E-learning (ағылшын тілінен Electronic Learning қысқартылған) электрондық оқыту жүйесі



жүктеу 50.29 Kb.

Дата17.03.2017
өлшемі50.29 Kb.

E-learning ұғымы 

E-learning (ағылшын тілінен Electronic Learning 



қысқартылған) – электрондық оқыту жүйесі, 

электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, 

компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, 

виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық 

технологиялардың көмегімен оқыту терминінің 

синонимі. 

ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы 



бойынша: “E-learning – Интернет және 

мультимедиа көмегімен оқыту”. 



E-learning негізгі элементтерінің бірі ретінде LMS 

(Learning Management System) немесе қашықтықтан 

оқыту жүйесі (ҚОЖ) қарастырылады. 



Электрондық оқыту жүйесін енгізудің тиімділігі: 

- кез-келген уақытта ашық – бүгінгі немесе 



болашақтағы ұстаздар білім беру қорларын, 

курстарды, он-лайндық қоғамдарды немесе қайта 

даярлау бағдарламаларын өздеріне ыңғайлы кез 

келген уақытта бағалай алады; 

- кез-келген жерде ашық – үйренушілер басқалармен 



катынасады немесе қорларды пайдалана алады, 

Интернет желісіне қосылған компьютер бар болса, 

кез келген орыннан нұсқау және сараптама алады; 

 

 



- бірлескен жұмыс және желілік қоғамдар – э-оқыту 

ұстаздарға бірлескен жұмыстар және зерттеулер 

өткізу үшін, сонымен бірге проблемалық 

мәселелерді бірлесіп шешуде, инновациялық 

технологияларды енгізумен және оқу 

бағдарламаларындағы тақырыптарды бірлесіп 

талқылау мен тәжірибелерін ортаға бөлісу үшін 

жаңа мүмкіндіктер ашады; 

- жаңа педагогикалық амалдар – э-оқыту дәстүрлі 



парадигманың өзгеру үрдісінде катализатор 

қызметін көрсете алады; э-оқыту дәстүрлі 

әдістермен салыстырғанда интерактивті ортада 

оқытуды бірлесіп құрастыруға мүмкіндік туғыза 

алады.  


E-learning жүйесімен жұмыс жасау бірнеше 

негізгі компоненттерден тұрады: 

мектепті басқару жүйесі(SMS);  



сыныпты басқару жүйесі(CRMS); 

оқу үрдісін басқару жүйесі(LMS); 



тестілеуді басқару жүйесі(TMS); 

пәндер бойынша электрондық әдістемелік 



жүйелер(MMS); 

электрондық психологиялық-мониторингтік 



жүйе(MPsMS); 

ақпараттық-анықтамалық жүйе(IMS). 



 



LMS – Learning Management System (оқыту 

үрдісін басқару жүйесі), оқу үрдісінің барлық 

қатысушыларына (мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, 

оқушылар және ата-аналар) оқытуды интерактивтік 

режимде және де on-line мен off-line режимдерінде, 

Портфолио және дербес блогтар арқылы кәсіби 

бағытта рейтингісін жүргізуді, ұстаздардың, мектеп 

әкімшілігінің және т.б. әрекеттерді басқарады.  

Портал қосымшаларының қолданбалы қызметтеріне 



рұқсат беру үшін, жүйенің архитектурасы веб-сервис 

және ашық стандарттарға негізделген бірігу 

сызбаларын қолдануға мүмкіндік беруі керек. 

Мұндай бірігу сызбаларының түрі жұмыс көлемін 

азайтып, ақпараттық жүйелердің гетерогенді ортаға 

тән шығындарын қысқартады. 





«Мектеп әкімшілігі» жүйесі келесі әрекеттердің орындалуына 

мүмкіндік береді: 

оқушылардың ата-аналарының қосымша бақылауының негізінде 



мектеп үлгерімі деңгейінің жоғарылауына; 

on-line режимінде сабаққа қатысуын бақылауға; 



ата-аналар мен мектеп кызметкерлерінің және оқушылармен, 

арадағы өзара виртуалды әрекеттерге; 

жоғарғы сатыдағы білім беру мекемелеріне есептер беруді 



әзірлеуде уақытты үнемдеуге; 

ептеген пайда табуына және оны мектептің кез келген мұқтажына 



тұтынуына; 

мектеп мәртебесінің жоғарылауына; 



кадрладың, оқушылардың контингенті бойынша жиынтық есеп 

нәтижелерін алуға; 

оқу үрдісі қорытындылары туралы есеп алуға; 



мектеп деңгейінде оқушылардың қозғалыс мониторнгісін жасауға; 

қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға; 



Интранет арқылы ақпараттар алмасуға. 





«Оқушы» жүйесі келесі әрекеттерді орындауға, 

атап айтқанда: 

сабақ кестесіндегі өзгерістерді, үйге берілген 



тапсырманы уақытында білуге; 

әр түрлі пәндер бойынша өз үлгерімі рейтингісінің 



өзгерістерін қадағалауға, оны сыныптастарының 

рейтингтері немесе сынып және параллель сыныптар 

бойынша орташа рейтингтермен салыстыруға; 

форум немесе чат арқылы сыныптастарымен мектептен 



тыс қарым-қатынаста (оның ішінде, үйге берілген 

тапсырманы, бос уақытты бірлесе өткізуі немесе мектеп 

оқмғаларын талқылауы) болуға; 

жаңа достармен танысып, оларды өз жүйесіне енгізе 



алуы; 

сайттағы жүйеде дербес мәліметтерді  (оның ішінде, өз 



фотосуреттерін) жариялай алуына мүмкіндік береді. 



«Ата-ана» жүйесі келесі әрекеттерді орындауға, 

атап айтқанда: 

өз балаларының бағалары және үйге берілген 



тапсырмалар туралы мәліметтерді алуға; 

сабаққа қатысып, дайындық сапасын бақылай алуға; 



алдын-ала мектеп оқиғаларымен (мысалы, алдағы 

вакцинациялар, спорт ойындарын, мерекелер туралы), 

сонымен бірге мәдени іс-шаралармен (саяхаттарға 

шығу, театрға бару, мұражайларды көру) танысуға; 

баласының мектептегі оқу үлгерімін және оның 



қоғамдық қызметіндегі табыстары жайлы біліп 

отыруға; 

мектеп әкімшілігімен және мұғаліммен интерактивті 



диалог жүргізе алуға мүмкіндік береді. 

 




Оқытуды басқару жүйесі – (Learning 

Management System) оқу қызметін басқару 

жүйесінің негізі, өңдеу, басқару және оқу  oн-лайн 

мариалдарын тарату үшін қолданылатын бірлескен 

рұқсатпен қамтамасыз етілетін жүйе. Жүйенің 

негізгі бағыты оқыту ортасында тапсырмалар мен 

үйрету материалдарын кез-келген педагог жасай 

алатындығымен сипатталады. Жүйенің құрамына 

әр түрлі жеке тапсырмалар, аз топтың жобалары 

және барлық мектеп оқушылары үшін мазмұндық 

компонентке негізделген элементтер мен 

коммуникативтік оқу құралдары енеді. 

 




LMS «Мектеп» мүмкіндігі 

Электрондық оқыту жүйесі келесі қызметтерді, атап 



айтқанда: 

білім беру ұйымының әкімшілігіне - LMS «Оқытуды 



басқару жүйесі» есеп беру нәтижелерін 

автоматтандырады, автоматты түрде және қолмен сабақ 

кестесін құру, оқушылардың қозғалыс есебі, кадр 

құрамының есебі және басқа да әкімшіліктің жұмысын 

орындауға; 

педагог ұжымына – тақырыптық жоспарлауға, 



электрондық сынып журналдарын және күнделіктер 

жүргізуге, білім беру үрдісінде сандық білім беру 

контентін қолдануға; 

оқушыларға интерфейс арқылы ақпараттық киоскілерге 



немесе интернетке жіберілетін ақпараттарға рұқсат 

берілген: сабақ кестесін көруге, үйге берілген 

тапсырмаларды орындауға, хабарландыруды оқуға; 

 


ата-аналарға интернет желісінде өздеріне қажетті 

ақпараттарды алуға рұқсат берілген: өз баласының 

бағалары, сабақ кестесі, үйге берілген тапсырмаларға; 

сонымен бірге баласының бағалары туралы мәліметті 

ата-аналардың сұранысына sms – хабарлама немесе e-

mail бойынша жіберуге мүмкіндік береді. 

Оқытуды басқару жүйесінің негізгі субъектілері оқу 



ісінің меңгерішісі, мұғалім, оқушы және ата-ана болып 

табылады. 

Субъектілердің арасында электрондық оқыту жүйесінің 

элементтерін басқару виртуалды векторлық қозғалыста 

болады. Әрбір субъектіге LMS-тың элементтерін 

орындаудың нақтылы қозғалысы қойылған. Виртуалды 

векторлық қозғалыстың схемасы 2-суретте берілген 




CRMS – Classroom Management System 

(сыныпты басқару жүйесі) – мұғалімге оқушыны 

дербес компьютермен толық бақылап және 

басқаруға, сабақтың қызықты өтуіне және тиімді 

болуына мүмкіндік беретін арнайы программалық 

қамсыздандыру. Бұдан басқа, CRMS лездік дауыс 

қатынастары және диалогтардың берілу мүмкіндігі 

бар бағалы лингафон сыныбының атқаратын 

қызметтері болуы керек, сонымен бірге бейне және 

аудиофайлдарды таратып, оларды нақты уақытта 

демонстрациялауға болады. 

 




CRMS педагогқа келесі қызметтері: 

жүйедегі авторлық құқықты, сабаққа оқушының 



қатысу деңгейін негізге алуын, тапсырманы 

орындау үшін қызмет көрсетуін; 

тізімнен алып тасталған оқушының жұмыс устелін 



бақылауын; 

мұғалім экраннан барлығын бір уақытта, сол 



сияқты жекелей оқушылардың іс-әрекеттерін 

бақылай алуын; 

мұғалімнің хабарының экраннан оқушылардың 



топтарына немесе нақты оқушыға берілуі сияқты 

әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. 



Кірістірілген құралдардың хабарландырылатын 

материалға ескертулері мына түрде болады: 

оқушының компьютерін (қосымшаларды іске қосу, 



пернетақтамен және тышқанмен басқару, 

компьютерді қосу, қайта қосу және өшіру) басқару; 

барлық оқушыларға немесе таңдаулы оқушылардың 



тобына эфирден мұғалімнің хабары; 

барлық оқушыларға немесе таңдаулы оқушылардың 



тобына аудио және бейне мариалдар хабарын 

жүргізу. Дыбысты ажырату мүмкіндігі. Мұғалімнің 

мариалды түсіндіруі; 

интерактивтік тақтадан немесе дәрісхананың кез-



келген компьютер мониторынан суреттер көрсету; 

 


барлық оқушыларға немесе таңдаулы топқа алдын-ала жазып 

алған мұғалімнің сөзінің көшірмесін және хабарын тыңдау, 

жазып алу; 

оқушылардың мұғалімге, басқа оқушыға немесе 



оқушылардың тобына экранна хабары. Оқушылрдың 

эфирдегі ақпараттарды бақылау құқығы; 

оқушылар топтарының немесе әрқайсысының жеке-жеке 



диалогтарды тыңдауы; 

сыныпты басқару сызбасы. Сыныптың сызбасына 



компьютерді қосу немесе өшіру. Сыныптағы оқушылардың 

сабаққа қатысуын бақылап отыру мүмкіндігі. Сыныпты 

басқару сызбасы арқылы топ оқушыларының біріктірілуі; 

файлдарды тарату және жинау; 



чаттар және топтық қарым-қатынас жасау. Хабарландырулар; 

қолданушылардың интернет желісіне шығуын мұғалімнің 



бақылауы. Желіге қосылған және қосылмаған веб-сайттарды 

орнату мүмкіндігі. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал