Дүниеге келер әлі талай Қасым, Қазақтың Абайынан



жүктеу 45.83 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі45.83 Kb.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,

Қазақтың Абайынан

кейінгі дауылпаз ақыны

Қасым туралы мен

"Қазақстан" баспасынан

шыққан "Адам ізі" атты

кітабымда жазған едім.

Жұртқа мәлім, Қасым

кезінде "Советтік менің өз

елім" атты өлең жазған. Өзі

алғаш қойған тақырыбы: "Өз

қазағым, өз елім" екен. Кейін

сол кездегі партия

шенеуніктерінің тиым

салуымен тақырыбын

өзгертуге мәжбүр болған.

Төменде ұсынып отырған

әңгімем Қасым өмірінің бір

кезеңін камтиды.

Көкшенің мөлдіреген

жанарындай кербез көлдері,

сылаң қайыңды сұлу

ормандары, ұшар басын

жібек мұнар желпіген серек

шыңдары кімді ғашық

етпеген, кімді таңдай қаға

тамсамдырмаған, шіркін.

Сонау шалғайдағы

Қарағандыдан осындағы

санаторийге кеше ғана келіп

түскен Мекебай ерте тұрып,

Көкше көркін тамашалап

жүр. Көл жағасындағы

аллеяға түсе бергені сол еді,

артынан жедел жүріп келе

жатқан әлдекімнің аяқ

тықырын естіп, жалт қарады.

- Бағана сыртыңнан танып,

көз жазбай соңыңнан еріп

отырдым. Өзің тіпті

жеткізбейсің ғой, - деп

Мартбек күлімсірей келіп

қолын алды. Мекебай бұл

азаматты жақсы танитын.

Мартбек Мамыраев - Совет

Одағының Батыры, бұл екеуі

де бал дәурен балалық

қызығын . Қарағанды

қойнауында бірге өткізген

сырлас жандар еді.

Екеуі амандық-саулық

сұрасқан соң Мартбек бір

тосын жаңалық айтты.

Осындағы екінші

санаторийде Қасым демалып

жатыр екен. Кәдімгі ел

еркесі, атақты ақын Қасым.

- Япырмай-ау, шынымен

сол Қасым ба? - Мекебайдың

Қасымды көрмегеніне 32

жыл өтіпті.

Қасым мен Мекебай бір

ауылда өсті. Бұлардың

қыстауы - Кенттің бір сілемі

Қызыл деген жерде

болатын. Қасымның әкесі

жас кезінде қайтыс болды

да, қаршадай кезінен

жетімдік тақсіретін көп

тартты. Ағалары

Нығыметжан мен Ахметжан

жыл сайын Семейге барып,

қаражат тауып қайтатын.

Тайжан деген ағасы ел

ішіндегі байларға жалданып

күн көретін.

1921 жылдың қысы Арқа

өңіріне апат ала келді.

Сақылдаған сары аяз,

бұрқаған долы боран алты ай

қыста ел апшысын қуырып-

ақ жіберді. Мал қырылды.

Басқаларымен бірге

Қасымның да ағалары

Семейге азық іздеп кетті.

Көктемде қалаға тағы бір

керуен жүретін болды да,

қаршадай Қасым соларға

ілесті.

Әлі есінде, көкек айының



іші, Ауыл әлі қыстауда. Кент

қойнауынан соққан жел сай-

саладағы қар атаулыны

бордай үгіп, аз күнде жым-

жылас еткен. Бірақ, артында

бір ызғар бардай, күн әлі

салқын.

Керуен ауылдан қозғалар



алдында, Мекебайдың үйіне

Қасым келді. Ұғымтал, зерек,

Мақсым Омарбеков

болдым. Ту-у мына Көкшенің

ортасына ел көшіп келгендей,

бір жасап қалдым-ау. Ал,

қане, жоғары шығыңдар... -

Қасым қуанышы қойнына

сыймай алып-ұшып жүр.

- Иә, балалық шақтағы көп

суреттер, көп елестер

көкейімде жатталып

қалғандай, елді көрмеген

отыз екі жыл ішінде бір сәт

есімнен шыққан емес, - деді

Қасым қонақтары жайланып

отырған соң. - Әлі есімде,

"Өз қазағым, өз елім"

(деректі әңгіме)

аңқылдаған ақ көңіл баланы

барша ауыл жақсы көретін.

Қасымның алыс сапарға

аттанбақ болғанын естіген

Мекебайдың анасы көзіне

жас алып, маңдайынан сүйді.

Кетерінде сырлы тостағанға

жаңа ұйыған жылы қатықты

шүпілдетіп құйып бергені

есінде. Сол кеткеннен бері

Қасымды көрген емес. Өзі

болса, елде көп жылдан бері

ұстаздық етеді...

- Қасымды қайдан танушы

едің? - деп сұрады

Мартбектен.

- Пәлі, Қасымды мен майдан

күндерінен білемін. Ұлы Отан

соғысы туралы көп өлеңдер,

көп шығармалар жазылды

емес пе, бірақ, солардың

ішінде Қасымның мыңа

өлеңіне тең келетін жыр

оқыдың ба, өзің?! Тыңдашы...

Батыр Мартбек көл

жағасындағы серек тасқа

секіріп шығып, Қасым өлеңін

саңқылдаған үнмен

тақпақтай жөнелді:

Өмір гүлін жаншып-таптап,

Шаштан сүйреп махаббатты,

Жерімізге жындай қаптап,

Найзаға іліп ар-ұятты,

Келе жатты сұм жендеттер,

Жиіркеніп жиырылды жер...

- Иә, жайсаң жыр!

- Жайсаң деген не? Жай

оғындай жарқылдаған,

жалын жыр десеңші!

Екеуі Қасым жатқан

бөлменің алдына келгенде,

Мартбек Мекебайды

тоқтатып: "Әуелі сен кір,

таныр ма екен?"- деді.

Мекебай есікті болар-

болмас -сықыр еткізіп кіріп

барды. Қасым терезе алдына

қойылған жазу столында бір

суретке қарап отыр екен.

Есік сықырын естіп жалт

қараған Кдсым Мекебайды

көріп орнынан ұшып тұрды.

Орындығын жедел

қимылмен ысырып тастап:

"Оу, Мекебаймысың!" деп

құшағын айқара ашты.

- Қасым-ау, отыз екі жыл

көрмеген туысыңды қалай

бірден таныдың? - деді осы

сәтте кіре берген Мартбек.

- Мекебай кіріп келгенде,

әкесі Жазыбайды көргендей

қыстауымыздың алды құлама

беткей болатын, қысты күні

ауыл балалары сол беткейде

сырғанақ тебетінбіз. Менің

кейініректе жазған

'"Сырғанақ-сай" атты өлеңім

сол балалық әсердің ізімен

жазылып еді...

Қасым алыста қалған

балалық шағын еске

түсіргендей, бір сәт үнсіз

қалды. Иә, бұлардың ата

мекені Қызыл - Кент өңірінің

айтулы бір сұлу жері екені

рас. Қыстау алдындағы суы

мол өзеннің қос қапталы ну

тоғай, қызғылт тал, терек.

Алыста көгілдір жібек

сағымға бөленген Кенттің

биік шыңдары бұлдырай

көрініп тұратын. Қасым

жасында күн үзаққа мөлдір

суға шомылып, құмға

қыздырынуды жақсы көруші

еді.


Шіркін, Қызылдың айлы

түндері қандай еді! Ауыл

балалары ай туысымен ақ

сүйек ойнауға шығатын. Сол

ойын үстінде бала Қасым ақ

сүйек қай тұсқа түссе де,

басқалардан бұрын тауып

алатын.


- Осы Қасымның көріпкелі

бар ма-ей. Қалайша

бәрімізден бұрын табады ақ

сүйекті?! - десіп балалар

таңдай қағысатын.

- Сендер сүйек ұшар-

ұшпастан тұра жүгіресіңдер.

Мен болсам, әуелі сүйектің

қай тұсқа түскенін аңғарып,

пайымдап аламын, - дейтін

сонда Қасым, Иә-ә, о да бір

дәурен екен-ау...

- Қасым біздің әкейдің

Тайжан екеуіңді Майөзекте

жылқы бағып жүргенде

тауып алатыны қайда, есіңде

ме? - деді Мекебай.

-Е, ол менің жетіге шыққан

жылым ғой. Неге есімде

болмасын...

Қасым әкеден жастай

қалды. Сол жетімдік зардабы

жас жүрегін шымырлатқан

кезең туралы ол:

Өмірге ендім еңбектеп,

Шалқалап әкем шықты

үйден.

Жетімдік тағдыр жетті



ептеп,

Қабағын жаба түксиген.

-деп жазған еді, кейінінен.

Бір ретте ағайыннан зәбір

көрген Қасым ағасы

Тайжанға ілесіп ауылдан

қашқан болатын. Қашқанда

- барар салулы төсек,

салқын үйі бар ма?

Шиеттей екі бала

шырқырап жылап әке

зиратына барып түнеген.

Біреуден қысым-қыспақ

көрсе, әке зиратының

басына барып мұң шағу -

бұлардың әдетіне айналған

еді. Сол жерде бір-екі күн

болып, әбден қарындары

ашқан, сусап қаталаған қос

жетімек ауылды бетке алып

жүріп кеткен. Бірақ,

"жығылған, үстіне

жұдырық" дегендей, қайтар

жолда адасады. Ширақ

жүріп, ел қарасын іздеуге

екеуінде де әл жоқ. Сөйтіп,

бір қарағанның түбінде бүк

түсіп жатқанда, осы

Мекебайдың әкесі

Жазыбай жылқы қарап

жүріп үстерінен түседі.

Біреуін алдына, біреуін

артына алып, ауылға алып

келеді. Мекебайдың айтып

отырғаны осы жай еді.

- Сенің шешең Ұлжанды да

ұмытқам жоқ. Жарықтық,

жақсы адам еді. Сол кісінің

дәл ауылдан кетерде шығар

ауызда ұсынған бір тостаған

айранының дәмі, міне отыз

екі жыл бойы аузымнан

кеткен емес. Бәлкім, бұл ел

мен жерді сағынғандықтан

да болар... Қасым орнынан

тұрып кетіп, терезе алдына

барды. Басын мұнар шалған

көк тауларға әлдебір

сағынышты, мұңлы

кескінмен ұзақ қарап

тұрды.

- Қасым, елден ала келген



біраз дәм бар еді, бізге

барайық, - деп осы сәтте

Мекебай орнынан тұрды.

Қасым, Мартбек, Мекебай

үшеуі қиыршық құм

себілген аллеямен ақырың

басып келе жатыр. Алдан

таулы өңірдің саумал

самалы есті Айдын көлдің

күн шұғыласына шомған

толқындары малта тасты

жағалауға лықсып келіп

төгіледі де, кейін шегінеді.

- Қасым, осы сенің: "О,

дариға, алтын бесік туған

жер, қадіріңді келсем

білмей - кеше гөр. Жата

алмас ем топырағыңда

тебіренбей, Ақын болмай -

тасың болсам мен егер",-

деген жыр жолдарың бар

ғой. Сол.өлеңің қай жерге

арналған?-деді манадан бері

үнсіз келе жатқан Мартбек.

- Мына Мекебай біледі,

мен елден ертерек кеттім

ғой. Жастық шағым

Семейде, Оралда, одан

беріректе Алматыда өтті.

Құйындай соғып кешегі

Отан соғысы өтті

басымыздан. Осы жылдар

ішінде елге барудың бір реті

келмеді.


(Жалғасы бар)




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал