Әбішұлы Назарбаев Отанымыздың жүрегі Астана қаласында өткен



жүктеу 468.92 Kb.

бет1/5
Дата10.09.2017
өлшемі468.92 Kb.
  1   2   3   4   5

Қазақстан 

Республикасының 

тұңғыш 

Президенті 



Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  Отанымыздың 

жүрегі  Астана  қаласында  өткен 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

мерейтойлық  сессиясында  тарихи 

тамырластығымызды, 

біртұтас 

туыстығымызды, мызғымас бірлігімізді 

одан  әрі  баянды  ету  үшін  еліміздің 

барлық 


басқару 

буындарының 

жанынан қоғамдық келісім Кеңестерін 

құру  жөнінде  ұсыныс  енгізіп,  нақты 

міндеттер  қойған  болатын.  Және 

осы  алқалы  жиында  Елбасымыз 

«Ассамблеяның  ең  басты  міндеті 

– 

еліміздегі 



қоғамдық 

келісім. 

Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең 

алдымен  қазақтың  келісімі  екенін 

мықтап  есте  ұстаған  абзал»    деген 

болатын.  Сондай-ақ  Елбасымыз 

Қазақстан  халқына  арнаған  «Нұрлы 

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты 

Жолдауында 

«Тұрақтылық 

пен 

келісім дегеніміз не?  Ол - отбасылық 



әл-қуат, 

қауіпсіздік, 

баспана. 

Бейбітшілік -  әке мен ана қуанышы, 

ата-аналар  денсаулығы  және  біздің 

балаларымыздың 

бақыты» 

деп 


Ассамблеяда  көтерген  бастамасын 

біздің  әрқайсысымыздың  жүрегімізге 

одан әрі орнықтыра түсті.

Елбасы тапсырмасына сәйкес біздің 

ауданымызда да аудандық қоғамдық 

келісім  Кеңесі  құрылып,  құрамына 

аумақ  өңіріндегі  барлық  қоғамдық 

ұйым жетекшілері, өмірлік тәжірибесі 

мол ардагерлер тартылды.

Кеңес  қоғамдық  ұйымдар  мен 

жастар ісі, ауыл шаруашылығы және 

кәсіпкерлікті қолдау,  денсаулық, білім, 

бұқаралық  ақпарат,  мәдениет,  спорт 

және діни мәселелер, құрылыс, тұрғын 

үй  коммуналдық  шаруашылықты 

жаңғырту, 

абаттандыру 

және 


санитарлық-гигиеналық 

тазалық 


мәселелері,  қоғамдық  тәртіп  туралы 

бес  жұмысшы  топтарын  құрып, 

жыл  бойы  өз  отырысында  топ 

жетекшілерінің жұмысын тыңдады.

Қоғамдық 

келісім 


отырысында 

аудандық  білім  бөлімінің  ҰБТ-ға 

дайындығы,  аудандық  «Жаңарған 

өңір»  газетінің  80  жылдығын  атап 

өту,  ауданда  шағын  және  орта 

кәсіпкерлікті  одан  әрі  дамыту, 

ҰОС-ның  70  жылдығына  дайындық 

мәселелері 

қаралып, 

нақты 


шешімдер  қабылданып,  орындалуы 

жіті бақылауға алынуда.

Осындай қоғамдық келісім ұйымдары 

барлық  ауылдық  округтері  мен  ірі 

мекемелерде де құрылды.

Сонымен  бірге,  округтер  арасында 

өнер 

ұжымдарының 



бір-бірімен 

эстафета алмасу, дөңгелек үстелдер 

оздыру,  аға  ұрпақ  өкілдерімен 

кездесулер 

өткізу, 

өңірімізді 

мекендеген 

ұлттардың 

ұлттық 

болмысын,  салт-дәстүрін  көрсететін 



шаралар  ұйымдастыру  жұмыстары 

кеңінен  жүргізілуде.  Ал  аудандық 

қоғамдық  келісім  Кеңесінің  негізгі 

бағыты,  түпкі  мақсаты  -  ел  ішіндегі 

тұрақтылықты  одан  әрі  қамтамасыз 

етіп, 


адамдар 

арасындағы 

бауырластық, 

туыстық 


қарым-

қатынасты 

нығайту. 

Елбасымыз 

Қазақстан 

халқына 


арнаған  

Үндеуінде:  «Маған  арналған  барлық 

үндеулерде ешқандай ішкі кикілжіңдер 

мен  сыртқы  жанжалдар  біздің 

елімізге кесірін тигізбесін деген бүкіл 

халықтық алаңдаушылық байқалады. 

Адамдар  бұл  үшін  тұрақтылық  пен 

қоғамымыздың бірлігін нығайту қажет 

екенін  түсінеді»  деп  атап  көрсеткен 

еді.


Иә,  Елбасымыз  айтса  айтқандай-

ақ,  сонау  есте  жоқ  ескі  заманнан 

бері  заңғар  даламыздың,  дана 

жұртымыздың  тілегені  тыныштық, 

көксегені келісім еді.

Тарих  көшіне  көз  салсақ,  біздің 

бабаларымыз 

қолына 


найзасын 

ел  шетіне  жау  тигенде  ғана  ұстап, 

қарына сойылын сұрапыл кезеңдерде 

ғана ілген екен.

Тарихымыздан  белгілі  халқымыз 

қиян-кескі  шайқастарды  басынан 

өз  жері  мен  елінің  тәуелсіздігін 

басқыншылардан қорғау кезінде ғана 

өткерген екен.

Осындай  қанға  біткен  қасиеті  ғой, 

Қаздауысты Қазыбек бабамыз  қалмақ 

хонтайшысынан  қаймықпастан  «Біз 

қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге 

тиіспей  жай  жатқан  елміз.  Елімізден 

құт-береке  қашпасын  деп,  жеріміздің 

шетін  жау  баспасын  деп,  найзаға 

үкі  таққан  елміз.  Ешбір  дұшпан 

басынбаған  елміз,  басымыздан  сөз 

асырмаған  елміз.  Достығымызды 

сақтай  білген,  дәм-тұзымызды  ақтай 

білген  елміз,  асқақтаған  болса 

ордасын таптай білген елміз»  деген 

сөздерді айтқызып тұрған.

«Тек  төріне  тартады,  тегі  бұзылса 

көріне  тартады»    дегендей,  асыл 

текті қазақ жұрты қай кезеңде де қай 

халықпен  де  сырлас,  сыйлас  болып, 

керекті  кездерде  өзге  ұлттармен 

білекке  білекті,  тілек  пен  тілекті, 

керек  жерінде  жүрек  пен  жүректі  де 

жалғастыра білді.

Мысалды  әріден  іздемей-ақ,  өткен 

ғасырдағы әлем тарихында болмаған 

ғазауат  майдан  –  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында  да  күркіреген  майданға 

аттандырып  жарларын,  жылауменен 

атырып  асыл  жандар  таңдарын. 

Төр  бөлмесін  босатып  беріп  келген 

босқынға,  ал  өздері  босағадан  төл 

жанын  иеленген  де  осы  қасиетіңнен 

айналайын қазақ жұрты емес пе?!

Ол  ол  ма,  кешегі  елімізге  Ресей 

мен  Украйнаның  ұры-қарыларын 

толтырып қара жерді қақ айырып тың 

түренін  көтерген  кезде  де  «Тыңмен 

бірге  тілініп  кеудесінде  жүрегі,  Ай 

астында жарқылдап қырманда алтын 

күрегі, Көздеріне мұң толып, аузында 

әсем  әндері,  Достық  туын  көтерген 

халқым неткен ірі еді».

          

Тәуелсіздік.    Достық.     Еңбек.

   Сенбі,  

 14 наурыз 

 2015 жыл

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті.  

              Батыс Қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан 

бастап шығады

 №12 (7512)

  

(Жалғасы 2-бетте).

zhanarqan_onir@mail.ru

Біздің электронды поштамыз:



Жаңарған

өңір

Жаңақала аудандық қоғамдық келісім Кеңесінің І форумы

“Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында 20 ізгі іс”

Ардагерлерге ерекше телефон 

сыйлады

Жеңістің  70  жылдығын  атап  өту  елімізде  кең  көлемде  жүріп 

жатырғанынан жұртшылық ақпарат құралдары арқылы хабардар. 

Солардың  ішінде  соғыста  қан  кешіп  жүріп,  жеңісті  жақындатқан 

ардагерлерге  қамқорлық  ерекше  қолға  алынған.  Әлсін-әлсін 

мемлекеттік  мекемелердің  қызметкерлері  ардагерлердің  халін 

сұрай баратыны, баспана мәселесін шешетіні, түрлі шаралардан 

қалдырмай шақырып, өздерінің де мерейтойларын ел болып атап 

өтетіні оларды разы қылады. Сондай жағымды жаңалықтың бірі 

-  наурыздың  3-і  күні  Жаңақала  ауданында  орын  алды.  «Самұрық-

Қазына»  әл-ауқат  қорының  бастамасымен  және  қаржылай 

қолдауы арқасында «Билайн» ұялы байланыс операторы «Дабыл 

түймесі»  бар  телефондарды  ардагерлерге  тегін  берді.  «Жеңіс 

үшін  мың  алғыс»  аталатын  тарифтің  ерекшелігі  –  әр  ардагер 

бір-бірімен  тегін  сөйлесе  алатындығында  еді.  Бірақ,  сыйдың 

басты  «кереметі»  бұл  емес-тұғын.  «Қызықтың  көкесі»  -  Texet 

TM-B112 маркалы қалтафонының артында бармақтың басындай 

қызыл түймесінде екен. Әлгіні 2-3 секунд жібермей басып тұрса, 

көмек  көрсетушілер  байланысқа  өздері  шығады.  Ол  аздай,  бұл 

хабарды  маңайдағы  жедел  жәрдем,  өрт  сөндірушілер,  полиция 

және  тағысын  тағылар  ғана  емес,  сонау  Астанада  отырғандар 

да біліп отырады.

Осының  бәрін  «Билайн»  компаниясының  қызметкері  Әлби 

Қамысбаев  тәптіштеп  түсіндіріп,  алғашқысын  салтанатты 

түрде соғыс және еңбек ардагері Мәжит Ғұмарұлына табыстады. 

Сосын  әр  майдангердің  үйіне  соғып,  ерекше  телефондарды  бар 

қасиетін түсіндіре отырып, иелеріне табыстап шықты.

Қаһарман САҒЫНДЫҚҰЛЫ.

Бірлік пен береке кепілі



2

Жаңарған  

  ө  ң  і  р

  14 наурыз    

  2015 жыл

 Форум

Иә,  қадірлі  халайық,  мұның  бәрі 

-  тағдыр.  Халқымыздың  қасиетті  де 

қасіретті тағдыры.

Ал  бүгінгі  уақыт  не  дейді?    Даму 

деңгейі мейлінше күрделі, әрі күн сайын 

құбылып,  жаһандық  дағдарыстың 

құрсаудай  қысып,  еркін  көсілуге, 

серпіле  сөгілуге  мүмкіндік  бермей 

жатырған  қарбалас  кезеңі.  Бұл  тек 

біздің елдің ғана емес, қазіргі кезеңде 

әлем халықтарының бірқатарына түсіп 

тұрған  қиындық,  Ал  одан  шығудың 

жолы  бар  ма  және  ол  қандай  жол? 

Ол  Елбасымыздың  ұзақ  мерзімді 

стратегиялық 

бағдарламамызды 

айқындап 

берген 

ұлы 


жолы, 

болашаққа  бастайтын  -  Нұрлы  жолы. 

Елбасымыздың 

сөзімен 


айтсақ, 

«Нұрлы  жол»  жаңа  экономикалық 

саясаты  –  біздің  экономикамыздың 

таяу жылдардағы өсімінің драйвері.

«Көпұлттылық – біздің байлығымыз» 

дейді  Елбасымыз.  Оны  біз  күнделікті 

өмірімізден де көріп жүрміз.

Осынау қасиетті Нарынның жиегіндегі 

Қамыс-Самар өңірін де бірнеше ұлттар 

сан жылдар бойы тату-тәтті жағдайда 

мекендеп келеді.

Негізінен  бұл  өңірді  басқа  ұлт 

өкілдері  он  тоғызыншы  ғасырдың 

бірінші  жартысынан  бастап  жайлап, 

қоныстанды.  Ол  –  туысқан  татар 

ұлтының  өкілдері.  Кейіннен  олар 

Сарыайдынның 

жағасынан 

жаңа 

үлгіде  село  тұрғызып,  оны  өркениетті 



мекенге,  алыс-жақын  аймақтың  сауда 

орталығына айналдырды.

Одан  кейін  Ұлы  Отан  соғысы, 

тың  игеру  жылдарында  тағдырдың 

талайымен  келген  ұлт  өкілдері  – 

қасиетті Қамыс-Самар елін, жерұйығы 

Жаңақала  жерін  достықтың  ордасына 

айналдырды.

Біз  бүгін  біртұтас  халықпыз.  Біздің 

баршамыздың да бір ғана атамекеніміз 

бар. Ол – киелі Нарын, қасиетті Қамыс-

Самар, жер жаннаты Жаңақала. Бізде 

бір  ғана  Отан  бар,  ол  –  күн  сәулетті 

Қазақстан.

Біз  бүгін  Отанымыздың  игілігі  үшін 

еңбек еткен көптеген бауырларымызды 

«Жаңақала  перзенттері»  деп  мақтан 

етеміз.  Осынау  мерейлі  мерекеде 

олардың бір қатарының есімдерін атап 

өтсек,  сөз  жоқ  мерейіміз  де  асқақтай 

түспек.

Кеңес  Одағының  Батыры  Сәлім 



Айтқұлов,  Социалистік  Еңбек  Ері 

Алексей Васильевич Черекаев, «Еңбек 

Қызыл  Ту»  орденінің  иегері  Сайран 

Фатихұлы  Ахметов,  ұзақ  жылдар 

ауданның  мал  дәрігерлік  саласын 

басқарған, 

Жаңақала 

ауданының 

құрметті  азаматы  Ғабит  Қожаұлы 

Күнтудаев,  Ұлы  Отан  соғысының 

ардагері Кәрім Ахметжанұлы Ешкаев, 

ұлағатты  ұстаздар  Римма  Сапарова, 

Фарида  Ғазизқызы,  Зоя  Федоровна, 

медицина  саласының  үздіктері  Инна 

Юшина, 

Гүлзада 


Бектемірқызы, 

Рашид Садықұлы, ішкі істер бөлімінде 

ұзақ  жылдар  қызмет  атқарған  Файл 

Нұрғалиұлы,  мал  шаруашылығында 

еңбек  еткен  Юсуф  Таштемиров,  Раул 

Салахиев,  Ғайшөк  Ғалиасқарова, 

қаржы 

саласының 



мамандары 

Шапиха  апа,  Фарзяна  Қаденова, 

механизаторлар 

Қайдар 


Негаев, 

Махмуд  Бекқұлов,  дін  саласының 

ғұлама 

білгірлері, 



ағайынды 

Мұқамбетжан,  Ғалым  Әбжелеловтер, 

көп жылдар бойы жол саласында еңбек 

еткен  неміс  ұлтының  өкілі  Владимир 

Петри,  одан  кейінгі  толқын  өкілдері 

де  ауданымыздың    мақтанышына 

айналды.

Біз  жаңақалалықтар  осы  Қамыс-

Самар төрінен түлеп ұшып, Қазақстан 

Республикасы Парламентіне үш дүркін 

депутат  болып  сайланған,  сенатор, 

Парламент  сенаты  қаржы  және 

бюджет  комитетінің  төрағасы,  белгілі 

қоғам  қайраткері  Рашит  Сайранұлы 

Ахметовпен де мақтанамыз.

Елбасымыздың  «Саусақ  бірікпей 

ине ілікпейді» деген қанатты сөзі бар. 

Береке басы - бірлікте. Қазіргі кезеңде 

ауданымыз 

ауыл 


шаруашылығы, 

шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, 

құрылыс,  жаңа  жұмыс  орындарын 

ашу,  тағы  басқа  дамушы  салаларда 

өңір  бойынша  алдыңғы  қатарда  келе 

жатырса,  ол  әрине,  атқарушы  және 

өкілетті  органдар  мен  қоғамдық 

ұйымдардың 

бірлесе 

атқарған 

жұмысының  жемісі  деп  айтуға  толық 

негіз  бар.  Аудандық  келісім  Кеңесі, 

аудандық ардагерлер ұйымы, әйелдер 

Кеңесі,  «Нұр  Отан»  партиясының 

аудандық  филиалы  және  жастар 

ұйымы аудандағы атқарылып жатырған 

істердің  қай-қайсысынан  да  тысқары 

қалған емес.

Қазіргі 

таңда 


Елбасымыздың 

ауыл 


шаруашылығын 

дамытуға 

басымдық  беріп  отырғанын  күнделікті 

атқарылып 

жатырған 

істерден 

айқын  көріп  отырмыз.  Ал  Үкімет 

Елбасы  тапсырмасына  сәйкес  ауыл 

шаруашылығын  өркендетуге  орасан 

зор көмек көрсетіп келеді. Сол сияқты 

негізінен 

мал 


шаруашылығымен 

айналысатын  ауданымызда  кейінгі 

жылдары мал тұқымын асылдандыруға 

мейлінше көңіл бөле түсуде.

Қазіргі  таңда  ауданда  қазақтың 

ақбас  тұқымды  малдарын  өсіретін  4, 

герефорд, ангус малдарын өсіретін 1, 

асылтұқымды  еділбай  қойын  өсіретін 

3, көшім жылқысымен айналысатын 2 

шаруашылық бар.

Осы 

бағыттағы 



жұмысты 

ілгерілету  мақсатында  өткен  жылы 

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  арқылы  лизингке 

«Хафиз»  ШҚ  (басшысы  аудандық 

мәслихат  депутаты  Б.Жағыпаров) 

ақбас тұқымды 67 бас ірі қара малын, 

«Муса»  ШҚ  (басшысы  Т.Мусин)  ангус 

тұқымды  400  бас  ірі  қара  малын, 

«Айдар» ШҚ  (басшысы А.Еспенбетов) 

өз қаражатына 53 бас қазақтың ақбас 

тұқымды ірі қара малын сатып алды.

Айта  кету  керек,  аудан  шаруа 

қожалықтарының  қай-қайсысы  да 

Үкіметтік 

бағдармалардан 

қалыс 


қалған  емес.  Айталық,  «Құлан» 

бағдарламасы  бойынша    өткен  жылы 

282 бас жылқы сатып алынса, «Алтын 

асық»  бағдарламасы  бойынша  1555 

бас  қой,  «Сыбаға»  бағдарламасы 

бойынша 395 ірі қара сатып алынды.

Ал 

өткен 


жылы 

ауданда 


«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  арқылы  лизингке 

және азаматтардың өз қаражаттарына 

102 ауыл шаруашылығы техникалары 

алынды.  Сондай-ақ  аудан  бойынша 

несиелік  ұйымдар  арқылы  105  тұлға 

725,36 млн теңге несие алды.

Жасыратыны  жоқ,    кей  кездерде 

біздің  сырттан  тон  пішуге  әуестеніп, 

«көрмес - түйені де көрмес» дегендей, 

әсіре  қызыл  сезімнің  ырқымен  себеп- 

салдарсыз айта салатын әдетіміз бар.

Ал  ауыл  шаруашылығына,  соның 

ішінде  меншік  иелеріне  деген  мұндай 

қамқорлық  бұрынғы  қай  кезеңмен 

салыстырғанда да болған емес. Біз жиі 

айта  беретін  Кеңестік  дәуірдің  өзінде 

ең қуатты деген шаруашылықтың қолы 

жылына  бір  жаңа  техникаға  жетсе 

жетеді, жетпесе ол да жоқ еді ғой.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік 

саланы дамытуға да жақсы көңіл бөлініп 

келеді. Күні бүгін ауданда  923 шағын 

кәсіпкерлік  нышан  тіркелсе,  оның  10-

ы  заңды,  913-і  жеке  тұлғалар.  2013 

жылмен  салыстырғанда  өткен  жылы 

кәсіпкерлікпен  айналысатындардың 

саны 100,4 пайызға өсті.

Құрылыс саласында да айтарлықтай 

жетістіктер  бар.  Тек  өткен  жылдың 

өзінде  аудан  бойынша  5760  шаршы 

метр  тұрғын  үй  алаңы  іске  қосылды. 

Бұл  2013  жылмен  салыстырғанда  12 

пайызға артық.

Ал биылғы жылы аудан орталығында 

100  орындық  жатақханасымен  600 

орындық  мектеп  және  Сарыкөл, 

Жуалыой  елді  мекендеріндегі  108 

орындық 


мектептер 

пайдалануға 

берілмекші.

Тағы  бір  айтпай  кетуге  болмайтын 

мәселе,  ол  -  жол  жағдайы.  Талай 

жылдардан 

айтылып, 

талай 


жылдардан бері күн тәртібінен түспей 

келе  жатырған  мәселе  орнынан 

қозғалып,  өткен  жылы  Чапаев-

Жаңақала аралығындағы 11 шақырым 

жол  қатқыл  табанға  айналып,  аудан 

орталығында  4,1  шақырым  жолға 

күрделі жөндеу жүргізілді.

Аудандық  қоғамдық  келісім  Кеңесі 

және 

қоғамдық 



ұйымдарының 

атқарушы органдармен бірлесіп қолға 

алып  отырған  ісі,  Елбасымыздың 

тапсырмасына  сәйкес  жаңа  жұмыс 

орындарын  ашу  және  кедейшілікті 

азайту. 


Тек  өткен  жылы  жаңадан  ашылған 

жұмыс орындарына 441 адам жұмысқа 

орналастырылса, 103 адам әлеуметтік 

жұмыс  орындарына  жіберілді.  Жалпы 

Үкіметтің  «Жұмыспен  қамту  –  2020. 

Жол  картасы»  бағдарламасының  3 

бағдарламасы  да  аудан  бойынша 

толықтай  жүзеге  асырылып  келеді. 

Соның 

ішінде 


қазіргі 

кезеңде 


Елбасымыздың өзі тікелей көңіл бөліп 

отырған мүгедектерге қамқорлық жасау 

мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде.

Қазақтың  ұлы  жазушысы  Мұхтар 

Әуезовтің 

«Ел 


боламын 

десең 


бесігіңді  түзе»  деген  қасиетті  сөзі 

бар.  Ал  бесікті  түзеу  дегеніміз  -  ата-

бабадан  бері  қанмен  беріліп  келе 

жатырған 

ұлттық 

қасиеттерімізді 



бойымызға  қалыптастырып,  елдің 

арғы-бергі  тарихын  түгендеп,  оны 

жас  буынның  санасына  сіңіру.  Бұл 

орайда  Елбасымыздың  «Халық  тарих 

толқынында»  деген  бастамасының 

ролі ерекше болмақ. 

Осы  орайда  ауданымызда  соңғы 

үш  жылда  атқарылған    істердің 

жұртшылық көңілінен шығып, олардың 

қолдауына ие болып отырғанын бөле-

жара айтқанның әбестігі болмас.

Жасыратын  несі  бар  бізге  тарих 

көмбесін  1980  жылдардың  ортасынан 

бастап  аша  бастады.  Отызыншы 

жылдардың басындағы ашаршылықты 

айтпағанда,  отыз  жетінің  ойранын  біз 

тек  Горбачевтің  жылмық  кезеңінде 

біле  бастадық.  Сол  сұрапыл  жылдар 

тек  жоғарыда  отырғандарды  ғана 

емес, осы аймақтың біраз тұлғаларын 

да шарпып өтіпті.

Міне, 


аудан 

басшысы 


Лавр 

Рашидұлының  бастамасымен  саяси 

қуғын-сүргін  құрбандарына  қойылған 

ескерткіш-белгі      тек  олардың  ұрпақ-

тары  үшін  ғана  емес  бүгінгі  жас 

буынның  да  өткен  жолымызға  өзгеше 

көзқараспен  қарауға  әсер  еткеніне 

сенімдімін.

Тарих 

пәнінің 


оқулықтарынан 

Бородино,  Курскі  шайқастарының 

оқиғалары  саналарына  сіңіп  қалған 

буынның  Исатай-Махамбет  бастаған 

ұлт-азаттық 

көтерілісте, 

Тастөбе 

шайқасында  бабаларымыздың  Ресей 

патшасының  жазалаушы  жасағымен 

ерлікпен  шайқасып,  батырлықпен  көз 

жұмғандарын білмеуіне ешқандай таң 

қалуға болмайды. Өйткені отарлаушы 

саясат  бабалар  ерлігін  қасақана 

білгізбеді.  Ал  аудан  орталығындағы 

Тастөбе  шайқасының  175  жылдығына 

қойылған белгі солақай саясаттағы ақ 

таңдағымыздың  орнын  толтырғандай 

болды.  Жыл  сайын  қараша  айында 

мектеп  оқушылары  Тастөбе  кешеніне 

жиналып, 

Махамбеттің 

өршіл 


жырларын  оқып,  үлкен-кішіміз  болып 

бабалар рухына тағзым жасап, әртүрлі 

шаралар өткізеді.

Ал  алты  бірдей  күй  алыптарына, 

төрт  бірдей  Батырларға  көтерілген 

ескерткіш,  Мәмен  мен  Тұяқ  кесенесі 

тек  бүгінгі  күні  емес,  келешекте  де 

ұрпақтарымызға тағлым болар іс екені 

белгілі.

Қазақ  тарихында,  соның  ішінде 

біздің  Батыс    аймағында  Бөкей 

Нұралыұлының  өзіндік  лайықты  орны 

бар.

Егер Бөкей болмаса



Жүрер едік біз қайда?

Шекараны өзге жұрт,

Басқа  жерден  сызбай  ма?-деп 

Ғайсағали  ақын  жырлағандай  егер 

Бөкей  Павел-1  патшадан  Еділ  мен 

Жайық  арасын  жайлауға  рұқсат 

алып,  халықты  қоныстандырмағанда, 

кім 


біледі, 

тұтас 


тарихымыз, 

халқымыздың тағдыры басқаша болар 

ма  еді?  Өкінішке  орай,  Бөкей  ханның 

тарихи  ісі  әлі  лайықты  бағасын  ала 

алмай  келеді.  «Басқа  елдің  хандары 

жақсы  болып,  біздің  хандар  неліктен 

жаман  болған?»  деп  Ғафу  ақын 

айтқандай Бөкейдің көп істері Кеңестік 

идеологияның көлеңкесінде қалды. 

Ал  өткен  жылы  аудан  орталығынан 

тұрғызылған Бөкей көшін бейнелейтін 

белгі, Бөкейтануға қосылған тамшыдай 

үлес қана. 

Елбасымыздың 

«Халық 

тарих 


толқынында» 

атты 


бастамасына 

сәйкес  барлық  округтерде  және 

мектептерде мұражай ашу, дәстүрлер 

бөлмесі,  достық  бөлмелерін  ашу 

шұғыл  қолға  алынып  аймақтың  арғы-

бергі  тарихын  зерделеу  және  оны 

бүгінгі, келесі ұрпаққа жеткізу мәселесі 

жүзеге асырылуда. 

«Жақсының  жақсылығын  айтқаннан 

адам  аласармайды»  дейді  халық 

даналығы.  Ендеше  осы  істердің 

бәріне  бастамашы  болып,  бәрінің 

басы-қасында 

жүрген, 


алдағы 

уақыт 


еншісіне 

де 


ескірмейтін 

істер  жоспарлап  отырған  аймақ 

басшысы  Лавр  Рашидұлына  аудан 

тұрғындарының  айтар  алғысының 

мол  екенін,  келешекте  де  жарқын 

істерге жақсы қолдау білдіретіндеріне 

сеніміміз мол.

Тағы  бір  ерекше  атап  өтерлік  жай, 

ауданымызда  мәдени  жұмыстардың 

тынысы ашылып, түрі де, мазмұны да 

мүлде өзгергені.

Ауданда  екі  мәдениет  үйі  күрделі 

жөндеуден  өтсе,  төрт  кітапхана 

модельдік жүйеге көшірілді.

Аудандық  мәдениет  үйі  жанынан 

жаңадан  бірқатар  өнер  ұжымдары 

ашылды.  Міне,  үшінші  жыл  Наурыз 

мерекесі ауданда 14-22 наурыз күндері 

тойланып, осы аралықта ұлттық салт-

дәстүріміздің 

барлық 

көріністері 



тамашаланады.  Денсаулық,  білім 

саласында  да  атқарылған  осындай 

істерді айтуға болады.

Биылғы  жыл  еліміз  үшін  мерекеге 

толы  жыл  болды.  Қазақ  хандығының 

550, ҰОС-дағы Жеңістің 70, Қазақстан 

халқы Ассамблеясының 20, Қазақстан 

Республикасы 

Конституциясының 

20  жылдықтарына  арналған  іс-

шаралар  жоспары  жасалып,  оның 

алғашқы  шаралары  басталып  та 

кетті.  Елбасымыз  айтқандай  той 

жасау  дүниені  ас  та  төк,  шашу  емес, 

оның  тарихи  тағылымдық  қасиеттерін 

ұрпақ санасына сіңіру. Біз де осындай 

бағыттарды ұстанып отырмыз. 

Қазіргі  кезеңдегі  дүниені  жайлаған 

діни экстремизм, лаңкестік әрекеттер, 

жаппай  жемқорлық  біздің  елімізге 

де  салдарын  тигізбей  жатырған  жоқ. 

Сондықтан да, бізге керегі - берекетсіз 

тірлік емес, бекем бірлік.

Бізге  керегі  -  ата-бабамыздың 

ғасырлар бойы аңсап көре алмай, жете 

алмай  кеткен,  тек  біздің  дәуірімізге 

ғана бұйырған Тәуелсіздік.

Осы Тәуелсіздікті біздің әрқайысымыз 

көзіміздің  қарашығындай  сақтауымыз 

керек.


Тату елдің тұрмысы да сәнді,  өмірі де 

мәнді болатынын естен шығармайық, 

ағайын!

Ғасырлар 



бойы 

қалыптасқан, 

талай  рет  қиын-қыстау  кезеңдерде 

шыңдалған 

мызғымас 

бірлігіміз, 

айнымас достығымыз жасай берсін.

Егемен 


еліміздің 

еңсесі 


биік, 

тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры берік 

болсын!

Алаш елі, Қазақ жері мәңгі жасасын, 



ағайын!



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал