Әдеби kz cәйгүліктер Повесть Қабдеш Жұмаділов 24. 03. 2013 1 Әдеби kz



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/9
Дата21.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

XI 
Қарт  жылқышы  осылайша  тіршілік  бағдарынан  айрылып,  барлық  пен 
жоқтықтың,  өлі  мен  тірінің  арасында  сандалып  ұзақ  жатты.  Арада  қанша 
уақыт өткенінен де хабары жоқ. Бұл тірліктен қажып  - шаршаған кәрі денесі 
өмір мен өлімнің текетірес майданына айналып, бірін-бірі еркін еңсеріп кете 
алмай,  екі  тәулік  бойы  итжығыс  түсіп  жатқанын  да  біліп  жарытпады.  Тек 
үшінші  күні  ұлы  сәске  кезінде  есі  кіріп,  әлдеқалай  көзін  ашқан.  Көзін  алғаш 
ашып алғанда, жанарына сүттей аппақ бұдырсыз бірдеңе ілікті. Кешікпей әлгі 
ағарған нәрсе — үйдің әктелген төбесі екенін пайымдады. Бірақ өзінің қайда 
жатқанын  есіне  түсіре  алмады.  Айналасының  бәрі  аппақ,  ақша  қар  жауып 
қалғандай...  Келесі  бір  сәтте  дәрі-дәрмектің  өткір  исін  сезінгендей  болды. 
Сонан  соң  санасы  жеткен  бір  нәрсе  —  тілі  аузына  сыймай,  сұмдық  шөлдеп 
жатқанын аңдады. 
Ол  өзінің  ауруханада  екенін  енді  ғана  шамалай  бастаған.  Демек,  өлмей  тірі 
қалғаны ғой... 
Өзінің  бір  кезде  жылқы  бағып  жүргені,  түн  ішінде  әлдебір  адамдармен 
айқасқаны  тіпті  ертеде  өткен  оқиғадай  еміс-еміс  қана  елес  береді.  Ал 
сондағы  сұмдық  оқиға  мен  мына  жатысының  арасында  нендей  байланыс 
бар екенін ойлауға шама-шарқы еркін жетіңкіремеді. 
Әлден  уақытта  аяқ  тықыры  естіліп,  палатаға  біреу  кіргендей  болған.  Бұл 
қарысып  қалған  жағын  әрең  икемге  келтіріп,  «су»  деген  сезді  зорға  айтты. 
Әлгі адам мұның қасына келіп, аузына қасықпен су тамыза бастады. Үстінде 
ақ  шалғайы  бар,  қазақтың  мөлдіреген  жап-  жас  қызы.  Маржан  тістерін 
көрсете  бұған  қарап  күлімдегендей  болды.  Қуанған  адамның  түрі...  Су  ішіп 
таңдайын жібіткен соң, Ағыбай ептеп тілге келе бастады. 
— Мен қайда жатырмын, қызым? 

162 
Әдеби KZ 
— Сіз аудан орталығында, ауруханадасыз, — деді қыз бұған жақындай түсіп. 
— Бүгін үш күн болды жатқаныңызға. Енді жазыласыз, көп қозғалмаңыз. 
Қайдағы  қозғалыс?  Екі  қолын  ептеп  икемге  келтіргені  болмаса,  кеудесін 
біреу  қазандай  таспен  бастырып  кеткендей,  көтертпейді.  Ағыбай  енді 
байқады, оң жақ иығы мен ұлы кеудесін дәкемен сірестіріп таңып тастапты. 
Басы  да  таңулы  сияқты...  Тек  аяқ-қолы  сау,  қимылдатып  көріп  еді,  оғаш 
ештеңе сезілмеді. 
Жаңағы  сестра  қыз  хабарлады  ма,  бір  мезетте  бөлмеге  ақ  киінген  екі  жігіт 
кірді. Біреуі — орыс, екіншісі — қазақ. Ауру шал көзін ашты дегенге, жүгірісіп 
келгені байқалады — алқынып тұр. 
—  Хал  қалай,  ақсақал?  Мені  естіп  тұрсыз  ба?  —  деді  қазақ  дәрігер  бұған 
еңкейе түсіп. 
Ағыбай «естідім» дегенді білдіріп, басын изеді. 
— Сіз кім боласыз? Қай жердің адамысыз? 
— Жылқышымын... «Көктөбе» совхозынан, — деді Ағыбай әлсіз үн қатып. 
— Сізді атқан кім сонда? Ел аман, жұрт тынышта кіммен соғысып жүрсіз? 
— Ұрылар ғой... Мені атып, екі жылқыны сойып әкетті. 
Дәрігер ара-арасында мұның сөзін серігіне орысшалап аударып тұр. 
— Бір ажалдан аман қалдыңыз, ақсақал. Ештеңе етпейді, жазыласыз, — деді 
дәрігер  күле  қарап.  —  Оқ  көкірек  қуысын  аралап,  жауырын  сүйегіне  барып 
тоқтаған  екен,  алып  тастадық...  Сізді  жол  жиегінде  жатқан  жеріңізден 
осындағы  автобаздың  шоферлары  тауып  алыпты.  Солар  қолма  -  қол 
жеткізбегенде, жағдайыңыз қиын еді. 

163 
Әдеби KZ 
—  Рақмет,  шырақтарым!—жылы  сөзге  Ағыбайдың  көңілі  босады.  —  Біздің 
ауылдан іздеген ешкім болмады ма? Жылқыдан не хабар? 
—  Енді  жылқыны  қойыңыз,  ақсақал.  Өз  жағдайыңызды  ойлаңыз,  —  деді 
дәрігер  байсалды  қалыпқа  көшіп.  —  Ауылыңызға  бүгін  хабарлаймыз... 
Айтпақшы аты - жөніңіз кім? 
— Атым — Ағыбай... Ағыбай Жұмаханов. 
Сол  күні  түстен  кейін  аудандық  милиция  бөлімінен  де  адамдар  келді.  Олар 
Ағыбайдың  жағдайынан  бұрын  да  хабардар  екен.  Шалдың  есі  кірді  дегенді 
естіп,  өз  аузынан  дерек  алуға  келіпті.  Болған  оқиғаны  тәптіштей  сұрап, 
ұрылар мінген машинаның түрі - түсін, номерін жазып әкетісті. 
Алғашқы  күні  көп  сөйлеп,  артығырақ  қимылдағандікі  ме,  әлде  денедегі 
дәрінің уыты қайтты ма, кешке қарай Ағыбайдың ыстығы көтеріліп, қайтадан 
ауырлай  бастады.  Өне  бойы  өртке  шарпылғандай,  күйіп-жанып,  Кеуде  тұсы 
қан қақсап әкетіп барады. Бір жағынан шөл де қысып шыдатар емес. Қанша 
жалынып  сұраса  да,  бір-екі  ұрттамнан  артық  сусын  татырмайды.  Ақыры 
кезекші  дәрігер  келіп,  білегіне,  жамбасына  ине  шаншыған  соң  ғана,  аздап 
тынышталайын деді. 
Жарасының удай ашып ауырғанын да сезіңкіремей, түні бойы өң мен түстің 
арасында сандырақтап шатасты да жатты. Көзі сәл ілінсе - ақ болғаны, неше 
түрлі  қорқынышты  түс  көріп,  шошып  ояна  береді.  Өңі  қайсы,  түсі  қайсы 
белгісіз,  көз  алдына  неше  алуан  көріністер  көлбең  қағып  тұрып  алады.  Бәрі 
жылқыға байланысты. Айналасы толған қан... 
Жосыған,  шапшыған  қызыл  ала  қан.  Қайда  барса  қанға  бөгіп,  қорқырап 
жатқан  жылқы  шығады  алдынан.  Ара-арасында  тарс-тұрс  мылтық  дауысы 
естілгендей. Тар шатқалға қамап алған қалың жылқыны әлдебір адамдар тұс-
тұстан атқылап, қырып жатқандай... 

164 
Әдеби KZ 
Енді  бірде  құлақ  түбінен  оқ  тиіп,  құлын  дауысы  шыға  құлап  бара  жатқан 
Қоянкөк елес береді. Келесі сәтте әлгі көрініс ғайып болады да, қалың тұман 
арасынан көп жылқыны қатарынан салып қойып, балтамен мылжалап шауып 
жатқан дию тектес қорқынышты біреулер шыға келеді. Балта... ақ балтаның 
жүзі  ай  нұрына  шағылып,  кесек,  бітеу  сүйектерге  қарш  -  қарш  қадалғандай 
бір  өзгеше  дыбыс  келеді  құлағына...  Кенет  әлгілердің  балталап  шауып 
жатқаны жылқы емес, өзінің жалғыз ұлы Айдарға айналып кетеді. 
Ағыбай жан ұшырып, арашаға ұмтылатын тәрізді, бірақ  қара жерге шегелеп 
тастағандай орнынан қозғала алмайды. «Айдарым, жалғызым... Қор болдың-
ау!» деп айқайлай беріп, тағы шошып оянады. 
Содан  мына  көріп  жатқаны  түсі  екені,  Айдардың  әлдеқашан  өліп  қалғаны 
есіне  түседі.  Иә,  Айдар  өлгелі  қашан...  Осыдан  тура  жеті  жыл  бұрын  егін 
орағы  кезінде  машина  апатынан  қайтыс  болған  жоқ  па  еді?  Дән  тасып 
жүргенде  қарсы  келе  жатқан  тағы  бір  машинаға  соғылып,  екі  шофер  да  тіл 
тартпай  кеткен-ді.  Қайғылы  оқиға  тас  жол  бойында,  Ағыбай  ұрылармен 
айқасқан  тұстан  бес  шақырымдай  беріде  болып  еді.  Бұл  сұмдық  хабарды 
естіп,  тізгін  ұшымен  шапқылап  жеткенде,  Айдардың  сүйегін  аудан 
орталығына  алып  кетіпті.  «Балаңыз  тірі,  ауруханаға  әкетті»  деп  мұны 
алдарқатқан болды, әрине. Бірақ жол шетінде ұйып қалған қып-қызыл қанды 
көріп, сол арада өзін ұстай алмай, құлап қалғаны есінде... 
Сөйтіп, әкелі-балалы екеуінің қандары төгілген қырсықты жердің екі арасы — 
бес  -  ақ  шақырым.  Бұл  не  сонда?  Тағдыр  ма?  Әлде  барған  сайын  апшысы 
қуырылып  бара  жатқан  мына  дүниенің  тарлығы  ма?  Айдардың  ажалын  көк 
темірден  көріп  еді.  Онысы  бекершілік  екен.  Адамның  басына  зауал  төнейін 
десе,  қайда  жүрсең  де  бәрібір  екен  ғой.  Уақыттың  тұзағынан  қайда  қашып 
құтыласың?! 

165 
Әдеби KZ 
Ағыбай түні бойы азапқа түсіп арпалысып жатты да, тек таң алдында ғана көз 
іліндірді. 
Әлде  дәрігерлер  ұйқы  дәрісін  берді  ме  екен,  сол  бетінде  қатып  ұйықтап 
қалыпты. 
Ертеңінде түс әлетінде бір-ақ оянды. Онда да сестра қыз оятқан. 
Ауылдан  адамдар  іздеп  келіпті.  Қасында  совхоздың  бас  бухгалтері  бар, 
Пернебек аурухананың ақ халатын желбегей жамылып, мысықша басып ішке 
кірді де, Ағыбайдың ояу жатқанын көріп, қуанып кетті. 
— О, Ақа, бар екенсіз - ау!.. Сізді бұлай тірі көреміз деп кім ойлаған?! — деп, 
келе - ақ тіл мен жақтың тиегін ағытып жіберді.—Міне, ерлік деп осыны айт! 
Нағыз еңбек ардагері екеніңізді тағы бір рет дәлелдедіңіз... Мен осы пікірімді 
директор  жолдастың  өзіне  айттым.  «Біздің  жылқышылар  мемлекет  малы 
үшін жанын қиюға да әзір. Медальға ұсыну керек» дедім... 
—  Рақмет  хал  сұрай  келгендеріңе,  —  деді  Ағыбай  анау  тым  алысқа  сілтеп 
бара жатқан соң. — Ауыл аман ба? Ұрылар ұсталған жоқ па? 
— Ой, Ақа - ай, ұрылар қайда барады дейсіз. Қазір заңның құрығы ұзын, әлі-
ақ  қолға  түседі.  —  деді  Пернебек  конфет  сорғандай  өз  сөзінің  дәмін  ала 
тамсанып.  —  Милицияның  дерегіне  қарағанда,  машина  Шелек  жақтікі 
көрінеді. Бірақ адамдары жасырынып қалған. 
Қайда  қашып  құтылады,  ұсталады  ғой...  Сізді  қазір  өзіміздің  аудан,  аудан 
емес-ау  бүкіл  облыс  біледі,  Ақа.  Сіз  жоғалған  күннің  ертеңінде  -  ақ  тиісті 
жерлерге сұрау салғанбыз. 
Рас,  басында  есіміз  шығып,  қатты  абыржыдық.  Жігіттер  ертеңінде  жылқыға 
барса, торы ат шылбырын сүйретіп ер-тоқыммен бос жүр дейді. Көккемердің 
іші  қызыл  ала  қан,  шашылған  ішек-қарын,  екі  жылқының  басы  жатқан 

166 
Әдеби KZ 
көрінеді.  Қоянкөктің  басын  жазбай  таныпты...  Содан  шауып  маған  келсін. 
Мен  директор  жолдасқа  шабайын.  Директор  жолдас  кабинетінде  отырып, 
телефонның құлағын бұрады ғой жан-жаққа... 
Пернебек  бұдан  ары  да  соза  түсер  ме  еді,  қайтер  еді,  Ағыбай  шаршағанын 
сездіріп,  көзін  жұмды.  Ферма  бастығы  талай  әңгіменің  реті  келіп  тұрса  да, 
амалсыз тоқтаған. Сонан соң ауданға қыруар жұмыспен келгенін, басқармаға 
барып, айлық есеп тапсыру керек екенін, алдағы уақытта да келіп тұратынын 
айтып, қоштаса бастады. Манадан үнсіз отырған бас бухгалтер осы тұста ғана 
сөзге араласты. 
— Ақсақал, мен жақында совхоздың бүкіл архивін ақтарып қарап шықтым, — 
деді Ағыбайға жақындай түсіп.—«Көктөбе» совхозы құрылғалы сіздің бағып - 
қаққан  жылқыңыз  өз  алдына,  тек  жыл  сайын  санап  өткізген 
құлындарыңыздың мөлшері төрт жарым мыңнан асыпты. Бұл жағынан сіздің 
алдыңызға түскен ешкім жоқ екен. 
—  Ойбай-ау,  манадан  бері  мен  не  айтып  отырмын?  —  деді  Пернебек  орта 
жолдан киіп кетіп. — Айттым ғой, Ақаңды медальға ұсыну керек деп... 
—  Рақмет,  шырағым.  Жалықпай  -  ақ  есептеген  екенсің,  —  деді  Ағыбай 
бухгалтер  жігітке  мейірлене  қарап.  —  Біз  өтерміз  дүниеден...  Бірақ 
жылқыдан тұқым қалуға тиіс қой! 
Олар  қоштасып  шығып  кетті.  Ағыбай  сәл  тыным  алғысы  келгендей  көзін 
жұмып,  біразға  дейін  сұлық  жатты.  Кешегіден  гөрі  көңілі  тетік,  бетінің  бері 
қарай бастаған түрі бар. Түсте сестра қыз басын сүйеп отырып, аздаған сорпа, 
сүт  ішкізіп  еді,  сол  бойына  әжептәуір  әл  кіргізгендей  болды.  Енді  қанша  су 
ішерлігі бар, әйтеуір, бұл жолы ажалдан қалғаны анық. 
Адамнан  шыдамды,  адамнан  итжанды  нәрсе  жоқ  екен  ғой  бұл  дүниеде. 
Өзінің қалай өлмей қалғанына қуаныштан гөрі таңданысы басым еді. 

167 
Әдеби KZ 
Сол  күні  кешке  таман  қасына  Күлайша  мен  Қайынжамалды  ертіп,  Ержан 
келді.  Бір-біріне  хабар  айтып,  одан  бас  құрап  жеткен  түрлері  осы.  Әйелдер 
көздеріне  жас  алып,  солқылдап  жылағанда  ғана,  Ағыбай  өзінің  әлі  де 
біреулерге керек екенін сезіп, босаңси бастаған. Ал 
Ержан атасына жаны ашып, ет жүрегі елжіреп тұрса да, өзінше сыр бермеген 
түр байқатты. 
—  Бәсе,  менің  нағашым  анау-мынауға  құлай  кетпесе  керек  еді.  Мынадан 
кейін  Жамбылдың  жасына  келмей  тоқтамайсыз,  —  деп,  көзі  жасаурап  күле 
береді.  —  «Организмі  сұмдық  мықты  екен!»  —  деп,  дәрігерлердің  өзі 
таңданып  отыр  ғой.  «Жүрегінде  титтей  ақау  жоқ.  Өмір  бойы  таза  ауада,  ат 
үстінде жүргеннің пайдасы» дейді. 
Сонан соң атасының бетіне ойлана қарап сәл отырды да, бұрынғы ақ жарқын 
қалпын қайта тауып, еркелей тіл қатты: 
—  Жылқыны  қимай,  қоштаса  алмай  жүруші  едіңіз,  осының  өзі  бір  есептен 
дұрыс  болды  ма  деймін,  —  деді  ойын-шыны  аралас.  —  Ағыбай  атыңызбен 
тышқан  мұрнын  қанатпай  кеткеніңіз  елден  ұят  емес  пе?  Енді,  міне,  бір 
жұмысты  тындырдым  деп  ұялмай  айтуыңызға  болады.  Оқтың  өзі  де  орден 
тағатын  оң  жақ  омырауыңызға  тиген  екен.  Бұл  сыйды  енді  сізден  ешкім  де 
тартып ала алмайды... 
Ауылдан келгендер қайтып кеткен соң да, Ағыбай еткен өміріне көз жіберіп, 
ұзақ жатты. 
Өзінің әбден қалжырап шаршағанын енді біліп жатыр. Тым ұзақ та, ауыр жол 
жүріп  келіп,  әбден  қара  тұяқтан  хал  кеткенде  жығылып  түскен  Қозыкүрең 
тәрізді...  Тәңірім-ау,  осынау  жарық  дүниеде  бұл  жер  басып,  қыбырлап 
жүргелі қай заман?! Бұралаң - бұлтарысы көп, діңкеге тиер неткен ұзақ жол?! 
Бұл өмірдің қызығына да, шыжығына да тойып болып, тірлікке деген шөлі де 

168 
Әдеби KZ 
қанған  екен  ойлап  отырса.  Мына  жалған  дүниеде  енді  бұл  қимайтын,  бұл 
қызықтайтын ештеңе жоқтай. Әбден жетесіне жетіп, болдырғаны сонша, тұла 
бойын жер тартып, тәтті бір ұйқыны, ұлы тыныштықты ғана тілейтіндей. 
1982 жыл. Апрель — октябрь 
Алматы 


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал