Әдебиет идеологияның ең қуат ты қаруы. Әдебиет мемлекеттік



жүктеу 0.66 Mb.

бет6/6
Дата21.01.2017
өлшемі0.66 Mb.
1   2   3   4   5   6

жанрлардың заманауи формаларға ың-

ғайлану жайы қалай? 

 – Оның бәрі – атам заманнан келе 

жатқан нәр селер ғой. Мысалы, драматургия 

деген – Жүсіпбек Аймауытовтардың кезінен 

бастал ған нәрсе. Қазір тәп-тәуір драма тур-

гиямыз бар. Балалар әдебиетіміз де ешкімнен 

кем емес. Баяғыда «балалар жазушысы» 

деген атақтың өзі де жоқ еді. Біз ауыз әдебиеті 

шығармаларымен ауыздандық, сонымен 

тәрбиелендік. Менің өзім балаларға арнап 

көп нәрсе жаздым, екі томдығым шықты. 

Сол сияқты қазақ қаламгерлері аударма 

саласына да қаншама үлес қосты! Гогольдің 

алты томы шықты, Толстойдың бірнеше 

романы, Пушкиннің үлкен поэмалары ауда-

рыл 


ды. Шындығында, үлкен дүниелер 

атқарылды, әлі де талай нәрсе істеледі. 

Қазіргі бір ғана қиындық – капиталистік 

қоғам ақ шаға байланып қалған ғой. Елдің 

санасын қар жы-қаражат, байлық мәселесі 

билейді. Сон дықтан пайда бермейтін іспен 

көп адамдардың шұғылданғысы келмейді. 

Пай да беруі үшін ол аяғынан әбден тік тұрып 

кетуі керек. Баяғыда «Жазушы» баспасы 

күніне бір кітап шығаратын. 300-ден астам 

қызметкері болатын. Ақыр аяғында 10 шақты 

адаммен ғана қалды, әлі де кітап шығарып 

жатыр. Бірақ кітапты неғұрлым көбірек шы-

ғар саң, табысың да соғұрлым көп болатыны 

түсінікті. Мысалы, сол «Жазушы», «Жалын» 

бас па ларының  пайдаларына  түскен  қара-

жат пен екі-үш рет үй де салынған. Қазір 

ешбір баспа ондай қуатқа жете алмай отыр. 

Себебі қазақ әдебиеті оқырмандарының 

саны аз, әдебиеттің насихаты төмен. Газет-

жур налдардың көпшілігі жеке қолдарда. Біз, 

мәселен, телерадио арналарына, газет-

журналдарға қаншама сұхбат береміз, бірақ 

біреуі бір тиын төлемейді. Ал көшеде келе 

жатып, өкшем түсіп қалса, мен оны шебер-

ха наға жөндетемін және олар менен ақша 

алады, Мырзалиевтігіме қарамайды. Міне, 

осын дай  қиындықтар  бар. 



– Негізі, «әдеби кейіпкер» деген мә-

селе бұрыннан бар, әр уақыттарда ай-

ты лып жүрген нәрсе ғой. Осы ретте, бү-

гінгі қазақ әдебиетінің кейіпкері кім? 

Неме се бізде қазіргі қазақ азаматының 

образы жасалды ма? 

– Мұны алдымен қоғам жасайды. Сосын 

ол прототип болып әдебиетке келеді. Бір 

жағы нан, осы өтпелі дәуірдің өзінде де біз 

қоғам азаматының образын жасауға тиістіміз. 

Егер жақсы жазушы болсақ, заманның қалай 

қарай ағып бара жатқанын түсінсек, ол 

жасалар да еді. Бірақ мен ондайды әзірге 

көре қойған жоқпын. Бәлкім, оған уақыт ке-

рек шығар. Рас, жамандық, зұлымдық, жем-

қорлық жағынан небір кейіпкерлерді өмірдің 

өзі сомдап жатыр. Алайда олар біз дің әде-

биетімізден әлі көрініс таба қойған жоқ. 

– «Әдеби арман» дегенге келсек... 

Өзіңіздің «осыны жазсам» деп қатты 

армандап жүрген дүниелеріңіз бар ма? 

– Арман деген көп қой. Бірақ, біріншіден, 

мен өзімді «жаспын» деп есептемеймін, 75 

пен 80-нің ортасында тұрған адаммын. 

Көңілің сайрап тұр, айтқың келеді. Бірақ 

бұрын ғы энергия жоқ. Психологиялық тұр-

ғы дан алғанда, өте қиын қазір. Керемет бір-

деңе жазып жатсаң, оны басатын баспа да 

табылады. Цензурадан да құтылдық. Яғни 

бәрі өзіміздің ар-ұжданымызға тапсырылған. 

Бұрын әрбір сөзімізді қадағалап отыратын. 

«Жазушы» баспасының бүгінде марқұм 

болып кеткен бас редакторы біздің талай 

сөзімізді «не түзет, не алып таста» деп, қызыл 

қарындашпен сызып тұрып қайтарып бере-

тін. Сол бас редактор Ә.Тәжібаевтың «Көне 

қоңырау» деген кітабынан қаншама жақсы 

өлеңдерін кесіп тастады! Ал Темірхан Медет-

бектің «Шекарадағы торғай» деген керемет 

жақсы өлеңі болды. Мысалы, шекара ма, 

басқа ма – торғайға бәрібір ғой. Ол ұядағы 

балапандарына біресе ана беттен, біресе 

мына беттен жем әкеледі. Соны «шекараны 

тор ғайдың да бұзуға қақысы жоқ» деп алып 

тас тағаны  есімде. 

– Қазір енді ешқандай қысым жоқ 

қой. Сөйте тұра, біздің қаламгерлеріміздің 

көп шілігі қорғаншақ сезімнен, ішкі цен-

зу радан әлі арыла алмай жүрген тә різ-

ді... 

– Оның рас. Өйткені біздің көп адамдарға 

бая ғы дәстүр, баяғы тәртіп әбден сіңіп қал-

ған. Бірақ енді бұл әркімнің жеке талантына, 

шеберлігіне байланысты ғой. Әйтпесе еш-

кім ге ешкім «олай жаз», «былай жаз» деп 

жат қан  жоқ. 

– Осы тұрғыдан алғанда, жазушылар-

дың санасын сілкіндіру үшін не қажет? 

– Уақыт қажет. Жылдар өтеді, оған ештеңе 

істей алмайсың. Әр нәрсе өз ретімен, ке зе ңі-

мен келеді әлі.



– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Ең қымбат

кітап құстар жайлы

Әлемдегі ең қымбат кітап қандай? Кітаптың құны не 

себепті жоғары бағаланады?

Әлия ШӘЙМЕРДЕН, Тараз қаласы

Дүниежүзіндегі ең қым бат 

кітап «Америка құстары» деп 

аталады және соңғы 10 жыл 

ішінде баға жөнінен оған тең 

келер еңбек болған емес. 

Америкалық  орни то лог  әрі 

суретші Джон Джеймс Одю-

бонның кітабы 10 млн долларға 

сатылуы мүм кін. 2000 жылы 

дәл осындай кітап Christie's бәс-

сау дасында 8,8 млн дол лар ға 

сатылған. Әлемде «Аме 

рика 


құстарының» 119 түрі бар. Құс-

тар әлеміне қатысты тарихи ма-

ңызды еңбек 55 жыл бұрын 

қайтыс болған коллекционер 

Лорд Хескеттің қолында сақтал-

ған.


e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Қазақта үлкендердің жастарға қаратып айтатын «Біз базардан қайтқан 

адамбыз, сендер базарға бара жатқан адамсыңдар» деген керемет бір сөзі 

бар. Бұл – ескі образ. Көп нәрсе біздің ішімізде кетуі де мүмкін. Бірақ біз 

қолымыздан келгенше біраз нәрсені айтып қалдық. Бір байқағаным, қазір 

әдебиетке келуші жастардың саны азайып барады. Бұрындары жылына он-

оннан, топтап, топырлап келіп, кітаптарын шығара алмай жүретін. Қазір олай 

емес. Өйткені кітаптың ақшасымен өмір сүре алмайсың. Ал осы салада тер 

төгіп жүрген бірлі-жарым жастар көзсіз батырлар сияқты. Сондықтан 

әдебиетімізді өсіреміз десек, дарынды жастарға қолдау көрсетуге, жағдай 

туғызуға мейлінше тырысқанымыз жөн.

Жазушылар одағы 

тірілер түгіл, 

өлгендерге де керек

СЫРТ КӨЗ


Әзімбай ҒАЛИ, 

саясаттанушы:

– Біздің қо-

ғам  да 

ұлттың 


ұйыт   қы сы  бо ла 

ала тын негізгі екі 

орган бар. Оның 

бірі  Жа  зушылар 

ода  ғы 

болса, 


екін  шісі  –  Ұлттық 

Ғы лым 


ака  де-

мия 


сы. Бұл екі 

ор ганның ма ңайында да қазақтың ғы-

лыми-шығармашылық элитасы топтасқан. 

Әрине, 90-жылдардың басында ұлт 

руханияты үшін қилы кезеңдер болды. Ол 

кезде көптеген құндылықтарымыз бен 

бұрыннан қалыптасқан дүниелер қайта 

сүзгіден өтті. Әйтсе де ғалымдар мен 

қаламгерлер ұлттық идеологияға қызмет 

ете отырып, бүгінгі қазақ қоғамының ин-

тел 

лектуалды тұрғыда алға жылжуына 



бел 

гілі бір дәрежеде себепкер болып 

жүргендігін ашып айтуымыз керек. Ұлттың 

сөзін сөйлеуге талпыныс жасап жүрген бұл 

екі органға енді үшінші болып діни қауым-

дастықтар қосылды. Ендігі кезекте қалам-

герлер қауымы ғылыми орта мен діни 

қауымдастықтардан қолдау тауып отыр. 

Осы үшеуі «ұлттық идея» деп аталатын бір 

мақсатқа жұмыла бастады. Демек, идеялар 

базарында ықпалды қаламгерлер ұйымын 

сақтап қалудан ұлттық идеология ұтты 

деуге толық негіз бар.

Сайын 

БОРБАСОВ, 

саясаттанушы:

– Тәуелсіздік 

алған тұста біз 

көп теген  құ ры-

лым дарымызды 

жоғалтып алдық. 

Алайда  Жа зу шы-

лар одағының 

сақталып қалуы 

Қазақ елі үшін үл-

кен олжа болды. Әр кезде қоғамда ұлт тық 

идеология, тіл, әдебиет пен мәдениет, 

жалпы, руханият проблемалары айтылып 

жатады. Ал осы істің басы-қасында ұйытқы 

болып қашанда жазушылар жүреді. Осы 

тұрғыдан алғанда, біздің рухани дү ние ле-

рімізді түгендеу жолында Жазушылар ода-

ғы аз еңбек сіңіріп жүрген жоқ. Олардың 

әрбір шығармасының өзі ұлттың санасын 

сер пілтуге, ұйқыдағы ойды оятуға ба ғыт-

талған емес пе? Сондықтан да Жазушылар 

одағының әртүрлі бөлікке бөлінбей сақ та-

луы оны, шын мәнінде, ықпалды ұйымға 

ай налдырды.



Камал 

БҰРХАНОВ, 

Мәжіліс

де пу та ты:

– Қазақстанда 

Жа зушылар  ода-

ғының сақталып, 

оның төңірегіне 

қаламгерлердің 

шоғырлануы – 

біздің қоғам үшін 

үлкен олжа. Көр-

ші елдердегі шы ғармашылық одақтар бір 

емес, бірнеше бөлікке бөлініп, жан-жаққа 

тарасып жат қан тұста біздің қаламгерлер 

шығар ма шы лық  одақтың  шаңырағын 

шайқалтқан жоқ. Қазір кейбір мем ле кет-

терде  шы ғар ма шылық  одақтардың  арнайы 

ғимараты да жоқ көрінеді. Бұл жағынан 

келгенде, біз шү кіршілік етеміз. Осы игі-

ліктерге қол жеткізгеніміз – ол, ең алды-

мен,  мем ле ке ті міз  дің  жетістігі.  Әрине, 

қазақ қа лам гер лерінің одағы белгілі бір 

дәрежеде ұлттық идеологияға қызмет 

етеді. Бірақ осы бағыттағы жұмыстың бәрін 

жалғыз жазу шы лар атқарып жатыр деуге 

бол 


майды. Мемлекеттің өсіп-өркендеу 

жо лын да қоғамның барлық саласының өз 

үлесі бар.

Әзірлеген Алмат ИСӘДІЛ

Идеялар базарында 

ықпалды 

қаламгерлер ұйымын 

сақтап қалудан 

ұлттық идеология 

ұтты ма?


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№162 (388) 21.09.2010 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

 

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ДОДА


«Сарықұрлық» біріншілігін «А» тобында 

бас таған қыздарымыз әуелі Жаңа Зеландия 

құра масын 3:0 (25:19, 25:13, 25:8) есе бі-

мен тізе бүктірді. Одан соң Вьетнам бой жет-

кендерін 3:0 (25:13, 25:22, 25:18) есе бімен 

ұтып, келесі кезеңге сүрінбей өтті. Өкі нішке 

қарай, Азия чемпионатының екінші саты-

сын 


да Тайпэй қыздарынан 0:3 (13:25, 

22:25, 19:25) есебімен ұтылып, Таиланд 

құра масына лайықты деңгейде қар сылық 

көрсете алмай, жеңілістің кер мек дәмін тат-

ты. Есеп – 0:3 (9:25, 17:25, 7:25).

Осы екі жеңілістің кесірінен ширек фи-

нал да азуы алты қарыс Қытай құрамасына 

тап болды. Ұлы Жібек елінің бойжеткендері 

әуедоп өнерін жоғары деңгейде мең гер ген-

діктерін  дәлелдеп,  біздің  бой жет кен дер ден 

3:0 (25:11, 25:16, 25:12) есебімен басым 

түсті.


Бұдан соң Людмила Перевертова мен 

Анатолий Дьяченко жаттықтыратын қыз да-

рымыз 5-8-ойындарды сарапқа салған 

командалар арасындағы додада екі матч 

өткізді. Әуелі Индонезия құрамасымен кез-

десіп, 3:1 (26:24, 21:25, 25:15, 25:20) есе-

бімен жеңіске жетті де, 5-орын үшін таласу 

мүм кіндігіне қол жеткізді. Сөйтіп, «Сары құр-

лық» біріншілігіндегі соңғы кездесуін Тайпэй 

қыз дарымен өткізетін болды. Бұл кездесу 

кеше газетіміздің  осы  саны қатталып жатқан-

да аяқталды. 

Бір айта кетерлігі, дәл қазір Азияда екі 

бірдей дүбірлі дода басталды. Әйелдер 

арасындағы ұлттық құрамамыз ІІ Азия ку бо-

гына қатысып жатса, ерлер арасын да ғы құ-

рама командамыз Орталық Азия елдері 

чемпионатында бақ сынауда. Өкінішке қа-

рай, екі құрамамыз да «Сарықұрлықтағы» 

өз ойындарын жеңіліспен бастады. Олар дың 

өнерлеріне газетіміздің алдағы сан да рын да 

тоқталатын боламыз. 



Айқын ЖАППАР

Бұл жолғы әлем чемпионатына «Қытай 

мен біріншілік қожайындары Түркия ара-

сындағы текетірес» деп баға беруге бола-

тын сияқты. Әзірге осы елдердің тола ғай-

ла ры ғана бас жүлделерді еншіледі. Осы 

уақытқа дейін төрт алтын медаль өз иесін 

тапқан бол са, оның біреуі түрік толағайына, 

қал 

ған үшеуі Қытай спортшыларына 



бұйыр ды.

Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері 

Алексей Ни Анталияға мына спортшыларды 

алып кеткен болатын. Әйелдер: Маргарита 

Елисеева (48 келі), Светлана Черемшанова 

(53 келі), Майя Майнеза (63 келі), Анна 

Нұрмұханбетова (69 келі), Светлана Подо-

бедова мен Татьяна Хромова (екеуі де — 

75 келі), Александра Аборнева (+75 келі); 

Ерлер: Қуаныш Рахатов пен Рүстем Сыбай 

(екеуі де — 77 келі), Владимир Кузнецов 

пен Ербол Мейірманов (екеуі де — 85 

келі), Владимир Седов пен Алмаз Өтешев 

(екеуі де — 94 келі), Сергей Истомин мен 

Сергей Вашанов (екеуі де — 105 келі). 

Байқап тұрғандарыңыздай, тізімде Зүлфия 

Чиншанло, Мария Грабовецкая және Илья 

Ильин жоқ. Бас бапкер бұл толағайларға 

жазғы Азиадаға дайындалуға мүмкіндік 

беріпті. Ал Анталияның зілтемір сахнасына 

көтерілген жерлестеріміздің көрсет кіш те-

ріне келер болсақ, 48 келіде сынға түскен 

Маргарита Елисеева қос жаттығудың 

нәтижесінде 168 (78+90) келі көтеріп, 

14-орыннан көрінді. Салыстырмалы түрде 

айта кетейік, осы салмақтың чемпионы 

түрік қызы Нуркан Тайлян қос жаттығудың 

қорытындысында 214 келі көтерді. 53 

келіде сынға түскен Светлана Черемшанова 

жұлқа көтеруде 87, серпе көтеруде 110 

келіні бағындырды. Нәтижесінде, 197 

ұпай жинап, жүлделі орыннан 9 ұпайға қа-

лып қойды.

Кеше кешкісін зілтемір мінберіне Майя 

Манеза көтерілді. Ал бүгін Анна Нұр мұ-

хан бетова өз бағын сынап көреді.



Арсен ЖАНАДІЛ

Волейболдан Хошиминде 

(Вьетнам) өтіп жатқан 

бойжеткендер арасындағы XV 

Азия чемпионатында Қазақстан 

құрамасы 5-6 орындардың 

бірімен шектелетін болды.

Түркияның Анталия 

қаласында ауыр атлетикадан 

әлем біріншілігі өтуде. 

Анталияға аттанған 

толағайларымыз әзірге 

қоржынымызға жүлде салар 

емес.

Ширек 

финалдан 

аса алмадық

Қытай – Түркия 

текетіресінің 

көлеңкесінде 

қалдық

48 келі салмақ дәрежесінде бақ сына-

ған Нәзгүл Боранбаева жартылай финалда 

әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс 

жүлдегері, румын қызы Стелута Дутадан 

5:10 есебімен ұтылып қалды. Сөйтіп, бұл 

жо 

лы да бұйырғаны қола болды. Ал 



Стелута осы жеңісін әрі қарай жалғастыра 

алмай, финалда Үндістан үміті, төрт дүркін 

әлем чемпионы Мэри Комнан Барбадоста 

да ұтылып, үшінші рет күміспен күптелді. 

Ал үнді қызы бесінші рет әлем чемпионы 

атанып, бірінші кезекте күйеуіне алғыс 

жол дап, жаратқанға бас иді.

81 келі салмақ дәрежесінде ел намысын 

қорғаған Марина Вольнова жартылай фи-

нал да қытай қызы Янрул Вангтен 12:7 

есебі мен басым түсіп, финалға шыққан. 

Өкінішке қарай, финалда панамерикан 

чем пионы, бразилиялық былғары қолғап 

шебері Росели Амарал Фейтосқа 3:12 

есебімен есе жіберіп алды.

Десек те, бұл чемпионат біздің боксшы 

қыздарымыз үшін аса сәтсіз болған жоқ. 

Өткенге көз жүгіртсек, бұған дейінгі әлем 

чемпионаттарынан Қазақстанның күрзі 

жұдырықты қыздары екі қола еншілеген-

ді. 2006 жылы Нәзгүл Боранбаева, ал 

2008 жылы Елена Кольцова үшінші орын 

алған-ды. Бұл жолы 1 күміс, 1 қола олжа-

лап, бұрынғы жетістіктерімізден асып түсіп 

отырмыз. Жалпы командалық есепте 12-

орынға ие болдық. Ал 2 алтын, 1 күміс 

алған Ресей қызда ры топ жарып, Қытай 7 

медальмен (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) 

екінші орын алса, Сол түстік Корея 1 алтын, 

1 күміспен үшінші орын ды иеленді.



Әлихан ЖАППАР

Кариб аралдарының 

көр некті жерлерінің бірі 

Бар бадос елінде бокстан 

әйел дер арасындағы әлем чем-

пионаты аяқталды. Атал мыш 

бүкіләлемдік  бірін ші лік тен 

Қазақстан қыздары екі медаль 

еншіледі: 1 күміс, 1 қола.

Кариб 

аралдарынан – 

екі медаль

ПРЕМЬЕР-ЛИГА

БОКС 

ВО

ЛЕЙБО



Л

А

УЫР А



ТЛЕ

ТИК


А 

25-ТУРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

«Ақтөбе» – «Тобыл» (Қостанай) – 2:0

Голдар: Смақов, 28-пенальтиден. Авер-

чен ко,  39.

Ойынның 27-минутында Бакаев (Т), 69-

минутында Ба (А) алаңнан қуылды.



«Шахтер» (Қарағанды) –

«Локомотив» (Астана) – 0:1

Гол: Киров, 45.

Ойынның 85-минутында Джидич (Ш) 

алаңнан қуылды.

«Ертіс» (Павлодар) – «Атырау» – 1:2

Голдар: Даскалов, 85 – Фрунза, 17. Шакин, 

34.


Ойынның 20-минутында Даскалов (Е) 

пенальти соға алмады.

Ойынның 67-минутында Әлиев (А) 

алаңнан қуылды.



«Ордабасы» (Шымкент) –

«Оқжетпес» (Көкшетау) – 4:1

Голдар: Вагнер, 45. Тәжімбетов, 73. 

Тәжімбетов, 87-пенальтиден. Вагнер, 89 

– Әбдікәрімов, 11.

«Қайрат» (Алматы) –

«Жетісу» (Талдықорған) – 0:1

Гол: Белич, 20.

Ойынның 79-минутында Әбуғалиев (Қ), 

84-минутта Яковлев (Ж) және 90-минутта 

Белич (Ж) алаңнан қуылды.



«Тараз» – «Ақжайық» (Орал) – 2:0

Голдар: Кенбаев, 28. Йованович, 90.

Футболдан Қазақстан 

пре мьер-лигасының  25-тур 

ойын да ры  футболсүйер 

қауым ның есінде турнир 

көш басшысы  «Тобылдың» 

жеңілісімен есте қалды.

«Тобылды» 

тобықтан шалды

Министрліктегі мәжіліс

АЗИАДА АЛДЫНДА

Бұл жиын ҚР туризм және спорт ми нист-

рі – ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті пре-

зиденті Темірхан Досмұхамбетовтің төр-

ағалық етуімен өтті. Негізгі мәселе 12-27 

қараша аралығында Қытайда өтетін XVI 

жазғы Азия ойындарының дайындығы 

болды. 

Әуелі байдарка мен каноэде ескек есу 



спорты бапкерлерінің есеп беру баян да ма сы 

тыңдалды. Аталмыш министрліктің Спорт 

комитеті төрағасы Елсияр Қанағатов осы 

спорт түрінің біздің елде даму ба ры сына 

қысқаша тоқталып өтіп, Қазақ 

стан 


дағы 

балалар мен жасөспірімдердің спорт мек-

теп 

терінде байдарка мен каноэде ескек 



есудің 9 бөлімі бар екендігін тілге тиек етті. 

Айналысушылар саны шамамен 1500 адам-

ға жететіндігін және олармен 82 жат тық-

тырушы жұмыс істейтіндігін атап өтті. Биыл 

Қазақстан ұлттық құрамасы 10 оқу-жаттығу 

жиынын өткізіп, төрт респуб ли ка лық шара 

ұйымдастырып, үш халықаралық турнирге 

қатысып келген. Бүгінде ұлттық құрама 

сапына 34 спортшы кіреді, олардың 21-і 

штаттағы ұлттық құрамалар дирек ция сында 

тіркелген. Өкінішке қарай, нәти 

же 


лері 

көңілге қонымды емес. Бұл орайда Темірхан 

Досмұхамбетов байдарка мен каноэде ескек 

есу спорты бапкерлерінің жұ 

мыс 

тарына 


«қанағаттанарлық емес» баға қойып:

– Бұл спорт түрінде 12 медаль жиын-

ты ғы сарапқа салынады. Жүлделі орын-

дар ға таласу үшін мүмкіндік жоқ емес. 

Министрлік сіздердің жұмыстарыңызды 

жан дандыру үшін қосымша қаржы тартуда. 

Ал сіздер әртүрлі жарыстарды қорытын ды-

лаумен шектеліп, алға көз жүгіртер емес-

сіз дер. Бұл нәтиже жетістік емес, – деп 

кесіп айтты.

Содан соң талантты спортшыларды бір 

бапкерден екіншісіне ауыстырып, алғаш-

қы лары ізбасарлар дайындау ісімен айна-

лы суы керек екендігін баса айтып, осы 

жүйені тексеру керектігін тапсырды. 

Министр тарапынан аймақтағы жаттық ты-

ру шылардың «Оңтүстік Қазақстан облы-

сының Төле би ауданында ескек есу спорты 

каналын ашу керек» деген ұсыныстары 

қол дау  тапты. 

Бұдан соң кезек жеңіл атлетикаға бе ріл-

ді. Ең көп, яғни 46 медаль жиынтығы сарап-

қа салынатын спорт түрінен біздің ел дегі 

спорттық мектептерде 112 бөлім бар екен. 

Жеңіл  атлетикамен  шұғыл да ну шылар  саны 

11 000 адамнан көп, ал жат 

тық 

 

 



тыру-

шылардың рес ми саны 

– 469. Ұлттық құрама 

са пын да  14  облыстан 

110 спортшы бар. Азия 

ойын дарына  дайын-

далу үшін «Спорт па ди-

шасы» өкілдері 2010 

жылы 12 оқу-жаттығу 

жиы нын  өткіз ген.  Оның 

ішінде  Д.Кар  пов  жеке 

бағ дар лама  бойынша 

әзір ле нуде.  Же ңіл ат лет-

те ріміз  сегіз  рес пуб -

ликалық  шара  ұйым    -

д а с т ы   р ы п ,  

а л т ы 

ха лық  ар а лық  турнирге 

қа ты сыпты.  Осы  тур-

нир лер ден 9 алтын, 11 

күміс, 7 қола ен ші лен-

ген. Жа бық кешендегі 

Азия  чем  пионатында  2 

алтын, 8 күміс, 4 қола 

олжа лаппыз. 

Бүгінгі 


таң да  абыройымызды 

асқақтатып жүрген – 

Ольга Рыпакова. Жабық 

кешендегі Азия чем-

пио натында да мерейі мізді тасытқан – осы 

Ольга. Министр ШҚО бапкерлеріне осын-

дай талантты спортшы дайындап шы ғар-

ғандары үшін алғыс жолдады. Әрі осы 

спорт түрі бойын ша біздің елде бәсе ке лес-

тіктің жоққа тән екендігіне қынжыла тоқ-

талды. «Беткеұстар спортшылардың және 

бәсекелестіктің жоқтығы ізбасарлар жұмы-

сы ның тым на шар екендігін білдіреді. Онса-

йыс шы Кар пов қа сенім артып жүргенімізге 

бірнеше жыл болды, бірақ әлі нәтиже жоқ» 

деп тау сылды министр бұл орайда. Содан 

соң кей бір спортшылардың өздері баратын 

тур нирлерге бармай қалып, жерге қаратып 

жүр гендері де айтылды. Әйтсе де жеңіл ат-

лет теріміз Гуанчжоу ойындарынан «4 алтын, 

4 күміс, 6 қола аламыз» деп отыр. 

Кезек бұдан соң күрес түрлеріне бері-

ліп, балуандарымызға көңілі толмай тын-

дығын ашық білдірген Темірхан Мыңай-

дарұлы «Күрес – ұлттық спортымыздың 

бірі, сондай-ақ елімізде қанатын кең жай-

ған спорт түрі, ал оның бүгінгі жағдайы 

мен деңгейі осыған мүлде лайық емес» 

деп қысқа қайырды. 

Бұдан соң нысана көздеу спортының 

әзірлігі талқыланды. Бүгінде респуб ли ка-

дағы балалар мен жасөспірімдер спорт 

мек тептерінде сегіз нысана көздеу бөлімі 

жұмыс істейді. Жаттығушылар саны – 472, 

жаттықтырушылар саны – 35. Сондай-ақ 

бір мектеп-интенат бар, онда тоғыз бала 

жат 

тығады. Олимпиада ізбасарларын 



дайын   дау орталығында тоғыз бала жат ты-

ғып, бір жат тықтырушы қызмет етсе, рес-

пуб  ликалық  Олимпиада  дайындау  ор та лы-

 

ғында 36 спортшы және екі бапкер 



тір кел ген.

Биыл мергендеріміз халықаралық тур-

нирлерден 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жеңіп 

алды. Әлем кубогынан 2 алтын, 1 күміс 

еншілесе, әлем чемпионатынан 2 қола 

және Лондон Олимпиадасының бір лицен-

зиясын «атып» алды. Алдағы Азия ойын-

дарынан 3 алтын, 5 күміс, 6 қола «атып» 

алу міндеттелініп отыр. Стенд ату спорты 

қа на тын енді жайып, даму үстінде. Респуб-

ликадағы балалар мен жасөспірімдер спорт 

мектептерінде стенд атудың бес бөлімі бар. 

Жат тығушылар саны – 144, жаттық ты ру-

шылар саны – 16. Сондай-ақ бір мектеп-

ин тернат бар, онда тоғыз бала жаттығады. 

Шым кенттегі республикалық Олимпиада 

дайындығы орталығында 42 спортшы және 

үш бапкер тер төгуде. Стенд атушы мер ген-

дер Гуанчжоудағы Азия ойындарынан 1 

ал тын алуды көздеп отыр.



Нұрғазы САСАЕВ,

Арман САТЫБАЙ

Жақында Ұлттық олим-

пиадалық комитетте жазғы 

спорт  түрлері  бап кер лері-

мен кезекті жиын өткізілді. 

Оған Олимпиада ойын-

дары бағдарламасындағы 

жаз ғы спорт түрлерінің 

жат тықтырушылары 

қа тысты.

Орал енді қол добын қолға алды

«Қайрат» бас бапкерін алмастырды ма?

Жақында бізде (Оралда) гандболдан әйелдер арасындағы ел чемпио-

на тының бірінші туры өтті. Бұрын бізде бұл спорт түрінен ешқандай 

ко манда болмаушы еді, биыл бір клубымыз ел біріншілігі көрігін 

қыздыр ды. Соңғы ойындарын барып тамашаладық. Енді осы клуб жайлы 

қыс қа ша  білгіміз  келеді.

 Айбол БОЛАТҰЛЫ, Орал қаласы

Биылдан бастап ҚР гандбол фе де  ра-

циясы басқа спорттық ойындар түр ле-

рін де гідей  ел  чемпионатын  су пер лига 

және  бірін ші  топ  коман да лары  арасында 

өткі зуді  ұйғарған  бо ла тын.  Осы  орайда 

су пер лига  сапына  Астананың «Астана» 

және Оралдың «Ақ жайық» атты коман-

да лары  қо сыл ды.  Орал дың  «Ақжайығы» 

өз ала 


ңын 

да ел чем 

пионатының бас 

жүл  десінен  үмітті  ко ман даларға  азу  көр-

сетсе, аста налық ұжым нан әзірше он дай 

батыл  ойын  өрнегі  бай қал  ма ды.  Олай 

дейтініміз, астаналықтар бі 

рінші тур 

қорытындысы бойынша алты ко ман-

даның ішінен бесін ші орын алды.

Оралдың «Ақжайығын» былтыр 

алма ты лық клубты баптаған Игор Ан-

дрю шенко мен Виктор Бабенко жат тық-

ты рады.  Бап кер  лердің  берген  мағ лұ ма-

ты на жүгінсек, Орал клубының са  пын да 

Алматының «Қайрат» футбол клубын жаттықтырған 

әке лі-балалы Сергей Волгиндер қызметінен босады деп 

есті дім. Бұл ақпарат рас па? Рас болса, олардың орнына 

енді кім келеді?

Ерзат САТЫБАЕВ, Алматы қаласы

Бұл ақпараттың растығын 

тек  се ру  үшін  «Қайрат»  футбол 

клу бы ның  баспасөз  бөліміне 

хабар лас қанбыз.

– Иә, бұл ақпарат рас. Біз де 

ресми түрде мәлімдейміз: «Қай-

рат» футбол клубының жат тық-

ты ру шылары  Сергей  Васильевич 

Вол гин мен Сергей Сергеевич 

Вол  гин өз қызметтерінен кетті. 

«Қай рат» Волгиндердің жат тық-

ты руымен биылғы маусымда 25 

ойын өткізіп, сегізінде тең түскен, 

13 кездесуде жеңілген. Тек төрт-

ақ ойында ғана жеңіске жете ал-

ған. Сөйтіп, барлығы 20 ұпаймен 

соңғы орындарда тұр. Ал гол 

айыр машылығы – 11-28. Әл-

бет те, егер дәл осылай жалғаса 

бер 

 

се, команда келесі жылы 



жоғарғы лигаға түсіп қалуы 

мүм кін. Бұл көр сеткіш клуб бас-

Ресейдің Самара және тағы үш об лы сы-

нан келген 9 легионер бақ сынап жатқан 

көрінеді.

Ұлттық чемпионатта жоғарыда атал-

 ған қос командадан басқа өткен жылғы 

ел чемпионы Қызылорданың «Сейхун 

Камы», Алматының «Алма ты сы», Алма-

ты облы сы ның «Ілесі», Өскеменнің «Әді-

лі» бақ сынау да. Бірін ші тур ойындары 

өте шиеленісті бол ды. Алғашқы турдағы 

соңғы матч 

қа дейін топ бастайтын 

команда бел гілі болған жоқ. Тек соңғы 

шешуші  матч та  «Ақ жай ық»  Қызыл орда 

қыз 

да 


рынан 19:16 есебімен басым 

түсіп, 9 ұпаймен біріншілік кестесінің ең 

басына орна лас ты. Олардан бір ұпайы 

кем «Сейхун Кам» – екінші орында. Үз дік 

үштік  қа та  рына  алматылықтар  енді. 

Келесі тур Сыр елінде өтеді.

шы ларының  кө ңілінен  шыққан 

жоқ.  Нәти же сін де,  бір  өзгеріс 

енгізуді жөн көрген бас шылық 

тізгінді осыған дейін дуб льдік 

құрамды  жат тық тыр ған  Евгений 

Кузнецовқа сеніп тапсырды. 

Оған Волгиннің кезінде аға бап-

кер лік қызметті атқарған Вале-

рий Фомин көмектесетін бо-

лады. Бұл мамандар «Қай рат ты» 

осы маусымның соңына дейін 

жат тықтырады. Ал одан кейін 

бас қа тәжірибелі мамандар тар-

ты луы мүмкін, – деп жауап берді 

«Қайрат» футбол клубының бас-

па  сөз  хатшысы  Марат  Исабаев.



Қазақстан – Швейцария – 5:0

ТЕННИС


Әлбетте, жігіттеріміздің қауқарын біле-

міз. Олардың халықаралық жеңістерін жо-

ға ры бағалаймыз. Бірақ, шыны керек, Род-

жер Федерер, Станислас Вавринка сынды 

ұлан дары бар Швейцарияны жеңе аламыз 

деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеген 

еді. Рас, Швейцарияның құрамында Род-

жер Федерердің өзі болған жоқ. Алайда 

АТР рейтингінде 20-орында тұрған әлгі 

Ста нислас Вавринканың өзі не тұрады?! 

Мар 

ко Сьюдинелли, Мишель Ламмер 



және жұп та сып өнер көрсетудің қас шебері 

Ив Ал 


лег 

ри сынды саңлақтар да осал 

қарсылас емес еді. Дегенмен бұл жолы 

жігіт теріміз жарады. Қазақстан теннисінің 

тарихында болмаған, ешкім күтпеген, тіпті 

сәуегейлердің өздері бол жауға бата бер-

мейтін нәтижеге қол жет кізді. Негізі, Род-

жер Федерердің Қазақстанға келуі мүмкін 

болған. Себебі мұның алдында әлемнің 

үшін ші ракеткасы Швейцария құ ра масы-

ның тізімінде бесінші болып жа зы лып тұр-

ған екен. Алайда US Open турниріне қа-

тысып шар 

шап қалды ма, әлде басқа 

жос пар лары бол ды ма, әйтеуір Қазақ стан-

ға ат басын бұру ды жөн көрмепті. 

Сонымен, көптен күткен «Дэвис» кубо-

гы да басталып кетті. Жеребенің қоры тын-

ды сы бойынша бірінші күні кортқа Қазақ-

стан ның бірінші нөмірлі ойыншысы Андрей 

Голубев пен швейцариялық Марко Сью ди-

нел ли шықты. Жанкүйерлерінің алдында 

намысқа тырысқан Голубев бірден ойын 

тізгі нін өз қолына алып, қарсыласын әбден 

әбігерге салды. Нәтижесінде, алғашқы 

теке тірес 6:4, 6:4, 6:4 есебімен Қазақ стан-

ның пайдасына шешілді.

Екінші болып кортқа жерлесіміз Михаил 

Кукуш кин мен Станислас Вавринка шық-

қан. Осы кездесуден кейін таразы басы 

теңе 

с 

етін шығар деп секем алғанбыз. 



Себебі Вавринка жоғарыда айтқандай, АТР 

рейтингінде 20-орында тұр. Ал жер ле сіміз 

небәрі – 82-орында. Осы басым ды лығына 

сүйенетін швейцариялық тен нис ші ойында 

үстемдік танытатын шығар. Кукушкинді 

мысы басып кететін шығар деп ойлағанбыз. 

Кез десудің басы, шынымен де, біз ойла ған-

дай-ақ басталды. Бірден ұпай жинай бас-

таған Вавринка бірінші сетті 6:3 есебімен 

аяқтады. Дегенмен өз жерінде өнер көрсетіп 

жатқаны есіне түсіп кеткен Кукушкин екінші 

сетте бойын тіктеп, таразы басын теңестіре 

алды. Одан кейінгі сетте де басымдық 

танытты. Жалпы, бес сетке созылған ойын 

3:6, 6:1, 6:4, 1:6, 6:3 есебі мен аяқталды.

Қазақстан – Швейцария текетіресінің 

тағ дырын екінші күн шешті. Жұптасып өнер 

көр сетуде Қазақстанның намысын қор ғау-

ға Андрей Голубев пен Юрий Щукин шық-

ты. Ал олар ға қарсылас ретінде Станислас 

Вавринка мен Ив Аллегро шықты. Шыны 

керек, мұ ның алдындағы қос жеңістен 

кейін жұп та сып өнер көрсетуде де жеңіс біз 

жақта болатынына сенім мол болды. Расы-

мен де, солай болып шықты. Кездесудің 

Астанада азулы Швей ца-

рия құрамасымен кез  дескен 

қазақстандық теннисшілер 

қарсы лас та рын  5:0  есебімен 

жеңіп, өз тарихында тұңғыш 

рет «Дэвис» кубогының 

әлем дік элиталық тобына 

жол дама  алды.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Қазақстан құрамасы

АТР рейтингінде:

Андрей Голубев – 39-орын

Михаил Кукушкин – 82-орын

Евгений Королев – 83-орын

Юрий Щукин – 137-орын

Швейцария құрамасы

АТР рейтингіде:

Станислас Вавринка – 20-орын

Марко Сьюдинелли – 69-орын

Мишель Ламмер – 204-орын

Ив Аллегро – 118-орын

(жұптасып өнер көр сетуде)



ҚАЗАҚСТАН – ШВЕЙЦАРИЯ – 5:0

Андрей Голубев – Марко Сьюдинелли – 6:4, 6:4, 6:4.

Михаил Кукушкин – Станислас Вавринка – 3:6, 6:1, 6:4, 1:6, 6:3.

Андрей Голубев/Юрий Щукин – Станислас Вавринка/Ив Аллегро – 6:4, 6:3, 6:3.

Андрей Голубев – Мишель Ламмер – 6:3, 6:2.

Михаил Кукушкин – Марко Сьюдинелли – 6:2, 6:4.

тағдырын үш сетте шешкен жерлестеріміз 

6:4, 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Бұдан 

кейін Қазақ стан – Швейцария текетіресінің 

аясын да тағы екі ойын өткенімен, екеуі де 

текетірестің тағдырын өзгерте алған жоқ. 

Оның үстіне, бұл кездесулерде де жерлес-

те ріміз  үстемдік  танытты.

Енді келесі жылы Қазақстан құрамасы 

«Дэвис» кубогын бірден әлемдік элиталық 

топтан бастайды. Ал биыл «Дэвис» кубо-

гы ның бас жүлдесін Франция мен Сербия 

құ рамалары сарапқа салады.



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№162 (388) 21.09.2010 жыл, сейсенбі                 



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№162 (388) 21.09.2010 жыл, сейсенбі                



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

е



зекшi  ред

ак

тор – 



Қалд

ар КӨМЕКБ

АЕВ

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


АЕВ  – 

ж

а



уапты х

а

тшының орынб



ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

то

р



Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Га

зе



т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т  


минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


ту

р

алы №9650-Г  к



уәлiгi берiлг

ен.


Р

е

д



акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап 



бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



е

гль) ас


а

тын ма


териалд

ар 


қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi 



көшiрiп немесе өңдеп б

а

су



 үшiн ред

акцияның ж

азб

аша рұқс


а

ты 


алынып, г

а

зе



тк

е сiлт


еме ж

а

салуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Та

р



а

ту

 қызме



тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1026

А

ст



ана  қаласы «

А

ст



ана-По

лигр


афия»,

Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т



ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1335

Шымк


ент қаласы «Оңтүс

тiк по


лигр

афия» б


аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 

8

 (7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №9172 

 

 



 

   


Бағасы  к

е

лiсiмдi



Таралымы – 10 000 дана

Га

зе



т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

й

на



сы» г

аз

ет



е ж


аз

ы

лу



 и

нд

екс



i: 6

42

59



Ре

да

кц



и

ян

ы



ң ме

ке

нж



ай

ы



А

лм

ат



ы

 қ

ал



ас

ы

,05



0

0

51



, Б

ег

ал



и

н кө


ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



Те

ле

ф



он

8(



7

2

7

)3

8

8-8

0

-6

0, ф

акс


8(

7

2

7

)3

8

8-8

0

-6

1

e-

m



ail

inf



o

@

a

lashainas

y.

kz

БҮГІН:

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:



 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


Ср

Бс

Жм



Сб

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



ҚЫРКҮЙЕК

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т,

 т

е



л.: 

388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

Алаштың атаулы күні 

• 1904 жылы актер, режиссер, Қазақстан Халық әртісі, КСРО 

мем ле кеттік сыйлығының лауреаты, қазақ театрының іргетасын қа-

ла  ған өнер саңлақтарының бірі Қапан Бадыров (1904-2000) дүниеге 

келді.

• 15 жыл бұрын (1995) Украина астанасы Киевте Абайдың 150 



жыл дығына арналған мереке болып өтті.

• 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назар-

баев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Мәс-

кеу дегі Чистопрудный бульварында қазақтың ойшыл ақыны Абай 

Құнан б аевтың  ескерткішін  ашты. 

• Халықаралық бейбітшілік күні. Жыл сайын 21 қыркүйекте атап 

өті летін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зор-

лық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерек ше ле неді.



Туған күн иелері

Сатыбалды Сазанов (1941) – Алматы экономика және 

статистика академиясының профессоры;



Бақберген Досманбетов (1945) – сенатор, экономика 

ғылымының докторы, профессор, академик;



Кама Өрмырзина (1948) – Республикалық ғылыми-техникалық 

кітапхананың бас директоры;



Жомарт Таласбеков (1951) – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС 

ішкі саясат және кадр қызметі бойынша директоры;



Қадыл Таласбеков (1951) – «Локомотив» АҚ президенті;

Абай Тасболатов (1951) – Қазақстан Республикасы Ұланы қол-

бас 


шысы, тарих ғылымының докторы, профессор, генерал-

лейтенант;



Асан Қожақов (1955) – «Петро Қазақстан» компаниясы Стратегиялық 

коммуникация департаментінің директоры;



Асылбек Дүйсебаев (1979) – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік 

инспекторы.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

БАҚБЕРГЕН – қазақтың тілеулі есімдерінің қатарына жатады. Жаңа туған 

сә биге «басына бақ қонсын, ырыс-құт ажырамасын» деген ниетпен жақсы 

ырым ға балап қойып жатады. Ел ішінде жиі кездесетін ныспы.

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 06:38  

 

            12.15 

 

           18:52    

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

ТАРАЗЫ

Жұмысыңыз қанша лық-

ты көп болса да, жеке басы-

ң ы з   д ы ң  

ш а р у а с ы н 

ұмытпауға ты рысыңыз. Кезде-

су лерге, кіші гірім саяхат жа-

сауға қолайлы күн. Жоспарда 

болмаса да, көңіл көтеру мүм-

кіндігін жіберіп алмаңыз. 



САРЫШАЯН

Бүгін өзіңіз жақсы та-

нымайтын адамдардың 

сөзіне сене салуға бейім тұ-

расыз. Сондықтан сыни пікір-

лерді дұрыс қабылдауға тыры-

сып, кез келген мәселеде 

асы ғыс шешім қабылдамауға 

үйреніңіз.

МЕРГЕН

Бүгін жігерлі іскерлігіңіз 

бен екпініңізге ешкім қарсы 

тұра алмайтын нағыз бел-

сен 

дісіз. Барлық мәселемен 



айналысуға үлгеріп, соның 

нәти жесінде 

әріптестеріңіз 

арасында жоғарғы көрсеткішке 

ие бола сыз. 

ТАУЕШКІ

Алдыңызға қойған мақ-

са 

тыңызға қарай қадам 



жасап, өзіңізді қызық-

тырған мәселемен айналысуға 

қо лайлы күн. Алдын ала құр-

ған жос парыңызға түзе тулер 

ен гі зудің қажеті шамалы. Ың-

ғайлы бағыт та әрекет еткеніңіз 

жөн.

СУҚҰЙҒЫШ

Әріптестеріңізбен қа-

рым-қатынасыңызда келіс-

пейтін мәселелер туындауы 

мүмкін. Өйткені қаншама көп 

жұмыс тындырсаңыз да, дұрыс 

бағаланбайды. Ал сүйіктіңізбен 

немесе  дос та рыңызбен  жақсы 

тіл табыса аласыз.

БАЛЫҚТАР

Табыс пен жеңіске толы 

сәтті күн. Басшыларыңыз 

діттеген мақсатқа тезірек 

жету үшін жұмысқа бар күші-

ңіз ді салуды талап етеді. Жақын 

арада табысыңыз айтарлықтай 

кө терілуі  мүмкін.



ТОҚТЫ

Сіз үшін сәтті күн. Осы 

мүм кіндікті  пайдаланып, 

ағым дағы 

мәселелерді 

шешіп алсаңыз болады. Бола-

шақ өміріңіз жайында тол ға-

нып, жоспар жасамақ бол са-

ңыз, орындалуы күмәнді 

нәр 


селерден аулақ болған 

жөн. 


ТОРПАҚ

Қаржы мәселелерін ше-

шуге қолайлы күн. Келі сім-

шартқа қол қоймақ бол са-

ңыз, ішкі дауысыңызға құлақ 

түріңіз – ол сізге дұрыс шешім 

қа былдауға көмектеседі. Ро-

ман тикалық қатынастар үй ле-

сім ді  дами  бастайды.

ЕГІЗДЕР

Бұл күн жағымды жа ңа-

лықтарға толы. Жұмыс 

барысында күрделі мәсе-

лелер орын алмайды. Отбасы 

мүшелерімен қарым-қаты на-

сы 

ңыз нығайып, көңіліңізге 



қуа ныш  сыйлайды.

ШАЯН

Сенгіштік пен аңғалдық 

іскерлік қатынасыңызға кері 

әсерін тигізеді. Сондықтан 

әр қадамыңызды мұқият ой-

лана отырып жасаған жөн! Кө-

зі ңіз жетпеген мәселеге ара лас-

пауға тырысыңыз. 



АРЫСТАН

Жұмысыңыз бастан асып 

жатса да, бұл күн сізге тек 

сәттіліктер сыйлайды. Тілек-

тес адамдармен қатар ойла-

рыңыз бір жерден шығатын 

таныстар табылады. Алдын ала 

құрылған жоспар бойынша 

жүруге тырыспаңыз.

БИКЕШ

Ойда жүрген жос 

пар-

ларды жүзеге асыруға қо-



лайлы күн. Байыппен 

жасаған әрекеттеріңіз өзіңіз 

күткендей нәтиже береді. Көңіл 

күйіңіздің әсерімен ойланбай 

жасаған қадамыңыздың өзі 

жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы 

мүмкін.

Жазушы баласына:

– Әй, балам, мынау менің жазған кітабым ғой. Оны 

қайдан алдың?

– Бүгін мектептің кітапханасын керек емес кітап тар-

дан тазарттық. Босқа тастағанша деп, үйге алып кел-

дім...

***

Қазіргі заманға бейімделген жазушыдан қаламдас 

досы:

– Соңғы кезде ештеңе жазбай кеттің ғой.

– Интернетім істемей жүр...

***

Бір бай жігіт Әуезов театрына хабарласады:

– Сәлеметсіздер ме,мен екі спектакльге де билет 

алайын деп едім.

– «Ең әдемі келіншек» пен «Қожанасырға» ма?

– Сіз не, әйелім екеуімізді мазақ етіп тұрсыз ба?

***

Кітап дүкенінде. Сатушы:

– Мына кітапта сіз өзіңізге қажетті сұрақтардың тең 

жартысына жауап таба аласыз.

Студент:

– Онда маған бұл кітаптың екеуін беріңізші.

Әзіл-шыны аралас

 

 

  



СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Неміс саясаткері, танымал қаржыгер Тило Заррациннің мигрант 

мұсылмандарды қатаң сынайтын атышулы кітабы оны шығарған 

баспаны мол табысқа кенелтті. Тамыз айында саудаға шығарылған 

кітаптың тиражы бүгінде 650 мың данаға жетіп отыр.

Frankfurter Allgemeine Zeitung басы-

лы мының хабарлауынша, «Германия 

жойы 


лып барады: біз қандай елдің 

басын бәйгеге тігіп отырмыз?» деп ата-

ла 

тын кітап DVA баспасынан жарық 



көр ген. Ол Bertelsmann медиаконцерніне 

қарайды. Концерннің басқарма төр аға-

сы Хартмут Островскийдің айтуынша, 

бас па тарихында бұрын-соңды мұндай 

та бысты туынды болмаған. Тиражы кө-

бей тілген жаңа еңбек Германия дүкен-

де рінде жылдам қарқынмен сатылып 

жатыр. Сәйкесінше, автор жеті таңбалы 

сома көлемінде қаламақы алып отырған 

көрінеді. «Неміс еліндегі мигрант мұ-

сыл   мандар жайлы кітап сонша табысқа 

кенелтеді» деп басы дауға іліккен Зарра-

цин нің өзі ойламаса керек. Естеріңізге 

сала кетейік, 65 жастағы саясаткер, Бун-

дес банк топ менеджерлерінің бірі өзінің 

бұл кітабында елге жұмыс іздеп келуші 

мұсылмандардың легі Германия 

экономикасын құлдыратып жатқанын 

айтып, өзінің ұлтшылдық көзқарасын 

байқатқан еді. Осыдан кейін Бундесбанк 

оны басқарма құрамынан аластату 

туралы шешім шығарды.

Антимұсылмандық кітап

көл-көсір табысқа кенелтті



Қыркүйектің 24-інде Ұлыбританияда әйгілі жазушы 

Оскар Уайльдтің сенсациялық қолжазбасы саудаға шы  ға-

рылады. Жәдігердің бастапқы құны – 15,5 мың дол лар.

BBC News агенттігінің мәлі ме-

тінше, бұл қолжазба – Уайльдтің 

1887 жылы Court & Society 

Review журналының ре дак торы 

Ал 


сагер Вианға жазған хаты. 

Онда жазушы редакторды «шай-

ға, кешкі асқа, пиджаксыз оты-

рып, итальян шарабын ішуге жә-

не шылым түтінімен биік 

ке 


кө те ріліп,  жаңа  ма қа ланы  тал қы-

лауға» шақырады. Ол кезеңде Ұлыбританияда го мо сексуализмге 

заңмен тыйым салынған еді, сол себепті Уайльд төсек қатынасын 

осы лай астарлап жеткізген. Хатты Виан ның мұрагері құпия жағ-

дайда сақтап келіпті. Bamfords Auctioneers & Valuers сауда үйінің 

қызметкері Алан Джад тың айтуынша, бұл хат әйгілі жазушы 

өміріне қатысты тың деректерге қол жеткізбек. Оскар Фингал 

О'Флаэрти Уиллс Уайльд 1854 жылы қазанның 16-сында туған. 

Ол «Дориан Грэйдің портреті», «Бақытты ханзада», «Берілген 

дос», «Эростың бағы» атты шығармаларымен даңққа бөленген. 

Жазушы 1900 жылы қарашаның 30-ында өткір менингит ауруы-

нан қайтыс болды.

Жазушының құпиясы 

саудаға шығарылады



Ауа райы

 +20+22

о

 

 +7+9

о

 

+28+30



о

 

 

+15+16



о

 

+24+26



о

 

   +10+14

о

+27+29

о

 

+12+14

о

 

 +25+27



о

 

 

+15+17



о

+22+24

о

 

 +10+12

о

 +26+28

о

 

 +9+12

о

         



+22+24

о

 

 

+9+12



о

 +20+23

о

 

  +10+13

о

 

+24+26



о

 

 

+10+12



о

 

+26+28



о

 

+12+14

о

+19+21

о

 

  +7+10

о

+18+20

о

 

  +5+7

о

 

+18+21

о

 

 +7+9

о

 

+23+26

о

 

 +3+6

о

 

+20+22

о

 

+10+12

о

+22+24

о

 

  +8+10

о

+20+22

о

 

+9+11

о

Газетіміздің № 161 (387) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН:

 

Бояу. Ажар. Бәле. Есер. Трал. Ила. «Этика». Нас. Драма. Нұсқа. Най. Анод. Жылу. «Мур». Ыза. Ая. Аяз. Ноян.



ТІГІНЕН: 

Боксит. Ұлыма. Икс. Кубрик. Қауыз. Ладан. Малта. Оман. Жер. Нанду. «Анама». Рая. Арал. Сайт. Ян.



Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Қалың 

жыныс


Жансыз

Үшбұрыштың

тік бұрышы

Одақ, 


бірлестік

Абылай-


дың 

баласы


Қағаздағы 

су белгі


Аяқ 

бөлігі


АҚШ жүк 

автокөлігі

Эшли

...


(Ағылшын 

футбол.)


Алданыш

Теміржол-

дағы жүз 

метрлік 


өлшеуіш 

белгі


Мьянма 

ақшасы


Хордағы 

сопрано


Жапон 

дойбысы


Медеу, 

сүйеніш


Одиссей-

дің отаны

Аукцион. 

тауар 


бірлігі

Шыңғыс-


ханның 

заңдары


Сальвадор 

...


Афро-

кубалық би

Теріс

іс

Ұсақ-



түйек 

тауар


Судағы 

қалқыма 


белгі

Жеке 


күнделік 

сайт


Заңсыз 

арақ 


сатушы

Тікұшақ


Пейіл

Шал


Спектакль 

бөлімі


Құдайлар 

анасы 


(миф.)

Тебен


Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау

 – Нарғыз ҒАБДУ

ЛЛИНА, т

ел.: 8702 5876587

Қар

ағанды – Серiк САҒЫНТ



АЙ, т

ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т,

 т



ел.: 8777 7054466

Өск


емен – Елмейір А

ХМЕД, т


ел.: 8777 5797090

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т



ел.: 8705 9877799

Document Outline

  • 1.pdf
  • 2.pdf
  • 3.pdf
  • 4.pdf
  • 5.pdf
  • 6.pdf
  • 7.pdf
  • 8.pdf


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал