Дулат исабеков саттар Ерубаев тоқсанда!



жүктеу 43.41 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі43.41 Kb.

Дулат ИСАБЕКОВ 

Саттар Ерубаев тоқсанда!.. 

Бәріміз оның тоқсан жылдық тойына жиналып 

отырмыз. Бірақ бәріміздің көз алдымызда тоқсандағы 

қ

әрия емес, жиырма үштегі бала жігіт тұр. Бәріміздің 



санамызда ол мәңгі жас боп қалыптасқан. Алла-тағала 

әркімге өз  қалауынша өлшеулі ғұмыр береді. Біреуге 

ұ

зақ, біреуге қысқа. Ал, Саттарға келгенде Жаратушы 



ием тым сараңдық жасапты. Артта қалған тірілер, мына 

біздер, егер біреу-міреу өмірден жас кетсе: "ана жаққа 

да жақсылар керек болған ғой" деп көңіл жұбатамыз 

да тірі жүрген өзімізді жамандардың  қатарына  қоса 

саламыз. Өмірдің барлық көрінісінен өзіне  қажетті 

философиялық түйін жасап алуға  ұста  қазекем 

Саттардың  қыршын жасынан ғана емес, пайғамбар 

жасынан әлдеқашан асып, жүзге жетіп көз жұмған 

адамды да «құдайдың сүйген  ұлы» деп ақ жуып 

аттандырып, әулиелер қатарына да қосып жатады. Ұлы 

Мұхтар Әуезовтің жазғаны бар еді — "өрімдей жастың 

өлімін көргенде өзіңнің аман-есен жүргеніңе  ұялады 

екенсің" деп. Жүзге келген бір кәриядан: "Алла сізді 

сыйлап  ұзақ ғұмыр берді. Өміріңізге ризамысыз?" деп 

сұрағанда әлгі кісі: "Қайдам. Жүз дегенің есікті ашып-

жапқандай-ақ екен ғой" деп жауап берген екен. Ойлы 

пенде өмірінің  ұзақ-қысқалығын көп жасағанмен емес, 

тындырған ісінің мөлшерімен ғана өлшейтін болса керек. 

Саттар жиырма үш жыл ғана өмір сүрді. Сол 

жиырма үш жылдан балалық шаққа кететін есею кезеңі 

боларын ескерсек, ол байғұсқа тіпті балалық дәуреннің 

де бұйырмағанын көресің. Анасы Бапаның құрсағында 

жатқанда-ақ Алла-тағала оған: "Ал, Саттар, саған жарық 

дүние сыйлаймын. Өмірің тым кысқа болады. Үлгеруге 

тырыс" деп  құлағына сыбырлаған секілді. Біраз жыл 

Саттармен қатар жүрген драматург Шахмет Хұсайынов 

Саттар жайлы көп әңгіме айтушы еді. Сондай 

әңгімелерінің бірінде: «Саттар өмірге от алуға келгендей 

тым асығыс аттанды ғой. Бәріне үлгеруге тырысып, аз 

ұ

йықтап, көп жұмыс істейтін. Тіпті, өзі күлкілі әңгіме айтып 



отырып сараң ғана езу тартатын да  қоятын. «Неге 

күлмейсің?» деп сұрасақ, "Ұзақ күліп отыруға уақыт 

жоқ. Егер  ұзақ күлсек келесі әңгіменің уақытын 

ұ

рлаймыз" деуші еді. Сөз арасында "анам айтады, 



туылған кезде мен жыламаппын да. Сәл қыңқ етіп қоя 

салыппын" дейтін. Осы әңгіме ойдан шығарылған күннің 

өзінде де Саттардың болмысы мен табиғатына сай 

екенін, солай болуы мүмкін екеніне шүбәсіз сендіретін 

әңгіме секілді. Оның көзін көрген замандастарының 

естеліктерін оқып отырып, Саттардың ерекше білімдар, 

ол кездері екінің бірінің тісі бата бермейтін батыс әдебиеті 

мен музыка өнерін, тарихы мен сурет әлемін, дүниеауи 

әдебиеті мен орыс әдебиетіндегі әр түрлі ағымдарды 

бес саусағындай меңгерген, жаңа  қалыптасып келе 

жатқан  қазақ жазба әдебиетінің барлық саласы 

бойынша егжей-тегжейлі пікір айта алатын, өз қатары 

ғана емес, өзінен үлкендерге де жол сілтей алатын, пікірі 

өткір, ойы  ұшқыр, жүрегі батыл ерекше парасат иесі 

болған. Жарық дүниеде аз жүретінін білді ме, ол жиырма 

үш жасында алпыстағы адамның жұмысын істеп 

үлгеріпті. 

Саттар Ерубаев Ленинградтың тарих-философия-

лингвистика институтына оқуға түскенде ол небәрі он 

алты жаста екен. 1933 жылы институтты бітіргенде ол 

«Орыс неоромантизмі және  қазақтың  ұлтшылдық 

әдебиеті» деген тақырыпта дипломдық жұмысты 

тамаша қорғап шығыпты. Осы дипломдық жұмысының 

негізінде институт басшылары оны аспирантураға 

қ

алдыруға шешім қабылдайды. Бірақ Қазақстан өлкелік 



комитетінің талабы бойынша ол Алматыға оралады. 

Саттардың алдында тұрған үлкен бір жаңа жол 

басталмай жатып кілт үзіледі. 

"Менің құрдастарымдағы" Рахмет сияқты алып-

ұ

шып еліне келді. Бекер-ақ келген екен. Жоғары білімі 



бар, ұлттық кадрлар жетіспей жатқан сол бір кезеңде 

республика басшылары Саттарға лайықты қызмет ұсына 

қ

ойған жоқ. «Лениншіл жас», онан соң «Ленинская 



смена» газеттерінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 

Алматыдағы Жоғары ауылшаруашылық мектебінің 

философия кафедрасында ассистент, «Қарағанды 

пролетариаты» газетінің комсомол бетінің редакторы 

сияқты  ұсақ-түйек  қызметтер. Мұндай  қызметті 

Ленинград институтын үздік бітіріп, аспирантураға 

қ

алдырылып жатқан аса қабілетті тұлға емес, Алматы 



мен  Қарағанды маңында жүрген талай адам атқара 

алатынеді. СонауЛенинградтан әлпештеп шақырылған 

Саттар мұнда баспанаға да жарымады. 

Замандастарының айтуына  қарасақ, ол  қазіргі Гоголь 

мен бұрынғы Красин көшесінің  қиылысындағы бір 

подвалда анасы Бапа екеуі біраз жыл тұрыпты. 

Алматының нөсері  құйып жауғанда подвалдың ішіне 

су көлкіп кетеді екен. Саттар анасы екеуі екі шелекпен 

іштегі суды дедектеп жүріп сыртқа төгеді екен. Романтик 

Саттар оған еш мойымаған, қайта, шешесіне қуат беріп, 

ертеңгі өмірдің тамаша болатынына сендіре біліпті. Ал, 

анасы болса көзінің  қарашығындай жалғыз  ұлының 

айтқанын істеп, Саттар  қайда барса сонда барып, 

подвалдағы үйіне қанша кісі келсе де бәрін бәйек боп 

күтіп, құдайдан тек ұлының амандығын ғана тілеумен 

өтті. Сөйткен ана жалғыз ұлынан немере сүймек түгілі, 

келінін де көре алмай, қыршын кеткен ұлының соңында 

ботадай боздап қала берді. 

Жаратушы иемнің кей уақта өзі жаратқан пендесіне 

айрықша  қатыгездік көрсететініне  қайыл  қалмасқа 

шара жоқ. 

Саттар прозаик, Саттар ақын, Саттар публицист, 

Саттар пародист, Саттар драматург, Саттар 

ұ

йымдастырушы. Осының бәріне Саттар студент,Саттар 



аспирант дегенді қосыңыз. Қалай сығымдасаң да бас-

аяғы жиырма үш жылға сыйдыра алмай дал боласың. 

Саттар сыйдырыпты. Саттар үлгеріпті. 

Саттардың шығармаларын ақын отырып бүгінгі 

сыншыл ағайын оны әсіре романтик, әсіре лениншіл деп 

бағалауға бейім тұратын секілді. Шынтуайтқа келгенде, 

сол кездегі қай қаламгер лениншіл болмаған? Ленинді 

жырлауда, бүкілодақтық Ленинианы дамытуда  қазақ 

ақындары кеңестік кезеңдегі жазушылардың ең 

алдыңғы сапынан көрінбеп пе еді. Саттардың кезеңі 

ғана емес, Саттар дәуірінен кейін, тіпті, кеңес үкіметі 

тарап жатқан кездің өзінде сол ақындарымыз партия 

мен Ленинді жырлап жатқан жоқ па еді? Заман сәл 

өзгеріп, өткенге бет бұрыла қалса ол көсемдерді жырлап 

кетуге дайын  қаламгерлер  қазір де бар. Демек, 

Саттарды оның өз дәуірінің биігінен  қарап оқуымыз 

керек. Егер оның шығармаларында кездесіп  қалатын 

жаңа заманды жырлау, жаңа заманның көсемдеріне 

кәміл сену идеялары көрініп жатса қазақ халқын құлдық 

пен  қараңғылық құрсауынан алып шығар жалғыз күш 

Ленин идеялары деп сенгендіктен екеніне мән беруіміз 

керек. Және де оның көркем шығармаларынан саяси 

топшылауларды алып тастап, оқып қарасаңыз көкірегі 

жалынға, әр жолы үміт пен арманға толы, сол мақсатқа 

аласұра асыққан, жақсылық пен жарыққа талпынған 

албырт жігіттің ғажайып романтикасын, көркемдік 

кредоларын анық танисыз. Тіпті, тап-таза саяси 

шығармаларының өзінде Саттар көркем-критерийлерге 

қ

ойылатын талаптарды әсте ұмытпаған. Біз, бүгінгі ұрпақ, 



Саттардың  қай шығармасын оқысақ та оның жиырма 

үштегі уыздай жігіт екенін әсте естен шығармауға тиіспіз. 

Саттар шығармаларының рухы мен қуаты бізге сол кезде 

ғана түсініктірек болмақ. Ал, оның атақты шығармаларын 

оқып отырып, әркім Саттардың жасынде өзінің қандай 

болғанын, не тындырып, неге талпынып жүргенін есіне 

алса Саттар феноменін тереңірек түсінбек. 

Жиырма үш жас — адамның жазушы, ойшыл 

публицист, ақын ретінде ғана емес, жай адам ретінде 

де енді-енді оң мен солын танып, енді-енді қалыптаса 

бастайтын шағы. Саттар шығармалары болса біздің 

санамызға ақыл-есі толған, өмірге сын көзбен қарай 

алатын, дүниеауи әдебиеттің озық үлгілері мен 

үрдістерін меңгерген, сол үрдістерді қазақ әдебиетінен 

іздеуге талпынған, туған әдебиеті мен мәдениетін 

еуропалық деңгейге көтеруге жанын салған, сол жолда 

терең мағыналы ойлы да батыл мақалалар жазған 

ерекше тұлға екенін таныта білді. 

Саттардың 1934 жылы жиырмаға толар-толмас 

кезінде жазған  қазақ поэзиясының проблемаларына, 

оның ішінде Б.Майлин, С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов, 

С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, т.б. шығармашылық аяқ 

алыстарына арнап жазған талдаулары күні бүгінге дейін 

актуалдығын жоя  қойған жоқ. Сол кездегі әсіресе 

ұ

раншылдықты,  қызыл саясатты жырлаймын деп 



әдебиетті  ұранға айналдырып бара жатқан жаман 

тенденцияны батыл сынаған Саттарды кеудесін оққа 

төсеген батырмен теңестіруге болар. Саттар- да 

саясатқа үн  қатты, бірақ ол соның бәрінде идеяны 

қ

арапайым адам табиғатынан, оның болмысы мен жан-



дүниесінен бөлек алып қарауға қарсы болды. Дәл осы 

жылы жазылған «Социалды драма және Шекспир әдісі» 

деп аталатын драматургия мәселелеріне арналған 

мақаланың орны ерекше. Ол мұнда Мұхтар Әуезов пен 

Бейімбет Майлиннің «Еңлік«Кебек» және «Майдан» 

пьесаларын әлемдік дамудың жүйесімен талдай отырып, 

қ

азақ сахна өнеріне арналған шығармаларының алда 



тұрған міндеттерін, оның даму жолдарын, драма 

жанрының өзге жанрдан ерекшелігін жілік-жілігімен 

талдап, өзекті мәселенің өзегін жара сөйлейді. 

«Келесі соғыс туралы» атты фантастикалық 

новелла  қазақ әдебиетінде бұрын-соңды болмаған 

тосындығымен ерекшеленеді. Мен бұл жерде «Менің 

құ

рдастарыма» әдейі тоқталмай отырмын. Оның бала 



кезінен елітіп, елігіп оқымаған қазақ жоқ. Ол шығарманы 

оқып шыққан адам күні бойғы шаң-тозаңнан соң мөлдір 

бұлаққа шомылып шыққандай жаны мен тәні тазарып 

шығады. 


«Ер үстінде ұйықтамасаң атқа қонып нең бар еді? 

Халық қамын жей алмасаң датқа болып нең бар 

еді!» 

деген жолдар жиырма жасап жас кеудеден шықса 

да, ақсақал болған бүгінгі біздердің көңілімізге  қона 

кететіні де Саттар поэзиясының құдіреттілігін танытса 

керек. 

Саттар Ерубаев аз ғұмырында артына мол мұра 



қ

алдырып,  қазақ әдебиетінің аспанынан  құйрықты 

жұлдыздай ағып түсті. Сол жұлдызбен бірге талай-

талай таңғажайып романдар мен өлең жолдары да бірге 

ғайып болды. Өмірден ерте кетсе де артына жүз 

жасағандай өшпес мұра  қалдырған Саттардың 

жұлдызы отызға жетпеген өз  құрбыластары Шоқан 

мен Сұлтанмахмұт секілді  қазақ аспанында мәңгі 

сөнбейді деп сенеміз. 

Саттар Ерубаев аз уақыттың ішінде көп нәрсе 

тындыруға болатынын дәлелдеу үшін ғана өмірге келіп-

кете салған сияқты. 



Қазақ әдебиеті. - 2004. - 15 қазан. (№ 41) - 11 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал