ЕҢбек ету бостандығы түсінігінің кейбір тұстары



жүктеу 107.33 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі107.33 Kb.

Бердиярова Ж.С., з.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ азаматтық іс жүргізу 

және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы 

 

ЕҢБЕК ЕТУ БОСТАНДЫҒЫ ТҮСІНІГІНІҢ КЕЙБІР ТҰСТАРЫ 

 

В  данной  статье  рассматриваются  некоторые  аспекты  понятия 

свободы  труда.  Также  в  статье  раскрываются  правовые  взгляды 

отечественных ученых исследующие проблемы понятия свободы труда. 

 

Ключевые слова: труд, свобода труда, право на труд.  

 

This  article deals  some  aspects of the  concept of labour  freedom. Also  this 

article  describes  the  legal  views  of  domestic  scientists  investigating  the  problems 

of the labour concept.  

 

Keynotes:  labour, freedom, labour right. 

 

Еңбек етсең ерінбей,  



тояды қарның тіленбей 

(Халық мақалы) 

 

Мемлекет  пен  қоғамның  даму  деңгейі  кӛбінесе  қоғамдық 



қатынастардың  тиімді  құқықтық  реттелуімен  анықталады.  Адамның 

қажеттіліктерін  жүзеге  асыруға  және  мемлекеттік  институттар  қызметінің 

мәні  мен  мазмұнын  анықтауға  мүмкіншілік  беретін  негізгі  құқықтар  мен 

бостандықтарға 

еңбек 

қатынастары 



аясындағы 

жеке 


адамның 

конституциялық  құқықтары  мен  бостандықтары  жатады.  Сол  себептен  де 

қолданымдағы заңнамалардың жағдайы мен осы құқықтар мен бостандықтар 

категориясының жүзеге асырылу тәжірибесі тек қоғам дамуының кӛрсеткіші 

ғана бола қоймай, ол сонымен қатар, оның арықарай жетілуінің шарты болып 

табылады.  

Қолданымдағы  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  «Адам 

және азамат» бӛлімі елімізде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын 

реттеу  жағынан  жетекші  орынды  алады.  Адам  және  адамның  ӛмірі, 

құқықтары мен бостандықтары қоғамда және мемлекетте аса маңыздылыққа 

ие. Республикада бұл қағида қатаң сақталады.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  ӛзінің  2012 

жылғы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  былай  тұжырымдайды: 

«Бүгінде бүкіл әлемге және әр мемлекетке қуатты жаһандық және ішкі сын-

қатерлерге жауап табу маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он 

бағыты  бойынша  міндеттерді  орындап,  біз  экономиканы  нығайтамыз,  қоға-

мымызды  тұрақты  етеміз,  халықтың  әл-ауқатын  арттырамыз.  Менің 

тапсырмам  бойынша  Үкімет  қағидатты  түрде  жаңа  Жұмысқа  тартуды 

қамтамасыз  етудің  бағдарламасын  бекітті.  Онда  үш  маңызды  міндет 



қойылған.  Біріншіден,  оқыту  мен  жұмысқа  орналасуға  септесудің  тиімді 

жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. 

Үшіншіден,  еңбек  ресурстарының  жинақылығы,  Қазақстанның  экономи-

калық  тұрғыдан  белсенді  орталықтарында  жұмысқа  орналастыруға  басым-

дық  беру.  2011  жылы  бұл  Бағдарлама  қанатқақты  режімде  60  мыңға  жуық 

адамның  қатысуымен  сынақтан  ӛтті.  Бүкіл  дайындық  жұмыстары,  заңнама-

лық  база  бойынша  жұмыстар  аяқталды.  Енді  бағдарламаны  жүзеге  асыруға 

кӛшу керек. Үкіметке және әкімдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны 

кең  ауқымда  жүзеге  асыруды  бастауды  тапсырамын.  Әңгіме  сондай-ақ 

ауылда  жұмыс  істейтіндерді  шағын  несиелермен  қамтамасыз  ету  жӛнінде 

болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, 

жұмысқа  орналастыру  қажет.  Бағдарламаның  соңына  қарай,  2020  жылға 

қарасты  біз  осылайша  1,5  миллион  адамды  сапалы  жұмыстарға  еңбекке 

орналастыруымыз қажет.» [1].  

Мемлекетіміз еңбек ету бостандығын конституциялық деңгейде бекіте 

отырып,  әркімге  еңбек  ету  бостандығын,  қызмет  пен  кәсіп  түрін  еркін 

таңдауына  мүмкіндік  береді.  Екінші  жағынан,  мемлекет  ӛз  аумағында  бұл 

бостандықтың  іске  асуына  және  қамтамасыз  етілуіне  кепілдік  береді.  Заң 

жүзінде  азаматтарды  еңбек  етуге  міндеттеу  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясында  кӛзделмеген.  Азаматтың  жұмыс  нысанын  таңдауы 

материалдық ынталандырумен тікелей байланысты, себебі еңбекке қабілетті 

азаматтардың  кӛпшілігі  үшін  еңбек  ӛмір  сүрудің  басты  қаражат  кӛзі  болып 

қалуда. 

Осы  ретте  Елбасымыз  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 

Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты  Жолдауында  былай 

деп  тұжырымдайды:  «Жолдау-2012-де  мен  Үкіметке  нақты  тапсырмалар 

бердім,  -  және  мемлекеттік  механизм  жұмыс  істеп  берді.  Алайда,  мен 

Жолдауымның  орындалу  қарқыны  мен  сапасына  қанағаттанбаймын. 

Әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды. Ал бұл, ӛз кезегінде, 

жаһандық  дауылдарға  қарсы  тұра  алу  үшін  жаһандық  тұрақсыздық 

жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек 

деген  сұрақтарға  жауапты  талап  етеді.  Біздің  жүзеге  асырылмаған  резерв-

теріміз  бен  мүмкіндіктеріміз  неде?  Әлеуметтік  саясат  орнықты,  жасампаз 

болуы  үшін  тағы  не  істеу  керек?  Бүгін  ӛткен  жүз  жылдықтың  60-шы 

жылдарында  кеңінен  таралған  тұтынушылық  қоғам  тұжырымдамасының 

елесі  айқын  сезіледі.  Тұтынудың  бұл  идеологиясы  бүлдіруші  болғанына 

бүгін  бүкіл  әлем  ерекше  кӛз  жеткізіп  отыр.  Ол  әлемнің  дамыған  елдерінде 

жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағ-дарыстың басты 

себептерінің  бірі  болып  табылады.  Тек  бүкіл  әлемде  ғана  емес,  сондай-ақ 

тіпті  дамыған  елдерде  жүзеге  асырылуы  мүмкін  болмайтын  бұл  жалған 

идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ 

Еңбек  Қоғамы  идеясы  болып  табылады.  Бұл  жерде  ешқандай  ӛзіндік 

идеология ойлап шығарылмайды. Ақыр аяғында, әлемдік ӛркениеттің барлық 

құндылықтары,  барлық  экономикалық  және  мәдени  байлықтар  виртуалды 

қаржы  институттарымен  емес,  адамның  еңбегімен  жасалады.  Сондықтан 


біздің  әлеуметтік  жаңғырту  саясатының  негізіне  шынайы  ӛндірістік  еңбекті 

қоюға  тиіспіз.  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы  идеясы  кӛз  жетпейтін 

кӛкжиекте  ойлап  табылмаған.  Бұл  -  практикалық,  прагматикалық  идея.  Ол 

маған  тіпті  етене  жақын,  ӛйткені,  мен  қазақстандықтар  жақсы  білетіндей, 

ӛзімнің  кәсіби  жолымды  «ақ  саусақтар»  секілді  кабинетте  де,  паркетте  де 

емес,  жұмысшы-металлург  ретінде  бас-тадым.  Ал  бұл,  атап  айтсам,  нағыз 

кәсіп  болып  табылады!  Қанша  жыл  ӛтсе  де,  бұл  еңбек  мектебін  ұмыту 

мүмкін  емес.  Бүгінде  еңбек  -  ХХІ  ғасыр  жағ-дайындағы  шешуші  ұлттық 

фактор  ретінде,  жаһандық  бәсекелестік  жағдай-ында,  -  алдыңғы  кезекке 

ілгерілетілуі тиіс.» [2]. 

Мемлекет  басшысының  «...  халықтың  барлық  буындарының  ӛмір 

сүрудің  жоғары  сапасы  мен  озық  әлеуметтік  стандарттарына»  қол  жеткізу 

жӛніндегі  тапсырмаларын  іске  асыру  жӛніндегі  жұмыс  адам  капиталын 

дамытумен  байланысты  мәселелерді  алдыңғы  қатарға  шығарды.  Адам 

капиталын  дамыту  үшін  лайықты  еңбекке  қол  жетімділікті  ұлғайтудың 

ерекше маңызы бар. Мемлекет басшысы бірнеше мәрте атап кӛрсеткеніндей, 

жұмыспен  қамту  саясаты  кедейлікті  еңсеру  мен  адамдардың  әл-ауқатын 

арттыруда  ең  пәрменді  құрал  болып  отыр.  Сонымен  бірге,  қазақстандық 

еңбек  нарығындағы  ахуалда  проблема  да  жоқ  емес,  олардың  заңды  еңбек 

нарығындағы ең маңыздары: жұмыс күші  сапасының тӛмендігі мен тиімсіз 

жұмыспен  қамтудың  (экономиканың  еңбекті  кӛп  қажетсінетін  салаларында 

жұмыс  істейтіндердің  үлес  салмағы  жоғары)  орын  алуы  болып  табылады. 

Еңбек  саласын  одан  әрі  дамыту  стратегиясын  айқындауда  мынадай 

проблемаларды  да  назарға  алу  қажет:  1)  ұжымдық-шарттық  қатынастардың 

жеткілікті  дамымауы;  2)  ӛндірістік  жарақаттанудың  біршама  жоғары 

деңгейінің  сақталуы;  3)  еңбекақы  деңгейінің  әлі  де  біршама  тӛмендігі 

(әсіресе,  бюджеттік  салада  және  ауылда);  4)  еңбекақының  ӛсуі  мен  еңбек 

ӛнімділігі  қарқынының  сәйкессіздігі.  Қазақстан  шетелде  тұратын  кӛпшілік 

қазақ  диаспорасының  мұң-мұқтажына  жауап  беретін  этникалық  кӛші-қон 

саясатын  жариялаған  және  іске  асырып  жатқан  елдердің  біреуі  болып 

табылады.  Кӛші-қон  процестерін  және  оралмандарды  әлеуметтік  қорғау 

жӛнінде  қабылданып  жатқан  шараларға  қарамастан,  кӛші-қон  саласында:  1) 

ішкі  кӛші-қон  процестерінің  бытыраңқы  түрде  дамуы;  2)  шетелдік  жұмыс 

күшін  пайдалану  тиімділігінің  жетіспеушілігі;  3)  заңсыз  кӛші-қонның 

сақталуы;  4)  тарихи  отанында  оралмандардың  баяу  бейімделуі  және  кірігуі 

байқалады [3]. 

Қазақстан Республикасы қолданымдағы Конституциясы негізінде адам 

мен  мемлекеттің  ӛзара  қатынасының  конституциялық  негіздері  ӛзгерді. 

Мемлекеттің  қымбат  қазынасы  адам  және  адамның  ӛмірі,  құқықтары  мен 

бостандықтары  екендігі  баяндалып,  оның  орындалуына  бақылау  жүргізу 

тікелей  мемлекеттің  ӛзіне  жүктеледі.  ҚР  Конституциясында  мемлекеттік 

билік жүйесін қалыптастырудың жалпы қағидалары ӛз бекімін таба отырып, 

Қазақстанның  құқықтық  жүйесінің  құрамдас  бӛлігі  болып  халықаралық 

құқық нормалары танылды.  



Еңбек  ету  бостандығы  заң  жүзінде  ӛз  бекімін  тапқанымен,  іс  жүзінде 

кӛп  жағдайда  оның  іске  асырылуы  толық  не  жартылай  кӛлемде  жүзеге 

асырылмай қалуы мүмкін. 

Еңбек  заңнамасы  саласындағы  халықаралық  талаптардың  барлығын 

орындау  жұмыс  беруші  үшін  ӛте  тиімсіз,  сондықтан  ол,  кӛбіне,  азаматтық-

құқықтық  шарт  (мердігерлік  шарт,  қызмет  кӛрсету  шарты  және  т.б.) 

жасасады немесе жұмыскермен ауызша шарттасып қана қояды. Ал, кӛптеген 

жұмыскерлер Еңбек кодексінің қанатының астында аз табыс алып жүргенше, 

«ауызша келісіммен» жалданып, қомақты табыс тапқанды жӛн кӛреді. 

Сонымен,  азаматтардың  еңбек  ету  бостандығын  іске  асыру 

саласындағы  қоғамдық  қатынастардың  басым  кӛпшілігі  қазіргі  жаһандану 

кезеңінде  қолдануға  жарамайтын  заңдармен  реттеледі  екен.  Ал,  жұмыс 

берушілерде  амал  жоқ  –  не  шығынға  түсіп  Еңбек  кодексі  бойынша  жұмыс 

істеу  керек,  не  заңды  айналып  ӛтіп,  ӛзі  белгілеген  ереже  бойынша  жұмыс 

істеу қажет.  

Еңбек  ету  бостандығының  іс-жүзіндегі  және  заң  жүзіндегі  мазмұнын 

ажырата білу керек: 

1)  әңгіме  бұл  бостандықтың  материалдық  (әлеуметтік-экономикалық) 

негізі жайында; 

2) оның заңдық санат ретіндегі сипаттамасы. 

Конституция,  әлемдік  бірлестікке  кіретін  кез  келген  ӛркениетті 

мемлекеттің  негізгі  заңы  болып  табылады,  ол,  бәрінен  бұрын,  қоғамдық 

қатынастардың  қандай  да  бір  саласындағы  халықаралық  актілерге  сәйкес 

келуге  тиіс.  Соған  байланысты,  бұл  мәселенің  халықаралық-құқықтық 

аспектісін қарастыруға тура келіп тұр. 

Халықаралық 

құқық 

нормаларының 



Қазақстан 

заңнамасынан 

айырмашылығы сол, олар еңбек ету бостандығын емес, еңбек етуге құқықты 

ресми  жариялайды.  Адамның  аса  маңызды  құқықтарының  бірі  болып 

табылатын  еңбек  етуге  құқық  БҰҰ-ның  Адам  құқығының  жалпыға  ортақ 

Декларациясы,  БҰҰ-ның  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар 

туралы  халықаралық  пактісі  және  Еуропаның  әлеуметтік  партиясы  сияқты 

құжаттарда кӛрініс тапқан [4, 77 б.]. 

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 23-бабының 1-

тармағында  әрбір  адамның  еңбекке,  еңбекті  еркін  таңдауға,  қолайлы  және 

әділетті  еңбек  жағдайына,  жұмыссыздықтан  қорғануына  құқығы  бар  деп 

жазылған  [5,  190  б.].  Бірақ,  «еңбек  етуге  құқық»  ұғымының  анықтамасы 

Декларацияда келтірілмеген. 

Ӛз  кезегінде  Еуропаның  әлеуметтік  партиясы  кейбір  жаңа  элементтер 

мен  қосымша  ӛзгерістер  енгізуде  –  ол  еңбек  етуге  құқықтың  тиімді  жүзеге 

асырылуын  қамтамасыз  етуді  мемлекетке  жүктейді.  Сол  мақсатта  мыналар 

ұсынылады: 

-  жұмысқа  тартуды  мүмкін  болатын  деңгейге  жеткізуді  және  тұрақ-

тандыруды негізгі міндет ретінде қабылдау; 

- қызметкердің еркін таңдаған кәсіп бойынша жұмыс істеп ӛз тіршілігі 

үшін табыс табуын ұтымды қорғау; 


- барлық жұмыскерлер үшін тегін еңбек биржаларын құру; 

- қажетті кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету. 

Кӛріп отырғанымыздай, еңбек етуге құқықты жүзеге асырудың құралы 

ретінде  мемлекеттің  толықтай  жұмысқа  тарту  саясатын  жүргізу  міндеті 

бірінші орынға қойылған [6, 19 б.]. 

Ұғымның баяндалуы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар 

туралы  Халықаралық  пактінің  6-бабында  келтірілген:  «...еңбек  етуге  құқық 

ӛз  тіршілігі  үшін  еңбекпен,  табыс  табу  мүмкіндігін  алу,  адам  оны  еркін 

таңдайды  немесе  оған  еркін  келіседі»  [7,  202  б.].  Адамның  және  азаматтың 

құқықтары 

мен 

бостандығының 



басымдығын 

халықаралық 

және 

конституциялық  құқықтың  мойындайтынын  ескерсек,  әрбір  адамның  ӛзінің 



еңбекке  қабілеттілігіне  ӛз  қалауынша  билік  ету,  қызмет  пен  кәсіп  түрін 

таңдау құқығы негізгі және ажырамас құқық болып табылады. 

Сонымен,  бұл  анықтамаға  жүгінсек,  еңбекке  қабілеті  бар  адам,  ӛз 

күшін  қалай  да  қолдану  мүмкіндігін  алады.  Мұнда  адамның  еңбек  етуге 

құқығын оның осы құқықты иемдену мүмкіндігі ретінде қарастырылып отыр. 

Бірақ,  еңбек  етуге  құқықтың  халықаралық  принципі  Қазақстан 

Республикасының қазіргі Конституциясында кӛрініс таппады, ал ол бұрынғы 

Конституциялардың  барлығына  құқықтың  Конституциялық  принципін 

белгілеу,  бұл  принцип  пен  еңбек  етуге  құқық  принципінің  ара  қатынасына 

байланысты ғалымдар арасында қарама-қайшы пікірлер туғызды. 

Бүгіндері  еңбек  етуге  құқық  бастан  кешіріп  жатқан  норма 

шығармашылық  үрдістің  жаңа  кезеңі,  алдымен,  әлеуметтік-еңбек 

қатынастарын  реформалаумен  байланысты.  Қазақстан  Республикасында 

жүргізіліп  жатқан  экономикалық  реформалар,  меншіктің  екі  формасын  – 

мемлекеттік және жеке меншіктік формаларын тану, шаруашылық жүргізетін 

кӛптеген субъектілердің пайда болуы және осыдан барып мемлекеттің негізгі 

жұмыс  беруші  рӛлін  жоғалтып  алуы  еңбек  заңнамасының  қорғаушы 

функциясын  нығайту  туралы  мәселе  кӛтеріп  отыр.  Бірақ,  біздің  ойымызша, 

еңбек  етуге  құқықты  дамытудың  перспективасын  анықтауға  ұмтылған  заң 

шығарушы  азаматтардың  еңбек  құқығының  заңдық  табиғатын  кӛбіне 

ескермейді.  

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасында  жедел 

қарауды  керек  ететін  жағдай  қалыптасты.  Еңбек  саласындағы  негізге 

алынатын субъективтік құқық ретінде «еңбек ету бостандығы» дефинициясы 

заң  жүзінде  бекімін  тапты.  Осы  кезде  еңбекке  қабілеті  бар  адамдардың 

барлығын жұмыспен қамтамасыз ету және оларға тиісті кепілдік беру мүмкін 

еместігін ескерген. Кейбір авторлар осығн байланысты ӛз  ойларын білдіріп, 

тұжырымдарын айтады. Мысалы, ғалым З.С. Тӛлегенова былай дейді: «Еңбек 

деген  не?  Оның  бұрынғы  дәстүрлі  түсінігі  жоқ.  Нарық  жағдайында  еңбек 

еуге  құқықты  ешкім  бере  алмайды.  Ол  еңбек  рыногындағы  сұраным  мен 

ұсынымға  байланысты.  Еңбек  етуге  құқық  қазір  Конституцияда  еңбек  ету 

бостандығына  қызмет  пен  кәсіп  түрін  таңдау  бостандығына  құқық  түрінде 

берілген» [8, 29 б.]. 


Нарық заңдары күшінде тұрған кезде еңбек ету бостандығын  жариялап 

және сонымен қоса мәжбүрлі еңбекке тыйым салып, мемлекет әрбір еңбекке 

қабілетті адамға жұмыс тауып беруге міндетті емес, және ешкім мемлекеттен 

жұмыс талап етуге құқылы емес.  

Сонымен,  еңбек  ету  бостандығы  еңбектенудің  құқықтық  міндеттілігін 

жойды, ол еңбектің жалпыға бірдейлігінің кеңестік принципі еді. 

ҚР  Азаматтық  кодексінің  13-бабы  1-тармағына  сәйкес  «...құқық 

қабілеттілік  дегеніміз  азаматтық  құқықты  иемдену  және  азаматтық 

міндеттілік  кӛтеру»  [9,  23  б.].  Еңбек  етуге  құқықтық  қабілеттілік  ұғымы 

келтірілген  ұғымның  бастамасы  болып  табылады.  Бұл  белгілі  бір 

жағдайлардың  бар  екендігін  кӛрсететін,  онымен  заң  шығарушы  азаматтың 

еңбек құқығының субъектісі бола алу мүмкіндігі байланыстыратын құқықтық 

санат. 

Бұл  жайында  С.А.  Димитрова  былай  тұжырымдайды:  «Бұрынғы 



конституциялар  сияқты  емес,  қазіргі  Конституция  адамның  еңбек  етуге 

құқығы жайында нақты айтпайды». Бірақ бұл құқық әркімнің еркін еңбекке 

конституциялық құқығының ӛзінен туындайды. Еңбек ету бостандығы еңбек 

ету  құқығын  да  ӛзіне  қамтиды,  себебі  еңбек  ету  бостандығы  еңбек  ету 

құқығынсыз болмайды, бұл еңбек ету бостандығының құрамдас бӛлігі болып 

табылады. Мұнда еңбек ету құқығын азаматтың белгілі бір жұмыс берушіден 

немесе мемлекеттен, оның органдарынан белгілі бір жұмыс беруді талап ету 

құқығы емес, азаматтың құқық субъектілігінің элементі ретінде түсіну керек» 

[10, 57 б.]. 

Ал  К.А.  Шайбеков  болса  ӛз  ойын  былай  етіп  білдіреді:  «Қазақстан 

Республикасының Конституциясында азаматтың еңбек етуге конституциялық 

құқығының  мазмұны  едәуір ӛзгерген, ол  енді еңбек  ету  бостандығына  және 

қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқықты қамтиды» [11, 78 б.].  

Бұл тұжырымның негізсіз екендігі кӛрініп тұр, себебі автор нысан мен 

мазмұн  сияқты  ұғымдық  аппараттарға  аса  мән  бермеген.  Ӛзінің  сыртқы 

нысанымен  еңбек  ету  бостандығына  және  қызмет  пен  кәсіп  түрін  таңдауға 

құқықты  ӛзінің  мазмұны  ретінде  қамтып  тұрған  еңбек  етуге  құқық  1945 

жылғы Конституцияда бектілмеген [12, 92 б.]. 

Югославияның социолог ғалымы Д. Маркович еңбек ету бостандығына 

құқықты да еңбек етуге құқықпен тікелей байланыстырады, оның пікірінше 

«еңбек  ету  бостандығына  құқық  еңбек  етуге  құқықты  жүзеге  асырудың 

елеулі шарты» болып табылады [13, 382 б.]. 

Еңбек  етуге  құқық  әлемнің  кӛптеген  мемлекеттері  үшін  әлеуметтік 

прогрестің  ұлы  жетістігі  болып  табылады,  бұл  құқық  Ресейдің,  Түркияның, 

Ӛзбекстанның,  Жапонияның  және  т.б.  елдердің  Конституцияларында, 

халықаралық  құжаттарда  бекімін  тапқан.  Сондықтан  да  біз  З.С.  Тӛлегенова 

[8, 5  б.]  мен  К.А.  Шайбековтың    «...  қоғамдық  ӛмір  жағдайының  ӛзгеруімен 

қатар  еңбек  етуге  құқықтың  мазмұны  да  ӛзгерді.  Конституцияда  ол  енді 

еңбек  ету  бостандығы  еңбек  шартының  нысанын  таңдау  еркіндігі  түрінде 

берілген» [14, 7 б.] деген пікірлерімен келіспейміз. 



Аталған  ғалымдардың  бұл  тезисінде  адамның  заңдық  және  табиғи 

құқықтарының дәлелсіздігі араласып кеткендігі байқалады, бұл жерде еңбек 

ету  бостандығы  қағидасының  екі  қыры  кӛрінеді:  бір  жағынан  ол  ӛзінше 

дербес  конституциялық  қағида  ретінде  (ҚР  Конституциясының  24-бабы), 

екінші  жағынан,  жоғарыда  аталған  зерттеушілердің  пікірінше,  еңбек  етуге 

құқықтың  мазмұны  ретінде,  ал  ол  құқық,  қағида  ретінде  1995  жылғы 

Конституция 

қабылданғаннан 

кейін 

Қазақстан 



Республикасының 

заңнамаларынан алынып тасталған. 

Адамның  табиғи  құқықтары  мен  бостандықтары  заңдар  мен  ӛзге  де 

нормативтік  актілердің  мазмұны  мен  қолданылуын  анықтайды.  Еңбек  ету 

бостандығына қатысты алғанда еңбек етуге құқық, заңдық құбылыс ретінде, 

позитивтік  құқықтың  мазмұнын  білдіреді,  яғни  адамдар  жасаған  құқық 

нормативтік-құқықтық  актілердегі  жазылған  нормаларда  келтірілген  [6,  36 

б.].  


Біздің ойымызша  еңбек  ету  бостандығы  адамның  табиғи құқығы,  оны 

нормаларда  бекіту  міндетті  емес,  себебі  ол  абсолюттік  және 

ажыратылмайтын  құқық,  заңдар  мен  ӛзге  нормативтік  құқықтың  актілердің 

мазмұны  мен  қолданылуын  анықтайды  (ҚР  Конституциясының  12-бабы). 

Керісінше,  адамның  бұл  табиғи  құқығын  қорғауды  күшейте  отырып,  ҚР 

Конституциясы,  оның  24-бабының  1-тармағында  тікелей  кӛрсетілген 

жағдайлардан  басқа  реттерде,  оның  жұмысшы  күшін  мәжбүрлеу  тәртібінде 

қолдануға тыйым салады. 

Еңбек құқығы саласындағы профессор Е.Н. Нұрғалиеваның пікірінше: 

«еңбек  етуге  конституциялық  құқық  –  ол  нақты  құқық  иемдену  емес, 

адамның  сол  құқықты  иемденуіне  мемлекет  мойындайтын  қабілеті  ғана. 

Еңбек  етуге  құқықтың  заңдық  мазмұнында  іс-қимылдың  болуға  міндетті 

емес,  болуы  мүмкін  сипат  бар.  Бұл  мүмкіндік  құқық  субъектілік  адамның 

мүддесін  қанағаттандырады.  Еңбек  етуге  құқық,  құқық  қабілеттіліктің 

элементі  ретінде  құқық  субъектісінің  міндетін  емес,  оның  бостандығы  мен 

дербестігін білдіреді» [7, 105 б.]. 

Кейбір  ғалымдардың  пікірінше,  еңбек  ету  бостандығына  құқық  (оның 

ішінде  еңбек  етуге  құқық)  бұрынғыдай  саны  мен  сапасына  қарай  еңбек 

ақысы  бар  кепілді  жұмыс  алуға  құқық  деп  түсінілмейді,  және  де  оны  іске 

асырудың  заңдық  негізі  бұрын  да  жоқ  еді,  қазір  де  жоқ,  сондықтан  нақты 

жұмыс  берушіні  нақты  қызметкермен  нақты  еңбек  етуге  құқық  қатынасын 

орнатуға 

қазіргі 

нарықтық 

қатынастар 

кезінде 


кӛндіру, 

сӛйтіп 


жұмыссыздықтан арылу, мүмкін емес [15, 154 б.]. 

«Соған байланысты мемлекет, нарықтық қатынастарға кӛшу және жеке 

секторлардың пайда болуы жағдайында еңбек етуге құқықты қамтамасыз ете 

алмай  қалды»  -  дейді  ғалым  Ғ.С.  Сапарғалиев,  ал  қолданымдағы  Қазақстан 

Республикасының Конституциясы еңбек ету бостандығына қызмет пен кәсіп 

түрін еркін таңдауға құқықты жариялады. Ал, еңбек нарығындағы қазіргі бар 

мәселелер  еңбек  ету  құқығының  жоқтығынан  емес,  экономиканың 

дағдарысты жағдайынан туындап отыр [16, 15 б.]. 



«Қазақстан  Конституциясында  еңбек  етуге  құқық  сияқты  маңызды 

ұғымның болмауы, – дейді заңгер-ғалым З.О. Ашитов,– еңбек қатынастарын 

реттейтін  заңдарды  қабылдауда  қиындық  тудырып  отыр.  Сондықтан  да 

Конституцияға  қажетті  нормалар  енгізіп  заңдардағы  қайшылықты  жойып 

қана  қоймай,  біздің  демократиялық  қоғамның  мұндай  түзетуге  мұқтаж 

екендігін де мойындау керек» [17, 2 б.]. 

Ғалымның  пікіріне  қосыла  отырып,  біз  Конституциядан  еңбек  ету 

бостандығы дербес қағидасын алдын ала алып тастап конституциялық қағида 

ретінде  еңбек  етуге  құқықты  бекітуді  ұсынамыз,  ол  еңбек  етуге  құқықтың 

құрамдас  бӛлігі,  оның  элементі  болуға  тиіс.  Сонда  ғана  еңбек  етуге  құқық 

ұғымы  «Адам  құқығының  жалпыға  бірдей»  Декларациясында  және 

«Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы»  халықаралық 

Пактіде  баяндалған  анықтамаға  барынша  сәйкестенеді.  Еңбек  етуге 

құқықтың  біз  ұсынып  отырған  дефинициясы  мінсіз  емес,  оны  былайша 

түсіну  керек.  Қауіпсіздік  пен  гигиена  талаптарын  қанағаттандыратын,  заңда 

белгіленген  ең  тӛменгі  әлеуметтік-еңбек  кепілдіктері,  оның  ішінде 

жұмыссыздықтан  қорғану  құқығы,  міндетті  түрде  сақтандыру,  ешқандай 

кемітусіз  және  мәжбүрлеусіз  адамның  ӛзі  таңдаған  немесе  еркімен  келіскен 

еңбегіне  сыйақы  алу  құқығы  еңбек  етуге  құқық  деп  танылады.  Біздің 

ойымызша, еңбек етуге құқықтың мұндай ұғымы ҚР Конституциясының 12-

бабының  2-тармағына  сәйкес  заңдар  мен  ӛзге  нормативтік  құқықтық 

актілердің  мазмұны  мен  қолданылуын  анықтайтын  болады,  Конституцияда 

жарияланған  еңбек  ету  құқығы  мен  бостандығы,  бұларды  жүзеге  асырудың 

шарты  мен  тәртібін  белгілейтін  заңдарды,  ӛзге  нормативтік-құқықтық 

актілерді даярлағанда және қабылдағанда негізге алынатын болады. 

Қазіргі кезде мемлекеттік және жеке жұмыс берушілердің ара қатынасы 

ӛзгерді – жеке жұмыс берушілер кӛбейді, нақты еңбек нарығы пайда болды. 

Еңбек  рыногында  жұмысшы  күшіне  сұраныс  пен  ұсынысқа  қатысты 

экономикалық  заңдар  күшіне  кірді.  Әкімшілік-жоспарлы  экономика 

нарықтық  экономикамен  алмасты,  ал,  экономикалық  қатынастар  базистік 

қатынастар  болғандықтан,  құқықтық  қатынастар  қондырма  қатынастар 

болғандықтан, олардың «кеңестік» түсініктегі анықтамаларынан бас тартуға 

тура  келді.  Жоғарыда  аталып  ӛткендей,  еңбек  ету  бостандығы 

жұмысбастылықтың  іс  жүзінде  және  заң  жүзінде  қамтамасыз  етілуіне 

негізделеді.  Бұрын  айтылғандай,  мемлекет  азаматтың  ӛзі  еркін  таңдаған 

немесе  оған  еркін  келісімін  берген  еңбекпен  ӛз  тіршілігі  үшін  табыс 

табатындай мүмкіндік (жұмыс алуға кепілдік емес) беруге тиіс. Еңбек етуге 

құқықты заңмен қамтамасыз ету деген осы. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  2012  жылға  арналған 



«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 

атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар. 



2. 

Қазақстан  Республикасының  Президентінің  «Қазақстанның 

әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» 

Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.  

3.  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 

министрлігінің  2009  -  2011  жылдарға  арналған  стратегиялық  жоспары  // 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  23  желтоқсандағы  №  1218 

қаулысы // Егемен Қазақстан. - 2008. – 25 желтоқсан.  

4.  Абайдельдинов  Т.М.  Отдельные  теоретические  проблемы 

соответсвтия  международного  и  национального  трудового  права  // 

Материалы  Форума  МНПК  «Международные  стандарты  в  области 

социально-трудовых  прав  и  свобод  граждан  и  возможности  трансформации 

их в законодательство Республики Казахстан». – Алматы: Ӛркениет, 2003. – 

389 с. 


5.  Международное  законодательство  в  области  защиты  прав  и  свобод 

человека // Сборник материалов. – Спб.: Юридический Пресс Центр, 1999. 

– 300 с. 

6. Абайдельдинов Т.М., Саданова Ж.К. О «двойственности» принципа 

права на свободу труда // Вестник КазГУ. – 1999. - №2(11). – С. 36. 

7.  Нургалиева  Е.Н.  Механизм  правового  регулирования  труда.  – 

Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 288 с. 

8.  Тулегенова  З.С.  Трудовой  договор  в  условиях  перехода  к  рынку 

Республики Казахстан: Дисс. ... канд.юрид.наук: 12.00.09. – Алматы, 1997. 

– 132 с. 

9.  Қазақстан  Республикасы.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық 

кодексi / 27 желтоқсан 1994 жылы Парламентпен қабылданған. 7 сәуір 2009 

жылғы  ӛзгертулер  мен  толықтырулармен  //  Егемен  Қазақстан.  –  2009.  –  9 

сәуір. 


10. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. 

– Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 267 с. 

11.  Шайбеков  К.А.  Трудовое  право  Республики  Казахстан.  –  Алматы, 

1996. – 345 с. 

12.  Шайбеков  К.А.  К  вопросу  о  субъектах  трудового  договора  // 

Вестник КазГУ. - 1997. - №3. – С. 92. 

13.  Маркович  Д.  Социология  труда  (перев.  с  серб.  яз.)  /  Общ.  ред.  и 

послеслов. Н.И. Дряхлова и Б.В. Князева. – М.: Прогресс, 1998. – 290 с. 

14. Шайбеков К.А. Трудовое правоотношение Республики Казахстан и 

рынок: Монография. – Алматы, 1997. – 310 с. 

15.  Конституционное  (государственное)  право  зарубежных  стран: 

Учебник в 4-х томах. Т.1-2 / Ред. Б.А. Страшен. – М.: БЕК, 1995. – 350 с. 

16.  Баймаханов  М.Т.  Правовое  государство  //  Основы  государства  и 

права Республики Казахстан / Ответ. ред. Г.С. Сапаргалиев. – Алматы, 1997. 

– 419 с. 

17. Ашитов З.О. Право на труд  – это право на жизнь // Казахстанская 



правда. - 24.03.2000. - № 6. – С. 2. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал