Әділғазы Қайырбеков



жүктеу 7.14 Kb.

бет5/14
Дата22.01.2017
өлшемі7.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2006 ж. 
ТАРЛАН ТАЛАНТ ТАҒДЫРЫ
НЕМЕСЕ Т. КӘКІШҰЛЫ МЕН К. АХМЕТТІҢ «СӘБИТ 
МҰҚАНОВ» АТТЫ ӘДЕБИ-ҒЫЛЫМИ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ 
КІТАБЫ ТУРАЛЫ
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыптары туралы 
әңгіме болғанда “Кәдімгі Сәбит Мұқановтың” (өз сөзі) 
орны бөлек. 2000 жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО 
шешімімен жоғары деңгейде ұлықталған қазақ әдебиетінің 
классигі Сәбит Мұқановтың шығармашылық ғұмыры жаңа 
ХХІ ғасырда да жалғасын табуда. Шығармалары қайта 
басылып шығып жатқаны өз алдына, социалистік дәуірден 
капиталистік қоғамға қадам басқан Қазақ елінің әдебиеттану 
ғылымында С.Мұқановтың кітаптарына, өткен ғасырдағы 
атқарған қызметі мен жазушылық жолына жаңаша 

72
көзқарас қалыптастыратын зерттеу еңбектері де жазыла 
бастады. Мұның рухани сұраныстан туғанын, қоғамдық 
қажеттілікпен байланысты екендігін дәлелдеп жату артық 
шығар.
Міне, “Арда” баспасынан “Тарихи тұлға тағлымы” 
айдарымен 2005 жылы жарық көрген Тұрсынбек Кәкішұлы 
мен Күләш Ахметтің “Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми 
ғұмырнамасы жоғарыдағы пікіріміздің дәлеліндей. 
Кітап аңдатпасындағы: “Ұлттық мәдени өмірімізде ірі 
қайраткерлігімен белгілі Сәбит Мұқанов туралы бұл еңбек 
бүгінгі өскелең ұрпаққа алып тұлғаның қилы заманы мен 
қиян тағдырын танытады. Көрнекті ғалым, білікті әдебиет 
зерттеушісі, алымды сыншы Т.Кәкішұлы тарихи тұлғамен 
рухани сырлас болған. Ол Сәбеңнің күллі өмір жолын, 
шығармашылық ерен еңбегін тарихи процесс барысында 
терең талдап, жан-жақты зерттеп, әділ бағасын береді” – 
деген түйінді ойлар кітаптың құлақ күйін келтіріп тұр. 
 
Ғасырлар тоғысында қоғам алмасты, заман өгерді, 
ұлттық құндылықтарымызға жаңаша көзқарас қалыптаса 
бастады. Кеңестік дәуірдегі әдебиетіміз бен мәдениетіміздің 
жәдігерлеріне сын көзбен қарап, қайта бағалауда 
біржақты пайымдаулар, бұрмалаушылықтар, асығыс үкім 
айтудың көріністері де байқалды. Кеңестік идеологияның 
қолшоқпарларының кесірінен қуғын-сүргінге ұшыраған, 
атылып-айдалып кеткен, шығармалары құртылған, қапаста 
қалған арыстарымыздың ақталуы, Алаш қайраткерлерінің 
есімі мен атқарған істерінің қайта жаңғыруы дүр сілкініс, 
зор серпіліс әкеліп, қазақ рухының асқақтауына септігі тиіп, 
жаңа ұрпақтың ой-санасына айрықша ықпал жасаумен 
қоса, кешегі дәуірдің төл перзенттерін, солардыњ тәлім-
тәрбиесінде өскендерді үрей мен күдіктің торына шырмады. 
Қазақ әлеуметі рухани-психологиялық дағдарысты да 
бастан өткерді. 
 
Осындай алмағайып кезеңде бұрынғы зор тұлғасы 
аласарғандай, айқын келбеті көмескі тартқандай болған 
алыптарымыздыњ бірі – Сәбит Мұқанов еді. Кеше ғана 
Мұхтар Әуезовтің “Қазақ әдебиетінің аға жазушысы 
Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте 
даңқты, анық қымбат аттың бірі” деп, Ғабит Мүсіреповтің 

73
“Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз 
алдына бір энциклопедия” деп, Мұхаметжан Қаратаевтың 
“С.Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді” деп, 
Расул Ғамзатовтың “біздің әдебиетіміздің Эльбрустарының 
бірі” деп, Сәйфи Құдаштың “шын мағынасында үлгі-өнеге 
тұтатын кең құлашты жазушы” деп, т.б. атын аңызға 
айналдыра бастаған Сәбит Мұқановты ХХІ ғасырдағы 
қазақ оқырмандарына қалай таныстыру керек дейтін сауал 
бүйірден қойылды. Осы сауалға алғашқылардың бірі болып 
жауап іздеген, С.Мұқановтың мұраларын қызғыштай қорып, 
ғайбат сөздер мен жазықсыз жала жабулардан арашалап 
келе жатқан көрнекті Сәкентанушы әрі Сәбиттанушы 
ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Тұрсынбек Кәкішев екендігі әдеби-ғылыми ортада әмбеге 
аян болса керек.
Рас, Сәбиттанудың жаңа да жарқын парақтарының 
жазылуына академик-жазушының 100 жылдық 
мерейтойының жоғары деңгейде аталып өтуі де зор әсер-
ықпалын тигізді. Жаңа ғасыр табалдырығында тұрған 
кезде Алматыда, Астанада, Бішкекте, Петропавлда, т.б. 
қалаларда өткен ғылыми-теориялық конференцияларда 
әлденеше ондаған баяндамашылар Сәбит Мұқановтың өмірі 
мен шығармашылық жолын әр қырынан келіп сараптан 
өткізді, талдау жасады, ғылыми бағалады. Кінәратсыз қоғам 
жоқ, кемшіліксіз адам да болмайды. “Қазақтың ұлан-байтақ 
даласының, Мен де бір көпке ортақ өзенімін” деп нар сеніммен 
ғұмыр кешкен Сәбең  неден қателесті, неден жазықты болды, 
кінәлі болса, не себепті халық жүрегіне жол тапты, неліктен 
Мұқановтың шығармалары ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға батыл 
бет түзеді – дейтін көптеген сауалдардың жауабын іздеген 
кісі “Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми ғұмырнама кітабын 
бастан-аяқ шолып, оқып шыққаны жөн. 
Кітаптың ең ауыр жүгін “Даңқ тұғырының шайқалуы” 
атты І-тарауы арқалап тұрғанын аңғарамыз. Ең өзекті 
мәселені алдымен талдап-таразылап алайық, қалған әңгіме 
содан кейін жалғаса бермек деген авторлық айқын шешімді  
дұрыс қабылдадық.   
Кітаптың 44 бетін алып жатқан бұл І-тарауды бей-жай 
отырып оқу мүмкін емес. Әсіресе, С.Мұқановтың 20-30 

74
жылдардағы жетістіктері мен шалыс басқан қадамдары, 
әдебиет майданындағы даусыз табыстары мен солақай 
сілтеген тұстары, таптық көзқарасты қалыптасырудағы 
жанкешті еңбектері және алашордашылдармен ат 
құйрығын кесісуінің себеп-салдарлары, қазақ әдебиетіне 
үлкен олжа салған прозалық, поэзиялық және ғылыми-
зерттеу еңбектерін жазуы және өзі сенген, көзсіз табынған 
большевиктер партиясының мұны кеудесінен итеріп, 
қатарынан шығаруы, ұлттық мұраларымызға, тарихи тек-
тамырларымызға ерекше қамқорлықпен қарауы және 
кеңестік өмірдің жаршысы әрі жыршысы болуы, кейбір 
кезеңдік мәселелерде, әдебиеттің жеке тұлғаларына 
қатысты айтыс-тартыста қате де қиғаш тұжырымдар 
жасауы және өзінің сол мүлт кеткен, қателескен тұстарын 
кейін өз қолымен қайтадан түзетуі, т.б. толып жатқан ірілі-
ұсақты уақиғаларға уақыт, заман, қоғам биігінен қайта баға 
берілуі, жан-жақты таным сүзгісінен өткізілуі бұл еңбектің 
құнын арттыра түседі.
Кітап авторлары С.Мұқановтың әдебиетке қатысты 
мәселелерде өткір сынды айта білумен қоса, өз тарапына 
айтылған сындарды, зор төзімділікпен көтеретінін, тіпті, 
дұрыс деп тапса сыннан қорытынды шығаратынын дөп 
басып айтқан. Сөйте тұра, Сәбитке қатысты замандастары, 
інілері айтқан сын пікірлерді тым шамшылдықпен 
қабылдайтын тұстары да байқалады. Әсіресе, бұл Мұхтар 
мен Сәбит қарым-қатынастарына байланысты. Негізінен, 
ұлы адамдардың арасындағы қарым-қатынас қарапайым 
басталып, күрделі аяқталуы өмірдің заңдылығы емес 
пе. Өзара шығармашылық тілектес көңіл-ниеттері 
болғандығына, бірін бірі азаматтық тұрғыда қадір-құрмет 
тұтқандарына жақсы мысалдар келтірілген. Ал кейінгі 
толқын жазушылардың баррикаданың екі жағында 
тұрып алып айтысып-тартысуына ешқандай негіз жоқ 
деп ойлаймыз. Сондай-ақ, бұлардың мұражай-үйлерін, 
ескерткіштерін (саны нешеу екенін), көшелерін салыстыру 
да басы артық әңгіме сияқты. 
 “Өктем ой өрімдері” деп аталатын тарауда Сәбит пен 
Міржақып, Ахмет – Сәкен – Әбдірахман – Сәбит, Смағұл 
мен Сәбит, Қошке мен Сәбит, Ілияс пен Сәбит желілері 

75
арқылы көп шындықтың шымылдығы ашылды. Осы қалай 
дейтін күбірткелі сауалдарға жауап берілген, Сондай-ақ, бұл 
тараудағы арнайы тоқталған бір мәселе: “Сәбеңнің әдебиет 
әлеміне, идеологиялық майданға келгендігін аңғартқан, 
аңғартып қана қоймай, осы жігіттен бірдеме шығады деп 
үміттендірген және шошындыра үміттендірген атышулы 
мақаласы” – 1922 жылы “Еңбекші қазақта” басылған “Қара 
тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” дейтін мақаласы 
жөнінде. “Осы эссесінде Сәбең талайларды тарихтан сызып 
тастаймын деп үлкен қателіктерге ұрынды, ұлылардың 
аруағын қозғап Сәбит Мұқановқа өмірі кешірілмейтін күнә 
болды. Оны даттағысы келетіндер осыны дәлелге келтіріп, 
өздерінің жымысқы ойларын өткізіп жүрді, өткізіп келеді. 
Бірақ, тарих – әділетті, бәрін де өзі орнына қояды” – дейді 
кітап авторлары. 
Осы тарауда С.Мұқановтың 20-жылдардағы дау-
дамайларға кедей таптың жалауын көтеріп, аса 
белсенділікпен араласқаны, әдебиет туралы айтыс-
тартыстарда ерекше көзге түскені, “Сәбең араласқан істің 
түзелгені көп болумен қатар, бұрмалана бұзылғандары 
да аз емес” екендігі, осының бәрін ол көзсіз сенім, 
алғаусыз көңілмен атқарғандығы жан-жақты тәптіштеле 
қарастырылған. Бұл жазушының өмір жолына, атқарған 
істеріне, шығармашылық мұратына толайым тың, кәміл 
жаңа көзқарасты аңғартады. 
 
Әдеби-ғылыми ғұмырнаманың “Алғашқы асу” және 
“Шыңға шығу” дейтін тараулары С.Мұқановқа шулы даңқ 
әкелген, қазақ әдебиетінің тарихында елеулі орын алған, 
өлеңмен жазылған “Сұлушаш” романы мен “Адасқандар” 
романы жөнінде. “Сұлушаш” романын сынаған, сараптап 
талдаған, шын сипатын ашқан зерттеулердің арғы-бергісіне 
мол қамти тоқталған кітап авторлары: “Романның тіл 
шеберлігі – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет үлгілерінің 
творчестволық жолмен қисынын тауып қиыстырылуының, 
бөлінбес бірлігінің нәтижесі”, С.Мұқанов “Қазақ әдебиеті 
тарихында көркемдік дәуір жасады, этаптық шығарма 
берді” деп түйінді пікірмен қорытады. Ал “Адасқандар” 
романының Сәбең мұражайындағы 1935 жылғы нұсқасы 
1999 жылы “Елорда” баспасынан қайта басылып шықты. 

76
Профессор Т.Кәкішевтің “Өтпелі дәуірдің кесек туындысы” 
деген мақаласы қоса берілген болатын. Авторлар “Сұлушаш” 
пен “Адасқандарға” қатысты зерттеушілер еңбектерінен 
филология ғылымдарының докторы, профессор, 
Сәбиттанушы Құлбек Ергөбековтің еңбегін айрықша атап 
көрсеткенін айтқан жөн. Сондай-ақ, осы әдеби-ғылыми 
ғұмырнаманың өн бойында Сәбит Мұқановтың өмірі мен 
шығармашылығына қатысты ой-пікір айтқан, елеулі үлес 
қосқан көптеген ғалымдардың есімдері мен еңбектері 
аталған. 
Кітаптағы аса қызғылықты оқылатын көлемді тарау (43 
бет) – “Жаңа өріс” деп аталған екен. Бұл С.Мұқановтың 1932 
жылы жарық көрген, екінші қайтара басылмаған, жарық 
көруіне рұқсат етілмеген “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 
1 бөлім (ұлтшылдық, байшылдық дәуір – буржуазно-
националистический период”) деп аталатын еңбегі туралы. 
Поэзияда “Сұлушашты”, прозада “Адасқандарды” беріп 
атағын жайған Сәбит Мұқановтың күтпеген тұста ғылымға 
ойысып, әдебиет тарихынан 458 беттік көлемді еңбек 
жазуының объективті және субъективті себеп-салдарлары 
бұл кітапта әділ таразыланған. “С.Мұқановты күні бүгінге 
дейін сөзге қалдырып, абыройына дақ салып, ел-жұрт 
көңіліндегі күдікті сейілтпей келе жатқан бір мәселе – 
алаш қозғалысы және оның қайраткерлері жөніндегі 
түсінігі, айтқан-жазғаны. Тапшылдықтан оянған санасы, 
төңкерісшілдікпен қалыптасқан көзқарасы алаш қозғалысын 
зиянды деп табудан өзгермей кетті, ал оған қатысқан 
азаматтарды совет өкіметін, партияны мойындамағандар деп 
білді, жазды” дей келе мына еңбекті атап “Бұған айрықша 
мән беру керек, себебі әлі күнге дейін оның қадыр-қасиетін 
анықтау, маңызын түсіну, жазылу тарихын, сырын білу 
жағы жетіспейді” дейді кітап авторлары. “Сәбит Мұқанов 
осы кітапты әдейі жазғанға ұқсайды…”, “Уақыт өте келе 
бұл кітаптың бағасы өсе түспесе, кемімейді”, “Сәбең саяси-
идеялық мәселелерді кейде, тіпті, бірінші орынға қойып, 
социологиялық талдауға түсіп кететін сәті аз емес” дейтін 
ой ұшқындарын шығарып, оны кеңінен талдау-таразылауға 
ұластырған. 
“ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” еңбегінің екінші бөлімі 

77
түгелдей “ұлтшыл-байшыл дәуірдің ақын-жазушылары” 
деп аталады да Ахмет, Міржақып, Ғұмар Қарашев, 
Мағжан, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев, Бернияз Күлеев, 
Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығына 
талдау жасалып, баға беріледі. Бұларды ғылым тілінде 
монографиялық портрет деп атайды”, “Сәбит Мұқанов бұл 
ақын-жазушылардың творчестволық портретін бірінші 
жасап отырғанын еш уақытта естен шығармайық” деп 
ғұмырнамалық кітаптың авторлары сол монографиялық 
портреттердің әрқайсысы қалай шыққан, Сәбең бояуды 
қалай қолданған, ақын-жазушылардың дәл бейнесін 
бере алған ба дейтін сауалға қазіргі қазақ әдебиеттану 
ғылымының талаптары тұрғысында кең тынысты, 
салыстырмалы шолу жасайды, тұжырымды баға береді. 
С.Мұқанов алаш арыстарын тек қаралау үшін, жамандау 
үшін бұл еңбекті жазбағандығын, түпкі мақсат-ниет 
әдебиет тарихында бұлардың алатын орындарын айқындау, 
есімдері мен еңбектерін атап-атап бағалау, ұрпақ жадында 
қалдыру болғандығын профессор Тұрсынбек Кәкішұлы 
өте дәлелді аңғартады. Мәселен, Сәбит Мұқановың Ахмет 
Байтұрсынұлы туралы: “Қазақ тілінің негізін жасап, қазақ 
мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің 
бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес” деуі, Мағжан 
Жұмабаев туралы: “Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан 
асқан ақын қазақта жоқ” деуі, Мұхтар Әуезов туралы: 
“Ақындық, жазушылық күшін алғанда Мұхтар күшті 
жазушы. Тіл сұлулығының үстіне Мұхтар кейіпкер жасауға 
шебер”, деуі – осының бәрі кездейсоқ, тіл ұшымен жасалған 
емеурін емес, қорытылған ойдың сықпасы, айқын сыни 
сипат екендігі күмән туғызбайды. 
Сәбит Мұқановтың дәл осындай тағдырлы еңбектерінің 
бірі – 1942 жылы жарық көрген “Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ 
ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” атты зерттеу 
кітабы. Араға 60 жыл салып Мұражай кешені ЮНЕСКО-
ның қолдауымен бұл еңбекті 2002 жылы “Арыс” баспасынан 
шығарды. Бұл кітапқа да профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 
арнайы жазған “Азаттықты армандаған еңбек” атты 
мақаласы қоса берілген болатын. Мына ғұмырнамалық 
кітапта бұл “Очерк” жөнінде “Тарихпен сырласу” атты 

78
тарауда баяндалады. “Очеркте” Сәбит Мұқанов Бұхар, 
Махамбет Өтемісұлы, Байтоқ пен Жанұзақ сияқты ақын-
жыраулардың, Сырым, Көтібар, Кенесары, Наурызбай, 
Жанғожа, Бекет  сынды ұлт-азаттық күрескерлерінің 
тарихи тұлғаларын айқындап, Шортанбай, Шернияз, 
Мұрат  сынды зар заманның үнін жеткізген ірі ақындардың 
еңбектеріне баға беріп, сонымен бірге қазақтың айтыс 
өнерін ғылыми тұрғыда саралағаны белгілі. Ғұмырнамалық 
баянда С.Мұқановтың бұл тарихи еңбегі жөнінде де 
тың тұжырымдарға айрықша ден қоямыз. Мәселен, 
авторлардың “1927 жылы М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” 
деген еңбегінде “Зар заман” ақындары аталып, әсіресе оның 
жарқын да айбынды өкілі Шортанбайды Сәбит Мұқановтың 
1942 жылы қалай зерттеп, қандай деңгейге көтергенін 
көрсете кетсек, көзқарас эволюциясының сыр-құпиясын 
ұққандай боламыз да, “кедейшіл, тапшыл” Сәбиттің 
сол кездегі ғылыми түсінігіне енді ғана көтеріліп келе 
жатқанымызды аңғарамыз” деген батыл пайымдауларына 
толық қосылмасқа шара жоқ. Шынында да, тек Шортанбай 
ғана емес, азаттықтың ұлы жыршысы Махамбетті тануда да 
С.Мұқановтың еңбегі зор екендігіне зеттеушілер айрықша 
ден қойған. 
Кітаптың “Даңқ тұғырында” аталатын тарауында 
С.Мұқановтың “Жұмбақ жалау” – “Ботагөз” романдарының 
шығармашылық тағдыры жазушының кемеліне келген 
қаламгерлік қуатымен қосөрім бірлікте қарастырылған. 
Сондай-ақ Мағжан – Сәкен – Сәбит қарым-
қатынастарының қиын түйіндерін тарқатуға арналған 
“Матасқан тағдырлар” атты тарауды Тұрсынбек 
Кәкішұлының сарыла зерттеп, санаға салмақ сала шешкен 
жұмбағы деу керек шығар. Әу баста ап-айқын қарым-
қатынастар замананың ұйтқи соққан қара боранынан кейін 
әртүрлі өсек-жалалардың арқауына айналып кете барғанын, 
оған аса сабырмен, зор ыждағатпен үңілу керектігін ғалым 
тамыршыдай тап басқан. 
Ал “Атымтай Жомарт”, “Сайран”, “Шежіреші”, 
“Классик” тарауларыныњ әрқайсысы шертетін баян да 
ауқымды. Әр тарау С.Мұқановтыњ әр қырын ашады. 
Таныс-бейтаныс деректер оқырманын еліктіріп, Сәбеңнің 

79
өзінің шығармасын оқып отырғандағыдай шым-шытырық 
уақиғалардың алуан түрлі соқпақтарына салып, жетелеп 
әкетеді. 
“Сәбит Мұқановтың “Өсу жолдарымыз”, “Жарқын 
жұлдыздар” және ғылыми ізденісінің соңғы иіндісі болған 
“Қазақ қауымы” елдігіміздің, халықтығымыздың жарқын 
беттері екенін еріксіз мойындаймыз” деген ғұмырнама 
авторларының пікірі бүгінгі ұрпақтың атынан, ХХІ ғасыр 
мінберінен айтылып тұр деп ұғамыз. С.Мұқановтың Абай 
туралы, Шоқан жөнінде, Ыбырай хақында албырт кезінде 
айтылған асығыс, жаңсақ топшылауларын жылдар 
өте келе түп-тамырымен қопара өзгерткенін, Абай мен 
Шоқанға көлемді монографиялық еңбектер арнағанын, 
Шоқан өмірінен “Аққан жұлдыз” атты тетрология жазуды 
жоспарлап, оның екі кітабын ғана жазып үлгергенін, жалпы 
Сәбеңнің өмірінің соңғы жылдарындағы Қазақ қауымының 
салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық шежіресіне, т.б. 
ерекше ден қоюында үлкен сыр жатқанына зерттеушілер 
айрықша назар аудартады. 
Т.Кәкішұлы мен К.Ахметтің “Сәбит” атты әдеби-
ғылыми ғұмырнамасы Сәбиттану ғылымына қосылған 
сүбелі үлес, әсіресе ұлттық құндылықтарымызға, рухани 
қазыналарымызға жаңа көзқарасты орнықтырады, кеңестік 
дәуірде жазылған шығармалардың халықтық мәнін ашып, 
қазақ елінің жаңа ұрпағын тарихи тұлғалардың тағылымды 
іс-өнегесімен тәрбиелеуде әсер-ықпалы өлшеусіз  зор.    
2006 ж.
ЕРЕКШЕ ӨРНЕКТЕЛГЕН ЕКІ 
ДОМБЫРА
Алматыдағы Сәбит Мұқановтың мұражай-үйіндегі 
 
мемориалдық бөлімде академик-жазушының өзі тұтынған, 
пайдаланған, сыйға алған көп заттары экспозицияда тұр. 
Келушілердің назарын аударатын ерекше экспонаттардың 
қатарында – бірі жұмыс бөлмесіндегі жазу столынан 
қол созым жерде тұрған, екіншісі қонақ қабылдайтын 

80
бөлмесіндегі диванның бас жағына қойылған – екі домбыраны 
бөліп атауға болады. Екеуі де Сәбеңе сыйға тартылған 
музыкалық аспаптар. Ерекше өрнектелген, оюланған, 
сүйекпен қапталған тұстары бар. Нағыз шеберлердің 
қолынан шыққандықтарына аңғарымпаз келушілердің 
бірден-ақ көңіл аударатынын талай рет байқадық.
Сәбең хат танып, сауат ашқаннан кейін батырлық, 
ғашықтық дастандарды жатқа оқып, ауылында “жыршы 
бала” атанып жүрген шағында-ақ домбыраға әуес болған. 
Ұзақ ғұмырында қолына талай домбыра ұстаған шығар, 
бірақ солардың ішінде мына екеуінің орны бөлек болған 
сияқты. Шанағына шаң тигізбей, күтіп ұстағаны көрініп тұр. 
Сәбит Мұқановқа домбыралардың бірін 1960 жылы 
қолөнер шебері Темірхан Дыбысов сыйға  тартса, 
екіншісін 1965 жылы қазақтың дәстүрлі көне музыка 
аспаптарын жетілдіруші шебер Қамар Қасымов сыйлаған. 
Екі домбыраның да сирек кездесетін өнер туындылары 
екендігіне музыка мамандары назар аудартады. Қазақтың 
Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының 
профессоры Біләл Ысқақ былай дейді:  -  Қ. Қасымовтың 
да, Т.Дыбысовтың да академик-жазушы Сәбит Мұқановқа 
сыйлаған бұл домбыралары – хас шеберліктің, музыкалық 
аспап жасаудағы сәтті ізденістердің тамаша үлгісі. 
Т.Дыбысовтың домбырасының ерекшелігі шанағының 
үшбұрышты болып келуінде, өрнектері де өте бай. Жалпы, 
үшбұрышты шанағы бар домбыраны Абай да ұстаған. Бұл 
орыстың балалайка аспабымен ұқсас. Қобыз бен домбыра 
– қазақтың көне музыкалық аспаптары. Бәлкім, шанағы 
үшбұрышты домбыра балалайкадан да бұрын дүниеге 
келуі мүмкін ғой. Қ.Қасымовтың домбырасы классикалық 
үлгіде жасалған. Негізінен екеуі де оркестрге емес, жеке 
орындаушыларға, әсіресе, күйден гөрі әнге бейімделген 
нұсқалар. Ал енді мұндай сирек те құнды қолөнер 
туындыларын мұражайда ғана сақтап қоймай, үлгісін, 
көшірмесін алып, арнайы шеберханаларда көптеп жасап 
шығарса да  артық болмайды.
“Менің атам Темірхан Дыбысұлы 1887 жылы дүниеге 
келіп, 1971 жылы 28 тамызда 84 жасында қайтыс болды.  
… Орташа ауқатты отбасында туған. Атам өте сауатты еді. 

81
Араб, парсы, орыс, қазақ тілдерінде еркін жазып, сөйлейтін. 
Кейбір кітаптарды тәржімалаумен айналысатын, -  деп 
жазады немересі Зура Фазылқызы Темірханова Ақмола 
облысының Еңбекшілдер ауданынан.  - … Атам Темірхан 
бір сырлы, сегіз қырлы, он саусағынан өнер тамған адам еді. 
Ұлттық аспаптар – домбыра, қобыз жасап, әшекей заттар 
– қаптырма, жүзік, т.б. соғатын. Киім пішіп, аяқ киімдер 
тіккен. Кітаптарды, Құран кітаптарын жөндеп түптеген. 
Ең алғашқылардың бірі болып фото-суретке түсірумен 
айналысқан, ұсақ-түйек техникалық құралдардың да 
тілін табатын. Осы өнерінің ең жақсы туындысы, әрине, 
домбыра. Алғашқы домбырасы 1958-1959 жылдары 
Көкшетау қаласында өткен көрмеде бірінші орынды 
иемденеді. Ол домбыра Алматыдағы Орталық мұражайда. 
Екінші домбырасын 1960 жылы Көкшетау қаласында 
Сәбит Мұқановқа, 60 жасқа толғанда, сыйға тартқан. Сәбит 
Мұқанов атамыздың менің  атама риза болып, інілік жолда 
жазған бірнеше хаттары менің қолымда сақтаулы…”.
Сәбең өзіне жолданған хаттарды мұқият сақтаумен қоса, 
өзі жазған хаттарының да көшірме данасын мұрағатына 
қалдырып отырған. Міне, соның дәлелі, Темірхан 
Дыбысовқа жазған мына бір хатының көшірмесі мұражай 
қорынан табылды: “Құрметті Темірхан ағай, жиырма 
сегізінші февральда жазған хатыңыз, ол кезде демалыста 
жүргендігімнен, қолыма кешірек тиіп, жауабын кешеуілдетіп 
қайтарып отырмын. Оған ренжімеуіңізді өтінем. 
Сіздің, менің алпыс жасқа толуыма арнап, аса 
шеберлікпен өте өрнектеп жасаған домбыраңыз, менің 
үйімдегі ең ардақты төрімде ілулі тұрады. Жұрт оның 
әдемілігіне де және үніне де хайран қалады. 
 Осы домбыраның кейбір шегелері босағандықтан және 
аздап кірлегендіктен, биылғы жылдың басында Алматыдағы 
домбыра шеберлерінің мастерскойіне апарып өңдеткен едім. 
Өңдеуші өзіңіз атаған Романенко. Сол кісі өңдеп жатқан 
кезде мастерскойға “Мәденет және тұрмыс” журналының 
фотографы барады да, әдемі домбыраға қызығып, суретін 
түсіртіп алады. Соны Романенконың ісіне жорып, журналдың 
өзіңіз атаған екінші санына жариялап жібереді. 
 Сіздің хатыңызды алғаннан кейін тексеріп, бұл хаталықты 

82
анықтадым. Журналдың редакторы Мұса Дінишев жолдас 
кезектегі номерлердің бірінде түзету беруге уәде етті. 
Орындауын бақылап отырамын.
 Соңғы бірер жылда біздің байланысымыз үзіліп кетті. Әр 
уақытта еске алып жүргеніммен, адресіңізді білмегендіктен, 
хат жаза алмадым. Өткен жаз “Ясная поляна” курортында 
(“Бурабай”) дем алып, сізді сұрастырдым да, бірақ, 
жолығудың орнын таба алмадым. Амандық болса алдағы 
жазда да (июль, август) сол мекенде болатын ойым бар. Егер 
олай етсем, сізді тауып алам... 
Хат жазып тұрыњыз. 
Інілік сәлеммен: Сәбит Мұқанов.
31.ІІІ.69 жыл. С.М.”.
 Сірә, Сәбең домбыраны Романенкоға өңдеткеннен кейін 
мұқият ұстағаны байқалады. Жұрт оның “әдемілігіне және 
үніне” әлі де қайран қалады.
 Зура Фазылқызының келтірген деректеріне қарағанда, 
С.Мұқанов пен Т.Дыбысов 1918-1919 жылдары Омбы 
қаласындағы оқытушылар курсында жолығысқан. Бірге 
түскен фото-суреттері сақталған. Яғни, сыйластықтың 
тамыры тым тереңде жатқанын аңғарамыз.
Екінші домбыраны жасаушы шебер Қамар Қасымов 1893 
жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында 
дџниеге келген, 1966 жылы Алматыда дүниеден озған. 
“Қазақстан: Ұлттық Энциклопедиясының” 5-томында ол 
туралы: “… музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның 
еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958). Қасымов қазақтың 
дәстүрлі көне музыкалық аспаптарын жетілдіру ісімен 
айналысқан тұңғыш органолог. Ол ХХ ғасырдың 20-30 
жылдарындаңы мәдени бетбұрыстардың белортасында 
болып, көне қылқобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі 
қара домбырасын, аңшылық пен саяткерлік аясында 
ғана қолданылып келген дауылпаз бен шыңдауылды, 
бақташылардың сыбызғысын классикалық аспап дәрежесіне 
дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларды орындауға 
лайықтап жасады. Қасымов жасаған ұлттық аспаптар 
әртүрлі деңгейде өткен халықаралық көрмелерге қойылды. 
Республикамызда алғаш ашылған музыкалық аспап жасау 

83
шеберханаларының ісін жолға қойып, Құрманғазы атындағы 
мемлекеттік халық аспаптар оркестрі мен Жамбыл атындағы 
Қазақ филармониясының және Құрманғазы атындағы 
Алматы мемлекеттік консерваториясының музыканттарын 
оркестрлік үлгіде жасалған музыкалық аспаптармен 
қамтамасыз етті. Қасымов Еңбек Қызыл Ту орденімен, 
медальдармен және Монғолия Үкіметінің ең жоғары “Алтын 
Жұлдыз” орденімен марапатталған, Баян Өлгий аймағының 
құрметті азаматы. Қасымов жасаған музыкалық аспаптар 
Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы 
мұражайларда сақтаулы” (665-б.) – деп мағлұмат берілген.
С.Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» романының үшінші кітабы 
«Есею жылдарында» қолөнер шебері Қамар Қасымовтың 
еңбегін жоғары бағалап, мынадай дерек қалдырған: 
«Қазақ музыкасын биік белеске шығаруда ерекше еңбек 
еткен мәдениет орнының біреуі – Қазақстанның Жамбыл 
атындағы Мемлекеттік филармониясы. Филармонияның ең 
үлкен еңбегінің бірі – қазақтың музыкалық аспаптарынан 
оркестр құру. Оны ұйымдастыруда еңбегі ерекше адам 
– кәзіргі белгілі композиторларымыздың бірі, академик 
Ахмет Жұбанов. Оркестр жасаудан бұрын қазақтың ұлттық 
музыка құралы: домбыра, қобыз, сыбызғы ғана болғанын 
білеміз. Осы құралдардың дауыстарын күшейтіп, жаңарған 
аспап түрінде шығаруда қазақтың атақты қолөнершісі – 
Қамар Қасымов қарттың да еңбегі зор.  Қамардың қолынан 
жасалған даусы күшті жаңа домбыра мен қобызға Ахмат 
Жұбанов европаның симфониялық оркестрінен бірталай 
құралдарды араластырып, айта қалғандай ұлт оркестрі 
жасалып шыққан. Кейін бұл оркестр дүние жүзіне әйгілі 
оркестрдің біреуі болды» (С.Мұқанов. Таңд. шығ. 11-том, 
Алматы. Жазушы. 1977, 466-467 б.б.).
Қ.Қасымовтың С.Мұқановқа сыйлаған осы домбыраны 
ортаға алып отырып түскен фотосуреті мұражай қорында 
сақталыпты. Сыйлас көңілдің дәнекері іспетті домбыра 
екеуінің де аялы алақандарының жылуын бойына сіңірген.
Мұражайдағы әрбір көне заттарға үңілгенде, ең 
алдымен, бұл жөнінде Сәбеңнің 47 жыл бірге ғұмыр кешкен 
жұбайы, қазір жасы 97-ге қараған Мәриям Қожахметқызы 
Мұқановадан қосымша ақпарат сұраймыз:      – Дыбысов 

84
өзінің домбырасын Көкшетауда сыйлағаны, Сәбиттің оған 
балаша мәз болып қуанғаны есімде қалыпты. Ал, Темірхан 
Дыбысовтың өзін Сәбит жақсы білген шығар, бет-бейнесі 
менің жадымда сақталмапты. Соған қарағанда, біздің 
үйімізде болып, жиі араласпаған сияқты. Ал Қамарды білем. 
Қолымнан дәм татқан кісі. Әңгімешіл болатын. Сәбит те әңгіме 
тыңдағанды, әңгіме айтқанды қалап тұратын еді ғой. Екеуі 
елдің, жердің тарихынан, арғы-бергі атақты адамдардың 
өмірінен қозғап, талай сырдың басын қайыратын. Қамардың 
да, Темірханның да домбыраларын Сәбит күтіп ұстады. 
Сәл даусы бұзыла бастаса, басқа шеберлерге көрсетіп, 
жөндетіп алатын.  Кейбір ағайындардың домбыраларға 
көздері түсіп, сұрағылары келіп тұратынын байқайтынмын. 
Бірақ, Сәбеңнің бұл домбыраларға ықыласы ерекше екенін 
аңғарғандықтан, ешкім де батып, қолқалай қоймайтын. 
Мұражайға келген музыка мамандары талай рет тамсанып 
қарағандарына куәмін. Сәбит те бұл домбыраларды кем 
бағаламаса керек, – дейді Мәриям апай.
Мұражай кешенінде өтіп тұратын әртүрлі әдеби, мәдени, 
өнер кештеріне қатысушы  өнерпаз домбырашылар да “бұл 
екі домбыраны кім жасаған, қайта жасатуға бола ма?” деп 
жиі сұрайды, қызығушылық танытады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал