Диссертация мамандығы 6М010300 «Педагогика және психология»



жүктеу 0.95 Mb.

бет5/7
Дата11.09.2017
өлшемі0.95 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

2.3 Оқу процесін қамту және сүйемелдеу

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»  даярлау құзыреттілікті, миссияны

іске асыруға, түлектердің аймақтық еңбек нарығында және олардың кәсіби

және географиялық  тұтастығын, бәсекеге қабілеттіліктерін қалыптастыруға

бағытталған. 

ҚР   мемлекеттік   жалпыға   білім   беру  стандарты   №1080   23.08.2012  ж.

(Астана,   2012)   негізінде   мамандықтың   оқу   жұмыс   жоспарлары

құрастырылған. 

Соңғы   үш   жылда   кафедра   ОПҚ   жалпы   көлемі   55,   25   б.б.   3   оқу-

әдістемелік   ұсыныстар,   солардың   ішінде   мемлекеттік   тілде     басылып

шығарылды. Бұл айтылғандарға:

Қазақ тілі Практикалық курсының жұмыс дәптері (Оқулық) Алматы қ.

«Арыс»   баспасы,   2014.-   212   бет;  «Етіс   табиғатының   функционалдық

сипаты».   Оқу   құралы.   Алматы:   «Арыс»   баспасы,   2014.   –   192   бет;     «Етіс

табиғатының ғылыми негіздері» 2-басылымы. Оқу құралы. Алматы: «Арыс»

баспасы, 2014. – 408 бет; (профессор м.а. Имамбаева Ғ.Е.) 

2011-2012 о.ж. студенттердің  үлгерімі 100 %; 2012-2013 о.ж. 100 %;

2013-2014 о.ж. 100 % құрады. 

Студенттердің   білім   сапасын   анықтау  мақсатында     БЖТБ   өткізіледі.

Осындай бағалау нәтижелері бойынша   5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығы бойынша оқитын студенттер 2013 о.ж. 

   69,15 балл алды, 2014



о.ж.

 –

 69,15 балл алды.



Кафедрада ОПҚ жүктемесі ҚР МЖББС .03.015 – 2009 ж. «Оқу жұмысы

және падагогтік жүктеме. Негізгі ережелер» және ҚР МЖББС 5.03.016- 2009

«Жоғары   оқу   орындарында   дипломдық   жұмыстарды   (жобаларды)   орындау

ережесін» есепке ала отырып жоспарланады. 

Оқытушылардың оқу жүктемесін кафедра меңгерушісі жыл сайын оқу

жылы   соңында   іске   асырып,   академия   директоры   оқу-әдістемелік   жұмыс

бойынша   басқарма   бастығымен   келісе   отырып   бекітеді   де   кафедра

отырысында   талқыланады.   Оқытушылардың   орташа   жүктемесі   бір

мөлшерлемеге 850

 

сағат құрайды.



Кафедрада

- кафедра ОПҚ оқу жүктемесінің есебі;

- кафедра ОПҚ жеке жұмыс жоспары;

- ай сайын толтырылатын ОПҚ жүктемесіне арналған карточкалар;

- оқытушылардың   оқу   жүктемені   семестрде   және   жыл   бойы

орындағандықтары туралы есептері (онда жоспарланғаны және факті түрде

өткізілгені көрсетіледі) бар.

Оқу   сабақтарың   кестесінің   тұрақтылығы   және   оның   орындалуы   оқу

үрдісінің   Кестесін   (академиялық   календарь)   қамтиды.   ОПҚ   жылдық

жүктемесі факультеттің оқу жұмыс жоспарына және оқытушылардың жеке

жоспарларына сәйкес жоспарланады.

63


Оқу   сабақтарының   кестесі   оқу   үрдісін   ұйымдастырушы   және

бақылаушы бөлімнің диспетчерлерімен құрастырылады. Оның орындалуын

бақылау оқу үрдісін ұйымдастырушы және бақылаушы бөлімі, деканат және

кафедраға жүктеледі. 

Міндетті компоненттер бойынша оқу жұмыс бағдарламалары пән және

пән компоненттерінің типтік бағдарламалары негізінде құрастырылады және

келесі талаптар орындалады:

- аталған   пәндік   салада   қазіргі   заман   жағдайына,   тенденцияға   және

ғылымның дамуына, пән бойынша тәжірибешілікке сәйкестігі (гумантарлық

пәндер, техника, технология, информатика, экономика т.б.);

- кәсіби   әрекет   ерекшеліктеріне   сәйкестігі,   оның   іске   асу   саласы,

түлектің біліктілік деңгейі  «қазақ тілі мен әдебиет»;

- аталған  пәндердің   және  бұрын  оқытылған,  кейін  оқытылатын  және

қатар   оқытылып   жатқан   пәндердің   құрамына,   мазмұнына   және   сипатына

сәйкестігі;

- жоғары мектептің педагогикасы мен дидактикасына сәйкестігі;

- пән мазмұнын құрастыратын ақпараттың қисынды ресімделуі

- аталған   пәнді   оқытуда   (аудиториялық   сабақтар,   СӨЖ)   қолжетімді

нәтижелерді бақылау және бағалауда оқытудың түрлі формаларының мазмұн,

амал және тәсілдерін іске асыруда оңтайлы арақатынастар;

- пәнді   оқыту   тәсілдері   мен   бағалау   әдістемелерінің   бағдарлама

мақсаттарына сәйкестігі;

- аталған   мамандықтың   білім   беру   үрдісін   ресімдейтін   нормативті

құжаттар мен ережелердің сәйкестігі.

Мамандықтар   үшін   пән   бойынша   оқу-әдістемелік   қажетті   пакет

құрастырылған 

Университет   ғылыми   кеңесімен   бекітілген   тәртіп   бойынша   келесі

бөліктерден құралған әдістемелік кешен құралды:

1.

Жумыс бағдарламасы



2.

Силлабус


3.

Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқау және т.б.

Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру үшін кафедрада  «Қазақ  тілі мен

әдебиеттің   өзекті   мәселелері»   тақырыбы   бойынша   әдістемелік   семинар

жұмысы ұйымдастырылған. Мұнда жоғары мектеп педагогикасының өзекті

мәселелері қарастырылады, өткізілген ашық сабақтардың және өзара сабаққа

қатысу   бойынша   талдаулар   жүргізіледі,   педагогикалық   тәжірибе   алмасу

болады.


ОСӨЖ   барысында   оқу   бағдарламаларының   күрделі   сұрақтары

бойынша, курстық жұмыстардың (жобалардың) орындалуына және басқа да

өздігінен   орындалатын   жұмыстарға   кеңестер   беріледі.   СӨЖ   және   ОСӨЖ

тест, эссе жазу, бақылау жұмыстары, сынақ, реферат жазу түрлері бойынша

өтеді.

СӨЖ ұйымдастыру және оның сапасын арттыру үшін және студенттің



жеке жұмысын көтеру үшін кафедра жанында әр пән бойынша OL-кеңестер

64


және қосымша сабақтар тақырыптары құрастырылып, оларды орындау және

есеп беру кестесі жасалған.

Студенттердің   өздік   жұмысын   ұйымдастыру   үшін   кафедра   жанында

СӨЖ   және   ОСӨЖ   тақырыптары   мен   әдістемелік   қамтамасыз   етілген

электронды және магнитті тасымалдаушылар бар.

Кафедра ПОҚ оқыту үрдісі барысында оқытудың әдістері мен түрлерін

арттырады, дәріс және семинар сабақтарында оқытудың дәстүрлі де, сондай-

ақ   белсенді   әдістемелері   қолданылады.   Атап   айтсақ,   СТО   технологиясы,

эксперемент, Интерактивтік технологиялар, слайд-шоу дәрістер, тестілеу.

2013   ж.   бастап   университеттің   порталында   білім   алушының   жеке

кабинеті орналасқан, мұнда: анықтағыштың электронды түрі, білім алу үшін

төлемдердің реті мен ережесі, білім алушы туралы жеке мәлімет, жеке оқу

жоспары, оқу жетістіктерінің тарихы, транскрипт, оқу сабақтары мен сессия

кестесі,   академиялық   күнтізбе   қамтылған.   Білім   алушы   жеке   жоспар

құрастырған   кезде   өзінің   жеке   кабинеті   арқылы   оқу   пәндеріне   тіркелу

мүмкіндігіне ие, сондай-ақ өзінің эдвайзерімен хабарласа алады. Оқу үрдісін

бір жылға академиялық күнтізбе негізінде ұйымдастырылады, онда әр курс

үшін   теориялық   білім   алу   (ТБА)   кезеңдері,   қорытынды   бақылау   (ҚБ),

қорытында   мемлекеттік   аттестация   (ҚМА),   тәжірибешіліктің   түрлері,

демалыстар, жазғы семестр (ЖС) көрсетіледі.

  «5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттері курстық,

дипломдық жұмыстар жазып, ғылыми әрекетпен айналысады; Ғаламтордың

барлық   сайттарына   ақысыз   шығып   қажетті   ақпараттарды   алып,   өздерінің

курстық, дипломдық жұмыстарында, мақала жазуда т.б. қолдана алады.

Мемлекеттік аттестация комиссиясы (МАК) «Білім беру мекемелерінде

білім   алушылардың   оқу   ағымдағы   үлгерімін   аралық   және   қорытынды

бақылау   және   мемлекеттік   аттестациялауды   өткізу   ережелеріне»   сай   іске

асырылады   (2008   жылдың   18   наурызындағы   №125   ҚР   білім   және   ғылым

министрлігі және 13.04.2010 №168 бұйрыққа өзгерістер енгізу). 

Дипломдық   жұмыстарды   қорғау   мультимедиялық   технологияны

қолдану   арқылы   өтеді.   Баяндамада   жұмыстың   өзектілігі,   мақсаты   мен

міндеттері,   тәжірибелік   маңыздылығы,   ғылыми   жаңалықтың   элементтері,

қолану ұсыныстары қамтылады. 

Дипломдық жұмыстардың тақырыптары саланың (мамандықта болып

жатқан   өзгеріс,   жаңалықтарға   байланысты)   дамуы   бойынша   жаңартылып,

өзгеріп тұрады. 

Дипломдық жұмыстардың мазмұны мен ресімделуі МЖББС 5.03.016 –

2009 «Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмыстарды орындау ережелері.

Негізгі ережелерге» сәйкес келеді. 

Дипломдық   жұмыстардың   бқлімдерінде   зерттеу   объектісінің

жағдайының талдауы, ғылыми және оқу әдебиеттерін, сондай-ақ заңнама мен

нормативті   құжаттарды   пайдалану   арқылы   қарастырылатын   жұмыстың

теориялық   аспектілерінің   зерттелуі;   зерттеу   тақырыбы   шеңберінде

зерттелетін объектілерді арттыруға байланысты ұсыныстар қамтылады. 

65


Түлектердің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыруының

және   дипломдық   жұмысты   қорғау  соңғы   үш   жылдағы   үлгерімі   100   %-ды

құрайды. 

МАК   қолданыстағы   Ереже   сәйкес   қалыптасады.   МАК   төрағасының

есептері  бар. Оларда мамандарды даярлау деңгейі, орындалған  дипломдық

жұмыстардың   саны,   олардың   тақырыптарының   қазіргі   жағдайға   сәйкес

келеді.   Студенттердің   тәжірибешілік   жұмыстары   мамандық   даярлауда

бағытында мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты талаптарына сәйкес

оқу   үрдісінің   бөлінбес   құрамы   болып   келеді.   Тәжірибешіліктің   басты

мақсаты – пәндерді оқу барысында алған теориялық білімдерін бекіту, кәсіби

құзыреттіліке және тәжірибешілік дағдыларға ие болу, өндірістік және кәсіби

мәселелерді өздігінен шеше білу болып табылады. 

Тәжірибешіліктің   мерзімі   мен   көлемі   типтік   және   оқу   жұмыс

жоспарына сәйкес келеді. Тәжірибешілікке жіберу университет ректорының

бұйрығына негізделеді. Күндізгі және сырттай бөлімдерде оқитын студенттер

үшін   тәжірибешілік   бағдарлама   кафедрада   жанында   қазақ   және   орыс

тілдерінде   құрастырылады.   Тәжірибеден   өту   бағдарламасына   сәйкес

студенттер   өндірістің   ерекшеліктерімен   сондай-ақ,   нормативті   және

заңнамалық   құжаттармен   танысады,   өздерінің   есеп   берулері   үшін   және

дипломдық жұмыстарын жазу үшін материалдар жинақтайды. 

Барлық   тәжірибешіліктер   оқу   жұмыс   жоспарларына,   өндіріс   пен

университет   арасында   жасалған   келесімшарт   негізінде   құрастырылған

бағдарламаларға сәйкес өтіледі. 

Студенттерді   тәжірибешіліктен   өткізу   үшін   өндірістер   және

мекемелермен   көпжылға   жасалған   келісімшарттар   тізімі   үнемі   толысып

тұрады.


5В011700   «Қазақ   тілі   мен   әдебиеті»   мамандығының   тәжірибе   өту

базалары мектептер, лицей және колледж. болып табылады.



 

Тәжірибе өтер

алдында   негізгі   мәселелерді   түсіндіріп,   қажетті   құжаттарды   тарату   үшін

күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін оқу, өндірістік және

дипломалды   тәжірибелер   бойынша   кафедра   жанында   міндетті   түрде

ұйымдастыру конферециясы өткізіледі.

Тәжірибеден өту барысында студенттердің тәжірибеде өтуі бақылауға

алынады. 

Студенттер   міндетті   түрде   күнделік   жүргізулері   тиіс.   Тәжірибеден

өткеннен кейін берген есептерін қорғайды. 

Кафедра   жанында   түлектердің   еңбекпен   қамтылу   мониторингісі

жүргізіледі,   жұмыспен   қамтушылармен   тығыз   байланыс   бар.   Кафедраның

100% түлектері жұмыспен қамтылған. Жыл сайын университетте «Түлектер

жәрменкесі»   ұйымдастырылып,   жұмыс   берушілер   шақырылады.   Өткен

жылдардың   түлектерімен   байланысты   нығайту   үшін,   сондай-ақ   қазіргі

түлектерді   жұмыспен   қамту   үшін   университет   жанында   Түлектер

ассоциациясы құрастырылды. Мұның құрамында 8 адам бар. 

66


Университеттің   ресми   сайты   3   тілде   беріледі.   Университетте

(

www.ineu.edu.kz

) ішкі ақпараттық портал тиімді жұмыс істейді. Порталдың

жалпы ақпараттық бөлігі университет, оның бөлімшелері, университте өтіп

жатқан   шаралар   туралы   мәліметтерді   қамтиды.   Порталда   оқу-әдістемелік

материалдар және электронды құжаттар орналасқан. Сайтта сессия аралық

тестілеу   жүйесі,   қашықтықтан   оқыту   жүйесі,   университеттің   бөлімшелері

арасында электорнды почта, хабарландыру тақтасы т.б. орналасқан. Қазіргі

кезде университеттің  порталы  15 мыңнан астам электронды  оқулықтармен

қамтамасыз етілген. Оқу әдебиетінің көлемі мен сапасы 5В011700 «Қазақ тілі

мен   әдебиеті»   мамандығы   бойынша   оқитын   студенттердің   сабаққа   сапалы

дайындалуына   мүмкіндік   береді.   Ағымдағы   топтама   кітапхана   мен

кафедраның бірігіп жұмыс істеуі бойынша құрастырылады. 

«5В011700– Қазақ тілі мен әдебиеті»   мамандығы бойынша кітап қоры

53,75 контингентіне 140-160,01 дана құрайды, соның ішінде қазақ тілінде 140,

базалық және бағдарлы пәндер -4372 дана, жалпы білім беру пәндері бойынша –

2660   дана,   оқу-әдістемелік   және   ғылыми   әдебиет-   742,   ресми   әдебиеттер,

анықтамалықтар мен библиографиялық әдебиет -248 дана, баспасөз өнімдерінің

6 аталымы қамтылған. 

38   электронды   оқулық.   Мамандық   бойынша   негізгі   әдебиеттер   қоры

үнемі жаңарып тұрады. Сөйтіп, келтірілген контингенттің 1 студентіне қазақ

тілінде   140   данадан   келеді   де,   орыс   тілінде   –   146,01   дана.   Мамандықты

кітаппен қамтамасыз ету нормативке сай. 

Студенттер   қосымша   әдебиетпен,   яғни   анықтамалық-

библиографиялық, баспасөз өнімдері, түрлі сөздіктер және анықтағыштармен

толыққанды   қамтамасыз   етілген.   Қосымша   әдебиеттер   қоры   студенттердің

оқу   әрекетін   жекешелендіруге   мүмкіндік   жасайды.   Барлық   әдебиет

абонемент пен оқу залында орналасқан. 

Кәсіптік   құзыреттерін   дамыту   үшін   кафедра   ОПҚ   оқу   үдерісінде

инновациялық   оқыту   технологияларын   қолданады:   сыни   ойлау

стратегиялары, кейс   әдістері, іскерлік ойындар, проблемалық жағдаяттарды

модельдеу,   жұпта   оқыту,   топтық   пікір-таластар.   Дәріс   және   практикалық

сабақтары   интерактивтік   слайдттарын   қолдану   арқылы,   электрондық

оқулықтарын пайдалану арқылы өткізіледі. Тікелей интернетке шығуы бар

аудиторияларында сабақтар өткізіледі.

5В011700   «Қазақ   тілі   мен   әдебиеті»  мамандығында   оқып   жүрген

студенттердің   жалпы   саны   оқу   жылының   барлық   цикліне   оқулықтармен,

ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген.

Жыл   сайын   кафедраның   сұранысы   бойынша   кітапхана   төменде

көрсетілген мерзімді баспасөз материалдарымен қамтылып отырады:

ВестникМУ. Филология сериясы;



Филология:Научные исследования;

Вопросы филологии.



Жалын


Қазақ тілі  мен әдебиеті орыс мектебінде (каз)

67


Литература в казахст. школе. Әдебиет Қазақстан мектебінде (каз.рус)

Абай


Соңығы үш жылда кафедра оқытушыларының 2 оқулық шығарылды:

Имамбаева   Г.Е.Қазақ   тілі   Практикалық   курсының   жұмыс   дәптері



(13,25 б.т.);

Бейсембаев   А.Р.   Сабитова   З.К.  Межкультурная   коммуникация   в



многонациональном   Казахстане   (на   материале   казахской,   русской,

украинской культур): Учебник для учащихся воскресных школ (15,75 п.л.);

10 оқу құралы:

Имамбаева Г.Е.Етіс табиғатының ғылыми негіздері (23,75 б.т.)



Аубакирова  Р.Х,   Суюнова  Г.   С.,   Айтмагамбетова  М.Б.Учебное

пособие   по   русскому   языку   по   развитию   навыков   письменной   речи   и

говорения для студентов с государственным языком обучения (3,7 п.л.)

Бейсембаев А.Р. Проложенная колея: от компетентного педагога к 



успешному ученику (13,6п.л.);

Маняпова Т.Қ., Жартыбаев Н.Б. «Қазақ тілі» пәнінен электронды оқу 



құралы (251Mb, +Adobeflashplayer - 259 Mb);

Имамбаева Г.Е. Етіс табиғатының функционалдық сипаты (12,0б.т.);



Имамбаева Г.Е. Етіс табиғатының ғылыми негіздері (25,5б.т.);

Имамбаева Г.Е. MOODLE жүйесін қолданатын қашықтық оқытуы 



(4,5б.т.);

Бейсембаев А.Р. Межкультурная коммуникация в многонациональном



Казахстане: Рабочая тетрадь для изучающих языки в воскресных школах (6,5

п.л.);


1 учебно-методическое пособие для учителей:

Бейсембаев   А.Р.,   Сабитова   З.К.   Межкультурная   коммуникация   в



многонациональном   Казахстане   (на   материале   казахской,   русской,

украинской   культур):   Учебно-методическое   пособие   для   учителей

воскресных школ (10 п.л.);

Сондай-ақ, 58 оқу-әдістемелік құралдары дайындалды.

Білім   алушылар   порталдан   тест-тренинг   және   пәндер   бойынша

тестілену;   жеке   тапсырмаларды   алу,   жеке   кабинет   арқылы   ағымдағы

семестрдегі және бұрынғы академиялық кезеңдегі үлгерім нәтижелерін қарау,

курстан-курсқа   көшірілу   GPA балын   көруге,   элективті   пәндер   каталогімен

танысуға мүмкіндіктері бар.

Жаңа инновацияларды құрастырып қолдануда заманауи компьютерлік

техниканың,   бірыңғай   ақпараттық-білім   беру   орта   құрастыру   үшін

жабдықталған   желі   болуы   маңызды   фактор   болып   табылады.   Ақпараттық

ресурстардың дамуы техникалық құралдар  паркінің жаңаруын үнемі талап

етеді.   Өндірістің   негізгі   үрдістерін   ақпараттық-технологиялық   қамтамасыз

ету үшін (білім беру, ғылыми, басқару т.б.) университетте 2011-2012 о.ж 327;

2012-2013 о.ж – 335; 2013-2014 о.ж – 341; 2014-1015 о.ж – 345 компьютер

бар. Әр студентке 2011-2012 о.ж 175,3; 2012-2013 о.ж – 162,5; 2013-2014 о.ж –

68


184,5   оқу   жылы   бойынша   компьютерлік   сағат   бөлінген.   Оқу   үрдісінде

барлығы 19 компьютерлік сынып, 229 бірлік компьютерлік техника жұмыс

істейді.   Студенттер   мен   ОПҚ   үшін   ЖОО-ның   барлық   корпустарында   4

көшірме аппараттары орналасқан. 

Оқу   үрдісінде   мамандықтың   пәндері   бойынша   сабақ   жүргізуде

оқытудың   техникалық   құралдары   пайдаланылады.   Сыныптар   ғаламторға

қосылған,   сол   себепті   қосылам   деушілер   барлық   сайттарға   еніп,   лимитсіз

қолдана береді. 

Университетте 33 мультимедиялық сынып және көру мүмкіндігін 

ерекше кеңейтіп, дәріс материалын сапалы жеткізу мүмкіндігіне ие 

интербелсенді тақтамен жабдықталған 2 мультимедиялық кешен орналасқан. 

Лингафон кабиенттерінің шетел тіл үйренушілерге аудирование жүргізуде 

көмегі мол. 

Кафедрада ұжымы тарапынан студенттерге патриоттық тәрбие беруге,

жоспар негізінде кураторлық сағаттардың өз уақытында өткізілуіне көп көңіл

бөлінеді. 2009-2012 оқу жылдары мынадай тақырыпта кураторлық сағаттар

өткізілді:  

30 тамыз - Конституция күні;



Университеттің   ішкі   тәртібімен   және   жатақханада   тұратын

студенттерді жатақхана тәртібімен таныстыру ;

Салауатты өмір салты;



1 мамыр – ҚР халқының бірлігі мерекесі (Берекені көктен тілеме,

бірлігі мол көптен тіле);

Ұстаз мерейі, т.б.



Студенттердің   оқу   үлгерімі,   отбасылық   жағдайы,   т.б.   туралы

мәліметтер өз уақытында толтырылып, талап етілген орындарға тапсырылып

отырады. Аталған мәліметтерді толтыру, тапсыру кафедраның аға кураторы

мен топ кураторларына жүктелген, атап айтсақ: 

кафедра топтары студенттерінің академиялық транскриптілері;



топ   студенттерінің   әлеуметтік   төлқұжаты   (аға   куратор:   Сахаба   М.,

топ кураторлары: Жүсіпов Е. Қ., Жетпісбай Ә.Қ., Молдағали Б.).

Жоғарыда көрсетілген оқу жылдары кафедра ұжымы тарапынан жыл

сайын «Мейірімділік» акциясы шеңберінде ақшалай көмек көрсетіледі.  

Студент  жастарды елімізде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру

және оны талқылау –  кафедрада алға қойылған міндеттердің бірі.

Жыл   сайын   университет,   кафедра   көлемінде   ҚР   Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың   Қазақстан   халқына   Жолдауы   студенттерге   тікелей   эфир

арқылы көрсетіліп, талқыланып отырылады. Атап айтқанда, ҚР Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу

– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге

қалаймыз»,  2012  жылғы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан

дамуының   басты   бағыты»,

«Қазақстан-2050»   Стратегиясы   қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты тақырыбындағы  жаңа 

2013 жылға арналған

69


Жолдаулары   студенттер   және   кафедраның   оқытушылық-профессорлық

құрамы тарапынан зор қолдауға ие болды. 

Студенттерді   ҚР   Заңдарымен   таныстыру   мақсатында   жүргізілетін   іс-

шараларға қатысуы ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, студенттер мен топ

кураторлары   Павлодар   облысының   Әділет   департаментінің

ұйымдастыруымен   өткен   «Әділеттер   кеңес   береді»   атты   акциясына,

депутаттармен   өткен   кездесулерге   қатысып,   апта   сайын   үлкен   үзілісте

республикалық   және   облыстық   жаңалықтарға   шолу   жасалып   тұрды.

Кафедрада  22 қыркүйек – ҚР Тілдер  күніне байланысты оқу орыс тілінде

жүргізілетін   І   курс   студенттеріне   ҚР   Тілдер   туралы   Заңы   түсіндіріліп,

талқыланады.

Мемлекеттік   тілді   насихаттау   кафедра   тарапынан   кеңінен   жолға

қойылған.   Жыл   сайын   ИнЕУ   студенттері   мен   қызметкерлері   арасында

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс өткізіліп тұрады. Бұл шара 2012

жылы «Тіл – халық жанын танудың кілті» деген атпен өткізілді. 2010-2011,

2011-2012,   2012-2013,   2013-2014   оқу   жылдары   кафедра   тарапынан

университет   көлемінде   әр   аптаның   сәрсенбі   күні   университет

бөлімшелеріндегі   өзге   ұлт   өкілдерімен   қазақша   сұхбат   жүргізілді.

Кафедраның   оқытушылық-профессорлық   құрамы   қала   көлемінде

жүргізілетін   мемлекеттік   тілге   байланысты   сайыстарға   студенттерді

дайындайды. Атап көрсетсек, 24.04.2012ж. Қ.Әбусейітов атындағы мәдениет

ойын-сауық   орталығында   өткен   «Мемлекеттік   тіл   –   менің   тілім»   атты

сайыста БУ-101 тобының студенті Бартель А. (бас жүлде), ҚТӘ-201 тобының

студенті   Сахарова   М.   (І   орын)   қатысып,   жүлделі   орындарға   ие   болды.

Облыстық Тілдер басқармасы тарапынан өткізілген  «Мемлекеттік тіл және

жастар»   тақырыбындағы   «дөңгелек   үстелге»   орыс   тобының   студенттері

қатыстырылды   (16.03.12ж.   Сахарова   М.,   Махмудова   Х.,   Бартель   А.,

Никифорова   Н.,   Юрасова   К.).   Университеттің   мемлекеттік   тілді   еркін

меңгерген студенттері (Сахарова М., Бартель А., Махмудова Х., Захаренко Т.,

Батыров Ш.) туралы «Туған тіл – байлығым» атты телебағдарлама түсіріліп,

облыстық «Қазақстан-Павлодар» ТРК арқылы таратылды. 

Қазақстанның   тәуелсіздігіне   байланысты   білімдерін   толықтыру,

отансүйгіштік   сезімдерін   ояту   мақсатында   жыл   сайын   шаралар   өткізіліп,

қабырға газеттері шығарылады. 2010 ж. «Тәуелсіздік – еркіндігің, бақытың»

тақырыбында топтар арасында жарыс өткізілді, университет көлемінде өткен

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатыстырылды.

Мәнерлеп оқу сайысында (05.11.2010ж.) М.Бетимова ынталандыру сыйлығын

алып,   М.Сахарова   ІІ   орынды   иеленді.   ҚР   Тәуелсіздігінің   20   жылдығына

арналған   20   жұлдызды   күн   аясында   өткізілген   «Ел   тірегі   –   жастар»   атты

республикалық   форумға   қатыстырылды   (03.12.11ж.   Астана»   мұз   сарайы).

09.02.11ж.   облыс   көлемінде   «Тәуелсіздік   жылдары:   кеше,   бүгін,   ертең»

тақырыбындағы аймақтық жастар конференциясында М.Сахарова баяндама

жасады. 

70


Кафедраның   жыл   сайын   өтетін   оқу-әдістемелік   апталығына

байланысты төмендегідей шаралар ұйымдастырылды:

26.02.2011 ж. қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының қысқартылған 1-

курс   студенттерінің   ұйымдастыруымен   «Сағындырған   әндер-ай»

тақырыбында концерт өткізілді. Топ кураторы: Байжекина Ш.С. 

10.11.2011ж. «Ұлттаным» мұражайының ашылу рәсімі өткізілді. Шара

барысында қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс көрсетілді, көрініске өзге

ұлт өкілдері қатысты (жауапты: аға оқытушы Сүлейменова Ә.К.)

11.11.2011ж.   оқу   орыс   тілінде   жүргізілетін   топ   студенттері   арасында

«Тапқыр   достар»   танымдық   ойыны   өткізілді   (жауапты:   оқытушы

Сүлейменова Ә.К.);

Студенттердің   өнерге   деген   қызығушылығын   арттырып,

шығармашылықтарын шыңдау мақсатында тақырыптық тәрбие сағаттарының

өткізілуі жолға қойылған:

Жыл   сайын   қазан   айында   Ұстаздарды   төл   мерекесімен   құттықтау

мақсатында   «Ұстаз   мерейі»   (2010   ж.)   тақырыбында   мерекелік   концерт,

ұстаздарға арналған ашық хаттар мен қабырға газеттерінің конкурсы (2011

жылы),   «Ұстазым,   менің   ұстазым»   (2012   ж.)   атты   іс-шаралар   өткізілді

(жауапты оқытушы: Байжекина Ш.С.); Университет көлемінде ұлы Абайдың

қара   сөздерін,   өлеңдері   мен   нақылдарын   жұртшылыққа   насихаттау

мақсатында «Желсіз түнде жарық ай» атты музыкалық-әдеби кеш жүргізілді

(20.04.11ж.   жауапты:   кафедра   ОПҚ.);  М.Мақатаевтың   шығармашылығына

арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді (24.11.2011ж.

жауапты:   аға   оқытушы   Байжекина   Ш.С.).   Кешке   қазақ   тілі   мен   әдебиеті,

химия, тарих мамандықтарының студенттері қатысты. 

Кафедра   студенттері   өздерінің   өнерлерімен   қала,   облыс,   республика

көлемінде   де   танымал.   Атап   айтсақ,   бірнеше   республикалық,   облыстық,

қалалық айтыстардың жеңімпазы ҚТӘ-101 тобының студенті Қабдраш Абзал,

облыстық   «Қазақстан-Павлодар»   ТРК   жаңалықтар   легін   жүргізуші

мемлекеттік   тілді   еркін   меңгерген   Сахарова   Марина,   көркем   сөз   оқу

шеберлері   сайысының   жеңімпазы   Шайкенова   Әйгерім   (О.Бөкей   оқулары,

М.Мақатаев оқулары) және т.б. І курс студенттерінің арасында өткен «Брейн-

ринг»   сайысы   -   ІІІ   орын(Білім   Академиясы   тобының   капитаны   болды)

(09.12ж);  ҚТӘ-301   тобының   студенті   Қабдраш   Абзал  Семей   қаласында

М.Әуезовтың   150   ж   арналған   Павлодар-Семей   ақындарының   арасындағы

(командалық)   жекпе-жек   айтысы   (27-28.09.12ж);   Ш.Шөкиннің   100   ж

арналған аймақтық ақындар айтысына қатысушы (4-6.10.12ж); «Жырлаймын

сені,   туған   өлкем»   атты   жас   ақындар   мүшәйрасы   –   ІІ   орын   (10.12ж)

Республикалық  «Жұлдыздар  отбасысы» жастар журналы  өткізген «Біз  жас

таланттарды іздейміз» атты бәйгесінің «Жас ақын» номинациясы бойынша -

ІІ орын (10.12ж); Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 50 ж

арналған «Қанаттанды» атты жыр жинағында өлеңдері жарық көрді (11.12ж);

«Кемеңгер   Елбасы»   атты   жас   ақындар   айтысы   –   Бас   Жүлде   иегері   (29-

30.11.12ж); «Әлемдегі маңызды мәселелер: тіл, журналистика, мәдениет және

71


әлеуметтану   мәселелері»   атты   36   сағаттық   семинарға   қатысты   (Қ.Р.  білім

және   Ғылым   министрлігі   ИнЕУ   мен   Istanbul   University)   (7-10.12.12ж);

Иманжүсіп   Құтпанұлының   150ж   арналған   облыстық   ақындар   айтысы   -   І

орын   (27.02.2013ж);   18-30   жас   аралығындағы   М.Мақатаев   атындағы

көркемсөз   оқу   шеберлерінің   сайысы   -   І   орын   (28.02.2013ж);   Облыстық

«Наурыз» атты ақындар айтысына қатысушы (19-21.03.2013ж); «Ілияс әлемі»

атты   республикалық   студенттер   арасындағы   фестивалінің   «Тасқында,   тау

суындай көңіл жыры» ақындар айтысы - «Ұшқыр ақын» номинациясы (19-

21.04.2013ж);     IX    республикалық   Жайдарман   ойынының   Маусымашар

ойынына   қатысушы   «Квартет»   КВН   командасы;   Республикалық   орталық

лиганың 1/8 ойынының І орын иегерлрі «Квартет» Квн командасы (Өскемен

қ-сы);  Абзал   Қабдраш   және   Еркебұлан   Рахатжанұлы:  Қ.Бекхожинның   100

жылдығына   орай   ұйымдастырылған   кешке   қатысты(8.10.2013   ж);

М.Әлімбаевтың   90   жылдығына   арналған   мерейтойға   шақырылды(28-29.10.

2013ж); 6-7 қараша 2013ж – Қ.Ыдырысовтың 85 ж арналған «Айналдым, Ақ

Ертісім,   анам   менің»   атты   кешке   және   Ақтоғай   ауданына   мерейтойға

шақырылып,өз   өнерлерін   көрстті;   8   қараша   2013   ж   –Мәшһүр   Жүсіп

Көпейұдының 20 томдық кітаптар жинғының тұсаукесеріне шақырылды;

Университетіміздегі   «Қазақ   филологиясы»   кафедрасының

ұйымдастыруымен   өткен   14-15   қараша   2013ж   –Ш.Құдайбердіұлының   155

жылдығына   арналған   «Халық   ұлы-Шәкәрім»   атты   әдеби-музыкалық   кешті

өткізді.


ҚР тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі –Жастар» атты  жас

ақындар   айтысы   ұйымдастырылып,   өтті   (12.12.2013ж.   Жауапты:   И.Гросс.)

Осы айтыста А.Қабдараш І орынды иеленді; Абзал Қабдраш 16-17 қараша

2013  ж  –  Екібастұз  қаласындағы    «Атамұраның  20  жылдығына     арналған

ақындар айтысында» өнер көрсетті.

Ұлттық мейрам «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты наурыз мейрамының

өтуіне «Қазақ филологисы» ұжымы мен студенттері үлкен жауапкершілікпен

өткізді. 1 мамыр бірлік күніне арналған мерекелік шеру және 9 мамыр Жеңіс

күніне арналған мерекелік шеруге шығып,белсенділік танытты.

«Тіл   -халық   жанынын   танудың   кілті»   атты   басқа   ұлт   өкілдеріне

арналған мемлекеттік тілде сөйлей білу шеберлігін анықтайтын сайыс өтті.

(14.04.2014 ж. Жауапты: Байжекина Ш.С.)

Өлкеміздің   тумасы   Ә.Х.Марғұланның   110   жылдығына   арналған

облыстық   ақындар   айтысында   ҚТӘ-201   тобы   студенті   Абзал   Қабдраш

жүлделі   ІІІ   орынды   иеленді   (02.08.2014ж.).   Олжас   Сүлейменовтың

шығармашылығына   арналған   облыстық   жас   ақындар   мүшайрасы   І   орын

(2014ж);   "Тәуелсіздік   тірегі-Жастар"   атты   облыстық   жас   ақындар   айтысы

Іорын   (2014ж);   Сәбит   Дөнентаевтың   120   жылдығына   арналған   "Қазақтан

шыққан маржандар" атты аймақтық жас ақындар мүшайрасы ІІ орын (2014);

Туған   тілім   тұғырым"   атты   облыстық   жас   ақындар   мүшайрасы   ІІ   орын

(   2014);   Абай   Құнанбаевтің   туған   күніне   арналған   "Өлең-сөздің   патшасы"

атты облыстық ақындар айтысы ІІІ орын ( 2014);

72


Сарыарқа самалы» газетінің 85 жылдығына орай өткізілген «Ғасырды

жалғап   ғасырға»   атты   облыстық   айтысы   ІІІ   орын,   (2014);   «Тәуелсіздің

тұғыры»   атты   облыстық   жас   ақындар   айтысы   І   орын,   (2014);Қостанай

қаласында   өткен   «Тәуелсіздің   тынысы»   атты   аймақтық   ақындар   айтысы   І

орын, ( 2014); «Көк тудың желбірегені» атты ПМПИ өткізген облыстық айтыс

ІІ   орын,   (2014);   «Менің   жетістігім-Елімнің   жетістігі»   атты   облыстық

дарындар   конкурсы   жүлдегер;   Тілдер   басқармасының   атынан   «Тіл

жанашыры» болып марапатталды;Алматыда өткен «Мен жастарға сенемін!»

атты республикалық патриот жастардың форумының қатысушысы;

«Қазақ   филологиясы»   кафедрасы   дәстүрәмен   биылғы   жылы   да   ҚР

тәуелсіздік   күні   мен   Қ.Нығмановтың   90   жылдығна   «Өлеңдерім   менің

өмірбаяным»   атты   облыстық   ақындар   айтысы   өтті   (10.12.2014ж.   Жауапты

Сахаба М.) Осы айтыста А.Қабдраш ІІ орын иеленді.

Кафедра   жоспары   бойынша     тілдер   мерекесіне   орай   «Ана   тілім   –

ардағым!»   атты     тілдер   мерекесіне   арналған   кеш   өтті   (21.09.2014ж.

Жауапты:Сахаба М.); «Достық» тақырыбында өткен әр түрлі ұлт өкілдерінің

қатысуымен   бірге   кеш   ұйымдастырылды   (Жауапты:   Молдағали   Б.);   1курс

студенттерін   қабылдап   алуға   арналған   жоғары   курс   студенттерінің

ұйымдастыруымен өткен концерт (Жауапты:Молдағали Б.).

Студентте     университеттің   және   қалалық,   облыстық   іс-   шараларға

қатысады.

Мамандық бойынша сабақтар оқу үрдісінің сапалы дамуын қамтамасыз

етуші, университеттің материалдық базасында жүргізіледі.

Негізгі  өндірістік процестерін  ақпараттық-технологиялық қамту үшін

(білім беру, ғылыми, басқару және т.б.) университетімізде 329 компьютер бар.

Оқу процесіне 19 компьютерлік кластар қосылған, мұнда  229 компьютерлік

техниканың бірлігі бар. 

Сабақ барысында арнайы техникалық оқу құралдары пайдаланады. Әр 

клас интернет желісіне қосылған, қалауы бойынша әр студент KZ домен 

зонасындаға барлық сайттарға лимитсіз шыға алады. 

Университетте  33   мультимедиялық   кабинет   бар   және  2  кабинет

интерактивтік   тақтамен   жабдықталған.   Осы   кабинеттерде   дәріс

материалдарды   көрнеки   түрде   беруге   және   студенттердің   шығармашылық

тапсырмаларын   көрсетуге   мүмкіндік   бар.   Шет   тілдерін   меңгеру   үшін

лингафондық кабинеттер жабдықталған.  

Студенттер   мен   ОПҚ   үшін   университеттің   барлық   корпустарында

орнатылған  көбейту құралдары бар төрт нүкте.

Оқу үрдісінде интерактивті тақталары бар мультимедиялы сыныптар,

дәріс   мағлұматтарын   беру   мен   айтарлықтай   кеңейтілген   визуализация

мүмкіндіктері қолданылады.

Кафедраға 478,01кв.м. аудиториялар бекітілген, оның 1 интерактивті 

тақталармен жабдықталған 11 оқу аудиториялары,(410 (а,б), 411 (а,б), 412 

(а,б), 417, 418, 419, 422, 423, 425, 426, 427) және  оқу аудиторияларынан тыс 

73


428, 429 бар. Кафедрада 4 компютер,1 ноутбук, 3 лазерный принтер, 2 

қызметтік мультимедиялық кешен бар.

Университетте  сапалы   білім  берумен  қатар  студентерге жан  -  жақты

жағдай   жасалған.   Атап   айтқанда:жайлы   жатақхана,   жоғары   деңгейлі

медициналық   орталық,   дәмді   әрі   сапалы   ас   дайындайтын   асхана,   дене

шынықтыру залы, комьпютер орталықтар және кітапхана жұмыс жасайды. 

1 және 3 оқу корпусында 100 орындық студенттік асхана және буфет

орналасқан.

Университетте   студенттерге   сапалы   қызмет   көрсететін   медициналық

орталық   «Меdex»   қызмет   жасайды.   Орталықта   терапев   және   басқа

мамандардың   қабылдауында   тексеруден   өтуге   болады.   Физиотерапия   және

флюорографиялық қызмет көрсету  студенттрге 50% жеңілдік  және жылына

бір рет толық тексеруден тегін өту қарастырылған.

Спорттық  базада   жеңіл  атлетика   залы,  ойын  және  екі  кешенді   залда

дене   шынықтыру   сабақтары,   стол   тенисі,  шейпинг,   гимнастикажәне   т.б.

пәндер  өткізіледі.   Дене   шынықтыру   сабақтары   ауладағы   стадиондарда   да

жүргізіледі.. Студенттерге арналған 16 түрлі спортық секция жұмыс істейді.

Олар:  волейбол, баскетбол, футбол, шейпинг, жүзу,стол тенисі, атлетикалық

гимнастика, қазақша күрес және самбо. 

Университтетте   арнайы   жабдықталған   редакция   бөлімі   бар.   Мұнда

жоғары маманды қызмет көрсетеді. Редакцияда жылына 922,5 мың бет қағаз

басылып   шығады.Редакция   жұмысының   сапасы   жоғары   деңгейде   деп   нық

сеніммен айта аламыз.

Кафедра өз қызметін арттыру мақсатында түрлі шаралар: студенттердің

білімдерін арттыру, оқу пәндерін сапалы жүргізу, білім беру мен оқу үрдісінің

сапасын анықтауға байланысты кафедраішілік бақылау ұйымдастырады. 

Университет жұмысының жоспары бойынша студенттердің бейімделуі

мәселесі   бойынша  және   білім   беру  сапасына   қанаттылығын   анықтау  үшін

сауалнамалар   жүргізіледі.Сол   сауалнамалардың   нәтижесі   бойынша

университтің   барлық   бөлімшелерінің   жұмыстарын   арттыруға   бағытталған

шаралар құрастырылады. 

Ағымдағы жылда кафедра жанындағы шаралар жүйесін сапалы басқару

қамтиды:

1. Қала мекемелерінің мамандарымен кездесулер.

2. «Қазақ тіл»апталығы шеңберінде  әдістемелік іс-шаралар өткізілді.

3. Кафедра жанындағы пәндер бойынша кітапхана қорын оқу үрдісінде

қолдануға талдау жасалды. 

Сонымен қатар:

1. Академияда оқу бағдарламалары  бойынша Комитет  құрылып, оған

кафедраның курс-лидерлері кіреді.

2. Жұмыс берушілер үшін мамандар даярлау саласында басымдылықты

анықтау   мақсатында   сауалнамалар   құрастырылып   жіберілді.

Сауалнамалардың нәтижелері кафедра отырысында қарастырылды.

74


Кафедраның   ОПҚ   оқу   үрдісін   арттыруға   бағытталған   барлық

шараларды   орындайды.   Солардың   ішінде   оқытушылардың   оқытудың

белсенді әдістерін қолданатынын, біліктілікті арттыруларын, түрлі деңгейдегі

ғылыми-практикалық   конференцияларға   қатысуларын,   оқу-әдістемелік

құралдарды жариялауын т.б. атап өтуге болады.

Кафедра   жоспарына   сәйкес   дәріс,   зертханалық,   тәжірибешілік

сабақтардың   сапасын   бақылау   бойынша   кесте   бекітілген.   Өзара   сбаққа

қатысу кестесі және ашық сабақтар кестесі бойынша барлық жоспарланған

шаралар өткізілді. 

Өткізілетін сабақтардың сапасын бақылау келесі критерийлер бойынша

бағаланады:   оқытушының   ұйымдастырушылық   қабілеті,   оқытушының

үйретушілік   қабілеті,   педагогикалық   шеберлік,   студенттерге   қойылатын

талаптар. 

Кафедра   оқытушыларының   дәріс   және   семинар   сабақтарын   өткізу

сапасын бағалау келесі оң аспектілерді анықтады:

1. мультимедиялық кешенді қолдану

2. тек қана дәстүрлі емес, сондай-ақ белсенді әдістерді де қолдануы; 

3. оқытудың белсенді әдістерін қолдану. 

4. ұйымдастырушылық және үйретушілік қабілеттерін арттыру 

5. студентердің пәнге деген танымдық белсенділіктерінің болуы, 

студенттердің өздігінен жқмыс істеу қабілеттерін дамыту т.б. 

Ашық   сабақтардың   өту   барысында   бағалау   бойынша   комиссия

мүшесіне   доценттермен   бірге   аға   оқытушылар,   сонодай-ақ   кафедра

оқытушылары   да   енді.   Өткізілген   ашық   сабақтардың   нәтижелері   туралы

жалпы   қорытынды   бірқатар   көрсеткіштер   бойынша   жасалды,   олардың

негізгілері:   ұйымдастыру   және   қорытынды   бөлімдердің   болуы,   теориямен

практиканың   байланысы,   берілген   материалдың   қолжетімділігі   және   де

әдістемелік критерийлерге сәйкестігі. 

Зерттеліп отырған кезеңде кафедра қызметінің оң жақтары:

1. Республикалық   және   университетішілік   конференцияларға   қатысу

(2011-12 оқу жылында 27 студент жұмысы, 2012-13о.ж. 7 студент жұмысы,

2013-14 о.ж. – 10 студент жұмысы);

2. Оқыту әдістемесін үнемі арттыру (әдісемелік семиннарлардың өзекті

мәселелері,біліктілікті арттыру); 

3. Оқу үрдісінде техноголгияларды белсенді қолдану;

4. Жаңа элективті курстарды құрастыру пәні 9;

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша студенттер

мен тыңдаушыларды сапалы даярлауды бағалаудың бір бағыты сапалы және

тиісді даярлау болып табылады. 

Студенттердің   бағдарламалар   бойынша   сапалы   даярлауға

қанағаттанушылықтары   саулнамалар   арқылы   (ИнЕУ   қызметкерлерінің

орталандырған түрі, аудит қызметі және білім беру сапасының мониторингісі,

студенттер   альянсі     жүргізеді)   анықталады.   Студенттер   өз   пікірлерін

анонимдік   почта   арқылы   жеткізе   алады.   Сауалнама   нәтижелері   кодталған

75


ақпарат   болып   табылады   да,   кафедра   меңгерушілеріне   жеткізіледі.

Сауалнамалар   нәтижелері   бойынша   түрлі   бағыттағы   жұмыстар   (ОПҚ

сұхбаттан   бастап,   педагогикалық   шеберлікті   жетілдіруге   арналған

семинарлар) атқарылады. 

Кафедрада   білім   алушылардың   білімін   бақылау   кешені   ағымдағы,

аралық,   қорытынды   және   қорытынды   мемлекеттік   аттестацияны   қамтиды.

Сонымен қатар студенттердің білімін бақылаудың негізгі түрі: ауызша және

жазбаша, аралас тексерулер; үй тапсырмаларын қорғау, пікірталас, тренинг

дөңгелек   үстел,  кейс-стади,   брейн-рингтер,   топтық   талдау,   тестілер,

курстық жұмыстар, реферат жазу т.б.

Білім   беру   бағдарламаларының   сапасы   мен   мониторингісінің

құралдары   болып   табылатындар:   мектеп   түлектері,   студенттер   арасында

сауалнама жүргізу, өндірістермен келісімшартқа отыру кезінде сұрақтарға

зерттеу   жүргізу,   түлектердің   пікірі   мен   тәжірибеден   өткен   өндірістегі

жетекшілердің   пікірлері.   «ИнЕУ-дегі   оқу   үрдісінің   сапасы   туралы

пікірлерді  ескеру  туралы   Ереже»  қызметін  және білім беру  бөлімдерінің

сапасын бағалауда университет ұжымының пікірін ескеретін құжат болып

табылады. 

Бағдарлама   сапасының   жанама   куәлігі   түлектердің   еңбекпен

қамтамасыз етілуі болып табылады. 

2014-2015   ж.ж.   білім   беру   сапасын   әрі   қарай   арттыру   мақсатында

жоспарланады:

1. Болон үдерісіне сәйкес жаңа оқу бағдарламаларын құрастыру.

2. Мемлекеттік тілде студенттердің ғылыми жұмыстары мен мақала

тезистері санын арттыру. 

3.   Университет   құрамындағы   білім   бағдарламаларын   жүзеге

асыратын бөлімдерімен бірлесе отырып, пәнаралық байланыстар бойынша

ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастыру. т.б.

2011-2015   жылы   кафедраның   ғылыми   тақырыбы     «Қазақ

филолгиясының   өзекті   мәселелері:   «Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-

жазушыларының тілдік және әдеби ерекшеліктері». Осыған орай Екі бағытта

жұмыс жүргізіледі:  

1. Лингвистикалық бөлім бойынша Ғ.Е.Имамбаева, Ә.Қ. Жетпісбай., Б.

Молдағали бағыты бойынша ғылыми ізденістер жүргізілді.

2.   Әдеби   ерекшеліктерін   зерттеу   бағыты   бойынша   Е.Қ.   Жүсіпоов.,

Д.Қ.Сапабеков., М.Сахаба  қазақ филологиясының өзекті мәселері бірі болып

табылатын   жерлес   ақын-жазушыларымыздың   еңбектерін   зерттеп

лингвистикалық   және   әдеби   ерекшеліктерін   айқындау,     сол   арқылы   жас

ұрпақтың өз өлкесіне деген патриоттық сезімдерін, отансүйгіштік рухтарын

қалыптастыру   дамыту   артыру   ҒЗЖ   басты   мақсаты   болып   табылады.

Қорытынды   есеп   2015   жылдың   наурызында   беріледі,   жұмыс   соңында

авторлық монография жазу көзделіп отыр. 

«Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты КҒА

ХI   халықаралық   конференциясында   кафедра     екі   секция   бойынша   жұмыс

76


істеді. («Қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» және «Лингвистикалық

елтану» секциясы). Бірінші секцияның төрайымы Ғ. Е. Имамбаева хатшысы

Ә. К. Сүлейменова, екінші секцияның төрайымы Ә. Қ. Жетпісбай хатшысы Р.

О.   Жұманбаева   болды.     Секция   хаттамалары   ҒҰЖБ-не   толықтай

тапсырылды. Секция жұмыстарын қанағаттанарлық деп бағалады.

 

Аталмыш   конференцияға   32   қатысушы   қатысты.   Оның   ішінде   22



студент,   10   мектеп   оқушылары   және   13   студент   «Қазақ   филологиясы»

кафедрасының «Ғылыми ой өрісі» ғылыми үйірмесінен қатысты. Бастауыш

сыныптың 3 оқушысы қатысып, «Жас ғалым» диплом алды. Олар: 1) 5 «А» Е.

Асайын   «Жас   дарын»   дарынды   балаларға   арналған   мектеп   оқушысы.

Ғылыми жетекшісі Сулейменова А. К., 2) 6 «А» Н. Кусманов Ы. Алтынсарин

ат.   №3   дарынды   балаларға   арналған   гимназия-интернаты.   3)   10   «А»   А.

Жүсіпова   Ы.   Алтынсарин   ат.  №3   дарынды   балаларға   арналған   гимназия-

интернаты. І - орынға Махамбетова А. ҚТӘ-301 топ студенті, ІІ – орынды

Қыдырғалиева М. ПМУ ФиЛ-201, және ІІІ – орынға Қабжанова А. ҚТӘ-301

топ студенті. Сонымен қатар «Қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері»

Монголия   Респбуликасы   Ховда   университетінің   Баян-Өлгей   аймағындағы

филиалымен  on-olian жүйесінде конференциясын өткізді.

2014жылы

 

Қазақ тіліндегі етіс категориясының лексика-грамматикалық



табиғаты (Монография) (Имамбаева Ғ.Е.) Қазақ тілі Практикалық курсының

жұмыс   дәптері   (Оқулық)   (Имамбаева   Ғ.Е.)   Оқу   құралдарынан:  «Етіс

табиғатының функционалдық сипаты». Оқу құралы. (Имамбаева Ғ.Е.); «Етіс

табиғатының ғылыми негіздері» 2-басылымы. Оқу құралы.(Имамбаева Ғ.Е.);

«MOODLE жүйесін қолданатын қашықтық оқытуы». Оқу құралы (Имамбаева

Ғ.Е.)


Ғылыми   мақалалар:   2011-2015   жылдары   кафедра   оқытушылары

ғылыми   мақалалары   жарияланымы   қанағаттанарлық,   атап   айтсақ:  «Қазақ

тілін   оқыту   -   мемлекеттің   басым   бағыттарының   бірі»   атты   халықаралық

ғылыми-практикалық   конференция   (Шнайдер   В.А.,   Резуанова   Ғ.К.);  R

Человек   в   языке:   интерпретативная   парадигма:   Сборник   научных   трудов,

посвященный   юбилею   доктора   филологических   наук,   профессора

А.Р.Бейсембаева. (Шнайдер В.А., Имамбаева Ғ.Е.);  "ХХІ ғасырдағы ғылым

және   білім:   Еуразия   кеңістігінде   даму   динамикасы"хал.ғыл.-тәж.конф

(Резуанова   Ғ.К.);  Қазіргі   кездегі   білім   берудегі   құзіреттілік   амал»   атты

аймақтық   ғылыми-тәжірибелік   конференция  (Резуанова   Ғ.К.);  Көптілділік:

қазіргі   хал-ахуалы   және   болашағы»   хал.ғыл.-пр.   конф.   ІХ   Седельников

оқулары (Молдағали Б.).

2012-2013ж.   Magister   Dixit»   -   научно-педагогический   журнал

Восточной   Сибири.     (

http://md.islu.ru/

)   (Ресей,   Иркутс   қ.   2012   -2013   жж)

Имамбаева Ғ.Е., Резуанова Ғ.К., Молдағали Б;   «Фонетика ғылымдарының

өзекті мәселелері: даму көздері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-

теориялық конференция (Алматы, 2012 ж.) Молдағали Б;  Научная дискуссия:

вопросы филологии, искусствоведения и культурологи (Ресей, Москва, 2012);

77


Гадаад   хэл   заах   аргазүйн   асуудал”   -   научно-методический   журнал

преподавания иностранных языков (Монғолия, 2013) Молдағали Б.

2013-2014ж.  Халықаралық   конференция   «The   Annual   International

Conferenceon Cognitive» (14 May 2014, Турция) Имамбаева Г.Е.; Четвертое

заседание   Совета   ректоров   вузов   Большого   Алтая   (2014   г.  26-31   мая,   г.

Шихэцзы СУАР Қытай) Имамбаева Г.Е.; Халықаралық ғылыми-практикалық

конференция «Теоретические и прикладные вопросы образования и науки»

(Ресей, Тамбов қ.), Жоғары оқу орындаы ғылымының жетістіктері (Көкшетау,

2014. 27 ақпан) Сахаба М.

Монографиялар және ғылыми мақалалар саны:  2011-2012, 2012-2013,

2013-2014  оқу  жылында  кафедра  бойынша  шығарылған   ғылыми  және оқу

құралдарының жалпы санын төменде көресілген.

ОПҚ   кафедрасында   2011-12   оқу   жылында   15   ғылыми   басылым

жарыққа шықты. Жалпы көлемі 4,55 б.п. Ал 2012-13 оқу жылында 13 ғылыми

басылым жарыққа шықты. Жалпы көлемі 5,0 б.п. 2013-15 жылы 8 ғылыми

басылым (1 монография) шығарылды. Жалпы көлемі 25,2 б.п.  

2011-14   жылдарды   кафедра   қызметкерлері   36   ғылыми   және   оқыту

құралдарын шығарған болатын. Көлемі 34.75 б. п. Шет елдерде 9 ғылыми

мақала,   оның   ішінде   4   ғылыми   мақала   алыс   шетелде   жарыққа   шықты.

Ғылыми   журналдарда   ағылшын   тілінде   2   мақала,   мемлекеттік   тілде   27

ғылыми мақала.

Кафедраның     халықаралық   қызметі     ғылыми   және   академиялық

байланысты құруға бағытталған.  2012  жылы кафедра Иркутск  мемлекеттік

лингвистикалық   университетпен   келісім   шарт   жасалды.   2013   жылы   Сібір

бухаралық коммуникация Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен

шарт   жасалды.   2014   жылы   профессор   Имамбаева   Г.Е.    «МаgisterDixit»

Шығыс   Сібір   электрондық   ғылыми-   педагогикалық   журналының   редакция

алқасының мүшесі болды (Ресей, Иркутск қ.). 

«Болашақ»   ҚР   Президентінің   халықаралық   стипендиясының   иесі

Молдағали Б. «Филология»  мамандығы бойынша  ХИС университетінде PhD

докторантурасында оқиды. (Монғолия, Уланбатор).

2014   жылдың   03-13   ақпан   аралығында   академиялық   мобильділік

бағдарламасы бойынша «Казах хэлний сургалтын танин мэдэхүйн хөгжлийн

чиг баримжаа» тақырыбында дәріс оқыды.

«ХХХХ   ғылыми-практикалық   конференциясы»   Ховда   мемлекеттік

университетінің   Баян   Өлгий   филиалының   «Қазақ   филологиясы»

кафедрасымен онлайн түрінде өткізді.

011700   «Қазақ   тілі   мен   әдебиеті»   мамандығы   бойынша   оқитындар

үшін:

1. практиканы   ұйымдастыру   бойынша   қажетті   оқу-әдістемелік



кешендер әзірленген (кәсіптік практика бойынша әдістемелік нұсқаулық; оқу

практикасы бойынша бағдарлама, өндірістік практика бойынша бағдаралама,

дипломалды практика бойынша бағдарлама); 

78


2. кәсіптік практикадан өту орындарын бекіту мақсатында облыс, қала

білім беру мекемелерімен ұзақ мерзімді келісім-шарттар құралған;

3. практиканы   ұйымдастыру,  жүргізу   және   қорытындыларын   шығару

бойынша қажетті құжаттамаларын ресімдеу жүзеге асырылады;

4. студенттер   тарапынан   практика   бойынша   күнделіктерді   толтыру

және есептерді тапсыру құжаттары ресімделінеді.

Заң мәтіндердің лингвистикасы

Курс мақсаты: даулы заңдық мәтіндерге лингвистикалық талдау жасау

заңдық мәтіндерді зерттеудің негізгі мәселелерімен таныстыру, оның 

құрылым-семантикалық құрылысымен. 

Мазмұны: Ресми-іскери және заңдық стилінің ерекшеліктері. Ресми-

іскери стиль және оның өзгешелігі.  Ресми-іскери стильдің тілдік және 

стилистикалық мінездемесі. Заңдық құжаттардың стилі мен құрылымы. 

Заңдық мәтіндерге талдау жасаудың коммуникативті-прагматикалық 

аспектілері.

Тұтастық пен өзара байланыс мәтіннің құрылымдық белгілері ретінде.

Заңдық   мәтіннің   прагматикалық   аспектілері.   Баспасөз

хабарламасы.Тұсаукесер. Сұхбат. Соттық лингвистикалық сараптама.

Курсты   меңгергеннен   кейін   студент     білуі   және   түсінуі   тиіс:   сот-

лингвистикалық   сараптаманың   қыр-сырын;дау   ұғымын,   дау   қызметтерін,

стиль   ұғымын,   стиль   түрлерін,   лингвистикалық   сараптама   ұғымын;

лингвистикалық   сараптаманың   мақсаты,   нысаналары   мен   пәнін;   заңдық

мәтіннің негізгі белгілерін; сөйлемаралық байланыстың құралдарын, заңды

мәтіннің   орамдылығын   құрастыру   формаларын;   заңды   мәтіннің   жалпы

құрылымдық   қағидаттарын,   мәтіннің   коммуникативті   құрылымын;   заңды

мәтіннің өзгешелігін.

Курсты меңгергеннен кейін студент істей білуі тиіс: заңды мәтіндерді

сараптауда   арнайы   білімді   қолдану;   заңды   мәтіннің   құрылымдық   және

дифференциалды   бәлгілерін   анықтау;   заңды   мәтінді   талдауда   әртүрлі

лингвистикалық   және     лингвостилистикалық   әдістерді   қолдану;авторлық

ниеттерді ұғыну және заңды мәтіннің біртұтас мәнін қабылдау.

Курсты   меңгергеннен   кейін   студент   лингвистикалық   мәтінді   талдау

дағдыларын меңгеру керек. 

Курсты   меңгергеннен   кеін   студент   құзыретті   болуы   тиіс  сот-

лингвистикалық сараптама саласында  терең білімін  қолдануында.

Діни дискурсқа қатысу құзыреттілігі

Діни дискурстің прагматикасы 

Курстың   мақсаты:   діни   пікірталастың   қалыптасу   теориясын   оқу.  Дін

дүниетанымның   бірі   ретінде  қоғам   өмірінде   қызмет   атқарып,   өмір   сүріп

келеді   және   алғашқы     институттары   ол   шіркеу,  қоғам   институты,   саясат

институты   және   мектептер.  

Аталған   институттардың   барлығы   діни

мектептерден   бастау  алған.     Дінде   белгілі   дүниетаным   мен   сенім   болады,

соған сәйкес  әр жеке тұлғада   белгілі нанымға негізделген  тылсым күшке

табыну қалыптасқан.

 

79



Курсты оқу нәтижесінде студенттер білім, қабілет және дағдыға ие болу

керек. Сонымен қатар алған қабілет және дағдыларын діни пікірталастарда

көрсете алуы керек.

80



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал