Диссертация мамандығы 6М010300 «Педагогика және психология»



жүктеу 0.95 Mb.

бет1/7
Дата11.09.2017
өлшемі0.95 Mb.
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Инновациялық Еуразия университеті

Кильдибекова Б.Е.

Жоғары оқу жүйесіне Болон үдерісінің негізгі ережелерін енгізу барысы

МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ 

мамандығы - 6М010300 «Педагогика және психология»

       

Павлодар 2015

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Инновациялық Еуразия университеті

«Педагогика және спорт» департаменті

«Қорғауға жіберілді» 

«Педагогика және спорт»

департаментінің директоры ___________ В.В.Сергеева



МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ 

Тақырыбы: «Жоғары оқу жүйесіне Болон үдерісінің негізгі ережелерін

енгізу барысы»

мамандығы - 6М010300 «Педагогика және психология»

       орындаған магистрант

       ПиП-202м тобы                                                    Б.Е.Кильдибекова

       ғылыми жетекші                             

       п.ғ.к., доцент                                                        А.Қ.Сатынская

Павлодар 2015

 

АҢДАТПА

Жұмысты   орындаудың   негізгі   мақсаты   –   Қазақстан   Республикасының

жоғары білім беру жүйесіне білім алушының жаңа құзыреттілік моделін енгізу

жолдарын анықтау, элективтік курстарын енгізу арқылы құзыреттілік моделін

ұсыну.

Анықталған   мақсат   келесі   зерттеу   міндеттерін  орындау   арқылы   жүзеге



асырылды:  -  Болон   процесінің   негізгі   ережелеріне   сипаттама   берілді,   Болон

процесінің маңыздылығын дәлелденді, Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің

Болон   процесіне   ену   барысын   анықталды,   Болон   процесін   енгізудің   негізгі

кезеңдерін   анықталды,   құзыреттіліктер   топтастырмасы   анықталды,

құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын анықталды, зерттеу проблема бойынша

тәжірибешілік ұсыныстар шығарып, берілді.



АННОТАЦИЯ

Основная цель проведения  исследования  – определение путей внедрения

требований   Болонской   системы   путем   построения   компетентностной   модели

выпускника   высшей   школы   на   примере   регионального   вуза,   предложение

модели   формирования   компетенций   путем   внедрения   интегрированного

элективного курса.

Для   достижения   поставленной   цели   былыи   решены   следующие   задачи:

дана характеристика основных положений Болонского процесса,  подтвержден

тезис о необходимости внедрения положений Болонского процесса, определены

основные   направления   внедрения   в   систему   высшего   образования   РК

положений   Болонского   процесса,   выявлены   этапы   внедрения   положений

Болонского   процесса   в   РК,   определена   класификация   необходимых

компетенций,   определены   пути   формирования   компетенций,   разработаны

предложения по исследуемой проблеме.



RESUME

The   theme   of   the   thesis   is   “The   introduction   of   the   basic   concepts   of   the

Bologna process into the system of higher education”.

The   purpose   of   the   thesis   is   to   define   the   ways   of   solving   problems   of

introduction   of   the   Bologna   process   into   the   system   of   higher   education   of

Kazakhstan by means of creating the competence model of a graduate.

The tasks of the thesis are the following: to define the basic trends of work of

the Innovative university of Eurasia (InEU) on the introduction into the Bologna

process;  to design a course of an elective discipline included into the catalog of

elective disciplines.

 


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 6-8

ГЛОССАРИЙ .................................................................................................9-11

1 Білім беру саласында еуропалық жүйесінің құрылу процесі

1. 1 Болон процесінің маңыздылығы.............................................................12-17

1.2 Болон процесі тарихынан, кезеңдерінің сипаттамасы............................17-23

1.3 Болон процесіне қатысушылар, қатысудың артықшылықтары............23-49

2 Инновациялық Еуразия универсиететі тәжірибесінен...................................

2.1 Бакалавриат БББ негізгі мақсаттарының иерархиясы...............................50-54

2.2 Мамандықтың сипаттамасы, бакалаврды  дайындау барысы...............54-62

2.3  Оқу процесін қамту және сүйемелдеу....................................................63-80

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................81-82

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................83-85


КІРІСПЕ

Қазіргі қоғам талабы білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, жас ұрпақты

оқыту   мен   тәрбиелеудің   технологиясын   жаңартуға   бағытталған   көптеген

міндеттерді жүктеп отыр. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру

жүйесінің қайта  құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып,  мәдениеттен

көрініс   алуы   адамның   шығармашылық   әлеуетінің   ашылуына,   рухани

құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз

халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес [1].

Болашақ   мұғалімдерді   дайындаудың   теориялық   саласы

А.В.Луначарскийдің, П.П. Блонскийдің, С.Т. Шацкийдің, А.С. Макаренко мен

В.А.  Сухомлинскийдің   ғылыми  еңбектері   мен  практикалық   жұмыстарында

көрініс алған. Тұлғаның  жан-жақты даму (М.Р.Каган, А.Н. Буев, А.Г. Егоров,

О.В.   Лармин   және   т.б.),   құзыретті   болу   (А.И.Арнольдов,   Э.А.Баллер,   В.А.

Межуев,   П.Н.   Федосеев,   Ю.У.   Фохт-Бабушкин,   И.Т.   Фролов   және   т.б.)

мәселелері   де   бірқатар   ғалымдардың   еңбектерінде   әдіснамалық   тұрғыда

қарастырылады.

Қазіргі   ғылыми   ізденістерде   де   тұлғаның   дамуына   түсінік   беруде

әртүрлі көзқарастар пайда болуда (Л.В. Алехина, Н.Л. Аринина, О.А .Зорова,

Н.Б. Крылова, В.П. Матюхин, Л.П. Печко және т.б.). Олардың көзқарастары

бүгінгі   таңдағы   бірқатар   ғалымдардың   (Г.С.   Батишев,   А.А.   Бодалев,

А.И.Бурова,   В.В.   Давыдов,   И.А.   Зязюн,   Е.В.   Квятковский,   А.Н.   Леонтьев,

Б.Т.Лихачев   және   т.б.)   тұлғаны   тәрбиелеу,   білім   беру   және   дамытудағы

ұсынылған   тұжырымдамасына   сәйкес   келеді.   Біздің   жұмысымыз   үшін

бірқатар   ғалымдардың   (Б.Г.   Ананьев,   Н.В.   Кузьмина,   В.А.   Кан-Калик,

Л.В.Рувинский,   В.А.   Сластенин,   Н.Ф.   Талызина   және   т.б.)   мұғалімдерді

даярлаудағы процестің заңдылықтары мен оны қайта құру шарттары туралы

айтқан тұжырымдамалары және мұғалімнің құзыреттілік дайындық бойынша

ұсынған теориялық моделдері аса пайдалы болды.

Сонымен, аталған ғылыми зерттеулерге жасаған талдау қарастырылып,

ЖОО   студенттерге   оқу   үдерісінде   тәрбие   жұмысы   арқылы   да   тәрбиелеуге

болатыны анықталды.   Қазіргі кезде ЖОО оқу үдерісінің кредиттің жүйеге

көшуіне   байланысты  Кредиттік   оқыту   технологиясы   бойынша   тәрбие

жұмысын ұйымдастырудың ережесіне сәйкес, кредиттік оқыту технологиясы

дегеніміз   -   білім   алушы   мен   оқытушының   оқу   жұмысы   көлемінің

біріздендірілген   өлшем   бірлігі   ретінде   кредитті   қолдану   арқылы,   білім

алушының таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде

іске асыру.

Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындарының алдына өз

бетінше   керекті   білімін   ала   алатын   және   оны   практика   жүзінде   қолдана

алатын; өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді

кере білетін және оларды шешу жолдарын іздей апатын; ақпаратпен сауатты

жұмыс   істеуге   қабілетті;   әр   түрлі   әлеуметтік   топтарда,   ұжымдарда   жұмыс

6


істей алатын; өз бетінше ой-өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын қабілетті

мамандарды тәрбиелеуді талап етеді [1].



Зерттеу   тақырыбының   өзектілігі.

 Қазіргі   заманғы   саяси-

экономикалық даму жолы білім саласының жаңашылдықпен дамуын талап

етуде. Болон процесіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының

негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне

ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде

өсуіне себепкер болады. Елеміздің бәсекелестікке қабілетті елдер қатарына

қосылу   шарттарының   бірі   білім   беру   жүйесін   әлемдік   деңгейге   көтеру,

болашақ мамандарды ЖОО қабырғасынан бастап құзыретті, білімді, өзгеріп

жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға икемді болуға баулу.

Осыған байланысты зерттеу тақырыбы өзекті болып табылады.



Магистерлік   жұмыстың   мақсат-міндеттері.  Жұмысты   орындаудың

негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне

білім   алушының   жаңа   құзыреттілік   моделін   енгізу   жолдарын   анықтау,

элективтік курстарын енгізу арқылы құзыреттілік моделін ұсыну.

Анықталған   мақсатқа   келесі  зерттеу   міндеттерін  орындау   арқылы

жетуге болады:

- Болон процесінің негізгі ережелеріне сипаттама беру;

-Болон процесінің маңыздылығын дәлелдеу;

-Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің Болон процесіне ену барысын

анықтау;


- Болон процесін енгізудің негізгі кезеңдерін анықтау;

-құзыреттіліктер топтастырмасын анықтау;

-құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын анықтау.

-зерттеу проблема бойынша тәжірибешілік ұсыныстар шығарып, беру.



Зерттеу   жұмысының   болжамы.  Қазақстан   жоғары   білім   беру

жүйесінің Болон процесіне ену барысын білім алушының жаңа құзыреттілік

моделін құру арқылы байқауға және бақылауға болады. 

Жетекші   идея.  Қазақстан   Республикасының   жоғары   білім   беру

жүйесіне білім алушының жаңа құзыреттілік моделін енгізу жолдарының бірі

элективтік курстарын енгізу.

Зерттеу   пәні.  Болон   процесіне   кіру   саясатын   жүзеге   асыру

концепциялары, модельдері және механизмдері.



Зерттеу   нысаны  –   Қазақстан   Республикасының   жоғары   білім   беру

жүйесі.


Шығарылған   нәтижелер,   ғылыми   жаңашылығы   және

практикалық маңыздылығы. 

Зерттеудің ғылыми жаңашылығы.  Зерттеуде жинақталған аймақтық

жоғары   білім   беру   жүйесін   зерттеу   әдіс-тәсілдері   дамытылады,   еліміздің

жоғары   білім   беру   жүйесіне   Болон   процесін   енгізуде   бітірушінің   жаңа

құзыреттілік моделін қалыптастырудың  рөлі анықталады.  .

Жүргізілген зерттеудің жаңашылығын анықтайтын нақты нәтижелілігі

келесілер арқылы көрсетіледі:

7


Зерттеу нәтижелерінің келесі ғылыми жаңашылығы бар:

-   жүйелілік   тәсіл   әдіснемасы   негізінде   «құзыреттілік   модель»

категориясы туралы ұғым дамытылған, «тұлғаға бағытталған оқыту процесі»

ұғымының мән-мағынасы, оның маңыздылығы анықталған;

- Болон процесінің маңыздылығын дәлелденген;

-Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің Болон процесіне ену барысы

анықталған;

- Болон процесін енгізудің негізгі кезеңдері анықталған;

-құзыреттіліктер топтастырмасы анықталған;

-құзыреттілікті қалыптастыру жолдары анықталған.

-зерттеу   проблема   бойынша   тәжірибешілік   ұсыныстар   шығарып,

берілген.



Зерттеудің   практикалық   маңыздылығы.  Зерттеуде   қарастырылған

проблема бойынша ақпарат бір жүйеге келтірілген, жинақталған ақпаратты

және   шығарылған   нәтижелерді   жоғары   оқу   орын   тәжірибесінде   қолдануға

болады. 


Зерттеудің   теориялық   және   әдіснамалық   негізін   құрайтындар.

Болон процесін жоғары білім беру жүйесіне  енгізу прооблемалары бойынша

отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми және әдістемелік еңбектері.

Зерттеуде келесі жалпы ғылыми әдіс-тәсілдері қолданылған: жүйелілік,

диалектикалық,   тарихи-логикалық,   құрылымдық-функциональдық   талдау.

Оларды қолдану арқылы жоғары білі беру процесі тұтас, күрделі, дамитын

жүйе ретінде анықталады.

Диссертациялық   зерттеудің   ақпарттық   базасы.

 Қазақстан

Республикасы   білім   және   ғылыми   министрлігінің   мәліметтері,   Болон

үдерісіне   кіру   саясатын   қалыптастыру   және   жүзеге   асыру   бойынша

материалдары. 



Жұмыстың   көлемі   және   құрамы.  Жұмыс   кіріспеден,   екі   тараудан,

қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс --- бетте

жазылған.

Зерттеу   нәтижелері   жариялыным   тұрғысында   ғылыми-практикалық

конференцияларында, 

1. Кильдибекова Б.Е.. тестілеу модульдік оқытудың құрамдас бөлшегі.

Вестник ИнЕУ. №2, — Павлодар, 2004.

2. Кильдибекова   Б.Е.,   Касимова   К.К.   К   вопросу   о   внедрении

компетентностного подхода в процесс обучения//VІІ педагогические чтения:

материалы конференции. — Павлодар, 2014.

3. B.Е.   Kildibekova,  А.К.   Satinskaya.  On   the   issue   of   implementing   the

competence approach in teaching process  // Вестник ИнЕУ. №2,  —  Павлодар,

2014.

8


ГЛОССАРИЙ

Акaдемиялык күнтізбе  (Aсademic Сalеndar) оқу жылынa aрнaлғaн оку

және бaқылaу шaрaлaрының күнтізбесі, ондa демaлыс күндері де көрсетіледі

(кaникул, мереке күндері).

Aкaдемиялық кезең (Теrm) - ЖОО-ның тaндaғaн түрлі оқу нысaнының

бірінің теориялық оқыту кезеңі: 15 aптaлық семестр; 10 aптaлық триместр; 8

aптaлық тоқсaн.

Білім   aлушының   aкaдемиялык   рейтингі  (Rating)   -   бaғдaрлaмaлық

мaтериaлды   игеру   деңгейінің   сaндық   көрсеткіші,   ол   aрaлық   aттестaция

(Қорытынды бaқылaу) нәтижесінен құрaлaды.

Aкaдемиялық  дәреже  (Degrее) - білім aлушылaрдың  жоғaры   кәсіптік

білім   бaғдaрлaмaсынa   сәйкес   дәрежені   игеруі.   Дәрежені   мемлекеттік

қорытынды aттестaцияның нәтижесі бойыншa жоғaрғы оку орны береді.

Aкaдемиялык   сaғaт  -   дәріс,   тәжірибе  (семинaр)   сaбaқтaрының  1

сaғaтынa (50 мин) тең немесе студиялық сaбaқтaрдың 1,5 сaғaтынa (75 мин)

немесе   зертхaнaлық   сaбaқтaрдың   2   сaғaтынa   (100   мин),   сондaй-aқ   оқу

тәжірибелерінің   бaрлық   түрлерінің   1   сaғaтынa   (50   мин),   педaгогикaлық

тәжірибенің бaрлық түрлерінің 2 сaғaтынa (100 мин), өндірістік тәжірибенің

бaрлық түрлерінің 5 сaғaтынa (250 мин) тең.

Aкaдемиялық  aныктaмa  (Transcript) - өткен  оқу  кезеңінде  оқытылғaн

пәндердің   кредиттері   мен  бaғaлaры  көрсетілген   тізбесінен   тұрaтын,

белгіленген үлгідегі құжaт.

Қолғa үлестіріліп  берілетін мaтериaлдaр  (Hand-outs) - білім

aлушылaрды   тaқырыпты   (лекция   тезистерін,   сілтемелерді,

мысaлдaрды,  глоссaрийді, өздік жұмысы тaпсырмaсын) өз мәнінде

меңгеруге aрнaлғaн сaбaқ бaрысындa үлестіріліп берілетін белсенді

көрнекі мaтериaлдaр.

Aссистент,   доцент,   профессор  (Assstant   Professor,   Associate

Professor,   Professor)   -   ЖОО-дaғы   -профессор-оқытушылaр

қүрaмының лaуaзымдaры.

Бaкaлaвр, мaгистр, доктор (Вaсhelor, Мastег, Doctor) -  жоғaры

және   жоғaры   оқу   орнынaн   кейінгі   кәсіптік   білім   бaғдaрлaмaсын

меңгерген aдaмдaрғa берілетін aкaдемиялық дәрежелер.

Екідипломдық білім беру нысaны - екі бірдей оқу жоспaры бойыншa

білім     aлу   мүмкіндігі.   Aтaлғaн   білім   aлу   нысaны   нәтижесінде   екі   бірдей

диплом (Double Major) немесе негізгі және қосымшa  (Major- Minor) диплом

aлуғa болaды.  

Кредиттерді жинaқтaушы және трaнсферттің европaлық жүйесі - Білім

беру   трaекторияны,   білім   беру   мекемені   немесе   білім   aлып   жaтқaн   елді

aуыстыру   жaғдaйындa   меңгерген   оқу   пәндерді   (кредиттер   мен   бaғaлaрды)

сaлыстыру   және   қaйтa   сынaқтaн   өткізілуі   белгілі   бір   білім   беру

бaғдaрлaмaлaры   компоненттеріне   (пәндер,   курстaр,   модульдaр)   сынaқ

бірліктерін тaғaйындaу aрқылы жүзеге aсырылaды. 

9


Оку   пәніне   жaзылу  (Еnrollment)   -   білім   aлушылaрдың   оқу

пәндеріне белгіленген тәртіпте aлдын-aлa жaзылу процедурaсы.

Жеке   оқу   жоспaры   -   Эдвaйзердің   көмегімен   типтік   оқу

жоспaры   мен   эллективті   пәндер   жинaғы   негізінде   жaсaлaтын

студенттердің жеке оқу жоспaры. 

Қорытынды   бaқылaу   (Final   Ехamі-natіоп)  -  білім   aлушылaрдың

оқудaғы   жетістіктерін   тексеру   үшін,   оқу   пәнін   оқып-үйреніп

біткеннен   кейін,   яғни   aкaдемиялық   кезең   aяқтaлғaннaн   соң

жүргізілетін тексеру; оны өткізу нысaны - емтихaн (жaзбaшa, тест

түрінде, aуызшa).

Кредиттік   оқу   жүйесі

 -   өздігінен   білім   aлуды

шығaрмaшылықпен   игеру   деңгейін   оқу   үрдісін   реттеу   шеңберінде

білім   трaекториясын   жеке   тaндaуы   және   кредит   түріндегі   білім

көлемін ескеру, aрттыруғa бaғыттaлғaн білім беру жүйесі.

Кредит  -   білім   aлушы/оқытушының   оқу   жүмысы   көлемін

өлшеудің бірыңғaйлaндырылғaн бірлігі. Бір кредит білім  aлушының

aкaдемиялық   кезеңдегі   бір   aптaлық   aкaдемиялық   aудиториялық   сaғaтынa

сәйкес   келеді.   Әрбір   дәрістік,   тәжірибелік   (семинaр)   және   студиялық

сaбaқтaрдың   aкaдемиялық   сaғaты   міндетті   түрде   2   сaғaттың   (100   мин).

Бaкaлaвриaт студентінің өздік жұмысымен (СӨЖ) қосa жүргізіледі.

Білім aлушылaрдың оқудaғы жетістіктерін тексеру - Жоғaрғы

оқу   орнының   қaлaуы   бойыншa   студенттердің   білімдерін   әр   түрлі

тексеру нысaндaры (aғымдaғы, aрaлық және қорытынды бaқылaу)

Пән   сипaттaмaсы  -   пәннің   қысқaшa   сипaттaмaсы   (5-8   сөйлемнен

aспaйды).

Тіркеу бөлімі (Office of Registrat) - білім aлушының оқу жетістіктерінің

бaрлық   тaрихын   тіркеу   қызметі,   білімді   бaқылaу   түрлерінің   бaрлығын

ұйымдaстыруды қaмтaмaсыз етеді.

Оқу жұмыс жоспaры -  Білім беру мекемелермен әр мaмaндық бойыншa

типтік оқу жоспaрының және білім aлушылaрдың жеке оқу жоспaрлaрының

негіздерінде жaсaлaтын құжaт.

Білім   aлушылaрдың   aрaлық   aттестaциясы   -   Сессия   кезіңдегі   білім

aлушылaрдың белгілі бір пәнді қaншaлықты меңгергендерін бaғaлaу. 

Пререквизиттер - берілген пәнді оқып-үйрену үшін тaлaп етілетін білім,

біліктілік пен дaғдылaры көрсетілген пәндер.

Постреквизиттер  -   берілген   пәнді   оқып-үйренуді   aяқтaу   үшін   тaлaп

етілетін білім, біліктілік пен дaғдылaры керсетілген пәндер.

Пән бaғдaрлaмaсы (Sillabus) - окитын пәннің сипaттaмaсы, мaқсaты мен

міндеті, қысқaшa мaзмұны, тaқырыбы, әр сaбaқтың өту мерзімі, өздік жұмыс

тaпсырмaлaры,   кеңестер   (консультaциялaр)   беру   уaқыты,   оқытушының

тaлпaптaры,   бaғa   өлшемдері,   межелік   бaқылaу   кестесі,   әдебиеттер   тізімі

енгізілген пәннің оқу бaғдaрлaмaсы. 

GPA (ортaшa бaлл) - студенттің тaңдaғaн бaғдaрлaмaсы бойыншa

бір оқу жылындaғы жетістіктері деңгейінің ортaшa өлшемді бaғaсы

10


(қорытынды   бaқылaу   бaғaсы   бaлының   сaндық   бaлaмaсынa

шaққaндaғы кредит сомaсының қaтынaсы).

Межелік   үлгерім  бaқылaуы  -   студенттің   оқудaғы   жетістігін

жүйелі тексеру оны aкaдемиялық күнтізбеге сәйкес тьютор жүргізеді.

Білім   aлушының   өздік   жұмысы   -  (ОЖСӨЖ)   -   тест,  бaқылaу

жұмысы, коллоквиум, реферaт, шығaрмa, есеп түріндегі бaқылaнaтын,

оқу-әдістемелік   әдебиетпен   және   кеңестермен   қaмтaмaсыз   етілген

нaқты   тaқырыптaр   тізбесі,   білім   aлушылaрдың   сипaттaрынa

бaйлaнысты   (СӨЖ)   -   етуденттің   өздік   ұүмысы   болып   бөлінеді.

Студенттің   оқытушы   жетекшілігімен   орындaйтын   өздік   жұмысы

(ОСӨЖ).

Тьютор  -   студенттерге   нaқты   пәнді   меңгеруде   aкaдемиялық



кеңесші рөлінде және оқу пәндерін жүргізетін оқытушы.

Сaбaқ үлгерімін aғымдық бaқылaу - пән бойыншa дәріс беретін

оқытушы өткізетін оқу пәнінің әр тaқырыбы және тaрaуы бойыншa

білім aлушылaрдың оқу жетістіктерін жүйелі тексеру.

Оқу   жоспaры  -   оқу   пәндерінің   білім   берудің   тиісті   деңгейіне

сәйкес тізбесі мен көлемін реттейтін негізгі құжaт.

Эдвaйзер  (Advisor)   -   бітіруші   кaфедрaның   тиісті   мaмaндық

бойыншa   білім   aлушының   aкaдемиялық   ұстaз-жетекшісі   міндетін

aтқaрушы   оқытушы.   Эдвaйзер   оқу   кезеңі   бойы   білім   aлушығa   оқу

трaекториясын тaңдaуғa, жеке оқу бaғдaрлaмaсын игеруге ықпaл етеді

3



.

11


1 Білім беру саласында еуропалық жүйесінің құрылу процесі

1.1 Болон процесінің маңыздылығы 

Болон   процесі   -   еуропалық   жоғары   кәсіби   білімде   біртұтас   жалпы   -

еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің

көрінісі.   Алғашқы   еуропалық   университеттің   отаны   -   Болонья   қаласының

(Италия)  құрметіне  аталған  Болондық  декларациямен   (1999  ж.)  бекітілген.

2004   жылға   дейін   Болондық   процеске   40   ел   мүше   болды.   Мүше-

мемлекеттердің   ағымдағы   мәселелерін   талқылау   мақсатында   мерзімдік

кездесулерді ұйымдастыруды көздейді [1].

Болон   процесі   демократиялық   жоғары   технологиялық   ақпараттық

нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау

еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-

ізденімпаздық   сипатын   қалыптастыруды   мақсат   түтады.   Болон   процесінің

басты   мақсаттарының   құрамында   еуропалық   мәдени   құндылықтарды

дамытудағы   университеттердің   негізгі   басты   орнын   мойындау;   жоғары

білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол

жеткізу   мақсатындағы   азаматтардың   жұмылуы;   түлектердің   кәсібін

айқындауда   түсінуге   жеңіл,   салыстыруға   боларлықтай   дәрежелер   мен

мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге

сыйқұрметпен   қарау;   университеттік   автономияны   және   академиялық

еркіндіктерді   дамыту;   үздіксіз   білім   беру;   Болон   процесі   мүшелерінің

арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық тұрғыда Болон

процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда  қалыптасқан  кәсіби білім деңгейін

біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары

білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді

[2]. 

1999   жылдың   19   маусымында,   Болон   қаласында   өткен   арнайы



конференцияда   29   еуропалық   елдердің   министрлері   «Еуропалық   жоғары

білім   аймағы»   декларациясын   басқаша   Болон   декларациясын   қабылдауы,

Процестің   ресми   басталуы   болып   саналады.   Болон   процесіне   басқада

елдердің   қосылуына   болады.   Кейіннен   үкіметаралық   кездесулер   Прагада

(2001), Берлинде (2003), Бергенде (2005), Лондонда (2007), Лувенде (2009),

Будапешт-Венада   (2010)   өткізілді.   Қазіргі   таңда   Болон   процесі   47   елді

біріктіруде.

Болон   процесі   –   жалпы   қызмет   принциптеріне   негізделген   жоғары

білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

-   Еуропалық   білімнің   бәсекелестікке   қабілеттілігін   және

тартымдылығын жоғарылату;

- ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;

- жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары

білімнің   құрылымдық   қайта   құрылу   процесі,   көпдәрежелі   жоғары   білімді

енгізу;

12


- академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;

- білім сапасын бақылау;

- студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;

- нәтижелерге және студенттікорталықтандырылған оқытуға бағытталу

- Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.

Болон   реформалары   «нәтижелерге   бағытталу»   және   «студенттік

орталықтандырылған   оқыту»   терминдерімен   сипатталады.   Бұл   жерде   сөз,

оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS,

модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды

болжай   отырып,   педагогикалық   практиканың   алға   жылжуының   негізгі

элементтері болуы керек [3]. 

Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке,

жоғары   оқу   орындарына   және   студенттерге   қатысты   еуропалық   деңгейде

белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы жоолардың алатын негізгі

рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі

және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.

Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми

зерттеулерді   қорғау   және   жақсарту   құралы,   мөлдірлік   пен   мобильділікті

көтеру   құралы   болып   табылады.   Болон   процесі   жоғары   оқу   орнының

қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны

қолдау   мен   оны   жоғарылату,   жүйе   мен   оның   кадрларына   берілетін

мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.

Қазіргі   заманғы   саяси-экономикалық   даму   жолы   білім   саласының

жаңашылдықпен   дамуын   талап   етуде.   Қазақстан   Республикасы   2011-2020

жылғы білім саласының мемлекеттік бағдарламасының   басты кілті адамзат

дамуының басты жүйесін айқындап берді.

Болон үдерісіне қосылу қазақстандық жоғары оқу орындарына отандық

білім   беру   бағдарламаларын   еуропалық   стандарттарға   сәйкестендіру,

қазақстандық біліктіліктер мен академиялық сатыларды тану, студенттер мен

оқытушылардың   академиялық   икемділігін   қамтамасыз   ету,   қазақстандық

дипломдардың   Еуропада   танылуы   және   түлектердің   шетелдерде   жұмысқа

тұру мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бірқатар басымдықтар береді.

Болон процесіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының

негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне

ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде

өсуіне себепкер болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары білім жүйесінің Болон процесіне

қатысушы мемлекеттердің білім жүйесіне барынша ұқсас, жақын болып келуі

бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Болон процесіне Қазақстанның қосылуы отандық ЖОО мен студенттер

үшiн нақтылы мүмкiндiктердi бередi: 

1. бiлiм беру бағдарламаларының оқу жоспарын еуропалық стандартқа

сәйкес келтiру:

2. отандық бiлiктiлiктер және академиялық дәрежелердi мойындау;

13


3.   студенттер   мен   оқытушылардың   академиялық   мобильділігін

қамтамасыз ету;

4.   шетел   университеттерiндегi   қазақстандық   ЖОО   студенттерiнiң

кредиттерін қайта есептеу және керiсiнше;

5. бiрлескен бiлiм беру бағдарламаларын құру;

  6. отандық дипломның еуропа деңгейінде мойындалуы және бітіруші

түлектердің әлемнің кез - келген елінде жұмыс жасауына мүмкіндік беру.

Болон   процесінің   басты     мақсаттарының   ішінде   еуропалық   мәдени

қүндылықтарды   дамытудағы   университеттердің   негізгі   басты   орнын

мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім

орталықтарына   қол   жеткізу   мақсатындағы   азаматтардың   жұмылуы;

түлектердің   кәсібін   айқындауда   түсінуге   жеңіл,   салыстыруға   боларлықтай

дәрежелер   мен   мамандықтар   қабылдау;   әртүрлі   мәдениеттерге,   тілдерге,

ұлттық   жүйелерге   құрметпен   қарау;   университеттік   автономияны   және

академиялық   еркіндіктерді   дамыту;   үздіксіз   білім   беру;   Болон   процесі

мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми тұрғыда

Болон   процесі   Батые   Еуропа   мен   Қазақстанда   қалыптасқан   кәсіби   білім

деңгейін   біркелкі   «бакалавр-магистр»   формуласымен   теңестіріп,

қазақстандық   жоғары   білім   құжаттарының   Еуропада   мойындалуына   жол

ашуына мүмкіндік береді.

Қорыта   келе,   осы   жүйеге   қосылу   барысында   көптеген   мәселелер

туындайды.   Зерттеу   нәтижелерін   қазіргі   уақытта   тәжірибеде   қолдануға

болады.

Тәуелсіз   Қазақстанның   жоғары   білім   жүйесін   бетбұрыстандыру



бірнеше   кезеңнен   тұрды:   1   кезең   –   жоғары   білім   жүйесінің   заңдық   және

нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең –

жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998

жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру,

білім   беру   мекемелерінің   академиялық   еркіндігін   кеңейту   (1999-2000

жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту

(2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл),

«Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді

дамыту   стратегиясы»   (2001   жыл),   «2005-2010   жылдарға   арналған   білімді

дамытудың   мемлекеттік   бағдарламасы»   (2004   жыл)   сияқты   стратегиялық

нысандағы құжаттармен бекітілген.

Көптеген  жоғары білім беру мекемелері Қазақстан  Республикасының

жоғары   білім   жүйесінің   әлемдік   білім   беру   кеңістігіне   интеграциялану

міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей

деңгейлерден тұрады:

жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр»

дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;

жоғары   ғылыми-педагогикалық   білім:   магистратура   –   «магистр»

академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;

14


-   докторантура   PhD   –   бұрынғы   ғылыми-зерттеу   кадрларын   даярлау

жүйесінің орнын басатын бағдарлама.

Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім

беру   бағдарламаларының   диапазонының   кеңеюі   мен   олардың   рыноктық

экономика   талаптарына   сәйкес   икемділігі   мен   шоғырлану   дәрежесін

күшейтуге   бағытталған.   Жоғары   білімнің   бұл   моделінің   жүзеге   асырылуы

өзінің өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетті, сол сияқты оның келешекте әрі

қарай   өзгертілу   қажеттілігін   пайымдады.   Қазақстан   Республикасындағы

жоғары білімнің үш деңгейлі моделінің даму бағыттары майда мамандықтар

түрін   қысқартып,   оларды   кеңірек   пәндерге/   бағдарламаларға   біріктіруді,

бизнеспен   өзара   әркеттестікті   арттыруды,   түлектердің   еңбек   рыногындағы

қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды 

4



.

Қазақстанның   жоғары   білім   жүйесінің   қалыптасуының   келесі   бір

жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары

мен формаларының  әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру

жүйесіне   бейімделуі.   Қарастырылып   отырған   үдерістің   маңызды   бір   тұсы

жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды. 2012 жылы еліміздегі

жоғары   оқу   орындарының   саны   139   болса,   олардың   66-сы   жеке   меншік

иелігінде болды

Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне және білім беру сапасына

ықпал етуші факторларды біз төмендегідей топтарға бөле аламыз:

Объектінің   білім   беру   қызметтерін   алу   сапасы   (абитуриент,  студент,

аспирант, даярлық курстарының тыңдаушылары, кәсіби біліктілікті арттыру

курстарының тыңдаушылары).

Субъектінің   білім   беру   қызметтерін   беру   сапасы   (оқыту

бағдарламаларының   сапасы,   профессор-оқытушылар   құрамының   сапасы,

қызмет   көрсету   үдерісін   ресурстық   қамсыздандыру   сапасы,   материалдық-

техникалық   база,   ақпараттық-әдістемелік   қамсыздандыру,   ғылыми-зерттеу

сапасы).


Білім   беру   қызметтерін   көрсету   сапасы   (білім   беру   қызметтерін

көрсетуде   қолданылатын   технологияларды   жүзеге   асыру   және   оны

ұйымдастыру, білім беру қызметтерін көрсету үдерісін бақылау сапасы, білім

беру қызметінің нәтижесінің сапасы).

Тұтынушылардың   қанағаттану   дәрежесі   (білім   беру   қызметтерін

пайдаланушылардың   сапаға   қанағаттануы,   білім   беру   қызметін

көрсетушілердің   өз   жұмысына   қанағаттануы,   қоғам   мүшелерінің   білім

дәрежесі).

Осы   процестер   бүкіл   әлемде   байқалып   жатыр.   Жүзеге   асырылып

жатқан   жоғары   білімнің   реформалауында   еуропалық   интитуционалдық

автономияның   құндылықтары   –   академиялық   бостандық   және   әлеуметтік

әділдік  енгізіледі, осы студенттер және персоналдың толық қатысуын талап

етеді     (Болонский   үдерісі   2020   –   Еуропалық   жоғары   білімнің   жаңа

онжылдықтағы   кеңістігі   //   жоғары   білім   үшін   жауапты   Еуропалық

15


министрлері Конференциясының   Коммюникесі,Левен / Лувен-ла-Нев, 2009

жылы 28-29 сәуір). 

Болон   үдерісіне   Қазақстанның   қатысуы   жоғары   білімдер   аумағында

салыстырмалы   жүйені   қабылдау   арқылы   Еуропалық   білімге   қол-жетерлік

жағдай туғызуға, білім сапасын арттыруға және студенттер мен  профессор-

оқутышылар құрамының мобильдік деңгейін көтеруге мүмкіншілік туғызады.

Болон   үдерісі   –   жоғарғы   білімнің   біртұтас   еуропалық   кеңістік   құру

мақсатымен   Болон   келісім-шарты   шеңберінде   білім   жүйелерін   үндестіру

және жақындастыру үдерісі. Сонымен бірге білім және ғылымның ұлтаралық

қатынасы   әлемде   қазақстандық   білім   беру   бағдарламаларын,   оқу

жоспарларын,   еуропалық   өңірде   отандық   дипломдардың   еркін

конверсиялануын, бітірушілердің кез-келген елде жұмысқа орналасу құқығын

мойындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан   Республикасы   Орталық   Азия   мемлекеттерінің   арасында

Болон   декларациясының   мүшесі     және     еуропалық   білім   беру   кеңістігіне

толық құқықты қатысушы болған тұңғыш мемлекет болып табылады. Болон

үдерісіне   қосылғаннан   кейін,   қатысушы   елдер   оның   негізгі   қағидаларын

орындау міндеттемелерін қабылдады.

Еуропалық жоғары білім аймағын құру және еуропалық жоғары білім

жүйесін әлемге тарату үшін аса маңызды деп қарастырылады.

Болон   үдерісінің   міндетті   қағидалары:   Жоғары   білімнің   үш   деңгейлі

жүйесі;   ECTS   академмиялық   несиелер;   Жоғары   оқу   орны   студенттерінің,

оқытушыларының,   және   әкімшілік   қызметкерлерінің   академиялық

мобильдігі;   Дипломға   берілген   еуропалық   қосымша;   Жоғары   білімнің

сапасын бақылау; Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Ұсынымдық   шамалардың   ұсынымдық   сипаты   бар   және   де   Болон

үдерісі қағидаларын таратуда бұлар маңызды болып табылады 

5



.

Болон   үдерісінің   ұсынымдық   қағидаларына:   Біртұтас   еуропалық



бағалаулар;   Студенттердің   белсенді   қатысуы;   Аз   қамтылған   студенттерді

әлеуметтік қолдау; Өмір бойы білім алу.

Факультативтік қағидалар жұмыс берушілердің  мүдделері және  қоғам

талаптарын есепке алынып оқу үдерісін жоспарлауда және ұйымдастыруда

аса маңызды болып келеді.

Болон   үдерісінің   факультативтік   қағидаларын:   Дайындау   бығыттары

бойынша   білім   беру   мазмұнын   үндестіру;   студентердің   дәстүрлі   емес   оқу

траекториясы,   таңдау   бойынша   курстар;   модульдік   жүйе;   қашықтықтан

оқыту,  электрондық   курстар;   оқытушылар   мен   студенттердің   академиялық

рейтингтері.

Әлемдегі   тарихи   және   әлеуметтік-экономикалық   өзгерістер.   Болон

үдерісінің негізгі қағидалары.

Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы.

Болон  үдерісіне қатысты  Қазақстан  Республикасында  жоғары білімді

дамытудың заман талабына сай тенденциялары

16


Ұлы  Хартияға   қол  қойған  ЖОО  бірыңғай   білім  беру  кеңістігін  құру

мөлшерлемелері.

Болон процесі деп жоғары білімнің еуропалық бірегей кеңістігін жасау

процесін айтады. Ол соңғы жылдары еуропалық аймақта қарқынды дамып

келе   жатқан   интеграциялық   үрдістердің   айқын   көрінісі   болып   табылады.

Еуропада   біртіндеп   бірегейленіп   келеді:   ортақ   экономикалық   кеңістік

құрылды,   шекаралар   ашылды,   бірегей   валюта   енгізілді,   ортақ   еуропалық

еңбек нарығы қалыптастырылды. Бұл жағдайларда жоғары білім жүйесінің

ала-құлалығы, берілетін біліктіліктердің сәйкессіздігі жоғары білікті жұмыс

күшінің ұтқырлығын тежейді.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал