Дүниеде мен білетін екі ұлы



жүктеу 0.65 Mb.

бет6/6
Дата16.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Ал шығып жатқан дүниелер 

туралы не айтуға болады? 

Мысалы, соңғы уақыттарда 

жарық көрген әндер мен 

күйлердің нота жинақтары, түрлі 

антологиялар, дискілер көзіңізге 

түсті ме? Олардың артық-кем 

тұстары неде?

– Көп халықтармен салыстырғанда, 

құдайға шүкір, біз өз дәстүрімізді, 

музыкалық мұраларымызды жоғалтпаған 

елміз. Естуімше, мысалы, Францияның өз 

фольклоры жоқ көрінеді. Негізі, халықтың 

байырғы ән мұрасына өте ықтиятты 

болып, мұқият қарау керек. Ән, күй 

жинақтарын да асықпай, жауапкершілікпен 

шығарса. Мысалы, солар ерінбей Семейге 

келсе, барлық әнімді айтып беремін ғой. 

Бірақ олар өйтпейді, концертімді алады 

да, нотаға айдап жібереді. Ол деген ертең 

үйренетін адамға обал ғой. Әуенге мән 

берілмегеннен кейін әйтеуір бір шикілігі 

шығып тұрады. Әсілі, фольклор деген – 

өте қауіпті нәрсе. Мысалы, бір әнді жазып 

отырып, өз жанымнан бірдеңе қосып 

жіберсем, сол бойы кетеді. Үйренген адам 

байқап, түзетіп айтса, жақсы. Түзетпесе, 

солай қалыптасып қалады. Міне, осы 

жағына абай болсақ деймін. 



– Осы орайда, бүгінгі ән 

өнерінің байырғы халық 

музыкасымен үндестігі, 

сабақтастығы қалай? 

– Шәкір Әбенов: «Әннің үш авторы 

бар: ақын, композитор, әнші. Осының 

ішінде ең көп жұмыс істейтіні – әнші», – 

деп айтып отырушы еді. Қазір өзі ән де, 

әнші де саңырауқұлақ сияқты қаптап кетті. 

Жақсысы да, жаманы да бар. Ең бастысы, 

талапты жастардың байырғы халық 

мұрасымен барынша сусындап, түп негізі, 

тамыры бар дүниелер туғызуға ұмтылғаны 

абзал. Ол үшін көп іздену керек,үйрену 

керек. Бір өкінетінім, менде көлік болмады. 

Әйтпесе Абайды, Шәкәрімді, Мұхтарды 

айтып отыратын, басқа да ғұламалардың 

көзін көрген, жөн білетін қаншама 

қариялар болды. Көпшілігі дүниеден өтіп 

кетті. Қазіргі үлкен ақсақалдардың ғибрат-

ты әңгіме айтуға уақыты да, құлқы да жоқ. 

Және «балаларды ғаріпке айналдырып 

отырмыз» деп еш ойламайды. 



– Сіздіңше, халық музыкасы 

бүгінде қаншалықты сұранысқа 

ие?

– Қарап тұрсаңыз, қазір радио-

теледидар эфирлерін түгелдей жылауық, 

ыңырсыған ән-әуендер жаулап алды. 

Халық әндерінің халі мүшкіл қазір. Ал 

кейінгі әндердің дені – тамырсыз, яғни 

негіз жоқ. 

– Ал не нәрсені немесе қандай 

тақырыптарды негізге алуға 

болар еді?

– Әншілерге айтарым, ең бірінші ден, 

халық әндерін жақсы білу керек. Мысалы, 

олардың негізінде не жатушы еді? Дала, 

орман, тау мен тас, табиғат, адамның 

адамға деген көңілі, адами қарым-

қатынастары, өмір туралы түсінігі мен 

парасат-пайымы. Қазіргі әндердің 

көпшілігі Батысқа еліктеуден туып жатыр, 

соның салдарынан ойсыз, мән-мағынасыз 

дүниелер қаптап кетті. 

– Жалпы, ән арқылы қандай 

идеяны насихаттауымыз керек, не 

нәрсені негіз етуге тиіспіз деп 

ойлайсыз?

– Негізі, қалай болғанда да, қазақтың 

тілін сақтап тұрған – әнші, жыршы, 

термешілер. Солар арқылы қазақтың сөзі 

халыққа тарап жатыр. Мысалы, сабаққа 

күнде барғанымен, оқушы ұстазын бірде 

тыңдайды, бірде тыңдамайды. Көп 

жағдайда мұғалімнің еңбегі зая кетуі де 

мүмкін. Ал керемет әншіні, сал-серіні 

тыңдамайтын адам болмайды. 



– Сондықтан «ән арқылы 

жүргізілетін тәрбиені күшейту 

керек. Дәстүрлі музыканы, өнерді 

көтеру керек» дейсіз ғой...

– Әрине. «Тіліміз құрып бара жатыр», 

«мәдениетіміз кенжелеп қалды» деп 

байбалам сала бергенді қойып, патриоттық 

тәрбиені мықтап қолға алу керек. Әрбір 

баланың жүрегінде «Бұл – менің елім!», 

«Осы ел үшін, жер үшін мен отқа да, суға 

да түсемін!» деген түсінік берік орныққан 

жағдайда тіл де, тарих та, мәдениет те 

еңсесін тіктейді. 



Сұхбаттасқан 

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

ЖАҢҒЫРЫҚ


Кейде мен де 

«халық әндері 

өліп кете ме» 

деп қорқамын...

Аквамарин – теңіз түстес көгілдір тас 

(латын тілінде aqua – су, mare – теңіз). 

Аквамарин көбіне наурыз айында туғандарға 

сыйланады. Ертеде теңізшілерді немесе 

теңізде саяхаттаушы 

ларды қорғап жүрсін 

деген ниетпен аквамариннен бойтұмар жасай-

тын болған. Ол сондай-ақ көздің көру қабілетін 

жақсартады, адам бойындағы буырқанған 

күшті сабасына түсіреді, махаббаттың беріктігін 

арттырады дейді. Кезінде ақсүйектердің 

әңгімелеріне арқау болған ағылшын патшайы-

мының тәжіндегі 920 карат көгілдір тас, 

Польша корольдігінің теңізге шыққанда алып 

шығатын аса таяғына қондырылған 30 санти-

метр аквамарин туралы тарих беттерінен 

белгілі. Бұл тас көлемінің үлкендігімен ерекше. 

Көлемі жарты метр бір данасы Санкт-

Петербордағы мұражайда сақтаулы. Ал 

әлемдегі ең үлкен тас – Бразилияда. Оның 

салмағы – 110,2 килограмм. Аквамарин кей-

де бозғылт сапфирге немесе көгілдір топазға 

да ұқсайды. Оның тәуліктің мезгілінде, 

қараңғы немесе жарықта да түсін өзгертетін 

қасиеті бар.



Менің қалыңдығым аквамарин деген асыл тасты жақсы көреді екен. Сондықтан 

мен оған аквамарин қойылған алтын сақина сыйлайын деп едім, бірақ ол тас 

туралы өзім ештеңе білмеймін. 

Диас, Алматы қаласы

Көктем шыға бетімді секпіл басып, қара дақ қаптап кетеді. Күннен қорғанып, 

көбіне көлеңкеде жүремін. Бірақ оның пайдасы тиіп жатқан жоқ, жылда осылай 

қарала-торала болып жүргенім. Сіздер қандай кеңес бересіздер?

 Райхан, Түркістан қаласы 

Секпілден құтылатын кезім бола ма?



Жарылқаушының 

бетпердесі

Көктемнің ультракүлгін сәулесі бетке 

тіке  лей әсер ететіні рас. Бетке түсетін қара 

ала дақ, секпіл дегендердің тек сізді ғана 

емес, талайларды мазалайтын жағымсыз 

жайт екені белгілі. Дегенмен қазір әртүрлі 

косме 

тикалық майлар (кремдер) бар. 



Бетіңіздің терісіне лайықталғанымен таны-

сып, пайда лысын таңдап алуыңызға бо ла-

ды. Қазір оған мүмкіндік мол. Ал әзірше үй 

жағ 


дайында жасауға болатын әртүрлі 

маскалардың бір неше түрін айтайық. 1) 

Бір түйір лимонның сөліне 100 грамм бал 

араластырып, бетіңізге жағып жатыңыз да, 

20 минуттан соң жылы сумен жуып 

тастаңыз. 2) Үш пайызды 100 грамм су тегі 

қышқылына бес грамм мүсәтір қосып 

араластырып, бетіңізді сүртіңіз, 15 минут-

тан соң теріні ағартатын май жағып 

қойыңыз. 3) Лимон ның, пияздың сөлін 

және асха налық сірке суын – әрқайсысын 

25 грам 


нан шыны ыдыс 

қа құйып, 

араластырып, беті ңізге 20-25 минуттай 

жағып қойыңыз. Бұл маскаларды күніне 

екі-үш  реттен  жа сау ға  болады.

Аквамарин махаббаттың беріктігін арттырады



АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Әдетте, жаман ой бірінші жүреді ғой. Біржан салдың: 

«Қорқамын, ауруымның түрі жаман, Біржанның кім ұстар деп 

домбырасын», Қасымның: «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, 

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп» дегені сияқты, кейде мен де 

«халық әндері өліп кете ме» деп қорқамын. Себебі біз 

тыңдаушымыздан айырылып бара жатырмыз. Осы ретте, 

мектепте халық музыкасынан арнайы сабақ жүрсе, әлдеқайда 

оңды болар еді. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деп Абай 

тегін айтпаған. Біз шындығында, әннің қадірін аса білмейміз. 

Таңертең – жиналыс, түсте – тамақ, түстен кейін – тағы 

жиналыс... Ал осылайша жиналыстан мезі болған адам әдемі 

бір ән естісе, гүл сияқты ашылып шыға келер еді!.. 

Ресей мен Гүржістанның 

арасында бес күндік соғыс орын 

алғанда, әлемдік БАҚ «бұл 

текетірестен ең үлкен зардап 

шегетін шетелдік мемлекет 

Қазақстан болады» деген пікірді 

жарыса жазып еді. Себебі ол 

кездері Қазақстан Гүржістанды 

инвестициялауда АҚШ пен 

Ұлыбритания сынды елдерден 

кейін үшінші тұрды. Әрине, 

мұндай жоғары көрсеткіштің 

ненің есебінен болып жатқанына 

сол кездері ешкім мән берген 

жоқ. Арада біршама жылдар 

өткен соң қазақтардың 

грузиндерге деген осынша 

«рақымшылығына» БТА банкінің 

бұрынғы басшыларының қосқан 

үлесі ерекше екені анықталып 

жатыр.

Қазақстандық қаржыгердің «жат елге 

егін салу» тәжірибесінің астарында не 

жатқаны осы күні біртіндеп көріне бастады. 

2006 жылдың қысқы мезгілінде Гүржістан 

Президенті Михаил Саакашвили қазақ-

стандық қос қаржыгер, Мұхтар Әблязов 

пен Еркін Тәтішевті Гүржістанның құрметті 

азаматы және «Құрмет» ордендерімен 

мара 


паттай отырып, «Сіздердің қас 

та-


рыңызда Үкіметтің маңыздылығы артта 

қалып қояды, іс тындырып жатқан сіздер 

ғой» дегенді айтып еді. Өйтпегенде ше? 

Бұл не деген батпан құйрық, айдалада 

жатқан құйрық дегендей, біреу тегіннен 

қаржы салып жатса, «айналайыннан» 

басқа не айта сың? Алайда соның Қазақстан 

үшін пайдасы қанша болды екен деген 

сұрақ туындайды? Қанша дегенмен сол 

қар жының басты бөлігі Әблязов Тәуелсіздік 

алған жылдардан бері түрлі жолдармен 

Қазақстаннан жинаған қоры ғой. Ал оны 

«шетелге инвестиция саламыз» деген 

желеумен сыртқа шығару – бұл – ақшаны 

басыбайлы жеке мүлкі ету үшін жасалған 

қадам. 


Сонымен, «үкіметтен маңызды» болар-

лықтай Әблязов не жақсылық жасап қойды 

екен» деген сауалға жауап іздейік. БТА 

банкінің бұрынғы жетекшілерінің дерек-

теріне қарағанда, Гүржістанға құйылып 

қойған қаражат істің тек баста масы ғана 

болатын. Банк жетекшілерінің әлі іске асып 

үлгермеген ойдағы жоспарлары одан да 

зор еді. Тек Аджария автономды аймағына 

ғана 200 миллион доллар қаржы құю 

межеленген екен. 2008-дің қыркүйегіндегі 

оқиғадан кейін қазақ-гүржі қатынасын жіті 

зерттей бастаған Ресей деректеріне қара-

ғанда, Гүржістанға 500 миллион доллар 

құйылып, тағы сондай көлемде қаражат 

салу жоспарда болған. Мәселен, Тибили-

сидегі ең қымбат Redison Iveria қонақжайы-

ның БТА банк қаражатына салынғаны кез 

келген қазақстандықты таңғалдырады. 

Дегенмен бұл да басты салым емес. Жоспар 

бойынша, Гүржістанда мұнай өңдеуші 

зауыт тың құрылысы және басқа да энер-

гетикалық жобалар жүзеге асуы керек 

болатын. Әблязов Рустави қаласындағы 

мұнай өңдеуші зауытты салу жоспарлап 

отыр еді. Бұл жобаға 350 миллион доллар 

салыну керек болатын. Тіпті Гүржістанның 

гидроэнергетикасын қаржыландырмақ 

жоспарын бір кездері Әблязовтың өзі де 

мәлімдеді. Қысқасы, Михаил Саакашвили 

үшін Мұхтардан қымбат адам жоқ. 

Әблязовқа қойылған «Саакашвилидің 

банкирі» деген лақап аттың астарында да 

осы сыр жатыр. Себебі бүгінде жемқорлық 

пен қаржылық қылмысқа қатысты 

айыпталып отырған Әблязовтан басқа 

бірде-бір мемлекет немесе мемлекет 

басшысы Саакашвилиге осынша қам-

қорлық жасай алған емес. Ресей сарап-

шылары жоспарға алынған осы қаражаттың 

барлығы қайда кетті, қазақстандық 

қаржыгер қажет уақытында Гүржістан 

әскери күштерін қаржыландыруға да үлес 

қосқан жоқ па деген сауал тастайды. 

Қысқасы, Гүржістанның бәсекеге қабілетсіз 

деп бағаланып отырған бизнесі мен 

демалыс орындарына қаржы құюға 

Қазақстан мүдделі ме еді? Оның үстіне, 

Михаил Саакашвилидің «Қайтарым 

ретінде Қазақстанға инвестиция салу 

туралы» өз аузымен берген уәдесі қайда 

қалды?


Жалпы, Ресей саясаткерлерін БТА бан-

кінің бұрынғы жетекшілерінің Украинаға 

салынған қомақты инвестициялары да 

алаңдатқан болатын. БТА банкінің 

ұйымдастыруымен және бастамашы 

болуымен екі-үш жылда Украинаға 

салынған қаражаттың көлемі 1 миллиард 

долларды құрайды. 

Ұзын сөздің қысқасы, жат елді 

жарылқаушы Әблязовтың өз «Отанына» 

қалдырған мұрасы – ел мен елдің арасын 

салқындатуға қосқан үлесі ғана. 



Мансұр МІРБОЛАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№97 (323) 12.06.2010 жыл, сенбі                    



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

СУРЕТТЕ КІМ?

Талантты жазбай таныңыз

ДОДА


Нұрғазы САСАЕВ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Жақында радиодан Ресей мен Украинаның алып боксшылары Александр 

Поветкин мен Кличконың жекпе-жегі өтетінін естіп қалдым. Бұл айқас қашан 

және қай қалада өтеді? Сондай-ақ Поветкинмен жұдырықтасуға Кличконың 

қайсысы шығады?

Жансая МҰСАБЕКОВА, Алматы

Ресейдің алыбы Александр Поветкин 

мен украиналық кіші Кличко арасындағы 

жекпе-жек қыркүйектің 11-і күні Герма-

нияның Франкфурт қаласында өтуі мүм-

кін. Ағайынды Кличколардың про-

моутерлік компаниясы бұл айқастың 

Франк 


фуртте өтуін қалауда. Алайда 

Поветкиннің жағы жекпе-жекті Мәскеуде 

өткізгісі келетінін жасырмайды. ІВҒ 

тұжырымы бойынша, аса ауыр салмақтағы 

әлем чемпионы тәжіне таласатын қос 

мықтының қай-қайсысы болмасын, 

жеңіс ке жететініне бек сенімді сияқты. 

Дегенмен Владимир Кличко мен Алек-

сандр Поветкиннің жекпе-жегінің келісім-

шартына әлі қол қойылмаған екен. Демек, 

егер екі тарап өзара келісе алмаса, бұл 

айқастың өтпей қалуы да ғажап емес.

Кличко мен Поветкин айқасады

Қай құрама топ жарады?

БОЛЖАМ


ІЗБ

А

САР



ЛАР СПОР

ТЫ

Спартакиада – шыңдалу мектебі

Негізі, бұл сөздің дұрыс айтылуы – «мундиале». 

Испан тілінен аударғанда әлемдік, дүниежүзілік, 

бүкіләлемдік деген мағыналарды білдіреді. 1982 

жылғы әлем чемпионаты Испанияда өткен. Сол 

жолы испан халқының әлем чемпионатын, Алтын 

кубок додасын армансыз өз тілдерінде атағаны 

айтпаса да түсінікті болар. Содан бастап әлем чем-

пионатын «Мундиаль» деп атау дағдыға айналып, 

қалыптасты. Қазір тіпті испан тілді елдер тұрмақ, 

басқа мемлекеттерде, тіпті басқа құрлықта өтсе де, 

әлем чемпионаты «Мундиаль» деп аталып жүр. 

Алайда кейбір электронды басылымдар «мун-

диаль» деген сөздің, терминнің 1982 жылғы әлем 

чемпионатынан бастау  алғандығына келіспейді. 

Бұл орайда олар «1930 жылы Уругвайда өткен әлем 

чемпионатының афишасында «1-er Campeonato 

Mundial Futball» деп жазылған болатын» деген 

деректі көлденең таруда.



Бейсенбі күні футболға, оның ішінде Оңтүстік Африкада өтетін әлем чемпионатына арнап 

шығарған газеттеріңізді оқыдым. Бір байқағаным, қазір көптеген басылымдар ілтипатпен 

қолданып жүрген «мундиаль» деген сөзді сіздер де жазыпсыздар. Осы сөздің «әлем 

чемпионаты» деген сөзді білдіретіндігін сеземін, бірақ дәлме-дәл мағынасы мен аудармасын 

білмеймін. 

Ерболат МАҚАШЕВ, Қызылорда қаласы

«Мундиаль» деген сөздің қазақшасы бар ма?



Бұл жолы «Талантты жазбай 

таныңыз» айдарына футбол ойы-

ны ның өкілін беріп отырмыз. Жал-

пы, бұл футболшының жан күйер-

лердің, мамандардың назарына 

іліккеніне көп болған жоқ. Былтыр 

ғана өзін Қазақстан футболына 

таныстырған жас дарын биыл өзі 

өнер көрсететін команданың 

маңдайалды футбол шысы болып 

үлгерді. Кәмелет жасына толуын 

осы аптада атап өтті. Ал осы 

чемпионатта  коман да сының  бар-

лық ойынына қатысcа да, гол 

соғып, қанжығасы майлан бапты. 

Жастар құрамасының аға бапкері 

Павел Родненокта бұл футболшыға 

ерекше назар ауда 

рып, оқу-

жаттығу жиында 

рына шақырып 

жүр. Егер осы бетінен таймаса, 

суреттегі жас дарынды герр Шторк 

та ұлттық құрамаға тарта бастауы 

ғажап емес. Айтпақ шы, жақында 

осы футболшыға байланысты 

сыбыстар тарады. Соған сенсек, 

жақын арада бұл футболшы «Тұ-

манды альбионға» аттанып, Ан-

глия премьер-лига 

сында өнер 

көр 

сететін клубтарда байқаудан 

өтетін көрінеді. Кім біледі, «жел 

тұрмаса, шөптің басы қимылдай 

ма?», бәлкім, болашақта суреттегі 

жас дарынымызды «Манчестер 

Юнайтед» сапынан көріп қалар-

мыз.

А) Дамир ДӘУІТОВ

Ә) Акжол СЕРІКЖАНОВ

Б) Бауыржан БАЙТАНА

В) Алан ДЗАГОЕВ

«Талантты жазбай таныңыз» 

айдарының өткен жолғы санында 

боксшы қызымыз Марина Вольнова-

ның суретін бергенбіз. Бокстан Астана-

да өткен қыздар арасындағы Азия 

біріншілігінің аяқталғанына көп уақыт 

бола қоймағаны әсер етті ме, әлде 

Марина осы уақытқа дейін шынымен 

де жанкүйер жинап үлгерді ме, әйтеуір 

бұл жолы редакциямызға қоңырау 

шалып хабарласқандар әдеттегіден 

әлдеқайда көп болды. Барлығы да 

Вольнованың өнеріне тәнті болған-

дарын айтып, сүйсіністерін жасыра 

алмады. Ал ең бірінші болып ха-

барласқан оқырманымыз – Алматы 

қаласының тұрғыны Аманбай Бай-

нимиров. 

Мұнда негізгі назар мектеп 

жасына дейінгі және мектеп жасын-

дағы балалар, студент жастар ара-

сында әлеуметтік зерттеулер 

жүргізуге аударылады. Бұл 

жұмыстардың басты мақсаты – балалар 

мен жастардың дене тәрбиесін ғылыми әрі 

әдістемелік жағынан қамту, спорттағы 

ізбасар жеткін шектерді дайындау және ел 

намысын қор ғайтын таланттардың бағын 

ашу. Бұл орайда колледж бен мектеп 

оқушыларының спартакиадалары мен 

студент жастар универсиадаларының 

атқарар маңызы орасан зор. 

Еліміздің 15 қаласында өтіп жатқан 

Спартакиада додаларының командалық 

сынында негізгі бәсе ке Алматы қаласы мен 

Оңтүстік Қазақтан облысының оқушы-

спортшылары арасын да.

 2006 жылғы мектеп оқушыларының ІІІ 

спартакиадасында жалпы командалық 

есепте оңтүстікқазақстандық оқушылар 

негізгі қарсыластары Павлодар мен Алматы 

қаласының командаларына шаң қаптырып 

кеткен болатын. Сол спартакиададан кейін 

спорт мамандары елімізде көшбастаушы 

атанып жүрген Алматы қаласында жалпы 

«спорт құрдымға кетіп бара жатыр» деген 

пікірдің басын қылтитқан-ды. Алматылық-

тар сол кемшіліктерден дер кезінде дұрыс 

Еліміздің  болашағы болып табылатын жас ұрпақты, 

жастарды тәрбиелеп, дайындайтын Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

қарамағындағы дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық 

орталығының бой көтергеніне 10 жыл толды.

қорытынды шығара білуінің нәтижесінде, 

өткен IV Спартакиада дода 

сында бас 

жүлдені жеңіп алып, оңтүстік-

қазақстандықтарды екінші сатыға сырғыт-

қан болатын.

Павлодарлықтар III және IV Спартакиада 

додаларында жүлделі үшінші орынды 

иеленіп, бұл облыста жасөспірімдер 

спорты на ерекше көңіл бөлінетінін айқын-

дай түсті. 

Биылғы V Спартакиаданың бағдарлама-

сына спорттың 47 түрі енгізілген. Күні 

бүгін ге дейін спорттың 37 түріндегі бәсе-

келер аяқталды. Осы сынға қатысушы 

коман далардың аяқ алысына келетін бол-

сақ, алтын медаль саны бойынша Алматы 

қаласының спортшылары жеке-дара көш 

бастап келеді. Еншілерінде – әзірше он 

алтын. Алматылықтар жеңіл атлетика, 

жүзу, нысана көздеу, еркін күрес, акроба-

тика, спорттық гимнастика, семсерлесу, 

регби, спорттық бағдарлама сияқты спорт 

түрлерінен алтын алды. Олардан төрт 

алтыны кем оңтүстікқазақ стандықтар екін-

ші орында келеді. Негізі, медаль алу 

жағынан ОҚО 20 медальмен алда тұр, ал 

алматылықтарда 18 медаль бар. 

Өткен спартакиадаларда жамбыл-

дықтар жалпы командалық есепте көш 

бастаған үздіктерге айтарлықтай қарсылық 

көрсетіп, командалық төртінші орыннан 

көрінулері кездейсоқтық емес екенін 

биылғы V Спартакиадада дәлелдей түсуде. 

Күні бүгінге дейін олар бес алтын, үш күміс, 

төрт қола медаль еншілеп, үшінші орында 

келе жатыр.

Әрқайсысы үш алтын медаль жеңіп 

алған Шығыс Қазақстан, Павлодар, 

Алматы облыстары бұдан кейінгі орын-

дарда іркес-тіркес келе жатса, олардың 

өкшесін екі алтын медаль алған қостанай-

лықтар басы келеді. 

Бұрынғы спартакиадалар барысында 

үнемі көш соңында қалып қоятын Солтүстік 

Қазақстан, Қызылорда, Атырау сияқты 

облыстардың үлесінде бір алтыннан бар. 

Бұл – спорт сүйер көпшілікті еріксіз елең 

еткізер, қуанышты мәлімет. Астаналықтар 

өз аттарына кір келтірмеу үшін тырысып 

бағуда. Елорда оқушыларының үлесінде 

– екі алтын, екі күміс, үш қола.

Қарағанды облысының спорттан 

еліміздегі ең іргелі өлкенің бірі екеніне 

бойымыз әбден үйреніп кеткені соншалық, 

олардың V Спартакиада додаларында көш 

соңында қалып қойғанын көріп, еріксіз 

таңданудамыз. Олардың үлесінде әзірше 

екі күміс, үш қола медаль ғана бар.

Өткен Спартакиадаларда үнемі соңғы 

орыннан көрініп жүрген Маңғыстау 

облысы ескі әдетінен әлі арыла қой-

мапты.


Сонымен Спартакиада жарыстары күн 

өткен сайын қыза түсуде. Биылғы доданың 

жалауы 17 шілде күні Шымкент қаласында 

түсіріледі. 



Рабат ЖӘНІБЕКҰЛЫ

АПАТ


Экс-басшының шөбересі қаза тапты

Осыдан соң бәрі бір-біріне өз болжам-

дарын айтады. Бәстесетіндер де бар. Ал 

БАҚ өкілдері білікті мамандардың бол-

жамдары мен пайымдарын білуге құштар. 

Болжам жасаудың да бірнеше жолы 

бар. Әлбетте, аяқдоптың сүйек майын 

шаққан кәсіби мамандар бір команданы 

ғана атамайды. Олар негізінен «чемпион 

болады-ау» деген әлеуеті зор, азулы 

құрамалардың бірнешеуін жіпке тізіп 

шығады. Ал бір құраманы ғана атайтындар 

– қайсыбір құра 

маның фанаттары мен 

жанашыр жанкүйерлері ғана. Содан 

соң өз Отанының патриоттары да тек 

өз елдерінің ұлттық құрамасын атайды. 

Шетелде «заманың түлкі болса, тазы 

болып шал» деген қазақы қағиданы қатаң 

ұстанған мамандар да баршылық. Олар әр 

басылымға бір ғана құраманы «чемпион 

болады» деп нық айтады. Мысалы, 

біреуіне «Испания чемпион болады» десе, 

екіншісіне «Аргентина алады, алтынды» 

дейді. Ал үшіншісіне «Бразилия озады» 

деп сенім білдірген болады. Осылай айта 

береді. Осылардың әйтеуір біреуі чемпион 

болады ғой. Сонда әлгі басылымдардың 

біреуі «бұл адам бізге осы команданың 

чемпион болатындығын алдын ала айтып 

еді, қателеспепті» деп атын шығарады... 

Қазақта да аламан бәйге алдында 

болжам айту атам заманнан бар. Бірақ 

қазақтың болжам жасаушыларының бәрі 

әуелі бәйге аттарын көзбе-көз көретін. 

Содан соң ғана өз ойларын ортаға салатын. 

Ал әлем чемпионатына қатысатын 32 

құраманың бірде-біреуінің дәл қазіргі 

кездегі спорттық баптарын атүсті болсын 

көрмей, қалай сәуегейлік айтуға болады?! 

Қазір тек олардың құрамаларының сапына 

қарап, пәлсапа соқпасақ...

Бірақ бір нәрсені ескеруіміз керек. 

ХІХ әлем чемпионаты тұңғыш рет «Қара-

құрлықта» өтеді. Африканың климаты кімге 

жағады, кімге жақпайды?! Мәселе осында. 

Кейптаунда қаңтар айының өзінде 26 

градус ыстық екен. Бірақ бізге аптап ыстық 



Дәл қазір футбол десе, 

ішке асын жерге қоятын 

жанкүйер қауымның есіл-

дерті Оңтүстік Африкада 

өтетін әлем чемпионатына 

ауған. Бәрінің санасын 

«осы жолы кім чемпион 

болады екен» деген сауал 

тұмшалап, ойын сан-саққа 

жүгіртуде.

жеткенде, яғни жаз айлары шыжғыра 

бастағанда, олар да «қыс» екен. Аспанды 

бұлт торлап, жаңбыр көп жауатынға 

ұқсайды. Оңтүстік Африканың үш жағы 

да екі мұхитпен шектесіп жатқандығын 

ескерсек, бұған сенуге болады.

«Кім чемпион болады» деген сауалға 

қайта оралар болсақ, шетелдік те, отандық 

та мамандар бірінші кезекте Испания 

құрамасын атап жүр. Сөздерінің тұзы 

татиды. Бұл тегін айтылып жүрген сөз емес. 

Испания құрамасы Еуропа чемпионатында 

топ жарғалы олардың жеңіске деген 

арандары ашыла түсті һәм өздеріне 

деген сенімділіктері арта түсті. Испания 

2008 жылы Луис Арагонес ақсақалмен 

Еуропа чемпионы болған. Қазір бұл елдің 

ұлттық құрамасын Висенте Дель Боске 

жаттықтырады. Арагонес ақсақалдан асып 

түспесе, кем түспейді. Біле білсеңіз, кейінгі 

жылдары бас бапкер тұрақтамай қойған 

«Реал» клубын түлете білген тек осы Дель 

Боске болатын. Яғни Испания күшейе 

түспесе, әлсіреді дей алмаймыз. Шетелдік 

мамандар бұл құраманы «осал тұсы жоққа 

тән, төр құбыласы тең команда» дейді. 

Ал Бразилия мен Аргентина құрама-

лары 

ның сапындағы футболшылардың 



танымалдығынан адам түгіл, ат үркеді. 

Бірақ Абай атамыз «әрбір адамның 

артықшылығы оның кемшілігі де бола 

алады» деген. Сол сияқты әлгі екі құраманың 

сапында әйгілі футболшылардың көп 

болуы оның кемшілігі де бола алады. 

Бұл тұрғыда, осы бір артықшылықтарын 

кәдеге асыра алмай, опық жеп жүрген 

– Аргентина құрамасы. Теңбіл допты 

ұршықша үйірген футболшылары көп, 

бірақ ерен жетістіктері аз. Себебі теңбіл 

доп жұлдыздарының басын біріктіру оңай 

шаруа емес. Әрқайсысы өз алдына бір төбе 

болған футболшыларды тек психолог-

бапкер ғана бір арнаға тоғыстырып, бір 

мүддеге жұмылдыра алады. Аргентинада 

мұндай бапкерлер тым аз. Бірақ олар 

осыны біле тұра, ұлттық құрамаларын басқа 

елдің бапкеріне тапсыруды ар санайды. 

Осы қылықтары қатты ұнайды, олардың. 

Мұны намыс дейміз бе? Марадона бір 

кезде Бекхэмді «ол – футболшы емес, 

шоумен» деген. Қазір өзі бас бапкер 

ме, жоқ әлде шоумен бе, ажырата алар 

емеспіз. Содан соң Аргентина жігіттері 

тым қызба. Бір қызығы, мұндай мінез 

қазақта да бар. Нағыз жүйкеге тиер, табан 

тірескен дүлей додада осы қызбалықтары 

құртып жүр, Аргентина футболшыларын. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – 

Аргентина құрамасы маздап жанған шоқ 

жұлдыздарының басын біріктіре алса 

және қызбалыққа салынбаса, оларды 

бұл чемпионатта ешкім тоқтата алмайды. 

Олардың басты қарсыластары – өздері. 

Өздерін өздері іштей жеңе алса, чемпион 

болады.

Бразилияға қиыны – әлемде бірде-



бір құрама оларды өздерінен төмен 

санап шықпайды, жасыл алаңға. «Қарсы-

ласымызды дұрыс бағаламадық» деген 

сөзді Бразилияға қатысты ешқашан 

естімейсіз. Ешқашан! Барлық құрама 

оларға қарсы жан-жақты дайындалады, 

осал тұсын іздейді. Ал дүниеде төрт 

құбыласы тең еш нәрсе жоқ. Осал тұсын 

дөп басып тапқан команда оларды 

жеңеді.


Италия мен Германия – осындай дүбірлі 

додаларда алысқа шабатын «сыры кетсе де, 

сыны кетпейтін» сыралғы ұжымдар. Олар 

да шежіре де бар, тәжірибе де бар. Бірлік 

те бар, тірлік те бар. Әрі әу баста ойқастап, 

бірден көзге түспей, «шабыстарын» бірте-

бірте үдеткенді дағдыға айналдырған.

Адуынды Англия бір екпін алса, 

қарсыластарын қамыстай жайпап кетуге 

бар. Бірақ азулы қарсыласқа тап болғанда, 

кежегесі кейін тартып, кібіртіктеп қалатыны 

да бар. Әлеуеті – мол команда. Бірақ негізгі 

құрамдағы, әсіресе қорғаныстың орталық 

шебіндегі ойыншыларының көбісі – аяқдоп 

өнерінің жасы келген ардагерлері.

Голландияның жасыл алаңда жорғадай 

желігін жұлдыздарына рух жетіспейді. 

Мұны тіпті ұлттық намыс деуге де болар. 

«Зидансыз Франция құрамасын көз 

алдыңа елестету мүмкін емес» деген 

сөздің дұрыс айтылғандығына енді көз 

жеткізіп жүрміз. Оның орнын кім басары 

белгісіз. Францияның осыдан екі жыл 

бұрын «болашақ Зидан» деп мақтаған 

екі жас таланты (К.Бензема мен С.Насри) 

бұл жолы құрама сапына ілікпей қалды. Ал 

Анридің түрі анау, футбол емес, гандбол 

ойнап... Бұл командада дәл қазір бірлік 

жоқ сияқты. Португалия бұл жолы жалғыз 

Криштиану Роналдуге сенім артатындай. 

Осыдан екі жыл бұрынғыдай «сиқыршы» 

бапкер Фелипе Сколари де жоқ, қазір.

Біздің ойымызша, чемпиондық атақтан 

дәмелі негізгі үміткерлер – осылар. Басқа 

бір команда топ жарып жатса, оған да 

таңғалмаймыз. «Қарақұрлықтың» қара 

сирақтары теңбіл допты ұршықша иіріп, 

небір азулы командаларды қатардан 

шығарар деген үміттеміз. Өз жерлерінде, 

өз құрлықтарында намысты қолдан 

бермеулері керек қой. Айтпақшы, намыс 

демекші, кеуделерін намыс оты шоқтай 

қарыған қайсар жігіттердің ойынын көреміз 

десеңіздер, бұл жолы Түркия құрамасы 32 

команданың сапында жоқ болғандықтан, 

Мексика футболшыларының ойындарын 

қалт жібермеңіздер... 

Футболдан әлем біріншілігіне арнал ған 

арнайы концертті тамашалау үшін «Ор-

ландо» стадионына елмен бірге Нельсон 

Манделаның 13 жастағы шөбересі Зенани 

де барған. Алайда қайтар жолда Зенани 

отырған көлік апатқа ұшырап, қыз бала 

сол жерде мерт болды. Ақпарат көздеріне 

сүйенсек, көлікте Зенаниден басқа, 

Нельсон Манделаның бұрынғы әйелі 

және жүргізуші болғанымен, екеуі де жол 

апатынан ешқандай зардап шекпеген. 

Әзірге апаттың неден орын алғаны белгі-

сіз. Ал көлік жүргізушісі ұсталып, қазір 

оған байланысты тергеу жұмыстары жүр-

гізілуде.

Дегенмен бұл қайғылы жағдай әлем 

чемпионатының барысына еш әсер етпеуі 

тиіс. Кеше «А» тобының ойындары өтіп, 

біріншіліктің ашылуында ОАР мен Мексика 

алаңға шықса, одан кейін Франция мен 

Уругвай ойнады. 



Арсен ЖАНАДІЛ

Футболдан әлем чемпионаты ұйымдастырушы ел үшін қайғылы 

жағдаймен басталды. Әлем біріншілігіне арналған концерттен 

қайтып келе жатқан Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы 

президентінің шөбересі жол апатынан қайтыс болды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№97 (323) 12.06.2010 жыл, сенбі                 



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№97 (323) 12.06.2010 жыл, сенбі                   



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

езекшi  ред



ак

тор – Бо


ла

тбек МҰХТ

АРОВ

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕВ  – 


ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

то

р



Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Га

зе



т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат

  

минис



трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат

 құр



алын есепк

е қою 


ту

р

алы №9650-Г  к



уәлiгi берiлг

ен.


Ре

д

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



е

гль) ас


атын ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi 


көшiрiп немесе өңдеп б

а

су



 үшiн ред

акцияның ж

азб

аша рұқс


аты 

алынып, г

а

зе

тк



е сiлт

еме ж


а

салуы мiнде

ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Та

р



ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №961

А

ст

ана  қаласы «



А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №827

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №6156

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Га

зе



т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ы

лу



 и

нд

екс



i: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң ме



ке

нж

ай



ы

А



лм

ат

ы



 қ

ал

ас



ы

,05


0

05

1, Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

4

8 а



Те

ле

ф



он

8(



7

2

7

)3

8

8-8

0

-6

0, ф

акс


8(

7

2

7

)3

8

8-8

0

-6

1

e-

m



ail

inf



o

@

a

lashainas

y.

kz

БҮГІН:

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

Тоқты

Бұл күні сіз жанұяңыздағы 

түсініспеушіліктерге тап бо луы-

ңыз мүмкін. Сіз қанша қа са рыс-

пау ға  тырыс қа ны ңыз бен,  ки кіл-

жіңнен қашып құ 

тыл 

майсыз. 


Сон    дықтан  жағ дай ды  ары  қарай 

ушы қ  тыра  бер мей,  қазір  шеш ке ні ңіз 

абзал. 

Торпақ

Сіздің бүгін істеген жұ мы сы-

ңыз жемісті болмақ. Біті ре тін іс 

көп болғанымен, сіз бар лығын 

оңай  игересіз.  Бірақ  жа  қын да-

ры ңыз  бен  жан-жа ры ңыз  өз де ріне 

кө бірек  көңіл  бөл ге ніңізді  қа лай ды. 

Бүгінгі кешті от басыңызға ар на-

ғаныңыз аб зал.

Егіздер

Бүгін сіз өте шыдамсызсыз, 

ал бұл жағымсыз жағдайға 

ұрын  ды руы  ықтимал.  Сол  үшін 

ойланбай сөйлеуден, асығыс 

қа дамдар жа саудан сақ болыңыз. 

Дос та ры ңызбен  арада  бұрын  ке ліс-

пеушіліктер бол са, оны осы күні 

ұмытуға  тыры сы ңыз. 

Шаян

Егер  ешкіммен  ере гіс пеу ге, 

өзі ңізге өте жағымсыз тұл ға-

лар 


мен cөйлеспеуге ты 

рыс-


саңыз, бұл күн нің тыныш өте т іні 

сөзсіз. Өзі ңіз ден басқалар сіз дің 

мазасыз  мә се ле ле ріңізге  бас  қа-

тыр ғысы келмейді. Тек өз кү шіңізге 

сенуге тура келеді.

Арыстан

Бүгін сіз өте әсершілсіз, сон-

дықтан барлық болып жат қан 

нәрсені  жаман  жа ғы нан  кө руге 

бейім тұрасыз. Осы күн нің ал-

ды ңыз дан  ашатын  мүм кіндігін  дұ-

рыс бағалай алмауыңыз мүм кін. 

Көңіл-күй мен сезімге емес, ақылға 

се ні ңіз. 

Бикеш

Белсенділігіңіз бұл күні өте 

жоғары, ал бұл – қыруар іс тын-

дыра аласыз деген сөз! Қыз мет-

тегі мәселелердің саны көбей-

гені соншалықты, сізді жа лық тырып 

жі беруі  мүмкін.Жұл дыз дар  сізге  са-

пар ға немесе тауға шықпауға,әрі 

спорт пен айналыспауға кеңес бе-

реді. 


Таразы

Бүгін сізге қаржы мәсе ле-

лерін  шешумен  ай на лы су ға  тура 

келеді.Қалыптасқан жағдай ақ-

шаны үнемдеуіңізді талап етеді. 

Сол үшін алдын ала жоспарлап 

қой ған шығыннан уақытша бас тар-

та тұруға дайын болыңыз. 



Сарышаян

Сіздің басты тапсырмаңыз – 

қиын сәттерде жылдам және 

мүм  кін ді гіңізше  дұрыс  қадам 

жасау. Жа ры ңыз сізді қол да-

май ды, ал енді сынағанда алдына 

жан салмайды. Сол үшін өз бе ті ңіз-

ше ше шім қабылдап, жол тапсаңыз 

жақ сы. 

Мерген

Қаржы мәселесіне байып-

пен қарап, орнымен жарата 

біл геніңіз жөн. Әріптестермен 

қа тынасты жақсартқыңыз келсе, 

бә се ке лес тікке  жол  бермеңіз.  Ал 

кө ңіліңізді кө тергіңіз келсе, кафеге 

емес, табиғатқа шығып демалған 

жөн. 

Тауешкі 

Бүгін сіз көптеген батыл 

идея ларыңызды жүзеге асыра 

аласыз, алайда тек қана сақ-

тықпен әрекет ету керек. Жасаған 

жұ мы сы ңыз дың,  өз  еңбегіңіздің 

же місін жейтін кез де келіп жетті.

Шығын  шы ғуы  ық ти мал,бірақ 

олардың өз орны бар.

Суқұйғыш

Қиын, бірақ қызық күн. Әр-

түрлі оқиғаларға толы болады, 

алай да барлығы да жағымды 

деуге келмесі анық. Сондай-ақ 

көп адам жиналатын іс-шараларға 

белсене қатыспаған жөн. Ақ ша-

ңыз ға аса абай болыңыз, орынсыз 

шығын шығарып алмаңыз.

Балықтар

Күннің жағымды жақтары 

көп, сондықтан бүгінгі күніңіз 

сәтті өтетініне сене беріңіз. Ескі 

та ныстарыңызбен  ойламаған 

жер ден кездесіп қалуыңыз мүмкін. 

Өзіңізді мазалап жүрген мәсе-

лелерді жақындарыңыздан жа сы-

ру дың қажеті жоқ.

АРНА


Қараңыз, қапы қалмаңыз!

осы жексенбіде көретіндеріңіз!!!

«НЫСАНА»

Әр жексенбі 

сайын 

20.00-де

Әр жексенбі 

сайын 

20.00-де

Астанадағы құрылыс алаңдарының 

бірінде тағы да «крандағы наразылық» 

акциясы өтті. Үш жұмысшы 

техниканың ұшар шыңына шығып, 

жалақы талап етті. Дәл осындай 

оқиға екі апта бұрын болған. 

Биікке шығып, талап қою бұл 

тиімді тәсіл ме, әлде амалсыздан 

жасалатын қадам ба? 

Наразылықтың бұл түрін кімнен 

үйренген?

Естір құлақ, көретін көз 

болса, еліміздегі 

мүмкіндігі шектеулі 

жандардың жандаусы 

жоғарғы жаққа жетер. 

Құлағы естімейтін һәм 

тілі жоқ адамдар 

3-топтағы мүгедек 

санатында. Бірақ сол 

үшінші топ ұшпаққа 

шығармайды. Еш 

жерде жұмысқа 

алмайды. Жеңілдік 

жоқ. Жәрдемақы 

мардымсыз, 13 000 

тг. Қазақстан 

мылқаулары қалай 

тіршілік етіп жүр?

Адам ұрлығы туралы жарыса 

жазатын америкалық басылымдарда 

Қазақстанның аты аталды. Флорида 

штатында өмір сүретін Дилярам 

Мұхамеджаханова өзінің көңілдесінен 

туған бес жасар қызын ұрлап, ізін 

суытқан. Айша Жасмин Уотсон есімді 

бүлдіршіннің суретін әлемдік 

ғаламтордан да көруге болады. Екі 

аптадан кейін ана мен бала табылды. 

Бүлдіршін әкесіне қайтарылды. 

Ана қамауға алынды. Құрама 

Штаттардың баспасөзі 

қазақстандық әйелдің іс-әрекеті 

туралы не жазуда? Қызын 

ұрлауға не түрткі болды? Мүмкін, 

Дилярамның өз шындығы бар 

шығар?

Өзбек-қазақ шекарасындағы 

қазақ ауылдарының проблемасы әлі 

шешілген жоқ. Арнасай ауылы 

қоршауда қалды. Өзбекстан 

шекарашылары бүкіл жолды 

жауып тастады. Сызықтан 

аттасаң – өзбек заңымен 

сотталасың. Біздің оңтүстіктегі 

көршілерге не болған? Бірі суды 

бөгеп, шантаж жасайды, 

екіншісі Қазақстан азаматтарын 

аттатпай отыр! 

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?



Лондондағы South Thames колледжі биік өкшелі аяқкиім дер мен 

жүруді үйрететін курс ашты. Мұнда әйгілі Эрик Клэптонның бэк-вокалисі 

болған әнші Шейна Вайн дәріс бермек.

Үндістанның Бангалор қаласының хирургтері төрт аяқ, 

төрт қолы бар балаға тегін операция жасап, артық мүшелерін 

алып тастады. Енді жеті жастағы Дипак Пасван өзге 

қатарластары сияқты мектепке бара алатын болды.

Биік өкшелі аяқкиіммен жүруді үйретеді

The Daily Telegraph басы лы-

мының хабарлауынша, ана сы-

нан сегізаяқ жәндігіне ұқсап 

туған Дипакты жұрт шылық қай-

та дүние ге келген Вишну құдайы 

деп есептеген. Аңыз бойын ша 

Виш ну дың төрт қолы бо лыпты. 

Дипактың ата-анасы қара жат 

тап шы лығына  байланысты  ұзақ 

уақыт бойы балаға операция 

жасата ал ма ды. Биыл наурыз 

айында олар көп ші ліктен көмек 

сұраған болатын. Бангалор ау-

ру ханасының ұжымы ата-ана-

ның өтінішін ескеріп, опе ра ция-

ның шығынын өз мойнына 

ал 

ды. Баланың әкесі Виреш 



Пас  ван ның  айтуынша,  күрделі 

опе  ра ция  ой да ғы дай  өтті.  Қазір 

Ди пак тың  жағдайы  жақсы.

The Guardian басылымының мәлі-

ме тінше, әйелдерге арналған курс алты 

аптаға созылады. Ше бер лік сабағын 

қолға алуға ағыл шын қыз-келін шек-

терінің биік өк 

шемен дұрыс жүре 

білмеуі себеп. Шейна Вайнның ай туын-

ша, бұл жайт тың сыры нәзік жандардың 

ішкі дүниесінде. Өзіне-өзі сенімді әйел 

биік өкшеге құмар болады жә не осы 

сенімділіктің арқасында біз өкшелі 

киімдермен әдемі жүре алады. Ал мұн-

дай аяқкиімдерді қа лай болса, солай 

кию ағзаға зиян. Мәселен, тікейген өк-

ше 


мен 40 сағат бойы жүру жүйке 

жүйесін әлсіретіп, бас ауруына әкеліп 

соғады.

Емхана:


Дәрігер, менің туберкулез емес екенім рас па?

– Әлбетте, туберкулез емессіз!

– Әкеліңізші, сол үшін бетіңізден бір сүйіп қояйын!

– Жо-жоқ, әуре болмаңыз, керек емес!

***

Тісті бүтін әрі таза сақтау ережесі:



– Тісті күніне екі реттен тазалап тұру керек;

– Кемінде жылына екі рет тіс дәрігеріне қаралу керек;

– Өзіңнен мықтыларға тісіңді қайрама.

***


– Әке, сізден сұрауға бола ма?

– Қысқа-нұсқа, екі ауыз сөзбен ғана айт.

– 100 доллар...

***


Телефон қоңырауы:

– Алло, бұл Жануарларды қорғау қоғамы ма?

– Иә. Сізді біреу ренжітті ме?

Әзіл-шыны аралас



Газетіміздің №96 (322) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН:

 

Әсел. Аура. Дюйм. Така. Ғали. Десна. Трап. Зеро. Ақырап. Юнона. «Стен». Пэта. Анис. «Дарын». Но. Қопа. Арай.



ТІГІНЕН:

 

Эспадрон. Эдо. Кеа. Остап. «Алдаспан». Ара. Қас. Байғазы. Тана. Ума. Ермен. Лира. Нина. Дари. Опа. Сой.



Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау

 – Нарғыз ҒАБДУ

ЛЛИНА, т

ел.: 8702 5876587

Қар

ағанды – Серiк САҒЫНТ



АЙ, т

ел.: 8777 3909779

Қос

танай – Алмагүл СҰЛТ



АНОВ

А, т


ел.: 87774067903

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 7054418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т,

 т



ел.: 87777054466

Өск


емен – Елмейір А

ХМЕД, т


ел.: 87775797090

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Астана филиалы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31

Те

л.:



 +7 (7172) , 54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

ст



ана филиалының ж

е

текшiсi)



Мұр

а

т А



ЛМА

СБЕКҰЛЫ – тiлшi

Салт

ан СӘКЕН – тiлшi



Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



Сс

Ср

Бс



Жм

Сб

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сб



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



МАУСЫМ

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

«Сегізаяқ» балаға 

операция жасалды

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Кеме 

тартатын 

ау

Француз. 



ұзындық 

өлшемі


Мысыр. 

күн 


құдайы

XVI ғ. дейін 

шыққан 

кітаптар


Улы жылан

Иленген 


терінің 

қиынды 


қалдығы

Бірлескен 

адамдар 

тобы


Жердегі 

кедір-бұдыр, 

шұңқырлар

Сүт


Ағылшын 

физигі


Келісім

Су 


сақтайтын 

шұңқыр


Әулие

Жүйрік


Тай

боксы


... 

Нұрпейісова

Бокстағы 

соққы


Патша

Аджарлар-

дың 

астанасы


Күлше

Аукцион 


тауар бірлігі

Тау


жынысы

Еңбек 


жылдары-

ның 


жиынтығы

Музалар 


мекені, тау

Мәдениет 

үйі

Қорек, 


нәр

Спектакль 

бөлімі

Дүрдараз 



(Ант.)

Абай


өлеңі

Су

құсы



Пайғамбар

Әсер


Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

ел.: 


388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т,

 т

ел.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

ел.: 


388-80-62

Маусымның 12-сі

 

Алаштың атаулы күні

• 1854 жылы Сібір қырғыздарының (қазақтар) аймағы құрылды. Оның 

құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары қамтылды.

• 1886 жылы «Түркістан өлкесін басқару туралы» ереже шықты.

• 1924 жылы РКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросы «Орта Азия рес-

публикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы» қау лы 

қабылдады. Өлке халықтарының тілегін ескере келіп, Түрікмен мен Өз бек КСР-

лері құрылды. Түркістанның қазақтар тұратын аудандарын Қырғыз (Қазақ) АКСР-

мен біріктіру, РКФСР құрамында Қара Қырғыз (қырғыз) ав то но миялы облысын, 

Өзбек КСР-інің құрамында Тәжік автономиялы облысын құ 

ру мәселесі 

мақұлданды.

• 1925 жылы Қазақ өлкелік комитетінің РКП хатшылығы Қазақ пролетар жа-

зушыларының ассоциациясын құру туралы шешім қабылдады.

• 1992 жылы Қазақстан мен Италия арасында дипломатиялық қарым-қа-

тынас орнады.

• Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсылық күні.



Туған күн иелері

Саламат Өтемісов (1939) – суретші;

Әмір Сембеков (1947) – «АСКО» сақтандыру компаниясы директорлар 

ке ңесінің төрағасы, экономика ғылымының докторы;



Дәуренбек Мәжитов (1952) – Ұлттық банктің Қарағанды филиалының 

ди ректоры;



Әділ Жүнісов (1955) – саясаттану ғылымының докторы, профессор, ака-

демик;


Владимир Волков (1955) – Сенат аппараты сараптама бөлімі мең ге ру ші-

сінің орынбасары;



Ғалымжан Нұрышев (1957) – Ақтөбе педагогикалық институтының рек-

торы, экономика ғылымының докторы, профессор;



Әуезхан Қодар (1958) – мәдениеттанушы, ақын, аудармашы;

Рысқали Әбдікеров (1959) – Қарағанды облысы Осакаров ауданының 

әкімі;


Құрманғали Тасмағамбетов (1959) – Атырау облысы бойынша кедендік 

бақылау департаментінің бастығы, кеден полковнигі;



Мұхамеджан Абауов (1961) – Премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы;

Игорь Мусалимов (1961) – Қазақстанның Грузиядағы Уақытша сенімді өкілі;

Шавхат Өтемісов (1963) – Мәжіліс депутаты;

Бағдат Қарасаев (1964) – Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі; 

Айдарбек Сапаров (1966) – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Маусымның 13-і

Алаштың атаулы күні

• 1924 жылы Орынборда қазақ ғалымдарының І съезі басталды. Маусымның 18-іне 

дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу туралы қаулы қа был дан-

ды.


• Қасиетті Раджаб айының басы. Раджаб – мұсылман баласы үшін қасиетті үш айдың 

(Рад жаб, Шағбан, Рамазан) бірі. 



Туған күн иелері

Несіпқали Сейітов (1944) – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 

университетінің кафедра меңгерушісі, геология-минерология ғылымының докторы, 

профессор, академик;

Тоқтар Ералиев (1946) – «Қазгор» жобалау академиясының бірінші вице-президенті, 

профессор;



Нұрлан Оразалин (1947) – Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын, 

драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;



Сабыржан Бекбосынов (1954) – Маңғыстау облысының прокуроры, аға әділет 

кеңесшісі;



Балнұр Қыдырбек (1955) – Композиторлар одағының төрайымы;

Нұрлан Мақұлбеков (1955) – «Алтыналмас» АҚ президенті;

Шарафаддин Әмір

 (1960) – «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі,         

Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері;

Мақсат Әлжанов (1962) – «БанкЦентрКредит» АҚ басқарма төрағасының орын ба-

са ры;


Манас Тасыбаев (1962) – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе филиалының директоры;

Асқар Можанов (1973) – Шығыс Қазақстан облыстық Туризм, дене шынықтыру және 

спорт басқармасының бастығы;



Донат Байымбетов (1974) – Қаржы министрлігінің департамент директоры;

Асқар Құсайынов (1974) – «Кедентранссервис» АҚ бірінші вице-президенті.

Маусымның 14-і

Алаштың атаулы күні

• Дүниежүзілік донорлар күні.



Туған күн иелері 

Болат Жанәділов 

(1940) – Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, 

денсаулық сақтау ісінің үздігі;

Амангелді Ермегияев (1944) – «Алматықұрылыс» холдингтік компаниясының 

президенті, академик;



Мақсұтбек Есенов (1955) – «Қазфосфат» ЖШС басқармасының төрағасы;

Асқар Ыдырысов (1958) – «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасы 

төрағасының орынбасары;



Рақымжан Тұрысбек (1958) – филология ғылымының докторы, профессор, 

сыншы;


Марат Сарқытбаев (1967) – «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Серік Төлегенов (1968) – Ақтөбе қалалық сотының төрағасы;

Жаннат Ойшыбаева (1972) – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі;

Мұхтар Бөбеев (1978) – Қаржы рыногы және қаржылық ұйымдарды реттеу және 

қа дағалау агенттігінің департамент директоры.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры:

ШАВХАТ – арабтың «шафақат» (мейірім, шапағат) сөзімен төркіндес есім.

ТОҚТАР – жас отбасында сәбилер тұрақтамай, шетіней берсе, келесі туылған балаға 

ырымдап осындай есім береді. 



АМАНГЕЛДІ – елі мен жерін қорғап, ат үстінен түспеген бабаларымыз қанды 

шайқастардан аман-есен еліне оралғанда жаңа туған нәрестеге ырымдап қойылатын есім. 



Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де осы есімді қою ел ішінде белең алған.

Document Outline

  • 1.pdf
  • 2.pdf
  • 3.pdf
  • 4.pdf
  • 5.pdf
  • 6.pdf
  • 7.pdf
  • 8.pdf


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал