Диссертациясы туралы п І к І р зерттеу тақырыбының озектілігі және оның жалпы ғылыми



жүктеу 125.25 Kb.

Дата26.05.2017
өлшемі125.25 Kb.
түріДиссертация

Алдашева  Камар  Сагингалиевнаның  «6Б011700  -   Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  мамандығы  бойынша философия докторы  (РҺО) дәрежесін  алу 

үшін  дайындалған  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жаңа  сөздер:  кодификация 

үдерістері  және  олардың  лингводидактикалық  негіздері»  деп  аталатын 

диссертациясы туралы

П І К І Р

1. 

Зерттеу  тақырыбының  озектілігі  және  оның  жалпы  ғылыми 

және жалпы  мемлекеттік бағдарламалармен  (практиканың және ғылым 

мен техника дамуының сүраныстарымен) байланысы.

Біздің  еліміздің  ішкі  саясатының  айрықша  маңызды  салаларының  бірі 

ретінде  мемлекеттік  мэртебеге  ие  қазақ  тілінің  өміршеңдігін  сақтау,  оның 

мәртебелік  дэрежесін  одан  эрі  арттыру  бойынша  сындарлы  іс-шаралар 

жүзеге  асырылып  келе  жатқандығы  белгілі.  Ел  саясатының  алға  шығарып 

отырған  ұстанымы  аса  биік;  ол  -  Мәңгілік  елдің  Мәңгілік  тілі  бар  екендігін 

дәлелдеу  жэне  мойындату.  Сондықтан  «Қазақстан-2050»  стратегиясында, 

Елбасының барша Жолдауларында:

-   қазақ  тілін  бүкіл  қазақстандықтардың  рухани  негізі:  үлттарды 

үйыстырушы  фактор  ретінде  қалыптастыру  үшін  жүмыстар  үздіксіз  және 

оңтайлы атқарыла беруі қажет;

-   үйлесімді  үлесімізді  қосу  арқылы  толығып  келе  жатқан  қазіргі  қазақ 

тілін мүраға қалдыруға тиіспіз;

-   қазақ  тілін  қолдану  жөніндегі  кешенді  шараларды  үзбей  дамыту 

керек;

-   қазақ тілін  сүйіспеншілікпен  қабылдайтын  қазақстандықтың  беделді 



бейнесін  орнықтыру  қажет  тэрізді  аса  үлағатты  түжырымдар  жасалып,  осы 

пікір-нүсқаулар  қазақ  тілтанымының  теориясы  мен  практикасының  қазіргі 

даму бағыттарының өзегі мен сүйенішіне айналып отыр.

Аталған нүсқауларды іске асыру барысында қазақтілді қауымның, зиялы 

ортаның  ерекше  назар  аударып  отырған  мәселесі  -   қазақ  тілінің  барлық 

байлығын  сарқа  пайдалану  арқылы  үғымдар  мен  түсініктердің  қазақша 

баламасын табудың жэне қолданысқа енгізудің жай-күйі, бүл қалайша жүзеге 

асырылуда,  дүрыс  әдісі  мен  тиімділігі  қандай,  одан  әрі  үйлесімді  ете  түсу 

үшін  тағы  да  зерделенетін  түстар  қандай  деген  жайттар.  Үйлесімді  тіл 

саясатының,  қоғам  жүртшылығының  байыпты,  саналы  көзқарасының, 

сондай-ақ  тілтанымдағы  ғылыми-практикалық  зерттеулердің  арқасында 

қазақыландыру жолында, сөз жоқ,  айтарлықтай нәтижелер бар.  Дегенмен бүл 

мэселе  жаңадан  қалыптаса  бастағандықтан  жэне  қазақ  тіліндегі  динамика 

қазіргі  кезде  қарқынды  сипатта  болып  отырғандықтан  жаңа  түжырымдарды 

айқындауды қажет ететін түйінді түстар да жоқ емес.  Соның бастысы -  қазақ 

әдеби тілінде  жаңа  сөздер,  қазақыландырылған  жаңа баламалар  елеулі  түрде 

молайған,  кез  келген  жазба  нүсқадан  орныға  бастаған,  танымал  немесе 

бірқолданыс  түріндегі  жаңа  сөздерді  жиі  кездестіруге  болады,  алайда 

олардың еркін қолданысқа түспеуінің себептері қандай деген мәселеге барып


тіреледі.  Әдетте,  бұл  жайт  қоғамдағы  көптілділікке  байланыстырылатыны 

белгілі.  Әрине,  бұл  елеулі  факторды  жоққа  шығаруға  болмайды,  бірақ  жаңа 

аталымдар  қазақ  сөзінде  (бұл  арада  ауызша  эдеби  тілде,  яғни  күнделікті 

коммуникативтік,  ресми  тілдік  қарым-қатынаста  деген  мағынада  қолданып 

тұрмыз) жаңа аталымдардың еркін қолданысқа түспеуінің бір себебі  олардың 

қалыптануы  мен  нормалану  жолдарын  таныта  отырып,  қолданысқа 

мүмкіндігі  жоғары  екендігін,  елдің  қалыпты  өркендеуі,  қоғамға  қызмет  ету 

үшін қажеттілігін дәлелдеу жағы бәсеңдеу  екендігін  айту қажет болады.  Осы 

істі қарқынды етудің аса тиімді жолы -  жалпы орта білім беру жүйесінде тек 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  ғана  емес,  барлық  пәндер  бойынша  жаңа 

аталымдарды  оқыту,  үйрету,  меңгерту,  санаға  сіңіру  әдістерін  толықтыру, 

жаңғырту  барынша  маңызды.  Бұны  тек  сабақ  жүргізу  формасында  шектеп 

қалмай,  қазақ  тіліні  ішкі  әлеуетін  сарқа  пайдаланып,  қазақыландырылған 

балама  жасаудың  қазіргі  жаһандану  заманындағы  саяси,  үлттық,  халықтық, 

қоғамдық  мэнін,  отанның  патриоты  болуға  қатыстылығын  үзбей  насихаттау 

керек  болады.  Осы  мақсаттағы  жүмыстардың  бірі  -   жаңа  сөздерді  реттеу, 

бірізділендіру,  қалыптандыру  ісі  қалайша  жүргізілуде  дегенді  оқу  үдерісіне 

сыналап  енгізу.  Осы  аталғандарға  байланысты  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жаңа 

сөздер: 

кодификаңия 

үдерістері 

жэне 


олардың 

лингводидактикалық 

негіздері»  деп  аталатын  зерттеу  тақырыптың  таңдалуы,  негізгі  нысананың 

нақтылануы  жақтарынан  қазіргі  жалпымемлекеттік  бағдарламалардың 

сұраныстары  мен  талаптарына  толық  сәйкес  келетін  өзектілігі  айқын  жүмыс 

деп бағаланады.



2. 

Диссертацияға  қойылатын  (ғылыми дәрежелер  беру ережелерінің 

9-10 

тармағында 

және 

Ғ ылыми 

қызметкерлердің 

тиісті 

мамандықтарының  төлқркаттарында)  талап  деңғейіндегі  ғылыми 

нәтижелері.

Зерттеу  «Ғылыми  дәрежелер  беру  ережелерін»  9-10  тармақтарында 

көрсетілген  талаптар  деңгейінде  жүзеге  асырылған  жэне  осы  талаптарға 

толық жауап береді.

Жүмыс  кіріспеден,  үш  бөлімнен,  қорытындыдан,  пайдаланылған 

эдебиеттер тізімінен жэне қосымшалардан түрады.

Ізденуші тарапынан төмендегідей ғылыми нэтижелерге қол жеткізілген:

-   жаңа  сөздердің  қалыптану  үдерістері  мен  қазақыландыру  бағыттары 

бойынша тың түжырымдар қорытылған;

-   соңғы  ширек  ғасыр  көлемінде  пайда  болған  жаңа  сөздердің  тіл 



жүйесі  -   сөйлеу  (речъ)  -   узус  триадасындағы  (үштігіндегі)  орналасуының 

бәсең болуының себептері жаңадан анықталған;

-   жаңа  сөздерді  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде  меңгертудің  үлттық 

философиялық, 

психолингвистикалық 

жэне 


педагогикалық 

негіздері 

таратылып айтылып,  осы аталғандарды ЖОББЖ-да толық ескерген жағдайда 

заңнамалық  қүжаттарда  белгіленген  қоғам  мүшесінің  беделді  бейнесін 

орнықтыруға нақты ықпал жасалатындығы дәлелденген;

-   осыған  байланысты  негізгі  білім  базасын  қалыптастыратын  ЖОББЖ- 

да  жаңа  сөздерді  меңгертуге  бағытталған  әдістемені  жетілдіру,  эдіс-


тәсілдерді  жаңа  технологиялар  арқылы  жаңғырту  жэне  жандандыру,  оның 

ішінде жоғары сынып оқушыларының болашақтағы мамандығы үшін қажетті 

жаңа  сөздерді 

пән  сабақтарының  негізгі  мазмұнымен  органикалық 

байланыста меңгертудің дидактикалық ұстанымдары анықталған;

-  


лингводидактиканың  басты  міндеттерінің  бірі  болуы  қажеттігі 

дәлелденіп,  бұның  мектеп  оқушысының  айқын  тілдік  тұлға  болып 

қалыптасуына  эсері  жоғары  екендігі  тұжырымдалган;  осы  үшін  жаңа 

сөздерді 

меңгертудің 

лингводидактикалық 

базасы 

(бағдарламалар, 



меңгертудің эдістері, тапсырмалар мен жаттығулар жэне т.б.) жүйеленген.

3. 

Ізденушінің  диссертацняда  түжырымдалған  әрбір  нәтижесінің, 

тұжырымдары  мен  қорытындыларының  негізделу  және  шынайылық 

дәрежесі.

Бірінші  ғылыми  нәтиже.  Қазақстандағы  тіл  саясаты  мен  тіл 

стратегиясының,  тілдік  жоспарлаудың  аса  маңызды  құрамдас  бөлігі  болып 

табылатын  жаңа  сөздердің  қалыптануы  (кодификациясы)  шектеулі  үғым 

немесе  стихиялы  түрде  жүре  беретін  қүбылыс  емес.  Қазақ  сөзінің  ғылым 

тіліне  айналуына,  басқа  тілдегі  үғымдарды  беруіне  жэне  олардың  әдеби 

нормаға  айналуына  қоғам  мүшелері,  ғылым  жолындагы  адамдар  белсене 

атсалысқанда  ғана  қазақ  тілінің  мүмкіндігін  мойындата  аламыз.  Осыған 

байланысты  ізденуші  қазақыландыру  мен  кодификация  терминдерін  саяси- 

элеуметтік,  үлттық  мэнін 

ашып, 


жаңаша  түрғыдан  түжырымдаған. 

Әлеуметтік  лингвистика  саласында  қалыптаса  бастаған  қазақыландыру 

термині біздің қоғамымызда монотілді ортаның қалыптасуын көздемейді, бүл 

пуризмге  байланысты  емес,  керісінше,  қазақыландыру  жолын  қазақ  тілінің 

қолданылу  аясын  үлғайтуға  қарай  баршамызды  үмтылдыратын,  баршамызға 

қазақ  тілінің  қаншалықты  мүмкіндігі  мол  екендігін  барынша  таныта  түсетін 

саяси  үғым  деп  қабылдауымыз  керек.  Ізденушінің  осы  пікіріне  біз  толықтай 

қосыламыз.  Сонымен қатар қалыптану жағдайына келетін болсақ,  қалыптану 

жайы сөздіктерге тіркелуімен шектелмейді.  Бізде тілдің ішкі әлеуетіне қозғау 

салып, оны ғылым мен техниканың тіліне айналдыру жайындағы заңнамалық 

қүжаттар бар, бірак бүлар қалыптану үшін бастапқы тіректер ғана. Ізденушіні 

пайымдауынша,  жаңа  аталымдар  тілде  орнықсын  десек,  қоғамдагы  эртүрлі 

тілдерді  қолданатын  этникалық  топтардың  этникалық  санасы  мен  тілдік 

санасына,  ойсанасына қазақ тілінің қажеттілігін  сыналап түсіндіру;  бүл үшін 

жэне  тілдік  қақтығыстарды  болдырмау  мүддесінде  тілдік  жоспарлаудың 

мэнін  анықтау;  тілдік  жоспарлауғЗ  қатысты  іс-шаралардың  тиімділігін 

арттыратын  әдістерді  негіздеу;  оның  ішінде  тілдік  үдерістерде  байқалатын 

диагностикалық 

белгілерді, 

межелерді 

деркезінде 

байқап, 


ғылыми- 

практикалық түрғыдан талдау жасауды үзбей жалғастыру қажет.

Жүмыста  қалыптандыру  үдерістері  жүріп  жатқан  қайнаркөздер  -  

сөздіктер 

мен 

мерзімді 



басылымдар 

материалдары, 

әсіресе  мектеп 

оқулықтарындағы  жан-жақты  талданған.  Зерттеудің  осы  түжырымдары  аса 

маңызды  ғылыми  нәтижелер  болып  табылады.  Бүл  мәселелер  бойынша 

ізденуші  тіл  саясатына  қатысты  заңнамалық  қүжаттардағы  нүсқаулармен, 

қазақ  тілтанымындағы  және  әлемдік  лингвистикадағы  іргелі  еңбектердің


барлығымен  де  егжей-тегжейлі  таныса  отырып  бүгінгі  таңдағы  жаңа 

сөздердің  ішкі  семантикалық  қүрылымына,  үғымдық  аппаратты  беру 

мүмкіндіктеріне  талдау  жасай  отырып  қол  жеткізген.  Нақты  айтқанда,  осы 

ғылыми  нәтиже  үлы  ғалым  А. Байтүрсынүлы  айтқан  «әдебиет  тілін 

өркендету  керек»  деген  сөзінен  бастау  алатын  қазақ  неологиясы  -  

жаңасөзтану  саласы  мен  қазақ  неографиясының  көптеген  проблемаларының 

анықталуына айтарлықтай үлес қосып отыр деп бағалаймыз.

Екінші  ғылыми  нәтиже.  Зерттеуші  тілімізге  қарқынды  еніп  жатқан 

жаңа  сөздердің  нормалануы  жайында  академик  Р. Сыздықтың  пікірлеріне 

баса  назар  аударған  жэне  Р.  Сыздықты  қазақ  әдеби  нормаларының 

теориялық-практикалық мэселелерінің іргетасын бекем етіп,  бекітуші деп аса 

орынды  көрсеткен.  Ғалым  пікірлерін  сүйеніш  ете  отырып,  диссертант  соңғы 

ширек  ғасырда  пайда  болған  2000-нан  астам  жаңа  сөздің  жэне  олардың 

вариант  қатарларының  семантикасын,  ішкі  уэжділігін  талдай  келе,  жаңа 

аталымдардың тіл жүйесі -  сөйлеу (речъ) - у з у с  триадасындағы (үштігіндегі) 

орналасуы  бірдей  емес  екендігінің  себептерін  анықтауға  үмтылыс  жасайды. 

Шын  мэнінде  әсіресе  ғылыми-техникалық  терминдерді  айтпағанның  озінде, 

көптеген 

қазақыландырылған 

элеуметтік-түрмыстық 

атаулардың 

тіл 

қолданысына  еркін  түспеуінің  себептері  бар.  Бекітілген  ғылыми-техникалық 



жаңа  қазақы  терминдер  тіл  жүйесіне  енген,  оның  дэлелі  -   қазіргі  ғылыми- 

ағартушылық  әдебиетте  жаңа  терминдер  көптеп  кездеседі.  Ал  сөйлеу 

аспектісінен  қарасақ,  қазірге  дейін  қазақтілді  адамдардың  күнделікті  сөйлеу 

актісінде  басқа  тілдік  элементтер  көбірек  орын  алады  (мысалы,  сотка, 

квартплата,  пробка,  витамин,  зонт,  обои,  посылка,  малина,  клубника, 

помидор,  укроп  дегендердің  қазақша  аса  уэжді  баламалары  бола  түра 

осылайша  қолдана  береміз).  Жаңа  сөздерді  пайдалану  диспозитивті  норма 

дәрежесінде  ғана.  Сөйлеу  -  узус  деңгейіне  жету  үшін  ең  алдымен  қазақ  сөз 

мәдениетіне  деген  талаптар  да  күшеюі  керек.  Екіншіден,  жаңа  сөзді  сөйлеу 

актісіне  белсене  араластыру  қажет.  Бүл  қазақтілді  адамдардың  өз  қолында. 

Мәселен,  «сынып,  мэтін»  деген  создер  кейбір  қарсы  пікірлерге  қарамастан 

мыңдаған адамдардың тілдік ортасына -  білім беру жүйесіне бірден араласып 

кетті  де,  қолданыс  жиілігінің  жоғарылығы  арқысында  императивті  -   қатаң 

нормаға  айналды.  Басқа  сөздердің  тағдырын  да  осындай  батыл  қолданыстар 

күтуде.  Әрине,  көптілділіктің де әсері бар болар,  бірақ бүл ақталу жолы емес. 

Кейбір  қазақ  сөздерінің  семантикасы  қазіргі  адамдардың  тіл  лексиконынан 

шығып қалған, таныс емес. Осыны неГіз етіп, көптеген сөздерді «дүрыс емес / 

түсініксіз»  позиңиясынан  кері  итеріп,  субъективті  бағалаушылық  та 

кездесетіндігі  баршамызға  белгілі.  Осыған  байланысты  ізденуші  сан  алуан 

сөздердің  жэне  вариант  қатарлардың  бірінің  ішкі  семантикасын  анықтай 

отырып,  олардың  нақты  бір  үғымды  бере  алатын  мағыналық  потенңиалын 

айқын  дәлелдеген,  сөйлеу  позициясына  араласа  алатын,  диспозитивті 

нормадан  бастап  импаретивті  нормаға  дейінгі  сатыларының  мүмкіндіктерін 

анықтаған.  Ізденушінің осы түжырымдары эдеби норма, қазақ сөз мэдениетін 

дамытуда аса пайдалы.


Үшінші  ғылыми  нәтиже.  Мемлекеттік  дамудың  жалпы  логикасын, 

оның  ішінде  тілдің  дамуын  түсіну  үшін  ұлттық  философияны  бүкіл  сана- 

сезіммен  қабылдай  алатын  дәрежеге  жеткізуіміз  керек  дейді  зерттеуші.  Сөз 

басын  осылайша  түжырымдай  отырып,  ізденуші  тілдің  үлттық  рухани 

қүбылыс  екендігін  дәлелдей  түскен.  Осы  мақсатта  жүмыста  әл-Фараби, 

Жүсіп 


Баласағүн, 

Абай 


сынды 

үлы 


ғүламалардан 

бастап, 


Алаш 

зиялыларының,  қазақ  қогам  қайраткерлерінің  пікірлерін  жинақтай  келе, 

ізденуші  жаңа  сөзге  қатысты  қазақ  философиясының  түйінін  «Үлттың 

болмысы,  оның  рухани  табиғаты  эрқашан  тіл  тағдырымен  сабақтастықта 

қаралып  келеді.  Осымен  байланысты  қазақ  тілінің  сөздік  қоры  -   тілдің  төл 

байлығы туралы  мәселе  эрқашан  назардан тыс  қалмауы тиіс.  Аталғандардың 

қатарында  сөздік  қорды  таза  қалпында  сақтау,  басқа  тілдерден  кірген 

сөздерден  барынша  аулақ  болу,  тілдің  төлтума  сөздері  арқылы  таным 

көкжиегін  кеңейту  жэне  білім  беруде  тілдің  тазалығын  сақтауды  қадағалау 

мәселесі  тілге  қатысты  жайттардың  басында  түрады»  деген  пікірлермен 

қорытады.

Жаңа сөздерді танып-түсінуді психолингвистика аспектісінен қарағанда, 

ізденушінің  жаңа  сөздердің  адамның  менталды  лексиконында  қалай 

орналасатындығы  туралы  қорытындылары  аса  қүнды.  Когнитивті  сана  мен 

тілдік  сананың  арақатынасы  қандай?  Зерттеушінің  мәліметтеріне  қарағанда, 

қазақтілді  қоғам  мүшелерінің  кейбір  топтарының  орыс  тілін  білу  қүзыреті 

93,5  пайыздан  астам.  Демек,  осындай  топтың  когнитивтік  санасы  тілдік 

санадан  жоғары  болады  да,  оның  жаңа  сөздерді  қолдануына  бөгет  жасайды. 

Қазақ  тілін  түтынушы  жеке  адам  белгілі  бір  затты  орыс  тіліндегі  атауымен 

таныса,  ол  үғым  тілдік  санасында  орысша  кодталады.  Қарым-қатынас 

үдерісінде  коммуникативтік санадан  сүрыпталатын  ақпарат та  орыс тіліндегі 

нұсқасына  сәйкес  келеді.  Бұл  тұжырымның  шынайылығына  ізденуші 

ассоңиативтік  эксперимент  арқылы  қол  жеткізген.  Жас  мөлшеріне  қарай 

топтастырғанда,  мектеп  жасындағы  баланың  танымдық  қызығушылығы 

жоғары  жэне  тұрақты,  сондықтан  жаңа  сөздерді  ЖОББЖ-да  меңгерту 

жолдарында  тың  ізденістер  қажет  деген  қорытындылар  жасалған.  Оның 

қатарында  мёктеп  оқушысының  зейінін  шоғырландыру  және  уәждемелерді 

арттыру,  сондай-ақ  ұлт  жэне  қоғам  үшін  қүндылықтарды  таныту  туралы 

маңызды пікірлер бар.

Жалпы,  зерттеуші  жаңа  сөздердің  қалыптануы  мен  оны  білім  беру 

жүйесіне  қосудың  философиялық,.  менталды  лексикондық,  әдіснамалық, 

педагогикалық  негіздері  туралытүжырымдар  жасаудың  алдында  қазіргі 

коммуникативтік  кеңістіктегі  бірқатар  қарама-қайшылықтарды  анықтап 

алған.  Оның  ең  бастысы  -   қазақ  тілін  меңгеруді  элі  де  болса  үлттық 

құндылық деп жете тани білмеуімізде.

Жаңа  сөздерді  меңгеру  -   ана  тіліне,  құрмет;  тілдің  өміршеңдігіне  үлес 

қосу;  тілдік  білімнің  көрсеткіші  немесе  өлшемі;  аялық  білім  шеңберін 

кеңейтудің  маңызды  тетігі  екендігіне  санамен  мэн  бермеуімізде.  Жаңа 

сөздерді 

меңгертудің 

философиялық, 

педагогикалық 

жэне 

психолингвистикалық негіздері осылайша қорытылған.



Төртінші  ғылыми  нәтиже.  Кеңестік  кеңістік  кезінде  білім  берудің 

бірнеше  принциптері  орнықтырылған  болатын.  Олардың  көпшілігі  қазіргі 

біздің  қоғамымыздағы  білім  берудің  мазмұны  мен  оған  қойылатын 

талаптарға 

сэйкес 

келе 


бермейді. 

Сондықтан 

ізденуші 

алдымен 


педагогикадағы  барлық  дерлік  маңызды  пікірлерді  қорыта  отырып,  жаңа 

сөздерді  меңгертудің  бірқатар  ұстанымдарын  белгілеген.  Олар  мыналар: 

педагогикалық  үдерістің  гуманистік  бағыттылығы,  педагогикалық  үдерістің 

өмірмен  байланысын  қамтамасыз  ету,  пэнаралық  байланыс,  берілетін 

білімнің  ғылымилығы,  сабақтастық,  бірізділік  және  жүйелелік.  Осы 

аталғандардың  қатарында  пэнаралық  байланыс  үстанымына  азырақ  тоқтала 

кетуге  болады.  Ізденуші  былай  деп  көрсетеді:  «Пэнаралық  байланыс  қазіргі 

білім  беру  үдерісіндегі  белсенді  үрдіс  ретінде  қалыптасқан  интеграциялық 

талаптарға  жауап  береді.  Көппэндік  жағдайда  меңгертілетін  нысан  туралы 

түтас,  жүйелі  білімді  қалыптастыруға байланысты мәселені  шешу пэнаралық 

байланысқа сүйенгенде мүмкін болады. Пэнаралық байланысты жүзеге асыру 

оқушыларға  бір'  қүбылысты  түрлі  көзқарас  түрғысынан  көруге,  ол  туралы 

түтас  түсінік  алуға  мүмкіндік  береді.  Әсіресе  пэнаралық  байланыстардың 

өзара  тоғысуы  дүниетанымдық  түрғыдан  отіліп  отырған  нысанның  барлық 

қасиеттерін  жэне  байланыстарын  жан-жақты  қамтуға  мүмкіндік  береді.  Бүл 

жаңа  сөздердің  эр  саладағы  сипатын  анықтауда  маңызды  болып  табылады. 

Жоғары  мектеп  оқушы  қай  ғылым  саласы  болмасын  оның  терминдік 

аппараты  болатынын  түсінеді  жэне  бүл  сипаттың  жаңа  сөздермен  өзара 

тығыз  байланысын  ашу  үшін  сол  ғылым  салалары  мен  қазақ  тілін 

байланыстыра  алады.  Пэнаралық  байланыс  бірқатар  пәндер  бойынша  оқу 

материалдарын  іріктеуге  және  олардың  қүрылымына  ықпал  ете  отырып, 

оқушылардың  жүйелі  білім  алуын,  оқытуды  үйымдастырудың  кешенді 

формасын  қолдануды  бағдарлайды.  Айталық  жоғары  мектеп  сатысындағы 

оқушылар  үшін  басқа  пәндер  бойынша  жаңа  аталымдардың  сипаты 

қызығушылық  тудырады.  Олар  төменгі  сыныптарда  пәндер  бойынша 

үйренген жаңа сөздерді есіне түсіре отырып, жаңа сөздердің нормалануы мен 

қалыптануындағы,  жалпы  әдеби  тілдегі  орнын  анықтауға  үмтылады. 

Пэнаралық  байланыс  үстанымы  бойынша  үсынылған  таңдау  пәнінің  білім 

мазмүнында  интеграциялық  талаптың  орындалуына  назар  аударылды, 

сондықтан  тапсырмалар  мен  жаттығулар  кешенінде  ғылыми-техникалық 

аталымдардың  шеңберінде  оқушылардың  өздері  откен  немесе  өтіп  жатқан 

жаратылыстану  бойынша  оқулықіардағы  жаңа  қазақша  сөздер  барынша 

қамтылды.  Көпжақты  пэнаралық  байланыс  жаңа  сөздерді  меңгертуге 

бағытталған  сабақтың  мазмүнын  тереңдетіп,  оның  танымдық  қүндылығын 

арттырады,  осымен  байланысты  оқушылар  қоршаған  ортадағы  өзгерістердің 

тілге  тигізетін  ықпалын  көрсететін  қүбылыстар  мен  үдерістерді  тани  алады. 

Оқушылар  бірнеше пэн бойынша алған білімдерін жаңа танымдық міндеттің, 

проблемалы  сүрақтардың  шешімін  табу  үшін  пайдалана  алады.  Бүл 

жадының,  ойлау  жэне  ерік  үдерістерінің  белсенділігін  айтарлықтай 

арттырып, сабаққа жоғары қызығушылық танытуына ықпал етеді».



Жаңа  сөздерді  оқыту  үдерісінде  басшылыққа  алыну  тиіс  білімнің 

ғылымилығы  -   жаңа  сөздерді  жэне  олардың  нормалану  мен  қалыптану 

үдерістеріне тэн  ерекшеліктерді меңгертуге  бағыттылған  оқу материалдарын 

үйымдастырудағы  жетекші  үстанымдардың  бірі.  Қазіргі  ғылым  мен 

техниканың даму деңгейімен, элемдік өркениеттегі жинақталған тэжірибемен 

білім  мазмүнының  сәйкестігі  тілдің  лексикалық  қорының  елеулі  бөлігін 

қүрайтын  жаңа  сөздерді  меңгертудегі  ғылымилық  үстанымының  жүзеге 

асуын қамтамасыз етеді.



Бесінші  ғылыми  нәтиже.  Жүмыста  ең  алдымен  қазіргі  мектеп 

оқулықтарында  жаңа  сөздерге  қатысты  эдістер  жүйесінің  қандай  жэне 

қаншадықты  дәрежеде 

берілгендігі  талданған. 

Мысалы, 

ізденушінің 

мэліметтеріне  қарағанда,  10-сыныпқа  арналған  материалда  а)  негізінен 

нормадан  ауытқу  мәселелері  талданған;  э)  ұсынылған  тілдік  фактілер 

(оқырман,  көрермен,  ғарыш,  ғарышкер,  ғарыш  айлағы)  өткен  ғасырдың 

жетпісінші  жылдарындағы  тіл  практикасындағы  жаңа  сөз  болып  табылады, 

1988  жылғы  орфографиялық  сөздікке  енгізілгендіктен,  мысалы,  оқырман, 

көрермен  сөздері  қазіргі  кезеңде  неологизмдер  болып  саналмайды.  Оқушыға 

меңгерту  үшін  кейінгі  актуалды  жаңа  сөздер  тілдік  факті  ретінде 

қамтылмаған;  б)  жаңа  қолданыстарды  түсіндіруде  бүл  оқулықта  негізінен 

окказионал  сөздерге  мән  берген  (төбелесермен,  атарман,  аларман,  ішермен 

деген  сөздер  талданған);  в)  жаңа  сөздерді  меңгертуге  бағытталған 

тапсырмалардың  саны  -   1;  мысалы,  жаттығуда  оқушы  және  оқырман 

атауының  мағыналық  айырмасын  ашу,  оқырман  атауының  пайда  болу 

себебін анықтау қажеттігі көрсетілген.

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндері  арқылы  жаңа  сөздерді  меңгертудің 

маңыздылығын  айта  отырып,  ізденуші  түжырымдаған  мәселеленің  қүнды 

жэне маңызды жағы -  жаратылыстану пэндерін  оқыту барысында осы салаға 

қатысты  жаңа  аталымдарды  интеграциялық  сипатта  түсіндіруді  талдау  және 

дэлелдеуі.  Жаратылыстану  бағытындағы  пәндер  бойынша  жаңа  сөздерді 

интеграциялық 

сипатта 


оқытып, 

үйретудің 

нэтижесінде 

мынадай 


нәтижелерге  қол  жеткізуге  болады:  а)  білім  алушының қазақ әдеби тілі  және 

қазақ  сөз  мэдениеті  бойынша  білім  деңгейі  жоғарылайды;  э)  қазақ  тілін 

коммуникативті  актіде  қолдану  қүзыреттілігі  жоғарылайды;  б)  оқушының 

тілдік  түлғаның  лингвомәдени  қүзыреттілігі  жетіледі;  в)  білім  берудегі 

интеграциялық талаптарды  қанағаттандырылады;  г)  оқушының  тіл  тазалығы 

мен тіл мәдениетін сақтау сауаттылығы қалыптасады.

Осы  аталғандардың  нәтижесінде  жаңа  сөздерді  қалыптандыру  мен 

нормаландыруға мүмкіндіктер жасалады.

Білім  беруді  жетілдірудің  тиімді  жолдарының  бірі  -   оқыту,  білім  беру 

әдістерін  одан  әрі  жаңғырта  түсу  (модернизация  жасау),  тың  жолдарын 

іздестіру және  оны  практикада қолдану.  Орта білім  жүйесінде  оқушылардың 

қазақ тіліне  деген  танымдық және  уәждемелік  қызығушылықтарын  арттыру, 

дамыту  мақсаттарында  күнделікті  сабақ  беру  үдерісінің  нәтижелі  болуының 

кепілі -  оқытудың инновациялық технологияларын кеңінен пайдалану.



Қазіргі  инновациялық  технологияларды  белсенді  енгізу:  а)  диалогтік 

өзара  әрекетті;  э)  ынтымақтастықта  жұмыс  істеу  қабілетін  жогары  етуді;  б) 

жұппен  жэне  шағын топта белсенді  жұмыс  істеу қабілетінің жогары болуын; 

в) алынган ақпаратты сыни тұргыдан ойлап,  багалауын;  г) жэне өзінің лойын 

логикалық тұргыдан дәлелді түрде жеткізе білуін дамытады.

Диссертацияда  жаңа  эдістер  ретінде  -  шагын  топтық  жұмыс,  пікірталас 

жэне  ойга  шабуыл  эдістері:  оларды  жаңа  сөздерді  меңгертудегі  тиімділігі; 

интербелсенді  дэріс  түрлері  жэне  олардың  жаңа  сөздерді  меңгертудегі 

артықшылықтары; 

жобалау  технологиясының 

тиімділігі; 

лексикалық- 

семантикалық,  лексикалық-грамматикалық,  лексикалық-стильдік  бағыттағы 

дағдыландыру 

жэне 

бекіту 


тапсырмаларының 

сан 


алуан 

түрлері, 

лингвистикалық  тестілер  нақты  мысалдармен  білімді  меңгертудің  эдіс- 

тэсілдерімен  барынша  айқындалған.  Анықтау,  қалыптастыру  жэне  бақылау 

кезеңдерінен  тұратын  педагогикалық  эксперимент  жүзеге  асырылған  және 

оның қорытындылары жүйеленген.  Таңдау пэнінің бағдарламасы жасалған.



4. 

Ізденушінің  диссертациясында  түжырымдалған  әрбір  Ғылыми 

нәтижесі (қағидасы) мен қорытындысының жаңалық дәрежесі.

Бірінші  ғылыми  нәтиже  -   жаңа;  жаңа  сөздердің  қалыптану 

үдерістерінің  сатылары  саяси-элеуметтік,  лингвистикалық,  қоғамдық ойсана, 

білім  беру-ағартушылық  салаларының  теориялық  жэне  практикалық 

аспектілерімен  жан-жақты  салыстырылған,  қазақыландырудың  саяси-ұлттық 

мазмұны  тың  тұрғыдан  белгіленген;  осы  нэтиженің  қорытындылары  қазақ 

неологиясы  мен  неографиясының  одан  эрі  дамытылуына  негіз  болады  деп 

бағаланады.

Екінші  ғылыми  нәтиже -  жаңа;  жаңа  сөздердің  тіл  жүйесі -   сөйлеу  -  

узус  үштігіндегі  сипатының  анықталуы,  диспозитивті  норма  мен  қазақтың 

жоғары  сөз  мэдениетінің  арасындағы  айырмашылықтардың  себептері,  жаңа 

сөздердің 

ішкі 

уэжділігінің 



нақтылануы 

мақсатындағы 

игерілген 

семантикалық  талдаулар  жаңа  сөздердің  қалыптануы  мен  нормалануы 

бойынша  алдыңғы  білімдерді  тың  тұрғыдан  тереңдете  түседі;  семантикалық 

талдаудың  нәтижесінде  қазақ  сөзінің  ішкі  мүмкіндіктерінің  ғылым  мен 

техника  атауларын,  күнделікті  түрмыстық ұғымдарды  берудегі  соншалықты 

элеуетті екендігі дэлелденген;



Үшінші 

ғылыми 

нәтиже 

-  

жаңа; 

бұнда 


педагогикалық, 

психологиялық,  философиялық  негіздерге  қатысты  дэстүрлі  көзқарастар 

басшылыққа алына тұрса да жаңа деп тануымыздың басты себебі ізденушінің 

семантикалық  жағынан  жаңғырып,  жаңа  ұғымды  иеленген  қазақ  сөзінің 

рухани кұндылық екендігін,  сонымен қатар жаңа сөздерді танып-түсіну үшін 

менталды  лексиконның,  жас  мөлшерінің  ерекшеліктерін,  қазіргі  қоғам 

мүшелерінің когнитивті санасы мен тілдік санасының арасындағы менталдық 

сипаттарды барынша анықтауына байланысты.



Төртінші  ғылыми  нәтиже  -   ішінара  жаңа;  дей  тұрсақ  та  бұл 

нәтиженің  жаңалығы  да  бар,  ол  жаңа  сөздерді  меңгертуде  шоғырландыру 

принципін  ұстану,  яғни  оларды  меңгертуде  қазақ  тілі  пәнімен  шектелмей,


жаратылыстану  пәндерінде  байланыстыра меңгерту  жолдарын,  осының  әдіс- 

тэсілдерін дэлелдеуінде болып отыр.



Бесінші  ғылыми  нәтиже  -   жаңа;  көптеген  практикалық  негіздемелер 

арқылы  жаңа  сөздерді  бейінді  мектептерде  оқытып-меңгертудің  тың 

технологиялық  эдістері  жүйеленген,  жүмыста  берілген  эдістемелік  кешенді 

мектептерде пайдалануга дайын материал деп бағалаймыз.



5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігінің бағалануы.

Зерттеу тұтастай  ішкі логикалық бірлікке ие, онда жаңа сөздердің қазіргі 

жай-күйінің 

саяси-қүқықтық 

негіздері, 

гылыми 


түрғыдан 

танылуы, 

қалыптанудың  дереккөздері  мен  білім  беру  жүйесіне  ендірудің  теориялық 

жэне практикалық мәселелері сабақтастықта орналастырылған.



6. Ізденушінің 

алған 

нәтижелерінің 

тиісті 

өзекті 

мәселені, 

теориялық немесе қолданбалы міндетті шешуге бағытталғандығы.

Зерттеуде  жасалған  қорытындылар  біздің  еліміздегі  тіл  саясатының 

үйлесімді  жүзеге  асырылып  келе  жатқан  іс-шараларының  саналылықпен 

түсінудің одан эрі тереңдетілуіне айтарлықтай үлес қосады, қазақ неологиясы 

мен  неографиясы,  сөз  мэдениеті,  эдеби  норма  салаларының  дамытылуына 

ықпал  жасайды,  бейіндік  мектептерде  білім  берудің  әдіснамасы  мен  әдіс- 

тәсілдерін жаңғырту бойынша әдіскер мамандарға елеулі көмек береді.

7. Диссертацияның 

негізгі 

қағидасының, 

нәтижесінің 

түжырымдары  мен  қорытындыларының  жариялануының  жеткілікті 

толықтығына растама.

Диссертация  бойынша  негізгі  ғылыми-практикалық  үсыныстар  мен 

қорытындылар  16  мақала түрінде  мақүлданымнан  өтіп,  ғылыми баяндамалар 

және  хабарламалар  түрінде  халықаралық  жэне  республикалық  ауқымдағы 

ғылыми-теориялық 

конференцияларда 

жэне 

ғылыми 


семинарларда 

талқыланған,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Білім  жэне  ғылым 

министрлігі  Білім  жэне  ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті  үсынған 

басылымдарда, 

8сориз  ақпараттар  базасына  енетін  импакт-факторлы 

журналда жарияланған.



8. Диссертация мазмүнындағы және ресімделуіндегі кемшіліктер.

Диссертациямен  егжей-тегжейлі  таныса  келе,  ондағы  аса  маңызды

жайттарға  зор  қызығушылықпен  назар  аудара  отырып,  төмендегідей 

мәселелерді атап өтеміз:

1. Ізденуші  қазақыландыру,  тілдің  ішкі  мүмкіндіктерін  сарқа  пайдалану 

дегендерді терең талдаған, сонымен қатар соңғы ширек ғасырда пайда болған 

жаңа  сөздердің  енуіне,  оны  біздің  қабылдауымызға  байланысты  пуризм 

белгілері бар ма, жоқ па, оның негіздері қандай деген мәселелерді де анықтай 

кетуі қажет еді.

2.  Жүмыста 

педагогикалық 

үдерістің 

гуманистік 

бағыттылығы, 

педагогикалық  үдерістің  омірмен  байланысын  қамтамасыз  ету,  пэнаралық 

байланыс,  берілетін  білімнің  ғылымилығы,  сабақтастық,  бірізділік  және 

жүйелелік  сияқты  дидактикалық  үстанымдар  дәйекті  талданған.  Әдістемесі 

жағынан  жүмыстың  маңызды  жағы  -   жаңа  сөздерді  білім  алушылардың 

сөйлеу  тіліне,  қолданысына  енгізу.  Сондықтан  дидактикалық  үстанымдар


қатарында  оқытудың  коммуникативтік  ұстанымы  дегенді  қосып,  оны 

нақтылай түсуі сүранып түр.

Көрсетілген  ұсыныстар  жүмыстың  жалпы  мазмүнына,  өзектілігіне 

айтарлықтай  ақау  келтірмейді  жэне  теориялық-практикалық  құндылығын 

төмендетпейді.

9. 

Диссертацияның 

ғылыми  дәрежелер 

беру  ережелерінің 

2- 

бөлімінің талаптарына сәйкестігі.

«Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жаңа  создер:  кодификаңия  үдерістері  жэне 

олардың  лингводидактикалық  негіздері»  атты  жүмыс  -   тақырыбы  өзекті, 

ғылыми  аппараты  дүрыс,  Қазақстан  Республикасы  БҒМ  Білім  жэне  ғылым 

саласындағы  бақылау  комитеті  тарапынан  ғылыми  жүмыстарға  қойылатын 

талаптарға  сәйкес  келетін,  тіл  саясаты  бойынша  іс-шаралардың  талаптарын 

қанағаттандыратын,  тілтанымның  көптеген  салаларының  жэне  тілді  оқыту 

әдістемесінің  теориясы  мен  практикасының  одан  эрі  дамытылуына 

айтарлықтай  үлес  қоса  алатын  толық  аяқталған  зерттеу;  осы  аталғандардың 

негізінде  жұмыстың  авторы  -   ізденуші  Алдашева  Камар  Сагингалиевна 

60011700  -   «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы  бойынша  «философия 

докторы» (РІіО) дэрежесін алуға эбден лайық деп бағаланады.



Рецензент:

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 

педагогикалық институтының профессоры,

педагогнка ғылымдарының докторы

А. Жапбаров



«15» желтоқсан, 2016 жыл




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал