Әбсаттар қажы дербісәлі хазіреті мұхаммед с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с ә л л ө м Әз пайғамбар



жүктеу 258.99 Kb.

бет2/2
Дата07.09.2017
өлшемі258.99 Kb.
1   2

М

ұсылмандар  Мәдинаға  көшкеніне  он  жылға 

аяқ  басқан.    Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)  Меккеге 

барып, парызын өтегісі келетін   мұсылмандарға  

Мәдинаға жиналу туралы хабар жіберді. Ұзамай жан-жақтан 

келген  мұсылмандардың  қуа нышымен  қасиетті  қала  иман 

мен Ислам нұрына малынып, ұлы бір мерекеге айналды. 

Қасиетті Қағба алыстан мен мұндалағанда Пайғамбарымыз: 

“Уа,  Раббым!  Осынау  заңғар  ғимараттың  қадір-қасиеті  мен 

кереметтігін арттырғайсың!..” – деп дұға жасады.

Осылайша  олар  қажылық  парыздарын  орындап,  келесі 

жұма  күні  таң  намазынан  соң  Мекке  шетіндегі  Минадан  әрі 

қарай Арафатқа  бағыт алады. 

Сахабалардың “Аллаһу әкбарлатқан” даусы жер мен көкті 

жаңғырықтырды. 

Арафат тауында Алланың атымен сөз бастаған Алла Ра-

сулы (с.ғ.с) жүз жиырма мыңға жуық сахаба алдында соңғы 

хұтбасын  оқыды.  «Қоштасу  хұтбасы»  деген  атпен  Ислам 



ПайғаМбарыМыздың 

ақырғы хұтбасы




тарихына  енген  Пайғамбар  лебізі  барша  мұсылмандарға, 

күллі адамзатқа мәңгі өшпей тін өмір өлшемі секілді болды. 

Бұрын-соңды  бұл  хұтба  қазақ  баспасөзінде  жариялан-

бағандықтан, осы бір тарихи һәм естен кетпес уағыз мәтінімен 

оқушыларымызды  таныстыра  кеткенді  жөн  көріп  отырмыз. 

Сонымен, Пайғам барымыз:

“Ей,  адамдар!

Айтқаныма зер салыңдар. Бәлкім, биылдан соң сендер мен 

бұл жерде қайтара жүздеспейтін шығармын. 

Халайық!


 Бүгінгі күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты қасиетті 

болса, мал-жандарың, ар-намыстарың да соншалық қасиетті, 

зорлық атаулыдан қорғалған. 

Уа, сахабаларым!

Раббыларыңмен  қауыша тын дықтарың  хақ  және  осы 

дүниедегі бүкіл амал-әрекет терің үшін жауап беретінде ріңді де 

біліңдер. Мен ортала рыңнан кеткеннен кейін баяғы бітпейтін 

ұрыс-керіске,  дау-дамайға  қайта  бой  алдырып,  бір-біріңнің 

қандарыңды  жүк теуші  болмаңдар.  Осы  өсие тімді  естігендер 

естімегендерге  жеткізсін.  Бәлкім,  естімеген  адам  бұл  жерде 

менің  осы  сөздеріме  куә  болып,  естіген  адамнан  да  жақсы 

түсініп, жадында сақтауы мүмкін.

Уа, сахабаларым!

Қолдарыңда әлдебіреудің аманаты болса, қылдай қиянат 

жасамай, басы бүтін иесіне табыстасын.  Пайыздық өсім нің 

барлық түріне тыйым салынды. Тек нақты қарызды қайтарған 

жағдайда басқаға зұлымдық жасамайсыңдар, әрі өздерің де 

зұлымдық  көрмей сіңдер.  Алланың  әмірімен  бұдан  былай 

өсіммен пайда табуға тыйым салынды. На дан  дық жайлаған 

қараңғы кезеңінен қалған бұл әдет бұдан былай жойылуға тиіс. 

Алғашқы болып өзімнің көкем Аббастың өсімінің жойылғанын 

мәлім етем.

Уа, халқым!

Қараңғылық  кезеңінен  қалған  қан  дауына  да  осы  жерде 

нүкте қойылды. Бірінші болып атам Әбдімүтәлібтің немересі, 

немере ағайыным Рәбианың қан дауын жойдым. 

Уа, жарандар!

Шайтан сендерге  қайта дан әсер ету және өзіне бағын дыру 

25


күшінен  мәңгілікке  айрылды.  Бірақ  менің  тыйған  нәрселе-

рімнен  тыс  өздеріңнің  болма шы  деп  санаған  нәрсе леріңде 

оған  ерсеңдер,  мұның  өзі  оны  қуантады.  Діндеріңді  қорғау 

үшін бұлардан да сақ бо лыңдар.  

Уа, адамдар!

Әйелдердің ақысын аяқ асты етпеңдер. Алладан қор қыңдар. 

Әйелдеріңді  Алланың  аманаты  ретінде,  әрі  нәзік  жаратылыс 

иесінің ар-намысын қорғауға Алла атымен сөз бе ріп, адал жар 

ретінде алдыңдар. Сендер әйелдерің алдында, әйелдеріңнің 

де сендердің алдарыңда хақысы бар. Сендер одан жар төсегін 

былғамауды талап етуге хұқылысыңдар. Сендердің қаламаған 

адамда рыңды  үйлеріңе  кіргізсе,  әйелдеріңді  шектен  шықпай 

жөнге сала аласыңдар. Әйелдің ақысын өтеуге міндеттісіңдер, 

яғни  олардың  ішіп-жемін,  киім-кешегін  қамтамасыз    ету  

сендердің міндеттерің. 

Уа, мұсылмандар!

Сендерге  киелі  аманат  қалдырып  барамын,  соны  толық 

ұстансаңдар,  ешқашан  адас пайсыңдар.  Ол  Алланың  кітабы 

– Құран. 

Уа, мұсылмандар!

Сөзіме құлақ қойып, зер делеңдер! Мұсылман мұсыл манға 

бауыр.  Олай  болса  барлық  мұсылмандар  бір-бірінің  (діндес) 

бауырлары. Діндес бауырларың ның разы болмаған жағдайда 

ақысын жемеңдер.

Уа, сахабаларым!

Тіпті өз-өздеріңе де зұлымдық жасамаңдар, оның да сұрауы 

болады. 

Уа, адамдар! 

Алла  жалғыз,  бәріміз  Адам  атаның  ұрпағымыз,  ал  Адам 

топырақтан жаратылған. Алла назарында құрметке лайық жан 

– Одан ең көп қорқатын адам. Арабтың араб емеске үстемдігі 

жоқ. Адамдар бір-бірінен тақуа дәрежесіне қарай үстем бола 

алады. 

Уа, жамағат! Мен туралы сауалға қалай  жауап бересіңдер?” 



– деді. 

Барша  жиналғандар  бір ауыздан:  “Сен  Алланың  елшісісің, 

бізге  өсиетнасихат  айттың,  міндетіңді  адал  атқар ғандығыңа 

куәміз”, – деді. 

26


Пайғамбарымыз  оң  қо-

лының мүбәрак сұқ саусағымен 

жамағатын нұсқап: 

“Куә  бол,  уа,  Раббым!  Куә 

бол,  уа,  Раббым!  Куә  бол,  уа, 

Раббым!” –  деді. 

Бұл хұтба адамзаттың асыл 

тәжі  болған  сүйікті  Пайғамба-

рымыздың арада қанша ғасыр 

өтсе де, бейне бір өз аузынан 

төгіліп 

жатқандай, 

барша 

адамзатқа  үлкен  әсер  беретін 



асыл сөздері. 

Осындай  жарқын  да  дара 

тұлға  да  дүниеден  өтті  деуге 

ешкім  де  сенбес  еді.  Алайда, 

Пайғамбарымыздың  сырқаты 

келіп  төсек  тартып  жатқанына 

да бірнеше күн болған...  

Дүйсенбі… Пайғамбарымыз 

өміріндегі  көптеген  маңызды 

оқиғалар 

дүйсенбі 

күніне 


сәйкес келген. Рәби’уләууал айының он екісі… Дүниеге көзін 

ашқан сәті де дүйсенбі еді… Пайғамбарлар падиша сының бұл 

дүниедегі ақырғы күні. Өмірінің соңында да елге өсиетін айтып, 

ажарлы жүзі күлімсіреп, аузынан ақ мар жандай сөздер төгіліп 

жатты. Сол күнгі соңғы сөздері:

“Уа,  халайық!  Қоп-қою  қараңғылық  секілді  алауыздық  пен 

жамандық тұманы басып келеді. 

Уа,  адамзат!  Сендер  мені  теріске  шығаратын  дәлел  таба 

алмайсыңдар. Өйткені мен тек Алланың Құранында айтылған-

дай арам мен адалдың аражігін үйреттім. 

Уа, қызым Фатима! 

Уа, әпкем Сафия! 

Алла қабыл аларлық амал жасаңдар. Маған арқа сүйеуші 

болмаңдар. 

Өйткені мен сендерді қан ша ет жақын туысым болсаң дар да 

Алланың азабынан құт қарып қала алмаймын!” болды. 




Хазіреті  Фатима  Алла  Расулының  (с.ғ.с.)  көзі  тірі  жалғыз 

қызы  еді.  Ол  жоғары  мінез-құлығы,  қимыл-қозға лысы,  жүріс-

тұрысы, бет-әлпеті қай жағынан да сүйікті Пайғамбарымызға 

(с.ғ.с.) қатты ұқсайтын. 

Рәби’уләууал  айының  он  екісі,  дүйсенбінің  кеші.  Күн 

қызарып, ұясына қонуға таяған… 

Алла  Елшісі  (с.ғ.с.)  мүбәрак  басын  Айша  анамыздың 

кеудесіне таяп жатқан күйі “Аллам, мені Рәфиқул-Ағлаға – ең 

жоғары  мәртебелі    Ұлы  Аллаға  қауыштыр”,  деп  үзбей  дұға 

етуде.  Демі  жиілеп,  қиналғаны  сезіледі.  Сөйлеуге  шамасы 

жетпей  жатқанына  қарамастан,  соңғы  деміне  дейін  үмметін 

ізгілікке үндеумен болды:

“...Намазға  ықыласпен  беріліңдер,  намазға  атүсті 

қарамаңдар!” 

Осылайша  Расулалланың  (с.ғ.с)  пәк  рухы  нұрлы  тәнін 

тастап, мәңгілік әлемге жол салды. Сол кезде Алла Елшісі (с.ғ.с) 

дүниеден өткенін естіген жандар, жолдастары, хазреті  Омар 

(р.а) сынды сахабалардың кейбіреулері Оның (с.ғ.с) дүниеден 

өткеніне    сенбеген  де  еді.  Батылдық  пен  қаһармандықтың 

символы  саналатын  хазіреті  Омардың  (р.а)  өзі  бұл  қазаға 

егілгені соншалық, өз еркін билей алмай: 

“Расулалла өлген жоқ, Ол тірі. Кімде-кім Мұхаммед (с.ғ.с.) 

өлді  дейтін  болса,  қы лышыммен  жайратып  сала мын”,  –  деп 

айқайлап жатты.  

Алайда    барлық  адам  бала сына    келген  ажалдың  Оған 

да  (с.ғ.с)  келетіні  ақиқат  еді.  Осы  шындықтан  аса  алмаған 

жолдастары оның жарқын бейнесін  ғана құшып, көз жастарына 

ерік беріп, мәңгілік сапарға аттандырды.  

Өмірінде қандай нұрлы да жарқын болса, өлімінде  де еш 

өзгермеген  Алла  Расулының  нұрлы  жүзін  құшып,  хош  иісті 

құшырлана иіскеген хазіреті Әли: “Ата-анам сен үшін құрбан 

болғай, уа, Расулалла! Өмірің де, өлімің де тәтті”, – деді. 

Мұнан  соң  Нұрлы  Нәбидің  мәйіті  хазіреті  Әли,  хазіреті 

Аббас, Фадыл ибн Аббас және Шукран тарапынан кебінделіп, 

отауындағы тақтай төсектің үстіне жатқызылды.

T

28



Б

үгінгі  таңдағы  әрбір  ғы лым,  әрбір  сала  өз  тілімен 

“әш һәду  әннә  Мухаммадар  Расулулла”  деп  Оның 

шынайы Алла Елшісі екенін растауда. 

Бұған дәлел, аме ри калық ға лым Май кл Харт өзі нің “Адам-

зат тарихындағы ұлы жүз дік” ат ты кі та бын да адам ба ла сы ның 

тарихын да  өне ге лі  де  ғиб рат ты  із  қал дыр ған  ұлы  тұл ға лар-

дың өмір баян да рын жаз ған. Май кл Харт ең бек те Арис то тель, 

Пла тон,  Евклид,  Ар хи мед  бас та ған  топ   ал дын да  ең  бі рін ші 

етіп Мұхаммед (с.ғ.с.) пай ғам бар ымызды қойған. Бұл тарт пас 

ғылы ми  тұ жы рым  жасау  үшін  Мұхаммед  Пай ғам бар   (с.ғ.с.) 

өмір бая нын  басқа  тұлғалар мен  бір ге  ком пью тер ге  ен гіз ген 

Май кл Харт таң да ны сын жасы ра ал ма ған. Се бе бі ком пью тер-

ге түс кен 100 адам   іші нен Пайғамбарымыз дың (с.ғ.с.) есі мі 

бір не ше мәр те бі рін ші бо лып шыға берген.

Иә, ғаламға қайталанып келмейтін дара тұлғаның, Хазіреті 

Мұхаммед Мұстафа ның (с.ғ.с) өнегелі ғұмырын, Оның (с.ғ.с) 

ұлы тұлғалығын мұсылмандар ғана емес, көзі ашық, көкірегі 

ояу басқа дін мен мәдениет өкілдері де мойындап, бас иеді. 

Осындай Алла Расулының алдында тағзым етіп, Оның (с.ғ.с) 

кемеңгерлігін  өздеріне  басшылыққа  алған  кейбір  атақты 

адамдардың сөздеріне құлақ салсақ, сөзіміз тұщымды болар. 

Ламартин: “Ұлылардың ұлылығы немен өлшенсе оны мен 

өлшенсін, бірақ хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с) ұлылығы нан ұлы 

әлемде пенде жоқ”. 

Гете:  “Біздер,  Еуропа  ха лықтары,  мәдениетіміз  ай рықша 

дамығанымен,  хазіреті  Мұхаммедтің  (с.ғ.с)  ұлылығы ның 

ең  төменгі  сатысында  ғана  тұрмыз.  Оған  ешқандай  шүбә 

келтіруге болмайды. Және бұдан кейін де одан ешкімнің аса 

алуы мүмкін емес” 

А.Бесант:  “...Егер  дүниеде  халықты  дін  қағидаларымен 

соңынан ерте білген біреу болса, ол – Мұхаммед (с.ғ.с). Ол 

ешқашан өзін асыра бағаламады. Пайғамбар болу еш күмәнсіз 

оған тән еді. Қазір оның өмірі мен асыл мұратын түсінген кім 

Досы Да, Дұшпаны Да 

мойынДаған

29


болса да, оның ұлылығына бас иері сөзсіз...” 

Б.Шоу: “Егер қазіргі әлемді басқару хұқы Мұхаммед (с.ғ.с) 

секілді  бір  адамға  бері летін  болса,  ол  барлық  мәсе лелерді 

майдан  қыл  суырғандай  етіп  оп-оңай  шешер  еді  және  бұл 

шешімдер сондайлық тыныш тық пен бақыт әкелер еді. Мен 

Еуропаның  ертең  Мұхаммедтің  (с.ғ.с)  дінін  қабылдайтынын 

болжаймын, тіпті Еуропа оның дінін қазірдің өзінде қабылдай 

бастады” 

М.Харт: “Әлемде өте ықпалды болған адамдардың тізімінің 

басына Мұхаммедті (с.ғ.с) қоюым, кейбіреулерді таңдандыруы 

мүмкін.  Алайда  тарихта,  дүниелік  әрі  діни  салада  сөзсіз 

табысқа жеткен адам сол  ғана. Мұхаммедтің (с.ғ.с) исламға 

жасаған жеке ықпалы Иса Мәсіх пен Павел дің  христиандыққа 

жасаған  ықпалынан  әлдеқайда  артық.  Діни  және  дүниелік 

ықпал  етудің  тарихта  теңдессіз  бірлесуі  Мұхаммедтің  (с.ғ.с) 

тарихтың ең ықпалды тұлғасы болуына жеткілікті”. 

П.  Хитти:  “Мұхаммед  (с.ғ.с)  өте  қысқа  өмірінде  сол  кезге 

дейін  географиялық  ауқымдылығынан  басқа  еш теңе сі  жоқ 

өлкеде ұлық дін құр ды. Бұл дін өте кең аймақ тарда христиан 

және яһуди діндерінен озумен қатар, өте қысқа мерзім  ішінде 

сол кездің мәдени аймақтарын қамтыған өте үлкен мемлекет  

негізін қалады”. 

Родвелл: “Мұхаммедтің (с.ғ.с) мойнына алған міндеті мен 

миссиясы – тек Аллаға және ғайып әлеміне өте терең иманы 

болған  адамның  бойында  кездесетін  таңғажайып  күш  пен 

өмір үлгісі”. 

Биссмарк сияқты даңқты қолбасшы: “Ей, Мұхаммед! (с.ғ.с) 

Сенің ғасырыңда тумағаныма қатты өкінемін... Адамзат Сен 

сияқты  ерекше  тұлғаны  бір-ақ  рет  көрді,  бұдан  кейін  көре 

алмайды.  Мен  сенің  алдыңда  құрметпен  бас  иемін”,  деген 

екен. 

Осындай көптеген ірі тұл ғалар  тізімін санамалап жал ғас-



тыра беруге болады. Шын мәнінде хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с) 

өмірімен жете танысып, жүрек пен санаға тигізген әсерін ой 

елегіне  салып  зерде леген  жан  Оның  ұлы  пай ғам бар  екенін 

сөзсіз мойындайды.  

30


«Қайда жүрсең де Алла Тағаладан қорық! Егер әлдебір 

қате іс істесең, оны жуып-шаятын ізгілік жаса! Адамдармен 

әрдайым жақсы мінезбен қарым-қатынаста бол!»

***


«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Сонда араларыңда 

сүйішпеншілік оянады».

***

«Шынайы мұсылман – өзгеге қолымен де, тілімен де зиян 



тигізбеген адам»

***


«Өздеріңе қалағанды өзгеге де қаламайынша, толық иманға 

жетпейсіңдер»

***

«Аллаһ Тағала өзі берген нығметінің әсерін құлының үстінде 



көргісі келеді»

***


«Кімде-кім дүниені қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал 

кімде-кім ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал 

кімде-кім дүниені әрі ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа 

алсын!»


***

«Кімде-кім Аллаһ разылығы үшін кішіпейіл болса, Аллаһ 

Тағала оның дәрежесін көтеріп, зор қылады. Ал кімде-кім 

тәкаппарланса, Аллаһ Тағала оның дәрежесін түсіріп, қор 

қылады».

***


«Шындықты ұстанған сенімді мұсылман саудагер – Қиямет 

күні шейіттермен бірге болады»

***

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ

 

ІНЖУ-МАРЖАН СӨЗДЕРІ

31


«Аллаһ Тағала жұмсақ. Барлық істе жұмсақтықты қалайды».

«Үлкендерімізге құрмет көрсетіп, кішілерімізге мейірімдік 

танытпаған адам бізден емес».

***


«Адамдардың көбі мына екі нығметтің: денсаулық пен бос 

уақыттың қадірін білмей, өткізіп алады»

***

«Әкесі баласына жақсы әдеп пен көркем мінезден да артық 



жақсы нәрсе қалдырған емес».

***


«Аллаһ Тағалаға аз да болса үнемі жалғасын тапқан іс 

ұнайды».


***

«Кімде-кім әлдебір жақсылыққа себепкер болса, сол 

жақсылықты істеген кісінің алатын сауабындай сауап 

алады».


***

«Кімде-кім бір құлдың мына дүниедегі мұң-мұқтажын 

шешіп берсе, Аллаһ Тағала ол құлдың ақыреттегі мұң-

мұқтаждықтарын шешіп береді».

***

«Жеңілдетіңдер, әсте ауырлатпаңдар! Сүйіншілеңдер! Бірақ 



шошытпаңдар».

***


«Нағыз парасатты адам – өз-өзін әрдайым таразылап 

отыратын әрі өлімнен кейінгі өмір үшін азық жинаған адам. 

Ал әлсіз, бейшара адам – нәпсісінің қалауына құл бола тұра 

Аллаһ Тағаладан жақсы сый күткен адам».

***

Алла  тағала  бәріміздің  жүрегімізге  терең  иман,  Пай-



ғамбарымызға  деген  махаббат  сыйлап,  Оның  үмбеті  болуға 

лайық  қылсын.  Ақыретте  Оның  желбіреген  ақ  байрағының 

астында  жиналып,  кәусар  бұлағынан  қана  ішуді  нәсіп  етсін! 

Әумин! 


...Сәлімгерей  осылай  әң гімесін  аяқтағанда  азан  шақы-

рылды. Әке мен бала әл-Харам мешітіне намазға асықты.

T




Пайдаланылған әдебиеттер

Аб дул-Фат тах Әбу Ғуд да, Әр-Ра су лул-му ғал лим, 

Дәрул-ба шай рул-Исла мия, Бай рут, 1997 ж.

Адамзаттың асыл тәжі, “Алтын қалам” баспасы, 

Алматы, 2004 ж.  

Ад-Дарими, Әбу Мухаммад ибн Исмаил. Сунан. 

Египет, 1980 ж.

Ақиқат шуағы. “Алтын қалам” баспасы, Алматы, 2005 

ж.

Ахмад ибн Ханбал. Муснад. Египет, 1949. 



Әбу Дәуд, Суләймән ибн әс-Сижистани. Сунан. 

Египет, 1997. 

Бухари, Әбу Абдилла Мұхаммед ибн Исмаил, Әл-

Жамиус-сахих 1987 ж.

Ғаламның рахым нұры, “Дәуір” баспасы, Алматы, 

2005.


Ибн Һишам, Сирән-наби, “Дәрул-жайл” баспасы, 1985 

ж.

Мәлик ибн Әнас. Муатта. Египет 1951 ж.



Мұхаммед бин Са’д, әт-Табақату’л-Кубра, 1972 ж.

Муслим. Әбул-Хусейн ибн Хажжаж Сахих, 1973 ж.

Мәуліт, “Алтын қалам” баспасы , Алматы, 2006 ж.

Тирмизи, Мухаммад ибн Иса, Сунан, 1937 ж.

Хәйсәми, Нұриддин Али ибн әбу Бәкір. Мәжмағуз-

зәуәйд. Египет, 1979 ж.

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.

8.

9.



10.

11.


12.

13.


14.

15.




М

әуліт  –    қасиетті  мереке.

  «Ғалам»  атты 

алып кітапты адамзатқа түсіндіруші ақырғы 

Пайғамбар,  соңғы  Ұстаз  осы  күні  дүниеге 

келді. Оның келуімен түсініксіз мына жұмбақ ғаламның 

мән-мағынасы  айшықталды.  Пұтқа  табынып,  нәпсіге 

құлдық ұрған пенделер шынайы Жаратушыны таныды. 

Хақтың да, халықтың да ыстық ықыласына бөленген 

сүйікті  Елші  Меккеден  Мәдинаға  көшкен  кезде  ел-

жұрт  неше  күн  сарыла  жолын  тосты.  Сағыныштарын 

әнге  қосып  «Бізге  толықсыған  ай  туды,  Бұған  қалай 

шүкір етпессің?!» деп тебіренді. Оны (с.а.у.) көру үлкен 

думанды мерекеге ұласты. 

Сүйікті елшінің Мәдина қаласына келуінің өзі үлкен 

мереке  болса,  Оның  ғаламға  келуі  неліктен  қуаныш 

болмасын?! 



Ендеше, Мәуліт мерекелеріңіз құтты болсын!


1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал