаңғыртатыны қайран қалдырады. 
Ал жаңағы «домбыра ұстаған қазақ» жөнінде Сәбит 
Мұқанов «Өмір мектебінде»: «Әміре 1934 жылы өлді. 
Затаевич 1936 жылы. Затаевичтің қабірі – Москвадағы 
«Новодевичье кладбище» аталатын орында. Қабірдің үстіне 

115
ақ мрамордан ескерткіш жасалып, төбесіне Затаевичтің 
мүсіні қойылған. Постаментте домбыра ұстап отырған 
тымақты қазақтың бейнесі. Бұл, – жалпы қазақ емес, дәл 
Әміре. Сондықтан, бұл Әміреге де ескерткіш!» (118 б.) – 
дейді. Ескерткіштің авторы – мүсінші Янсон - Манизер 
екен. Әміренің дауысын тапқан, Әміре туралы кітап 
жазған өнертанушы Жарқын Шәкәрімнен сұрағанымда, 
«ол, шынында да, Сәбең айтқандай, Әміреге де қойылған 
ескерткіш-белгі» деді. Әміренің Алматыдағы қабірінің 
басы 1990 жылдарға дейін қарайтылмай жатып, кейін ғана 
қамқорлыққа алыныпты, құлпытас қойылыпты.
«... Затаевич Сәбит Мұқановтың орындауында 
«Татьянаның хаты» әнін жазып алғаны да белгілі болып 
отыр... Сәбең Затаевичке әр жылдарда 30-дан астам әндер 
айтып, шырқаған. Солардың нотаға түскені 17. Екеуінің 
ерекше сыйластығы соншалықты, бірлесіп «Балқаш» деген 
ән де шығарған» - дейді Ж.Шәкәрім. Сәбең туралы Затаевич 
«Ол туған елінің әндерін ерекше сүйеді» деп бекерден бекер 
айтпаса керек. 
Мұражай қорында А.В.Затаевичтің үш кітабы сақталған. 
Бірақ бұлардың біреуі ғана – 1931 жылғы – авторының көзі 
тірісінде шыққаны. Онда қолтаңба жоқ. Ал Сәбең естелік-
мақаласында: - «Біраз жылғы ісімнің алғашқы жемісі, - 
деп Александр Викторович маған, 1925 жылы, Москвада, 
«Қазақ халқының мың әні» деген атпен басылған қалың 
кітабын сыйлады. Бағасына пұл жетпейтін бұл аса қымбат 
кітапты мен бұған дейін де көріп ем, оның ішіне Затаевичтің 
менен жазып алған біраз әндері де кіргеніне мақтанған ем, 
артынан, бұл кітап туралы баспасөздерде жарияланған, 
кітапты зор бағалайтын мақалаларды оқып қуанған ем. Енді, 
міне, сол кітапты, авторы менің өзіме де сыйлады. Қазақ 
халқына осынша зор және ешуақытта бағасын жоймайтын
өлмейтін еңбек сіңірген ардақты композитордың рақыметін 
айтып, қолын алғанда, қолынан да, қолтығыма қысқан 
кітабынан да, денеме қосымша қуат құйылғандай болды» - 
дейді. («Өсу жолдарымыз», 556 б.). Бір өкініштісі, Сәбеңнің 
жеке мұрағатында дәл осы кітап сақталмапты. Ал мұражай 
экспозициясында тұрған фотосуреттегі қолтаңбаны 
қазақшаласақ, мынадай: «Шын жүректен жақсы көрген 

116
жолдас Сәбит Мұқановқа. Талантты әншіге және ақынға, 
біздің достық қарым-қатынасымыздың белгісі болсын. 
А.Затаевичтен Қазақстанның халық артисі Москва қаласы 
14 желтоқсан 1932 ж.».  
Осы сурет пен қолтаңбаға қарап отырып, тағы да 
Затаевичтің қазақ халқы үшін, оның ән, күй мұрасының 
сақталып қалуы үшін сіңірген еңбегін сөзбен айтып жеткізу 
қиын. Сәбең де бұны ете түсініп, ғұмырының соңына дейін 
өнеге тұтып өткені байқалады.                                                      


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал