Э. Гюнейлигиль Истанбул, Түркия сексен төрт мың киіз үймен барақ ОҒыз түріктері анадолыда орын алды



жүктеу 59.23 Kb.

Дата11.06.2017
өлшемі59.23 Kb.

 

 

 



http://www.enu.kz

 

Э.  Гюнейлигиль 



Истанбул, Түркия 

 

СЕКСЕН ТӨРТ МЫҢ КИІЗ ҮЙМЕН  

БАРАҚ ОҒЫЗ ТҮРІКТЕРІ АНАДОЛЫДА ОРЫН АЛДЫ  

http://www.enu.kz

 

 

 



          Ата  қоныс  ұлан-байтак  Орталық  Азия  даласында  жарқыраған  Түрік  әлеміннің 

темірқазығы,  Қазақстанның  аса    кӛрнекті  ғылым-этнографы,  филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор,  Қазақстанның  еңбегі  сіңген  қайраткері,  мемлекеттік  сыйлықтың 

иегері   

Ақселеу  Сланұлы  Сейдімбекпен  мен  алғаш  рет  бір  мың  тоғыз  жүз  тоқсан  тоғызыншы 

жылы тамыздың бңр ыстық күні, Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия  ұлттық университетінің 

бас ғимаратындағы құрылыс орталығында танысқан едім.           

          Осы  жыл  байырғы  Түріктерде  жыл  санау  әдісінше  қоян  жылы  еді.  Қоян  жылынан 

күтетін  құт  береке  дарытатын  қасиетті  де,  қастерлі  терең  ұғымдар  біздің  бүкіл 

достығымызға ортақ еді.   

          «Қыпшақтың  ең  атақты  қобызшыларынан  Барақ  бақсы  мен  Мағжан    Жұмабаевтың   

«Қойлыбайдың   Қобызы»   атты  дастанындағы  Барақ батырды және Барақ есімді сұлтан, 

батырлардың    ішінде  Қойлыбайдың  кезеңіне  жақынырақ  келетіні  оның  әкесі 

Әбурахпаның туған бажасы – Барақ сұлтан» [1] туралы менің кӛп сұрақтарым бар еді! 

          Себебі, түпкі тегі Алтайдан тараған туысқан Түрік халықтарының кӛне тарихы, таң 

ғажайып  әдет-ғұрыпын,  салт-дәстүрлерін  және  ортақ  қазынасы  Түрік  тілдерінің  керемет 

сырларын,  әсіресе  ру  тайпалық  бӛліктері,  ауыз  әдебиеттері  арасындағы  қарым-

қатынастарды  зерделей  келе,  мен  Орталық  Азиядан  кӛшіп  кетіп  Кіші  Азияның  оңтүстік 

шығыс  аймақтары  бойынша,  таулық    Газиантеп    алқабында  «Cексен  тӛрт  мың    киіз 

үймен»  тарих  сахнасында  орын  алған  [2:7]  Барақ  қауымынның,  яғни,  Газиантеп  облысы 

Барақ  Оғыз  Түріктерінің,  Барақ  сұлтан  және  Барақ  батырмен  байланысты  бар  ма?,  -  деп 

айтқанымда, Ақаңның кӛңілге қонымды жауабы:  

          - «Тарихи деректерге қарағанда Қазақ тарихында сегіз Барақ бар екен», - болды.    

          Анадолы  елдерін  мекендеген  Түркия  Түріктерінің  ежелден  бері  ата  жұртымыз  деп 

айтатын Қазақстан және Сыр елі осы күннен кейін  

мені тағы да басқа ой елегіне жетеледі.  

          Ақаң маған, «Оғыздардың екі емшегі бар» деп, айтатын.   

          «Арал анамыздың» [ 3: XXI]  қойнында жақсы сақталатын қос Сейхұн  мен Жейхұн 

ӛзендердің  бойында  ІХ  –  ХІ  ғасырларда  Хорезм  аумағында  қоғамдық  құрылыста  ӛмір 

сүрген және кейін батысқа қарай кӛшіп Түркменстан, Азербайжан, Гагауыз Жері, Урымлы 

және  Түркия  Tүріктерінің  негізін  құрайтын  үлкен  бір  Tүрік  бұтағы  болып  табылатын 

Оғыздардың  Анадолы  даласындағы  Алатау,  ала  ат,  ала  бұғы,  ала  текемет,  ала  үйрек 

сияқты жер, су, тау аттары бәрі ата жұртымыз Қазақстанда да бар.  

           «Жер,  су,  тау  атауларының  да  айтары  бар»,  -  деген  Ақаң,  «Осының  кӛп  сыр 

себептері бар!»,  «Түрік әлеміннің және ата-баба мұрасы  ӛркениетіміздің жәдігері жер, су, 

тау атаулары бәріміздің жазба тарихымыз», - деуші еді.             

           «Он  ғасырдан  астам  уақыт  бабалардың  айтуыменен»  [4:1] 

 

атадан  ұрпаққа  ӛте 



отырып, аманат етілгендіктен, «Ортақ болғандықтан» [5:XI] 

 

және ата – баба отаны сезімі 



әлі де болса ӛз тазалығын жоғалтпады. 

          Ақаңның   айтуынша, «Ежелгі Түрік тарихына қарап, түп анасы Кӛк Бӛріден шыққан 

оқиғалар  желісінде  Түрік  халықтарының  жер  бетіне  жайылуының  терең  тарихы  бар. 

Соның ішінде, Алтайдан бастап батысқа 

қарай Сырдария, Ертіс пен Амударияның алтын ӛзен жағалауларын  мекендеген Оғыздар 

ол  жерде  де  ӛздерінің  туып-ӛскен  топырағына  сыймай,  ат  басын  жаңадан  күн  батысқа 



 

 

 



http://www.enu.kz

 

бағыттап  Анадолы  елдеріне  кӛшіп  кетіп,  бүкіл  әлемге  тараған  соң,    жер  бетін  жаулап 



алған  дүние  жүзіндегі  ең  атақты  Түрік  бұтағы  деп  танылды»  деген  сынды,  осы  туралы 

айтылған сансыз кездесу мен мол мағлұматты сұхбаттарымыз болушы еді.  

          Астанада,  Түрік  құрылыс  орталықтарына  жұмыс  істеуге  келетін  Ақмола  облысы 

және  Қарағанды  облысының  қазақтары  мен  Түркияның  Газиантеп  облысы  Барақ  Оғыз 

Түріктерінің  араларындағы  ӛте  кӛп  ұқсастықтар  жӛнінде  пікір  алысуда  Л.Н.Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  жобалау  орталықтарында  және  Астанадағы 

Сәкен  Сейфуллин  атындағы  Аграрлық  университетінің  Қазақ  тілі  кафедрасы 

бӛлімдеріндегі  профессорлар,  жазушы    академиктер  мен  ректорлармен  сұхбаттассам  да, 

кӛбінесе  Ақаңмен әңгімелесетінмін.  

          Жазбаша  және  ауызша  Түрік  дереккӛздерінде  Барақ  Оғыз  Түріктері  жайлы 

кездеспеген кейбір тақырыпты Акаңнан тыңдадым. 

           «3000 жылдық кӛшпелі»[6:19] 

   

қауымнан Барақ Оғыз Түріктерінің «Кӛшіп – қонар 



жұрт»

 

[6:6] 



   

киіз  үй  ӛмірінен  бас  тартулары  әрі  тұрақты  түрде  Газиантеп  және 

айналасындағы жазықтық

 

 жерге орналасулары жайында оқиғалар бар... 



          «Ұзақ-жақын түгел Анадолы кеңістігінде шырқаған, аты аңызға  

айналған  киелі  құс  Дӛнен  шапалақы  мысалы»  [7:13]  күндіз-түні  «Тоқтаусыз, 

аялдамастан!»  [7:13]

 

«Кӛшпелі  ӛмірдің  ең  кӛне  сәттерінен  бастап  бүгінге  дейінгі  ең 



тамаша  сәттерін»

 

[7:6]  тоқтаусыз  айтылумен  және  қайталанумен  келген  «Жазықтық 



Газиантеп маңы жайлауы  

 

 

 



http://www.enu.kz

 

 



  

 

[3:50] 



 

          

бойынша мәжбүр мекен алу, жергілікті Арап қауымдары, кӛршілес кӛшпелі тайпалармен 

соғыстар және ата жұртқа қатысты сағыныш пен сезім толы кӛші-қон кезінде шыққан күй  

жырлардың»  [3:50] 

 

  Қазақ  күйлері  мен  Сыр  жырларына  қандай  қарым-қатынасы  бар?,- 



деп, осы тараптан келгенде Акаңмен әр дайым бір бірімізге мол сұрақтарымыз, сауалды 

сұхбаттарымыз таусылмай таңды таңға ұратынбыз.    



 

 

 



http://www.enu.kz

 

           «Ит  жаманы  Барақты,  ит  жақсысы  Тарақты;  ер  жаманы  Барақты,  ер  жақсысы 



Тарақты»,

 

 деп әзілдейтін Ақселеу, тағы бірде «Ит жеті қазынаның бірі» дейтін. 



    Бұрынғылар  «Әр  айдың  оты  басқа»  [8] 

 

деп,  жаздың  ыстық  тамызында  мың  сан 



жылқы, түйе мен түлік малын жайлаған,  қыстың кӛзі қырауда тоқтаусыз қыстайтын кең 

далада  кӛшіп-қонып  жүрген.  «Кӛктем  мен  жаз,  жаз  бен  күз,  күз  бен  қыстың  қолайсыз 

күндерінде»  [9] 

 

аяқ  баспаған  от,  таза  су  мен  малдың  арқасында  жүрген  кӛшпелі  Барақ 



Оғыз  Түріктерінің  арғы  ататегі  жайлы  ауызша  деректер  мен  соның  тӛңірегінде  аңыз 

әңгімелер ел арасында кӛп қой.    

           Ауызша шежірелерде қариялардың пайымдауынша, Барақ Оғыз Түрктерінің тарихы 

жыртқыш құсқа байланысты аңыздан басталады.  

    Сонау 

заманнан  бері  ақсақалдардың  ауызынан  кӛне  ғасырлардан  сыр 

суыртпақтаған  осы  әңгімені,  бала  кезімізде  құдай  ұмытқан  Анадолы  ауылдарында  кӛпті 

кӛрген кейбір қариялардан талай естідік. 

          «Аңыз бойынша, ұшы-қиыры жоқ Орталық Азия тауларының шыңында, тамырлары 

жерден  нәр  алған  жалғыз  бір  шынар  ағашы  ӛсіпті.  Бұл  ағаштың  кей  кезде кӛк  аспанмен 

құшақтаса  тілдескен  қою  кӛлеңкелі  бұтақтарының  арасына  жасы  ұлғайған  киелі  құс 

Келкенес ӛз ӛлімін сезініп, екі жұмыртқа салып кетеді! 

          Жұмыртқанның  біреуінен  батыр  деген,  «Кӛк  Барақ  Ит»  шығады!  Екінші 

жұмыртқаның не болғаны, немесе одан кім шыққаны белгісіз.»  [2: 9] 

 

  

                  Кӛшпелі  тайпа  мәселелері  сұхбаттарынан  бүгінгі  күнімізге  дейін  келген  бұл 



аңыздың,  жалпы,  Түрік  тілді  халықтардың  шыққан  тегі  туралы  әңгіме  және 

дастандарымен қарым-қатынасты бар болғаны мағлұм екен.  

          Мысалы, «Тибеттер ӛздерінің арғы тегін маймылдың еркегі мен  раушастың (орман-

аруақ) ұрғашысынын шыққан, Моңғолдар – кӛкбӛрі мен ақмаралдан, Телестер– бӛрі мен 

хұн  шаньюінің  қызынан,  Түріктер–  хұн  ханзадасы  мен  қаншық  қасқырдан  тараған  деп 

есептейді.»  [10: 22] 

  

     


          Осы  тұрғыдан  келгенде,  нақты  түрде  белгіленбеген,  ауызша  деректерге  қарағанда 

тарихы оқиғалар және кӛшпелі ру мен тайпалар тұралы сұхбаттарда, кӛнекӛз қариялардың 

кезінде айтып кеткен әңгімесін қайтадан еске түсірсек, аңызда білінбейтін мәселелер бар.  

          Себебі, кең байтақ далада жалғыз бір ұлы шынар ағашы мен  

          қай жерден келгендігі, қайда баратыны, не екені белгісіз жасы келген жыртқыш бір 

құс туралы айтылады.    

          Аңыздың тағы да басқа ең қызықты жері, құстың еркегі жоқ!  

         Қос  жұмыртқаның  біреуінен,  «Кӛк  Барақ  Ит»  деген  батыр  дүниеге  келген  кейін  не 

болғаны және екіншісінен кім шыққаны немесе ақыры не болғаны да белгісіз.   

           Ата-бабаларымыз  айтпақшы,  «Ит  құтты,  ат  құтты,  әйел  құтты»  деген  мақал  еске 

түсіп отыр! 

           Ӛзіме  қарап,  Барақ  Оғыз  Түріктерінің  арғы  тегі  еркек  шынар  ағашы  аруағы  мен 

ұрғашы құстан шыққан ба, деп ойлаймын. 

             Құдайға  жүз  мың  шүкір!  Бала  кезімізде  бұрыннан  келе  жатқан  кӛшпелі  тіршілікті 

кӛрдім, ішінде болдым. 

           Ӛте ұзақ емес, тағы да кейін ең соңғы отыз, қырық жыл шамасында оңтүстік шығыс 

Түркия  маңы  аймақтарын  және  үн  жоқ,  түн  жоқ  Сурия  шӛл  даласын  мекендеген  Барақ 

Бейділі  тайпаларының  жазы-қысы  вертикаль,  горизанталь  кӛшпелі  тіршілігін  де 

кӛргенмін.  

           Осы  тұрғыдан  келгенде,  Барақ  ру  мен  тайпаларының  арғы  тегі  туралы  аңыз 

әңгімелерінің  мазмұны,    олардың  кейінгі  ұрпақтары  үшін  бүгін  ең  күрделі  және  ең 

маңызды кӛп мәселелердің бірі болып келе жатыр! 

           «Мен ең соңғы кӛшпелі тіршілікті кӛрген Қазақпын» деген ұлы  

тұлға  Тарақты  Ақселеу  Сланұлы  Сейдімбек,  Кеңестер  Одағы  заманының  білімін  алған 

классик бір Қазақ ғалымы емес, ол, жаңалықтарға ашық, тарихқа шыншыл бір Түрк дүниясы 

профессоры еді. 



 

 

 



http://www.enu.kz

 

                Түркологияның  және  Түрік  Әлемі  этнологиясының  толып  жатқан  мәселелері 



жайында,  қырық  сан  кирил  әріпімен  жазылған  Қазақ  алфавитіне  байланысты  сұрақтарыма 

қарай түсінік мен қӛзқарастырын ӛзіме айтар-ды. 

                Ақ-патша Империясында және Кеңестер Одағы Мемлекеттік шекарасында бұратана 

ұлт болып қала беретіндіктің дәлелі, орыс ғалымдарынан қалған жаман мирас термин сӛздер, 

үкімдер, атаулар және алфавиттер мәселесін турасында әр уақыт әңгімелестік. 

                «Түрік аты астында қырық үш этнос халық бар...» деп айқан, Ақаң,  сӛздің расын да 

айтты: 

                 «Ортақ  Түрік  алфавиті,  ортақ  Түрік  тілі,  жаңа  ортақ  термин  сӛздерге  байланысты 



мәселелерді  қозғау  үшін  үлкенді-кішілі  қырық  үш  этносностың  әр  бірінен  тӛрт-тӛрттен 

ғалымды бір араға келтіріп, соларды пайдалану арқылы жұмыс жүзеге асырылады...!», - деген 

еді.  

           Сӛзбе сӛз айтқанда, Ақаң, «Ұлы  дала сӛзінің ғылым тілінде елу тӛрт мағынасы бар, 



географиялық тілде жиырма үш мағынасы бар», - дейді. 

           Қазақ Әлемінің шежірелік қайнар кӛзі және Түрік Дүниесінің  дәстүрлі кӛшпелілер 

қоғамына қатысты дәлелдерді ғалыми еңбектерінде орнықтыра алған Ақаңмен дос болып 

әңгімелескен жылдарымды құрметпен еске аламын. 

           Анадолы даласында, «Ат ӛлу майдан қалу, жігіт ӛлу даңқ қалу!»  деген ұлағатты сӛз 

бар. Жол кӛрсетуші үлкен тұлға, кӛрнекті ғалым жазушы Ақселеу Сланұлы Сейдімбек аға, 

Сіз, Түркия Түріктерінің де Ақаңысыз! 

                 Эрол Гюнейлигиль мырзаға!  

             Қазақта «Ӛліге деген құрмет-тірілер үшін» деген аталы сӛз  бар. 

Бұл сӛздің мағынасы - ӛткен ӛмірдің ӛнегелі ісі бүгінге, бүгіннің ӛнегелі  ісі  болашаққа  

жалғасу  керек   дегенде  саяды.   Яғни,  мәдени-рухани  

сабақтастық болса ғана ӛмірде мағына болады, қоғамда реттілік пен үйлесім болады деген 

сӛз. 

            Осы  тұрғыдан  келгенде,  Эрол  Гюнейлигиль  мырза,  Сіз  Түрік  халқының  ұлы 



перзенті  Лоханлы  Хӛкгеш  туралы  мол  дерек  жинап,  игілігі  зор  еңбек  тындырғансыз. 

Ӛнердің қайнар кӛзі халықта екенін  дәлелдеп шыққансыз. 

            Лоханлы Хӛкгеш ӛнері бүкіл Түркі халықтары мақтаныш етуге лайық. Ӛйткені, ол 

сан  ғасыр  бойы  шындалған  халық  ӛнерінің  аса    дарынды  тұлғасы.  Онын  ӛлмес  ӛнері 

арқылы Түрік халқының текті мәдениетін тануға болады. Әсіресе, Газиантеп Барақ Искан 

үлгісін  бүгінгі  күнге  жеткізген,      сӛйтіп  Түрік  халқының  тамаша    бір  ӛнер  мектебін 

ӛміршең  еткен  Лоханлы  Хӛкгеш  еңбегі  мен  дарынына  тағзым  етемін.  Ұлттың  мерей-

мәртебесін осындай тұлғалар асқақтатады. 

              Эрол  Гюнейлигиль  мырза,    Түріктің  бір  ұлы  перзентінің  рухани    ғұмырын 

ұзартқаныңыз үшін Сізге зор ризашылығымды білдіремін! 

             Тәңір жарылкасын!  21. 03. 2007. 

              Ақселеу Сейдімбек   

              Проф. Қ Р. Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. [11] 

 

 



 

 

ӘДЕБИЕТ 

 

1.Сүлейман Мақсұтбек, Астана айнасы Инфо– Цес 23-11-2009   No:42(1198). 



2.Гюнейлигиль  Эрол,  Оғыз  Қыпшақ  Түріктері  Туралы  Деректер  Мен  Кӛшпелі  Тайпа 

Мәселелері, Газиантеп 2008. 200 б. 

3.Гюнейлигиль  Эрол,  Түрік  Халық  Музыкасы  Газиантеп  Барақ  Искан  Үлгісі  Лоханлы 

Хӛкгеш Туралы  Деректер, Газиантеп 2003. 200 б.  

4.Arsunar Ferruh, Gaziantep Folkloru, MEB, İstanbul 1962.     

5.Demirel Süleyman, “Korkut Ataya Saygı”, Kazakistan’da Dede Korkut,  AKM, Ankara 2000.   

6.Сeйдiмbek Сланұлы Aқсeley, Қazaқ  Әлемі, Санат, Aлматы 1997. 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

7.Andican  Аhat,  “Açış  konuşması”,  Doğumunun  70.Yıl  Dönümünde  Cengiz  Aytmatov 



Uluslararası Bilgi Şöleni Bildirileri, AKM, Ankara 1999.  

8.Сейдімбек  Ақселеу  және  Эрол  Гюнейлигиль.  Он  Жыл  Cұхбаттар,    ЕҰУ,  Астана  1999-

2009. 

9.Сүлейман Мақсұтбек, Астана айнасы Инфо– Цес 28-9-2012   No:39(1350). 



10. Гумилев Лев, Кӛне Түріктер, Алматы «білім» 1994. 480 б. 

11.Акселеу Сланұлы Сейдімбектен келген хат. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал