Диссертация мамандығы 6М010300 «Педагогика және психология»



жүктеу 0.95 Mb.

бет2/7
Дата11.09.2017
өлшемі0.95 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

1.2 Болон процесі тарихынан, кезеңдерінің сипаттамасы

Болон процесі тарихында үш кезеңді :

1)   алғышарт:   Университеттердің   Ұлы   Хартиясынан   (1988   ж.)   Болон

Декларациясына дейін;

2) басталуы: Болон Декларациясы (1999 ж.);

3) дамуы: Болон Декларациясынан кейін.

Еуропалық   университеттер   қауымдастығын   және   жоғары   білімнің

бірегей   еуропалық   кеңістігін   құру   идеясын   Итлиядағы   және   жалпы

Еуропадағы ең ежелгі Болон университеті ұсынып отыр. 1986 жылы өзінің

900   жылдық   мерейтойына   дайындалу   барысында,   ол   Еуропаның   барлық

цуниверситеттеріне   Университеттер   Ұлы   Хартиясын   -   Magna   Charta

Universitarum   –   қабылдауға   үндеу   тастады.   Бұл   ұсыныс   ерекше   ынтамен

қабыл   алынды   және   1988   жылғы   мерекелік   салтанат   барысында

университеттік   білімнің   тұрақты   құндылықтарын   және   әмбебаптығын

ұсынатын,   сонымен   қатар   олардың   арасындағы   тығыз   байланысқа

шақыратын бұл құжатқа 80-ге жуық ЖОО-дары ректорлары қол қойды.

Біртіндеп  еуропалық  жоғары білімнің ықпалдасу үдерісі университет

деңгейінен   мемлекеттік   деңгейге   көтеріле   бастады.   1998   жылы   Париждегі

әлемге   әйгілі   Сорбон   университеті   қабырғасында   мерейтой   барысында   4

елдің білім министрлері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия) кеңесі

болып өтті. Олар қол қойған «Жоғары білімнің еуропалық жүйесінің сәулетін

үйлестіру   туралы»   Сорбон   декларациясы   алғашқы   рет   еуропалық   жоғары

білім аймағын жасаудың стратегиялық мақсатын дәлелдеді және оқиғалардың

бұдан әрі дамуын жеделдетті.

Ал   1999   жылы   Magna   Charta   отаны   Болоньяда   тарихи   жағдай   орын

алды,   білімге   жауапты   отыз   еуропалық   министрлердің   Бірінші

конференциясы өтті. Олар қабылдаған, «Еуропалық жоғары білім аймағы»

декларациясы   салыстырмалылыққа   жеткізетіннегізгі   мақсаттарды   және

Еуропа елдеріндегі жоғары білімнің ұлттық білім беру жүйелерін үндестіруді

анықтады.   2010   жылы   аяқталуы   тиіс   Болон   процесі   осы   декларациядан

бастау алады.

17


Бұдан әрі еуропаның білім министрлерінің кездесулері тұрақты түрде

өте   бастады   және   әр   кездесу   сайын   Болон   процесі   қатарына   жаңа   елдер

қосылатын болды. 2001 жылы министрлер Прагада бас қосты, 2003 жылы –

Берлинде   кездесті.   Берлин   конференциясы   барысында   Болон

Декларациясына қол қойған елдер саны, Ресейді қоса алғанда қырыққа жетті.

Төртінші   кездесу   Норвегияның   Берген   қаласында   2005   жылдың   мамыр

айында   өтті.   Ол   жерде   Болон   процесіне   енуге  Украинамен   бірге   бұрынғы

Кеңес   Одағының   бес   елі   құлық   танытты.   Бесінші   кездесу   2007   жылы

Лондонда, ал алтыншысы – 2009 жылы Левен/ Лувен-ла-Невада, жетіншісі –

2010   жылы   Будапештте,   сегізіншісі   –   2012   жылы   Бухарестте   орын   алды.

Қазақстан   Болон   Декларациясына   2010   жылы   қол   қойды.   Министрлердің

шектік   конференцияларынан   бөлек   Болон   процесі   шеңберінде,   оның

жекелеген   аспектілеріне   арналған   бірқатар   халықаралық   шаралар   да

өткізіледі 

6



.

Шығу параметрлерге бағытталып орындалған, білім беру мемлекеттік

стандарттары және негізгі білім беру бағдарламалары  жоғары кәсіптік білім

беру және жұмыс нарығы арасындағы көпір бола алады. 

Сонымен   қатар,   нарық,   өзгеру   динамикасына,   жоғары   біліммен

салыстырғанда,   тез   арада   кері   жауап   береді.   Осыған   орай   нарық   жоғары

мектепке   жағымды   әсер   етеді,   әлеуметтік   тапсырыс   берушілер   санын

арттырады. Бір жағынан, білім бері нәтижелері және құзыреттер «бірыңғай

валюта»  және  жұмыс  берушілер          жоғары   оқу  орын  арасында  бірыңғай

коммукативтік   тіл   ретінде   шығады.   Басқа   жағынан,   педагогикада   кеңінен

тарап келе жатқан «қызметілік тәсіл» құзыреттілік амал арқылы нақты жүзеге

асырыла   алады   (философтар   айтқандай,   «шешіледі»).   Өзіміздің

педагогикалық   дәстүрге   жақын   тұратын   тұлғалық   тәсіл   өзінің   көрінісін

студенттерге   бағытталған   білім   беру   үдерісінде   табады.   Биггс   айтқандай,

тәрбиелеу   және   оқыту   екі   субъектілерінің   қызметтер   синергиясы

қалыптасады, немесе  оқушы және оқытушы жүзеге асырып жатқандардың

арасында «конструктивтік келісілу» орнатылады. 

Мазмұнына   қарай   студентке  бағытталған   білім   беру   үдерісі   отандық

ЖОО бітірушілердің «құзыреттер капиталын» өсіруге мүмкіндік береді. Білім

беру   тәжірибесін   жинақтау,   жетістіктерін   көрсету   және   тарату   бүкіл

академиялық   қауымдастық   үшін   ортақ   тәжірибеге   айналады.   Осындай

жаңалықтарды енгізу үшін жетілдірілген оқыту технологиялары, студенттер

және оқытушылардың жаңа жұмыс әдістері, жаңа білім беру ортасы, қайта

қарастырылған бағалау  құралдары және т.б. қажет. Жалпы бағалауда басым

бағыт білім алушының құзыреттерді меңгеруін  анықтау.

Еуропаның   тәжірибесі   көрсеткендей,   аталған   үдерісті   жүзеге   асыру

көптеген жылдарға созылады. Осы үдерісте жаңа әдістермен қатар дәстүрлі

тәрбиелеу-оқыту   әдістерді   де   сақтап   қалу   керек,   оларды   болон   үдерісінің

концептеріне   сәйкестендіру   қажет.   Осы   талаптарға   сәйкес   болу   үшін

қалыптасқан,   бір   жүйеге   келтірілген   құзыреттілік   оқыту   тәсілінің

технологиясы әлі де орын алған жоқ 

6



.

18



Жұмыс мазмұны және орындау тәртібі.

Бакалаврларды дайындаудағы құзыреттілік тәсілдің мән-мағынасы

Студенттердің кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Бітіруші дайындаудың құзыреттілік моделі.

 Ашық білім берудің негізгі қағидалары.

Болон   процесі   -   еуропалық   жоғары   кәсіби   білімде   біртүтас   жалпы   -

еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің

көрінісі.   Алғашқы   еуропалық   университеттің   отаны   -   Болонья   қаласының

(Италия)  қүрметіне  аталған  Болондық  декларациямен   (1999  ж.)  бекітілген.

2004   жылға   дейін   Болондық   процеске   40   ел   мүше   болды.   Мүше-

мемлекеттердің   ағымдағы   мәселелерін   талқылау   мақсатында   мерзімдік

кездесулерді үйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары

технологиялық   ақпараттық   нарықтық   қоғам   талаптарына   сай  келетін   және

жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен,

білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат

түтады.   Болон   процесінің   басты   мақсаттарының   қүрамында   еуропалық

мәдени қүндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын

мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім

орталықтарына   қол   жеткізу   мақсатындағы   азаматтардың   жүмылуы;

түлектердің   кәсібін   айқындауда   түсінуге   жеңіл,   салыстыруға   боларлықтай

дәрежелер   мен   мамандықтар   қабылдау;   әртүрлі   мәдениеттерге,   тілдерге,

үлттық   жүйелерге   сыйқүрметпен   қарау;  университеттік   автономияны   және

академиялық   еркіндіктерді   дамыту;   үздіксіз   білім   беру;   Болон   процесі

мүшелерінің   арасында   сенім   философиясын   орнату   жатады.   Ресмизаңдық

түрғыда Болон процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби

білім   деңгейін   біркелкі   "бакалавр-магистр"   формуласымен   теңестіріп,

қазақстандық   жоғары   білім   қүжаттарының   Еуропада   мойындалуына   жол

ашып, мүмкіндік береді.

Болон   процесі   (Болондық   қайтақұрылулар)   –   жоғары   білім

министрлерінің   Декларациясына   сәйкес,   еуропалық   жоғары   білім   жүйесін

жақындату   процесін   белгілеу   үшін   жиі   пайдаланылып   жүрген   термин.

(Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).

Болон   процесі   –   жалпы   қызмет   принциптеріне   негізделген   жоғары

білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын

жоғарылату;

ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;

жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары

білімнің   құрылымдық   қайта   құрылу   процесі,   көпдәрежелі   жоғары   білімді

енгізу;


академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;

білім сапасын бақылау;

студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;

19


нәтижелерге және студенттікорталықтандырылған оқытуға бағытталу -

Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.

Болон   реформалары   «нәтижелерге   бағытталу»   және

«студенттікорталықтандырылған   оқыту»   терминдерімен   сипатталады.   Бұл

жерде   сөз,   оқыту   нәтижелерін   кең   мағынада   түсінуде   болып   отыр.   Осы

терминдер   ECTS,   модуляризациямен   және   институционалдық   еркіндікпен

байланыста   болуды   болжай   отырып,   педагогикалық   практиканың   алға

жылжуының негізгі элементтері болуы керек.

Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке,

жоғары   оқу   орындарына   және   студенттерге   қатысты   еуропалық   деңгейде

белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы жоолардың алатын негізгі

рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі

және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.

Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми

зерттеулерді   қорғау   және   жақсарту   құралы,   мөлдірлік   пен   мобильділікті

көтеру   құралы   болып   табылады.   Болон   процесі   жоғары   оқу   орнының

қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны

қолдау   мен   оны   жоғарылату,   жүйе   мен   оның   кадрларына   берілетін

мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.

1999   жылдың   19   маусымында,   Болон   қаласында   өткен   арнайы

конференцияда   29   еуропалық   елдердің   министрлері   «Еуропалық   жоғары

білім   аймағы»   декларациясын   басқаша   Болон   декларациясын   қабылдауы,

Процестің   ресми   басталуы   болып   саналады.   Болон   процесіне   басқада

елдердің   қосылуына   болады.   Кейіннен   үкіметаралық   кездесулер   Прагада

(2001), Берлинде (2003), Бергенде (2005), Лондонда (2007), Лувенде (2009),

Будапешт-Венада   (2010)   өткізілді.   Қазіргі   таңда   Болон   процесі   47   елді

біріктіруде.

Болон процесінің негізгі мақсаттары:

-   жоғары   бiлiмнiң   еуропалық   аймағы   -   бұл   азаматтардың   жұмысқа

орналасу   мүмкіншілігін   жоғарлату   мақсатында   ұтқырлығын   дамытудағы

маңызды бағыт;

- еуропаның зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық

потенциалын   құру   және   нығайту;   еуропалық   жоғары   мектептің   әлемдегі

мәртебесін жоғарлату;

-   басқа   білім   жүйелерімен   студенттерге,   қаржыға,   ықпалға   күресу

мақсатында   еуропалық   жоғары   оқу   орындарының   бәсекеге   қабілеттілігін

қамтамасыз   ету;   ұлттық   жоғары   білім   жүйелерінің   жоғары

салыстырылымдылығы мен сәйкестілігіне жету; білім сапасын арттыру;

-   еуропалық   сана   қозғалтушысы   болып   қарастырылатын,   еуропалық

мәдени   байлықты   дамытудағы   универстеттердің   маңыздылық   орнын

жоғарлату 

7



.

Болон процесіне қосылу



20

Болон   процесіне   елдер   ерікті   негізде,   тиісті   декларацияға   қол   қоюы

арқылы   қосылады.   Олар   өзіне,   кейбірі   мерзімдермен   шектелген,   нақтылы

міндеттемелерді жүктейді:

2005 жылдан бастап Болон процесiне қатысушы елдердің ЖОО барлық

бiтiрушiлерiне   бакалавр   және   магистр   дипломдарына   бiртұтас   үлгiлі

еуропалық қосымшаларын тегін беруді бастау;

2010   жылға   дейін   ұлттық   білім   жүйелерін   Болон   декларациясының

қағидаларына сай реформалау.

Болон процесін басқару құрылымы

Болон   процесін   дамыту  және   құрылым   жөніндегі   барлық   сұрақтарға

шешім   қабылдайтын   жоғары   орган,   екі   жылда   бір   жиналатын,   қатысушы

елдердің   министрлер   мәжілісі   болып   табылады.   Министрлер   мәжілістері

арасында   Болон   процесінің   басқарушы   органы   болып   Болон   жұмыс   тобы

(Bologna Follow-up Group) болып саналады, оның құрамына әр елдің 2-3 өкілі

кіреді,   әдетте   біреуі   тиісті   министрліктен   және   біреуі   елдің   академиялық

бірлестігінен.   Болон   жұмыс   тобына   сол   мерзімде   Еуроодақта   төрағалық

ететін елдің өкілі төрағалық етеді. Топ Болон процесі сұрақтарына қатысты

халықаралық   тақырыптық   семинарлар   кестесін   бекіту,  кезекті   министрлер

мәжілісіне ақпарат жинақтау, мәжіліске енгізу алдында қатысушы елдердің

баяндамаларын   талқылаумен   айналысады   және   т.б.   Болон   тобының

мүшелерінен, келесі министрлер мәжілісі өткізілетін елдің, алдынғы жылы

Еуроодақта төрағалық еткен елдің өкілдерінен бір жылға төрағалық ететін

Кеңес (Board) сайланады, ол төраға және вице-төрағадан құрылады, сонымен

қатар   Еурокомисия   өкілдері   және   дауыс   беру   құқығы   бар   Еуропалық

университеттер   ассоциясының   мүшелері   (EUA),   Еуропалық   жоғары   оқу

орындары   ассоциясы   (EURASHE)   және   Еуропа   студенттерінің   Ұлттық

одақтарының   (ESIB)   өкілдері   кіреді.   Сонымен   қатар   хатшылық   құрылады:

оның   құрамына   министрлер   мәжілісі   өтетін   елдің   3   Білім   министрлігі

қызметкерлері   кіреді.   Хатшылық   Кеңес   пен   Топтың   жұмысын   қамтамасыз

етуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық жұмыстармен айналысады.

Болон процесінің негізгі мақсаттары.

Болон   декларациясы   мәтінінде   интеграциялық   үдерістің   алты   негізгі

мақсаты тұжырымдалған:

1. Жеңіл түсінілетін және салыстырмалы деңгейлер жүйесін қабылдау,

оның ішінде еуропалық азаматтардың еңбекпен қамтылуын және еуропалық

жоғары   білім   жүйесінің   халықаралық   бәсекеге   қабілеттілігін   арттыру

мүмкіндігін   қамтамасыз   етуге   арналған   жалпы   Еуропалық   дипломға

Қосымшаны енгізу арқылы.

2. Деңгейге дейінгі (undergraduate) және деңгейден кейінгі (graduate) -

екі циклге негізделген жүйені қабылдау. Екінші циклге қол жеткізу ұзақтығы

үш жылдан кем болмайтын оқытудың бірінші циклын сәтті аяқтауды талап

етеді.   Бірінші   циклді   аяқтағанда   берілетін   дәреже,   еуропалық   еңбек

нарығында талап етілетін тиісті деңгейдегі біліктілік болуы тиіс. Екінші цикл

21


көптеген   Еуропа   елдеріндегідей   магистр   дәрежесіне   және/немесе   доктор

дәрежесіне қол жеткізуге алып келуі тиіс.

3.   Кең   ауқымды   студенттік   ұтқырлықты   қолдаудың   тиісті   құралы

ретінде ECTS – еуропалық  кредитті трансферлеу жүйесі  - үлгісі бойынша

кредиттер   жүйесін   енгізу.  Кредиттер   қабылдаушы   мүдделі   университеттер

оларды таныған жағдайда, жоғары болып табылмайтын, оның ішінде бүкіл

өмір   бойына   білім   алу   (lifelong   learning   –   LLL)   шеңберінде   де   алынуы

мүмкін.


4. Төмендегілерге назар аудара отырып, еркін қозғалысты тиімді жүзеге

асыруда кедергілерді артқа тастау жолымен ұтқырлыққа көмектесу:

оқушыларға білім алуды  және практикалық  дайындықты,  сонымен



қатар ілеспе қызметтерді алуға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

оқытушыларға,   зерттеушілерге   және   әкімшілік   қызметкерлерге,



олардың заңмен белгіленген  құқықтарына еш зиянсыз,  еуропалық  аймақта

зерттеулер,   оқытулар   және   машықтанулар   өткізуіне   жіберген   уақыты

кезеңдері танылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

5.   Салыстырмалы   критерийлер   және   әдіснамаларды   әзірлеу

мақсатында,   білім   беру   сапасын   қамтамасыз   етуде   еуропалық   әріптестікке

көмектесу.

6. Жоғары  білімдегі қажетті еуропалық көзқарастарға  көмек көрсету,

әсіресе оқу жоспарларын дамытуға, институт аралық әріптестікке, ұтқырлық

сызбаларына,   бірлескен   оқыту   бағдарламаларына,   ғылыми   зерттеулерді

өткізуге және практикалық дайындалуға қатысты.

Жоғарыда айтылғандардан, болашақ еуропалық үйлестірілген үлгі үшін

көптеген   еуропалық   және   тек   еуропалық   қана   емес   елдерде   әртүрлі

нұсқаларда   қолданылатын,   Ұлыбритания   мен   АҚШ   үшін   әдеттегі   болып

табылатынжоғары   білімнің   екі   деңгейлік   жүйесі   (бакалавриат   –

магистратура) болып табылады. Екі деңгейлік жүйені таңдау үшін дәлелді

негіздер болуы тиіс. Қазіргі таңда білімді тұрақты түрде толықтырып отыру

қажет.   Сондықтан,   түлекті   ауқымды   дайындықтан   өткізу   және   білімін,

шеберлігін   және   машықтарын   қажеттілігіне   байланысты   толықтыруға,

жаңғыртуға   үйрету   қажет.   Бакалавриат   осындай   дайындыққа   бағытталған

(әртүрлі жүйелерде – 3-тен 4 жылға дейін). Бакалавриат аяқталған жоғары

білім береді, бакалавр дипломын алған түлектер тиісті штаттық қызметтерді

атқара алады. Магистратура (әдетте 1 – 2 жыл) бір жақты және тереңдетілген

мамандандыруды   меңзейді,   магистрант   негізінен   ғылыми-зерттеушілік

және/немесе оқытушылық жұмыстарға бағытталған.

Кәсіптік   білімге   заманауи   көзқарастың   негізгі   ерекшелігі   оның

үздіксіздігі,   біліктілікті   тұрақты   түрде   жетілдірудің,   бүкіл   өмір   бойына

оқудың   (LLL)   қажеттілігі   болып   табылады.     Болон   декларациясында   бұл

жағдайға ерекше назар аударылған.

Болон процесінің 2010 жылға дейінгі негізгі мақсаттары

- жоғары білімнің еуропалық аймағын азаматтардың, еңбекке қамтылу

мүмкіндігімен ұтқырлықтарын дамытудың негізгі бағыты ретінде құру;

22


- Еуропаның зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық

әлеуетін қалыптастыру және бекіту;

- еуропалық жоғары мектептің әлемдегі беделін арттыру;

- Еуропалық ЖОО-дарының студенттер, қаржы, ықпал үшін басқа білім

беру жүйелерімен күресіндегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

-   жоғары   білімнің   ұлттық   жүйелерінің   салыстырмалылығына   және

үйлесімділігіне қол жеткізу;

- білім сапасын арттыру;

-   университеттер   еуропалық   сананың   тасымалдаушысы   ретінде

қарастырылатын,   еуропалық   мәдени   құндылықтарды   дамытудағы

университеттердің орталық рөлін арттыру.

Болон   процесіне   қатысушылар   саны   өзгеру   мүмкін,   себебі   оның

артықшылықтары көп. 

Мемлекеттер Болон процесіне ерікті түрде тиісті декларацияға қол қоя

отырып кіреді.

1.3 Болон процесіне қатысушылар, қатысудың артықшылықтары

Болон процесі 47 елді біріктіреді

(2012 жылға жағда й бойынша)

Австрия, Исландия, Ресей, Әзірбайжан, Испания,   Румыния, Албания,

Италия, Сербия, Андорра, Қазақстан, Словакия, Армения, Кипр,  Словения, 

Бельгия,   Латвия,   Түркия,   Болгария,   Литва,   Украина,   Босния   және

Герцеговина,   Лихтенштейн,   Финляндия,   Ватикан,   Люксембург,   Франция,

Ұлыбритания,   Македония,   Хорватия,   Венгрия,   Мальта,   Чехия,   Германия,

Молдова, Черногория, Грекия, Нидерланды, Швейцария, Грузия, Норвегия,

Швеция, Дания, Польша, Эстония, Ирландия, Португалия.

Қатысушы ұйымдар: Еуропалық Комиссия

Кеңесші мүшелер:

Еуропалық Кеңес(Council of Europe)

Еуропалық Жоғары Білім Орталығы (UNESCO-CEPES)

Жоғары білім мекемелерінің Еуропалық қауымдастығы (EURASHE)

Студенттердің Еуропалық бірлестігі (ESU)

Жоғары   білім   сапасын   қамтамасыз   ету   бойынша   Еуропалық

Қауымдастық (ENQA)

Халықаралық білімнің Еуропалық құрылымы (EI)

Еуропалық өнеркәсіп иелері және жұмыс берушілер конфедерациялары

Одағы (BUSINESSEUROPE)

BFUG-дің Төрағалары және вице – төрағалары 

Левен/Лувен-ла-Нев   коммюникесінде   министрлер   болашақта   Болон

процесін   ЕО-қа   төрағалық   етуші   ел   және   ЕО-қа   кірмейтін   елмен   біріге

отырып басқарады деп шешті. Аталмыш шешімді практикада жүзеге асыру

үшін 2009 жылдың 28-29 қыркүйегінде Стокгольмдегі жиналыста Болон тобы

төмендегідей шешім қабылдады:

23


Семестр

ЕО-тағы Төрағалық

ЕО-қа   кірмейтін   елдер   қатарынан

төраға


Вице-төраға

2010ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны

Бельгия

Албания


2011 ж. 1 қаңтары-30 маусымы

Венгрия


Андорра

2011 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Польша

Армения

2012 ж. 1қаңтары-30 маусымы



Дания

Әзірбайжан

2012 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Кипр Босния   және   Герцеговина

Армения


2013 ж. 1қаңтары-30 маусымы

Ирландия Хорватия

2013 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Литва

Грузия


2014 ж. 1қаңтары-30 маусымы

Греция


Исландия

2014 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Италия

Ватикан

2015 ж. 1қаңтары-30 маусымы



Латвия

Қазақстан

2015 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Люксембург

Лихтенштейн

2020   жылы   Министрлер   Конференциясын   қабылдаушы   тарап   (әлі

анықталған жоқ)

2016 ж. 1қаңтары-30 маусымы

Нидерланды

Молдова

2016 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Словакия Монтенегро



2017 ж. 1қаңтары-30 маусымы

Мальта


Норвегия

2017 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Ұлыбритания

Ресей

Федерациясы



2018 ж. 1қаңтары-30 маусымы

Эстония


Сербия

2018 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Болгария

Швейцария 2020   жылы

Министрлер Конференциясын қабылдаушы тарап (әлі анықталған жоқ

2019 ж. 1қаңтары-30 маусымы

Австрия


Республика   Бұрынғы

Югославия республикасы Македония

2019 ж. 1 шілдесі-31 желтоқсаны Румыния

Түркия


2020 ж. 1қаңтары-30 маусымы

Финляндия Украина

ЕО   төрағаларын   және   ЕО-қа   кірмейтін   елдер   төрағаларын,   Болон

процесі   Ео-та   төрағалық   етуші   елмен   және   ЕО-қа   кірмейтін   елмен   тең

дәрежеде   басқарылатынын   айқын   жеткізетіндей   етіп   төрағалар   ретінде

(төраға мен теңтөраға ретінде емес) қабылдауға.

Әрбір төрағалық етуші командаға екі төраға және вице-төраға арасында

міндеттерді бөлу құқығын беруге 

3



.

2010   жылдың   1   шілдесінен   бастап   төрағалық   етудің   жаңа   жүйесін

бастауға

ЕО-қа кірмейтін елдерден төрағаларды тағайындауда әліппелік тәртіпті

қолдануға.

Үш   таңдалып   алынған   мүшелерді   төрағалықтан   кетіп   бара   жатқан,

қазіргі   және   төрағалыққа   кірісуші   ЕО-қа   кірмейтін   елдер   төрағаларымен



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал