Әділдікті ту еткен «Ақиқат» газеті. №7. 2008 ж



жүктеу 49.87 Kb.

Дата25.02.2017
өлшемі49.87 Kb.

ӘДІЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН 

 

«Ақиқат» газеті. №7. 2008 ж

.

 

 

Адам  өмірі  сан  қилы  тағдырға  толы.  Жақсылық  пен  сәтсіздік  күнде 

алмасып жататын уақыт атты ұлы ұғымның алдында адам баласы дәрменсіз. 

Өйткені  сабырсыз  көңіл  бірде  көбесі  сетінеген  көктемнің  суындай  тасып 

жатса, бірде жүгірген киіктің тұяғы талатын бетпақтың  меңіреу даласындай 

күңгірт  тартады.  Осының  бәрінде  пенде  баласының  жаны  таяныш  табатын, 

көңілде  іркіліп  қалған  ащы  шерді  жібітетін  дос  керек.  Шіркін,  осындай 

достың  барына  жетер  ештеңе  жоқ  шығар.  Жаны  жалау  дос  қана  көңіл 

қалауын табады. 

Менің  де  осындай  бір  тағдыр  таңдап,  тауып  берген  досым  бар.  Оның 

аты-жөні – Жақыпов Мірболат Хабиұлы. Қазақ: «Әке көрген оқ жонар», - деп 

айтса айтқандай-ақ. Мірболат досым – әкеге тартып туған ұл. Заманның кең 

кезінде  Мәскеуде  оқыды.  Ондағы  Мемлекеттік  тарих-мұрағат  институтын 

бітірді. 

Досымның әкесі Хаби марқұм өмірде көрген-түйгені көп, көңілі дария, 

тағдырдың  талай  асуынан  өткен,  туған  елінің  тарихы  мен  шежіресін  терең 

білетін адам еді. Басқасын айтпағанда, ол кісі Батыс Қазақстан облысындағы 

алғашқы  соттардың  бірі  болыпты.  Бұл  ағамыз  туралы  2002  жылы  «Арыс» 

баспасынан  жарық  көрген  «Батыс  Қазақстан  облысы  энциклопедиясы» 

кітабының 262-бетінде былай депті: «Жақыпов Хаби 1915 жылы 15 қырқүйек 

күні  туған.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  заңгері.  Ауыл  мектебін, 

жұмысшылар  факультетін,  Мәскеудегі  бүкілодақтық  Заң  институтын,  одан 

кейін  ҚазМУ-дің  заң  факультетін  бітірген.  Еңбек  жолын  1928  жылы 

сауатсыздықты  жою  мектебінде  мұғалімдіктен  бастап,  артынан  Новая 

Казанка  кентінде  аудандық  кеңес  хатшысы,  1938-1978  жылдары  Бөрлі 

ауданы, Орда облыстық сотының мүшесі қызметін атқарған». 

Сот  болу  оңай  шаруа  емес.  40  жыл  адамның  тағдырына  қатысты 

мәселеге билік айту, кесім жасау айтуға ғана оңай. Ағамыздың алдынан сан 

тағдырлы,  қилы-қилы  қылмыстар  жасаған  пенделер  өткен.  Қырық  жыл 

әділдік жолынан таймай, қырағы соттың сақшысы  болу бір адамның басына 

бұйыра  бермейтін  бақыт.  Марқұм  ағамыз  үміт  артқан  баласы  Мірболатқа: 

«Балам, адамның ала жібін аттама, көзің жетпей тұрып, көлденең сөзге сенбе, 

алдыңда  тұрған  адамның  тағдырына  жанашырлықпен  қара,  ұлық  болсаң, 

кішік бол!»,-дейді екен. Әке сөзі – Алланың аманаты. Менің досымның осы 

өсиетке адал болғанына шүбә жоқ. Оған бүгінге дейін адал атқарған ісі дәлел. 

Егер де Хаби ата қызмет істеп, ізі қалған Батыс Қазақстан облысының 

аудандарын аралап, аға буын адамдармен кездесіп, кеңесер болсаңыз, аңызға 

бергісіз әңгімелерге қарық болар едіңіз. Оның бергі жағында шежіресі тұнып 

жатқан  Батыс  өңірі  мен  Бөкей  Ордасының  тарихы  өз  алдына  ұзақ  әңгіме. 

Әсіресе,  ағамыз  өзі  туған  өлкенің  тарихы  жайлы  көп  айтатын.  Қазақ 

топырағында  алғаш  мектеп  ашып,  бала  оқытқан  Жәңгір  ханның 

ағартушылық  өсиеті  жайында  көп  білетін  еді.  «Жәңгір  –  Бөкей  ордасының 



соңғы ханы, Еуропалық мәдениетті қазақ тұрмысына енгізуді мақсат тұтқан 

еді»,-дейтін  Хаби  ақсақал.  Шын  мәнінде,  Кеңестер  Одағы  алғаш  орнаған 

жылдары саяси күреске белсене араласқан тұлғалар мен Батыс Алашорданың 

ірге  тасын  қалаған  адамдардың  барлығы  осы  Жәңгір  мектебінің  түлектері 

екен.  Қазақтың  аса  ірі  қайраткерлері  Халел  және  Жанша  Досмұхамедовтер, 

оның  алдында  өмір  сүрген  ағартушы-оқымыстылар  Мақаш  әкім,  оның 

баласы  Шафқат  Бекмұхамедов,  алғаш    Алаш  үкіметі  орнағанда  бас  қази 

болған  Ғұмар  Қараштардың  өмір  тарихы  жайында  алғаш  осы  ағамыздың 

аузынан естідік. 

Сол  сияқты  Исатай-Махамбет  бастаған  көтеріліске  қатысты  шынайы, 

ақиқат  пікірді  де  Хаби  атадан  біліп  едім.  Көтеріліс  кезінде  халық  екіге 

жарылды.  Жәңгір  еріксіз  соғысуға  мәжбүр  болды.  Одан  кейін  Жәңгірге 

бағынбайтын патша әскері көтерілісшілерді аяусыз жаныштады. «Жаман аты 

Жәңгірде  қалды.  Артынан  Кеңес  үкіметі  тұсында  таптық  идея  үшін  бұл 

көтеріліс  таптырмайтын  идеологиялық  құралға  айналды»  деуші  еді  асылды 

бағалайтын  ардақты  қария.  Бүгінгі  күннің  мүддесінен  қарасақ,  осы  сөз 

ақиқатқа айналыпты. Шынында, шындық қап түбінде жатпайды екен.  

Адам    баласының  болмысы  жайында  өткен  оқымысты  адамдар  айтып 

кеткен  көптеген  сөздер  бар.  Соның  бірінде  былай  делініпті:  «Өмірде 

қиындық  көріп  шыңдалған,  оған  төзе  білген  және  содан  сабақ  алып, 

ғұмырлық  қағидасын  түзеген  адам  –  қайраткер».  Тіпті,  қазақтың  көне 

жырларында «тас қайрақтай шыңдалған..»дейтін образдық теңеу де бар. Сол 

сияқты  Хаби  ата  жасында  тас  қайраққа  түсіп,  шыңдалған  адам.  Өзі  туған 

Нарынқұмы қандай болса, өзі де сондай құмды аңызақта ысталған жан. Хаби 

ата:  «Шіркін,  Нарынқұмның  топырағы  май  еді-ау»-дегенді  жиі  айтатын. 

«Әркімнің туған жері-Мысыр шәр»,- деп бұрынғылар да тегін айтпаса керек. 

Әйтпегенде, теңіз деңгейінен 0,21 метр төмен жатқан Нарынқұмында табиғи 

өзен, су  жоқ, климаты ауыр өлке. 

Хаби Жақыпұлының  ерте  есейіп,  ер  жетуіне  негізгі  себеп  14  жасында 

әкесінің  өмірден  өтуі  болса  керек.  Хабаңның  қолында  анасы  Динаш,  інісі 

Төремұрат,  қарындасы  Қазымаш  қалды.  Заманның  ауыр  кезі,  ел  ішінде 

дүрбелең  туып,  байларды  кәмпескелеу  науқаны  басталған,  әне-міне,  аштық 

келейін  деп  тұрған  заман  еді.  Жесір  анасы  мен  жетім  бауырларын  асырау 

үшін  оған  ерте  еңбекке  араласуға  тура  келді.  Әйтеуір,  Хабаңның  бақытына 

ауылда  4  жылдық  мектепті  бітіргені  зор  септігін  тигізді.  Осы  тұс-халықты 

жаппай  сауаттандыру  туралы  КСРО  Халық  комиссарының  шешімі  шығып, 

жер-жерде  сауат  ашу  курсы  ұйымдастырылып  жатқан  кез.  Жас  Хабиды 

жергілікті  билік  Тұрдығұл  ауылына  сауатсыздарды  оқытатын  ұстаз  етіп 

жібереді.  Өзі  14  жастағы  Хаби  ағамыз  отызды  алқымдап  қалған  сақа  қыз-

жігіттерді  оқытады.  Осылай  ұстаздық  жолын  бастаған  ағамыз  1932-33-ші 

аштық  жылдары  ашыққан  адамдарға  көмек  мақсатымен  салық  жинау 

саласында  еңбек  етіпті.  Сөйтіп  жүріп,  ақыры  1934  жылдың  қазан  айында 

аудандық  комсомол  комитеті аудандық  сотқа хатшылық  қызметке жібереді. 

Осылай өз өміріне ғұмырлық азық болған, 40 жыл ыстығына күйіп, суығына 

тоңған сот жұмысына бет бұрған. Әсіресе, ағамыз Жәнібек ауданы сотының 


төрағасы қызметін істеп тұрғанда, соғыс басталыпты. Аудан аумағынан 180 

шақырымда соғыс жүріп жатыр. Күндесін күнде ауық-ауық аудан жеріне жау 

ұшақтары  ұшып  келеді.  Дүркін-дүркін  бомбаның  үні  де  естіле  бастайды. 

Қазақ  даласына    диверсия  жүргізу  үшін  немістер  майдан  шебіне  жақын 

Жәнібек ауданының жерін нысана етіп ұстайды. Ауданның барлық аумағына 

күшейтілген  режим  енгізіліп,  Хаби  аға  аудандық  сот  төрағасы  қызметімен 

бірге әскери трибуналды қоса атқарады. 

Осы  соғыс  жылдарында  түнде  ұйқы,  күндіз  күлкі  көрмедік.  Қия 

бассаң, қателікке ұрынуың мүмкін, - деп еске алады Хаби Жақыпұлы. 

Сыздауықтың  аузында  тұрғандай  күй  кештік.  Жау  ұшақтары  түн 

жастанып, диверсанттар тастайды. Олармен күресу үшін күшейтілген құрама 

жасақталды. Ұсталғандарын әскери трибуналға апардық... 

Осындай, алуан-алуан қызығы мен қиындығы аралас күндердің бірінде, 

нақтылап айтсақ, 1949 жылы Орда ауданының соты болып жүргенде, Хабаң 

болашақ жары Қама Ижанқызы екеуі жұп құрыпты. Бір есте қаларлық оқиға, 

соғыстан  кейінгі  жылдары  аудандық  сот  төрағаларын  халық  өзі  сайлайтын 

дәстүр  болған.  Оның  КСРО  Жоғарғы  Соты  бекіткен  ұстанымы  мен  ережесі 

болған.  Осы  ереже  бойынша,  аудандық  сот  төрағасы  2  реттен  артық 

сайлануға тиіс емес еді. Бірақ Хаби атаны Казталов ауданының тұрғындары 

Жоғарға Сотқа, Орталық  Партия комитетіне айтып, катарынан 4 дүркін сот 

етіп  сайлап,  тарихта  бұрын-соңды  болмаған  жаңалық  жасапты.  Тегі, 

халықтың  тілегі,  сый  -  құрметі  деген  осы  болса  керек.  Ағамызбен  бірге 

қызмет  атқарған  көне  көз  қариялар  өз  естеліктерінде  аудандық  соттың 

төрағасы болған Хабаңның қара қылды қақ жарған әділеттігін айтып, тауыса 

алмайды.  Осындайда  «Жақсы  ниетті  адамдар  тек  жақсыны  ғана  көреді, 

ақымақтар  тек  жаманды  көреді.  Әділ  адамдар  жақсыны  да,  жаманды  да 

көреді» деген бабалар өсиеті бекерге айтылмағанына көз жеткізесің.  

Кейбір  жазасын  өтеп  келген  адамдардың  өзі  арнайы  келіп,  ол  кісіге 

рахметін айтады екен. Себебі адам баласы шынайы әділдікті көргенде, еріксіз 

бас иетін көрінеді. Міне, марқұм Хаби ата осындай адам болған еді. 

Еңбегі  де  елеусіз  қалған  жоқ.  Республика  соттарының  ішінде  бірінші 

болып  1967  жылы  «Қазақ  ССР-ның  еңбек  сіңірген  заңгері»  деген  құрметті 

атақ  алды.  1978  жылы  дербес  зейнеткерлікке  шыққанға  дейін  арына  дақ 

түсірмей,  адал  қызмет  атқарды.  Зайыбы  Қама  апай  екеуі  5  бала  тәрбиелеп 

өсірді.  Үлкені  Бекболат  –  қазір  еңбек  ардагері,  қадірлі  Мірболат  –  Қабаң 

перзенттерінің  екіншісі.  (Ата  өнегесін  алған  Мірболаттың  ұлы  Мәди 

Қытайдың  Шанхай  қаласында  оқиды,  «Болашақ»  степендианты.)  Ал 

қызының  үлкені  Гүлнәр  –  мәдениет  қайраткері,  ҚР  Халық  әртісі,  Бақытгүлі 

де  мәдениет  саласында  еңбек  етіп жүр.  Кішісі  Төремұрат елімізге    танымал 

Филипп  Морис  компаниясының  Батыс  Қазақстан  облыстарындағы  өкілі 

қызметін  атқарып  келеді.  Осы  балаларынан  10  немере,  10  шөбере  өрбіп, 

болашақ еліміздің жігерлі азаматтары өсіп келеді. 

Ағамыз  2002  жылы  дүниеден  озды.  Артында  ел  аузында  аңыз  болып, 

адал еңбегі, өнегесі қалды. Оның бәрін шағын мақалаға сыйдырып, баяндап 

шығу  мүмкін    емес.  Қазақ:  «Су  сүзілмейді,  ұрпақ  үзілмейді»,  -  деп  айтады. 


Сол  сияқты,  үзілмейтін  ұрпақтың  алтын  арқауына  айналған  Хаби  ағаның 

өнегелі  ісі  ұрпаққа  үлгі  болары  хақ.  Басқасын  айтпағанда,  өзім  куә  болған 

мына бір оқиға есімнен кетпейді. 

1995  жылдың  жайдары  жазы  еді.  Хаби  атамыз  Алматыға  келді. 

Мақсаты - сот орындарына барып, өнегесін айтып, аталық ақ  батасын беру. 

Ағамызды  ертіп,  Жоғарғы  Сотқа  мен  де  бардым.  Барсақң  Жоғарғы  Соттың 

Төрағасы  Мақсұт  Нәрікбаев  машинасына  отырып,  жүргелі  тұр  екен.  

Ағамызды  көріп,  тоқтады.  Машинасынан  түсіп  келіп,  қолын  алды.  Ағамыз 

жасы ұлғайса да, айбыны мол адам еді. Қыр мұрынды, қабағы биік, жанары 

өткір,  ішкі  қуаты  таймаған,  кеудесін  асқақ  ұстайтын,  сырт  бейнесінен 

тектілік  сезіліп,  салиқалы  адам  екені  көш  жерден  көзге  ұрып  тұратын. 

Мақсұт    ағамыз  да  тегін  адам  емес  қой,  менің  қасымда  тұрған  ақсақалдың 

тегін  адам  емес  екенін  бірден  аңғарып,  әдейі  келсе  керек.  Хабаң  Жоғарғы 

Соттың Төрағасына көңілі толып, ақ батасын берді. Сондағы айтқаны: 

- Сот-әділдіктің туы, 

Адалдықтың шыңы, 

Жақсылықтың бастауы, 

Адамдықтың асқары, 

Ісіңе берік бол

Халқыңа көрік бол, 

Елбасына адал серік бол, - деді. 

Одан кейін ағамыздың нұсқауы бойынша, Қазақстан Республикасының 

Әділет  министрлігіне  бардық.  Министрдің  өзі  болмады.  Оның  орынбасары 

Жұмагелді Елубаевтың қабылдауына кірдік. Ағамыз бүгінгі заман ағымы, сот 

жүйесі,  демократиялық  көзқарас  туралы  ойын  айтты.  Содан  есімде  қалғаны 

Хаби  атаның:  «Ханға  бағынбаған  заңға  да  бағынбайды»,  -  деген  аталы  сөзі 

еді. 

Осы  сапарында  ағамыз  маған  да  өмірлік  ұстаным  боларлық  өнегелі 



сөздерін  айтты.  «Балам,  менің  ұлымның  досы  екенсің,  бірліктерің  бекем 

болсын,  достықтың  қадірін  біліңдер!...  Қайда  жүрсеңдер  де,  жұптарың 

жазылмасын», - деп, бата берді. 

«Қартың  болса  төріңде,  жазулы  тұрған  хатпен  тең»  дегендей,  көненің 

көзі,  көкірегі  дана  қарияларымыз,  шын  мәнінде,  ақылдың  кені  екеніне  мен 

сонда  тағы  бір  мәрте  көз  жеткізгендей  болдым.  Осындай  сыйлас  атаның 

ақылын  алып,  өнегесін  естіген  өзімді  бақыттымын  деп  есептеймін  Ләйім, 

еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Атамыздың ақ батасы қабыл болсын! 

«Жақсының  аты  өшпейді..»  демекші,  жуырда  Батыс  Қазақстан 

облысының Казталов ауданы орталығындағы бұрынғы Ленин атындағы көше 

Х.Жақыпов атына беріліпті. Кешікпей халықаралық деңгейде Х.Жақыповтың 

атында  «Билер  сотынан  қазіргі  заманғы  құқықтанушылыққа  дейін»  деген 

тақырыпта  «Дөңгелек  стол»  мәжілісі  өткізілмек.  Оған  бұрынғы  билер 

отырған  Башқұртстан  Татарстан,  Қалмыкия  елдерінен  де  ғалымдар 



шақырылмақ. «Елі еңбек сіңірген ұлын ұмытпайды» деген осы болар. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал