Әбу Насыр әл Фараби. ҰЛАҒат наурыз



жүктеу 0.85 Mb.

бет1/6
Дата11.09.2017
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Бақыттың мәні – парасаттылықта!

                   Әбу Насыр әл Фараби.

 ҰЛАҒАТ

      

НАУРЫЗ           

   2

                    МАРТ

            

         СӘУІР             

2015

               АПРЕЛЬ

       

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

  

Зейнеп АХМЕТОВА, Бөлек АМАНБАЕВА

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ, 

Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Қалдыбек БӨЛЕЕВ, 

Құбығұл ЖАРЫҚБАЕВ, Серғазы ҚАЛИЕВ, Жұмағали                       

НАУРЫЗБАЕВ, Жарылқасын НҰСҚАБАЕВ, Жәмила         

НАМАЗБАЕВА, Сақыпжамал ҰЗАҚБАЕВА.

 

 



 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 

Республикалық ғылыми-психологиялық және 

педагогикалық басылымы. Жұрнал екі айда бір рет 

1994 жылдың шілде айынан бастап шығады. 

 

Республиканское научно-психологическое и 



педагогическое издание товарищества с 

ограниченной ответственностью «Қазақ тілі мен 

әдебиеті» және  «Ұлағат». Журнал выходит один 

раз  в два месяца с июля 1994 года. 

 


3

МАЗМҰНЫ 



 СОДЕРЖАНИЕ



Ғылым ғаламында

Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ.                Қазақ тіліндегі буынға қатысты ережелер:

                                                             кереғарлық пен көкейкестілік..............................3



Назерке ӘБІЛМАЖИНОВА,         Тіл үйретуде ақпараттық-коммуникациялық 

Айнұр АМАНГЕЛДІ.                      технологияларды колданудың тиімділігі...........12

Ғалия ҒАБДУЛЛИНА.                    Оқушыларды формативті бағалаудың

                                                             педагогикалық-психологиялық маңызы............20



Рысқаным БАХТИЯРОВА.            Білім берудегі ұлттық тәрбие туралы...............32

Құралай НЕГМАНОВА.                 Құзырлылықты көтеруде жобалау 

                                                              әрекетінің рөлі....................................................40



Педагог пайымы

Гүлмира ӨМІРАЛИЕВА.                Кәсіптік білім беруде дуальді оқытудың рөлі...47

Гүлмира ҚУАТБАЕВА.                    Бастауыш сыныпта тіл дамыту

                                                              жұмыстарын жүргізу..........................................53



Асылды тот баспас

Әмір МОЛДАБЕКОВ.                      Дара тұлға – Марат Барманқұлов.....................60

Танымдық тәлім-тәрбие

Жаңыл ЖҰМАТАЙ.                         Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің

                                                              жолдары...............................................................66



Ұстаз толғанысы

Баян БЕКТАСОВА.                           Қазіргі заманғы ағылшын тілі 

                                                               пәнінің мұғалімі.................................................71



В мире педагогики

Бибинур КИСИКОВА.                      Формирование компенсаторной компетенции

                                                               студентов на занятиях английского языка.......76



Айжан ТОКСАМБАЕВА.                 Использование педагогических технологий

                                                               в учебном процессе...........................................84



Гүлжаһан ДҮЙСЕБАЕВА.               Добротой себя измерь.......................................91

Зерттеушілер зердесінде

Кенжебала ҚАЗЫБАЕВА.               Толқын.................................................................96

Педагогикалық әдістеме: озық тәжірибе

Рая БАЙЖАНОВА.                           Жаңа көзқарас – жаңа форматта оқыту..........101

Ғалия МЕДЕТХАНҚЫЗЫ.             Шәкәрім Құдайбердіұлы. 

                                                               «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.........................108  



Ашық сабақ ауылында

Сәуле УТАРБАЕВА.                          Нәтиже сабақ....................................................114

Гүлназ СМАЙЛОВА.                        Адам қаңқасы және оның бөлімдері..............117

Сәуле РЫСБЕКОВА.                        Заманауи мектептегі бағалаудың жаңа

                                                               формасы............................................................120



Зинура ЖҮНІСОВА.                         Жан бітірімді баптау........................................122 

Тәрбие сағаты 



 жан азығы



Нұргүл БЕКЕТОВА.                         Мамандықтың бәрі жақсы...............................127

Рая НИЕТҚАЛИЕВА.                      Тәуелсіз елдің шымыр жастарымыз...............132

Атаулы мереке 



 бәрімізге береке



Гүлнар ИЛЬЯСОВА.                         Жүзі бөлек, жүрегі бір....................................139

Ақмарал ТӨЛЕКЕНОВА.                Бірлік барда Отан аман, ел аман....................141

Ғылым ғаламында

Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ,   

ҚазҰУ-дың  доценті.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БУЫНҒА 

ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕР: 

КЕРЕҒАРЛЫҚ ПЕН 

КӨКЕЙКЕСТІЛІК

Қазақ  тіліндегі  сөздердің  айтылуы  мен  жазылу 

заңдылықтарының  дыбыстық  жүйеге  негізделетіні 

тілдегі 


құбылыстарға 

ғылыми 


тұжырымдар 

жасау  әрекеттерін  күрделендіре  түседі.  Зерттеу  

жұмыстарының нәтижесінде ұсынған қағидалар уақыт 

өте  келе  тілдік  қолданыстағы  қайшылықтарға  себеп 

болады.  Тіл  біліміндегі  ғасырлар  бойы  сұрыпталған 

заңдылықтар  кейбір  ережелердің  шеңберіне  сыймай 

жатады.  Бұл  –  қалыпты  құбылыс.  Ғылыми  зерттеу 

үдерісі  мен  оқыту  үдерісі  үнемі  сәйкестік  тауып, 

үйлесімді  нәтиже  бере  бермейді.Әсіресе,  ғылыми 

зерттеу  нәтижесінің  шынайылығы  оқыту  үдерісі 

барысында айқындала түседі. Осы тұрғыдан келгенде, 

қазақ  тіліндегі  буын  мен  оның  түрлеріне  берілген 

анықтамалар мен ғылыми тұжырымдар да оқыту үдерісі 

кезінде  көкейкесті  мәселелер  туындатады.  Фонетика 

саласының  аясында  ерекшеленетін  буын  және  оның 

түрлері  ережелік  деңгейдегі  нақты  анықтаманы 

иелене  алмай  келеді.  Оқулықтардағы  ережелерден 


4

5

аңғаратынымыз  –  буынның  жазылуда  емес,  айтылу 



кезінде ажыратылатындығы. Назар аударайық:

-  Сөздегі  бір  дауыстының  я  дауысты  мен 

дауыссыздардың  дауыс  толқынымен  бөлшектеніп 

айтылатын тобын буын деп атайды /1/;

-  ...сөздегі  фонациялық  (дыбыс  жасайтын)  ауаның 

қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты 

немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады /2/;

-  Сөздерді  айтудағы  дауыс  құйылысының  бірнеше 

толқынмен  бөлшектеніп  үзіліп-үзіліп  айтылуындағы 

ауаның бір толқынын буын дейді /3/.

Бұларға  қоса,  буынды  айшықтай  түсетін  шарттар 

беріледі:

- Буынды дауысты дыбыстар ғана жасай алады;

- Қанша дауысты болса, сонша буын болады;

-  Жалаң  ашық  буын  мен  тұйық  буындар  сөздің 

ортасында, соңында келмейді;

- Сөздер буын арқылы ғана тасымалданады;

-  Сөздер  тасымалданғанда  келесі  буын  дауыстыға 

басталмайды.

Осыншама 

қағида 

оқулықтардың 



бәрінде 

бірыңғайлық сипат алады. Бұларды білген оқушының 

буын  мен  оның  түрленуінен  қателік  жіберуі  мүмкін 

емес  секілді  көрінеді.  Егер  қанты  сөзі  неліктен  қа-



нтыжойқын сөзі неліктен жо-йқын болып бөлінбейді 

десеңіз, оған да жауабы дайын. Өйткені, ереже бойынша 

қатар  келген  екі  дауыссыздың  екіншісі  келесі  буынға 

көшеді.  Бұл-  буынның  жылысуы.  Сонымен  қатар, 



буын  қос  дауыссызға  басталмайды  деген  ережеміз 

тағы бар. Бірақ, буын туралы ережелер көбейген сайын, 

буын ұғымын түсіндіру қиындай түседі. Суық, қуақы, 

туынды,  қиын,  киім,  қиық  сөздерінің  су-ық,  қу-а-

қы, ту-ын-ды, қи-ын, ки-ім, қи-ық түріндегі буынға 

бөлу үлгісі беріледі /4/.Бұл үлгі жоғарыда көрсетілген 

ережелердің  бәріне  қайшы  келеді;  келесі  буынның 

дауыстыға  басталмайтындығын,  жалаң  және  тұйық 

буындардың  сөз  ортасы  мен  соңында  келмейтіндігін, 

айтылу кезіндегі сөздердің толқынды бөлшегін жоққа 

шығарады.  Бұның  бәрі  буынға  берілген  анықтаманың 

негізінде  күмәнді  тұстардың  бар  екендігін  мегзейді. 

Өйткені, буынға берілген ереже оны оқыту барысында 

екінші  рет  еске  алынбайды.  Буынның  түрлерін 

сұрыптағанда да буынның ережесі естен шығарылып, 

тек  дауысты  мен  дауыссыз  дыбыстардың  қатар 

келуіндегі  орын  тәртіптері  ғана  қағидалық  мәнді 

иеленуге  сеп  болады.  Жалаң  ашық  буын  мен  тұйық 

буындардың  неліктен  сөздің  ортасы  мен  соңында 

келмейтіндігі  туралы  ешқандай  түсінік  берілмейді.

Шынында  да,  неліктен  бұлай?  Шәкірттер  тарапынан 

осындай  сұрақ  қойылатын  болса,  ешбір  оқулықтан 

жауап  таба  алмайсың.  Ал  оқытушы    дұрыс  жауаптан 

жалтара алмайды.Дұрыс жауаптан  жалтарса, оқытушы 

емес.

Яғни,  буын  сөздердің  айтылу  барысындағы 



толқынды  бөлшегінен  емес,  ырғақты  бөлшегінен 

құралатын  секілді.Егер  сөздің  ортасы  мен  соңында 

шартты  түрде  жалаң  ашық  және  тұйық  буындарды 

айтатын  болсақ,  сол  ырғақ  бұзылады.  Сондықтан, 

бұл  буындарды  сөздің  ортасы  мен  соңында  келмейді 

дегеннен  гөрі  айтылмайды  деген  жөн  сияқты. 



Буындардың кірігуі немесе буындардың жылысуы 

дегендердің  бәрі  -  осы  айтылу  ырғағынан  туындаған 



6

7

қағидалар. Ұл ма екен – Ұлмекен, Қара ой – Қарой, Қара 



ағаш  –  Қарағаш  түрінде  біріксе,  жалаң  ашық  буын 

мен тұйық буынның қағидасына сүйенгендіктен емес, 

айтылу ырғағы бұзылатындықтан бірікті. Фонетиканың 

«Буын» тақырыбын оқыту үдерісінде сол буын сөзінің 

өзін  буынға  дұрыс  бөліп  бере  алмаймыз.  Мәселенің 

бәрі дауыссыз бен дауысты дыбыстың арасында келген 



У  және  И  дыбыстары  бар  сөздерді  буынға  бөлгенде 

күрделене түседі. Осы тұста олардың қосарлы дыбыстан 

тұратынын  ерекшелеуге  тура  келеді.  Әрине,  олардың 

емле ережесі бойынша қалай жазылатындығы дыбыстар 

жүйесін өткенде баяндалып, түсіндіріледі. Бірақ буынға 

бөлген  тұстағы  /  айтылуындағы  /  ерекшелігі  үнемі 

назардан  тыс  қалады.  Буынның  фонациялық  ауаның 

қарқынына / айтылу ырғағына / негізделетін ережесін 

естен  шығарамыз.  Сөздің  құрамында  қосымша 

жалғанғанда өзгеріске ұшырап отыратын буынның түрі 

– екі дыбыстан тұратын ашық буын мен бітеу буындар. 

Өзгеріске ұшырағанның өзінде, олар бірінің орнына бірі 

ауысады.Егер буын сөзін бу - ын үлгісінде бөлшектесек, 

қосымша жалғанғанда бу – ы – ны немесе бу – ын – ы  

қалпына ауысады. Екі нұсқа да ережеге қайшы. Жиын 

сөзі  де  жи  –  ын  түрінде  алатын  болсақ,  дәл  сондай 

кереғарлыққа  тап  болады.  Оқулықтарда  аталмыш 

екі дыбыстың (У мен И) әрі жеке, әрі қосарлы болып 

келетіндігі  жайлы  көрсетіледі.  Бірақ  қандай  жағдайда 

ондай ерекшелік иеленетіні нақты айтылмайды.Ал бұл 

екі дыбыс сөздің басында ғана / у дауысты болғанда / 

жеке дыбыс ретінде қызмет атқара алады: у-лы, и-не. 

Басқа  тұста,  буынға  бөлген  кезде,  дауысты  дыбыс 

қызметінен  айырылады.  Осының  салдарынан  өзінен 

кейінгі  дауыстымен  бірігіп  айтылады:  бұ-уын,  жы-

йын  немесе  бұ-уы-ны,  жы-йы-ны.  Егер  осы  күнге 

дейін  дәстүрге  айналған  қағидамыздан  айнығымыз 

келмесе,  онда  «шартты  түрде»  деген  ескертуді 

қайталап отырудан арылмауымыз керек. Бұл жерде бір 

буынды сөздердің құрамындағы  У мен И дыбыстарын 

дауыстыға  жатқызып,  ашық  буын  күйінде  ұсынылған 

тұжырымдарды дәлел ретінде келтіруге болатын шығар. 

Алайда,  оларға  дауыстыдан  басталатын  қосымшалар 

жалғағанда  дәстүрлі  тұжырымдар  күмәнді  болып 

қалады.Ойымыздың айқындығын мысалмен көрсетуге 

болады.

Түбір 

күйінде:

Қосымшалы 

түрі:

Буынға 

бөлінуі:

бу

жу



қу

су

ту



би

ки

қи



ши

бу-ын


жу-ын

қу-ын


су-ын

ту-ы


би-і

ки-ім


қи-ыл

ши-і


бұ-уын

жұ-уын 


құ-уын 

құ-уын


сұ-уын

тұ-уы


бі- йі

кі-йім


қы-йыл

ші-йі


Берілген үлгінің нәтижесі бойынша буынға қатысты 

төмендегідей жаңа шарттар туындайды:

-  Ашық  буыннан  кейін  дауыстыға  басталатын 

қосымша  жалғанбайды.Яғни,  бу,  жу,  ки,  қи  секілді 

сөздер дауысты дыбысқа аяқталмаған;

- Ашық буындардан кейін тұйық буындар келмейді. 

Яғни,  бу-ын,  жу-ын,  ки-ім,  қи-ын  тұлғасындағы 

буынға жіктеу де қисынға соқпайды. 



8

9

Сонымен қатар, бу, жу, қу, су, ту сөздерінің  (гу ғана 



Г  –  ге  қатысты  жіңішке)    жуан  түбір,  ал  би,  ки,  ши, 

ти сөздерінің жіңішке түбір саналатынын да назардан 

тыс қалдырмауға тиіспіз.Бұл жерде басқа тілден енген  



поэма,  поэзия,  геометрия,  биология  секілді  кірме 

сөздерді салыстырмалы түрде ұсынудың қажеті шамалы. 

Олар қазақ тілінің буын ырғағына бағынбайды. Қазақ 

тілін  оқыту  үдерісі  барысында  осындай  күрделілік 

тудыратын құбылыстарды шәкіртке түсіндіру, олардың 

біліктілігін жан-жақты жетілдіріп отыру оқытушының 

басты міндеті болып саналады. Ғылыми тұжырымдар 

мен  қағидалардағы  кемшін  тұстар  келесі  ғылыми 

зерттеу жұмыстарында түзетіліп, нақты шешімін табуы 

мүмкін. Ал оқыту үдерісі кезіндегі әдістемелік қателік  

кейін дұрыс шешімін тапса да, шәкірт үшін кеш болады. 

Сондықтан,  өтілген  тақырыптардың  оқытушы  үшін 

де,  шәкірт  үшін  де  күмәнді  тұстары  болмағаны  жөн. 

Тақырыпты меңгертудің барлық амал-тәсілін қолданып, 

тосын  немесе  төтенше  сұрақтар  қойылмайтындай 

дәрежеге  жеткізгенде  ғана  жиі  айтылып  жүрген 



инновациялық  талап  мүддесін  қанағаттандыра 

аламыз.  Тақырып  меңгертудегі  амал-тәсіліңіз  де 

таптаурындықтан  арылған,  тосын  құбылыстық 

деңгейінде  болып  жатса,  құба-құп.  Мысалы,  У  және 



И  дыбыстарының  қосарлылығы  туралы  жоғарыда 

келтірілген  дәлелдер  жеткіліксіз  болып  жатса,  сын 

есімнің  күшейтпелі  шырайының  жасалу  жолын 

ұсынуға  болады.  Күшейтпелі  шырайдың  күшейтпелі 

буыны  сапалық  сын  есімнің  алғашқы  дауысты 

дыбысына  (оқулықтардағыдай  алғашқы  буынына 

емес) -п жұрнағының  жалғануы арқылы жасалатынын 

білеміз. Осы тұста алғашқы дауысты дыбыс тіркесіне 

ерекше назар аудартқан жөн. Содан соң биік, жуас, қу, 

суық, типыл, тура секілді сын есімдерді күшейтпелі 

шырайға өзгертеміз: біп-биік, жұп-жуас, құп-қу, сұп-



суық, тып-типыл, тұп-тура. Осылай айтамыз, осылай 

жазамыз.  Сонда  күшейтпелі  буынның  құрамындағы 



-ы,  -і,  -ұ  дауыстыларының  қайдан  пайда  болғанына 

күмәнмен  қарауымыз  керек  пе!?  Жоқ,  керісінше, 

орфографияның  ережеге  негізделетінін,  орфоэпияның 

заңдылыққа  негізделетінін  үнемі  ескертіп  отырудан 

танбағанымыз  дұрыс.  Әрине,  біз  ережемен  бекітілген 

емле  қағидаларына  қарсы  шығудан  аулақпыз.  Біз 

оқытушы ретінде шәкірт көңілінде «Бұл қалай?» деген 

сұрақтың қалмағанын ғана құптаймыз. Біз тек ережеге 

сай келмейтін мысалдарды оқыту үдерісі кезінде дұрыс 

бағытта  өзгертуге  әрекет  жасаймыз.  Әсіресе,  буын 

мен  оның  түрлерін  меңгертуде  бұндай  жағдайлар  жиі 

ұшырасатынын  жеткілікті  түрде  ұсынуға  тырыстық.

Бұларға  қоса,  күрделі  сөздердің  құрамындағы  қатар 

келген  дауыстылардың  буынға  бөлінуі  де  буын 

ережесінен  алшақтау  көрінеді.  Дыбыстар  жүйесіндегі 

кейінді  ықпал  үдерісі  бойынша  қатар  келген  екі 

дауыстының  алғашқысы  түсіріледі.  Бұл  құбылыс 

айтылған кезде басымдық танытады да, жазылған кезде 

құбылмалы  күй  иеленеді.  Оның  себебін  ешқандай 

оқулықтан  таба  алмайсың.Егер  күрделі  сөз  тіркес 

қалпында келсе жазылу барысында да, буынға бөлуде 

де  қиындық  туындамайды.  Ал  біріккен  сөз  қалпында 

келсе,  ала-құлалық  орын  алады.  Сөздердің  айтылуы 

буынның  да,  кейінді  ықпалдың  да  қағидасына  сай 



10

11

келеді де, жазылуы бұл жүйеден шығыңқырап кетеді.



Төмендегі салыстырмалы үлгіден айқынырақ көрінеді:

Біріккен 

сөздің 

құрамы

Айтылуы

Жазылуы

Буынға 

бөлінуі

Жаны+ұзақ

Өмірі+ұзақ

Қара+ағаш

Сары+өзек

Ұл+ма+екен

Жанұзақ

Өмірзақ


Қарағаш

Сарөзек


Ұлмекен

Жанұзақ


Өмірзақ

Қараағаш


Сарыөзек

Ұлмекен


Жа-нұ-зақ

Ө-мір –зақ

Қа –ра – а – ғаш

Са-ры -ө - зек

Ұл-ме-кен

Берілген біріккен сөздердің  буынға бөлінудегі күмән 

тудырмайтындары-  айтылуы  бойынша  жазылғандары. 

Орфография ережесіне негізделгендері буынға қатысты 

тұжырымдарды  жоққа  шығарады.  Тағы  бір  көңіл 

бөлетін тұс- қатар тұрған дауыстылардың ықпалдан гөрі 

буын ырғағына тәуелділігі. Өйткені, Өмірзақ сөзіндегі 

екі дауыстының айтылмауы / жазылмайды да/, осыған  

ұқсас  Жанұзақ  сөзінде  бір  дауыстының  айтылмауы 

сөздердің басталуындағы ашық буындардың құрамына 

қатыстылығын  байқататыны  айқын.  Біріккен  сөздер 

тіркес  күйіндегі  күрделі  сөздердей  жеке  буынға 

бөлуге,  жеке  тасымалдауға  келмейді.  Орфографиялық 

сөздігіміздің  әр  басылымында  жазылуы  өзгеріске 

ұшырап жататын сөздердің көкейкесті мәселесі өз ал-

дына жеке тақырып  ретінде қарастырылуы тиіс. Ғасыр-

лар бойы қолданыста жүрген төл сөздеріміздің айтылу 

ырғағы  буынның  түрлеріне  байланысты  еместігін, 

керісінше  сол  айтылу  ырғағы  арқылы  буын  түрлерін 

жасап жүргенімізді естен шығарып алмайық. Дауысты 

дыбыстарды қанша жерден буын жасаса да, сөздердің 

ырғақпен  бөлшектенуіне  кедергі  қылмасақ,  буынның 

өзін де, түрлерін де оқыту үдерісі қиындық туғызбайды.

Ғалым Құдайберген Жұбановша түйіндесек: - Буынды 

жақсы  білмесең,емлені  де  білмейсің;  сөз  тудыру, 

сөз  түрлендіру  сияқты  морфология  негізін  де  ұға 

алмайсың,  буынды  білмейінше,  сөз  екпіні  (ударение), 

сөз сазы (интонация) секілді сөйлем жүйесіне қатысты 

тіл  құбылыстарының  да  сырына  қана  алмайсың... 

Қысқасы, буын жүйесін жақсы білмей тұрып, ана тілі 

сабағын басқаруға болмайды /5/.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Сауранбаев. Қазақ тілі. А., 1953.

2. С.Исаев. Қазақ тілі. А., 1996.

3. Ғ.Әбуханов. Қазақ тілі. А., 1982.

4.  Рабиға  Сыздық.  Қазақ  тілінің  анықтағышы. 

Астана, 2000.

5.  Қ.Жұбанов.  Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер.  А., 

2010.


Резюме

В  статье  освещены  некоторые  принципиальные 

вопросы    методики    обучения  по  казахскому  языку  и 

современные требования к качеству учебников.



Resume

The  article  is  devoted  to  some  principal  points  of                                                                                                            

Kazakh  language  teaсhing  methods  and  modern 

reguirements  to the of  books.



12

13

Назерке ӘБІЛМАЖИНОВА,



Өскемен қаласындағы

С.Аманжолов атындағы 

ШҚМУ магистранты,

Айнұр АМАНГЕЛДІ,

ф.ғ.к., аға оқытушысы.

ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ-

КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

«Адамзат  үшін  ХХІ  ғасыр  –  жаңа  технологиялар 

ғасыры  болмақ,  ал  осы  жаңа  технологияларды 

жүзеге  асырып,  өмірге  енгізу,  игеру  және  жетілдіру 

–  бүгінгі  жас  ұрпақ,  сіздердің  еншілеріңіз...  Ал  жас 

ұрпақтың  тағдыры  –  ұстаздардың  қолында»,-  деп 

елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  ақпараттық-

коммуникациялық 

технологиялардың 

қарқындап 

дамып  келе  жатқанын  бүгінде  сәт  сайын  ашылып 

жатқан жаңалықтар дәлелдеп отыр.

Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің 

барлық  саласына  енгізу  ақпараттық  қоғамның  басты 

көрінісі  болып  отыр.  Мұғалімдерге  қойылатын 

талаптардың  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын 

меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – 

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан 

кейін  АКТ)  пайдалану.  АКТ-ны  игеру  қазіргі  заманда 

әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-

ның  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді  шәкірт 

тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті болып табылады. 

«АКТ  құралдары»  дегеніміз  –  микропроцессорлық 

және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты 

таратудың  жаңа  құралдары  мен  жүйелері,  ақпаратты 

жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, 

оларды  жан-жақты  таратуды  қамтамасыз  ете  алатын 

бағдарламалық,  бағдарламалық-аппараттық  және 

техникалық  құралдар  мен  құрылымдарды  айтамыз. 

АКТ-ға  жататындар:  ЭЕМ,  дербес  компьютерлер, 

терминалдық  құралдардың  жинақтары,  жергілікті 

есептеу  жүйелері,  мәтіндік  және  графикалық 

ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық 

ақпараттарды  сақтау  құралдары,  аудиовизуалдық 

ақпарттарды  бақылайтын  құралдар  мен  құрылымдар, 

машиналық 

графика 

жүйелері, 

программалық 

кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат 

алмасуын  қамтамасыз  ететін  қазіргі  кездегі  байланыс 

құралдары.

Білім  беру  саласындағы  көп  қолданыста  жүрген  

АКТ құралдары:

- Интерактивті тақта;

- Мультимедия;

- Интернет кеңістігі;

- Электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

-  Бір  қалыптылықты  пайдаланбау,  яғни,  деңгейлер 

бойынша  (білу,  пайдалану,  қолдану)  оқушылар       

әрекетін ауыстырып отыру;



14

15

-  Баланың  ойлау  (зерделеу)  қабілетін  дамытуға 



бағытталу,  яғни  елестету,  салыстыру,  байқағыштық 

жалпыдан  негізгіні  айыра  алу,  ұқсастықты  табу 

қасиеттерін дамыту;

-  Компьютерлік  технологияны  пайдалана  отырып 

дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты 

ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

-  Оқушының  есте  сақтау  қабілетін  ескеру  (жедел, 

қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Жаңа АКТ-ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

- Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

- Ақыл-ойын дамытады;

- Шығармашылық белсендігін арттырады;

- Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

- Тіл байлығын жетілдіреді;

- Жан-жақты ізденушілігін арттырады.

Кез  келген  адам  білім  алу  барысында  білімнің 

сапалы  болғанын  қалайды.  Бұл  кезекте  ақпараттық 

технологияның  атқарар  рөлі  ерекше.  Білім  беруде 

АКТ-ны  пайдалану  мен  оқушылардың  құзіреттілігін 

қалыптастыру,  қазіргі  заман  талабына  сай  АКТ-

ны,  электрондық  оқулықтарды  және  Интернет 

ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде 

шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі  таңда  ХХІ  ғасыр  табалдырығын  еркін 

аттаған  азат  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  және  білім  беруді 

жетілдірудің,  мемлекеттік  тілді  оқытудың  басым 

бағыттарын  айқындау  –  педагогика  тәжірибесінің 

көкейкесті  мәселелерінің  бірі  болып  отырғаны  анық. 

Сондықтан тілді үйретуде ақпараттық технологияларды 

пайдаланудың  мақсаты  оқу  үдерісінде  қатысушылар-

дың  дер  кезінде  тиянақты  білім  алуын  қамтамасыз 

ету  және  кәсіби  даярлау  мен  осы  үдерісті  оқытушы 

тарапынан  басқарудың  жоспарлаған  сапасына  қол 

жеткізу болып табылады.

Қазіргі  кезде  тілді  үйрену  барысында  оқыту 

құралдары  (компьютерлер,  телекоммуникациялық 

байланыс  құралдары,  автоматтандырылған  оқыту 

бағдарламалары,  электронды  оқу  материалдары, 

қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік 

жабдықтар)  әр  түрлі  оқыту  түрлерін  жетілдіруге 

мүмкіндік  береді,  оған  қоса  оқушылардың  өзіндік 

жұмыстарын  орындататын  әдістемелік  құралдар 

ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. 

Ю.К.Бабанскийдің  айтуынша  оқыту  үрдісіне 

компьютерді 

енгізу 


оқушылардың 

оқу-


танымдық  белсенділігіне  басшылық  жасауда,  оны 

интенсивтендіруде  жаңа  мүмкіндіктерге  қол  жеткізеді 

[5].

Тілді  үйрету  кезінде  ақпараттық  технологияның 



мүмкіндіктерін  пайдаланудың  дұрыс  бағытының  бірі 

— компьютерлік модельдеу, имитация және виртуальды 

стенд.  Бұл  бағыт  оқушыға  нақты  құбылыстар  мен 

объектілерді  зерттеудің  құралын  айқындауға  септігін 

тигізеді. Мысалы, виртуальды стендпен жұмыс істеген 

кезінде оқушылар компьютердің өз командасына берген 

бағасын  көре  алады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  шешімнің 

дұрыстығын  ғана  емес,  сондай-ақ  ұстанған  бағыттың 

күшті  және  әлсіз  жақтарын,  жіберілген  қателіктерді 

де  оқушыларға  көрсетіп  отыратын  интеллектуалды 

танымдық жүйелер де қолданылады.


16

17

Компьютерлер 



мен 

интерактивті 

тақтаны 

оқушылардың  тілдік  құзіреттілігін,  шығармашылық 

потенциалын  дамыту  құралы  ретінде  пайдалану 

интеллектуалдық,  эстетикалық  және  ақпараттық 

сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал 

ретінде  пайдалану  оқу-танымдық  үрдіс  тиімділігін 

арттырады.  Тілді  үйрету  барысында  ақпараттық 

технология  арқылы  берілетін  білім  оқу  материалын 

жүйелі  беруге,  ақпаратты  көруге,  есте  сақтауға, 

қатысымдық  тұрғыдан  меңгеруге,  қазақша  тілдік 

қатынасты игеруге мүмкіндік береді.

Ақпараттық  технологияны  қолдануда,  әдетте 

шынайы  өмірлік  жағдайлар  келтіріліп,  бірігіп 

шешу  мәселелері  ұсынылады,  рөлдік  ойындар 

пайдаланылады,  білгірлігінің  қалыптасуы  барысында 

жеке  белсенді  позициясын  қалыптастыруға  жағдай 

тудырады,  қарым-қатынас  дағдыларын  орнықтырады, 

сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйретеді.  Демек,  ақпаратты 

технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде 

тиімді.  Тыңдап-түсіну,  көріп-байқау  құралдарының 

концепциясында  оқыту  былайша  орналасады:  тыңдау 

– сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау 

(тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. 

Тыңдап-түсіну,  көріп  –  байқау  құралдарының  ішінде 

сабақ  берудің  барлық  сатысында  қолдануға  болатын 

түрі-аудио  құралдар,  радио  мен  теледидардың 

хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.

Аудиоматериалдар  сабақта  мынадай  мақсатта 

қолданылады:  біріншіден,  қажетті  ақпаратты  күшті 

әсерлілікпен 

жеткізеді; 

екіншіден, 

оқушының 

бақылаушылығы  мен  талдау  дағдыларын  жетілдіреді, 

үшіншіден,  өз  пікірін,  ойын  тұжырымдап  айтуға 

үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының 

тілін  дамытады.  Тіл  үйренудегі  тыңдау  сөйлеумен 

тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде 

пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін 

бойынша  сұрақ  қою  –  ең  тиімді  жол,  өйткені  оқушы 

сұраққа  дұрыс  жауап  беру  үшін  мәтінді  ынтамен 

тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.

Қазіргі  заманғы  компьютерлік  телекоммуника-

циялар  әр  деңгейдегі  оқу  ақпаратын  алу  және  білім 

беруде  дәстүрлі  оқыту  әдістерімен  бірдей,  кейде  одан 

да тиімді түрде жүзеге асырады. Адамның компьютер 

көмегімен атқаратын оқу іс-әрекеттері өте күрделі және 

алуан түрлі. Оларды төменде атай отырып, біз бұл іс-

әрекеттің негізінде оқушыларда шығармашылық ойлау 

пайда болатынына көз жеткіземіз:

- игерілетін теориялық білімдер жүйесінің негізінде 

жатқан  жалпы  қатынастарды  табу  мақсаты  бойынша 

оқу міндеттерінің шарттарын қайта қарау;

-  аталған  қатынастарды  графикалық  және  белгі 

түрінде модельдеу;

-  қатынас  моделін  оның  жалпы  белгілерін  игеру 

мақсатында қайта қарау;

- жалпы әдіс негізінде нақты практикалық міндеттерді 

бөліп алып, шешу;

- алдыңғы іс-әрекеттің орындалуын бақылау;

-  берілген  міндетті  шешудің  жалпы  тәсілін  игеру 

бағасы.


Көрнекі  құралдың  жаңа  заман  талабына    сай  

түрлерінің  бірі  болып  саналатын  мультимедиялық 

энциклопедия,  электрондық  оқулықтар  мен  түрлі 


18

19

дыбыстық  таспа  материалдары  бүгінгі  таңда  тіл 



үйренушілердің  қай  тілді  болмасын  тез  әрі  терең, 

қиындықсыз  игеруіне  мейлінше  қолайлы  жағдай 

тудырып отыр.

Қорыта  келгенде:  «Қазіргі  заманда  жастарға 

ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 

стандартқа  сай  жаңа  білім  беру  өте-мөте  қажет» 

деп,  ел  Президенті  атап  көрсеткендей,  ақпараттық 

технологияларды  мемлекеттік  тілді  оқытуда  тиімді 

пайдалану  –  жаңа  білім  берудің  бірден  бір  шарты. 

Оқыту  үрдісінде  ақпараттық  технологияны  қолдану 

білім сапасын жақсартуға көмектеседі.

Сабақ  барысында  ақпараттық  технологияны 

қолданудың жақсы жақтары:

1.  Түрлі-түсті  иллюстрациялар,  ұлттық  музыка, 

анимациялар есте сақтау үдерісі үшін тиімді.

2. 


Әр 

сабақта 


сөйлеу 

әрекетінің 

бес 

түрі 


де 

қолданылады: 

тыңдалым, 

сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.

3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;

ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды 

қайталаудың  арқасында  дағдыларды  машықтандыр-

ғанға дейін меңгертіледі.

4.  Компьютер  оқушының  өзіндік  жұмысын 

ұйымдастырады.

5.  Компьютер  оқытудың  аудио  және  бейне 

құралдарының  мүмкіндіктерін  табысты  байланыс-

тырады.


6.  Компьютерлік  желілермен  жұмыс  істеу  арқылы 

оқушылардың  тілдік  сауаттылығы,  шығармашылық 

әлеуетінің,  тілдік  құзіреттілігінің  дамуына  мүмкіндік 

туады.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал