Әдебиет идеологияның ең қуат ты қаруы. Әдебиет мемлекеттік



жүктеу 0.66 Mb.

бет1/6
Дата21.01.2017
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

– Әдебиет – идеологияның ең 

қуат ты қаруы. Әдебиет мемлекеттік 

сая сатқа қызмет еткенде билікті бір-

ыңғай мақтауға тиіс емес. Жетіс тігін 

де, кемшілігін де көрсете білуі керек. 

Мемлекеттік идеология, ең ал ды-

мен, халыққа қызмет етеді, ал әде-

биет – халықтың игілігі. Егер жо  ғар-

ғы билік халыққа ұнамды, жа ғымды 

қыз мет етіп отырса, бұл әде биетте 

кө рініс табуы тиіс. Егер мем лекеттік 

сая сат өз үдесінен шы ға алмай, ха-

лыққа  қызмет  көр се ту  де  кемшіліктер 

жі беріп жатса, әде  биет оны да на-

зардан тыс қал дыр  мағаны жөн. Бұл 

ретте көр кем сөз емес, көсемсөз алға 

шығады. Көр  кемсөз елдің тарихын 

жазуда ма 

ңызды орынға ие, ал 

көсемсөз же ңіл артиллерия секілді 

алдыңғы шеп те жүреді де, қажет 

жерде дөп ба сып, халықтың сөзін 

сөйлеп отыра ды.  



ЖОҚ 

– Әдебиет мемлекеттік идео ло-

гияға қызмет етпеуі тиіс. Әде биеттің 

алға қойған өз ұлы мұраты бар. Сөз 

өнерінің асыл мұраты – гу манизм, 

ізгілік, адами және ұлт тық құнды-

лық тар,  халықтың  на мы сы  мен 

мұң-мұқтажы. Сол се кіл ді мем ле-

кеттің де өзіндік жеке ба ғыты бар. 

Ал мемлекеттік идео ло гия мен әде-

биет тің арасында бі рін-бірі үйлес-

тіре білетін сұхбат бо 

луы керек. 

Әде биеттің негізгі мүд десі – жүрек-

тің қылындай нәзік эсте тика. Жазу-

шы ның мүддесі – өз шы ғармасын 

не ғұр лым  кемел,  ше бер  жазып  шы-

ғуы. Яғни әдебиет, ең алдымен, 

әсем дікке қызмет етуі ке рек. Әсем-

діктің ішіне шеберлік те, парасат та, 

ма 

шық та кіреді. Әсем 



дік форма 

жа 


ғынан да, маз 

мұн жағынан да 

кемел жетістікке жеткен әдеби шы-

ғар ма болып есептеледі.  



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

– «Мәскеу мэрі  Лужков Ас-

та наға әкім болып келуі мүмкін» 

де 

ген пікірлер бар. Сіздер не 

дей  сіздер?

Досым 

СӘТПАЕВ, 

Тәуекелді 

ба ғалау  тобының 

жетекшісі:

– Өзімізде де 

«лужковтар» бар 

ғой. Оны қайте-

міз? Біздің «лужков тар» оған жет кі-

зе қоймас.



Айдос САРЫМ, 

саясаттану шы:

– Оның үстіне 

Астананың ауа 

ра йы ара өсіруге 

қолайлы емес 

қой.


(Қазақстан сарапшылары альянсы 

мүшелері өткізген баспасөз-мәслихатынан)

№162 (388) 

21 қыркүйек

сейсенбі


2010 жыл

...де

д

iм-ай, а

у

!

3-бетте

Дидар АМАНТАЙ, 

жазушы:

Сәбит ДОСАНОВ, 

жазушы:

ТАҒЫ ДА – ТІЛ МӘСЕЛЕСІ...



3-бет

4-бет

4-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Белсенді тумай, 

бестселлер болу 

жоқ

Қайдасың, 



коммерциялық 

детектив? 

Қаламұш қалғып 

кетпесін...



Әдебиет мемлекеттік идеологияға қызмет етуі керек пе?

Жазушының қаруы – қаламы. Бойындағы дарынын 

ұлтының мүддесіне жаратып, халықтың өз сөзін өзіне 

шекпен жауып қайтаратын қаламгерлер қашанда 

қоғамның қаймағы саналады. Ықылым заманнан сөз 

қадірін ұғынған қазақ үшін әдебиеттің қоғамдағы 

рөлі ең маңызды орын алады. Қай уақытта да билік 

пен халықтың арасында алтын көпір бола білген 

қаламгерлеріміздің дәл қазіргі кезде мемлекеттік 

идеологияға қызмет етуі қаншалықты қажет? 

Еркіндікті ту еткен егеменді елде әдебиеттің 

мемлекетке бағынышты болуы кімге пайдалы? 

Мүмкін, сөз өнерінің мемлекеттік саясаттан дербес 

болғаны, қаламгерлеріміздің билікке бағынышты 

болмағаны дұрыс шығар? Осы мәселеге келгенде, 

«әдебиетке ардың ісі» деп қарайтын 

қаламгерлеріміздің өзі не дейді екен?.. 

Осыдан 77 жыл бұрын Қазақстан Жазушылар 

одағының ашылу салтанатында сөз сөйлеген 

Алаштың арда ұлы Сәкен Сейфуллин: «Мен «адам-

ның санасындағы қалдық» дегенді қаттырақ айта-

мын, өйткені адамның санасын, жан дүниесін қайта 

істеп, қайта жасауда жазушылар адам жанының 

инженері болуға тиіс. Біз бұл міндетті қалай 

орындауымыз керек? Бұл сапасын көтеріп, заманға 

лайықты шығармалар жасаумен шешілмек. 

Олай болса, адам жанының инженері болып, ұлы 

заманымызға лайықты шығармалар жазуды өз 

атымызбен сақтауымыз керек», – деген ұстанымды 

қазақ қаламгерлеріне қадап айтқан екен.

ДАТ!

6-б

етте

Қадыр МЫРЗА-ӘЛИ:

Жазушылар одағы 

тірілер түгіл, 

өлгендерге де керек



«Жүре түзеледі...» дегенге жұртты 

сендіруден де қалып бара жатқандаймыз. 

Әйтпесе осымен төртінші шақырылған 

Парламенттің төртінші сессиясы өтіп жатыр, 

алайда тілдік ортаға қатысты әңгіме – сол 

баяғы әңгіме күйінде, әдемі, жалынды 

сөзден әріге аспай қалған тәрізді. Әрине, 

тіл мәселесін қайта-қайта тықпалап, тіл 

саясатының кез келген тұсынан «төңкеріс» 

іздеуден аулақпыз. Бірақ осы саладағы 20 

жыл бойы жүргізілген ұлттық саясаттың 

жемісі қанеки?! Бәрін айтпайық, Мәжілістің 

мінберінде мемлекеттік тілдің мерейі үстем 

болмай тұрып, басқа жерде оның елдік 

мәртебесі туралы дәріптеудің реті қалай 

болады екен?!

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,39







193,80

4,75

21,91

1,30

10607,85

1464,21

1470,14

78,23

1278,6

Парламенттің тілі қашан түзеледі?..

Содан бергі өткен қаншама аласапыран 

уақыттарда қазақтың қалам ұстаған ұлдары 

ұлт үшін қызмет етуден бір мысқал да айны-

ған емес. Қай кезеңде болмасын, Жазу шы-

лар одағы ұлт мүддесін үлкен мінберден 

айтып, қоғамның санасына серпіліс беріп, 

адам тәрбиелеуде елеулі идеологиялық 

мін деттер атқарды. Тіпті кеңес өкіметі тұ-

сын да да коммунистік идея құрсауында бо-

ла тұра, қазақ қаламгері Алаш баласының 

Әйтсе де, Парламенттегі тілге қатысты сон-

ша лықты түңілуге, еш нәрсе тындырылмады 

деуге ауыз бармас. Рас, біраз шаруалар істеліп 

жатыр: жанама әсер ететін бірқатар актілер 

қабылданды, тілге жанашыр депутаттар тара-

пынан көтерілген проблемалардың өзі де бір 

төбе боп жинақталып қалды. Бұған дейінгі ша-

қырылымдарда тіл жағдайы талай көтеріліп, 

бір неше мәрте маңызы жоғары жиындар өт-

кен-ді. Депутаттар да тіл проблемасын тікесінен 

қоя тын  еді. 

Бір партиядан ғана құралған бұл шақыры-

лым да да тілдің жоғын жоқтаушылар бар-

шылық. Шүкір. Мәселен, партиялас-әріптес-

тер ара сында қазақтың тіліне қайғыратын 

Р.Халмұрадов орысша көсілетіндерді «өз 

тіліңді неге менсінбейсің?» деп, тыйып 

салатын-ды. Алдан Смайылдың да тіл туралы 

айқайы есімізде. «Туған тілге ынта оянған 

тұста, қазақ тілінің шын мәнінде мемлекеттік 

мәртебеге ие болуын бүкіл ел болып тілеп 

отырған шақта, Парламент Мәжілісінің ана 

тілінде сөйлеуі маңызды. Рухың төрде бол-

маса – иманың кенде болар, тілің өрде бол-

маса – намысың жерде болар, қазақтың тілі 

азат болмағы да, мазақ болмағы да – халық 

қа лаулыларынан. Ендеше, Мәжілісте мемле-

кет тік тіл абыройлы болмаса, ана тіліміз қай 

жерде ардақты болады?!» – дейді ол.



Жалғасы 2-бетте

ОҚИҒА


Павлодар облыстық ішкі істер департаменті 

мамандарының мәліметінше, полицейлер жұмыс 

аптасының басында екі күдіктіні қолға түсірді. Олар 

Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты. 

Әлгілердің бірі – 1991 жылғы жігіттің көлігінен газ 

дәнекерлеу құралы табылды. Полицейлердің 

болжамынша, жолаушы осы құралымен далаға от 

қойғанға ұқсайды. Қазіргі уақытта «қасақана өртеу» 

дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып 

жатыр. Еске сала кетейік, Қаратомар ауылындағы өрт 

жексенбі күні түн ортасында ауыздықталды. Тілсіз 

жаудан зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 40-тан 

астам адам қатысты. 

Баян МАҒЗҰМОВА, Павлодар облыстық ішкі істер 

департаментінің тіл және баспасөз бөлімінің 

бастығы:

– Қазіргі мезгілде күдіктілердің даланы 

өртегені дәлелденген жоқ. Олар қамауға да 

алынған жоқ. Жауап алынып жатыр. Ал Ертіс 

орманында болған ірі өртке қатысты біздің 

департамент тарапынан – бір, төтенше жағдай-

лар департаментінен екі қылмыстық іс қозғалды. 

Кісі өліміне соқтырған бұл өрт оқиғасы бойын-

ша кінәлілер анықталған жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының 

мәліметінше, мұнай Қарақия ауданындағы Жетібай 

кен орнының №1191 ұңғымасынан төгілген. Бұл 

ұңғыма «Маңғыстау МұнайГаз» акционерлік қоғамына 

қарайды. Күндіз болған оқиғадан зардап шеккендер 

жоқ. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға мұнай 

компаниясы мен жергілікті «Ақберен» кәсіпорнының 

жұмысшылары қатысты. Айта кетейік, еліміздің ең 

төменгі нүктесінде орналасқан Жетібай кен орны 

Каспий теңізіне жақын. Мұнай өндірісіндегі кез келген 

техникалық ақаудың салдары теңізге айтарлықтай 

залал келтіруі мүмкін.

Болатбек МҰХТАРОВ

Баянауылға 

өрт қойған кім?

Қарақияда 

мұнай төгілді

Тар жол, тайғақ кешуден 

Тәуелсіздікке дейін

азаттыққа деген аңсарын астарлап болса да 

жет кізуге тырысқан. Еліміз Тәуелсіздік ал-

ған  нан соң біраз уақыт тұралап қалып, ғи-

ма 

раты мен дүние-мүлкі талан-таражға 



түсе бастаған қазақ қаламгерлерінің қара 

 ша ңырағы мен төл әдеби басылымдары әл-

де кімдердің қолына өтіп кеткен де кездер 

бол ған. Осы тұста өтпелі кезеңге тап болған 

қ а зақ әдебиетіндегі ахуал шатқаяқтап, қа-

ламгерлік рухтың өзі тоқырауға ұшырай 

бас таған болатын. Ал жаңа дәуірге аяқ бас-

қан қазақ қоғамы өз жазушысынан дем 

берер лік үлкен сөз күтті. 

Жалғасы 5-бетте

Алмат ИСӘДІЛ

Қанат ҚАЗЫ

Өткен сенбі күні кешке қарай Павлодар 

облысының Баянауыл ауданындағы 

Қаратомар ауылдық округінің аумағы 

өртке оранды. Бір тәулік бойы дес бермеген 

жалын 6000 гектар жерді жалмады. 

Полицейлер даланы әлдекімдер қасақана 

өртеуі мүмкін деп отыр.

Маңғыстау облысындағы Жетібай кен 

орны ұңғымаларының бірінен мұнай 

төгілді. Зиянды қалдық 200 шаршы метр 

аумаққа таралған.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№162 (388) 21.09.2010 жыл, сейсенбі                  



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Біздің елде «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп 

тұрады. Бұл идея ең алғаш рет қай жерде жүзеге 

асырылған?

Маржан ҚОШБАЕВА, Алматы

«Бір ел – бір кітап» –АҚШ-тан келген



Кеңестік заманда бізде жазушылар мен ғалымдар ең 

бай адамдардың қата рына жататын. Қазір әлемдегі ең бай 

жазушылар жөнінде білуге бола ма?

Нартай ОРАЛБАЙ, Арал

Мол табысқа кенелген жазушылар

Діни лаңкестер бұл жолы бейбіт тұр-

ғын дарды емес, әскерилердің өзін нысана 

ретін де таңдап алған сыңайлы. Жуырда 

темір тордан қашып шыққан, аса қауіпті 

қыл мыскерлерді  ұстау  операциясын іске 

асы ру үшін Тәжікстан Қорғаныс министр-

лігі нің тапсырмасымен кетіп бара жатқан 

әс 


ке 

рилерге лаңкестік топтар шабуыл 

ұйым дастырады.  Нәтижесінде,  екіжақты 

қа рулы қақтығыс басталып, әскерилер ой-

ла маған жерден гранотамет, пулеметтердің 

оғының астында қалды. «Азия Плюз» 

агент тігінің хабарлауынша, қаза болған-

дар дың саны 40 адамнан асады, олардың 

бе сеуі – офицер. Ондаған жауынгер ауыр 

жа рақатпен Душанбедегі әскери госпи-

таль ға жеткізілді. Жергілікті құқық қорғау 

органдарының болжауынша, террорлық 

шараны діни топтардың жетекшісі «Абдулла 

молда» (Абдулло Рахимов) ұйымдастыруы 

мүмкін. Дегенмен анық-қанығына көз 

жеткізу үшін тергеу амалдары басталды. 

Нью-Йорк қаласында жүрген (БҰҰ Бас 

Ассамблеясының отырысында) Тәжікстан 

Президенті Эмомали Рахмон қаза болған-

дар дың отбасына көңіл айтып, хат жол-

дады.

Сакен КӨКЕНОВ

ОҚИҒА


Тәжікте – тағы қырғын

САРАП


Еліміздегі талдау орталықтары бірігіп, 

альянс құрған болатын. Осы альянс 

мүшелері қазан айының 12-13-і күндері 

Астана қаласында саясаттанушылардың 

еуразиялық конгресін өткізу туралы шешім 

қабылдап отыр. Отандық саясаттанушылар 

конгресс жұмысына қатысты кеше 

баспасөз-мәслихатын өткізіп, журналистер 

сұрағына жауап берді. 

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Бұл конгреске, 35 елден өкілдер 

келеді деп жоспарланып отыр. 

Мә де ниет  министрлігінің  қолдауымен 

осын дай шара өткізуді ұйғарып 

отырмыз. Бұл жиында нақты сарапта-

ма лар жасалынады. Өздеріңіз 

білесіз дер, бізде ЖОО саясаттанушы-

лары мен қолданбалы саясаттанудың 

маңайында жүрген азаматтар бірігіп 

жұмыс істеп көрген емес. Біз осы 

мәселені ескеріп, университет 

ғалымдарын да шақырып, шетел дік-

тер мен пікірталастырып, тәжірибе 

алмасу жоспарымызда бар. 

Досым СӘТПАЕВ, 

«Тәуекелді бағалау тобының» жетекшісі: 

– Отандық саясаттанушылардың 

басын қосқанымызды білесіздер. Енді 

осы альянсқа кіретін орталықтар 

бірігіп, алыс-жақын шетелдің ғалым-

дары  ның да басын қоспақ. Еура зия-

лық конгрестің ерекшелігі – ғалымдар 

мен сарапшылар жиналып алып, 

теорияны сараптамайды. Нақты 

мәселелер бойынша пікір алмасы лып, 

тәуелсіздігіне 20 жыл толатын 

посткеңестік елдердегі ахуалдарға 

нақты баға беріліп, болжамдар 

жасалынады.

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, Айт Park 

пікір-сайыс клубының жетекшісі:

– Басқосуда Орталық Азияның 

қауіпсіздік мәселесі, Қазақстанның 

ЕҚЫҰ сияқты ұйымға төрағалығы 

кезіндегі атқарған жұмыстары мен 

нақты міндеттері сараланады. 

Жалпы, отандық саяси ғылымның кем-

шіліктері мен артықшылықтары біздің 

басы лымның назарынан тыс қалып көрген 

емес. Естеріңізде болса, еліміздегі зерттеу 

инс титуттарына деген сұраныс пен олар -

дың сапасыз жұмыстарының басты себебі 

– өзге елдермен салыстырғанда саны әлде-

қай да аз, сондықтан да бәсе ке лестік төмен 

екендігін айтқан едік. Оған қоса, еліміздегі 

мүйізі қарағайдай жоғары оқу орындары 

саясаттану мамандығы бо йын ша жылына 

бірнеше мамандар даяр лап шығарады. Бір 

кемшілігі – болашақ ма ман дар әкімшілік 

ғи ма раттарында  қа   ғаз-қалам  тасудан 

басқа тәжірибеден өт 

пейді. Қоғамның 

«қызуына» диагноз қо 

йып жүрген әккі 

саясаттанушылар мен ЖОО арасында 

байланыстар жоқ. Басы 

лым бетінде 

көтерілген осындай проб 

ле 


маларды 

ескерді ме, отандық сарап шылар отыз бес 

елдің саясаттанушыларымен тә 

жірибе 


алмасуды көздеп отыр. Мате 

риал 


дық 

шығындарын Мәдениет министр лігі мо-

йнына алып отырған бұл шарада нақ ты 

төрт мәселе төңірегінде пікірталастар бол-

мақ. Олар: 1) посткеңестік саяси жүйе лер-

дің теориялық және методологиялық негіз-

дерін зерттеу; 2) мемлекеттік құрылым мен 

иде ологиялық жүйенің ерекшеліктерін тал-

дау; 3) дағдарыстан кейінгі әлем: даму дың 

геосаяси және геоэкономикалық сце на-

рийлері және «Қазақстан және ЕҚЫҰ: бей-

бітшілік пен қауіпсіздік үшін ынтымақ тасу» 

та қырыптары көтерілетін болады. 

Француз қоғамының қайраткері Огюст 

Детеф «сарапшыларға адамдар сенбейді, 

бірақ қоғам сенеді» деген екен. Огюст жа-

рықтық осылай десе де, белді сарапшылар 

жиналып қалғаннан кейін журналистердің 

сұрақтары да аз болмады. 

– Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болған 

жылы өзге аймақтарды айтпағанда, 

Орталық Азияның өзінде тұрақсыздық 

жиілеп кетті. Бұл біз үшін сын емес 

пе?

Есенжол АЛИЯРОВ, Қазақстан 

гуманитарлық-саяси конъюнктура 

орталығының президенті:

– ЕҚЫҰ төрағасы қай мемлекет болса 

да, бөгде елдің ішкі ісіне араласпайды. 

Ұйым  ның жағдайды реттеуші функция ла-

рын Қазақстан қолынан келгенше атқарып 

ке леді. 



– Президенттің кеңесшісі Ертісбаев 

мырза тың мәлімдемелер жасады. 

Көп  шілік осыдан кейін саяси науқан-

дар дың жақындап келе жатқандығын 

айтады. Сіздер не дейсіздер?

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Ертісбаев мырза жаңалық ашты деп 

айта алмаймын. Ол өзінің сұхбатында қо-

ғамды дүр сілкіндіретіндей ештеңе айтқан 

жоқ. Меніңше, ол кісі оқырмандарға Пре-

зидентпен кездескендігін ғана айтқысы 

кел ген  сияқты.

– Біздегі саяси ғылымның дамуы 

түсінікті. Жалпы, посткеңестік елдердегі 

бұл ғылымның даму динамикасы 

қалай?

– Бұл тұрғыда Ресей алда келе жатыр. 

Арнайы мектептері қалыптасқан, орта-

лықтары тұрақты жұмыс істейтін солтүстік 

көршіміз бізге қарағанда көш ілгері келе 

жатыр. Украинада саяси ғылымдар бір ізге 

түскен. Қалған елдерде біркелкі бол ға ны-

мен, Тәжікстан, Түрікменстан сияқты елдер 

арт та қалған. Тіпті Түрікменстаннан саясат-

та нушы таппай қалған кезіміз де болған.



Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Саясаттанушылар 

жиырма жылдық 

ахуалды сараптайды

Кезінде «буржуазиялық ілім» деген айдар тағылып, 

кеңестік елдерде оқытуға тыйым салынған саяси ғылымдар 

еліміз Тәуелсіздік алғалы бері ілгерілеп келеді. Қоғамдық 

ғылымдардың бастауына баланатын – саяси ғылымның 

зерттеушілері бүгінде қоғамның барометрі болып отыр. Саяси 

тақырыптардың зерделене бастағанына жиырма жылға енді ғана 

жуықтағандықтан, батыс елдеріндегі саяси ғылымның дамуымен 

әсте салыстыра алмаймыз. Десе де, отандық саясаттанушылар 

қал-қадірінше қазақстандық саяси ғылымның бір ізге түсіп, өзіндік 

ерекшеліктер қалыптастыруына күш салып келеді.

Кеше Тәжікстанда кемінде 40 әскери жауынгердің өмірін қиған 

қарулы қақтығыс орын алды.

 ТАҒЫ ДА – ТІЛ МӘСЕЛЕСІ...



Парламенттің тілі қашан түзеледі?..

Ана тілінің мүшкіл халіне жаны ашыған 

Бекболат Тілеуханның да палата депутатта-

рына деген өкпесі орынсыз емес еді. «Ха-

лық қалаулылары, партияластарым, отан-

дас 


тарым! Парламент – биліктің бір 

бұ та ғы. Мемлекет сипаты бізден де көрініс 

та бады. Біз бөтен ел, басқа жұрт – Ресейдің 

мем лекеттік тілінің Қазақстанда айрықша 

үстем дік құруын көріп отырмыз. Ел талабы, 

сай лау алдындағы біздің уәдеміз қайда 

қал ды? Егер Парламент тек қана ресми тіл-

де сөйлеп, мемлекеттік тілді керексіз қы-

ла тын болса, ендеше қазақ тілінің жағдайы 

мүшкілдіктің шыңына жетті. Қалай деген-

мен де, бұл унитарлы мемлекеттің Парла-

мен тінде қазақтың тілі осылайша қорғау-

сыз қалатын болса, оның ешқандай 

бо ла шағы жоқ. Осыған ой салмасақ, біздің 

ұлт, ұрпақ алдындағы құнымыз соқыр 

тиын татымайды», – дейді Б. Тілеухан. Бұл 

да – осы шақырылымда атылған оқ. Ал 

осы көктемде ғана төраға Орал Мұхамед-

жан ов: «Мемлекеттік тіл тарихының тап 

қазіргі кезеңінде бізге жалпы әңгімені қо-

йып, нақты іске көшетін кез анық жетті. 

Ай налып келгенде, әңгіме бәріміз білетін 

«қа зақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген 

қағи даға келіп тіреледі. Тіліміз қоғамда өз 

дәрежесінде қолданылуы үшін қазаққа 

осы талапты орындаудан артық ештеңе 

істеу дің керегі де жоқ», – деп, алқалы 

жиын ға сөз арнады. Нәтиже нешік? Әлі де 

«жүре түзелеміз» деумен келеміз. Бірақ тү-

зелген түгіміз жоқ.

Басқасын былай қойып, өткен аптадағы 

отырыстан бір-ақ шығайық. Бас-аяғы екі 

сағатқа созылған жиынның басым бөлігі 

ресми аталатын тілде өтті. Жиынның жалпы 

уақытын санасақ та, мемлекеттік тіл сал-

мағы тым құрығанда БАҚ-қа қойылатын 

талап – «50-50» деңгейіне де жетпейді. 

Өт кен аптадағы дәстүрлі басқосуда депу-

тат тар биліктің басқа тармақтарына бағ-

дар лап, тұп-тура 20 сауал жолдады. Оның 

15-і – орысша. Басқаға қайдам, маған де-

путаттар осы арқылы «орыстың тілі өтімді, 

қа зақтың тілі жарамсыз» дегісі келетіндей. 

Әб үйір болғанда, ана тілінде сұрау салуға 

жа 

райтын бес адам табылыпты. Оның 



ішін де Н.Геллерт ханым бастан-аяқ қа-

зақшалап Үкіметке сұрақ салғанына риза 

бол дық. Керісінше, өз қаракөздеріміздің 

суылдатқан тіліне қарап салымыз суға 

кетті. Е.Каппель мен В.Киянский бірдеңе 

айт қысы келсе, кіріспесін үнемі мемлекеттік 

тілде бастайды. Осылай ырым жасауды 

жақсы әдетке айналдырған олар басқа қа-

зақ депутаттардың өзіне үлгі болуға ла йық 

боп жүр. Ал басқасы сол баяғы, бая ғы... 

Депутаттық сауалдар жолдауға кеткен уа-

қыттың 45 минөтін орыс тілі иемденсе, 10 

минөтке жетер-жетпесі ғана мемлекеттік 

тілдің еншісіне тиді. Бұны қалай жорысақ 

екен? Үкіметке қаратып сауал жолдай тын-

дықтан, «Үкімет түсінсе болды» деген ниет 

дейін десең, ол да – айдаладағы Ресейдің 

үкіметі емес. Сонда, депутаттар мәселе кө-

тер се, тек орыс баспасөзі үшін көтеріп, сол 

арқылы тек орыс тілділерге көріну әм жа-

ғыну үшін сауал жасай ма деген ойға да 

кө мілесің. Бұрынырақта «бәріне түсінікті 

бо луы үшін» дегенді желеу ұстап, орысша 

сөз саптайтындарға күйінуші едік. Ендігі 

күні ілеспе аудармасы әбден жетілген Пар-

ламент мінберіндегі мемлекеттік тілге мен-

сін бей қараушылықты қалай бағаласақ 

бола ды?! 

Парламенттегі ұсақ-түйек басқосулар-

ға, комитет отырыстарына барыспай-ақ, 

жал пы отырыстағы дәстүрлі сауалдар жа-

ры сының түрі – осы. Заң жобаларын тал-

қы 

лауда Үкіметтің өкілдері қазақша 



баяндауға үйрене бастағанымен, артынша 

депутаттың көтерген мәселесінің бәрі 

орыс ша өріліп кетеді. Ең ақыры, тілге қа-

тыс ты құрметті бүгінгі ұлтжанды, мемлекет-

шіл Парламенттен көре алмай отырғаны-

мыз ды баса айтқымыз келеді. Одан да 

зоры – халықтан сайланған қалаулылар 

осы дан 11 жыл бұрын Елбасы жүктеген 

тап 

 

сыр 



маға бейжай қарап отыр. Онда 

Пре зидент рес публика көлемінде үлкен 

мә жілістерді ілес пе аудармамен қамта ма-

сыз ете оты рып, қазақ тілінде жүргізуге 

көшу жөнінде мін дет қойған болатын. Мә-

жіліс соны ойдағыдай іске асырмай келеді. 

Бастан-аяқ қазақша өткізіп, қазақша тіл 

білмей тін дерді  сапалы  аудармамен  қамту 

анау-мынау емес, елдің, ұлттың қамын 

күйт тейтін халық қалаулыларының жиы-

нын да жүзеге ас қаны дұрыс еді.

ИННОВ


АЦИЯ


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал