Әдебиет теориясы: антология ІІ



жүктеу 0.8 Mb.
Pdf просмотр
Дата10.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#17137
түріСабақ
Роланд Барт «Автордың өлімі»


8-дәріс

Роланд Барт «Автордың өлімі»



ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ:

АНТОЛОГИЯ ІІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АШЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТІ




Кітап:

Дәріс:


Әдебиет теориясы: Антология ІІ

8. Роланд Барт «Автордың өлімі»

2

Сабақтың  мақсаты:  Ролан  Барттың  «Автордың  өлімі»  концепциясы  жайлы  түсінік  беру. 



Оның негізгі идеясын талдау.

Кілт сөздер: автор, өлім, мәтін, билік, көзқарас, сын, түсіндірілу, т.б.

Алдымен автор жайлы айтар болсақ, Ролан Барт (1915–1980) – француз философы, әде-

биеттанушы, постструктурализм мен структурализм өкілі және семиологияның негізін қалау-

шылардың  бірі.  Ол  Сорбонна  университетінде  білім  алады.  Университет  қабырғасында 

болашағынан үлкен үміт күттіретін шәкірттердің қатарында болды. Ол 1950 жылдары журналист 

қызметін атқарады. Сол кезеңдерде Барт БероОльд Брехттің «жаңа роман», «сандырақ театры», 

сондай-ақ, сахналық идеяларын ерекше бағалаған.

1950 жылдардың соңында ол Л. Ельмслевтің, Р. Якобсонның, К. Леви-Стросттың, әсіресе, 

Жак Дерриданың идеяларымен жақын танысады және солардың негізінде мәдени-әлеуметтік 

құбылыстарды семиотикалық тұрғыда түсіндіру қажет деген қорытындыға келеді.

Барт түрлі салалар бойынша зерттеу жұмыстарын жасады, оның идеялары көптеген тео-

риялық мектептердің дамуына әсер етті, атап айтқанда, структурализм, семиотика, әлеуметтік 

теория, дизайн/жобалау теориясы, антропология және постструктурализм.

1967  жылы  жарияланған  Барттың  семиотикалық-құрылымдық  бағытта  жазылған  «Сән 

жүйесі» Франциядағы мәдени өмірдің айтулы оқиғасына айналды.

Барттың мәдени-әлеуметтік процестерді семиотикалық тұрғыда түсіндіру жайлы идеялары 

Француз  әдебиетшілерінің  жетекші  тобының  (Ю.  Кристева,  Ф.  Солерс  т.б.)  зерттеулеріне  зор 

ықпал етті.

70-жылдары  Францияда  Ролан  Барт  ілімінің  беделі  зор  болды.  Оның  зерттеу  еңбектері 

жоғары бағаланған, ғылыми беделі асқақ болған. Оның айғағы ретінде, 1977 жылы Коллеж де 

Франста арнайы Барттың жетекшілігімен әдеби семиотика кафедрасы ашылды.

Негізгі бөлім

Барттың  көптеген  жұмыстары  әдебиеттану  саласындағы  зерттеулер  мен  әйгілі  әдеби 

шығармаларға  қатысты  дәстүрлі  академиялық  көзқарастарға  қарсы  шықты.  Ол  айрықша 

ақыл-ой, парасат иесі болды. 1967 жылы Барт өзінің әйгілі еңбегі «Автордың өлімі» атты эссесін 

жазды.

Р. Барттың «Автордың өлімі» тұжырымдамасы



Жалпы  XX  ғасырда  авторлық  жайлы  басқаша  көзқарас  орнықты.  Ол  бойынша  көркем 

шығарма  –  өзінің  иесінің  рухани-ғұмырнамалық  тәжірибесінен  бөлектенген  дүние  болып 

табылады.  Испан  философы  X.  Ортеги-и-Гассет  өзінің  «Өнердің  бейгумандануы»,  яғни  «Дегу-

манизация искусства» (1925) атты еңбегінде былай деп жазады: «Адам түгесілген жерден ақын 

өз жұмысын бастайды. Біреудің тағдыры – өзінің «адами» жолымен жүру; өзгенің миссиясы – 

жоқтан бар жасау <…> Өмір – ол біреу. Ал поэзия – басқа бір дүние».

Автордың  өлімі  идеясы  жайлы  АҚШ-тың,  Ұлыбританияның  көптеген  ғалымдары  жазды. 

Алайда Р. Барттың 1968 жылы жариялаған «Автордың өлімі» атты мақаласынан кейін автор 

өлімі тұжырымдамасы түбегейлі қалыптасты.

Автордың өлімі тұжырымдамасының мәні – мәтіннің дербес өмір сүру идеясында, оның 

авторлық  тұлғадан  тәуелсіздігінде  жатыр.  Барттың  пікірінше,  мәтін  туылғаннан  кейін,  оның 

авторы «өледі» және мәтін әрбір оқырманның ақыл-ойында дербес өмір сүре бастайды.

Классикалық  тұжырымдамаға  сәйкес,  мәтіннің  авторы  әдетте  оны  жазған  адам  болып 

табылады және әрбір мәтіннің міндетті түрде өз авторы, яғни оны тудырушы адамы бар. Егер 

әлдебір мәтіннің авторы жоқ болса, онда ол мүлде мәтін емес. Сонымен қатар, авторлықтың 

классикалық тұжырымдамасы айқын даралық сипатқа ие.




3

3

Кітап:



Дәріс:

Әдебиет теориясы: Антология ІІ

8. Роланд Барт «Автордың өлімі»

Барт  өзінің  шығармасында  автордың  жеке  аспектілеріне,  оның  саяси  көзқарасына,  сені-

мі  мен  ниетіне  және  басқа  да  өмірбаяндық  және  жеке  қасиеттеріне  сүйеніп,  мәтіннің  мәнін 

анықтауға арналған дәстүрлі оқу және сыни әдістерді сынайды.

Ол  бұл  дәстүрге  қарсы  шығып:  «Автор  әлі  күнге  дейін  әдебиет  оқулықтарында,  жазушы 

өмірбаяндарында,  баспасөздегі  сұхбаттарда  және  өз  тұлғасы  мен  шығармашылығын  жеке 

күнделік формасында біріктіргісі келетін әдебиетшілердің өз санасында үстемдік етеді. Біздің 

күнделікті  мәдениетімізде  қалыптасқан  әдебиет  бейнесінің  өзегінде  автор,  оның  тұлғасы, 

оның өмір тарихы, талғамы мен құмарлықтары шексіз билік құрады. Сыншылар күні бүгінге 

дейін Бодлердің күллі шығармашылығы – оның тұрмыстық олақтығында, Ван Гогтікі – рухани 

дертінде,  Чайковскийдің  бүкіл  шығармашылығы  –  оның  кінәратында  дей  келе,  туындының 

түсіндірмесін ылғи да оны тудырған адамнан іздейді. Құдды бір қиялдың мөлдір аллегориялығы 

арқылы біз әрқашан бір адаммен, яғни автормен «сыр шертіп» араздасып тұрғандай боламыз», 

– дейді Барт.

Барт  тұжырымдамасының  негізіне  үңілетін  болсақ,  оның  айтуынша,  бүгінде  «құндылық-

тың сақтаушысы қаламгер туралы миф жоғалған». Ғалым метафораға жүгіне отырып, авторды 

мәтіннің  «әкесі»  деп  атап,  оны  деспот,  әрі  жеке  билеуші  ретінде  сипаттайды.  Мәтінде  әкелік 

құқылық  туралы  жазба жоқ, жазушының тұлғасы  туындыны билеп-төсеушіліктен ада, автор 

еркімен  санасудың  еш  керегі  жоқ,  қайта  оны  естен  шығарған  ләзім  деп  тұжырымдайды. 

«Анықтама  бойынша»  әке  өлді  деп  жар  сала  отырып,  Барт  шұғыл  түрде  авторға  тірі  мәтінді 

қарама-қарсы  қояды.  Ендігі  жерде  Автордың  орнына  «өз  бойындағы  құштарлықтан,  көңіл 

күйден, сезім немесе әсер алудан ада, тоқтау дегенді білмей, шексіз сөздіктерден өз хатына сөз 

алатын» Скриптор (яғни, жазғыш) келді деп ұйғарады. Бартша, автор дегеніміз – бұл әлдебір 

жартылай  бүркеншіктік:  ол  мәтін  жазылғанға  дейін  де,  ол  жазылып  болғаннан  соң  да  бой 

көрсетпейді; мәтінге толыққанды билікті тек оқырман ғана жүргізе алады.

Барт концепциясының негізінде, «Туынды авторынан толық тәуелсіз, оның белсенділігінің 

шегі жоқ» деген идея жатыр. Р. Барт автордың сұхбаттылыққа қабілеттілігіне күмән келтіріп, 

оқырман екеуін бір-біріне қарсы қойды.

Скиптор

Барт  автордың  орнын  Скриптормен  (яғни,  жазғышпен)  алмастырады,  өзімен  бірге  құ-

марлықты, көңіл күйді, сезімдер мен әсерлерді емес, өзі жазуын теріп алатын және тоқтауды 

білмейтін  шексіз  үлкен  сөздікті  алып  жүреді,  өмір  тек  кітапқа  еліктейді,  ал  кітаптың  өзі 

белгілерден тоқылған, әлдеқашан ұмытылған әлденеге еліктейді және солай шексіз жалғаса 

береді.


Бұл  жағдайда  жазушы  өз  ойын  тіл  арқылы  жеткізеді  деп  емес,  керісінше,  тіл  жазушы 

арқылы сөйлейді деп айтуға болады.

Заманауи скриптор, ол мәтінмен бірге туылады, оның жазуға дейін және одан тыс ешқандай 

болмысы жоқ. Скриптор Авторды жеңгеннен кейін, қолым ойдың, не құмарлықтың соңынан 

ілесуге үлгерер емес деп пайымдай алмайды; керісінше, оның қолы дауыспен байланысын үзіп, 

таза жазбалық (мәнерлі емес) әрекет жасап, бастау нүктесі жоқ қандай да бір таңбалық өрісті 

белгілейді – қалай болғанда да ол тілді негізге алады, ал тіл болса, бастапқы нүкте туралы кез 

келген түсінікке күмәнмен қарайды.

Барт «әйел болып киінген әтек еркекке ғашық болған суретші» жайлы жазылған Бальзактың 

«Sarrasine» (1830) повесін мысал ретінде алады. Бальзак шығармасында мынадай сипаттама 

береді:  «Ол  нағыз  әйел  болатын,  аяқасты  үрейлері,  түсіндіріп  болмас  әрекеттері,  түйсіктен 

туатын алаңы, себепсіз батылдығы, назды қылықтары және сезімдерінің тартымды нәзіктігіне 

қарасаңыз, ол нағыз әйел болатын».

Барт мынадай сұрақ қояды: «Бұлай айтатын кім? Мүмкін, махаббат буына мас болған бас 

кейіпкер ме? Әлде әйел жайлы өз тәжірибесіне сүйеніп сөйлеп отырған, ер адам Бальзак па? 

Болмаса әйел жайлы «әдеби түсініктерді насихаттайтын жазушы Бальзак па? Яки, бұл жалпы 

адамзатқа  ортақ  даналық  па?  Бәлкім,  романтикалық  психология  болар?  Мұны  біз  ешқашан 

біле  алмаймыз,  өйткені  жазуда  дауыс,  түпбастау  жайлы  кез  келген  түсінік  жойылады.  Жазу 




Кітап:

Дәріс:


Әдебиет теориясы: Антология ІІ

8. Роланд Барт «Автордың өлімі»

4

– біздің субъективтілігіміздің іздері жоғалатын белгісіздік, әртектілік пен жалтақтық аймағы, 



өзімен барабарлық атаулы және ең алдымен жазушының тәни барабарлығы жойылатын ақ-

қара лабиринт», – дейді Барт.

Барттың тұжырымдамасы бойынша: «Автор-мәтін-оқырман» үштігі аясында оқырман басты 

рөлге  ие,  себебі  оқырманның  арқасында  мәтін  «тіріледі».  Сонымен  қатар,  тұжырымдамаға 

сәйкес бірқатар сұрақтар, мәселен, «Автор не айтқысы келді?», «шығарманың негізгі идеясы 

неде?»  т.б.  сұрақтар  қойылады.  Өйткені  оқырман  автормен  емес,  тікелей  мәтінмен  жұмыс 

істейді. Бұдан былай оқырман кез келген мәтінді өз қалауынша түсіндіруге/талдауға құқылы.

Автордың  ықпалын  жоққа  шығарғысы  келген  жазушылар  аз  болған  жоқ.  Францияда 

тілдің  иесі  болып  саналған  адамның  орнына,  тілдің  өзін  қою  қажеттілігін  болжағандардың 

алғашқысы – Малларме болды. Малларменің ойынша автор сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді 

және бұл қазіргі пікірге сәйкес келеді, жазу деген о бастан – «мен» емес, тілдің өзі әрекет етіп, 

«өндіретініне» қол жеткізуге мүмкіндік беретін, әуелден тұлғасыздандырылған әрекет болып 

табылады. Малларме поэтикасының мәні авторды жазумен алмастырып, өзін шеттетуде – ал 

бұл дегеніңіз, оқырманның құқығын қалпына келтіру деген сөз.

«Автордың  өлімі»  тұжырымдамасы  жаңа  әдебиеттің  туындауына,  дәлірек  айтқанда,  «біз 

белгілі бір шығу тегін белгілей алмайтын дауыстың ойлап табылуына» негіз болды.

Р.  Барттың  айтуынша,  бұл  процесс  алғаш  рет  француз  символизмінде  айқын  көрінді,  өз 

кезегінде ол бұны «ғасырдың өзгеруі» деп атап өтті.

Оның  пайымдауынша,  модернистер  Стефан  Малларме,  Павел  Валерия,  әсіресе,  Марсель 

Пруст және сюрреализм заманауи жазудың жаңа эпосын жасады.

Р.  Барт  (Автордың  өлімі):  «Сюрреализм  мазмұнды  күтуден  жалтарынуға  шақыратын, 

керісінше біздің қолымыз әлі ойға келмеген нәрселер туралы тезірек жазуды талап еткен. Ол 

топтық жазуды қабылдайтын және тәжірибе жүзінде өзі де қолданатын – осы арқылы ол Автор 

бейнесінің десакрализациясына/қасиеттілігін айыруға үлес қосты». 

«Сайып келгенде, әдебиеттің аясынан тыс Автордың тұлғасын талдап, оны бұзу үшін аса 

бағалы құралды заманауи лингвистика берді, ал пікір айту іші қуыс процесс, ол өздігінен орын 

ала береді және оны сөйлеушілердің жеке мазмұнымен толтырудың керегі жоқ екенін көрсетті. 

Лингвистика тұрғысынан «мен» деген «мен» деп айтатын адам ғана, автор деген жазатын адам 

ғана;  тіл  «тұлғаны»  емес,  «субъектіні»  біледі  және  тілдік  әрекеттің  ішінде  анықталып,  оның 

сыртында ештемесі жоқ мұндай субъекттің болуы тілдің барлық мүмкіндіктерін сарқа тауысып, 

оны түгелімен «сыйдыруға» жеткілікті.

Автордың аластатылуы (Автордың бойы кішірейеді, әдеби «сахнаның» түкпіріндегі бейне 

секілді) – бұл жай ғана тарихи факті не жазу әсері емес: ол заманауи мәтінді түгелдей өзгертеді 

немесе дәл сондай, қазіргі мәтін жазылып, оқылғанда, оның барлық деңгейінде автор жоққа 

шығарылады. (Автордың өлімі).

Алайда ойлар мен сезімдерге қарағанда, тіл табиғатынан тұлғасыз, дара. Бұл тұжырымның 

басты  қортындысы,  ол  оқу  әрекетінде  мағынаны  қалыптастыру  идеясы.  Сондықтан  оқыр-

манмен, Барттың пайымынша, әңгімені «автор емес, тіл жүргізеді; себебі жазу о бастан иесіз 

әрекет».

Дегенмен постмодернистік дәстүрге мұндай көзқарас сай келмейді: мұнда мәтін авторының 

жеке тұлғасы маңызын жоғалтады, ал мәтін болса – жазу деп атала бастайды. Шын мәнісінде, 

автордың ойлары мен сезімдері бейтаныс адамдар оқуға арналмаған жеке күнделіктер мен 

хаттардың  дербес  бөліктеріне  шығарылады.  Ал,  сынға  келер  болсақ,  іс  жүзінде  ол  қажетсіз 

нәрсеге  айналады.  Өйткені  оған  сынайтын  және  талдайтын  ештеңе  қалмайды.  Осылайша, 

автордың өлімі міндетті түрде сыншының да өліміне әкеледі.

Айта кететіні, біз айтып өткен қортындыларды Ролан Барт негізінен әдеби жазуды талдау 

арқылы жасайды.

Барт үшін автордың өлімі мүлде оқырманның өлімі дегенді білдірмейді. Керісінше, ол оның 

туындауының алғышарты болып табылады. Барт өзінің мақаласының (Автордың өлімі) аяғын 

мынадай  оптимистік  сөздермен  аяқтайды:  «Бұдан  былай:  жазуды  келешекпен  қамтамасыз 

ету үшін, ол жайлы аңызды төңкеруге тиіс екенімізді білеміз. Оқырманның дүниеге келуі үшін 

Автордың өлімімен құн төлеуіміз керек».




5

5

Кітап:



Дәріс:

Әдебиет теориясы: Антология ІІ

8. Роланд Барт «Автордың өлімі»

Оның бұл туылу, яғни оқырманның дүниеге келуі жайлы айтуына не негіз болып тұр? Ол 

әрине тілдің тұлғасыздығы/даралығы. Себебі жазу өзінің барлық сипатында тек оқырманның 

көз алдында ғана толық мәтінге айналады.

Барт: «Мәтін – әртүрлі мәдениеттерден шығатын және бір-бірімен болатын диалог, қағытпа 

әзіл/пародия,  дауласу  қатынастарына  түсетін  әртүрлі  жазудың  көптігінен  құралады;  алайда 

бұл көптілік белгілі бір нүктеге топталады, бұл нүкте бұрын айтылғандай автор емес, оқырман. 

Оқырман  –  жазуды  құрайтын  дәйексөздердің  бәрі  сақталатын  кеңістік;  мәтін  бірлікті  өзінің 

бастауынан емес, өзінің арнайы мақсатынан табады», – дейді.

Ол «жазу пайда болғанда бірлікке жету мүмкін емес», – дейді. Себебі кез келген мәтіннің 

түпнұсқасы қосмәнділікке ие болатындығымен негіздейді.

Нәтижесінде оны белгілі бір нақты түсінікке телу, әрдайым мәжбүрлі біржақтылық болып 

табылады. Бұл тұрғыда оқырман әртүрлі дәстүрлердің диалогын тыңдай алатын, оларды өз 

жан  дүниесінде  біріктіре/жинақтай  отырып,  өзіндік  келбетін  сақтап  қалатын,  шын  мәніндегі 

бірегей тұлғаға айналады.

Автор  тұлғасы  өзінің  психологиялық  артикуляциясын  мүлдем  жоғалтады  және  дербес-

сіздендіріледі. Бұл нұсқада мәтіннің авторы скипторға теңестіріледі. Скиптор «жазғыш» ретінде 

аударылады.

Р. Барт автордың өлімін жариялайды, себебі оның орнына сахнаға оқырман келеді.

«Бальзактың сөзіне оралайық. Оны ешкім айтпайды (демек ешқандай «тұлға»): егер оның 

бастауы мен дауысы болатын болса, онда ол жазуда емес, оқуда жатады. Мұны бізге түсінуге 

өте дәлме-дәл бір аналогия көмектеседі. Соңғы уақытта жасалған зерттеулерде (Ж.П. Вернан) 

грек  трагедиясының  негізіндегі  екіұштылық  байқалады:  оның  мәтіні  –  қатысушылардың 

әрқайсысы өзінше біржақты түсінетін қос мәнді сөздерден құралған. Алайда әр сөзді, оның 

бүкіл қос мәнділігін де еститін, өзінің алдында сөйлеп тұрған қатысушылардың саңыраулығын 

да еститін әлдебіреу бар; бұл «әлдебіреу» оқырман», – деп жазады Барт (Автордың өлімі).

Қорыта  айтқанда,  біз  Ролан  Барттың  авторлық  жайындағы  концепциясының  негізгі 

идеясымен таныстық. Ол концепция негізінде көркем туынды өз иесінің рухани-ғұмырнамалық 

тәжірибесінен  бөлектенген,  авторға  толық  тәуелсіз,  белсенділігінің  шегі  жоқ  дүние  екені 

жайлы идеясы жатыр. Барт автор өлді дей отырып, оған Скипторды қарсы қояды. Ол мәтінге 

толыққанды билікті тек оқырман ғана жүргізе алады деген тұжырым жасайды.

Джулия Ривкин мен Майкл Райан Р. Барт мақаласының алғысөзіне былай деп жазады:

Жак  Дерриданың  1967  жылғы  еңбектері,  әсіресе,  Граматология/Of  Grammatology  әдебиет 

жайлы  француз  ойшылдарының  бағытын  өзгертті.  Ол  Соссюрдің  лингвистикасының  мағы-

насына негізделген еді. 1967 жылдан кейін Роланд Барт сияқты әдеби сыншылар Дерриданың 

теорияларының  мағынасын  ашуға  белсене  кірісті.  Олардың  басты  айтпақ  болған  ойлары  – 

дәстүрлі  француз  білім  саласындағы  «ұлы  авторлар»  жайлы  пікірлердің  қайта  қаралу  керек 

дегенге  саятын  еді.  Егер  Дерриданың  ұсынатыны  дұрыс  болса,  авторлар  мәтінге  сілтеме 

жасаудың  бір  ғана  нүктесі  болып  табылады.  Барттың  пікірінше,  әдеби  шығарма  тудыратын 

мағыналаушы  мүмкіндіктердің  ағынын  ешкім  де  тоқтата  алмайды.  Мәтін  бірнеше  бағытта 

сілтеме жасайды және ол мүмкіндіктердің бәрі автордың өмірінде шектелуі не қорытындылануы 

мүмкін емес. Бұл идеядан кейін оқырман мәтінмен еркінірек жұмыс істей алады, автордың өзі 

де  білмеуі  мүмкін  маңызды  орамдардың  сырын  ашып,  оқу  процесін  белсенді  түрде  жүзеге 

асырады. Осылайша, Р. Барттың постструктурализмде негізгі орын алатын «Автордың өлімі» 

тұжырымдамасы пайда болды.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар

1.  Р. Барттың «Автордың өлімі» концепциясының негізі идеясы неде?

2.  Скиптор деген кім? Автор мен скиптордың айырмашылығы қандай?

3.  Автор классикалық әдебиетте қандай орын алады?



Кітап:

Дәріс:


Әдебиет теориясы: Антология ІІ

8. Роланд Барт «Автордың өлімі»

6

Пайдаланылған әдебиеттер



1. Julie Rivkin, Michael Ryan, Literary Theory: A Practical Introduction (Wiley Blackwell, 3rd edition, 

2016).


2. Ролан Барт, Автордың өлімі. Аударған. Е. Абақан.

3. Барт Р. Избранные работы // Смерть автора. Москва. Прогресс, 1989. – С. 384-391.



жүктеу 0.8 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет