Э. М. Самекбаева жалпы тіл білімі



жүктеу 0.51 Mb.

бет1/6
Дата28.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІ 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Э.М.Самекбаева 

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ 

Электронды құрал 

 

 «Жалпы  тіл  білімі»  (Филология:  қазақ  тілі  5В020500  ,  «5B011700- 



Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  және  «5B012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын 

мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған оқулық)  

– Электронды құрал. – Семей, 2015 ж.  

 

 



 

 

Э. М. Самекбаева 

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент 

         Семей педагогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі 

мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген (1988 ж.). Семей педагогикалық 

институтының  оқытушысы  (1992-1994  жж.),  Абылайхан  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік  халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдер  университетінің 

аспиранты  (1994-1997жж.),  ҚР  ҰҒА  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі 

институтының  мамандандырылған  Ғылыми  кеңесінде  «Көркем  әдебиет 

тіліндегі  фразеологиялық  компаративтер»  деген  тақырыпта  кандидаттық 

диссертация  қорғады  (1997  ж.,  14  қараша,  ғылыми  жетекшісі  ф.ғ.д.  ҚР 

Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  профессор  Б.Қалиев),  Қазақстан  білім 

беру  ісінің  үздігі  (2000ж),  2001  ж.  тіл  білімі  саласы  бойынша  доцент, 

Қазақстан білім беру ісінің үздігі (2000ж), Семей мемлекеттік педагогикалық 

институтына еңбегі сіңген медалінің иегері (2009 ж).  

1992-2015  жж.  университеттің  қазақ  тілі  теориясы  мен  әдістемесі 

кафедрасында доценттік қызметте еңбек етіп келеді.  

Ғылыми  жұмысының  негізгі  бағыттары  -  Көркем  әдебиет  тілі, 

лингвостилистика,  тіл  мәдениеті,қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы, 

фразеологиясы,  қазақ  тілінің  поэтикасы,  когнитивтік  лингвистика,  тілді 

оқыту әдістемесі мәселелерімен шұғылданып жүр.  



Басты  ғылыми  еңбектері:  100-ге  тарта  ғылыми  мақалалары  мен 

«М.Мағауин  шығармаларындағы  фразеологиялық  компаративтер»  (2000  ж.) 

атты  ғылыми  басылымы,  «Қазақ  тілі  лексикологиясы  бойынша 

лабораториялық  жұмыстар»  (2001  ж.)  атты  әдістемелік  құралы,  ф.ғ.д., 

профессор Б.Қалиевпен бірге «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі бойынша сырттай 

оқитын студенттерге арналған»  (2001 ж.) көмекші құралы жарық көрді. 

 


Алғы сөз 

 Оқулықта   жалпы тіл білімі – тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы. 

Ол  –  бүкіл  тіл  туралы  ғылымның  бағыт  –  бағдарын  белгілейтін  компас 

ғылым.  Бұл  пән–  студенттерді  теориялық  лингвистиканың  ең  негізгі,  өзекті 

мәселелерімен  таныстырады.  Оларға  жалпы  тіл  білімі  ғылымның  өткен 

тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған 

басты мәселелерінен жүйелі білім береді. Осындай мақсаттарға сәйкес, курс 

күрделі  төрт  бөлімге  бөлінеді:  лингвистика  тарихы,  тіл  теориясы, 

лингвистикалық  әдістер  мен  методикалар,  тіл  білімінің  басқа  ғылымдармен 

қарым-қатынасы туралы ғылыми талдамалар ұсынылған.  

          Жалпы  тіл  білімі  жоғары  филологиялық  білімнің    оқу  жоспары 

бойынша  міндетті  пәндер  қатарына  кіреді.  Бұл  мамандық  бойынша  оқитын  

білімалушылардың 

жалпылингвистикалық 

дайындығы 

жүйесіндегі 

аяқтаушы,  қорытындылаушы  курс,  оның  негізі  «Тіл  біліміне  кіріспе»  - 

курсында қаланған. Курстың мақсаты- студенттерді қазіргі тіл теориясының 

негізгі тұжырымдарымен, тіл білімінің даму тарихымен, неғұрлым маңызды 

бағыттармен,  қазіргі  тіл  білімі  мәселелерімен  және  зерттеу  әдістемесімен 

таныстыру.  

Бұл  пән  студенттерді  теориялық  лингвистиканың  ең  негізгі,  өзекті 

мәселелерімен  таныстырады.  Оларға  жалпы  тіл  білімі  ғылымның  өткен 

тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған 

басты  мәселелерінен  жүйелі білім  береді.  Осындай  мақсаттарға  сәйкес  курс 

күрделі  төрт  бөлімге  бөлінеді:  лингвистика  тарихы,  тіл  теориясы, 

лингвистикалық  әдістер  мен  методикалар,  тіл  білімінің  басқа  ғылымдармен 

қарым-қатынасы.  

«Жалпы  тіл  білімі»  жоғары  филологиялық  білімнің  оқу  жоспары 

бойынша  міндетті пәндер  қатарына  кіреді.  Курстың  мақсаты  –  студенттерді 

қазіргі  тіл  теориясының  негізгі  тұжырымдарымен,  тіл  білімінің  даму 

тарихымен, неғұрлым маңызды бағыттармен, қазіргі тіл білімі мәселелерімен 

және зерттеу әдістемесімен таныстыру. 

Оқулық  студенттерге,  магистранттарға,  осы  салада  дәріс  беретін 

оқытушыларға арналған. 

 

 



 

 

 



 

 


№1-тақырып:  Жалпы  тіл  білімінің  нысаны  мен  негізгі  мәселелері, 

салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. 

 

Негізгі сұрақтар: 

1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері 

2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы. 

3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. 

 

Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері 

Жалпы  тіл  білімі  –  лингвистиканың  жалпы  тілдік  теориясы.  Ол  –  бүкіл  

лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі  1963 

жылдан  бастап  енгізілді.  Бұл  пәннің  мақсаты  –  студенттерге  теориялық 

лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.  

     Жалпы  тіл  білімінің  лингвистиканың  басқа  салаларымен  қарым-

қатынасы.   

Тіл  білімі  салалары:  1.  Интралингвистика.  Интра  –  латын  тілінен  ауысқан 

префикс  «ішкі»  мағынасын  білдіреді.  Интралингвистика  тілдің  ішкі 

жүйелілік  құрылымын,  жүйе  элементтерінің  бір-бірімен  қарым-қатынасын 

зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, 

грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» 

мағынасын  береді.  Экстралингвистика  тілдің  сыртқы  дүниемен,  қоғаммен 

байланысын  зерттейді.  Сондықтан  оны  социологиялық  лингвистика, 

металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің 

қоғамда,  ойлау  процесінде  атқаратын  қызметін  зерттеуіне  байланысты 

функциялық 

лингвистика 

деп 

те 


атайды. 

Экстралингвистика 

социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді.    

 

 



Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. 

Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, 

ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-

қатынасын,  тілдік  мағынаның  теориясын,  сөйлеу  әрекетімен,  жағдаймен 

байланысын зерттейді. 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.

 



Жалпы тіл білімі нені зерттейді? 

2.

 



Жалпы тіл білімінің зерттеу нысанына не жатады? 

3.

 



Жалпы тілімі қандай  салалардан тұрады? 

4.

 



Тапсырма: Жалпы тіл  білімі мен жеке тіл білімінің қарастыратын 

мәселелерін анықта. 



Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / 

Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық 

университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011  

2. Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. 

Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012 

3. Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского 

языкознания .- Алматы, 2011 

 


№2- тақырып: Тілдің  өзіндік сипаттары. Тілдің табиғаты мен мәні 

            Негізгі сұрақтар: 

1.Тілдің  өзіндік сипаттары.  

2. Тілдің теориялық мәліметтері 

3. Тілдің табиғаты мен мәні 

 

Тілдің  өзіндік сипаттары. 

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің 

табиғаты  дегенге  оның  қандай  құбылыстар  қатарына  –  қоғамдық,  табиғи, 

психофизикалық  екені  жатады.  Тіл  –  биологиялық  та,  психикалық  та 

құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс. 

     Тілдің теориялық мәліметтері. 

Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол 

салалардың басқа ғылымдармен байланысы. 

 

Тілдің  анықтамасы,  бұл  мәселедегі  ала-құлалық.  Тілге  дұрыс  анықтама 



берудің 

теориялық 

мәні. 

Тілдің 


коммуникативтік, 

экспрессивтік 

функциялары,  бұл  екеуінің  ара  қатынасы,  коммуникативтік  функцияның 

мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, 

мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген 

анықтамалар. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің 

теориялық  саласы  болса,  екіншіден,  оқу  пәні  болып  есептелінетіні.  Соңғы 

мағынадағы  оның  мақсаты  мен  міндеті.  Жалпы  тіл  білімінің  нысаны 

адамдардың дыбыстық тіл 

 

Тілдің табиғаты мен мәні. 

Тіл  табиғаты  дегенге  оның  қандай  құбылыстар  қатарына  жататыны,  мәні 

дегенге  оның  қоғамда  атқаратын  қызметі  ерекшелігі  жататыны.  Бұл 

мәселелерді  шешуде  болып  келе  жатқан  пікір  қайшылықтары.  Тіл  білімі 

тарихында  болған  әр  түрлі  мектептердің,  бағыт-бағдарлардың  дүниеге 

келуіне  ғалымдардың  тілдің  табиғаты  мен  мәнін  қалай  түсініктерінің  себеп 

болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны. 



Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.Тіл білімінің нысанын айқындаңыз. 

Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

2.Тіл дегеніміз не?  

Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

3.Жек тіл білімі мен жалпы тіл білімінің айырмашылықтарын дәлелдеңіз. 

Сілтемені қараңыз : http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

4.Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні қандай? 

Сілтемені қараңыз : http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

5.Тілдің қоғамдық қызметтерін саралаңыз. 

Сілтемені қараңыз :: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

                                       Ұсынылатын әдебиеттер: 

1.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының 

филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: 

Өлке, 2010 

2. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012 


3. Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой  деятельности. - М:  

Астрель, 2007 

4.Шаяхметұлы.Қ.  Қазіргі  қазақ  тілі.    Сөзжасам-дериватология,  сөзөзгерім-

морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007 

5.  Копыленко  М.М.  Избранные  труды  в  2-томах.  А:Ин-т  языкознания  им. 

А.Байтурсынова., 2010.,2010  

 

№3- тақырып: Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана 



 

Негізгі сұрақтар: 

1.Тіл және ойлау туралы түсінік 

2.Тіл және сананың арақатынасы. 

3.Тіл мен ойдың байланысы. 

     

Тіл және сананың арақатынасы. 

 

Тілдің  ой  –  санамен  қарым  –  қатысы.  Тіл  мен  ой  –  сананың  бір  – 



бірімен  қарым  –  қатынасы  жөніндегі  мәселе  –  біздің  дәуірден  көп  бұрын 

басталған  көне  тақырып.  Қазір  бұл  мәселені  филосовтар  да,  тіл  ғалымдары 

да,  логиктер  де,  психологтар  да  зерттейді.Бұл  саладағы  пікірлерді  былайша 

топтуға болады. 



Тіл және ойлау туралы түсінік. 

Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін 

көзқарас.Бұл  –  менталистік  бағыт  деп  аталады  (неміс  ғалымдары 

Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.). 

Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек 

дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың 

екеуі  де  тіл  мен  ойлаудың  қарым  –  қатынасы  жөніндегі  мәселені  жоққа 

шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды. 

Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас 

(неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви – Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл 

бихевиористік бағыт деп аталады. 

 

Тіл мен ойдың байланысы. 



 

Тіл  мен  ой  –  сана  өзара  тығыз  байланысты,  бірінсіз  бірі  өмір  сүре 

алмайды.Бірақ  бұлардағы  бірлік  абсолюттік,  тепе  –  теңдік  бірлік  емес, 

әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл 

мен  ой  –  сананың  арақатысы  жөніндегі  бірден  –  бір  дұрыс  шешім  де  осы 

соңғы бағыт деп есептеуге болады. 

Тіл  мен  сөйлеу  бір  –  бірінен  ажырамас  бірлікте.Тілсіз  сөйлеу  жоқ, 

сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. 

Сөйлеу  дегеніміз  –  тілді  қатынас  процесінде,  өз  ойын  басқаларға 

білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз. 

Сөйлеу  дегеніміз  психологиялық  көзқарас  бойынша  нені  білдіреді? 

Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл  сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап 

береді.  Кейбіреулері  олардың  арасында  ешқандай  айырмашылық  жоқ  ,-  

дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды 



табиғаттың  феномені,  ал  тіл  психологиялық  құбылыс  емес,  сондықтан  ол 

әлеуметтік, оны зерттейтін  психолингвистика болып табылады ,-дейді.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.Тіл мен ойлаудың бірлігіне сипаттама беріңіз.  

Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

2. Тіл және сөйлеудің өзара байланысы  қандай? 

3.Тапсырма: Тіл және санаға қатысты интернет сайттарынан материал 

қараңыз. 

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1.Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009 

2.Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007 

3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа., 2008 

4.Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын,  2008 

5. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / 

Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық 

университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011  

 

 

№4- тақырып: Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы 



Негізгі сұрақтар: 

1.Тілдің анықтамасы. 

2. Тілдің табиғаты. 

3.Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері. 

         Тілдің анықтамасы. 

 

Тіл  теориясы  –  тілді  я  тілдерді  зерттеуден  туатын  ғылыми  тұжырым.       



Тілдің  табиғаты  дегенге  оның  қандай  құбылыстар  қатарына  –  қоғамдық, 

табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та 

құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс. 

      


Тілдің табиғаты. 

 

Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының 



тілге  тигізетін  әсері,  ең  алдымен,  тілдің  қызметінен  анық  көрінеді.Өйткені 

тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны 

өз талап – тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға 

тырысады. 



       Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері. 

        Қоғамсыз  тіл  болмайды,  тілсіз  қоғам  да  болмайды  деген  қағида  қазіргі 

заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. 

Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар 

айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да 

ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да 

тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – 

қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Дыбыс тілі 

алғашқыда неден басталды, қандай болды? Деген сұрау адам қоғамы тарих 


үшін де, тіл ғылымы үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен

оған ешкім де еш уақытта нақтылы жауап бере алмайды.  

Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден 

пайда  болған  емес,  жалпы  жан  иелерінде  болатындай  әр  түрлі  диффузды 

дыбыстарды  адам  тектес  маймылдар  да  шығара  білген  болу  керек,  өз 

үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни 

мағыналық  жағынан  да,  материалдық  жағынан  да  бөлшектеп  саралауға 

болмайтын  одағай  дыбыстарды  олар  дыбыс  тілінің  бастамасы  ретінде 

қолданған болар да, келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған 

болар деп жорамалдайды.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.

 



Тілдің қоғамдық қызметтерін саралаңыз. 

Сілтемені қараңыз :http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

2.

 

Дыбыс тілінің пайда болуына қатысты қандай теориялар бар? 



3.

 

Сілтемені қараңыз: Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 



4.

 

Адамзат тілі қашан шықты? Оның шығу себептері не? 



Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 

5.

 



 Философтар мен ғалымдар пікірін салыстырыңыз:  

А. Тілдің дамуы мен шығуына қатысты айтылған дұрыс пікірлерді 

несімен дұрыс екенін дәлелдеңіз.  

Б. Тілдің дамуы мен шығуына қатысты айтылған теріс пікірлерді 

несімен теріс екенін дәлелдеңіз. 

Сілтемені қараңыз:: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 



Ұсынылатын әдебиеттер: 

1.Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. 

Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012 

2.Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского 

языкознания .- Алматы, 2011 

3.Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. 

А.Байтурсынова., 2010  

4.Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад, 2007 

5. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының 

филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: 

Өлке, 2010 

 

№5- тақырып: Тіл және этникалық бірлік. Тілдердің бөліну, бірігу 



үдерістері 

 

Негізгі сұрақтар: 

1. Тіл және этникалық бірлік 

2. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері  

3. Тілдік жағдаят. Билингвизм 

 

Тіл және этникалық бірлік. 

Тіл  бірлігі  –  бір  қалыптан  өзгермейтін,  қатып  қалған  құбылыс  емес, 

өзгеріске  ұшырап  отыратын  тарихи  құбылыс.  Белгілі  бір  тіл  бір  ғана 



этникалық  бірліктің  тілі  болуы  да,  араласып  кеткен  бірнеше  этникалық 

топтың ортақ  тілі болу  да  мүмкін.Соған  қрай  тілдік бірліктің  географиялық 

көлемі де әр түрлі. 

 

Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері. 

Негізінен  алғанда,  тайпалық  бірліктің  бірнеше  рулардың,  халықтық 

бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер 

демейді.Этникалық  топтардың  бұлай  күрделене  шоғырлануы  олардың 

тілдерінің  де  бірігіп,  күрделенуін  туғызады.Бұлай  шоғырлануда  тайпа 

құрамына  немесе  халықтық  бірлік  құрамына  енген  белгілі  бір  этникалық 

топтың  тілі  басқалар  арасына  кеңірек  тарап,  бара  –  бара  бірлік  құрамына 

енгендердің  барлығына  ортақ  тілге  айналады  да,  өзге  тілдер  бірте  –  бірте 

соның  құрамына  еніп  сіңеді.Бұл  жағдай  қоғамның  этникалық  бірліктерінің 

ұсақтан  іріге  қарай  күрделене  дамитындығы  сияқты  тілдің  де  көптеген  ағза 

күрделене дамитындығын байқатады. 

Адамдардың  қоғамдық  бірліктері  сияқты  олардың  тілдері  де  бір  – 

бірінен  ажырап  бөлшектену,  қосылып  бірігу  жолынан  өткен.  Тілдің  қай  – 

қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған. 

Адам  қоғамының  алғашқы  рулық  бірліктен  ұлттық  бірлікке  қарай 

дамитыны  сияқты,  тіл  де  ру  тілінен  тайпа,  халық,  ұлт  тіліне  ауысып 

күрделене дамиды. 

Ертедегі  шағын  қауымдастықтар  тілінен  кейінгі  замандардағы күрделі 

қауымдар  тіліне  қарай  даму  жолында  тілдер  дамуында  екі  түрлі  процесс 

болды.Оның  біріншісі  –  белгілі  бір  дәуірдегі  біртұтас  тілдің  өз  ішінен 

ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі.Бұл процесс  – тіл 

білімінде  дифференциация  деп  аталады.Екіншісі  –  жеке  диалектілердің, 

тілдердің  бір  –  бірімен  жақындасу,  бірігу  процесі.Бұл  процесс  тіл  білімінде 

интеграция деп аталады. 

Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан 

гөрі  ру  қоғамында  молырақ  болады.Өйткені  адамдардың  жеке  –  жеке  ұсақ 

қауым  болып  өмір  сүруі  –  алғашқы  қауымдық  бірліктің  негізгі  белгілерінің 

бірі. 

 Интеграция  –  дифференциацияға  тура  қарама  –  қарсы  процесс. 



Интеграция  -  өзіндік  тілдік  ерекшеліктері  бар  қауымдардың  бір  –  бірімен 

жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі. 

Тілдік  жағдаят  (ситуация).  Бір  тілдің  немесе  бір  территориялық  - 

әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, 

болмаса  саяси  -  әкімшілік  құрылым  шегінде  өмір  сүру  формасының 

жиынтығы тілдік  жағдаят деп аталады.  

 

Тілдік жағдаят. Билингвизм. 

Билингвизм.  Көп  ұлтты  мемлекеттерде  әр  түрлі  ұлт  өкілдері  бір  – 

бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – 

құралас  халық  тілін  де  білу  қажеттігі  туады.Сөйтіп,  өздерінің  күнделікті 

өмірінде  олар  екі  немесе  одан  да  көп  тілдерді  жарыстыра  қолдана 

береді.Осыдан  барып  екітілдік  немесе  көптілділік  пайда  болады.Ол  –  тіл 

білімінде билингвизм деп аталады. 


Екі  немесе  одан  да  көп  тілді  қолданушылар  жеке  адамдар  болуы  да, 

бүкіл  этникалық  қауым  болуы  да  мүмкін.Кеңестер  Одағы  –  көп  ұлтты 

мемлекет  болды.Мұндағы  әр  түрлі  ұлттар  бір  –  бірімен  қарым  –  қатынас 

жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі – орыс ұлтының ана тілі 

болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық 

тіліне де айналды. 

Креол  тілдер.  Африка,  Оңтүстік  –  Шығыс  Азия,  Океания,  Латын 

Америкасы  жеріндегі  Испания,  Португалия,  Франция  отаршыларының 

ұрпағы  –  креолдардың  тілдері.  Креол  тілдердің  пайда  болуы  тілдердің 

пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс 

сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.  

 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал